Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы
1.1. Соттың келiп түскен қылмыстық
iс бойынша iс-әрекетi.........
1.2.Басты сот талқылауын тағайындау....................
2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының жалпы шарттары
2.1.Сот талқылауының тiкелей және ауызша
болуы.........................
2.2.Басты сот талқылауының құрылысы......................
2.3.Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу
ерекшеліктері.................
3. Тарау Соттылық
3.1. Соттылықтың ұғымы …………………………………………………52
3.2.Түрлері...................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Еліміз егемендігін алып тәуелсіз мемлекет болып құқықтық мемелекет құру үшін біршама құқықтық реформалар жасап, қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының мәселелерінде шешу жолдарын тапты. Қылмыстық іс бойынша судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды. Анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға
есептелетiн қылмыстық заңды дә
3) бұлтартпау шарасы
мен келтiрiлген залалдарды
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;
6) басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тiзбесiн;
7) заң оның iсiн сырттай
қарауға жол беретiн жағдайда
iстi айыпталушының қатысуынсыз
8) басты сот талқылауының
орны мен уақыты туралы
9) iстi соттың жабық
отырысында қарау туралы
10) сот iсi қай тiлде жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi;
11) запастағы судья туралы шешiмдi қамтуы тиiс.
Егер iс бойынша алдын ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөнiндегi шешiмдер баяндалуы қажет. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша:) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса; айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткiзу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бiрiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте судья қаулыда iстiң қандай негiз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
Курстық жұмыстың мақсаты қылмыстық іс жүргізу бойынша сот талқылауының жалпы шарттарын қарастыру. Аталмыш мақстақа жету үшін келесі міндеттер қарастырылды:
- соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетiн анықтау;
- басты сот талқылауын тағайындау
- сот талқылауының тiкелей және ауызша болуын қарастыру;
- жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері бақылау.
1. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы
1.1. Соттың келiп түскен
қылмыстық iс бойынша iс-
Қылмыстық iс сотқа түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi.
Судья, келiп түскен iс бойынша мынадай:
1) басты сот талқылауын
2) iстi қосымша тергеуге қайтару туралы;
3) iс бойынша iс жүргiзудi
4) iстi сотталуы бойынша жiберу туралы;
5) iстi тоқтату туралы;
6) қылмыстық iстердi
бiрiктiру туралы шешiмдерiнiң
Судья iс бойынша шешiмдi
қаулы нысанында қабылдайды, онда:
қаулының шығарылған уақыты мен жерi;
қаулы шығарған судьяның лауазымы мен
тегi; қабылданған шешiмдердiң
Шешiм iс сотқа келiп түскен сәттен бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс. Судья қылмыстық iстi соттауға жолдау туралы қаулыны қоспағанда, қаулы шығарумен бiр уақытта айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға мiндеттi.
Судья сот отырысын тағайындаудың
мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу кезiнде
сотталушылардың әрқайсысына
Тараптардың өтiнiштерiн қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткiзу туралы мәселенi шешу үшiн тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргізіледi. Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттiк айыптаушының қатысуы мiндеттi. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнiнде өтiнген кезде оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкілдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi болмайды.
Істi алдын ала тыңдаудың нәтижелерi туралы судья қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру үшiн, iстi қысқарту үшiн немесе iстi қосымша тергеуге қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттауға жатқызудың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау қорытындысын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттауға жатқызу бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.
1.2. Басты сот талқылауын тағайындау
Анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiндегi барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға
есептелетiн қылмыстық заңды
3) бұлтартпау шарасы
мен келтiрiлген залалдарды
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде
айыпталушы таңдаған немесе
6) басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тiзбесiн;
7) заң оның iсiн сырттай
қарауға жол беретiн жағдайда
iстi айыпталушының қатысуынсыз
8) басты сот талқылауының
орны мен уақыты туралы
9) iстi соттың жабық отырысында қарау туралы шешiмдi;
10) сот iсi қай тiлде жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi;
11) запастағы судья туралы шешiмдi қамтуы тиiс.
Егер iс бойынша алдын ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөнiндегi шешiмдер баяндалуы қажет. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс. Басты сот талқылауы бір ай мерзімде аяқталуға тиіс, ерекше жағдайларда бұл мерзім судьяның дәлелді қаулысымен ұзартылуы мүмкін.
Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша:) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса; айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткiзу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бiрiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте судья қаулыда iстiң қандай негiз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
Судья iс бойынша iс жүргiзудi уақытша тоқтату туралы қаулыны ҚІЖК-нiң 50-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша шығаруы мүмкiн. Iс бойынша iс жүргiзу бiрнеше айыпталушылардың бiреуiне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушылардың құқығына нұқсан келтiрмеуi шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкiн. Оларға қатысты iс жүргiзу тоқтатылмаған айыпталушылар қамауда болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертудi мүмкiн деп таппаған жағдайда iс жүргiзу отыз тәулiктен аспайтын мерзiмге тоқтатылуы мүмкiн. Егер осы уақыт iшiнде айыпталушылардың бiреуiне қатысты iс жүргiзудi уақытша тоқтатуға негiздер жойылмаса, онда басқа айыпталушыларға қатысты iс жүргiзу жаңартылуы және басты сот талқылауының күнi белгiленуi тиiс.
Анықтаушы, тергеушi немесе прокурор қылмыспен келтiрiлген залалды өтеудi және мүлiктi ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ететiн шаралар қабылдамаған жағдайда судья қылмыстық iзге түсу органдарына оларды қамтамасыз етуге қажеттi шаралар қолдануды мiндеттейдi.
Егер судья iстiң өзi
соттауына жатпайтынын
Судья ҚІЖК-нiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1-12-тармақтарында және 38-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттiк айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда iстi қысқарту туралы қаулы шығарады. Iстi қысқарту туралы шешiм қабылданғаннан кейiн судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкiн тәркiлеудi қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселенi шешедi. Судьяның iстi қысқарту туралы қаулысының көшiрмесi прокурорға жiберiледi, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбiрленушiге тапсырылады.
Басты сот талқылауы тағайындалғаннан кейiн судья тараптарға iстiң сотқа дейiнгi iс жүргiзу сатысында өздерi таныстырылмаған барлық материалдарымен танысу және олардан қажеттi мәлiметтердi жазып алу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Егер сот отырысын тағайындау туралы мәселенi шешу кезiнде бұлтартпау шарасы немесе сотқа шақыруға жататын адамдардың тiзiмi өзгертiлсе, не прокурор айыптауды өзгертсе, онда сотталушы адамға судьяның қаулысының көшiрмесi тапсырылады.
Судья өзiнiң қаулысында көрсетiлген адамдарды сот отырысына шақырту туралы өкiм бередi, сондай-ақ сот отырысын әзiрлеу үшiн шаралар қолданады.
2. Тарау Қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауының
жалпы шарттары
2.1.Сот талқылауының тiкелей және ауызша болуы
Сот талқылауында iс бойынша барлық дәлелдер тiкелей зерттелуге тиiс. Сот сотталушы адамның, жәбiрленушiнiң, куәлардың айғақтарын тыңдауы, сарапшылардың қорытындыларын жария етуi және зерттеуi, заттай дәлелдемелердi тексеруi, хаттамалар мен өзге де құжаттарды оқуы,дәлелдемелердi зерттеу жөнiнде басқа да сот iс-әрекеттерiн жүргiзуi тиiс. Алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде берiлген айғақтарды жария ету тек ҚІЖК-де көзделген ерекше жағдайларда ғана мүмкiн болады. Соттың үкiмi тек сот отырысында зерттелген дәлелдемелерге, ал сот тергеуiнiң қысқартылған түрi кезiнде - анықтау жүргiзу кезiнде алынған және сотта тараптар дауға салмаған дәлелдемелерге ғана негiзделуi қажет.
Iстi бiр судья немесе
судьялардың сол бiр құрамы
қарауы тиiс. Судьялардың
Талқылау үшiн ұзақ уақытты қажет ететiн iстi алқалы қарау кезiнде запастағы судья тағайындалуы мүмкiн. Запастағы судья басты сот талқылауында сот отырысы ашылғаннан бастап немесе сот оның қатысуы туралы шешiм қабылдаған кезден бастап қатысады және судьялардың бiрi шығып қалған жағдайда оны алмастырады. Бұл ретте iстi талқылау жалғастырыла бередi. Запастағы судья судьялардың бiрi шығып қалған жағдайда соттың құрамына кiрген кезден бастап судьяның құқықтарын пайдаланады. Шығып қалған судьяның орнына кiрген запастағы судья кез келген сот әрекетiн жаңартуды талап етуге құқылы.
Басты сот талқылауында осы соттың төрағасы немесе оны сот төрағасы тапсырған судья төрағалық етедi. Төрағалық етушi iстi талқылауда және шешiм қабылдау кезiнде басқа судьялармен бiрдей құқықтарды пайдаланады. Төрағалық етушi сот отырысына басшылық жасайды, әдiл соттың мүддесiнде объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтай отырып, тараптар құқықтарының теңдiгiн қамтамасыз ету үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолданады, iстiң жай-күйiн жан-жақты және толық зерттеу үшiн қажеттi жағдайлар жасайды. Төрағалық етушi сондай-ақ сот отырысы күн тәртiбiнiң сақталуын қамтамасыз етедi, сот талқылауының барлық қатысушыларына олардың құқықтары мен мiндеттерiн және оларды жүзеге асырудың тәртiбiн түсiндiредi. Сот талқылауына қатысушы адамдардың бiрi төрағалық етушiнiң iс-әрекетiне қарсылық бiлдiрген жағдайда бұл қарсылық бiлдiру сот отырысының хаттамасына енгiзiледi.
Басты сот талқылауы сотталушының мiндеттi түрде қатысуымен өтедi. Сотталушы келмеген кезде iс кейiнге қалдырылуы тиiс. Сот дәлелдi себептерсiз келмеген сотталушыны келтiруге, сондай-ақ оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдануға немесе өзгертуге құқылы. Күзетпен ұстаудағы сотталушы сот отырысына келуден бас тартқан кезде сот iстi қорғаушының мiндеттi түрде қатысуымен ол болмағанда қарауға құқылы.
Сотталушы болмағанда iстi талқылауға:
1) ауырлығы шағын қылмыс
жасағаны үшiн айыпталған
2) сотталушы Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерде
болған және сотқа келуден
жалтарған жағдайларда ғана
Сотталушының қорғаушысы дәлелдердi зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi және оның дәлелденгендiгi жөнiнде, сотталушының жауаптылығын жеңiлдететiн немесе оны ақтайтын мән-жайлар туралы, жазалау шарасы туралы, сондай-ақ сот талқылауында туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн айтады. Қорғаушы келмеген және оны осы сот отырысында ауыстыру мүмкiн болмаған кезде iстi талқылау кейiнге қалдырылады. Сот отырысына келмеген қорғаушыны ауыстыруға тек сотталушының келiсiмімен ғана жол берiледi. Егер сотталушы шақырған қорғаушының қатысуы ұзақ уақыттың iшiнде мүмкiн болмаса, сот басты сот талқылауын кейiнге қалдыра отырып, айыпталушыға басқа қорғаушыны таңдауды ұсынады, ал ол бас тартқан жағдайда жаңа қорғаушыны тағайындайды.
Iске жаңадан кiрiскен қорғаушыға сот талқылауына қатысуға дайындалу үшiн қажеттi уақыт берiледi. Ол өзi iске кiрiскенге дейiн iстi соттың қарауы кезiнде жасалған кез келген әрекеттiң қайталануы туралы өтiнiш жасауға құқылы.
Прокурордың жеке айыптау iстерiн қоспағанда, мемлекеттiк айыптаушы ретiнде бас сот талқылауына қатысуы мiндеттi. Күрделi және көп эпизодты iстер бойынша мемлекеттiк айыптауды бiрнеше прокурор қолдауы мүмкiн. Егер сот талқылауы кезiнде прокурордың одан әрi қатысуының мүмкiн еместiгi анықталса, ол алмастырылуы мүмкiн. Iске жаңа прокурордың кiрiсуi осы уақытқа дейiн сотта жасалған iс-әрекеттердi қайталауға әкеп соқтырмайды, бiрақ прокурордың өтiнiшi бойынша сот оған iстiң материалдарымен танысу үшiн уақыт бере алады.
Прокурор дәлелдердi ұсынады және оларды зерттеуге қатысады, сотқа айыптаудың мәнi бойынша, сондай-ақ сот талқылауы кезiнде туындаған басқа да мәселелер бойынша өзiнiң пiкiрiн баяндайды, сотқа қылмыстық заңды қолдану және сотталушыға жаза қолдану туралы ұсыныс айтады. Егер мұны азаматтардың құқықтарын, мемлекеттiк немесе қоғамдық мүдделердi қорғау талап етсе, прокурор iс бойынша азаматтық талап қояды немесе оны қолдайды.
Айыптауды қолдай отырып, прокурор заң талаптарын және iстiң барлық жағдайларын қарау нәтижелерiне негiзделген өзiнiң iшкi көзқарасын басшылыққа алады. Сотталушының жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғалу құқығын бұзбайтын болса, прокурор айыптауды өзгерте алады. Прокурор, егер айыптау сот талқылауында қолдау таппады деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе iшiнара) мiндеттi. Мемлекеттiк айыптаушының айыптаудан бас тартуына сот тергеуi немесе сот жарыссөзi кезiнде жол беріледi.
Прокурор айыптаудан толық бас тартқан жағдайда, егер айыптаудан жәбiрленушi де бас тартса, сот өз қаулысымен iстi қысқартады. Ал егер жәбiрленушi айыптауды талап етсе, сот iстi талқылауды жалғастырып, оны жалпы тәртiппен шешедi. Бұл жағдайда прокурор процеске одан әрi қатысудан босатылады, ал айыптауды жәбiрленушiнiң өзi немесе өкiлi арқылы қолдайды. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оған өкiл шақыру үшiн уақыт беруге тиiс. Прокурор мен жеке айыптаушы айыптаудан iшiнара бас тартқан кезде сот айыптаудың тарап айыптаудан бас тартқан бөлiгiнде iстi қысқартады, айыптаудың қалған бөлiгiндегi iс жалпы тәртiппен қаралады. Егер прокурор айыптауды өзгертсе және жәбiрленушi бұрынғы айыптауды талап етпесе, сот iстi жаңа айыптау бойынша қарайды.
Басты сот талқылауы жәбiрленушiнiң немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiледi. Жәбiрленушi келмеген жағдайда сот iстi талқылау немесе оны жәбiрленушiнiң болмауынсыз iстiң барлық жағдайларын толық анықтаудың және оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың мүмкiн болуына қарай оны кейiнге қалдыру туралы мәселенi шешедi. Егер сот отырысына жәбiрленушiнiң өкiлi келсе, сот бұл мәселенi өкiлдiң пiкiрiн ескере отырып шешедi. Жәбiрленушiнiң өтiнiшi бойынша сот оны айғақ беру үшiн белгiлi уақытта келуге мiндеттей отырып, сот отырысына қатысудан босата алады. Жеке айыптау iсi бойынша жәбiрленушiнiң сот отырысына дәлелсiз себептермен келмеуi iстi қысқартуға әкеп соғады, бiрақ сотталушының өтiнiшi бойынша iс мәнiсi жөнiнде жәбiрленушiнiң қатысуынсыз қаралуы мүмкiн.
Сот талқылауына азаматтық
талапкер, азаматтық жауапкер немесе
олардың өкiлдерi қатысады. Азаматтық
талапкер немесе оның өкiлi сотқа келмеген
кезде азаматтық талап
Сот қажет деп тапқан жағдайда немесе талап қоюды прокурор қолдағанда сот азаматтық талапты азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келу-келмеуiне байланыссыз қарайды. Азаматтық талапкердiң немесе оның өкiлiнiң келмеуi азаматтық талап қоюды қарауды тоқтатпайды.
Басты сот талқылауы тек айыпкерге қатысты және сотқа берiлген айыптаудың шегiнде ғана жүргiзiледi. Айыптауды өзгертуге бұл арқылы сотталушының жағдайы нашарламаған және оның қорғауға деген құқығы бұзылмаған жағдайда ғана жол берiледi. Егер басты сот талқылауы барысында алдын ала тыңдау сатысында бастапқы айыптауды негiзсiз өзгертуге байланысты айыптауды неғұрлым ауыр айыптау етiп өзгерту қажет болса, онда iстi тағылған айыптау шегiнде қарау үшiн сот айыптаушы тараптың бұл жөнiндегi өтiнiшi бойынша, процестiң басқа қатысушыларының пiкiрiн ескере отырып, сот талқылауын жетi тәулiкке дейiн мерзiмге кейiнге қалдырып, iстi жаңадан алдын ала тыңдау өткiзе алады.
Сот отырысына шақырылған адамдардың бiрiнiң келмеуi салдарынан немесе жаңа дәлелдер алдыру қажеттiгiне байланысты iстi талқылау мүмкiн болмаған кезде сот iстi талқылауды кейiнге қалдыру туралы қаулы шығарады. Осымен бiрге сот келмеген адамдарды шақыру немесе жаңа дәлелдердi алдыруға шаралар қолданады. Сот iстi талқылау кейiнге қалдырылатын мерзiмдi белгiлейдi. Жасырынып жүрген сотталушыны iздеу сот-қаулысымен жарияланады.
Басты сот талқылауы
кезiнде сот сотталушыға
Басты сот талқылауы кезiнде сот шешетiн барлық мәселелер бойынша сот қаулы шығарады, ол сот отырысында жариялануға тиiс. Iстi қосымша тергеуге жiберу туралы, iстi қысқарту туралы, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру туралы, бұлтартпау шарасын таңдау, өзгерту немесе оның күшiн жою туралы, бас тарту туралы, сараптама тағайындау туралы қаулылар және жеке қаулылар кеңесу бөлмесiнде шығарылады және жеке құжат түрiнде жазылады. Өзге қаулылар соттың қалауынша не осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен, не сол орнында - сот отырысы залында қаулыны сот отырысының хаттамасына енгiзе отырып шығарылады.
Басты сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi.
Соттың сот отырысы
залына кiруiнiң алдында сот приставы:
"Сот келе жатыр" деп хабарлайды,
сот отырысына қатысып
Сот отырысы залында суретке түсiруге, дыбыс, бейнежазбаларды қолдануға және киноға түсiруге төрағалық етушiнiң рұқсатымен ғана жол берiледi.
Сот отырысында тәртiп
бұзған, төрағалық етушiнiң өкiмдерiне
бағынбаған кезде процеске қатысушыға
тәртiптi қайта бұзуы оны сот
отырысы залынан шығарып
Сот отырысы залынан процеске қатысушыны шығарып жiберу және әкiмшiлiк жаза қолдану туралы сот қаулы шығарады. Сот отырысы залында қатысып отырған, бiрақ процеске қатысушы болып табылмайтын адамдар тәртiп бұзған жағдайда олар төрағалық етушiнiң өкiмi бойынша сот отырысы залынан шығарылады. Бұған қоса сот оларға әкiмшiлiк жаза қолдануы мүмкiн. Егер тәртiп бұзушының сот отырысындағы iс-әрекетiнде басқа әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың не қылмыстық белгiлерi болса, сот тиiстi тәртiппен қылмыстық немесе әкiмшiлiк iс қозғау үшiн материалдар жiбередi.
Сот отырысы залында қоғамдық тәртiптi бұзған не сотты сыйламаушылық байқалған жағдайда қылмыстық iстi қараушы соттың (судьяның) қаулысымен кiнәлi адамға әкiмшiлiк заңдарында көзделген жаза шаралары қолданылуы мүмкiн.
Басты сот талқылауы кезiнде сот отырысының хатшысы хаттама жүргiзедi. Хаттама қолдан жазылуы немесе мәшинкелiк, не компьютерлiк әдiспен дайындалуы мүмкiн. Хаттаманың толық болуын қамтамасыз ету үшiн стенография қолданылуы мүмкiн.
Хаттамада: басты сот талқылауының күнi, оның басталу және аяқталу уақыты; қандай iс қаралып жатқаны; соттың атауы мен құрамы, хатшы, аудармашы, айыптаушы, қорғаушы, сотталушы, сондай-ақ жәбiрленушi, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сот шақырған басқа да адамдар; сотталушының жеке басы туралы деректер және бұлтартпау шарасы; соттың жүргiзiлген реттегi iс-әрекетi, iске қатысушы адамдардың арыздары, қарсылық бiлдiрулерi және өтiнiштерi; соттың кеңесу бөлмесiне бармай шығарылған қаулылары, қаулылардың кеңесу бөлмесiнде шығарылуына нұсқау; iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiнiң түсiндiрiлуi; айғақтардың егжей-тегжейлi мазмұны; сарапшыға қойылған сұрақтар және оның жауаптары; сот мәжiлiсiнде жүргiзiлген тексерулер мен дәлелдердi зерттеу жөнiндегi басқа iс-әрекеттердiң нәтижелерi; iске қатысушы адамдар хаттамада куәландыруды өтiнген фактiлерге нұсқамалар; тараптардың сот жарыссөзiнде сөйлеген сөздерiнiң және сотталушының соңғы сөзiнiң негiзгi мазмұны; үкiмiнiң жарияланғаны және оған шағымдану тәртiбi мен мерзiмi түсiндiрiлгенi туралы нұсқама көрсетiледi. Бұған қоса, хаттамада егер орын алған болса, сотты сыйламаушылықты куәландыратын фактiлер және тәртiп бұзушының жеке басы мен соттың тәртiп бұзушыға қолданған ықпал ету шаралары да атап көрсетiледi.

- Тарбияи экологии хонандагон дар мактабҳои маълумоти умумӣ
- Тарбиялоонун заманбап концепциясы, анын социалдык маданиятынын негиздери, илимий методикалык негизи жана практикада колдонулушу
- Таргетирование инфляции
- Таргет-костинг
- Таримская платформа
- Тариф и фрахт как цена морской перевозки
- Тарифна і безтарифна системи оплати праці
- Тара-оборудование
- Тара - оборудование в торговле
- Тарас Шевченко
- Тарас Шевченко
- Тарас Шевченко (1814—1861)
- Тарау аппараттарындағы таспаның жасалуы және төселуі
- Тарау. Қылмыстық ізге түсу түрлері