Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының 2010 жылғы 12 мамырдағы шешімімен мақұлданды № 58 хаттама |
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 21 маусымдағы шешімімен бекітілді № 9/2010 хаттама (хаттамаға № 2 қосымша) |
«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ
ІСКЕРЛІК ЭТИКА КОДЕКСІ
Астана қ., 2010 жыл
МАЗМҰНЫ:
Басшылықтың үндеуі ..............................
Кодекстің миссиясы ....5
Мақсаты ....5
Кіріспе ....6
1-тарау. Іскерлік этика құндылықтары, қағидаттары ....7
2-тарау. Іскерлік этика нормалары.. ....9
- Лауазымды тұлғалардың және Қызметкерлердің өзара қарым-қатынас этикасы.......................
.............................. .............................. .............................. .........9 - Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас этикасы ..12
- Мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас этикасы .........................12
- Еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара қарым-қатынас этикасы ..........................12
- Іскерлік серіктестермен өзара қарым-қатынас этикасы ..12
2.6. Қоғаммен өзара қарым-қатынас этикасы ..13
2.7. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара қатынас этикасы .........................13
3-тарау. Еңбекті және қоршаған
ортаны қорғау........................
4-тарау. Іскерлік
мінез-құлық ережесі
..............................
4.1. Әріптестермен
қарым-қатынас ..............................
4.2. Басшылық пен Қызметкерлер арасындағы қарым-қатынас .........................15
4.3. Корпоративтік мәдениет ..............................
4.3.1. Қызметкердің сыртқы келбеті және келіссөздер жүргізу
этикасы ..............................
4.3.2. Корпоративтік мерекелер
..............................
4.3.3. Қызметкерлердің туған күндері
..............................
5-тарау. Құпиялылық....................
6-тарау. Мүдделер
қақтығысы.....................
7-тарау. Жауапкершілік ..18
8-тарау. Омбудсменнің құқықтары
мен міндеттері....................
9-тарау. Іс жүзінде
пайдаланылуы ..............................
10-тарау. Кодексті
түсіндіру және онымен танысу ..............................
11-тарау. Қорытынды
..............................
Басшылықтың үндеуі
Құрметті әріптестер,
Бизнес қауымдастықтың, серіктестердің, мемлекеттік билік өкілдерінің және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ табысы мен оның дамуы соларға байланысты болатындардың сенімін және құрметін қамтамасыз ететін корпоративтік құндылықтар мен стандарттар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жемісті қызметінің негізі болып табылады. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерінің мақтаныш сезімін және өз жұмысында одан да жақсы нәтижелерге жетуге ұмтылысты тудырады.
Корпоративтік басқару және ашықтық қағидаттарын ұстану «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың мұнай-газ саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға анағұрлым белсенді қатысуына ықпал етеді.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік мәдениетке аса зор көңіл бөледі, оның маңызды құралы осы Іскерлік этика кодексі болып табылады, өйткені алға қойылған міндеттер «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлық қызметкерлерінің:
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ миссиясын, оған қол жеткізу қағидаттарын білуін және оны ұстануын;
- «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ корпоративтік мәдениет нормаларын ұстануын, корпоративтік беделдің маңыздылығын түсінуін;
- өз әрекеттерінің «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың миссиясына, сондай-ақ корпоративтік басқару мен іскерлік этикасының қабылданған қағидаттарына сәйкестігінің маңыздылығын түсінуін талап етеді.
Осы Кодекс атқарып отырған лауазымына қарамастан «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың барлық қызметкерлері үшін басшылық болып табылады және әрбір қызметкер Кодексті назар салып зерделеп, оның талаптарына сәйкес болуға ұмтылуы қажет деп есептеледі.
Кодексті ұстану
оң корпоративтік мәдениеттің
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың Іскерлік этика кодексін ұсынамыз, онда біздің жұмысымыз негізделетін құндылықтар мен этикалық қағидаттар бекітілген, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та әрекет етудің бірыңғай стандарттары анықталған.
