Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы. 2

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл 

нормасында  қолданылуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекші:     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Шымкент – 2006ж.


 

 

 

Зерттеу жұмысының  нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.

 

Зерттеу жұмысының  мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеудің әдістері мен тәсілдері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.

Зерттеу жұмысының  ғылыми жаңалығы.

 

- оқушылардың сөздік қорының  лингвистикалық, психологиялық ғылыми  әдебиеттер арқылы анықталды;

- сөздік қордың өсуіне негіз  болатын лексикалық нормаларды  және оған қойылатын талаптарды  белгіленді.

 

 

 

Зерттеудің ғылыми теориялық және практикалық мәні. Жұмыс нәтижелері лингвистикалық теория мен әдеби тіл нормаларын зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі оқулық, оқу құралдарын жазуға пайдалануға болады.

 

Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі -  91    бет.                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                  


Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3

1-тарау. Лексика және оның  қатысымда қолданылуының ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Тіл және сөйлеу, сөз қолдану  мәдениеті........................................................5

1.2. Лексикалық норма және оның  қолданылу аясы..........................................25

 

2-тарау. Сөз қолдану мәдениеті.

2.1. Сөздің қолданылу ерекшеліктері.................................................................33

2.2. Тілдің лексика-фразеологиялық  тіркестердің сөйлеудегі (жазудағы  қолданысы)............................................................................................................41

2.3. Сөйлеуде көркемдегіш және  бейнелегіш құралдарды пайдалану............46

2.4. Сөздердің сөз тіркесі мен  сөйлемдерде қолданылу ерекшеліктері,  грамматикалық норма..........................................................................................49

2.5. Жазба жұмыстарда болатын  қателер және олардың жіктелуі..................77

 

Қорытынды...........................................................................................................86

 

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі..................................................................90

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

                                         

 

 


Кіріспе

 

      Зерттеудің өзектілігі. Қазір тілді оқыту саласында әдіскерлердің айрықша назар аударатын мәселесі – тілді қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқыту мәселесі. Бұл міндет әсіресе, мектеп жасындағы балаларға қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан оқытудың мәселесі күн тәртібінде тұр. Бұл ретте оқушылардың тек сөйлемді дұрыс құрастыру жайы ғана емес, алған білімдерін, меңгерген сөздік қорларын қарым-қатынас негізінде әртүрлі жағдайларда пайдалана білу мүмкіндігі ескерілуі тиіс. Қазіргі кезде мектеп оқушылары да, қарым-қатынаста өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге сауатты, дұрыс жаза білуге ерекше мән беріле бастады.

           «Қазақстан  Республикасы жалпы орта білім  берудің мемлекеттік жалпыға  бірдей стандартында» «сөйлеуге  сай сөз қолдану іскерліктерін  игерту» деген міндеттер қояды  [1,8]. Ал оның дайындық деңгейіне лексика бойынша мынадай талаптар қойылады. «Лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана білу; сөздердің тура және ауыспалы мағынасының айырмашылығын білу; омонимдер, синонимдер, көп мағыналы сөздердің ерекшелігін білу» [1,14].

           Орта  мектепте меңгерілуге тиісті  лексиканың көлемі лексикалық  білім берумен анықталады. 5-10-сыныптарда  бағдарлама мынадай талаптар  қойған [2,6]: «Белгілі бір мәтін мазмұнын айтқызу немесе оған пікір айттыру. Баяндау, сипаттау, пікір айту жолдарымен және түрлі стильде ауызша, жазбаша ойын жеткізе білуге дағдыландыру». Мектеп бағдарламасы бұл талаптарға байланысты лексиканы оқыту барысындағы икемділік пен дағдылары анықтайды. Мектеп оқушыларының лексикадан мынадай икемділік пен дағдысын қалыптастыруды талап етеді: «Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде оқушылар сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету» деумен бірге, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарды жүргізуді ескертеді .

