Шығындар түрлері мен әдістері

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық қатынастар факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

МӨЖ

Тақырыбы:Шығындар түрлері мен әдістері

 

 

 

 

                                         Орындаған: ӘЭ,1-курс маг. Канжанова  Б.

                                                                           

                                         Тексерген: э.ғ.к., доцент Медуханова  Л.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2014 ж.

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

        1. Шығындардың ұғымы

2   Басқару есебінде  қолданылатын шығындарды жіктеу

3  Өнімнің және алынған  пайданың өзіндік құнын анықтау  шығындары

4 Өндірістік  шығындардың есебі

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Шығындардың берілген пайда болу орнында барлық шығындар жинақталатын нұсқасы кезінде, шығындарга бақылау жүйесінде бюджетті-сметалық әдісті пайдалану шындыққа жакынырақ болады.

Экономикалық әдебиет пен тәжірибеде шығындардың пайда болу орны бойынша таңдалатын шығындардың құрамын топтастырудың екі тәсілі қарастырылады:

- кәсіпорынның қызметімен байланысты тікелей және жанама шығындар;

- өнімдердің барлық түрлері үшін жалпылама сипатқа ие болатын және жекелеген өнім түрлеріне тікелей жатқызбайтын кәсіпорында туындаған жанама шығындар. Тікелей шығындар өнімдердің жекелеген түрлері бойынша есептеледі.

Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мүндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік құн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.

Өндіріске шығынды есептеу жүргізетін бағыт - өндіріске арналған шығындар есебін мақсатты түрде дербес есептеуді талап ететін қызмет аумағы. Тауардың өзіндік құнын калькуляциялау, яғни шын мәнісінде қайсыбір қызмет адамының пайдаланылған ресурстарды бағалау қажет деп ойлайтынның бәрі де өндіріске жұмсалған шығысты есептеу бағыттарының мысалы болып табылады.

 

1. Шығындардың  ұғымы

Өндірістік есеп міндетіне қаржылық есептер жасау үшін тікелей өндірістік шығыстарды (өнімнің өзіндік құны) анықтау кіреді. Бухгалтерлік есептің мәліметтері көптеген сұрақтарды шешу үшін талап етіледі және бұл ақпаратты тіркеу мен жетіктеудің ықпалды жүйесін құру қажет.

Шығындарды жіктеу әр түрлі белгілер бойынша жүргізіледі: өндіріс процесіндегі экономикалық рөл (негізгі және қосымша); өнімнің өзіндік құнына кіргізу әдісі (тікелей және жанама); өндіріс көлеміне қатысты (өзгермелі және тұрақты). Шешілетін міндеттеріне қарай шығыстарды жіктеу бар: өнімнің өзіндік құны мен алынған пайданы есептеу - келген және шыққан, өндірістік және кезеңдік; бағалауда есепке алынатын және алынбайтын, болашақ кезеңнің шығындарын жоспарлау мен шешім қабылдау, қайтарымсыз (өткен кезең шығыстары), жүктелген, өсіммен артатын және шектік; бақылау мен реттеу -реттелетін және реттелмейтін.

Шығындардың пайда болатын жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.

Оңтайлы басқару шешімдерін қабылдау үшін ұйымның өндірістік қызметінің барлық кезеңдеріндегі шығыстарды білу қажет.  Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Сондықтан шығын басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып табылады. Ұзақ уақыт бойы шығындарды "қазандық" деп аталатын тәсілмен анықтап келді, ол кәсіпорынға өндірістің шығын бағыты, пайда болу орындары шығарылатын өнім түрлері бойынша шығындарды бақылау үшін қажетгі мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін.

1887 ж. ағылшын экономистері  шығын туралы хабардар болуды  арттыратын және оларды бақылауды  күшейтуге мүмкіндік беретін, шығын  есебінің икемдірек жүйесін жасауды  ұсынды. Оның негізіне шығынды шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі деп бөлу жатады. Ғалымдар мынаны анықтады, шартты — тұрақты шығынды өзгерту өндірілген өнім көлеміне тікелей байланысты емес, ол шартты-өзгермелі шығын өндірістің көлемін пропорциональды өсуіне немесе кемуіне тікелей ұлғаяды немесе азаяды. Осы негізде шығарылған және сатылған өнім көлеміне және кәсіпорын пайдасын жоспарлауға байланысты шартты-тұрақты және шартты-өзгермелі шығын жолдауға жол алатын "директ-костинг" тұжырымдамасын ұсынды. Осыған байланысты кәсіпорынның өзіндік құнды толық және дәл анықтау міндетгі емес, өзін-өзі ақтамайтын шығынды болдыртпау күннен-күнге көкейкесті болып келуде. Нақты шығындарды мөлшерленгендігімен салыстыратын «стандарт-кост» жүйесінің өмірге келуі бұл міндеттің шешуі болып шықты.

Басқару есебі жүйесін толық түсіну үшін мынадай ұғымдардың экономикалық мәнін білу және шектеу маңызды. Шығындар - шаруашылык іс-әрекет барысында (еңбек, өнім өндірісі құралдары мен керек-жарақтарын алуға, жұмыс орындау, қызмет көрсетуге алынған) тұтынылған материалдық, еңбек, қаржылық және басқа ресурстардың және баланста көрсетілетін болашақта кіріс әкелу мүмкіндігі бар кәсіпорын активі ретінде көрсетілетін құн. Бұдан шығатыны, «шығындар» ұғымы «өндіріске шыққан шығыңдар» дегеннен кең екені білінеді өндіріске шыққан шығындар - өнімді (жұмысты, көрсетілген қызметті) өндіру барысында тұтынылған ресурстар бөлігі.

Көбіне экономикалық әдебиетте «шығыстар» мен «шығындар» түсінігі ұқсастырылып, теңдестіріліп жүр, алайда бұлардың үлкен айырмашылықтары бар. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес шығысқа шеккен зиян да шыққан шығын да кіреді. Қазакстан Республикасындағы 2002 жылдың 29 қазанындағы №542 «Қаржылық есепті дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негіздерге» сәйкес шығыстарға ұйымның және т.б. негізгі қызмет барысында туындайтын шығыстар кіреді. Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндетгемелердің ұлғаюына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі ұйымның шығыстары деп танылады.

Басқаша айтсақ, шығыстарды ұйымның кіріс алуына байланысты көтерген шығындарының бөлігі деп түсіндіруге болады. Есепті кезең қатысына орай шығыстар екі категорияға бөлінеді:

•    Ағымдағы есепті кезең;

•    Кейінге қалдырылған.

Ағымдағы есепті кезең шығыстары ағымдағы есепті кезеңнің шаруашылық іс-әрекетінің фактілеріне байланысты және осы кезеңнің кірістері мен шығыстары туралы есепте танылады.

Есепті кезеңнің кірістерімен өзара байланысының белгілері бойынша олар мыналарға бөлінеді:

•   осы есепті кезеңде алынған кірістермен  байланыстырылған  шығыстар (негізгі  және  негізгі   емес  қызмет шығыстары);

• ағымдағы кірісті алумен байланысты емес есепті кезеңнің осы (ағымдағы) шығыстары. Осы есепті кезеңнің кірістерін алу фактісіне қарамастан, кірістер мен шығыстар туралы есепте және ағымдағы есепті кезеңде танылады, мойындалады. Олар көбіне кірістің бары немесе жоғынан (мысалы, активтің амортизациясы, кеңсе бөлмелерін жалға алу жөніндегі шығыстар) гөрі, кезеңнің бар болуымен негізделеді.

Кейінге қалдырылған шығыстар болашақта ықтимал кірістер алу мақсатымен есепті кезеңде жүзеге асатын ұйымның ресурстарын қолдану жөніндегі шаруашылық операцияларымен байланысты. Олар ұйым балансында капиталдандыруға жатады.

Ұйымның болашақтағы ресурстарында пайда болу мүмкіндігі белгілеріне қарай кейінге қалдырылған шығыстар былайша белінеді:

•    инвестициялар (күрделі қаржы);

•    болашақ кезең шығыстары.

 

2   Басқару  есебінде қолданылатын шығындарды  жіктеу

Өндіріс шығындары - өнімді (жұмысты, көрсетілетін қызметті) өндіру мен өткізуге жұмсалган қоғамдық еңбек шығындары.Өндіріс шығындарының басқару есебі кәсіпорынның негізгі мақсатын орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен, осы және болашақ шығынды қолдануды талдаудан тұрады. Шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды ғылыми негізделген жіктеудің мәні зор.

Шығындар - басқару есебі негізгі объектілерінің бірі, күрделі және сан қырлы құбылыс. Оларды тиімді басқару үшін белгілі бір белгілер бойынша шығындарды топтастыруды көздейтін жіктеуді қолданган жөн.

2 «Қорлар»атты Бухгалтерлік  есеп стандарттарына сәйкес (2003 ж. 28 қаңтардағы №27 өзгерістермен бірге) шығындар былайша жіктеледі:

  • пайда болу орны бойынша - өндіріс, цехтар, учаскелер, құрылымдық бөлімшелер бойынша. Мұндай жіктеу жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру мен өнімнің (жүмыстың, көрсетелген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеу үшін қажет;
  • шығынды көтерушілер, яғни өнім түрлері (жұмыс, көрсетілетін қызмет) бойынша - өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қажет;
  • өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі немесе шығын түрлері бойынша экономикалық элементтер мен калькуляция баптары бойынша;

а) экономикалық элементгер бойынша - өнім өндірісіне нақты не жұмсалғанын көрсетеді 2 «Қорлар»-ке сәйкес бұған мынадай экономикалық элементтер жатады:

•    материалдық шығындар;

•    еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;

•    ақша аударулар;

•    құралдардың тозуы;

•    басқадай шығындар.

ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің кейбір түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін қолданылады. 2 «Қорлар» ХҚЕС бойынша бұларға:

•    материалдар;

•    еңбекті өтеу;

•    ақша аударулар (аударымдар);

•    қосымша шығыстар.

Өндіріс шығындары бірқатар басқа белгілер бойынша жіктелуі мүмкін (2-кесте):

 Кесте. Өндіріс шығындарын жіктеу

Жіктелуші топ

Шығындар (шығыстар)

Өндіріс процесіндегі экономикалык рөл бойынша

  • негізгі
  • қосымша

Өнімнің өзіңдік құнына жаткызу тәсілі бойынша

  • тікелей
  • жанама

Құрамы (біртектілігі) бойынша

  • бірэлементтік
  • кешенді

Өндіріс көлеміне байланысты

  • өзгермелі
  • тұрақты

Пайда болу мерзімділігі бойынша

  • ағымдағы
  • бір жолғы

Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару міндеттері бойынша)

  • өндірістік
  • әкімшілік
  • коммерииялық

Тиімділігі бойынша

  • өндірістік
  • өндірістік емес

Бақыланатын мүмкіндігі бойынша

  • реттелетін
  • реттелмейтін

Орташалау дәрежесі бойынша

  • жалпы
  • орта

Пайданы генерациялау кезеніне шығындарды жатқызу тәртібі бойынша

  • өнімге
  • кезеңге

 

Негізгілер - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланыстылар: шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар мен басқадай шығындар. Қосымшалар - өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге, оны басқаруға байланысты пайда болады. Тікелейлер - өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударымдар (ақша аударулар). Жеке бөлімшеге жатқызылуы мүмкін шығындар бөлімшенің шығындары деп аталады. Жанамалар - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама (шарты) түрде бөлінеді. Жеке бөлімшелерге жатқызылмайтын шығындар жанамалар деп аталады. Шығындар бір бөлімше үшін тікелей, екіншілері үшін жанама)болуы мүмкін.

Тура және жанама етіп бөлу салалық ерекшеліктерге, өндірісті ұйымдастыруға, өнімнің өзіндік құнының калькуляциялаудың қабылданған тәсіліне (көмір өнеркәсібінде, энергетикада - барлық шығындар тікелей байланысты).Бірэлементтілер - бір элементтен тұратындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар).Кешенділер - бірнеше элементтен тұратындар (құрамына тиісті риске құрамның еңбекақысы, аударымдар, материалдар, амортизация мен басқадай бірэлементті шығыстар кіретін цехтық шығыстар).Өзгермелілер - мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т.б.) және осы кезеңдегі өнім өндіруге сайма-сай бөлінеді.

Өнім бірлігіне шаққандағы тұрақты шығындар өндіріс көлемінің ұлғаюына қарай төмендейді.Ағымдағылар - жиі мерзімде болып тұратын шығындар (шикізат, материал шығыстары).Біржолғылар (бір мәрте) - еңбек демалысын, жөндеу жүргізу және т.б. төлеуге арналғандар. Олар сметаны бекіткен ретпен тәртіппен және мерзімде бірен-сарандап өнімнің өзіндік құнына кіреді.Өндірістік - тауарлық өнімді дайындауға байланысты және оның өндірістік өзіндік құнына (тауарлық өнім — өз материалынан да, тапсырушының материалынан да жасалып шығарылатын, техникалық бақылау қабылдаған және қоймаға тапсырылған дайын бұйымның құны; баска жаққа босатылған, өзі өндірген жартылай өнімнің сондай-ақ субъектінің негізгі құрал-жабдықтары толықтыруға жіберілген өнімнің өзіндік құны) құрайтын барлык шығындар.Әкімшілік - жалпы басшылыққа, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығыстарға байланысты. Коммерциялық (өткізу бойынша шығындар) сатып алушыларға өнімді өткізуге байланысты.Өнімді (жоспарланатын) - тиімді технология мен өндірісті ұйымдастыруға белгіленген сападағы өнім өндірісіне шыққан шығындар.Өндіргіш емес (жоспарланбайтын) - өндіріс технологиясы мен ұйымдастырудағы кемшіліктер салдары іркіліс шығындары болып табылады.Реттелетін - егер атқарушы шығындар деңгейіне елеулі әсер етіп немесе реттей алса (өнім өндірісіне пайдаланатын шикізатқа шығындарды - цех тексерушісі реттейді).Реттелмейтіндер - деңгейіне еңбеккер (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерінің еңбегін өтеу бойынша шығынға әсер ете алмайды) елеулі ықпал ете алмайтын шығындар.Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне. Орташалар - өнімнің бір бірлігіне шаққандағы. Өнімге - өнімнің өзіңдік құнына (тікелей шығындар) кететін. Мезгілге - мезгіл шығыстары: жалпы және әкімшілік шығыстар, тауарды өткізу бойынша шығыстар, сыйақы бойынша шығыстар (жанама шығындар).

Басқару есебінде шығындарды жіктеу сан түрлі және қандай басқару міндетін шешу қажеттігіне байланысты. Басқару есебінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:

•   өндірілген өнімнің өзіндік құнын есептеу, қорлар мен алынған пайданың кұнын бағалау;

•    басқару шешімін қабылдау мен жоспарлау;

•    жауапкершілік орталығының өндірістік қызметін бақылау мен реттеу.

Аталған міндеттерді шешуге осы тараудың келесі бөлімдерінде толық қарастырылған шығындарды жіктеу сәйкес келеді.

 

3 Өнімнің және  алынған пайданың өзіндік құнын  анықтау шығындары

Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы муұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті.  Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі: -  кіретін (входящие) және өтіп кеткен (истекшие);

-  тікелей және жанама;

-  негізгілер мен қосымшалар;

-  өнімнің өзіндік  құнына кіретін  және  өндірістен тыс (кезең шығыстары);

-  бірэлементті және кешенді.

Кіретін шығындар - алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі.

Өтіп кеткен шығындар - осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігін жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.Өтіп кеткен және кіретін шығындар арасындағы айырма 1*-суретте керсетілген.

 


 

 

 

 

 

Сонымен, кіретін шығындар "шығындар" терминінің синонимі болып табылады, ал өтіп кеткен шығындар - "шығыстар" ұғымына ұқсайды. Шығыңдар - тауарды өткізу нәтижесінде шыққан қаражат, ал шығыстар - кірістер алуға байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың бөлігі.

Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Өнімнің нақты түрін өндірумен нақты жұмысты (қызмет көрсету) орындауға байланысты және тікелей олардың құнына кіре алатын (материалдық шығындар мен еңбекті өтеуге тікелей шығындар) шығындар тікелей деп аталады.

Өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін жалпы сипат атқаратын және жасаған кезде нақты өнімге (жұмысқа, көрсетілген қызметке) жатқызу мүмкін болмайтын шығындар жанамаға жатады. Мұндай шығындар өнімнің жекелеген түрлері арасында жанама жолмен кәсіпорынның бөлу негізін тандауына байланысты бөлінеді. Жанама шығындарға жалпы өндірістік шығыстарды, жабдықты ұстау мен пайдалануға жұмсалған шығыстар, басқару шығыстарын және т.б. жатқызуға болады. Жанама шығындардың ерекшелігі - ауқымды негіз (база) шегінде өзгермеуі (шығындар тұрақты болып қалатын, өндіріс көлемінің белгілі бір аралығы). Өнім бірлігіне шаққандағы тікелей шығындар мөлшері іс жүзінде өндіріс көлеміне байланысты емес және оны өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігін арттыру, жаңа ресурс және энергия сақтайтын технологияларды енгізу жолымен төмендетуге болады.

Шығындар белгіленуіне байланысты негізгі және қосымша болып бөлінеді.

Өнім өндіруге тікелей байланысты шығындар негізгі болып табылады (шикізат, негізгі материалдар, сатып алынатын жартылай өнімдер түріндегі еңбек керек-жарақтары; өндірістік мақсаттағы негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы қосып есептеулерімен және т.б.) кез келген кәсіпорында олар шығындардың маңызды бөлігін құрайды.

Шығындарды жіктеудің таңдалған бағыты шығыстарды пайда болған жерлерінде жайылдырма, бір шектен шығармауға (локализовать), кәсіпорын қызметі бойынша шығындардың мазмұнын ашуға мүмкіндік береді және оларды өнім түрлеріне де, өндірістік шығыстарға да, жұмыс күшін ұстауға да және т.б. бөлу мен қайта бөлу мүмкіндіктерін жасайды. Мысалы, техникалық басқару шығыстарына техникалық қызмет еңбеккерлерін ұстау, олардың еңбекақысын және әлеуметтік салық аударымдары, амортизация техникалық қызмет орналасқан үй мен ғимаратты ұстау мен жөндеу шығындары; жалпы заводтық лабораторияларды ұстау; мүліктің тозуы мен оларды қалпына келтіру шығыстары; өнертапқыштыққа техникалық жетілдіруге және т.б. шыққан шығыстар жатқызылады. Бұл шығыстардың жарым-жартылайын өнім түрлеріне - өнертапқыштық, бұйым конструкциясын техникалық жетілдіруге, бөлуге болады; басқа бөлігінің жеке өндірістік бөлімшелерге қатысы бар және өндірістік қосымша шығыстармен бірге бөлінеді.

Кәсіпорынның басқа шығындары сияқты қосымша шығыстар басқару есебінде басқару мақсаттарына байланысты қарастырылады.

Біртекті өнім шығаратын кейбір кәсіпорындарда, мысалы, өнеркәсіптің энергетикалық, көмір, мұнай өндіру салаларындағы, барлық шығыстар тікелей болады. Өндеуші кәсіпорындарда (машина жасау, жеңіл, тамақ өнеркәсібінде және т.б.) жанама шығыстар өте елеулі. Осылайша, шығындарды тікелей және жанама деп бөлу өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Өндірістік және өндірістен тыс (мерзімдік шығындарды немесе кезең шығындары).

Мұндай жіктеу бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына жауап береді, соған сәйкес өндірілген өнім қорларын бағалау үшін тек қана өндірістік шығындар қосылуы тиіс.

Сондықтан шығындар басқару есебінде мыналарға жіктеледі:

•   өңдірістік (өнімнің өзіндік құнына кіретін);

• өндірістен тыс (есепті кезең шығындары немесе жиі-жиі болатын шығындар).

Өнімнін өзіндік құнына кіретін шығындарға тек қана өндірістік шығындар жатқызылады, яғни өткізілген сәтке дейінгі дайын өнім өндірісіне және бітпеген (аяқталмаған) өндіріске байланысты: тікелей материалдық шығындар, әлеуметгік салық аударымдарымен бірге есептелетін еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар; қосымша шығыстар.

Өндірістік қорлар материал қорларында, бітпеген өндіріс көлемінде кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім (тауар) қалдықтарында заттандырылған.

Кезең шығыстары қорларды бағалағанда есептелмейді, жасалған есепті кезендерінде есептен шығарылады. Өткізілмеген өнім мен бітпеген өндіріс калдықтарында келесі кезеңге көшпейді. Бұл шығындар ұйымның баға саясатында негізгі шешімдер қабылдауда өте маңызды. Бұларға өндірістік емес сипаттағы шығындар: коммерциялық (өнімді өткізуге байланысты), сыйақы түріндегі шығыстар мен жалпы және әкімшілік шығыстары жатқызылады.

Сонымен қатар шығындар бір элементті және кешенді болып бөлінеді.

Өндіріске жұмсалатын біртекті шығындар бірэлементті деп аталады. Бұл белгі бойынша өнімнін (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), өзіндік құнын құрайтын шығындар мынадай элементтер бойынша топтастырылды: материалдык шығындар; еңбекті өтеу шығындары; аударымдар (әлеуметтік салық), қосымша (өндірістік) шығыстар;

Соған орай, бұл кәсіпорында қосылғыштарға бөліп орналастыруға келмейтін шығындар бірэлементгі деп аталады.

Кешенді шығындар бірнеше экономикалық элементтерден тұрады. Іс жүзінде барлык элементер кіретін цехтық (қосымша) шығыстар үлгі болады. Мысалы, жоғары дәрежелі автоматтандырылған кәсіпорындарда еңбекақы аударымдарымен бірге өзіндік құн құрылымында 5% құрайды. Әдетте, мұндай кәсіпорындарда тікелей енбекақы бөлінбейді, оны «қосылған шығындар» деп аталатын жеке бапта өндірісті баскару мен қызмет ету бойынша шығыстармен біріктіреді. 

 

 

4 Өндірістік  шығындардың есебі

Шикізаттар мен материалдар – өнімді әзәрлеу негізінде пайда болатын немесе осы әзірлеу кезінде қажетті компоненттер болып табылатын шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы желде табиғи шикізаттардың құны, арнайы мамандырылған ұйымдардың жүргізетін жер құнарлығын арттырудың шаралары көрсетіледі. Лимиттік-алу карталары және талап-наклоднойы жұмсалған шикізат пен негізгі материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен шығару үшін негіз болып табылады.

Көмекші материалдар - тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету: үшін негізгі материалдарды шығару кезінде пайдаланған көмекші материалдардың шығыны (технологиялық мақсаттарға пайдаланғган көмекші материалдар). Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шыгыс нормасы бойынша өмімнің өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады. Шығыс нормасы мен бағасы өзгеретін болса, аталған мөлшерлеме қайта қаралуы мүмкін

Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өнімнің өзіндік құнына, тауарлы өнімге және аяқталмаған өндіріске сметалық мөлшерлеме бойынша пропорциональды түрде тартылады.

Қайтарылған қалдықтар - бұл негізгі, көмекші және қосалқы өндірістсрдің қалдығы бақылау жасау бойынша жеке операцияларды басқа ұйымдардың орындауы:

  • технологиялық немесе өндірістік процестерді қамтамасыз ету үшін, өнімдерді дайындау процесіндегі пайдаланылатын көмекші материалдар;
  • сырттан алынған, сондай-ақ балқыту агрегаттарына арналып өзінде өндірілген, үйлерге, мартен пештеріне, металдарды жылыту үшін, престеу немесе белгіленген технологиялық процестермем бұйымдарға байқау жүргізу мақсатындағы цехтарға және технологиялық мақсаттарға қажетті өніндер;
  • технологиялық мақсатгарға (электрмен балқыту, электрмен пісіру, электролиз) жұмсалатын сатып алынған энергияның барлық түрлері;
  • технологиялық  мақсаттар  үшін   пайдаланылатын   кәсіпорынның өзінде   өндірілген  электрлік немесе басқа энергияның түрлері.

Сатып алынған энергия шығындары, оларды белгіленген тарифпен сатып алу төлемі мен оларды тиісті орындарға жеткізу шығындарын тұрады.

Шикізаттар мен материалдар шығындары німнің өзіндік құнында елеулі үлестік салмаққа ие болады. Сондықтан оларды тиімді пайдалануға бақылау жасаудың үлкен маңызы бар.

Материалдардың өндірісте жұмсалуын бақылау. Бақылауды жүзеге асыру үшін прогрессивтік, техникалық жинақталған шикізаттар мен материалдар шығындарының өңделген нормалары қажет.

Материалдық босалқыларды өндіріске босату белгіленген мөлшерлі лимитті-заборлық карта бойынша, ал нормадан тыс немесе бір материалдың орнына екінші материалды ауыстырғанда бір жолғы талаптар немесе басқа құжаттармен - кәсіпорын басшысының рұксатымен жүзеге асырылуы қажет.

Бірақ қоймадан цехтарға босатылған материалдар нақты шығындар болып табылмайды, есепті кезеңнін соңында цехтарда пайдаланылмаған шикізаттар мен материалдар қалуы мүмкін. Есепті кезеңнің соңында цехтарда өнделмей қалған материалдар мен шикізаттар қоймаға наклодной бойынша қайтарылуы тиіс. Пайдаланылмаған цехтардан қоймаға қашарылған материалдық босалқылардың құны лимитғі-зоборлық карта және талап құжаттарынын негізінде өндіріске жіберілген материалдардың құнынан шегеріледі.

Нақты шығын келесі жолмен анықталады: ай басындағы цехтардағы пайдаланылмаған қалдық материалдар қосылған қоймадан өндіріске жіберілген материалдар азайтылған (-) ай соңындағы цехтан материалдар қалдығы және есепті кезең ішінде қоймаға қайтарылған материалдар. Кәсіпорында материалдардың өндіріске босатылуына ғана бақылау жасап қоймай, сонымен бірге олардың тиімді пайдаланылуын қадағалау қажет. Оның мәні нақты материалдық шығындарды, нақты шығарылған өнімдердің көлемі мен салыстыру және белгіленген нормадан ауытқуды анықтап, олардың себебі мен оған кінәлілерді табу.

Бақылау тәсілдері пайдаланылған материалдардың, технологияның және өндірістің ұйымдастырылу ерекшелігіне байланысты болады. Олардың кеңірек тарағандары: иормадан ауытқуды құжат жүзінде көрсету (белгі берегін құжаттау тәсілі), түгелдеу әдісі, топтамалық пішу.

Нормадан ауытқуды құжат жүзінде көрсету тәсілі – материалдың бір түрін екіншісімен ауыстырғанда, пайда болған ауытқу кезінде, белгіленген нормадан тыс материалдарды босатқанда, оларға қайта шығын шығару кезінде, өнімдерде ақау пайда болғанда және т.б. жағдайларда қолданылады. Осы тәсілдің мәні нормадан тыс материалдарды босатқанда немесе ауыстыру кезінде, жеке құжаттар (талап, ауыстыру актісі) толтырылады, яғни ол белгіленген нормадан ауытқу жөнінде хабар береді,

Кәсіпорынның кейбір салаларында (тамақ, тоқыма) шикізаттар мен материалдарды өндіріске босатқанда құрылымдық жылжудардың нәтижесінде ауытқу пайда болады. Олар алдын-ала жасалан есептеу тәсілімен анықталады, яғни ол нормадан ауытқудың кұжат жүзінде дайындау тәсілінің әр түрлілігін көрсетеді.

Мұндай жағдайда ауытқуды нақты пайдаланылған материалдарды, олардың технологиялық норма бойынша жұмсалғанымен салыстыру арқылы анықтайды.

Сондықтан технологиялық нормалар бойынша жиынтықтағы барлық нақты тиелген қоспаларды материалдың әрбір түрі, сорты, маркасын жалпы тиелгендерге пайыздық қатынасына көбейту жолымен анықтайды. Есепті кезеңнін соңында белгі беретін құжаттардағы көрсеткіштердегі шығындар бойынша жиынтықтар, олардың пайда болу себептері бойынша қайта шығын жұмсау көлемін (санын) анықтауға мүмкіндік береді.

Топтамалық пішу әдісі дайындау және басқа да өте тапшы, ұзақ тұратын материалдарды жұмые орнында кесу, пішу жүзеге асырылатын өндірістерде қолданылады: металл, тері, мата, ағаш. Бұл тәсіл кесілетін (пішілетін) материалдардың әрбір партиясына ашылған, есеп картасында өндіріс шеберлерімен жүзеге асырылады. Ессп картасында кесілетін материалдардың саны, бір дайындау партиясының мөлшері және осы партиядан алынуға тиісті дайындамалар мен қалдықтардын саны. Кесу (пішу) жүзеге асырмаған соң, есеп картасына осы партияда дайындалған нақты дайындаманың саны және алынғаи қалдықтар жазылады. Кесу (пішу) нәтижесін білу үшін нақты алынғаи дайындама санын және қалдықтарды материалдардың норматнвтік шығындарымен салыстырады, нақты жасалған дайындама санын шығын нормасына көбсйту жолымеи анықтайды.

Шығындар түрлері мен әдістері