Корпоративтік этика қызметкерлерді бірыңғай әлеуметтік ағзаға біріктіретін негізгі элемент болып табылады. Қызметтің құлықтылық бағдарын анық түсіну барлық бөлімшелердің реттелген жұмысы үшін қажет. Жоғары этикалық стандарттарды ұстану ұжымдағы және сыртқы серіктестермен, қоғаммен және мемлекетпен қарым-қатынастағы сенімді сақтауға және нығайтуға көмегін тигізетін болады.
Іскерлік этика кодексінің нормаларын сақтау «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тың бүгінгі күнгі беделін нығайтуда маңызды қадам болып табылады және оның болашақта тұрақты дамуын қамтамасыз етеді, қызметкерлердің ортақ мақсаттарға жетуіне көмегін тигізеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ табысы әрбір қызметкерге байланысты. Міне, сондықтан да Іскерлік этика кодексін дәл ұстану «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлері үшін ең жоғары басымдық болуы тиіс.
Директорлар кеңесінің төрағасы
Тимур Асқарұлы Құлыбаев
Басқарма төрағасы
Қайыргелді Мақсұтұлы Қабылдин
Кодекстің миссиясы
Іскерлік этика кодексі ҚМГ-нің барлық мүдделі тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауының этикалық жағын, корпоративтік қарым-қатынастардың этикалық нормаларын, сондай-ақ этикалық нормалардың ҚМГ және оның қызметкерлерінің күнделікті қызметіне әсер ету тетігін реттейтін құжат болып табылады.
Кодекстің мақсаты
Іскерлік этика
кодексі ҚМГ корпоративтік
Кіріспе
1. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, ҚМГ Жарғысының және өзге де ішкі құжаттарының, соның ішінде іскерлік мінез-құлықтың және корпоративтік басқарудың танылған әлемдік стандарттарын ескеріп Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес әзірленді және іскерлік этиканың негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаттарын, іскерлік өзара қарым-қатынастардың этикалық нормаларын белгілейді.
2. Осы Кодекстің мақсаттары:
- ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өз қызметінде стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да басшылыққа алатын негізгі құндылықтарды, қағидаттарды, іскерлік этика және мінез-құлық ережелері мен нормаларын бекіту;
- жоғары этикалық стандарттарға негізделген бірыңғай корпоративтік мәдениетті дамыту, ұжымда сенім, өзара құрмет және әдептілік атмосферасын қолдау;
- атқарып отырған лауазымына қарамастан ҚМГ-де барлық Қызметкерлер қабылдаған іскерлік этика нормаларын біркелкі түсіну және орындау;
- іскерлік қауымдастық тарапынан ҚМГ-ге деген сенімді арттыру және сақтап қалу, нарықтың ашық және әділ қатысушысының беделін нығайту;
- Мүдделі тұлғалармен өзара тиімді іс-қимыл жасауға ықпал ету болып табылады.
3. Кодекс өзге де ішкі құжаттармен бірге қолданылады және Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлердің іскерлік этика және іскерлік мінез-құлық нормалары мен қағидаттарын қолдану бөлігіндегі қызметін сипаттайды.
4. Көрсетілген нормалар мен қағидаттар тізбесі жеткілікті болып табылмайды және белгілі бір алғышарттар немесе жағдайлар туындағанда нақтылануы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.