           Лексикалық  білім беру мен оның қатысымдық  мақсатта қолданылуын дамытудың  екінші бір мәселесі – сөзді  орынды қолдана білуге баулу,  тіл мәдениетін арттыру. Ол  оқытуда сөздерді дұрыс тіркестіре  білу дағдысымен анықталады. Сөздерді дұрыс тіркестіре білу сөз мағынасымен байланысты және ол тек мағына ғана емес, тілдің грамматикалық заңдылығына да негізделеді. Демек, баланың тілін дамытудағы лексикалық тақырыптарды таңдау қатысымдық әрекет мақсатымен байланысты болып, лексикалық норманы игеруге негізделеді.

сөздің қолданылуы туралы білім, білік дағдыларын  қалыптастыру мына жүйеде жүргізу тиімді болып  есептеледі.

       Оқушылардың  бұл секілді тілдік қателерін  болдырмау үшін, қазақ тілі пәніндегі  тіл мәдениетін оқытуға арналған материалдармен бірге лексикалық білімдерін еске түсіріп жаттығулар жүргізіледі. Атап айтқанда, сөздің мағынасы бойынша жұмыс; сөздердің көркемдегіш құралдары бойынша жұмыс; сөздердің нормалануы туралы түсінігін жетілдіру екендігі ескеріле отырып, диссертациялық жұмыстың тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

 

Зерттеу жұмысының  нысанасы - оқушылардың тілі және лексикалық құралдарды пайдалану тәжірибесі.

 

Зерттеу жұмысының  мақсаты – лексикалық құралдардың сөйлеу әрекетіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау.

 

Зерттеу жұмысының  міндеттері:

  1. Оқушылардың сөздік қорының лингвистикалық, психологиялық ғылыми әдебиеттер арқылы анықтау;
  2. Сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды және оған қойылатын талаптарды белгілеу.

 

Зерттеудің әдіснамалық  негізі – ғалымдардың әдеби тіл нормалары мен сөз мәдениетіне қатысты тұжырымдары, тіл туралы заң, ереже, қағидалар болып табылады.

 

Зерттеудің әдістері. Зерттеудің ғылыми теориялық негіздерін сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері мен бақылау, салыстыру, жинақтау және талдау әдістері болды.

 

Зерттеудің ғылыми теориялық және практикалық мәні. Жұмыс нәтижелері лингвистикалық теория мен әдеби тіл нормаларын зерттеуге, зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін мектептердегі оқулық, оқу құралдарын жазуға пайдалануға боады.

 

Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, көлемі -   92   бет.                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            1- тарау

Лексика және оның қатысымда қолданылуының ғылыми- теориялық

негіздері

 

1.1.Тіл және  сөйлеу, сөз қолдану мәдениеті

 

           Тіл туралы ғылымның өзіндік  нысандарына сай орныққан жүйе, ережелері бар. Соның бірі ана тіліміздің әр алуан жақтарын қамтитын «Тіл мәдениеті» атты білім саласы. Орфоэпия дыбыс сазы мен әдеби тілдің дауыс ырғағын тексереді, орфография емле ережелерін, пунктуация тыныс белгілерін, стилистика сөз тіркесі заңдарын, жатық сөйлеу, сөз толғау тәсілдерін зерттейді. Ал тіл мәдениетінің нысаны не деген мәселе жалпы тіл ғылымында анық белгіленбей келеді.

Н.А.Купина сөйлеуге үйрету үдерісінде ең маңызды орын алатын материал – лексика деп есептейді [3,118]. Белгілі бір тілді меңгеру үшін лексиканы оқытудың өзіндік ерекшелігі бар. Адам қай тілде сөйлегісі келсе де, сөздік қордан өзіне қажетті лексикалық тұлғаларды білмесе, біріншіден, айтайын деген ойын жеткізе алмайды, екіншіден, басқа біреудің айтқан сөзін, ойын түсінбейді. Демек, адам сөйлесу, пікірлесу үшін тілдік қолданысқа керекті лексикалық құралдарды үйренбесе, тілдік қатынас та жүзеге аспайды.

           Сөз мағынасын, мәнін игеру  арқылы баланың ұғымы да кеңейеді. Сол мағына ұғымдарды бір-бірімен  байланыстырып, қарым-қатынасқа  түсіру арқылы ойы дамиды. Соның нәтижесінде, өз ойына байланысты сөздерді лайықты қолдана білу дағдысының қалыптасуы арқылы сөздерді мағынасына орай қолдана білу икемділігі де артады.

           Оқушылардың сөйлеуде біршама  лексикалық қоры болғанымен, олардың  бәрінің бірдей қолданылуын игере бермейді. Сөздің қатысымдық әрекет түрлеріне байланысты қолданылуын игермеу сөйлеудің түрлеріне байланысты лексиканы қолдану икемділігі мен дағдысының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Мәселен, синоним, неологизм, көнерген сөздер мен диалект, термин сөздердің қолданылу ерекшеліктерін әдеби тіл стильдерінсіз игере алмайды. Ауызекі сөйлеу мен кітаби стильдердегі лексиканың қолданылу ерекшеліктерін меңгермей, олар бойынша мәтін құрастыра білу икемділігін дамыту мүмкін емес. Баланың тілін дамыту үшін лексикалық құралдардың құрылымдық-теориялық мәліметімен бірге, қарым-қатынаста қолданылу ерекшелігі туралы білімі мен дағдысын қалыптастырып, икемділігін арттыру қажет. Мәселен, синонимді оқытқанда, оның мәндес сөздер екендігі үйретілумен бірге кітаби, әдеби тіл стильдері түрлеріне байланысты да сөйлеудегі қатысымдық ерекшеліктері меңгеріледі. Ол функционалды стиль түрлеріндегі мәтіннің тілдік құралдарының ерекшеліктері ретінде игертіледі.

           Жеке сөздердің мағынасы, мәні, тіркесуі, қолданылуы қарым-қатынас жасау мақсатымен немесе сөйлеу міндетімен байланысты түрде игертіледі. Мәселен, Н.М.Шанский: «теоретическое сведения по лексике (отобранные с учетом принципа научности) должны быть представлены в такой форме и обьеме, которые необходимы учащимся для выроботки определенных речевых действий», деген пікірі орынды [4,121]. Баланың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту үшін сөздің мағынасын игеру мен оның сөздік қоры жеткіліксіз болып қалады. Сондықтан сөздерді өз тәжірибесінде қолдана білуге жаттықтыру қажет.

           Сөздердің тілдік нормаға орай  қолданылуын үйрету арқылы тілін  дамыту жұмысы мына бағытта  қарастырылады [5,124]: 1) сөз мағынасы, мәніне байланысты қолдану дағдыларын қалыптастыру; 2) сөздерді стильдік мақсатта қолдануға жаттықтыру;

           Сөз байлығы – тіл байлығы.  Бірақ тілдегі сөз байлығының  барлығының жұмсалу аясы бірдей  емес. Халық тілінде бар сөздердің  көпшілігі қарым-қатынаста жиі  қолданылып, жалпы халықтық нормаға  айналады да, бірқатары қолданудан  қалып қояды, немесе өте сирек қолданылады. Сөйлеу тілінде бар біраз сөздер қарым-қатынас әрекетінде кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы, жергілікті диалект сөздер. Ол туралы М.Балақаев: «Сөздердің әдеби, әдеби еместігін айыру оңайда емес, біреуге асыл көрінген сөз екінші біреуге жасық көрінуі мүмкін. Әдеби нормаға қай сөз жатады, қай сөз жатпайды дегенді субьективті көз қарас тұрғысынан болжамай, әдебитте жалпы халыққа бірдей ретінде жиі қолданыла ма, жиі қолданылмай ма деген тұрғысынан болжау керек», - деп көрсетеді [6,49].

           Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы  жалпы халықтық қасиеті бар  байырғы және өзге тілден ауысқан  сөздерден, ғылымның, өнер білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің  тағы да басқа алуан терминдерінен  құралады.

           Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылымы бір қалыпқа түсіп ерекшеленеді. Жазуы болмаған халықтың тілі әдеби тіл дәрежесіне көтеріле алмайды. Қазақ халқының жазуы болмай тұрған кезде бай ауыз әдебиеті болды. Ауыз әдебиеті әдеби тіл болып есептеледі, оның жазба әдеби тілінің қалыптасуына әсері болды. Сондықтан М.Балақаев: «Сөйтіп, «әдеби тіл» деген ұғым халықтың жазу мәдениетімен тығыз байланысты екен. Әдеби тіл жазу арқылы, әдеби мұраларды баспаға басып, жұртқа тарату арқылы, ауызекі тілдің байлықтарын екшеп саралау арқылы қалыптасты», -деп көрсетеді [6,58].

           Бұл жеке сөздерге, оны қолдануға  да байланысты. Мәселен, қазақ  тіліндегі сан алуан сөздердің  әдеби тілге тәндері – яғни  әдеби нормаға жататындары бар,  әдеби тілге тән емес, одан  тыс, ауызша тіліне ғана жататыны бар. Сондықтан оқушылардың жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда, ең алдымен, сөздерді әдеби тілге жататын, жатпайтынын ажырата біліп, өзінің ойын жазбаша жеткізуде әдеби тілдің лексикалық таңдап, талғап, сұрыптап үйретуге жаттықтырылады.

           Өйткені лексикалық норма туралы  М.Балақаев «әдеби тиілдің жалпыға  ортақ сөз байлығының қалыптасқан  тұлғада жалпыға ортақ мағынада  жұмсалуы», - [6,64] деп көрсетеді. Демек, оқушылардың жазбаша сөйлеу мәдениетін арттырудың бірі сөздерді орынды қолдану болып табылады.

           Сөз таңдап қолдану жазба әдеби  стильдеріне байланысты да болады. Мәселен, көркем әдебиет стилі  мәтіндегі сөз таңдап қолданудың  ерекшелігін қарастырайық.

           Көркем мәтіннің тілін зерттеу  үстінде «функциональдық стиль» басты-басты екі мәселені зерттейді: біріншісі, жалпы ұлттық әдеби тілдің даму барысындағы көркем әдебиет шығармаларының орны; екіншісі – жеке жазушылардың сөз мәнері мен сөз өрнегі (даралық стилі). Бірінші мәселенің зерттеп білу нысандары көркем әдебиет тілі, жалпы алып қарағанда, «поэтикалық сөз» болса, екінші мәселе жалпы ұлттық әдеби тілдің белгілі бір қаттауы мен өрісін, дәлірек айтқанда, лексикалық немесе грамматикалық нормалары мен көркем тіл нормаларының арақатынасын, өзара қарым-қатынасын және олардың көркем шығармалардың мәтіндерінде көріну үлгілерін зерттеп саралайды. Сондықтан Р.Сыздық зерттеу тілді стильдік (шеберлік), яғни лингвистикалық стилистика бойынша, екіншісі, тіл нормаларының қалыптасуы мен орнығуы, яғни сөз мәдениеті бойына зерттеу қажеттігін ескертеді.

           Стилистика саласындағы мамандардың  сөздеріне қарағанда, көркем әдебиет  стилистикасы – тіл элементтерінің  жалпы халықтық қолданысы бойынша  көрінеді. «Стилистиканың лингвистикалық  міндеті», -деп жазады. Р.Сыздық –  стильдік әсердің өзін емес, сол әсерді туғызатын тілдік механизмді зерттеу болып табылады [7,177-178].

           Тіл білімінде тілдік нормаларды  айқындай, белгілеп беру үшін  мынадай талаптар қойылады:

           1) тілдің жүйесіне, тілдің өзіндік  ішкі даму заңдылықтарына, оның ішінде грамматикалық заңдылықтарына сәйкес келуі;              

           2) дәстүрлік белгісі, яғни әдеби  қалыптасқан  нормаға сәйкес  келуі;          

           3) әдетте, қолданылып жүрген узус сөздердің құрамында болуы [7,11-44].

