Статистикалық кестелер

ЖОСПАР

 

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

    1. Статистикалық кестелер:
      1. Статистикалық кесте және оның элементтері
      2. Кестелердің түрлері
      3. Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері
    2. Статистикалық графиктер:
      1. Статистикалық графиктер және оларды салудың ережелері
      2. Графиктің түрлері бойынша класиффикациясы
      3. Диаграммалар және олардың негізгі түрлері
    3. Статистикалық карталар

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жалпы статистикада санды мәліметті жариялап көрсетудің бірнеше жолы бар. Оның жиірек қолданылатын түрі – мәліметті қара сөзбен жазу, кестеге түсіру және сызықты икекіндеме (график) арқылы көрсету жатады.

Мәліметті сөз арқылы түсіндірудің маңызы жоғары болғанымен, ол өте көп жазуды керек етеді және әр уақытта түсінікті бола бермейді. Мәліметті жеңіл, түсініңті көрсету үшін кесте және кескіндеме қолданылады.

Бұл жұмыста осы стаистикалық мәліметтерді көрнекті етіп көрсету  үшін қолданылатын статистикалық кестелер, графиктер, диаграммалар, карталар және олардың түрлері жайлы негізгі бөлімде толық қарастырылған. Негізгі бөлім 3 бөлімнен: Статистикалық кестелер, Статистикалық графиктер және Статистикалық карталар тұрады. Оның ішінде бірінші және екінші бөлімнің әр қайсысы үш-үштен бөлімшелерге бөлінген.

 Негізгі бөлімнің бірінші бөлімі статистикалық кестелерге арналған және онда осы кестелер жайлы, оның элементтері, түрлері, сонымен қатар, статистикалық кестелерді безендірудің негізгі ережелері қамтылып, мысалдармен көрсетілегн.

Екінші бөлімі статистикалық графиктер мен диаграммаларға арналған. Мұнда графиктердің түрлері бойынша класиффикациясы, диаграммалардың негізгі түрлері, графиктерді салудың ережелері берілген.

Үшінші бөлімде статистикалық  карталар қарастырылған. Статистикалық  карта деген не және оның қандай түрлері бар екендігі ашып көрсетілген.

Жұмыс жоғарыда аталған үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Негізгі мақсаты – статистикалық мәліметтерді көрнекі және түсінікті етіп көрсетудің қандай жолдары бар екендігін және оларды практикада қолданудың тиімділігін көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Статистикалық  кестелер

 

Статистикалық кестелер – жинақтау және топтастыру нәтижелерін безендіру құралы, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді талдау және оны графикалық түрде көрсету құралы болып табылады. Статистикалық элементтері 1-кестеде көрсетілген.

 

Кесте №1

Статистикалық кестенің негізгі элементтері 

 

Қатарлардың мазмұны

Графалардың аттары (жоғарғы атаулары)

А

1

2

3

4

5

...

Қатарлардың аттары (жанындағы атаулары)

Кестенің бастауышы


               

Кестенің баяндауышы

   

Қорытынды қатар

         

Қорытынды графа


 

Статистикалық кестенің басқа кенстелік қалыптардан  келесі өзгешеліктері бар:

    1. Статистикалық жиынтықтың бірліктерін жинақ сипаттамасы беріледі, бір немесе бірнеше қорытынды шығарылады.
    2. Эмпирикалық ақпараттардың есебінің қорытындысы көрсетіледі. 
    3. Сиппатталатын объектілер көрсеткіштер жалпы атау түрінде көрсетіледі.

Жалпы алғанда статистикалық кесте әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді көрсететін экономикалық көрсеткіштердің қатарын ыңғайлы көрсету үшін қолданады. Статистикалық кестенің негізі – горизонталь бойынша қатар, ал вертикаль бойынша графаны құрайтын, өзара қиылысатын горизонталь мен вертикаль сызықтардың қатары. Атаулары толтырылған графалар мен қатарлар кестенің макетін құрайды (2-кесте).

 

Кесте №2

Студенттер үлгерімінің сабаққа қатысуларына тәуелділігі

 

Сабаққа қатысуы, %

Студенттердің

саны, адам

Сессиядағы балдар саны

Студенттердің орташа балы

 

А

1

2

3

1

0-20

     

2

20-40

     

3

40-60

     

4

60-80

     

5

80-100

     
 

Барлығы

     

 

Статистикалық кесте  үш түрлі тақырыпшадан тұрады: жалпы, жоғарғы, жанындағы.

Жалпы атау кестенің мазмұнын көрсетеді, ол макеттің үстіне ортаға орналасады және сыртқы атау болып табылады. Жоғарғы атау графаның (баяндауыштың атауы) мазмұнын көрсетеді, ал жанындағы атау қатардың (бастауыштың атауы) мазмұнын көрсетеді.

Статистикалық кестеде бастауыш дегеніміз цифрлармен сипатталын объектілер. Бастауыш  кестенің сол жағында тұрады, ол бір немесе бірнеше жиынтықтан, жиынтықтың жеке бірліктерінен(фирмалар, кәсіпорындар) тұрады.

Статистиакалық кестедегі баяндауыш эерттеу объектісі сипатталатын көрсеткіштер жүйесін құрайды. Баяндауыш жоғарғы атауларды құрайды. Бастауыш пен бпяндауыш орындарын ауыстыра аладыв, кесте бастауышына және баяндауышына қандай материалды орналастыру статистикалық кестенің алдына қойылған міндетке байланысты.

 

Кестелердің түрлері

 

Бастауыштың құрылымына байланысты статистикалық кестелер қарапайым, топтық және комбинациялық болып бөлінеді, ал баяндауыштары бойынша қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым статистикалық кестеге – баяндауышында топтар жоқ, керісінше аймақтық бірліктер, упақыт бірлігі көрсетілген тізімдері бар статистикалық кестелер жатады. Қарапайым кесте ең көп таралған кесте. Сондай-ақ ұарапайым кестенің бастауыштары түрі аймақ, уақыт қағидасы бойынша қалыптасады (3-8 кестелер).

Топтық статистикалық  кестеге – зерттелетін объектілер бастауышында нышандары бойынша топтарға бөлінген кестелер жатады. Басқаша айтқанда, топтық кестелер статистикалық ақпараттардың жиынтығына топтау әдісін қолданудың нәтижесінде пайда болады (9-кесте).

Күрделі комбинациялық  кестеге – бастауышында бірліктердің тобы комбинацияда алынған екі немесе бірнеше нышан бойынша жиынтығында келтірілген кесте (10-кесте).

 

    1. Қарапайым монографиялық кесте.

Кесте №3

Мемлекеттік жинақ займының облигациясының котировкасы

(млн. теңге)

 

Сатып алу көлемі

Сату көлемі

Мемлекеттік жинақ  займының облигациясы

482,70

469,65


 

    1. Түр қағидасы бойынша қарапайым тізімдік кестелер

(4, 5, 6-кестелер)

Кесте №4

Мемлекеттік жинақ займының облигациясының котировкасы

(млн теңге)

Серия нөмірлері бойынша

облигациялар

Сатып алу көлемі

Сату көлемі

1

122,5

123,40

2

112,6

113,50

3

123,2

124,40

4

124,4

108,35

Барлығы

482,70

469,65


 

Бастауыш – мемлекеттік  жинақ займының облигациясы

 

Кесте №5

2007 жылғы негізгі биржалық тауарлардың бағалары

 

Тауардың аты

Орташа баға

теңге/т

Ұсыныстың

жалпы көлемі, т

Партияның минималды көлемі, т

Бензин А – 76

Бензин А – 92

Дизель отыны

1584000

1965000

955000

3000

5000

4000

1000

1000

3000


 

Бастауыш – тауардың аттары.

 

Кесте №6

2007 жылы вексель орталықтарына сатуға қойылған банктік қарыздар

 

Қарыздыгер 

банктердің

тізімі

Қарыздың жалпы 

сомасы,

млн теңге

Вексельдің котировкасы

Орташа ставка,

млн теңге

1

144,0

144,0

500,0

1168,8

100,0

1292,8

740,0

75

75

70

80

100

75

75

75

75

70

85

100

75

75


 

Бастауыш – қарыздыгер банктердің тізімі.

 

    1. Аймақтық қағида бойынша қарапайым тізімдік кесте

Кесте №7

Тамақ өнімдеріне орташа көтерме

 

Қалалар

Сиыр еті

Тауық

Сары май

Көтерме баға

Бөлшек баға

Көтерме баға

Бөлшек баға

Көтерме баға

Бөлшек баға

Алматы

Тараз

Астана

Атырау

Ақтау

Шымкент

8400

9500

10400

10300

13000

8300

11700

13800

16000

12100

17000

11300

10000

11500

9800

10800

18000

10000

13700

17000

17500

13700

24000

13000

13550

14400

15000

15800

19500

18000

20200

17500

18750

18000

23500

23000


 

Бастауыш – қалалар  тізімі.

 

    1. Уақыт қағидасы бойынша қарапайым тізімдік кесте

Кесте №8

Ағаш өнімдеріне фьючерстік келісімшарттардың котировкасы

 

Контрактіні орындау айлары

Келісімдік баға, мың теңге/м

Котировкалық баға, мың теңге/м

Котировкалық бағаның өзгеруі, теңге/м

Сатылған келісім-шарттардың саны, дана

min

max

Мамыр

Маусым

Шілде

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

466,4

468,1

470,4

474,6

477,6

481,3

467,0

468,3

470,9

474,8

477,9

482,0

466,7

468,2

470,6

474,7

477,7

481,6

+900

+550

+900

+1650

+2250

+3050

6255

3717

1311

796

182

59


 

Бастауыш – келісімшартты  орындау айлары

 

    1. Топтық кесте

Кесте №9

2007 жылы жасөспірімдердің жасаған қылмысын бөлу (жасы)

 

Топтың 

Жасөспірімдердің жасы бойынша  тобы, жасы

Барлығы

Соның ішінде

Милицияға келтірілген

Милицияда есепте тұрады

Қылмыс жасады

1

2

3

13-ке дейін

14-15

16-17

250,2

401,2

584,5

168,6

206,2

281,5

81,6

128,1

166,1

-

66,9

136,9

Барлығы

1235,9

656,3

375,8

203,8


 

Бастауыш – қылмыс жасаған жасөспірімдер тобы.

 

    1. Күрделі комбинациялық кестелер

Кесте №10

Банктік қарыздардың котировкасының мөлшері бойынша қорлық нарығының эмитенттерін бөлу

 

Банктік қарыздың котировкасының шамасы бойынша эмитенттердің тобы, млн  теңге

Орташа мөлшерлеме бойынша эмитенттердің  тобы

Эмитенттердің саны

97-1745

50-75

75-100

6

9

Топ бойынша барлығы

15

1745-3393

50-75

75-100

2

2

Топ бойынша барлығы

4

3393-5041

50-75

75-100

3

2

Топ бойынша барлығы

5

Топтар бойынша барлығы

50-75

75-100

11

13

Барлығы

24


 

Бастауыш – қор  биржасының эмитенттер тобы.

 

Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері

 

Статистикалық кестені безендірудің негізгі ережелері:

  1. Статистикалық кестелер мүмкіндігінше ыңғайлы және көлемі бойынша кішігірім болуы қажет. Кестедегі сандар талдау жасағанда құбылыстың мәні қатарларда солдан оңға және жоғарыдан төмен оқитындай етіп орналасуы қажет;
  2. Кестенің атаулары және графалар мен қатарлардың атаулары анық, қысқа және кестенің мағынасын көрсетуі қажет. Кестенің атауында объектісі, қасиеті, уақыты және орны болуы қажет. Мысалы, «2007 жылы қор биржасындағы АҚШ долларының курсы»;
  3. Кестенің графасында орналасқан мәліметтер қорытынды қатармен аяқталуы қажет. Топтау және комбинациялық кестелерде әрдайым қорытынды қатар мен графа болуы қажет;
  4. Талдауға  ыңғайлы болу үшін үлкен кестелерде әр бес қатардан кейін бос қатар қалдыру қажет;
  5. Егер жеке графалардың атаулары өзара қайталанатын болса немесе бірдей мағынасы болса, онда оларға ортақ атау беру қажет. Бұл әдісті кестенің бастауышына да, баяндауышына да қолданады;
  6. Кестедегі қатарлар, графалар нөмірленеді, бастауыштың графалары алфавиттің А, В, С үлкен әріптерімен, баяндауыштың графалары араб сандарымен белгіленеді;
  7. Талданатын құбылыстың бір жағын сипаттайтын өзара байланысты мәліметтерді көрші графаларға орналастыру қажет. Мысалы, кәсіпорындардың саны және зауыттардың үлестік салмағы;
  8. Графалар мен қатарлардағы өлшем бірліктер бастауыш пен баяндауыштағы көрсеткіштерге сәйкес келуі қажет;
  9. Кестедегі сандармен ыңғайлы жұмыс істеу үшін сандарды графаның ортасына бірінің астына бірін: бірліктің астына бірлікті, үтірдің астына үтірді орналастыру қажет;
  10. Талданатын әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жоқ мәліметтерін келесідей: а) егер ол позиция толтырылмайтын болса «х» жазылады; б) бір себептерге байланысты мәліметтер болмай қалса «....», «мәлімет жоқ» жазылады; в) егер құбылыс жоқ болса «-» жазылады;
  11. Егер кестеге түсіндірме – қосымша мәлімет қажет болса, ескертпе беріледі;
  12. Статистикалық кестелерді толтыру мен безендірудің келтірілген ережелерін сақтау зерттелетін әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жағдайы мен дамуы туралы статистикалық ақпараттарды көрсету, өңдеудің негізгі құралы болып табылады.

Статистикалық кестелердің  ақпараттары бойынша зерттелетін  құбылыстар мен процестер туралы толық түсінік алу үшін графиктер  мен диаграммалар салынады.

 

Статистикалық графиктер және оларды салудың ережесі

 

Әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды қазіргі кезеңдегі талдау мәліметтерді графикалық әдістерді қолданусыз көзге елестету қиын.

Графикалық  әдіс – статистикалық мәліметтерді геометриялық фигуралар, сызықтар, нүктелер және әр түрлі символикалық образдар арқылы шартты көрсету әдісі. Статистикалық графиктердің негізгі артықшылығы – көрнектілігі. Графикті салу үшін оның қандай мақсат үшін жасалатынын анықтау және бастапқы материалды терең зерттеу қажет.

Статистикалық графиктердің негізгі элементтері: графиктің алаңы, графикалық бейне, кеңістіктік және масштабтық бағдарлар, графиктің экспликациясы.

Графиктің алаңы ол орындалатын орын, оған қағаз беттері, географиялық карта, жердің жоспары жатады. Графиктік алаңның жақтары белгілі бір пропорциямен салынады. Жақтары 1:1,3-тен 1:1,5-ке дейін тікбұрышты формадағы графиктер ең ыңғайлы графикке жатады, кейде квадрат формасындағы график алаңдары қолданылады.

Графикалық  бейне – бұл символикалық белгілер, олардың көмегімен статистикалық мәліметтер көрсетіледі. Графикалық бейнелерге: сызықтар, нүктелер, геометриялық фигуралар және көлемдік фигуралар жатады.

Графикалық бейнелерді график алаңында орналастыру кеңістік бағдарларды анықтайды. Кеңістік бағдарлар координата сеткасымен немесе контурлық сызықтармен беріледі. Статистикалық графиктерде тікбұрышты (декарттық) координаттар жүйесі жиі қолданылады.

Сондай-ақ графикалық бейнелеудің тәжірибесінде полярлық координаттарда қолданылады. Координаттардың полярлық жүйесінде бір сәуле, көбіне оң горизонталды сәуле координат осі болып қабылданады, соған сәйкес сәуленің бұрышы табылады. Екінші координатаға радиус деп аталатын оның сеткасының ортасынан арақашықтығы есептеледі. Радиалды графиктердің сәулелер уақыт кезеңін, шеңберлер зерттелетін құбылыстың шамасын көрсетеді.

Статистикалық графиктің масштабтық бағдарлары масштаб және масштабтық шкаламен анықталады. Статистикалық графиктің масштабы сандық шамаларды графикалық шамаларға ауыстыру өлшемі, ал масшабтық шкала – белгілі бір нүктелері белгілі бір сан болып оқылатын сызық. Шкала сызықтан (шкаланың алып жүруші) және сызықта белгілі бір тәртіппен орналасқан нүктелерден және белгіленген нүктелерге сәйкес сандардың сандық белгілерінен тұрады. Шкаланы алып жүруші тіксызықты және қисықсызықты (шеңбер және доға). Шкалалар бірқалыпты және бірқалыпсыз болады.

Шкаланы алып жүруші тік  және қисық сызықты болуы мүмкін. Сондықтан шкалалар тік сызықты (милиметрлік сызғыш) және қисықсызықты-сопақ және дөңгелек (сағаттың циферблаты) болып табылады. Графикалық және сандық интервалдар тең және тең емес болып бөлінеді. Егер шкаланың өн бойында тең графикалық интервалдарға тең сандар сәйкес келсе, онда бұл шкала бірқалыпты деп аталады. Ал тең интервалдарына тең емес графикалық интервалдар сәйкес келсе бұл шкала бірқалыпсыз деп аталады. Бірқалыпты шкалының масштабы бірлік деп қабылданған және бір шамалармен өлшенген кесіндінің (графикалық интервалдың) ұзындығы.

Экспликация - әрбір графиктің сөзбен сипаттамасы болуы қажет, ол масштабтық шкаланың жазуларынан және графиктің кейбір бөліктеріне түсіндірмеден тұрады.

 

Графиктің түрлері  бойынша классификация

 

Графиктердің көптеген түрлері бар, олардың классификациясы  келесі қасиеттерге негізделген:

а) графикалық бейнелерді салу әдісі;

ә) графикалық бейнелеудің көмегімен шешілетін міндеттер;

б) статистикалық көрсеткіштерді бейнелейтін геометриялық белгілер.

Графикалық бейнелерді салу әдісі бойынша статистикалық графиктер диаграммаларға және статистикалық  карталарға бөлінеді.

Диаграммалар – графикалық бейнелеудің кең тараған әдісі. Диаграммалар сандық қатынастың графиктері және бір-біріне тәуелсіз жиынтықтарды салыстыру үшін қолданылады.

 

 

Статистикалық карталар – нақты территория бойынша сандық бөлудің графиктері. Статистикалық карталардың міндеті – статистикалық көрсеткіштерді кеңістістікте орналастыру. Графикалық бейне бойынша статистикалық карталар картаграммалар және картодиаграммаларға бөлінеді.

 

 

Графикалық бейнелеудің  көмегімен шешілетін есептерге байланысты салыстыру диаграммасы, құрылымдық диаграмма және динамика диаграммасы болып бөлінеді.

Графиктің ерекше түріне ваиациялық қатарлармен көрсетілген шамаларды бөлу диаграммасы, олар гистограмма, огива, камулята.

Статистикалық көрсеткіштерді бейнелейтін геометриялық белгілер бойынша графиктер нүктелік, сызықтық, жазықтықтық және кеңістіктік болып бөлінеді.

Нүктелік диаграммаларды салғанда графикалық бейне ретінде нүктелердің жиынтығы , сызықтық диаграммаларды салғанда графикалық бейне ретінде сызықтар жиынтығы қолданылады.

Жазықтықтық диаграммаларды салғанда графикалық бейне ретінде геометриялық фигуралар қолданылады және олар бағаналық, дөңгелектік, квадраттық және фигуралық болып бөлінеді.

 

 

Диаграммалардың негізгі түрлері

 

Диаграммалардың негізгі  түрлерін салуды нақты сандық мысалдардың  негізнде қарастырайық:

  1. Бағаналық диаграммаларда статистикалық мәліметтер тік орналастырылған тікбұрыштардан тұрады.

Бағаналық диаграммаларды салғанда келесі талаптар орындаллуы қажет:

      • Бағаның биіктігі қойылатын шкала нөлден басталуы қажет;
      • Шкала үздіксіз болуы қажет;
      • Бағаналардың негізі бір-бірінен бірдей қашықтықта орналасуы қажет;
      • Бағаналарды сандық жазулармен толықтыру қажет.
  1. Жолақтық диаграмма – горизонталь орналасқан тікбұрыштардан тұрады. Горизонталь ось масштабты шкала болып табылады, оларды салудың салудың қағидасы бағаналық диаграмманы салғандағыдай.

Өзара тәуелсіз көрсеткіштерді салыстыру үшін салыстыратын шамаларды дұрыс геометриялық фигуралар түрінде көрсетілген диаграммалар қолданылады. Бұл диаграммалар көрсетілетін құбылыстаордың мөлшерін өздерінің ауданымен көсетеді. Мұндағы диаграммаларды құру үшін шеңберлер, квадратта р, тікбұрыштар сияқты геометриялық фигуралар қолданылады.

  1. Квадраттық немесе шеңберлік диаграммаларды салу үшін статистикалық мәліметтерден квадрат түбірін шығарамыз, содан кейін алынған нәтижелердің негізінде квадраттың бір жағын немесе шеңбердің радиусын қабылданған масштабқа сәйкес анықтаймыз.
  2. Фигуралық белгілердің диаграммалары – статистикалық мәліметтерді суреттер, силуеттер, фигуралар түрінде графикалық бейнелеу болып табылады.
  3. Секторлық диаграмма – құбылыстың барлық мөлшері 100% ретінде алынып, оның жеке бөліктерінің үлесі пайыз түрінде есептеледі. Шеңбер секторларға бөлінеді, әрбір 1%-ке 3,6 градус келеді.
  4. Варзар белгісі – бір көьбейткіш ені, ал екіншісі ұзындығы болып табылатын тікбұрыш, оның ауданы екеуінің көбейтіндісіне тең.
  5. Сызықтық диаграммалар – құбылыстың уақыт бойынша өзгеруінің сипаттамасын көрсетеді, сондай-ақ бөлу қатарын зерттеу және құбылыстың арасындағы байланысты анықтау үшін қолданылады.

                   1990-2004 жылдардағы инвестицияның динамикасы

 

  1. Радиалды диаграмма – егер оларда кезеңдік ауытқулар болса динамика қатарларын көрсету үшін қолданылады.
  2. Гистограмма және полигон – бөлу қатарын бейнелеу қолданылады, сондай-ақ интервалдық қатарларды бейнелеу үшін қолданылады.
  3. Крды бейнелеу үшін қолданылады.

 

Стаистикалық  қатарлар

 

Статистикалық қатарлар құбылыстың белгілі бір аумақта  жайылу деңгейі мен дәрежесіне сипаттайтын статистикалық мәліметтерді схематикалық-географиялық картада графикалық түрде бейнелеу.

Статистьикалық карталар кртограмма және картодиаграмма болып бөлінеді.

Картограмма – аумақтық бөлу картасына салынған әрбір бірлоіктің шеңберінде көрсеткіштің салыстырмалы жиілігі бояу арқылы көрсетілетін схематикалық карта. Картограммалар фондық және нүктелік болып бөлінеді.

Фондық картограмма – аумақтық бірліктің шеңберінде көрсеткіштің жиілігін бояуды қоюлату арқылы көрсететін картограмманың түрі.

Нүктелік картограмма – кез келген құбылыстың деңгейін нүктелермен бейнелеу.

Нүктелер жиынтықтың бір бірлігін немесе бірнешесін көрсетеді. Географиялық картаға нүктелерді салу арқылы белгілі бір құбылыстың тығыздығы және жиілігі көрсетіледі.

Фондық картограмма  орташа немесе салыстырмалы көрсеткіштерді, ал нүктелік картограмма көлемдік көрсеткіштерді бейнелеу үшін қолоданылады.

Картодиаграмма – диаграмма мен географиялық картаның қосындысы. Картодиаграммадағы бейнелеу белгілері ретінде географиялық картаның контурына орналасқан диаграммалық белгілер (бағаналар, квадраттар, шеңберлер, фигуралар). Картодиаграмма: қарапайым салыстыру, кеңістік орын ауыстыру, изосызықтар болып бөлінеді.

Қарапайым салыстыру  картодиаграммасында зерттелетін көрсеткіштің шамасын көрсететін диаграммалық фигуралар бүкіл географиялық картаға орналастырылады.

Изосызықтар географиялық карта немесе графикте жайылуына  байланысты бір шаманың бірдей мәндерінің сызықтары.

 

 

Қорыта келгенде, статистикалық  мәліметтерді қара сөзбен баяндағаннан көрі, кесте, график, диаграмма немесе карта түрінде бейнелеу өте ыңғайлы екенін көреміз. Мәліметті беру түрін, яғни кесте, график, диаграмма немесе картаны таңдау мәліметтердің мазмұнына байланысты. Себебі, әр мәліметке әр түрлі нысан ыңғайлы, тек сол ныснды дұрыс таңдап алсақ болғаны. Мысалы, әр кезеңдегі көрсеткіштерді салыстырып, олардың қаншалықта өсіп немесе азайғанын көрсету үшін ең ыңғайлысы диаграмма болып табылады.

Сонымен, статистикалық  мәліметтерді көрнекі бейнелеудің  статистикалық кесте, график, диаграмма  және карта сияқты түрлері бар  екенін көрдік. Соның ішінде кестенің қарапайым, топтық және комбинациялық түрлері, графиктің сызықтық, жазықтық және көлемдік түрлері, диаграмманың тоғыз түрі, ал картаның картограммажәне картодиаграмма деген түрлері бар екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Найзақараева С. Ө. Статистика: Оқу құралы. – Алматы: 2009. – 156 бет.
  2. Кесікбайұлы Ө., Өскенбайұлы М. Статистиканың жалпы теориясы: Оқу құралы. – 1998. – 196 бет.
  3. Герчук Я. П. Графики в математико-статическом анализе. – М.: Статистика, 1972.
  4. Статистический анализ в экономике / Под ред. Г.А. Громыко. – М.: Издательство МГУ, 1992.



Статистикалық кестелер