5. Кодекс ережелері атқарып отырған лауазымына қарамастан ҚМГ Лауазымды тұлғаларына және барлық Қызметкерлеріне тарайды;
6. Кодексте мынадай анықтамалар мен қысқартулар пайдаланылады:
- ҚМГ – «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
- Іскерлік этикасы – бұл ҚМГ, оның Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын этикалық қағидаттар мен іскерлік қарым-қатынас нормаларының жиынтығы;
- Лауазымды тұлға – ҚМГ Басқармасының және Директорлар кеңесінің мүшесі;
- Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҚМГ жоғары органы;
- Мүдделі тұлға – ҚМГ-мен құқықтық қарым-қатынасқа түсетін жеке және заңды тұлғалар;
- Кодекс – осы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Іскерлік этика кодексі;
- Мүдделер қақтығысы – ҚМГ Лауазымды тұлғасының не Қызметкерінің жеке мүдделілігі лауазымдық міндеттердің риясыз орындалуына ісер ететін немесе әсер етуі мүмкін жағдай;
- Корпоративтік мәдениет – бұл ҚМГ тән құндылықтар, қағидаттар, мінез-құлық және қарым-қатынас нормалары;
- Корпоративтік хатшы – ҚМГ Директорлар кеңесінің не Басқармасының мүшесі болып табылмайтын, ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындаған және ҚМГ Директорлар кеңесіне есеп беретін, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде ҚМГ Директорлар кеңесі отырыстарының дайындалуын және өткізілуін бақылайтын, Жалғыз акционердің қарауына шығарылатын материалдардың және ҚМГ Директорлар кеңесі материалдарының қалыптастырылуын қамтамасыз ететін, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылайтын ҚМГ-нің қызметкері;
- Қызметкер – ҚМГ-мен еңбек қарым-қатынастарында болатын және еңбек шарты бойынша жұмысын тікелей орындайтын жеке тұлға;
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік –ҚМГ-нің, мемлекеттің және бизнестің өзара мүдделеріне жауап беретін, өзіне еркін түрде алған міндеттемелердің орындалуы;
- Омбудсмен – ҚМГ Директорлар кеңесі тағайындаған, ҚМГ-де іскерлік этика қағидаттарының енгізілуіне және сақталуына ықпал ететін тұлға (қызметкерлер арасынан болуы мүмкін).
7. ҚМГ Жалғыз акционермен, Лауазымды тұлғалармен, Қызметкерлермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен, мемлекеттік органдармен, серіктестермен, өзге де мүдделі тұлғалармен өзара қарым-қатынастарда стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау үшін де, ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлеріне кездесетін күнделікті жағдайларда да осы Кодекстің ережелерін қабылдайды және ұстанады.
1-тарау. Іскерлік этика құндылықтары және қағидаттары
8. ҚМГ-нің қызметі солардың негізінде қалыптасатын негіз қалаушы корпоративтік құндылықтар мыналар болып табылады:
1) Құзыреттілік және кәсіпқойлық
Бірінші кезекте, ҚМГ жұмыс нәтижесі кәсіптік деңгейден алғанда мінсіз болуы тиіс. ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері сапалы білімге, жұмыс тәжірибесіне, салмақты және жауапты шешім қабылдау қабілетіне ие болуы тиіс. ҚМГ міндеттер қойып қана қоймай, өз қызметкерлері үшін кәсіби білімі мен дағды деңгейін арттыруға, өзінің кәсіби, шығармашылық қабілетін іске асыруға, әлеуетін дамытуға, мансап жағынан өсу перспективасына ие болуға мүмкіндік беретін жағдай жасайды.
ҚМГ өз Қызметкерлерінде және олардың жұмысында мыналарды:
- ҚМГ стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағыттануын;
- өз қызметіндегі кәсіпқойлығын және өзінің кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылысын;
- лауазымдық міндеттерді орындау кезіндегі бастамашылдығын және белсенділігін;
- тәртіптілігін және жауаптылығын;
- қызметкерлер арасындағы өзара қолдауды, ҚМГ жас мамандарына көмек және оның ардагерлеріне құрмет көрсетілуін бағалайды.
2) Адалдық және алаламаушылық
Адалдық және алаламаушылық – ҚМГ қызметінің, оның іскерлік беделінің «іргетасы». ҚМГ жеке мүдделер мен кәсіби қызмет арасындағы қақтығысқа жол бермейді. Алдау, жасыру және жалған мәлімдеу ҚМГ Лауазымды тұлғасының, Қызметкерінің мәртебесімен үйлеспейді.
3) Жауапкершілік
Жауапкершілік
– ҚМГ қызметі сапасының
4) Ашықтық
ҚМГ барынша ашық болуға және ҚМГ, қызметтер және оның жетістіктері, қызмет нәтижелері туралы сенімді ақпаратқа ұмтылады. ҚМГ Жалғыз акционерді және серіктестерін істің мән-жайы туралы шынайы, уақтылы хабардар етуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік пен есеп сапасын жақсарту негізінде ақпараттың ашықтығы мен қол жеткізімділігін арттыруға бағытталған. Сонымен бірге, ҚМГ Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын коммерциялық және өзге де құпияны құрайтын ақпараттың және мәліметтердің жария етілмеуін бақылайды.
5) Адам тұлғасын құрметтеу
ҚМГ-нің Қызметкерлері мен серіктестері нәсіліне, тіліне, саяси және діни көзқарастарына, жыныстық, ұлттық және мәдени тиесілігене қарамастан адал және әділ қарым-қатынасқа ие болуға құқылы.
6) Отан сүйгіштік
Мемлекет тарапынан ҚМГ жүктелген жоғары сенім мен оның әлеуметтік жауапкершілігі отан сүйгіштік сезімін және ұлттық экономиканың дамуы мен мемлекет үшін барынша көп пайданы қамтамасыз етуге ықпал ету ниетін тудырады.
9. Өз қызметін жүзеге асыру кезінде ҚМГ:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтайды, Жалғыз акционердің, Директорлар кеңесінің және мемлекеттік органдардың, ҚМГ қызметіне қатысты өзге де құжаттардың шешімдерін орындайды;
2) шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына, тұрғын орнына немесе кез келген өзге жағдайға қарамастан адам және азамат құқықтарының, намысы мен абыройының сақталуын және құрметтелуін қамтамасыз етеді;
3) мемлекет нышандары – Елтаңба, Ту, Әнұранға құрметпен қарайды;
4) ҚМГ корпоративтік нышандарына құрметпен қарайды;
5) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтайды, мемлекеттік және басқа да тілдерді, барлық елдердің салттарын құрметтейді;
- әділ және адал әрекет етеді, пара және ұқсас теріс іскерлік дағдыны, сондай-ақ іскерлік дағдыда қабылданғандардан басқа (бұл ретте осындай сыйлықтар маңызды болмауы тиіс және жиі сыйланбауы/қабылданбауы тиіс) сыйлықтар сыйлау және алу дағдысын қабылдамайды;
- Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлерге қатысты әділ, құрмет білдіреді және этикалық нормаларды сақтайды;
- оның мүдделі тұлғалармен барлық қарым-қатынастарының өзара тиімді болуына ұмтылады;
- қоршаған ортаға құрмет білдіреді және құнтты болады.
10. Жұмыстың тиімді ұйымдастырылуы Қоғам мен барлық мүдделі тұлғалар арасындағы өзара құқықтардың орындалуына негізделген. Өзара құқықтардың сақталуы – сындарлы жұмыстың қажетті шартты.
2-тарау. Іскерлік этика нормалары
2.1. Лауазымды тұлғалардың және Қызметкерлердің өзара қарым-қатынас этикасы
11. ҚМГ-нің Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері кәсіби функцияларын мүдделер қақтығысын болдырмай, ҚМГ мен Жалғыз акционердің мүдделерінде адал және ақылға қонымды орындауға міндеттеме алады.
12. ҚМГ Лауазымды тұлғалары ҚМГ-нің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін Іскерлік этиканың негіз қалаушы құндылықтары мен қағидаттарын ескере отырып іскерлік шешімдер қабылдайды және олардың алдына қойылған міндеттердің іске асырылуы үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және ҚМГ-нің ішкі құқықтық құжаттарында көзделген жауапкершілікте болады.
- ҚМГ Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке қарым-қатынасты немесе жеке пайданы емес, ҚМГ-нің мүддесін басшылыққа алуы тиіс.
- Әрбір Қызметкер осы Кодексте көзделген қағидаттарды әділ ұстануы, еңбек және ұжымдық шарттардың, ішкі еңбек тәртібінің, лауазымдық нұсқаулықтардың және ҚМГ өзге де ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын сақтауы, сондай-ақ оларды бұзу немесе сақтамау үшін өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі тиіс.
- Жаңа Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде ҚМГ Қазақстан Республикасының заңнамасын және ҚМГ ішкі актілерінің талаптарын басшылыққа алады, анағұрлым жоғары біліктілікке және өндірістік тәжірибеге ие үміткерлерге басымдық береді және қандай да болмасын белгілер бойынша ешқандай кемсітушілікке жол бермейді. Кадрларды іріктеу және көтеру ҚМГ ішкі актілеріне сәйкес кәсіби қабілеті, білімі мен дағдысы негізінде ғана, жыныстық, нәсілдік, саяси, діни және басқа да ұқсас себептер бойынша қандай да болмасын кемсітушіліксіз жүзеге асырылады.
16. ҚМГ өз бетімен білім алуға және кәсіби дамуға ұмтылған Қызметкерлерді көтермелейді және Қызметкерлерді оқыту және кәсіби дамыту бағдарламаларына сәйкес барлық деңгейдегі Қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін тең және оңтайлы жағдай жасайды.
17. Сыйақы саласындағы саясат Қызметкерлердің кәсіби сапасы мен қабілетін, олардың еңбек нәтижелерін және қызметтің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуін мойындауға және ҚМГ ішкі құжаттарына сәйкес ынталандыру мақсаттарында әлеуметтік пакет ұсынуға негізделеді.
- ҚМГ-нің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясаты өз Қызметкерлері үшін таза және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуді және тұрақты жақсартуды көздейді.
- ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері өздерінің жұмысқа деген көзқарасымен және іс-әрекетімен ұжымда тұрақты және оң жағдайдың қалыптасуына ықпал етуі тиіс.
- ҚМГ-де жекелеген Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлерге міндетті түрде барлығына тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасының заңнамасы және/немесе ҚМГ ішкі құжаттары негізінен басқадай, қандай да болмасын артықшылықтар мен жеңілдіктер ұсынуға жол берілмейді.
- ҚМГ Лауазымды тұлғалары мен Қызметкерлері жоғары білікті жұмыс жасау үшін барлық күш-жігерін салуы, ҚМГ-нің мүлігіні құнттылықпен қарауы, оны ұтымды және тиімді пайдалануы тиіс.
- ҚМГ Лауазымды тұлғадан бастап шешім қабылдайтын кез келген Қызметкерге дейін осы процестің кез келген кезеңінде мүдделер Қақтығысының туындауынан тәуелсіз шешімдердің қабылдануы үшін жауапты болады.
- ҚМГ Лауазымды тұлғалары, Қызметкерлері өздерін оларға (немесе олармен байланысты тұлғаларға) қатысты да, басқаларға қатысты да мүдделер Қақтығысы туындауы мүмкін жағдайды болдырмайтын етіп ұстауы тиіс.
- Лауазымды тұлғалар мен Қызметкерлер құпиялылық нормаларын бұзбай және Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесінің, сондай-ақ ҚМГ ішкі құжаттарының шешімдерін ескере отырып, бір біріне уақтылы шынайы ақпарат ұсынады.
- ҚМГ Лауазымды тұлғаларының шешімдер қабылдауы ашықтық және барабарлық қағидаттарына негізделуі тиіс.
- Лауазымды тұлғалар ҚМГ-мен немесе өзге мәселелермен байланысты мәмілелердегі, шарттардағы, жобалардағы кез келген коммерциялық немесе өзге де мүдделілік (тікелей немесе жанама) туралы ҚМГ-нің ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен дереу хабарлауы тиіс.
- Лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне аффилиирленген тұлғалар тізбесін беру үшін жауапты ҚМГ-нің құрылымдық бөлімшесіне басқа ұйымдарда жұмыстың орындалуы және/немесе лауазымның (лауазымдардың) бос болмауы туралы, тұрақты (негізгі) жұмыс (қызмет, кәсіпкерлік қызмет және т.с.с.) орнының өзгеруі туралы <span class="dash041e_0431_044b_
0447_043d_044b_0439__Char" style=" font-family: 'Times New R

- Іскерлік этиканың түсінігі
- Іс қағаздар
- Іс-қағаздармен жұмыс жүргізу
- Іс-қағаздар стилі
- Іс қағаздар тарихы
- Іс қағаздар тілінің ерекшеліктері мен негізгі түрлері
- Іс-қағаздар туралы жалпы ақпарат
- Іс-әрекет ұғымы психология
- Ісікалды (ракалды) жағдайлар
- Ісікалды(ракалды) жағдайлар
- Іскерлік келіссөздер
- Іскерлік қарым-қатынас және ондағы сөйлеу этикасы
- Іскерлік қарым қатынас пәнінің категориялары
- Іскерлік қатынас