           Әдеби тілдің қалыптасқан нормасы, яғни әдеби стандарт, осы мәселені өзекті дәрежеде үзбей зерттеп жүрген мамандардың сөзіне қарағанда, «Көркемдік, әсерлілік нүктесін көздеуде сөздерді іріктеу және шоғырлау әрекеттері қатар жүреді. Соңғы әрекет мәтін лексикасын түзу немесе мәтін түзімі», - деген мәселені қояды [7,28]. Жазушы авторлардың сөз таңдау еркіне байланысты әр алуан ауытқулар пайда болады. Олар әдеби тілдің стандартты нормасына сай келе бермейді. Сондықтан олар уәжді (жөнімен, мотивті) ауытқулар және уәжсіз (жөнсіз, мотивсіз) болып екі топқа бөлінеді деп жазады Р.Сыздық. Осы автордың анықтауы бойынша сөз таңдаудағы ауытқулар кейде жалпы әдеби тіл нормасының ауытқу болса, енді бірде көркем сөз нормасынан ауытқу болып бөлінетін көрінеді. Олар әрі «жалпы жазушы мәнері» дегенге қатысты болса, әрі мәтін түзімінің мүдделеріне байланысты құбылыс болып табылады [7,129-211].

           Жалпы әдеби тіл нормаларының  ауытқып қолданылатын, яғни осы  нормалардың аясына жатпайтын  сөздерді Р.Сыздық мынадай топтарға бөледі:

           1) диалектизмдер, қарапайым сөздер, жай, дөрекі сөздер, жаргондар  т.б. Бұл топтағы сөздердің  кейіпкерлер тілінде жұмсалуына  уәжді ауытқу болып табылады (егер  лоар автор сөзінде қолданылса, уәжсіз ауытқу болады);             

           2) сөздердің мағыналық жағынан ауытқуы яғни олар әдейі жөнімен ауытқыған ыңғайда жұмсалады;

           3) сөздердің өзара тіркесу заңдылығын  бұзу арқылы ауытқу. Иініне қарай,  бұлар кейде уәжді, кейде уәжсіз  болып та келіп отырады. Авторлық  баяндаулар бөлімінде белгілі бір стильдік мақсатпен қолданылатын жағдайларды да осы топқа қосуға болады.

           Ә.Кекілбаевтың «Үркер» романында  қолданылатын сөздердің бірі  – күп сөзінің қолданылуын  талдайық. «Жан-жағына жалақтап тағы  қарады. Енді көзі шалды – анадайдағы қырат күнбатыс бегін тастаққа тіреп, көктұмсықтанып бітеді екен. Шамасы, жаңбыр жауғанда су ұстайтын не күп, не тұран болса керек. Ендеше, бұққан кісінің бөксесін көлегейлей алар бір қалқа табылса, сол арадан табылады». М.Қашқари тілінде (ХІғ) күп деген сөз орысша (большой глиняный сосуд кувшин) деген мағына береді. Ескі қыпшақ тілінің бір ескерткішінде (ХІҮғ) күб «кувшин, сосуд) деген ұғым тудырады.

           Әдеби тіліміздегі күпшектей,  күпшектену деген сөздеріміздің  түбірі осы күб (күп: б/п) болуы мүмкін. Ауызекі сөйлеу тілімізде «аяғым (қолым, білегім т.б.) күп болып ісіп кетті» деп осы күні де айта береміз. Бұл түбірге жалғанып тұрған – шек жұрнағы туралы пікір айтпай-ақ қойсақ та болады (ол тиісті оқу құралдарынан белгілі морфема).

           Жазушы өз еңбегінде белгілі бір сөздің қазіргі қалыбын алмай., оның негізгі түбір тұлғасын алып, пайдаланған.

           Немесе күзем кезінде қойды  суға тоғытып, аспан (ор, терең,  арық, тоғай, сай) толтырылған  судан өткізіп, оның жүнін тазалап  алуға әрекет жасалады. Алдын-ала дайындап, қой жүзіп өтетін жерді де елде күп дейді. Қой түсетін күптің суына қарамай араластырылады. Дәлірек айтқанда, күп-«шомылатын» (ол тоғытылып өтетін) жер (ол, әрине, қой бататындай етіп құйған, сумен толтырылған болады).

           Қазіргі кезде қазақ тілі сияқты  қыпшақ тілдерінің тобына жататын  Қарайым тілінде күп –«большой  кувшин для воды, зарываемые в  землю»; купчик (кюпчик)-«сосуд», купчэк- «колесо» (қазақшасы арба дөңгелегінің  күпшегі). Сонымен қатар: Кипцек (кипсек)- «колесо»; круг»; кипчак- «колесо», кипчпак куршову «шина, обод; колесница»; кипчек «округ, окружность, круг, колесо, поселог вокруг, около», купчак (купчак)- «колесо», купчик-«вазв». Бұған қарағанда, күп сөзінің семантикалық өрісі мынадай тәрізді: 1) дөңгелек бос қуыс –ор (шұңқыр), яғни бетінің аты; 2) заттың атты (ыдыс, дөңгелек т.б. оларға ұқсас нәрселердің аты); 3) шылау сөздер. Біз әңгіме етіп отырған романда бұл сөздің алғашқы мағынасы туралы сөз болады.

           Тұжырымдай келгенде, жазбаша сөйлеу әрекетінде сөзді таңдау лексикалық норманы негізге алады. Сондықтан эксперименттік бақылауда оқушылардың жазба жұмыстарындағы лексикалық қателерді осы лексикалық норма тұрғысынан қарастырдық.

           Тіл мәдениетін арттырудың бір  саласы сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді, мәтінді мазмұн мен ойға сай нақты қолдануға жаттықтыру болып табылады [8,123].

           Сөз дәлдігі туралы сапаға  қойылатын талаптар әр түрлі.  Солардың бірі- сөздерді  тілдегі  мағынасына лайық қолдана білу. Бұл тұрғыдан мектеп оқушыларында стильді-лексикалық қателер кездеседі:

           а) «бұл кеншарда қой басын  өркендетіпті» деген сөйлемдегі  ойды түсінуге болады, бірақ «өркендету»  мағынасында қолданбаған. Атап  айтқанда, қой шаруашылығын өркендету  деп айтуға болғанмен, қой басына  байланысты санын көбейту деген сөзді қолдану тиімді.

           ә) сөздің ұғымы мен мағынасын  және статистикалық реңін нақты  білмеуден қате жібереді. Сөздерді  өз мағынасына сай колдану,  дәлдіктен  көз жазып қалу, басқалардан гөрі дыбысталуы  ұқсас, бірақ мағынасы әр басқа немесе бір түбірден тарап, дербес мағынаға ие болған сөздерді (паронимдерді) жұмсауда кездеседі. Мысалы: 1.Шешесі суйектерін сырқыратып орнынан тұрды. 2. Жігіт жусан иесіне еліктеп мас болғанын сезбеді. 3. Мүйізден зерделеген сандықтың құрсау қаңылтырлары ғана жатыр. Бұл жерде сырқыратып емес, сыртылдатып, еліктеп емес елітіп, зерделенген емес зерленген.

           б) дәлдікке қатысты мәселенің  бірі, зат, құбылыс пен оның  атауы сөз арасындағы байланысты  жете тани алмаудан қате жібереді. Мысалы: Күздің алтын күрек желі есті деген сөйлемдегі « алтын күрек» деген тіркес күзде емес, халық көктемде қарды ерітетін жылы желді айтады.

           в) сөз-белгілі зат пен құбылыс  атауы. Сөзді білгенмен оның  қандай затты, құбылысты белгілейтінін  білгенмен немесе шала-шарпы ғана игерген оқушы дәлдіктен көз жазып қалады. Кейде осы айтылғандар керісінше зат пен құбылыстың дәл атауын, қалай аталуын білмеу, не оған мән бермеу сөз дәлдігінен жаңылуға себеп болады. Мысалы, бота деудің орнына түйенің баласы деп қолданады т. б.

           Тіл тазалығына қатысты да  оқушылар стильдік-лексикалық қателер  жібереді:

           1)тілімізде бөгде сөзді қалай  болса солай араластырып қолдана           береді.Мысалы, остановкада тұр,  звонить етті т. б. 

           2)басқа тілден екінші тілге сөз алу, жаңа ұғымның пайда болу барысындағы жеңіл калькалар кездеседі. Мысалы, түбек дегенді жарты арал,  саулық қой дегенді аналық бас т. б.

           3) жергілікті говор, диалект сөздерді  таңдамай, сараламай қолдану. Мысалы, бойлай (үнемі, өне бойы), бәткерле қылу (әшкереледі), шекейін (дейін, шейін) т. б.

           4)ойға басы артық, қыстырм сөздерді  жиі қолдану. Мысалы: әлгі, я, мәселен,  яғни, сосын т. б.

           5) орыс тілінен енген сөздерді  қолдану. Мысалы: 1. Алматыда жаңа  площадь, дворец бар. 2. Медео – дүние жүзіндегі көрікті де сұлу мұз айдыны. 3. Қала сыртында көптеген дачалар т. б.

           Стильді- лексикалық  қателер  тілдің көркемдегіш және бейнелегіш  құралдарын қолдана білмеу бағытында  кездеседі.

           а) сөзді көркемдік мақсатта қолдануда қате жібереді. Мысалы: Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ.

           Мұндай қателерді сөздердің ауыспалы  мағынасы мен стильдік реңін  жете түсінбегендіктен жіберіледі:

           ә) фразелогиялық тіркестердің  мағынасын түсінбей қолданудан туған қателер. Мысалы: Біздің балалардың қуанғанынан жүрегі қарс айырылды (жүрегі қарс айырылған адам қуанбайды, қайғырады, ашуланады). Олардың  көшесі жүзіктің көзінен өткендей (жүзіктің өткендей деген фразеологизм әдемі, сұлу мағынасын  аңғартқанымен көше, қала, ауыл сияқты мекен-орынды    білдіретін жерлерге қолданылмайды).

           б) фразеологиялық тіркестердің  құрамындағы сөздерді өзгертіп  қолданудан туатын қателер. Мысалы: Ойға батқан батырдың қабырғасы  майысты (қайысты деген дұрыс).

           в) фразеологиялық тіркестердің  құрамындағы сөздердің орнын  ауыстырып қолданудан туатын  қателер. Мысалы: Ауырдың астымен,  жеңілдің үстімен күн көргендерді  сынады (дұрысы: ауырдың үсті, жеңілдің  астымен).

           Мұндай қателер оқушылар тілінің даму деңгейінің төмендігі мен сөз қорының аздығынан болады. Сондай-ақ сөз мағыналарын ажырата білмеу лексикалық білімнің жетімсіздігі мен өмір тәжірибенің танып-білуі төмен, естіген, көргені аз т. б. жоқтығынан да болды [9,114].

           Ол туралы М.Балақаев: «Қазақ тілінің қоғамдық қызметі арта түсіп отырған қазіргі кезде оның үздіксіз даму процесін терең ұғынып, өмірлік проблемаларын жан-жақты зерттеуге ерекше мән беріліп отыр. Солардың қатарында теориялық, практикалық биік талаптар деңгейінен қарайтын сала – тіл мәдениеті мәселелері болмақ. Бұл қазақ тілінің енді-енді өзінің даму жолына түскен жас саласы. Тіл мәдениеті халқымыздың жалпы мәдениетімен астарлас дамуға тиісті болғандықтан, бұл ғылым саласы алдымен тіл мәдениетінің дәрежесін арттыруды, тілдің қатынас құралдық қызметін жетілдіру үшін оның күнделікті өмірлік мәселелерін ғылыми тұрғыдан дұрыс шешіп, жөн сілтеуді көздейді» [6.13-14] –деп анықтайды.

           Қазіргі әдеби тіліміз – халық  тілінің жоғарғы формасы болып  табылады. Әдеби тіл дамыған сайын оның қоғамдық қызметі, нормалық жүйесі нығая түседі. Сөйлеу тілі де, әдеби тіл де өзара тамырлас, әрі бірінен бірі нәр алып дамиды, соңғы халық тілі негізінде жасалып, оның құнарлы қазынасынан керегін таңдап алып дамыса, сөйлеу тілі де өзінің бұрынғы дәрежесінде қалып қоймай әдеби тіл елегінен өтіп, жалпы халықтық қасиетке ие болған байлықтарын, керсінше, үнемі қабылдап отырады. Бара-бара сөйлеу тілі мен әдеби тілдің алыс-берісі күшейіп, әдеби тілдің екі түрі – жазба әдеби тіл мен сөйлеу әдеби тілі қалыптасады.

           Әрбір тілдің сол тілде сөйлейтін  қауымдар арасында қатынас құралдық  қызмет атқарумен қатар, сол  қауымның күресі мен жеңісінің  құралы, мәдени өмірінің тұтқасы  болып табылады. Әрбір қоғам сондықтан  ана тілінің тағдырына немқұрайды қарай алмаған, оны қызғыштай қорып, халықтың мәдени дәрежесін көтеру жолында сол халықтың тілдік мәдениетін – жазу, жетілу, жақсарту талабынан басталып отырған.

           Халқымыздың кешегі өткен ойшылдары,  ағартушы-ғалымдары, ақын-жыраулары  ішінде тіл мәдениетін сөз етпей, тіл шұбарлаушыларға кейістік білдірмей кеткені кемде-кем. Тіпті қазақ даласындағы алғашқы мерзімді баспасөздердің өзі, «Түркістан уаляты», «Дала уаляты» және «Айқап» журналы қысқа мерзімді өмірлерінің ішінде тіл мәдениеті, тіл тазалығы тақырыбына ондаған мақалалар жарияланды. Бұл жағдайлар тіліміздің мәдениеттілігін арттыру, оны шыңдап жетілдіре беру талабының ерте кезден-ақ сөз болып келе жатқан жалпыхалықтық мәселе, ұлттық мәдениет мәселесінің бөлінбейтін бір саласы екендігін аңғарады. Сондықтан С.Қирабаев: «Қазіргі әдеби тіл мен оның нормасын, жазу емлесін үйрену, жалпы тіл мәдениетін көтеруге ұмтылу ешкімге ұятты іс емес, қайта абыройлы болыш. Бұл – Отан алдындағы, халқымыз, ұлтымыз ана тіліміз алдындағы патриоттық борышымыз. Бұған бізді ел сүю, жер сүю, ұлтымызды сүю сезімдері міндеттейді» [10,8]. Енді осы мәселенің екінші, теориялық жағы бар.

           Тіл мәдениеті мәселесінде теориялық  негізінен табудың, яғни тіл  мәдениеті жөніндегі ғылымды  лингвистикалық бір саласы ретінде  қалыптастырудың қажет екендігі - бүкіл лингвистикада көтеріліп жүрген мәселе. Сондықтан болар, Т.Қордабаев «Сөйлеу мәдениетін сөз еткенде, бұл саладағы кемшілікті сынға алғанда сүйеніш етер негіз, бағыт тұтар құбыламыз тілдік норма, әдеби тіліміздің сөйлеу, жазу нормасы болмақ. Сондықтан сөйлеу мәдениеті, тіл тазалығы үшін күрес – қалыптасқан норманы сақтау үшін күрес болмақ. Олай болса, бұдан шығатын қорытынды – сөйлеу мәдениеті жөніндегі ілімнің негізгі міндеті – тілдік норма дегеннің сырын ашу, оның құрамына нелердің енетінін айқындау болса керек», - деп анықтайды [11,118]. Сондықтан әдеби тіл деген мәселеге қысқаша шолу жасайық. 

Сөйлеу әрекетінде лексиканың әдеби тіл нормасында қолданылуы. 2