Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру

Жоспар:

 

  1. Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру жұмыстары.

 

  1. Жарақаттар түрі.

 

  1. Бас жарақаттары.

 

  1. Жаралар жіктелуі.

 

  1. Суға бату кезіндегі алғашқы көмек.

 

  1. Электр жарақатын алдын-алу.

 

  1. Күннің өтуі кезіндегі медициналық көмек.

 

  1. Газбен улануын алдын-алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу  және ұйымдастыру.

 

Зақымданған ошақтағы құтқару және апатты қайта қалпына келтіру жұмыстары.

 

Зардап шеккендерге берілетін  көмектің негізгі мәні оның тезділігінде және жасалған  іс-әрекеттердің тиімділігінде.

Құтқару жұмыстарға төмендегілер жатады:

  • көмекке келер күштердің жүрер жолдарын барлау;
  • жолдағы немес апат орындағы өрттің жайылынуына жол бермеу;
  • апат болған жердегі баспаналардағы адамдарға көмекке бару, оларға ауа баратын жолдар іздеу;
  • құлаған үйлер астындағы қалған адамдарды іздестіру;
  • оларды шығару;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек көрсету, ауруханаларға аттандыру;
  • халықты химиялық және радиацияланған аудандардан, су басқан аудандардан көшіру;
  • адамдарды, олардың киімдерін санитарлық тазартудан өткізу;
  • территорияны, құрылыстарды, транспортты басқа техниканы химиялық улы заттардан, радиациядан тазарту.

Құтқару жұмыстарымен қатар, қалпына келтіру жұмыстары да қатар жүргізіледі.

Қалпына келтіру  жұмыстарына төмендегі іс-әрекеттер  жатады:

  • ластанған аумақтарға баратын жолдарды тазалау;
  • апаттың одан әрі тарауына жол бермеу;
  • бұзылған газ, су құбырларын және басқа да жүйелерді уақытында іске қосу;
  • қираған үйлерді қалпына келтіру немесе оларды жою жұмыстары;
  • көше бойында қауіпсіз қозғалысты және құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету;
  • құтқару жұмыстары үшін тез арада байланыс жүйелерін жүргізу.

 

Белгіленген жұмыстарға сәйкес зақымданған ошақтарға  барлаушы күштер жіберіледі. Олар радиациялық  жағдайды, қорғану құрылыстары мен  орындарының мән-жәйін, апат орнына барар жолдарды, зардап шеккен адамдарды, оларды құтқару шараларын анықтайды. Зақымданған орынға АҚ күштерін жіберіп, іс-шаралар жүргізіледі. Адамдарды  құтқару жұмыстарына АҚ жүйесінің  қызметкерлерімен бірге кәсіпорындарда біріктірілген топтарды жұмылдырады. Сонымен қатар құтқару және қалпына  келтіру жұмысына арнайы техникаларды да пайдаланады.

       Жұмыс  жүріп жатқан жерде арнайы  аптечкалар, химиялық пакеттер, байлап  орау жабдықтары болуы тиіс.

Апаттың зардабын жою бағытында жүргізілетін негізгі  жұмыс – ол адамдарды құтқару, оларды ауруханаға жөнелту, қажет болған жағдайда ол жерден көшіру болып табылады. Көшірілетін адамдар қайда апаратылатындығы алдын ала белгілі болуы тиіс.

 

Зақымданған ошақтағы құтқару және қайта келтіру  жұмыстары.

 

Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстары (ҚжБШЖ) төтенше жағдай аумағында адам құтқару  үшін және де жарақат алғандарға көмек  көрсету және  қайта қалпына  келтіру мақсатында жүргізіледі.

Төтенше жағдайдың  зардабын жою стратегиясы бір  сыпыра қауіп-қатерге және соған  байланысты төуекелділікке негізделеді. Сондықтан ең алғашқы міндет- адамдар  қауіпсіздігін қамсыздандыру. Стратегия мен тактика қандай шараларды қалай қолдануын ескереді.

Адамдарды құтқару  төтенше жағдайды әсерін жоюдың бір  бөлігін құрайды, сонымен қатар, төтенше жағдайды зардабын жою жұмыстары  арнаулы үш топқа жіктеледі:

  • құтқару;
  • арнаулы (жедел);
  • қосалқы.

Құтқару жумыстары, адамдарды құтқарып алуымен тікелей байланысты, оған мыналар кіреді:

  • басылып не қамалып қалған орындарда зардап шеккендерді іздеу;
  • зардап шеккендерді шығарып алу (оларға жету жолдарын жасау);
  • зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету;
  • зардап шеккендерді апат болған жерден көшіру мыналарды қамтиды;
  • өрт сөндіру ;
  • коммуналды-энергетикалық және техникалық желілердегі апаттарды жою;
  • тосқауылдарға кіру жолдарын жасау;
  • осал құрылыстарды күшейту.

Арнаулы жұмыстардың  атқарылу нәтижесінде құтқару жұмыстарының орындалуына және адамдардың қосымша зардап алмауына жағдай туындайды.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды  ескерту мен жою жөніндегі  шараларында зандылыққа сәйкес азаматтық  қорғаныс күштері қатысады.

Төтенше жағдай зардаптарын жою мынаны қамтиды:

  • халық пен ұйымдарды төтенше жағдай қауіпі туралы құлақтандыру;
  • барлау жүргізуді, қирау дәрежесін, зақымдану аймағын, су басудың немесе тасқынның таралу жылдамдығы мен ықтимал шекарасын, өртенген жердің көлемін, аудандары мен таралу бағытын және өзге де меліметтерді анықтау;
  • тікелей қауіп төніп тұрған нысандар мен елді мекендерді анықтау;
  • құтқару және басқа жұмыстар үшін іске қосылған күш топтамасы мен құралдар санын анықтау;
  • төтенше жағдай аумағындағы күш-құралдарды басқаруды ұйымдастыру;
  • зардап шеккендерге дәрігерлік көмек пен оларды емханаларға жеткізуді ұйымдастыру, сонымен қатар тұрғындарды қауіпсіз орындарға шығарып қоныстандыру;
  • құтқару жұмыстарды жүргізу барысында оған сәйкес қауіпсіздік шараларын даярлап іске асыру;
  • төтенше жағдай аумағында және оған шекаралас аудандарында коменданттык қызметті ұйымдастыру.

Күрделі зақымдану  ошағындағы құтқару жұмыстарды тек  өрттер мен кирауларды ғана емес, сондай-ақ радиоактивтік, химиялық, бактериологиялық зақымдауды ескере отырып ұйымдастырылады. Бұл жағдайда бактериологиялық зақымдану  түрлері аңықталғанға дейін барлық шаралар аса қауіпті жұқпалы  аурулардан қорғану режимінде ұйымдастырылады. Ауру қоздырғыштар түрі аңықталысымен зақымдану ошағында және оған жапсарлас аудандарда тиісті оқшаулау-шектеу және жұқпалы ауруларға қарсы шаралар жүргізіледі.

Зақымдану ошағында медициналық күш пен құралды  жылдам еңгізудің, соңдай-ақ улағыш және қатты әсер ететін улы заттармен  зақымдалғандарға алғашқы медициналық  көмек көрсетуді бастау мерзімін барынша жақындатудың ерекше маңызды  бар.

Хайуанаттар мен өсімдіктердың, ауылшаруашылығы  өнімдері мен жануарларды, су көздерін қорғау бойынша Азаматтық қорғаныс іс шараларын орындау мақсатында хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау қызметтері мен қызмет бөлімшелері құрылады.

Шаруашылықтағы  мал мен өсімдіктің зақымдалуын  оқшауландыру және жою жұмыстары  төтенше жағдай аймағында тікелей  іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті  қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:

  • хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;
  • оларды көшіріп, қоныстандырады;
  • зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;
  • хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;
  • улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.

 

АҚ шараларын  және күштерінің іс-әрекеттерін қамсыздандырудың негізгі түрлері:

  • барлау;
  • инженерлік қамсыздандыру;
  • химиялық қамсыздандыру;
  • медициналық қамсыздандыру;
  • көлікпен қамсыздандыру;
  • материалдық-техникалық қамсыздандыру;
  • гидрометеорологиялық және метеорологиялық қамсыздандыру.

 

Құтқару жұмыстарын жүргізу барысында негізгі күш  пен құралдарды зардап шеккендерге  алғашқы дәрі-дөрмек көмегін беру үшін, бұзылыста қалғандарды шығару үшін, жедел жетуде мақсатталады.

 

Жұмыс жүргізудің әдісі мен тәсілі.

 

Құтқару жұмыстарын жүргізу тәсілдер мен әдістері жалғасымдығы ғимараттың бұзылуынан, коммуналды, энергетикалық, технологиялық жүйелерінің аварияларынан  және нысанның радиация алу мен химикалық  зарардану дәрежесінен, құрама іс-әрекеттеріне әсер ететін өрт және басқа да жағдайларына тәуелді.

Әуелі, адам болып  қалуы мүмкін жерлерде қираған құрылыстарға, бұзылған ғимараттарға және құтқару  жұмыстарын жүргізуге бөгет жасайтын авария орындарына жол ашылу керек. Бір бағытты кіретін жолдарың ені 3-3,5 м, ал екі бағыттағылардың ені 7 м болуы тиіс.

Қираған құрылыстар астынан адам құтқару шараларымен  әдетте әскери бөлімшелері мен АҚ құрамалары айналасады. Бірақ бұл  жұмысқа басқа да барлық тұрғыңдарды  қатыстыру керек.

Жеке құрама панаханаларды іздестіріп, қорғаныс құрылыстарында қамалып қалған адамдарымен  байланыс құралдарымен тұрақты байланыс жасауға тырысады, ол үшін желдеткіш  саңылауларын, есік, ірге, су-жылу құбырларын тықылдатып пайдаланады. Ең алдымен  желдеткіш арналары немесе қабырғаларда тесік жасап таза ауа жібереді. Панахананы ашу барысында қирау сипатына қарай әртүрлі тәсілдер мен саймандар пайдаланады: негізгі кіре-берісте бұзылғанды тазалау, одан кейін есікті ашу немесе бұзып ашу, үңгір немесе авариялық шығу люгін қазып алу, көршілес жатқан белмеден панаға қарайтын қабырғаны бұзу, бұзылыс үстіндегі бегетті ашу одан кейін адам шығару үшін жол жасау.

Коммуналды-энергетикалық  пен технологиялық жүйелерінде  авария мен бұзылу зардабын жоюдағы  негізгі амалы — қираған бөлімшелерді және ғимараттардағы электр мен газ  және су жүйелерін ажырату болып табылады.

 

 

 

Жарақаттар  түрі

 

Жарақаттар-бұл  адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы  мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның  жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы  мен қызметінің бұзылуы. Әсер механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген  сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін. Балалар жарақатының көпшілігі  механикалық әсерлерден болады, сіңірдің созылуы, буынның шығуы, аяқ-қолдың шығуы).

   Механикалық  жарақаттар ашық және жабық  болуы мүмкін. Жабық зақымдану  –бұл тері жамылғылары мен  кілегейлі қабықтар тұтастығы  бұзылмайтын зақымдану түрлері.  Бұған терінің сыдырылуы, сіңірдің  созылуы, жұмсақ ұлпалардың ажырауы  (бұлшық еттің, жүйкенің, сіңірдің), буын мен сүйектің зақымдануы  жатады (буынның таюы, сүйектің сынуы).Ашық  зақымдану бұл органдар ұлпаларының  зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың  кілегейлі қабықтардың тұтастығы  бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық  сынуы).

  Организм  ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ,  қатты әсер ету нәтижесінде  пайда болған зақымдану қатты  жарақат деп аталады, аз күштің  көп мәрте және тұрақты әсерінен  пайда болған жарақат созылмалы  жарақат деп аталады.

  Кез-келген  жарақат бір орындағы ұлпалардың  бұзылуымен қатар организмде  басқа да белгілі бір жалпы  өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр  қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының  бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық  нерв жүйесінің тітіркенуінен,  қанның кетуінен, өмірлік маңызды  органдардың зақымдалуынан, уланудан  пайда болады. Қатты сырқырататын  және қан көп кеткен ауқымды  зақымдану кезінде сырқаттың  жалпы жағдайы өте жедел және  күрт нашарлайды.

  Талықсу-  адам миының қансыздануы нәтижесінде  естен кенеттен уақытша айрылу.

  Талықсу  көбінесе психикалық жарақат  деп аталады (қорқу, қанның  түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

  Талықсуға  қажу, ашығу, қанның аздығы, жуынатын  бөлмеде ұзақ отыру әсер етеді.  Талықсу көбінесе аяқ асты  пайда болады, алайда кейде сырқаттың  құсқысы келеді, ауаның жетіспеуін  сезінеді. Бұл жағдайда сырқат  бозарады, тамыр соғысы әлсірейді,  дем алысы күшейеді. Есінен айрылған  бойда сырқат құлайды.

 

Дәрігер келгенге дейін талықсу кезінде сырқатқа жәрдем көрсету.

 

 Талықсу  кезінде сырқатты оның басын  денесінен төменірек етіп жатқызған  жөн. Бұл бас миын қан ағынының  көбірек келуіне көмектеседі.  Сырқаттың тар киімдерін шешу  қажет (жағаның түймесін ағыту,  галстукты, белбеуді босату, таза  ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс  алуды қоздыру үшін сырқатқа  иіскеу үшін мүсәтір спиртін  береді, оның бетіне суық су  себелейді. Әдетте осы құралдар  сырқатты талықсу күйінен шығару  үшін жеткілікті.

 Өте ауыр  жағдайларда жүрек қызметін жақсарту  және тамырлардың соғысын арттыру  үшін сырқаттың терісіне кофеин  кордиамин енгізеді.

 

Жарақаттан  естен тану туралы түсінік.

 

 Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары  естен тану болып табылады.

 Естен  тану-орталық нерв жүйесі қызметінің  күрт нашарлауы нәтижесінде дамып,  организмнің барлық жүйесі қызметінің  тоқтауына алып келетін ауыр  жағдай.

Екі кезеңнен тұрады:

  • Бастапқы кезең. Өте қысқа мерзімде өтеді, мазасыздық жағдайы тән, сырқат бір орында тұрмайды, айғайлайды, бұл жағдайда сырқаттың бет әлпеті өзгереді, ерін көгереді тамыр соғысы жиілейді. Бұл кезең жедел екінші сатыға көшеді.
  • Екінші кезең. Орталық нерв жүйесі қызметінің әлсіреу басталады, көмек сұрамайды, есі толық болса да ол төңірегіндегілерге  селқос, оның денесі суық, беті ағарған, тамыр соғысы әлсіз, дем алысы зорға білінеді, сұрақтарға жауап бермейді.

          I дәреже -  жәй   естан тану. Ес сақталады, сырқат сұрақтарға дұрыс жауап береді,алайда   әңгімеге құлқы жоқ. Тері мен көрінетін кілегейлі қабықтар бозарады.Дене температурасы қалыпты немесе сәл төмендейді. Көздің қарашығы үлкеймейді,  жарықтан тітіркемейді. Тамырдың соғысы  бірқалыпты, жиілігі минутына 100-110 соққы. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 110/65 мм.   Тыныс алу бір қалыпты, терең,  кейде жиілейді. 

  II дәреже - қатты естан тану. Жағдай ауыр. Ес сақталады, алайда зардап шегушінің  қоршаған ортаға құлқы жоқ.Сыртқы әлем әсерін әлсіз сезінеді көздің қарашығы тарылған,  жарықтан әлсіз тітіркенеді. Рефлекстердің барлық түрлері төмендетілген. Тері сұрғылт түске еніп бозарып ақшылданады, ұстаған кезде салқын, дене температурасы төмендеген. Тамыр соғысы жиі, жүректің ырғағы баяу естіледі. Күре тамырлық қысым сынап бағанасы бойынша 70/40 мм. Тыныс алу күшейіп, жиілей түседі.

III  дәреже   - өте ауыр жағдай. Зардап шегушінің мүлдем есі жоқ.Тері бозарады,суық, салқан тері шып-шып шығады. Көздің қарашығы үлкейеді, жарықтан мүлдем тітіркенбейді, Күре тамырлық  қан қысымы анықталмайды, тамырдың соғысы байқалмайды, тыныс алу бірқалыпты емес. Дененің құрысуы мүмкін.

 

Естен тануға қарсы шаралар.

 

    Есінен  айырылған адамдар алғашқы медициналық  көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні  ауыратын жерлері бөгде затқа  тимейтіндей етіп  жатқызады.  Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын  дәрі – дәрмек: промедол.морфин, аналгин 5%-2мм ертінді, олар  болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстінен жылы киім  жабады. Егер зардап шегушінің ішінен жарақат жоқ болса, оған ыстық шәй ішкізеді, арақ немесе басқа да спирт ішімдігін береді.

  Зардап  шегушіні өте мұқият және кешіктірмей  медицина мекемесіне жеткізеді.  Оны апаратын жерге аса сақтықпен,  басқа жерлерден ауыртып алмай,  ыңғайлы көлікпен жеткізеді.

  Дененің  сыдырылуы, тілінуі, буынның таюы, сіңірдің созылуы. Терінің айтарлықтай  беріктік қасиеті бар және  жарақат кезінде оның тұтастығы  бұзылмайды, ал осы уақытта   жұмсақ ұлпалар мен сүйектер  зақымдалуы мүмкін.

  Егер дене  тілінген немесе сыдырылған жерлер  ластанбаса, оны адамның өзінің  емдеуіне  болады. Егер жара үлкен  болса, ең жақсысы дәрігерге  барып, ауруға қарсы ектіру  керек.

  Жұмсақ  ұлпалар зақымдануының аса көп  тараған түрі дененің сыдырылуы  болып табылады, ол қатты заттың  соққы салдарынан пайда болады,соққы  тиген жер бірден үлбірейді,  көбінесе көгереді олардың пайда  болуы зақымдалған тамырлардан  қанның ағуымен түсіндіріледі.

 Тарамыстың  созылуы секірген, құлаған,ауыр затты  көтерген кездегі ебдейсіз әрекеттерден  туындайды. Созылу белгілері-буынның  сырқырауы, терінің үлбіреуі,қозғалауы  қиындығы.

Алғашқы медициналық  көмек. Жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңыңыз, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі-мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған жақсы (мұндай пакеттер дәріханада сатылады), таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жараның үстіне жабылатын жастықшаға тиіспеңіз,егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық  жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырлыған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз.Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

  Буының  шығуы – бұл буындағы сүйектерді  ажырататын буының үстіңгі жағының  анатономиялық өзара қарым-қатынасының  өзгерісі.Буын шыққан кезде оның  қызметі бұзылады.Буынның шығуы  толық және жартылай шығу  болып  бөлінеді. Буынның таюы әдетте  сіңірдің созылуына немесе буынды  бекітетін байламды үзуге,кейде  буын қоржынын зақымдауға, яғни  буынның үстіңгі жағын жабатын   қабатты  зақымдауға алып келеді.

Буынның шығу белгілері. Домбығу, буының табиғи емес пішіні, өзгеруі, буын төңірегінің қатты сырқырауы, әсіресе сәл қозғалғанда, буын төңірегіндегі тері түсінің өзгерісі, жарақаттанған буындағы қозғалыстың шектелуі, бір затқа тисе қатты сырқырайды.

Буынның шығуы  да сүйектің сынғаны сияқты елеулі жарақат, арнайы медициналық көмекті  көмекті қажет етеді. Дененің  жарақаттанған бөлігін түзетуге тырыспаңыз. Тақтаның немесе шинаның  көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге  тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компрес  қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған  жағдайда аяқты көтеріп ұстауға  тырысыңыз, бұл буынның домбығу  деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап, жатқызуға тырысыңыз.

 

 

Бас жарақаттары.

 

   Бас  сүйегі мен бас миының зақымдануы  механикалық жарақаттардың аса  ауыр түріне жатады. Бас сүйегі  мен бас миының жарақаттары  ашық және жабық болып бөлінеді.

   Бас  сүйегі мен бас миының жарақаттануы  шартты түрде үш топқа бөлінеді: жұмсақ ұлпалардың жаралануы,  өте алмайтын (қатты ми қабы  жарақаттанбайды) және (қатты ми  қабы зақымданады).

   Бас  миын зақымдаған заттардың сипаты  бойынша ол мидың шайқалуы, сыдырылуы және қысылуы болып бөлінеді.

   Мидың  шайқалуынан адам есінен айрылады. Соққы қатты болса, бұл белгілер  анық білінеді. 1-2 ден 20-30-ға дейінгі  минутта естен айрылу байқалып, артынша есі кіріп жарақатқа  ұшыратқан оқиға мен жағдайды  жадына тез түсіре алмайды.  Сырқаттар бастарының ауырғандығына,  айналғандығына шағымданады, құсқылары  келеді, әлсірейді. Мидың клиникалық  шайқалуы тері жамылғылардың  бозаруынан, болмашы ентікпеден, құсуға  әрекеттенуден, жүректің лүпілдеуінен  білінеді. Зақымданушыны әдеттегідей  сүлейсоқ, ал кейде керісінше  қозушылық байқалады.

   Бас  сыдырылған кезде ес сақталады,  алайда оның төңірегінде ісік  болуы мүмкін. Бас қатты ауырады,  жүрек айныйды, кейде құстырады.

   Қатты  соққы толқыны әсерінен (жарылыс)  адам организмі жалпы контузияға  ұшырауы мүмкін. Ауыр жағдайда  адам ұзақ уақыт бойы есінен  айрылады, бас ауырады, көру және  есту қабілеті бұзылады. Есте  сақтауы әлсірейді немесе жоғалтады. 

  Ауыр дәрежедегі  мидың сыдырылуы сананың өте  өрескел бұзылуымен сипатталады  (ұйқы басу, естен тану).

  Ұйқы басқан  кезде сырқаттар қоршаған ортаны  елемейді, тапсырманы орындамайды,  сұрақтарға жауап бермейді. Сырқатты  осы күйден дөрекі денені ауыртатын  тітіргендіргіштерді қолдану арқылы ғана шығаруға болады.

Мидың қысылуы  көбінесе ішкі бас сүйегіндегі гематомадан (қа жиналған тер астында домбығу) немесе сынған бас сүйегінің сынығынан  туындайды. Әдетте жарақаттанғаннан кейін ес жоғалады, ол біраз уақыттан кейін қалпына келеді, содан соң сананың бұзылуы басталады.

Алғашқы медициналық  жәрдем. Ең   алдымен бас сүйегі мен ми жарақатының сипатын (ашық немесе жабық) және зардап шегушінің  жәй-күйін анықтау қажет. Бұдан кейін сананың бұзылу, қан ағу және сыртқы тыныс алудың дәрежесін анықтаған жөн.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

а)                                                                б)

            Сурет-1  Басқа «тақия» тәріздес таңғыш орау.

 

   Қан  аққан кезде жараға таза қатты  таңғыш байлайды. Тыныс алу бұзылған  кезде ауыз қуысы мен жоғары  тыныс жолдары босаған соң  жасанды тыныс алу шарасын  жасайды. Ессіз күйдегі адамдардың  тілін байқаған жөн, өйткені  ол қозғалыс кезінде тыныс  жолдарын жауып тастау мүмкін.

  Тыныс  жолдарына қанның, құсықтың түсуін  ескерту мақсатында жаралыны  бүйірлеп жатқызып тыныштықта  қалдырады. Мұндай кезде оған 50%-2 мл аналгин және 1%-2 мл димедрол  ерітіндісін немесе 2% супрастин  енгізеді. Ашық жарақат кезінде  пенициллин тағайындайды. Басқа  мұз салынған қуық қояды.

 

 Бас  жарақаты кезінде таза таңғыш  қою тәртібі.

 

 Басқа таңғышты-«тақияны» мынадай  әдіспен қояды. 1м-ға жуық бинт  кесіндісін төбеге қояды, оның  ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының  алдынан төмен түсіреді. Басты  айналдыра (1а-сурет) отыра байлайды, содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынан да орап қиғаштай желкеге жеткізеді, желке мен маңдай арқылы  кезекпен орап, бастың бүкіл шашты бөлігін жабады (1б сурет). Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың  орналасуына орай  «ауыздық» тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы   2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін (2а сурет) бинтті желке арқылы (2-сурет)  мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды, содан соң иектен бинт желкеге апарылады. Мойынды, көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (2б суретте) көрсетілгендей қойылады.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а)                                                          б)

Сурет-2  Басқа «ауыздық» тәріздес таңғыш орау.

 

Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды (3а,б,в сурет), бұл таңғыш енді бинттен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды.

Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен  бекітеді.

      


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а) мұрынға                                 б) маңдайға                               в) иекке 

Сурет-3 Сақпан тәріздес таңғыш

 

 

 

 

Жаралар.

 

Жаралар инфекциясы.

 

Жаралар тері жамылғысының терідегі кілегейлі қабықтың тұтастығы бұзылып, ұлпалардың механикалық  зақымдануынан пайда болады. Жаралар  жеңіл және қатты болып бөлінеді.

 

Сурет -4 Түйрелген жаралар

 

Қатты жарақаттану  кезінде терінің астындағы клеткалар  ғана емес сондай-ақ бұлшық ет, сүйек, нерв, сіңір, байлам, ірі қан тамырлары  зақымданады. Жарақаттағыш зат дененің ішіне –кілегейлі қабыққа, бас сүйектің қуысына және т.б. енуі мүмкін осындай бойлай салынған жарақат ішкі органдарды зақымдайды (4-сурет).

 

            Сурет-5  Кесілген  жаралар

 

Жаралардың  жіктелуі.

 

 Жаралар заттың немесе қарудың түріне байланысты жаралар: кесілген, тілінген, түйрелген, сыдырылған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болып бөлінеді. 


 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-6   Жарымдалған жара

 

Түйрелген жаралар түйрегіш қарулы найза, пышақ, біз, ине, шеге әсерінен болады. (4-Сурет)

Жараның осы  түрі үлкен тереңдіктегі шағын сыртқы саңылаумен сипатталады. Өйткені жараның  аузы тар, ал кейде ұлпалардың ауысу  салдарынан (бұлшық еттің қысқаруы) ол үзілгіш және ирек тәріздес болады. Бұл түйрелген жараларды қауіпті  етеді, өйткені зақымдалу тереңдігі  мен ішкі органдардың ықтимал  жаралануын анықтау қиын.

а)                                                  б)

            Сурет-7 Атыс қаруынан болған  жарақат.

 

Кесілген  жаралар жүзі өткір заттар арқылы болады ( пышақ, ұстара, шыны және т.б.). кесілген жаралардың шеті тегіс және зақымданбаған болып келеді. Қан  жиі ағады (5-сурет).

Жарымдалған жаралардың шеті тегіс және ластану  деңгейі үлкен, қанның ағуы жиі.

Тілінген  жаралар ауыр өткір заттың тиюінен  болады( балта, қылыш). Сырттай қарағанда  кесілген жараны еске түсіреді, алайда зақымдану аумағы үлкенірек, кейде  тіпті сүйектің зақымдануына апарып соғады. Жараның шеті біршама ісінеді.

Сыдырылған  жаралар ауыр жалпақ заттың соққысынан (балға, тас және т.б.). сыдырылған жаралардың шеті ісінеді, тегіс емес, қан қатады, тамырлардың және олардың тығындалуының  нәтижесінде жара шетінің нәрленуі бұзылады. Ісінген ұлпалар микробтардың көбеюіне септігін тигізеді (6-сурет).

Атыс қаруынан болған жаралар атыс  қаруының зақымдау салдары болып табылады. Қару түріне байланысты оқтан жаралану, бытырадан  жаралану, жарықшақтан жаралану (мина, граната, снаряд). Атыс қаруынан болған жарақат тесік болуы мүмкін. Жаралаушы  зат тесіп өтеді және оның кіріп-шығу саңылауы болады. Кейде зат денеде тұрып қалады, ал кейде тиіп өте  шығады (7а –сурет).

Кіретін саңылау  тесік жарақат кезінде шығатын  саңылаудан анағұрлым кіші болады. Жарақаттаушы зат ұлпа ішінде қалып  қойған кезде басқа затқа айналады. Жараланған жерге киімнің қалдығы  тұрып қалуы мүмкін, ол жара ішінде қалып оны іріңдетеді (7б –сурет).

Атыс қаруынан болған жаралар сан-алуан және күрделі  болып келеді. Күрделі жаралар  кезінде оқ бірқатар органдар мен  қуыстарды тесіп өтеді, мысалы, құрсақ қуысы, көк ет, плевра қуысы. Сонымен  қатар бірнеше органдарды зақымдайды. Барлық ауралар сырқырау мен қанның ағуымен және үңіреуімен сипатталады.

Саусақ , тіс, тіл, жыныс органдары, құйрық сезімтал.

Жараның үңіреюі-оның шетінің алшақтауы серіппелігіне  байланысты және жұмсақ ұлпалардың қабілеттілігі  төмендейді.

 

Жарақаттар  кезінде асқынушылық.

 

  •  Жарақаттанған кезде міндетті түрде қан кетеді, дене сырқырайды, үңірейген орын пайда болады, шектен тыс сырқаттану естен тандырады. Қалған жағдайлардағы жаралар микроорганизмдер үшін ашық есік ретінде-жұқпалы ауруларды асқынжарушы ретінде қызмет етеді.

    Микробпен зақымданаған жараны жұқтырмалы, ал оқыс арқылы пайда  болған аурады жара инфекциясы деп  атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттар мен ағаштың қабығымен, жердегі  түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның  төңірегін қолмен арқылы өнеді.

    Газдан шіру аяқ жарақаттан жиірірек байқалады. Аурудың анық белгілерінің бірі жеңіл  шаншудың пайда болуы, артынша қатты  сырқыратуға ауысады. Жараның төңірегі домбығады, аяқтың тері жамылғылары  су үстін қара дақ басады. Тамырдың соғуы тоқтайды. Сипаған кезде  шықырлайды.

    Сіреспенің  алғашқы белгілері жоғары температура (39-41 градус), жара төңірегінде бұлшық еттің еріксіз дірілдеуі асқазан  төңірегінің, іш бұлшық еттің шаншуы жұту кезіндегі қиыншылық, беттің ымдау  бұлшық етінің қысқаруы ауызды аштырмайтын  шайнау бұлшық етінің қысқаруы және ауыз аштырмайтын шайнау бұлшық етінің түйілуі  болып табылады. Біраздан кейін бұған  жай тітіркеніс кезінде пайда  болатын азапты құрысу қосылады.

    Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру