Сыйғы тарту шарты
Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Сыйға тарту шарты түсінігі және оның мәні.
2.2. Сыйға тарту шартының нысаны мен элементтері.
2.3. Сый алушының сый алудан бас тартуы.
2.4. Қозғалмайтын мүлікті сыйға тарту шарты.
2.5. Сыйға тартуды шектеу.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Шарт - азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Сондықтан да шарт тиісті шарттық міндеттемелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады.
Шарт ретінде тараптардың құқықтары мен міндеттері жазылып тиісінше рәсімделген құжатты да түсінуге болады.
Шарт
пен мәміле ұғымдарының арақатынасы
да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын
болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола
бермейді. Оларды, егер екі жақты
немесе көп жақты келісімдер жайлы
әңгіме болғанда бір мағынада қарастыруға
болады. Мәміле сонымен бірге заң
бойынша өсиет қалдыру
Шарттағы тараптар азаматтар, ұйымдар бола алады.
Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.
Шарт – сату-сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
2.1. Сыйға тарту шарты түсінігі және оның мәні.
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.
Қайтарымсыздылық — сыйға тарту шартының ең негізгі белгісі болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту (кей кездері) белгілі жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік аймағындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқарады. Сыйға тарту шарты — мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері камтамасыз етіледі және ол өзше берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді түпкілікті және біржола заттың иесінің ауысуы болады. Сондықтан, сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.
Сый тартушы сый алушының арасындағы қатынастары (не себептен сыйлағаны) әртүрлі болуы мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану кезінде маңызы болады. Қазіргі жағдайда сыйға беру маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса қажетті заттарды қайтарымсыз береді. Мысалы: азық-түлік, киім-кешек, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берілуде, кей-кездері сыйға тарту шет ел элементінің қатысуымен де жүргізіледі.
Қоғамды әрі қарай адамгершілік тұрғысына тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да азаматтық-құқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады.
ҚР
АҚ бір уақтылы кәсіпкерлік
Ал,
егер сауда саттық құқықтық нормаларынан
бөлек азаматтық құқыққа
Шартта азаматтық-құқықтың ықпалы бар
екені айқын еді, егер қазіргі
шет ел және құқық жүйесіндегі
шартты салауға жүгінетін болсақ,
сыйға тарту шарты басқа
Қолданыстағы (күшіндегі) азаматтық заңнамаға сәйкес сыйға тарту шарты реалды немесе консенсуалды шарт болуы мүмкін. Бұл едәуір өзгеріс осы қоғамдық қатынастарды реттеу барысын да пайда болған.
Кеңес Одағы уақытындағы азаматтық заңда сыйға тарту шарты тек қана реалды болуы мүмкін еді Сыйға тарту шартына қатысушылары өздерінің еріктері бойынша реалды немесе консенсуалды мінез беруі жалпы алғаңда қазіргі заман талабына сай келеді.
Мүлік шартты жасасу сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін болса, (шартта осыған қатысты талап бекітілсе) онда ол консенсуалды болып табылады. Әлдекімге затты немесе мүлікті құқықты тегін беруге уәде ету не әлдекімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиісті (жазбаша) нысанда жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдірген болса, сыйға тарту шарты (болашақта сыйға тарту уәдесі) болып саналады және уәде берушіні босатпай тастайды.
Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда атап кеткендей оған қарсы берілетін заттың немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке ақы төленетін болса және ол бірнеше мәрте өз құнынан аз төленетін болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды.
Заңнамада басқа адамның ауыртпалығы бар мүлікті беруге болмайды деп көрсетілмеген. Сонда да М.В.Елисеевтің пікірі онша нақты емес. Оның ойынша, берілетін мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады.
Біріншіден,
мүлікті бергенге дейін оған иесінің
ауыртпалығы болмайды. Бұл жерде
несие беруші мен борышкер бір
түллі болып қалуына байланысты
міндеттеменің тоқтатылу
2.2.Сыйға тарту шартының нысаны мен элементтері.
