Сигналдардың берілуі
Кіріспе
Бұл тәжірибелік есепте менің басты мақсатым, дабылдардың түрлену әдістерін зерттеп, қарастыру. Ең алдымен «дабыл дегеніміз не?» - деген сұраққа жауап беріп көрейік. Сигнал (французша – Signal — белгі) – қандайда, оқиға, құбылыс нысананың күйі жөніндегі хабарды тасымалдаушы, не басқару командасын, хабарландыруды тағы басқа, жеткізуші физикалық процесс немесе құбылыс.
Сандық өлшеу аспаптары – үздіксіз (аналогты) кіру сигналын дискретті шығу сигналына түрлендіріп, көрсетулерін алу құрылғысында сандық қатары түрінде көрсететін өлшеу аспабы. Ақпарат алып жүруге арналған осындай дискретті сигналдар жүйесі код деп аталады. Сигналдың аналогты түрін сандық түрге түрлендіру үрдісі аналогты сандық түрлендіру, ал мұндай түрлендіруді жасайтын түрлендіргіш аналогты – сандық түрлендіргіш (АСТ) деп аталады.
Сандық аспаптар – бұл әрекет принципі өлшенетін немесе оған пропорционалды шамаларды кванттауға негізделген аспаптар. Мұндай аспаптардың көрсеткіштері сандық түрде беріледі. Кванттау операциясының бар болуы сандық аспаптарда аналогты аспаптармен салыстырғанда метрологиялық сипаттамаларын таңап алу әдісі, талдау, бейнелеу және мөлшерлеу сияқты елеулі айырмашылықтарын тудыратын ерекше қасиеттерінің пайда болуына алып келеді.
1 Сигналдардың берілуі
- Сигналдың түрлері
Сигнал (лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Электр сигналы дегеніміз — параметрлері берілетін
хабар заңдылығымен өзгеретін электр тоғы немесе электр кернеуі. Телекоммуникация сала
- механикалық (деформация, P-ның өзгеруі);
- жылулық (температураның өзгеруі);
- жарықтық (жарқыл көзге көрінбеитін бейне);
- электрлік (U-ң, I- ң өзгеруі);
- электромагниттік (радиотолқынд
ар); - дыбыстық (акустик, тербелістер т.б).
Жиілік, амплитуда, фазаның өзгеруі арқылы үздіксіз сигналдың диспретті сигналдарға түрленуі сигналдың квантталуы деп аталады. Сигнал ұғымы алғаш рет кибернетикада тұжырымдалды.
Сигналдың түрлері:аналогты (
Адам сөйлегенде дауыс жилігі 80Гц – тен 12 000Гц, ал есту мүмкіншілігі 16Гц – тен 20 000Гц аясында болады. Дауыс сигналын байланыс жолымен тарату үшін оның жиілік аясы 300Гц – тен 3400Гц – ке дейін болғанда, сөйлеген дыбыс деңгейінің 90%, ал сөздің есту анықтылығы 99% табиғи үнін сақтайды.
- Аналогты және цифрлық сигналдармен хабар таратудың ерекшеліктері
Телеграф алғашқы күннен бастап цифрмен жұмыс істеді. Алғашқы телеграфта пайдаланылған МОРЗЕ әліппесінде «нүкте» мен «сызықша» белгілері кейіннен екі цифрлы «0» мен «1» — ге аусты. Телефонмен байланыс көпке дейін аналогты басып келеді. Аналогты жүйенің уақыт сұранысын қанағаттандыра алмауы жаңа цифрдық технологиялық өркендеуіне жол ашты. Төменде аналогты және цифрлық сигналдармен хабар таратудың салыстрмалы кейбір ерекшеліктері көрсетілген:
Аналогты сигнал:
- Формасы күрделі
- Бұрмаланған аналогты сигналды түзету қиын, көп жағдайда мүмкін емес
- Байланыс жолында әлсіреген аналогты сигналдар алғашқы қалпына келтірмей тек күшейтуге болады.
- Байланыс арнасын тығыздау мен топтау жиілікпен анықталады.
- Көпшілікке көрсететін қызметі шектеулі.
- Жылдамдығы Гц-пен есептеледі.
- Элементтік базалары күрделі.
Цифрлық сигнал:
- Көбінесе 2-3 деңгейлі.
- Қатесін табуға және оны түзетуге болады.
- Байланыс жолында әлсіреген цифрлық сигналдарды алғашқы қалпына келтіріп,сонан кейін күшейтуге болады.
- Байланыс арнасын тығыздау мен топтау уақытпен орындалады.
- Көрсететін қызметі әртүрлі.
- Жылдамдығы есептеледі.
- Интегралды микросхемаларды пайдалану мүкіншілі жоғары. Байланыс жолында әлсіреген цифрлық сигналдарды алғашқы қалпына келтіріп, кейін күшейтуге болады.
- Цифрлық тарату
Цифрлап тарату жүйесінің жұмыс тәртібін айтып кетсек. Микрофоннан алынатын дауыс сигналы аналогы, сондықтан ол аналогты цифрға түрлендіруші (АЦК) құрылғанда цифрланып, таратушы арқылы байланыс жолымен қабылдаушы құрылғыда келеді. Сонан кейін кері кодтаушы және цифрды аналогқа түрлендіруші (ЦАТ) құрылғанда, цифрлық сигнал қайтадан аналогқа түрлендіріп, тұтынушыға беріледі.
Байланыста сөйлесу сапасын сақтау үшін анологты дауыс сигналы 300 Гц — тен 3400 Гц — ке дейінгі жиілік аясында таратылса, цифрлық дауыс сигналы 64Кбайт/сек жылдамдықпен таралады, бұл арна негізгі цифрлық арна деп аталады. Аналогты дауыс сигналын цифрлық сигналға түрлендіру импульсі кодтық модуляция деп аталады. Дауыс сигналын тарату үшін А.Ризе жүйесін пайдалану мүмкіншілігі 1937 жылы француз ұсынған болатын. ИКМ жүйесі 1940 жылдары радиолакация саласында қарқынды дамыды. Алайда цифрлық технологияның баяу даму салаларынан оның бұқаралық байланыс саласында пайдалану мүмкіншілігі шектеулі болды.
2 Сандық өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы
Сандық аспаптар – бұл әрекет принциптері өлшенетін немесе оған пропорционалды шаманы кванттауға негізделген аспаптар. Мұндай аспаптардын көрсеткіштері сан түрінде беріледі. Кванттау операциясының болуы сандық аспаптарда аналогты аспаптармен салыстырғанда метрологиялық сипаттамаларды таңдап алу, талдау, жазу және мөлшерлеудің әртүрлі әдістерін тудыратын өзіне тән қасиеттердің пайда болуына әкеледі.
Өлшенетін Х физикалық шама КПП түрлендіру коэффициенті бар алғашқы өлшеу түрлендіргішіне (ӨТ) әсер етеді. Ол Х шамасын негізінен оның орнына кернеу пайдаланылатын электр сигналын түрлендіреді. Қарастырылған жағдайда u = KПП X. Бұл кернеу өз кезегінде сандық аспаптың өлшеу шектерін өзгертуге қажетті масштабты өлшеу аспабына (МА) түседі. Ол өлшеу диапазонының әртүрлі сандарын қабылдай алады: 1 ден NП – ге дейін. Өлшенетін Х шамасының өзгеру диапазоны NП ішкідиапазондарға бөлінеді: Х1 min,…, X1 max; X2 min,…, X2 max; …; XNпmin,..., ХNпmax, мұндағы Хi min,…, Xi max – i-нші өлшеу диапазонының минималды және максималды нүктелері.
Өлшеу диапазондарының ішінен негізгісі және қосымшасы таңдап алынады. Негізгі деп өлшенетін шама аспаптың кірісінен САА (АЦП) – тың кірісіне дейінгі аспаптың кірісіне дейін жолындағы түрленудің ең кіші санына шыдайтын диапазонын айтады. Қалған барлық диапазондар қосымша болып саналады. Тәжірибеде негізгі диапазонды көрсетілген диапазоны белгілер бойынша көрсету мүмкін емес жағдайлар туады. Бұл жағдайда негізгісі ретінде ең кіші шектегі қателіктер бар диапазон таңдап алынады немесе келісім бойынша орнатылады.
х
Өлшеу і=1;2;...;
шектерінің
өзгеруі
1 – сурет. Сандық өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы
Масштабты түрлендіргіш кіріс кернеуді берілген Кі рет (і=1,2,…, NП) санға оның шығысындағы uн сигналы нормаланған болу үшін, яғни оның мәндері берілген шектеуде болу үшін өзгертеді (көбейтеді немесе азайтады). Ереже бойынша, мөлшерленген кернеудің өзгеру шектерін АСА – тың кіріс сигналының өзгеруінің мүмкінді диапазонының үлкен бөлігімен өлшенетін сигналдың барлық мүмкін мәндерінде сәйкестендіруге тырысады. Бұл АСА енгізген қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.
Мөлшерленген uн= Ki KППХ кернеу АСА – да RАЦП разрядты сандық кодқа түрленеді. АСА – да uн кіріс сигналының анықталған, бірге фиксирленіп есептелген өзгеру диапазонына орындалады.
Сандық аспаптың маңызды сипаттамасы болып аналогты өлшенетін шаманы АСА – да қолданылатын өзінің сандық эквивалентіне түрлендіру әдісі саналады. Сандық өлшеу аспабының әрекет принципін оның құрамына кіретін АСА әрекет принципімен теңестіру қабылданған. Қазіргі уақытта СИ-де әртүрлі түрлендіру әдістері өңделген және қолданылады. Олардың негізгілеріне разрядты теңестіру (тізбектей жақындасу әдісі), екілі интегралдау және кернеуді жиілікке түрлендіру әдістері жатады.
АСА – ның түрлендіру теңдеуі жалпы жағдайда мына түрде беріледі
Алынған екілік сандық коды кодтарды түрлендіргішке (КТ) түседі. Ол АСА – ның шығысындағы сандық кодын сандық есептеу құрылғысымен (ЕҚ) “түсінікті” кодқа түрлендіру үшін қажет. Тәжірибеде ең жиі қолданылатыны екілік кодты екілік – ондық кодқа түрлендіру жатады.
Сандық өлшеу аспабының көмегімен өлшенетін шамалардың диапазоны әдетте кең болады және бірнеше диапазондарға бөлінеді. Өлшеу барысында қажетті диапазонды таңдау қолмен немесе автоматты түрде жасалады. Таңдалған диапазонда өлшеу әрқашан автоматты түрде жүреді.
Сандық өлшеу аспабы мен аналогты сандық түрлендіргішінің қателіктерін мөлшерлеу бірнеше әдістермен жасалады:
1. Келтірілген қателікті
2. Салыстырмалы қателікті
δ = ± ( a + b∙x0/x) немесе δ = ± [c +d (xc/x - 1)]
мұнда a, b, c, d – тұрақты коэффициенттер;
x0 – диапазонының соңғы мәні;
x – аспап көрсетуі.
3. Абсолюттік қателіктің өлшеу
бірлігімен алынған шекті
2.1 Сандық өлшеу аспаптарының негізгі сипаттамасы
Сандық өлшеу аспаптарының негізгі сипаттамасына келесілер кіреді:
- қателіктері;
- өлшеу диапазоны;
- аспаптың кіріс кедергісі;
- сезімталдық сатысы;
- тезқимылды;
- бөгеуілге қарсы тұра алуы.
Сандық өлшеу аспаптарының негізгі қателіктері келесі құраушылардан тұрады:
- дискреттілігі;
- дискреттілік деңгейінің құрылуы;
- сезімталдық сатысы.
Қателік қабылданғанғандардың квантталу деңгейінің нақты мәндеріне сәйкес келмеуіне байланысты пайда болады, себебі өлшенетін шама нақты мәндермен квантталады. Қателік сезімталдық сатысының болуы кезінде де пайда болады. Нақты аспапта қателіктер кездейсоқ өзгереді, сондықтан оларды кездейсоқ шама ретінде санау қажет.
Сандық өлшеу аспаптарының өлшеу диапазоны – өлшенетін шаманың мән аймағы. Егер сандық өлшеу аспабы кең көлемде өзгеретін шаманы өлшеуге арналған болса, онда дәл өлшеу мақсатында бірнеше диапазондар қарастырылған.
Сезімталдық сатысы – өлшенетін шаманың кіші өзгерісі. Ол аспап көрсеткішінің өзгерісін тудырады, кіші мәнді өлшеуде аспаптың мүмкіндігін сипаттайды.
Аспаптың кіріс кедергісі өлшенетін тізбектің энергиясына әсер етеді, соңында өлшеу нәтижесіне де әсер етеді.
Тезқимылды – бірлік уақытта өлшенетін шамамен орындалатын өлшеу саны.
Бөгеуілге қарсы тұра алауы сандық өлшеу аспаптарында бөгеуілді өшіру коэффициентімен сипатталады.
2.2 Сандық өлшеу аспаптарының классификациясы
Сандық өлшеу аспаптарының түрлері:
- өлшенетін шама бойынша сандық өлшеу аспаптары вольтметрлер, вольтамперметрлер, омметрлер, вольтомметрлер, жиілікөлшегіштер, фазаөлшегіштер т.б. бөлінеді.
- квантталу (кодтау) әдісі бойынша сандық өлшеу аспаптарын келесі түрде бөлуге болады:
- кеңістіктік квантталу аспабы;
- өлшенетін сигналдың жиіліктік – уақыт параметрімен квантталу аспабы (санды – импульсті, уақыт – импульсті, жиілікті – импульсті);
- интесивтік параметрінің квантталу аспабы (тізбектей өлшеу әдісі немесе кодимпульсті әдіс).
2.3 Сандық өлшеу аспаптарының түйіндері мен элементтері
Сандық өлшеу аспабын аналогты және сандық логикалық түйіндері арқылы іске асады. Аналогты түйіндерді құру үшін қолданатын негізгі элементтер операционды күшейіткіш болып табылады. Сандық түйіндер арасында кең тарағандар:
- кілттер;
- логикалық сұлбалар;
- триггерлер;
- сақтаушы құрылғы;
- импульс санауышы;
- импульс генераторы;
- дешифраторлар;
- индикация құрылғысы т.б.
Кілттер – электрлік тізбектің тұйықталуы мен ажыратылуына арналған құрылғы. Сандық өлшеу аспабында транзисторлы кілт және логикалық элемент тұрғысында құрылған кілтке қолдану тапты.
Логикалық сұлбалар – екі қарама – қарсы жағдайда болатын, шартты түрде логикалық 1 және логикалық 2 деп белгіленетін релелі әрекеттің элементтері. Әдетте, бұл жағдайға сұлбаның кірісінде немесе шығысында 5 В және 0 В кернеу сәйкес келеді.
Түйіндер мен сандық өлшеу аспабының блоктары құрылған негізгі элементтерді келесі түрде бөледі:
- Логикалық – қабылданатын екілік ақпараттардың түрленуі және белгілі логикалық операциялардың іске асуы арқылы орындалатын элементтер жиынтығы.
- Сақтаушы – қабылданатын ақпараттың мазмұнын өзгертпей ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін қасиеті бар сұлбалық элементтер.
Триггер – ішкі сигналдың әрекетінен бір күйден екінші күйге тез ауыса алатын, екі қалыпты күйі болатын логикалық сұлба. Триггердің қалыпты күйі басқа ішкі сигнал оны өзгерпейінше, ол сақталып тұрады.
Импульс санауышы өлшенетін шама мәнінің саны арқылы импульсті санау үшін қолданылады. Триггер шығысында екі кіріс импульсіне бір импульс сәйкес келеді, сондықтан шығысында алынатын импульс жиілігі кірістегі импульс жиілігінен екі есе аз.
Импульс генераторы (үлгілі жиіліктің генераторы) сандық өлшеу аспабында саналатын импульсті өңдеу үшін пайдаланылады. Бұл генераторларды сандық өлшеу аспабының программалық жұмысын басқару үшін тактикалық құрылғы ретінде қолданады. Олар белгілі жиіліктегі кернеу мен формалардан әр түрлі сигналдар жасайды: синусоидалы, тікбұрышты, бөлек импульс түрінде.
Дешифраторлар – дыбыстық индикаторды басқаратын кодты сигналға түрлендіруге арналған құрылғы.
- Қазіргі заманғы сандық аспаптар мен аналогты – сандық түрлендіргіштің сипаттамалары
Сандық өлшеу аспаптары мен аналогты – сандық түрлендіргіштің дамуы метрологиялық сипаттамаларын жақсартуға, функциональдық мүмкіндіктерін кеңейтуге, сенімділігін арттыруға, арзандатуға және т.б. бағытталған.
Сандық өлшеу аспаптарының артықшылықтары:
- Көрсетулерін алу объективтігі мен ыңғайлығы;
- Өлшеу процесі толық автоматтандырылған жағдайда жоғары өлшеу дәлдігіне қол жеткізу мүмкіндігі;
- Жоғары жылдамдыққа қол жеткізу мүмкіндігі;
- Сандық өлшеу аспаптарының әр түрлі есептеу және автоматты құрылғылармен үйлестіру мүмкіндігі;
- Өлшеу нәтижелерін код түрінде дәлдігін жоғалтпай алысқа жіберу мүмкіндігі.
Сандық өлшеу аспаптарының кемшіліктері – әжептеуір күрделілігі, сенімділігінің біршама аздығы және қымбаттығы. Алайда, микроэлектрониканың жаңа элементтерін қолдану сандық өлшеу аспаптарының сенімділігін арттыруға, құнын азайтуға мүмкіндік береді.
- Байланыстың желілік, желістік және каналдар типтері
ТВЖ – те байланыс желісі пайдаланылады – телефондық, телеграфтық, телевизиялық, спутниктік. Байланыс желісі ретінде қолданылады: кабельді (қарапайым телефонды байланыс желісі, витая пара, коаксиль кабелі, байланыстың талшық оптималық желісі (БТОЖ), немесе световоды), радиорелелік, радиожелілер.
Байланыстың кабельді желілер арасында ең жақсы көрсеткіштерге светаводтар ие. Олардың негізгі артықшылығы: жоғары өткізгіш қабілеті (секундына жүздеген мегабит): сыртқы электромагнитті өріске сезгіш еместігі және меншікті электромагнитті сәулеленудің жоқтығы, оптикалық кабельді төсеудің төмен еңбек сыйымдылығы; үлкен емес меншікті масса (өткізу жолағының кума массасының); қолданудың кең саласы (ұжымдық қол жеткізу магистралін, жергілікті желістердің перифейриялық құрылғылы ЭЕМ байланыс жүйесін құру, микропроцессорлық техникада және т.б).
БТОЖ кемшілігі: сигналдарды беру бір бағытта жүзеге асады; қосалқы ЭЕМ световодына қосылу сигналды едәуір нашарлатады; световодтарға қажетті жоғары жылдамдықты модельдер әзірше қымбат; Эем жалғайтын световодтар электрлі сигналдарды жарықтыққа түрлендіргішпен жабдықталуы тиіс және керісінше.ТВЖ – да байланыс каналдарының мынадай типтері қолданыс табуда:
- Симплексті, мұнда таратқыш пен қабылдағыш байланыстың бір желісімен байланысады, ол бойынша ақпарат тек бірбағытта беріледі (бұл телевизиялық байланыс желісіне тән);
- Жартылай дуплексті, мұнда байланыстың екі түйіні бір желісімен жалғанған, ақпарат бір бағытта кезектесе беріледі; (бұл ақпараттық – анықтамалық, сұрау – жауап жүйесі үшін тән);
- Дуплексті, мұнда байланыстың екі түйіні екі желіспен жалғанған (байланыстың тікелей желісімен және кері) , ақпарат бір мезгілде қарама – қарсы бағытта беріледі.
- Байланыстың коммутацияланатын және бөлінетін каналдары
ТКЖ – де бөлектенген байланыс каналдары және осы каналдармен ақпаратты беру уақытын коммутациялау болып жіктеледі.
Бөлектенген байланыс каналдарын пайдаланғанда қабылдаутаратқыш аппаратура үнемі өзара жалғанған. Мұнымен жүйенің аппарат беруге дайындығының жоғары дәрежесі қамтамасыз етіледі. Бөлектенген байланыс каналдарының табыстылығы тек каналдарды жеткілікті түрде жүктемелеу жағдайында ғана жетеді.
Байланыстың коммутирленетін каналы үшін жоғары икемділік және салыстырмалы үлкен емес бағасы тән (трафиктік кіші көлемі кезінде). Мұндай каналдардың кемшіліктері: коммутацияға кететін уақыт, байланыс делісінің жеке учаскелерінің бос еместігінің блокировкалау мүмкіндігі, байланыстың ең төмен сапасы.
6 Цифрлы деректерді аналогты және цифрлы кодтау
ТКЖ – нің бір түйінінен деректерді басқаға жіберу байланыстың барлық битінен жүйелі беріліспен жүзеге асады.
Аппараттық сигналдар деп – шектеулі диапазон шегінде кейбір шамалар мәндерінің сансыз мөлшерін көрсете алады.
Цифрлі (дискретті) сигналдар мәндердің біреуіне немесе түпкілікті наборға ие бола алады. Аналогтік сигналмен жұмыс жасағанда кодирленген деректерді беру үшін синусоидальді формадағы аналогты негізгі сигнал пайдаланылады, ол цифрлі сигналдар жұмысында – екідеңгейлі дискретті сигнал. Аналогты сигналдар бұрмалануға сезгіш, есесіне деректерді кодирлеу мен декодирлеу цифрлі сигналдар үшін қарапайым жүзеге асады.
Аналогты кодирлеу телефонды байланыс бойынша цифрлі деректерді беру кезінде қолданылады. Әдетте ЭЕМ келіп түсетін цифрлі деректер модул ятор – демодулятор көмегімен аналогты формаға түрленеді.
Цифрлі деректерді аналогты формаға түрлендірудің үш тәсілі немесе модуляцияның үш әдісі мүмкін:
- Амплитудты модуляция – жүйелі берілетін ақпарат биттеріне сәйкес негізгі синусойдальді тербелістің амплитудасы ғана өзгереді: мысалы, бірлік бергенде тербеліс амплитудасы үлкен болады, ал ноль бергенде – кіші немесе негізгі сигнал типті болмайды;
- Жиілікті модуляция, мұндай модулирегіш сигналдар әрекетімен тек негізгі синусоидальді тербеліс жиілігі ғана өзгереді: мысалы, ноль бергенде – төмен;
- Фазалық модуляция, мұнда тек негізгі синусоидальді тербелістің фазасы ғана өзгереді: сигнал 1 – ден сигнал 0 өткенде немесе керісінше болғанда фаза 180° өзгереді;
- Беретін моделі негізгі синусоидальді тербеліс (амплитуданы, желілік немесе фазалы) сигналын ЭЕМ – нен немесе терминалдан цифрлі деректерді түрлендіреді.
Кері түрлендіру (демодуляция) қабылдағыш моделімен жүзеге асырылады. Жүзеге асатын модуляция әдісімен амплитудалы, жиілікті және фазалы модуляция моделіне бөлінеді. Көп тарағаны жиілікті және амплитудалы модуляциялар.
Цифрлі деректерді цифрлі кодирлеу тікелей, сигнал деңгейін өзгерту жолымен атқарылады. Мысалы, егер ЭЕМ цифрлі деректер 1 мен 0,2В коды үшін, 0 коды үшін 5В деңгей сигналымен берілсе, онда осы деректерді байланыс желісіне бергенде сигналдар деңгейі +12В мен -12В – ге лайықты түрленеді. Мұндай кодирлеу RS – 232 – C асинхронды тізбекті адаптерлер көмегімен үлкен емес (ондаған және жүз метрлер) қашықтықта бір компьютерден екіншісіне цифрлі деректерді беру кезінде жүзеге асырылады.
Қорытынды
Қазіргі уақытта сандық өлшеу аспаптары кеңінен қолданылады, оның аналогты электр өлшегіш аспаптарымен салыстырғанда, бірқатар ерекшеліктері бар.
Сандық өлшеу аспаптары өлшеулерді жоғары дәлдікпен, өлшеу процесінің толық автоматтандырылған жағдайында жасау үшін және сондай – ақ, өлшеу нәтижелерін тіркеу, өңдеу немесе алысқа беру үшін код түрінде шығару қажет болған жағдайларда қолданылады.
Өндірістің автоматтандырылу деңгейінің жоғарылауына және есептеу машиналарының кең қолдануына байланысты сандық өлшеу аспаптарының дамуы кеңеюде.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б. П. Хромой,
А. В. Кандинов «Метрлогия, стандартизация
және өлшеу байланыс
2. А. В. Фрэмке, Е. М. Душина «Электрлік өлшеулер» М.:Жоғарғы мектеп, 2002.
3. Ж. Әміров,
Э.Иванов, Ә. Жанқозин, М.Рысбаев «Метрология,
стандарттау және сапамен

- Сигнализационные оповещения в пожарной безопасности
- Сигнализация в сетях связи
- Сигнали і варіанти оповіщення населення в мирний час
- Сигналы AWARD BIOS
- Сигналы и их основные характеристики
- Сигналы и кодирование
- Сигналы передачи данных и телеграфии
- Сибір в епоху первісності
- Сигарная культура
- Сигео Синго: жизнь и научная деятельность
- Сигиберт I
- Сигментация рынков
- Сигментирование рынка
- Сигметация