Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

2 Дәрістер

  1.Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі.

 

1. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі анықтамасы, түсінігі.

2. Басқа ғылымдармен байланысы. Пән міндеттері мен даму кезеңдері.

 

      Жоғарғы оқу орындарында студенттердің әлеуметтануды оқып үйрене бастағынына аз уақыт болды. Социология пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны оқып үйренудегі мақсаттар:- бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны Жан-жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді.

    Социологияның қарастыратын мәселелерін анықтау үшін алдымен «әлеуметтік» сөзінің анықтамасы грек-латын тілдерінен «socitias» және «logos»  яғни қоғам туралы ілім дегенді білдіретіндігін анықтаймыз.

     Социологияның басқа қоғамдық  ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені  мынадан көрінеді. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процесстер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу обьектісі - социум деп аталатын әлеуметтік шындық. Қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу обьектісі бола отырып, әр ғылымдар негізі өзінің ерекше зертеу обьектісін таңдап алады. Мысалы тарих ғылымының зерттеуі- оқиғалардың шығу себептерін алса, экономиканың зерттеуі - өндіріс пен өндірістік қатынастар, тұтыну мәселелері, саясатану ғылымының зерттеуі – саяси билік жүргізу мәселелерімен тығыз байланысты. Әр ғылымдардың өзіндік зерттейтін мәселелері осылайша бөлініп алынады.

      Демек социология қоғамды тұтас қаратырмайды, тек сол қоғамның әлеуметтік өмырын ғана зерттейді. Атап айтқанда, адамдардың кең қауымдастықтары арасындағы әлеуметтік  қатынастарды қарастырады.

      Әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген экономикалық немесе тек саяси, рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы  болады.

      Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, таным процесі.Қоғамның құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. Американдық социолог Нейл Смезлер «Соцология қоғамды және әлеуметтік қатынастарды зерттеу ғылымы» дей келе, адамдарды танып білу, мінез- құлқы мен жүріс- тұрысын анықтауға тырысады деп анықтама берген. 

Социологияның негізгі категориясы «Әлеуметтік» ұғымы. Бұл ұғымдарға «әлеуметтік жүйк», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік әрекет» т.б. Бұлардың әрқайсысы өз алдына маңызды категорияларға бөлінеді. Әлеуметтік заңдар адамдар мен топтардың мінез - құлқын реттеп, олардың қоғамдастықтар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Бұған әлеуметтік жіктелу , бірігу, әлеуметтік мобильдік, әлеуметтік  интернационалдану, жеке адамның әлеуметтенуі т.б. жатады.

        Әлеуметтік заңдарды түрліще белгілері бойынша классификациялауға болады. Жалпылығына қарай жалпы және ерекше деп бөлінсе,  Сипатына қарай динамикалық және статистикалық деп бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқыиғалар арасындағы бір мәнді, оның бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң жіктеп анықтайды.  Осыған орай пәннің құрамдас бөліктері:

- жалпы –теориялық  социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтап, макросоциологиялық зерттеулер болып табылса,

- орташа социология- әлеуметтік жүйенің құрамдас бөліктерін (қала, ауыл, білі, еңбек., экономика, саясат т.б.) арақатынасын қарастырады.

- микросоциология- жекеленген адамдардың қимылы мен өзара  әлеуметтік құбылыстар мен процесстер байласынысын қарастырады.

        Ғылыми қортыныдысына орай социологиялық зерттеулер теориялық және эмпириктік деп бөлінеді.  Теориялық зерттеу – жиналған нақты материалдарға терең қортынды жасайды. Эмпириктік зерттеулер-  бақылау, сұрақ қою, статистикалық материалдар жиынтығы бойынша зерттеулер жасайды.

        Социология жеке дара дамымайды. Басқа ғылымдармен өте тығыз байланыста болады. Философиямен, Тарихпен, Саясаттанумен, Экономикалық ғылымдармен байланысына тоқталып көрейік.