Сыйға
тарту шартының азаматтық айналымдағы
ерекшеліктеріне қарай заң
Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазбаша түрде жасауды талап етеді. Жазбаша нысаны жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мұндай талап заңды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ережелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда заңды тұлға органдарды (материалды жауапты тұлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазбаша жасалған құжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын жұмысшыларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатыстар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Алдағы
уақытта сыйға тартуға уәде беру
—консенсуалды шарт болып табылады
және әрқашан жазбаша түрде жасалады
Осы шарттың заң талап ететін
жай жазбаша нысанының
Қазіргі кезде сыйға тарту шартының пәні болып зат сонымен қатар мүліктік құқықтар да табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 506-6. 2-тармағы). Нақты сыйға тарту затын көрсетпей-ақ өзінің барлық мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пәні болмайды.
Қандай
да бір игілікті қайтарымсыз алу
әрқашан сыйға тарту болып
танылмайды. Рим құқығында қайтарымсыз
пайдалану, процентсіз займ және қайтарымсыз
сақтау сыйға тарту деп
Сыйға
тарту шартының нысанасын ол қандай
түрге жататындығы әсер етеді. Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Әрекет қабілеттігі жоқ тұлға ешқандай шектеусіз сый алушы ретінде бола алады, ал сыйды оның атынан қорғаншылары (ата-аналары, асырап алушылары) алады. Қамқоршыларының келісімімен 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар сый алады (ал ұсақ сыйларды олар жеке өздері алуға болады).
Ресей Федерациясының кәмелетке толмағандармен немесе олардың қатысуымен жасалатын сыйға тарту біздің елге қарағанда басқаша тұрғыдан жол тапқан. Ол кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттігі құқықтарын реттейтін батыс елдерінің заңдылықтарына ұқсас.
Мысалы, РФ АҚ 26-бабының 2-тармағына және 28-бабының 2-тармағына сәйкес 6 жастан 14 жасқа дейінгі және 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өз беттерімен нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін ақысыз (орнына өтем жасаусыз) пайда алуға бағытталған мәмілелерді жасай алады.
Осындай шешімдермен келісуге болады, бірақ балалардың тәрбиесіне, жүйкесіне, моральдық дамуына зиян келтіруі мүмкін сыйларды табыс етуге тыйым салу керек.
Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Қазақстан
Республикасының Азаматтық
Бірақ,
сыйға тарту шартын қалған қатысушылардың
келісімі бар болжанылуы мүмкін шарттарға
жатқызбау керек. Мүлікті жеке басымен
сыйға тартатын ортақ бірлескен
меншік құқығының қатысушысы ортақ
мүддеде әрекет етпегесін қалған
қатысушыларға мәмілені жарамсыз деп
таныттыру құқығы берілуі керек.
Нотариаттың куәландыруды немесе мемлекеттік
тіркеуді талап ететін мәміле жасалғанда
бұл мәселе туындайды, ондай жағдайларда
мәмлені жасауға бірлескен
Әлдекiмге
затты немесе мүлiктiк құқықты
тегiн беруге уәде ету не әлдекiмдi
мүлiктiк мiндеттен (сыйға тартуға
уәде беруден) босату сыйға тарту
шарты болып танылады және егер уәде
тиiстi нысанда (508-баптың 2-тармағы) жасалса
және алдағы уақытта нақты тұлғаға
затты немесе құқықты тегiн беру
не оны мүлiктiк мiндеттен
Нақты сыйға тарту затын зат, құқық түрiнде көрсетпей-ақ, өзiнiң барлық мүлкiн немесе өзiнiң барлық мүлкiнiң бiр бөлiгiн сыйға тартуға уәде беру немесе мiндеттемеден босату жарамсыз болады.
Сыйға тартушы қайтыс болғаннан кейiн сый алушыға сый берудi көздейтiн шарт жарамсыз болады.
Мұндай сыйға тарту түрiне осы Кодекстiң мұрагерлiк туралы ережелерi қолданылады.
2.3.Сый алушының сыйды алудан бас тартуы.
Сый алушы өзiне сый берiлгенге дейiн кез келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда сыйға тарту шарты бұзылған деп есептеледi.
Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалса, сыйдан бас тарту да жазбаша түрде жасалуға тиiс. Сыйға тарту шарты тiркелген жағдайда (508-баптың 3-тармағы) сыйды алудан бас тарту да мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Егер сыйға тарту шарты жазбаша түрде жасалған болса, сый берушi сый алушыдан сыйды алудан бас тартқаны үшiн өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.
Сыйға тарту шартының нысаны. Сый алушыға сыймен қоса сыйға тарту осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ауызша жасалуы мүмкiн. Сыйды беру оны тапсыру, символдық беру (кiлттердi табыс ету және т.б.) не құқық белгiлейтiн құжаттарды тапсыру арқылы жүзеге асырылады.
2.4. Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты.
Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарттарына мыналар жатады:
1. заңды тұлға сый берушi болған және сыйдың құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен асатын;
2. шартта алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етiлген жағдайларда жазбаша түрде жасалуға тиiс.
Ауызша жасалған сыйға тарту шарты осы тармақта көзделген жағдайларда жарамсыз болады.
Қозғалмайтын мүлiктi сыйға тарту шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс.
Сыйға тартуға тыйым салу. Құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарды қоспағанда:
1.жас балалар мен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды өкiлдерiнiң
2. емдеу, тәрбиелеу мекемелерiнiң, әлеуметтiк қорғау мекемелерiнiң және сол секiлдi мекемелердiң қызметкерлерiне олардың емдеуiндегi, асырауындағы не тәрбиесiндегi азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының
3. мемлекеттiк қызметшiлерге олардың лауазымдық жағдайына байланысты немесе олардың қызметтiк мiндеттерiн атқаруына байланысты сыйға тартуға жол берiлмейдi.
2.5. Сыйға тартуды шектеу.
Сыйға тартуды шектеуге келесілер жатады:
1. Заты шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығына жататын заңды тұлға, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң келiсiмiмен өзiнiң затын сыйлауға құқылы. Бұл шектеу құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын әдеттегi сыйлықтарға қолданылмайды.
2. Бiрлескен ортақ меншiктегi мүлiктi сыйға тартуға бiрлескен меншiктiң барлық қатысушыларының келiсiмi бойынша осы Кодекстiң 220-бабында көзделген ережелердi сақтай отырып жол берiледi.
3. Сый берушiге тиесiлi талап құқықтарын үшiншi тұлғаға сыйға тарту Кодекстiң 339-343, 345, 346-баптарында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
4. Үшiншi тұлға алдында сый алушының мiндеттерiн орындау арқылы сыйға тарту осы Кодекстiң 276-бабының 1-тармағында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
Үшiншi тұлға алдында сый берушiнiң сый алушы борышын өзiне аудару арқылы сыйға тартуы осы Кодекстiң 348-бабында көзделген ережелер сақтала отырып жүзеге асырылады.
5. Өкiлдiң сыйға тартуға жасаған сенiмхатында сый алушы аталмаса және сыйға тартатын заты көрсетiлмесе, ол жарамсыз болады.
Сыйға тарту шартын орындаудан бас Тарту.
1. Егер шарт жасалғаннан кейiн сый берушiнiң мүлiктiк немесе отбасылық жағдайы, не денсаулығы шартты жаңа жағдайларда орындау оның тұрмыс деңгейiнiң едәуiр нашарлауына әкеп соқтыратындай болып өзгерсе, сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат немесе құқық беру уәдесiн немесе сый алушыны мүлiктiк мiндеттен босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
2. Сыйға тартушы келешекте сый алушыға зат не құқық беру уәдесiн, не сый алушыны оған сыйға тартуды өзгерту құқығын берушi негiздемелер бойынша мүлiктiк мiндеттемеден босату уәдесiн қамтитын шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
3. Осы көзделген негiздемелер бойынша сыйға тартушының сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуы сый алушыға залалдарды өтеудi талап ету құқығын бермейдi.
Сыйға тартудың күшiн жою.
1. Егер сый алушы сыйға тартушының өмiрiне, оның отбасы мүшелерiнiң немесе жақын туыстарының бiреуiне қастандық жасаса не сый берушiге қасақана дене жарақатын салса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн жоюға құқылы.
Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтiрген жағдайда сотта сыйға тартудың күшiн жоюды талап етуге сыйға тартушы мұрагерлерiнiң құқығы болады.
2. Егер сый алушының сыйға тартушы үшiн үлкен мүлiктiк емес құндылық болып саналатын сыйланған затты ұстауы оның бiржола жойылу қаупiн тудырса, сыйға тартушы сыйға тартудың күшiн сот тәртiбiмен жоюды талап етуге құқылы.
3. Сот мүдделi тұлғаның талап етуi бойынша, жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның оның кәсiпкерлiк қызметiне байланысты банкроттық туралы заң актiлерiнiң ережелерiн бұза отырып жасаған сыйға тартуының күшiн мұндай тұлғаны банкрот деп жариялаудың алдындағы бiр жыл iшiнде жоя алады.
4. Сыйға тарту шартында, сый берушi сый алушыдан ұзақ өмiр сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшiн жою құқығы ескертiлуi мүмкiн.
5. Сыйға тартудың күшi жойылған жағдайда, егер сыйланған зат сыйға тартудың күшi жойылған кезге дейiн сол күйiнде сақталса, сый алушы оны қайтаруға мiндеттi.
Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту және сыйға тартудың күшiн жою мүмкiн болмайтын жағдайлар.
Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту туралы (осы Кодекстiң 511-бабы) және сыйға тартудың күшiн жою туралы (осы Кодекстiң 512-бабы) ережелер құны заң актiлерiнде белгiленген он айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сыйлықтарға қолданылмайды (осы Кодекстiң 510-бабының 1-тармағы).
Сыйланған заттың кемшiлiктерi салдарынан зиян келтiру зардабы.
Сыйланған
заттың кемшiлiктерi салдарынан сый алушы
азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе
мүлкiне келтiрiлген зиянды, егер бұл кемшiлiктер
сый алушыға затты беруден бұрын пайда
болғаны дәлелденсе және анық кемшiлiктер
қатарына жатпаса, ал сыйға тартушы ол
жөнiнде бiле тұра сый алушыға ескертпесе,
осы Кодекстiң 47-тарауында көзделген ережелерге
сәйкес сыйға тартушы өтеуге тиiс.
Қорытынды
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.
Сыйға
тарту (кей кездері) белгілі жағдайларда
азаматтар мен заңды
Шарттық
қатынастарды кездейсоқ қатынастар
ретінде түсінбеу керек. Олардың
табиғаты, мазмұны қоғам өмірінің
материалдық жағдайларымен
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы, 2003.
2. Азаматтық құқық. Жайлин Ғ.А., Оқулық, Ерекше бөлім. 1 том.- Алматы: Заң әдебиеті.-2005.- 90-110 б
3. Қазақстан
Республикасының құқық негiздерi: Оқу құралы.
Ашитов З.О., Ашитов Б.З. Алматы: Жетi жарғы,
2003.

- Сымон Будны
- Сын тұрғысынан шығармашылық ізденіс
- Сынық туралы
- Сыпной тиф
- Сыр бойы батырлары тәуелсіздік жолында
- Сыр қақтарын өндірудің технологиясы
- Сырная тарелка
- Сызықтық бағдарламалау есебі
- Сызықтық емес регрессия
- Сызықтық корреляция
- Сызықтық теңдеулер
- Сызықтық электр тізбектерді зерттеу (пассивті төртполюстік)
- Сызықты программалау есебін шешудің М-әдісі (Жасанды базис әдісі)
- Сыйға тарту шарты