      Әлеуметтанудың философиямен байланысы   қоғамды тұтас  әлеуметтік организм ретінде қарастырып, оның әлек-уметтік ұғымдар, категориялары және заңдар көмегімен түсіндіреді. Тарихпен байланыстылығы- тарихи процестің субьективтік, іс-әрекеттік жағына ерекше баса назар аударады. Саясаттанумен байланыстылығы- әлеуметтік қауымдастықтар, ұйымдар мен саясаттың субьектісі жіне обьектісі мәселелеріне баса назар аударады. Экономикалық ғылымдармен байланыста- әлеуметтанулық материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қатынастарын зерттейді.  Ал құқықтану ғылымымен байлансында- құқықтық қатынастарды жеке дара қарастырмайды, керісінше- бүкіл қоғамдық өмірдің бір бөлігі ретінде қарап, социологиялық заңдылықтардың құқық саласындағы көріністерін қарастырады.

      Әлеуметтанудың қоятын міндеті- құқыққа және оның әлеуметтік рөліне әлеуметтік факторлардың, қатынастар мен инститтуттардың және әлеуметтік ұйымдардың тигізетін әсерін анықтау.

       Әлеуметтанудың қоғамдық қызметі әр түрлі. Олар теориялық-танымдық, саяси-практикалық, идеялық-тәрбиелік деп бөлінеді.  Жеке тоқталайық.

1. Теориялық-танымдық қызметі- қоғам мәніне, құрылысы мен заңдылықтарына, қызметі мен даму бағыттарына, тенденцияларына социологиялық зерттеулер жасайды.

2.     Саяси-практикалық қызметі- әлеуметтік болмысты танумен бірге қоғам өмірін жетілдіруге бағытталған саяси және практикалық  ұсыныстарды тұжырымдайды.

3.    Идеялық-тәрбиелік қызметі - әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар мақсат-мүддесін белгілеп анықтайды.Социолоогиялық зерттеулерде обьективтік-ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен идеологиялық мүдделердің арасалмағын анықтауда сыңаржақ пен бұрмалаушылық жасауға болмайды.

      90 жылдардың басынан  социологиялық мәселелерге назар аударылып, пән ЖОО-да оқытылуы басталды.  Себебі қоғамдағы түрліше әлеуметтік өзгерістер басымдылығы әлеуметтану ғылымына жаңа міндеттер жүктеді. Олардың бірі- азаматтық қоғам қалыптастыру.Оның шешімі экономиканы реттегенде ғана жүзеге асырылатындығы түсінікті.  Сондықтан зерттейтін мәселелер аса күрделі. Қорыта айтқанда, қоғамдық өмірдің өзі дағдарысқа ұшырап, қайта құруды талап еткен кездері, социологияның алдына жаңа әлеуметтік проблемалар мен міндеттер қояды, ескі проблемелерді жаңаша шешуді ұсынады.

 

2. Социологиялық зерттеу методологиясы мен әдіс-тәсілдері

 

1. Ғылыми методология және әдіс-тәсілдер ұғымы.

2. Нақты әлеуметтік зерттеулердің маңызы мен орны. Зерттеу бағдарламасы.

3. Зерттеулерді жүзеге асырудың тәсілдері.

        Ғылыми ақиқатқа жетудің жолы-жоспарланған теориялық таным процесін зерттеу. Ол теория мен әдістің бірлігі- диалектикалық бірлікті құрайды. Ғылыми танымның әдіс-тәсілдері жөніндегі ілім –методология деп аталады.  Ғылымдар бір-бірінен зерттеу пәндері арқылы емес, зерттеу әдістері арқылы ажыратылады.  Жаратылыстану және қоғамдық таным методологиясы –диалектикалық және метафизикалық болып екіге бөлінеді.

     Жалпы социологияның танымдық әдіс-тәсілдерін қоғам құбылыстарының ерекшеліктеріне сәйкес диалектикалық-материалистік методолгияның негізінде ғана жасауға болады. Әлеуметтік философия методы мынадай мәселелерді зерттеуі тиіс:

1.қазіргі заманғы социологиялық теориялардың логикалық негізін,

2.адамдар өмір сүріп отрыған нақты обьективтік жағдайларды қарастырады.

Әлеуметтік зерттеулер 5 кезеңнен тұрады. 1).зерттелетін құбылыстарды анықтау, бастапқы гипотезаларды тұжырымдау; 2).зерттеу жоспарын жасау; 3).мәліметтер жинау; 4).жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру; 5).ғылыми түсіндірме жасау, оны тексеру.

      Зерттеу обьектісін анықтау және жоспарын жасау қоғамдық құбылысты ғылыми танып білудің 1-ші кезеңі болып табылады.  Зерттеу құбылыс анықтағанда басқа құбылыстармен байланыстылығын анықтау керек. Ол білімдер толық болса, зерттелетін құбылыста толық дұрыс болады. Ғылыми зерттеудің міндеті-қоғамдық құбылыстар арасындағы байланыстардың формасы мен беріктігін анықтау. Бұл байланыстар мен қатынастар тәжірибеде іс жүзінде тексеругше болатындай болуы тиіс. Гипотезаның мазмұнын эмпириктік жолмен де тексеруге болады. Эмпириктік жолмен тексеру қажет болса, онда оны фактілермен салыстырамыз, ал теориялық тұрғыдан тексергенде ақиқаттығы бұрын негізделген қағидалардың, теориялардың көиегімен дедукциялық жолмен дәлелденеді.

     Гипотеза- әрдайым ақиқат бола бермейді, бірақ олардың мүмкіндігінше ақиқат болуына талпыну керек. Ғылымда қолданатын гипотезалар төмендегідей болады:1.ұғымдары анық, 2.обьектілерге қатысты,3 тиісті зерттеу техникасы мен теорияларға қайшы келмейтіндей болуы тиіс

    Бұдан зерттеудің жоспарын жасау белгіленеді. Жоспарды  зерттелетін мәселемен алдын-ала танысу,  сұрақтарға жауап алу, қорытынды жасау т,б. әлеуметтік проблемалар қарастырылады.

    Қоғамдық құбылыстарды зерттеу ісі- мамандық иелерімен жүргізілетін күрделі коллективтік (ұжымдық) іс. Зерттеу жұмысының дұрыстығы үшін басшылықтарға нақты адамдар тағайындалып, қажетті қаражат мөлшері қарастырылады. Әлеуметтік зерттеулердің негізі социологиялық әдіс-тәсілдері мыналар:

  • Бақылау әдісі- қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады.
  • Эксперимент әдісі- жасанды түрде қолдан жасау арқылы бақылау.
  • Сұрау әдісі- зерттеуші мен зерттелушінің ауызша сөйлесуі түрінде жүргізіледі.
  • Анкеталар тарату әдісі-әлеуметтік мәселелер бойынша қойылған сұрақтарға жазбаша немесе ауызша сауалнамалар алу.
  • Интервью алу әдісі-белгілі бір мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңгімелесу жоылмен мәліметтер жинау.
  • Тестілеу әдісі-жеке адамдардың өзіндік пікірлерін білу.
  • Математикалық-статистикалық әдіс-сан мен сапа жағынан анықтау, баға беру.
  • Салыстырмалы әдіс-ортақ белгілерді ашу, айырмашылықтарын анықтау.
  • Документтермен жұмыс жасау әдісі-сапалық және сандық талдаулар жүргізу

           Ғылыми мәліметтерді тәртіпке келтіру, яғни классификациялау негізі құбылыстардың зерттелу мақсаттары үшін мәселелерді терең танып білуге негіз бола алады. Зерттелуші құбылыстарды жүйелі түрде тәртіпке келтіріп, олардың заңдылығын білдіретін ішкі байланыстарын ашып көрсету үшін, классификация белгілі бір логикалық ережелер мен теориялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.Олар мыналар:

1).классификация зерттеу үшін мәнді белгісі бойынша жасалуы тиіс;

2).классификация жүйелі болуы қажет, белгілі бір ғана белгімен жасалуы керек;

3).классификация толық болуы керек, құбылысқа қатысты жағдайлардың бәрін толық қамтуы тиіс;

4).құбылыстардың әр тобының арасындағы айырмашылықтар елеулі болуы керек.  

  Ғылыми түсіндірме жасау ғылыми зерттеу процесінің қорытындылаушы кезеңі десе де болады, өйткені бұған дейінгі мәліметтер жинау істің түпкі мақсаты-зерттелуші құбылыстардың түсіндірмесі болып табылады. Түсіндіру дегеніміз құбылыстарды диалектикалық тұрғыдан жан-жақты танып білу процесі.

     Зерттеуші ғалым ғылыми заңдарды аша отырып, өзі ұсынған бастапқы жорамалды не растайды, не теріске шығарады.Ғылыми түсіндірме беру кезеңінде жинақталған мәсліметтер ойша талданады, ал бұл үшін түрліше ойлау формалары мен амалдары қолданылады. Ғылым мақсаты-ғылыми түсіндірменің де мақсаты.

     Білімнің ақиқаттығын тексеретін арнаулы ғылыми пән- л о г и к а деп аталады.Логикадағы верификация принципі бойынша қажетті пікірлер ғана емес, сондай-ақ барлық модальдық (ықтимал) ақиқаттары да дәлелдеуге болады. Логикалық дәлелдеу әдісінің көмегімен де арнаулы тексеруді іске асыруға болады. Алынған білімді тәжірибе жүзінде тексеруге  нақты мәліметтер жеткіліксіз болған кезде логикалық верификация дәлелдеу әдістері ретінде қолданылады.  Бұл дедукциялық жолмен негіздеу деп аталады.

 

3. Қоғам әлеуметтік шындық

 

1. Табиғат және қоғам. Өзара қарым-қатынасы, қоғамдық құбылыстар мен              қатынастар және оның түрлері

2.Қоғамдық даму, прогресс, регресс.

3. Әлеуметтік революция және эволюция дамудың негізгі формалары.

      Әлеуметтану ғылымы өте жас ғылым болып табылады, қалыптасуы ХІХ ғасырдың 30-40 жж.  Оның  ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

        Бұдан қоғамдық құбылыстар туралы ой-пікірлер болмаған деген ой болмауы тиіс. Ертедегі Шығыс цивилизациясының отанында (Египет, Вавилон, Үнді, Қытай т.б.) қоғам туралы пікірлер мен ойлар болды. Ежелгі Қытай болмасын, Үнді елдері болмасын қайткенде де қоғам және ондағы әлеуметтік мәселелер бойынша ғылыми-философиялық ілімдер, ойлар өте ашық түрде айтылды.  Қоғамды және  құбылыстар барысын түсіндіруде  ертедегі өркениеттік ғылыми пікірлер тұжырымы  жан-жақты болғанын қоғамдық пәндерден білеміз. Мысалы Қытайлық данышпан Конфуцийдің пайымдауынша: қауымдастағы адамдардың абыройлары өзін-өзі ұстау дәстүрлері мен жақсы әдептерінде дегенді айтқаны.

      Яғни адамдар арасындағы  әлеуметтік қатынасты борыш пен заңды мойындайтын, оны бірінші орынға  қоятын Адам мен өз пайдасын көздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді.

      Әлеуметтік теорияның  біршама айқын элементтері ежелгі Грецияда қалыптасты. Әлеуметтік пікірдің элементтерін Гомер мен Гесиодтың шығармаларынан  кездестіруге болады.  Грециядағы саяси жағдай философтарды  адам мен қоғам мәселесіне  көңіл  аударуға мәжбүр еткен болатын.  Софистердің ішіндегі біршама көрнекті өкілі- Протагор болған. Өз пайымдауында өндіргіш күштердің ролінің маңыздылығын көре отырып, онымен бүкіл қоғамның дамуын байланыстырады. Қоғамдық қатынастарды адамның еркіндігімен өлшеді.  Платон бұл пкіріге қарсы болды. Оның пкірінше мемлекет Адам мүдделерінің әртүрлі болуына негізделіп құралады деген пікірді айтады. Платон іліміндегі социология үшін басты нәрсе, ол-қоғамдық еңбетің бөлінуі, қоғамдық қатынастар, жеке адамдар арасындағы қатынастар.

       Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің  де алатын орны ерекше. Адам-әлеуметтік жаратылыс деген қорытынды жасайды.Яғни әлеуметтік әр түрлі ойлар философиясы немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алады. Социологияның ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы батыстық француз философы  О.Конттың ( 1798-1857жж) есімімен байланысты.  Әлеуметтану позитивизмін енгізген ғалым.

 

Қоғам әлеуметтануы

 

 

1. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік жүйе ұғымы.

2. Әлеуметтік қауымдастықтардың тарихи типтері мен түрлері.

3. Әлеуметтік  институттар. Әлеуметтік стратификация теориясының мәні.

 

   Қоғам әлеуметтік жүйе, себебі адамдардың жиынтығы., олардың біргуі. бір-біріне қарым-қатынасы. Социолог П.Сорокиннің айтуынша қоғам дегеніміз ол бір адам емес, бір-бірімен байланысты екі адам. К.Маркс  «Қоғам дегеніміз- адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі» дегенді пайымдайды. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынадай жағдайлар қажет:

1.Өмір сүру ұшін адамдардың тұрғылықты жер территориясының ортақтығы,ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді.

2.Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы

3.Өздігінен ұдайы өндіру, өзін-өзі қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару.

4.Халықтың дамуына қажетті мәдени деңгейдің болуы.

         Сонымен қоғам дегеніміз-өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатына байланысты қажетті мәдениет деңгейіне жеткен адамдар жиынтығы. Қоғамның негізінде: материалдық өндірі (К.Маркс), ұжымдық сана (Э.Дюркгейм), адамдар әрекеті (М.Вебер) жатыр деген пікірлер бар. Яғни қоғам біртұтас құрылым. Адамдардың әрекеттері-әлеуметтік әрекеттер болып табылады да,  адамдар мен топтардың тәуелсіздігі, сиысушылығы-әлеуметтік байланыстар деп аталады. Әлеуметтік байланыстың элементтері субьект (әрекет етуші жан, тұлға) байланыстың жүзеге асуы оның реттеу механизмі. Әрекет ету-әлеуметтік қатынастарға әкеледі, олар дербес және тәуелсіз байланыстар болады.  Социолог П.Сорокин әлеуметтік байланыстарды алты түрге бөлген:

1.субьектінің санынан қарай (екі немесе бірнеше адам)

2.айырмашылығына қарай ( біржақты, екі немесе  келісімді)

3.ұзақтығына байланысты (қысқа немесе ұзақ)

4.ұйымдасуына қарай (ұйымдасқан немесе қйымдаспаған)

5.саналы-санасыз

6.интеллектуалдығына қарай (идеялық, эмоционалды, жігерлі т.б.)

      Қоғамның әлеуметтік құрылымы өте кұрделі. Онда әлеуметтік жалпылық бар. Ол жеке адамдардың өмір сүретін жиынтығы. Белгілеріне қарай демографиялық, этникалық, мәдени, экологиялық т.б. болады.

      Әлеуметтік топтар осы жалпылықтың бір түрі. Олар тұрақты әрекеттестігімен, топтасқандығымен, тектестілігімен ерекшеленеді. Олар үлкен және кіші немесе бірінші және екінші.  Топтасулар белгілі мақсаттағы жағдайда пайда болады. Қоғам –бүкіл қоғамдық жүйенің тұрақтылығын,  орнықтылығын анықтайтын әлеуметтік құрылымға ие, яғни ол әлеуметтік организм.

       Әлеуметтік құрылымның дамуы, қалыптасуы - түрлі мәртебе мен артықшылықтарда.  Онда әлеуметтік ниститтуттар бар, ол дегеніміз адамдардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формасы. (Мысалы: отбасы, білі, ғылым, саясат, құқық т.б. инститтуттар).

       «Әлеуметтік институт» - ол формализациялау, стандартизациялау, қо,амдық  байланыстарды тәртіпке келтіру сипаты мен байланысты.  Инститтутар ұйымдасқан әлеуметтік жүйе.  Қоғамда түрлі өзгерістер болады, ол бір күйден екінші күйге ауысу, өту. Социологтар  өзгерістер мен дамуды мынадай  етіп бөледі. Олар: эволюциялыө-баяу, бірте-бірте, революциялық-тез, жылдам, прогресті-ілгері, алға, регресті-кері кету, имитациялық-өзгерістің тез көрнісін жасау, инновациялық-жаңаның пайда болуы.

Әлеуметтік мобильдік пайда болып,  қоғамдағы өозғалыс әрекет-өзінің әлеуметтік мәртебесін өзгертеді. «Әлеуметтік мобильдік» (1972 жыл) терминін әлеуметтану курсына енгізген орыс ғалымы П.Сорокин.

 

Экономика  әлеуметтануы

 

1.Экономикалық әлеуметтану ілімінің қарастыратын мәселелері       2.Экономикалық мәдениет    функциялары.

3. Нарыққа өту кезеңіндегі қоғамның экономикалық құрылымының ерекшеліктері.

 

        Аталмыш пән экономика ғылымы емес. Оның қарастыратыны-экономиканың дамуы мен қызмет етуінің әлеуметтік заңдылықтарын,  әлеуметтік факторлардың экономикаға әсер етуі, оның әлеуметтік нәтижелерін, өзгерістер салдарын зерттейтін ілім негіздері. Қоғамның экономикалық саласындағы әлеуметтік мәселелерді зерттейді. Экономикалық заңдар мен заңдылықтар адамдардың қоғамдық қимыл-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.

       Экономикадағы әлеуметтік құбылыстар: олар адамдар меншігі мен өндіріс орындары, бөлу мен айырбас, тұтыну т.б. Экономика әлеуметтануының негізі-адамдардың қажеттіліктері мен мүдделері, құндылықтары мен еңбекке деген адам көзқарастары т.б. мәселелер. Пән экономика мен саясаттың, экономика мен құқықтың, экономика мен моральдің т. б. байланыстардың ықпал етуін қарастырады.

       Экономика саласындағы әлеуметтік топтар:

1.үлкен кәсіпорындардың менеджерлері, экономиканы басқару саласының жауапты қызметкерлері

2.Орта деңгейлі техникалық мамандыр

3.Коммерциялық тап.

4.Ұсақ меншік иесі.

5. Бақылау бойынша техниктер

6.Кәсіби білікті жұмысшылар

7.Кәсіби жұмысшылар

Еңбек құндылығымен еңбек этикасы-протестанттық этика  деп аталады. (М.Вебер)  Себебі экономиканың дамуы тарихи қалыптасқан еңбекке  және ұлттық дәстүрлерге байланысты. Ол еңбекке қызығушылық, еңбек өнімділігін жақсарту, әлеуметтік-психологиялық мәселелерді шешу т.б.

       Өндірістік еңбек әлеуметтануы-жеке тұлғаның еңбек ету мүмкіндігін, оның қабілеттерін жеке және қоғамдық мүдделердің үйлесушілік жолдарын зерттейді. Мүдде – мұқтаждықты шешуден тұрса, мұқтаждық – зәрулік, жоқшылықты шешудің жолы. Мүдделер үйлесімділігі-еңбекті ұйымдастыру, тәжірибе, кәсіби дайындық т.б. мәселерлерімен байланысты.

        Өндірісті әкімшілік басқарады. Ол бұйрық, жарлық, нұсқау, ереже, штат кестесін т.б. басшылыққа алады.  Бүгінгі экономикада әлеуметтік адаптация бар. Ол дегеніміз-  қоғамдағы әлеуметтік жағдайға адамдардың бейімделуі.                  Яғни еңбек жағдайындағы адамдардың  шығармашылықпен еңбекке араласуы.  Әлеуметтану басқаруды басшылық пен бағындыру қарым-қатынасында болатын белгілі бір әлеуметтік топтардың көзқарасы тұрғысынан зерттейді. Басқарудың тиімділігі қолданатын шешімдердің сапасына байланысты.  Шешімдер келісілген, стандартты, ситуациялы жағдайларда болады.  Шешімдердің реттілігіне басшының қабілеті, іскерлік қасиеті ықпал етеді. Басшылықтың әдіс-тәсілдерінің жиынтығы басқару стилін құрайды. Оның түрлері көп.

 

 Еңбек әлеуметтануы

 

1.Еңбек социологиясының құрылымы мен функциялары, негізгі ұғымдары. 2.Әлеуметтік еңбек мәні және түрлері. Даму кезеңдері мен бағыттары. 3.Еңбектік мінез-құлықтық ниет. Еңбек тәртібі мәселелері. Мамандық мәселелері.

 

      «Адамды адам еткен-еңбек» деп  Ф.Энгельс анықтама берген.  Жалпы еңбек деп- адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай атқарылатын қызметін айтамыз. Қоғамның өмір сүру негізі, адамдардың өзінің қалыптастырудағы шешуші факторы.

      Еңбек процесінің негіздері: мақсатты еңбек, еңбек заттары, еңбек құрылымы. Мұның бәрі адаммен қоғамдық араласулар арқылы жүзеге асады. Осыдан адам өз қажеттерін өтеуі пайда болады және өндірістік экономикалық қатынастар жасалады.  Бұл қоғамдық еңбек деп біледі.  Адамның еңбек ету құбылысы –тарихи процесс.  Бұл жөніндегі тарихи әлеуметтік талдаулар Ф.Энгельстің «Маймылдың адамға айналу процесіндегі еңбектің ролі»  атты  еңбегіндегі  жан-жақты көрсеткен.  Адамның қазіргі биологиялық тұрпайы қоғамдық мәнділік санада өмір сүрудің негізі болады.  Тарихи дамуларда еңбек түрлері өзгеріп отырады, ол қазірде солай.

       Еңбек биржасы деп- жұмысшы күшін сату, сатып алу кезінде жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық (посредник) қызмет түрін атқаратын мекемені айтамыз.  Алғаш батыс Европада ІХ ғасыр басында пайда болды. Ресейде ХХ ғасырда пайда болған.

      Еңбек биржасы бастапқыда буржуазиялық мемлекеттер үшін монополия мүддесіне сай еңбек рыногын жасаған. Әсіресе Англия, Франция, Италияда.   Еңбек мекемелер деп- олар еңбек заңдылықтарын бұзғандар үшін  қылмыстылар үшін оларды қоғамдық өмірге бейімдеудің мәселелерімен айналысушылар.  Еңбек заңы-ол еңбекті пайдаланудың тәртібін реттеуші, яғни  өндірістік еңбектің әлеуметтенуі, жеке тұлғалардың еңбек ету мүмкіндіктері, қоғам мүдделерінің үйлесімділігі.

        Еңбек өнімі- өндіріс құралдар көмегімен формасын өзгертіп, адамның қажетіне бейімделген табиғат заты.  Адам еңбегінің нәтижесінде өнім дайын күйінде қоғамдағы адамдарға жетеді.  (Әрине тұтыну заты ретінде) Еңбек өнімі-өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары. Осындай өзара байланыстардан шығатын қорытынды еңбекті қорғаудың заңдылықтары болып табылады. Еңбекті қорғау дегеніміз- еңбек етуге және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында жасалатын шаралар жүйесін айтамыз. Еңбекті қорғау- жұмысы- ірі кәсіпкерлік мекемелер мен әкімшіліктерге жүктеледі. Олар үшін бекітілген, жинақталған заңдар, көмекші бола алады. Заң негізінде барлығы адам қоғамының игілігі үшін жасалуы керек.

 

 Басқару әлеуметтануы

 

1. «Қоғамды басқару» әлеуметтануы. Мазмұны мен функциялары.

2. Басқару мен менеджмент әлеуметтануы. Қауымдастықты басқару ісін   жетілдірудің социологиясы.

3. Басқарудағы жаңалықтар. Ресми және бейресми қатынастар құрылымы

 

         Социология ғылымының қарастыратын институтының бірі- басқару әлеуметтануы.  Бұл саясаттануда да орын алады. Себебі бұл мәселе әлеуметтік  жағдайменде саясатпенде тығыз байланыста. Басқару әлеуметтануының негізі- билік үшін күрес пен билікті жүргізу мәселелерінде.  Қоғамдағы  басқару әлеуметтануы- әртүрлі әлеуметтік ұйымдасулар мен оны басқарудың, бір жүйеге келтірудің т.б. мәселелерімен өте тығыз байланыста.  Басқару қоғамдық өмір қатынастарында ерекше орын алады.  Қоғамдағы басқарудың пайда болғандығы туралы бірнеше теориялар бар. Олар:             1.Теологиялық теория-нәтижеге мақсатқа жетудің мүмкіндігі, 2.Бихевиористік теория- адамның өзін-өзі өзгертуге бағытталған түрі, 3.Инструменталистік теория- белгілі құрылымдар арқылы басқару түрі, 4.Стуруктуралистік- туғанынан басқаруға бейім түрі,

5.Конфликтік теория- қарама-қайшылықтар жағдайындағы реттеушілік түрі, 6.Ықпал етуші- басқаруда басты рөлді иеленуші,

7.Шешім қабылдаушы ретінде де басқарудың түрі бар.

          Адамзат қоғамын басқару мен билік қатар пайда болды.  Және даму барысында.  Оның негізі адамдардың өзін-өз билеуінен басталады.  Басқару адамдар мен қоғам арасындағы реттеуші, қоғам тұтастығы мен бірлігі болып табылады. Қоғам атынан билік пен басқарумен айналысатын адамдардың ерекше тобы болуы мүмкін.  Билік бар жерде таңсіздік бар. Олар үшін қажетті әдіс-тәсілдерде болуы ықтимал.

1.Экономикалық қор-қаржы-қаражат және экономикалық бағдарламалар.

2.Әлеуметтік әдіс-құралдар- сақтандыру, қайырымдылықтар т.б.

3.Күш жұмсау құралдары- полиция, әскер т.б.

4.Ақпарат құралдары- түрлі хабарлар мен жаңалықтар

5.Информациялық қор- ғылыми мәліметтер, тәжірибелер т.б.

     Басқару әлеуметтануы- әлеуметтік инститтуттар арқылы жұмыс істейді. Себебі қоғамдық қабылдауларды ұйымдастыру, реттеуді қамтамасыз етумен байланысты болғандықтан.

     Басқарудың қайнар көздері- бедел, күш, байлық, заң, адам орны, ұйымдар, мүдде, білім, ақпараттар т.б. Билікті жүргізу үшін өзіндік қызметтер қажет.       Олар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, саяси өмірді ұйымдастыру, басқару т.б. мәселелерді шешуде өте қажет-ақ. Оның субьектісі- жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекет. Әрине олардың бәрі билік етпейді. Басқаруды жүзеге  асыратын үш сала бар. Ол: Заң шығарушы орган-Парламент, атқарушы орган-Үкімет, заңдық реттеуші орган-Сот билігі. Бұл бүгінгі егеменді Қазақстанның саяси қоғамында  да белсенді рөл атқаруда.

 

 Аймақтық әлеуметтану

 

1. Басты ұғымдар мазмұны мен территориялық қауымдастықтар

 айырмашылықтары  мен қоныстану мәселелері.

2.Адамзат мекен-жайларының тарихи түрлері. Қазіргі қала, ауыл, село әлеуметтануы, Социологиялық болжамдар.

 

    Адамның бүкіл өмірі белгілі бір әлеуметтік территориялық қауымдастықтар шаңберінде өтеді. Қауымдастық дегеніміз-жеке адам өмірінің басты формасы мен шарты., яғни рулық, тайпалық, халықтық, ұлттық, таптық, топтасулардағы әлеуметтік-терииториялық бірлестік жиынтығын айтамыз. Олардың мұндай жағдайға топтасуының сыры-экономикалық, әлеуметтік, саяси, тарихи, рухани-идеологиялық қарым-қатынастары мен белгілі бір географиялық ортада жүреді.

    Адамдардың ортаға топтасуы және алғашқы мекен-жайы егіншіліктен басталады. Оғанға дейінгі көшпелі өмірде мекен-жай болмады.  Бұл мекен-жайлардың пайда болып, адамдардың шоғырлануы себебі табиғи-тарихи заңдылықтар процесінің нәтижесінен деуге болады. Адамадардың тұрақты өмір сүру орны, мекен-жай механизмдері: еңбек ұжымы, отбасы, т.б. орта болуыда мүмкін.

Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі