Құю цехын жобалау
1 Құю цехын жобалау
1.1 Тапсырманы талдау және жобалауда пайдаланылатын негізгі мәліметтер
Тапсырмадағы берілген жобаның тақырыбы Қарағанды құю зауыты «Қазақмыс» корпорациясының жағдайында қуаттылығы жылына 5 мың тонна болат құю сериялық өндіріс бөлімінің жобасы.
Корпорация «Қазақмыс»
өнеркәсібінің тағайындауы
Жобаланушы цех өндірісі габариттік өлшемдері 48000х90000 м2 және биіктігі 10,0 м ғимараттарда орналасқан.
Жұмыс режимі – екі ауысымды, 8сағ/ауысым, ал жылына 254 күн. Жоспардағы барынша жарамды құюдың қуаттылығы жылына 5000 тонна.
Өндірістің технологиялық процесі келесі сатылардан тұрады:
- Қабылдау, сақтау және шихталық материалдарды дайындау;
- Қалыптау және өзекше құрамдарын дайындау;
- Өзекше және қалыпты әзірлеу;
- Құю, суыту және құймаларды қағымдау;
- Құйманы тазалау;
- Құйманы термоөңдеу;
- Дайын өнімдерді қабылдау және құйма ақауын жөндеу;
- Өндірістегі қалдықтарды қайтадан өңдеу (өндірістегі меншікті қайтарым, ақау).
Біздің алдында
- Шихта қоймасы;
- Балқыту бөлімшесі;
- Өзекше бөлімшесі;
- Қоспа дайындау бөлімшесі;
- Құю-қалыптау бөлімшесі
- Термоөңдеу бөлімшесі;
Осы бөлімшелер, құю цехының
жоспары мен қимасының
Жобалау үшін қажетті
негізгі цех өндіріс
1.1 кесте
Дәл бағдарламасы
Құймалар атауы |
Металл Маркасы |
Құйма массасы, кг |
Жылдық бағдарламаға қажетті жылдық құйма | ||
% |
т |
дана | |||
Жартылай муфта Қысқышты қапсырма Аунақша Жұлдыз Шектегіш |
Болат 45Л
Болат 35Л-II Болат 35Л Болат 35ХГСЛ Болат 35Л |
7.4 8 20.8 20.4 26.5 |
20 30 10 10 30 |
1000 1500 500 500 1500 |
135135 187500 24038 24510 56604 |
Жиыны |
83.1 |
100 |
5000 |
427787 | |
1.2 Балқыту бөлімшесі
Қазіргі кезде машина жасау өндірістерінде болатты балқыту үшін негізінен бірнеше балқыту пештерін қарастыруға болады:
- Электр доғалы пеш қышқылды және негізгі футеровкасымен;
- Мартенді пеш қышқылды және негізгі футеровкасымен;
- Индукциялық пеш және тигельді шахтасымен;
- Конвертер қышқыл үрлеу бүйірімен және негізгі футеровкасымен.
Болат дегеніміз –
құрамында 2,14 %-ке дейін көміртегі, аз
мөлшерде S, P және Cr, Ni, V, Ti сияқты легірлеуші
элементтері бар күрделі
Химиялық құрамы бойынша болат шойыннан көміртектің, күкірт пен фосфордың аз мөлшерімен, кремнийдің, марганецтің және басқа элементтердің берілген (аз немесе көп) мөлшерімен өзгешеленеді.Сұйық металда (қорытпада) темір оксиді қанша көп болған сайын қоспалар жылдамырақ тотықтанады. Қоспалардың тотықтануын жылдамдату үшін болат ерітілетін (қорытылатын) пешке темір рудалары, отқабыршықтар, агломераттар қосады. Сонымен қоспалардың көбісі темір оксидінің оттегісімен тотықтанады.
Қорытудың бас кезінде,
металдың температурасы төмен жағдайда,
кремний, фосфор, марганец қарқынды түрде
тотықтанып жылу бөліп шығарады, ал
көміртегі тек жоғарғы
Болат қорыту пешінде шихта ерігеннен кейін екі бірікпейтін орта пайда болады: сұйық металл мен қож. Металл мен қож олардың әр түрлі тығыздығына байланысты бөлініп тұрады [1].
Қазіргі жағдайда болатты қорыту үшін негізгі материалдарға саналатындар: қайта балқытылатын шойын, скрап (прокаттың, соғудың, штамптаудың, болатты механикалық өңдеудің қалдықтары, жарамсыз болат бұйымдар мен бөлшектер) және ферроқорытпалар; флюстер (СаСО3) мен тотықтырғыш қоспалар (темір рудасы); отын (кокс немесе колошникті газ, табиғи газ, мазут).
Болатты электр пештерінде балқыту үшін электр энергиясы қолданылады. Болатты алғанда, әр түрлі элементтердің (көміртектің, марганецтің, күкірттің, фосфордың ж.б.) артық мөлшерін балқымадан кетіру әдістеріне байланысты металлургиялық процестер қышқылды және негізді болып бөлінеді.
Қышқылды процестер темірді, кремнийді, марганецті тотықтандырып және көп мөлшерде SіO2 бар қышқыл шлак пайда болуын қамтамасыз етеді.. Негізді процестер балқымадан зиянды қоспаларды флюстер (известняк СаСО3) кіргізу арқылы кетіруге мүмкіндік береді, нәтижесінде олар кальций фосфаты Р2О5(4СаО және күкіртті кальций СаS) түрінде шлакқа ауысады.
Электрлі болат балқыту
Электр доғасымен балқыту
Осы факторларды ескере отырып, осы дипломдық жобада «Қазақмыс» құю цехында пайдаланған айнымалы электр доғалы пешті әдебиет мәліметінен тұрақты токты электр доғалы пешіне ауыстырамыз. Бұл тұрақты токты ЭДП-і соңғы жылдары шыққан жаңа пештердің бірі болып табылады. Тұрақты токты ЭДП-ның айнымалы токты ЭДП-ден көптеген артықшылықтары, тиімділігі және айырмашылықтары бар [2].
Жобада балқыту бөлімі құю цехының жобасында шихта бөлімінен кейін жеке аралықта орналасқан.
Балқыту бөлімшесін жобалау
үшін жылдық бағдарламаға қажетті сұйық
металл шамасын анықтаймыз. Балқыту
бөліміндегі негізгі көрсеткішт
- кесте
Балқыту бөлімінің бағдарламасы.
|
Құймалар атауы
|
Қорытпа маркасы |
Құйма массасы, кг |
Жылдық бағдарламаға қажет құймалардыњмөлшері |
Құймалардың ақаулары |
Ақауларды есептеумен құймалардың жылдық саны |
Құю жүйесі массасы (25%) |
Жылдық бағдарла маға барлық құймалар мен құю салмағы |
Ағызба лар мен балқыту ақауы |
Қалыптардағы сұйық метал-дың жалпы шығы | ||||||
1 құйма |
Жыл-дық шыға-рыма | ||||||||||||||
кг |
Д |
т |
% |
д |
Т |
д |
Т |
кг |
т |
т |
% |
т |
т | ||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Жартылай муфта |
Болат 45Л |
7,4 |
135135 |
1000 |
|
6756 |
50 |
141891 |
1050 |
1,85 |
263 |
1313 |
|
13,13 |
1326 |
Қысқышт қапсырма |
Болат 35Л-II |
8 |
187500 |
1500 |
9375 |
75 |
196875 |
1575 |
2 |
393 |
1938 |
19,38 |
1957 | ||
Аунақша |
Болат 35Л-I |
20,8 |
2403 |
500 |
5 |
1202 |
25 |
25240 |
525 |
5,2 |
131 |
656 |
1,0 |
6,56 |
663 |
Жұлдыз |
Болат35ХГСЛ |
20,4 |
24510 |
500 |
1225 |
25 |
25735 |
525 |
5,1 |
131 |
656 |
6,56 |
663 | ||
Шектегіш |
Болат 35Л |
26,5 |
56604 |
1500 |
2830 |
75 |
59434 |
1575 |
6,63 |
394 |
1939 |
19,39 |
1958 | ||
Жиыны |
83,1 |
427787 |
5000 |
82188 |
250 |
449175 |
5250 |
20,8 |
1312 |
6502 |
65 |
6567 | |||
1.3-кесте
Металл төгу балансы
Жарамды құймалар |
Құймалардың ақаулары |
Құю жүйелер массасы |
Ағызбалар мен балқыту ақауы |
Сұйық металдың жалпы мөлшері |
Кему және қай-тымсыз шығындар |
Қажет металл (төгу) | ||||||||
т |
% |
т |
% |
т |
% |
т |
% |
Т |
% |
% |
Т |
т |
% | |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 | |
5000 |
73 |
250 |
3,6 |
1312 |
19 |
65 |
0,95 |
6567 |
95,5 |
4,5 |
296 |
6863 |
100 | |
1.3кестеде металл төгу
баланысын анықтаймыз, ол бойынша
шикіқұрамның (металл төгудің) жалпы
жылдық мөлшері есептеледі. Бұл
кестеде көрсетілгендей
Балқыту бөлімшелерін жобалағанда
шихтаны есептеп алу міндетті
болып табылады, себебі ол шихталық
материалдарға деген
Шихта материалдарының сұраныс есебін 1.4 кестеде көрсетілгендей металл маркасына қандай материалдардың шығыны туралы көрсетілген [2]. Қорытпа маркасына қанша мөлшерде және қандай материалдар пайдаланатынын «Қазақмыс» құю цехының мәліметтері бойынша алынған.
1.4 кесте
Шихта материалдарына сұраныс есебі
|
Материал атауы |
Қорытпа маркаларына кететін шығын |
Жалпы жылына | |||||
Болат 45Л |
Болат 35Л |
Болат 35ХГСЛ | |||||
% |
Т |
% |
т |
% |
т |
т | |
Қайта пайдаланатын шойын, П1 |
50 |
1100,15 |
45 |
1709,8 |
71,3 |
615,5 |
3425,45 |
Болат сынығы және меншікті қайтарым |
23,5 |
517,1 |
23,5 |
892,9 |
23,5 |
202,9 |
1612,9 |
Болат сынығы |
22,5 |
495,1 |
28 |
1063,86 |
- |
- |
1558,96 |
Ферромарганец ФМn70 |
2,5 |
55 |
2,5 |
94,99 |
1,5 |
12,95 |
162,94 |
Ферросилиций 45%, ФС65 |
1,5 |
33 |
1 |
37,1 |
2 |
17,3 |
87,4 |
Феррохром |
- |
- |
- |
- |
1,7 |
14,7 |
14,7 |
Металл төгу |
100 |
2200,3 |
100 |
3799,5 |
100 |
863,2 |
6863 |
Балқыту бөлімінде жұмыстарды қалыпты ұйымдастыру құятын шөміштердің оңтайлы саны болмай мүмкін емес, олар құйманы қабылдап алу үшін, қысқа уақытқа сақтау үшін, балқыманы орын ауыстырып, құю үшін қызмет етеді.
Шөміштің орнын ауыстыру үшін сәйкесінше жүк көтеретін және көлік жабдықтары - электр жетегі бар монорельс, жүк көтеретін көпірлі крандар жобаланған. Болат балқытатын пештен металды шығару әдетте толық пештен дискретті жүзеге асады, сондықтан құятын шөміштің сыйымдылығы пештің сыйымдылығына тең қылып аламыз.
Шөміштің үш түрлі типін ажыратады – конусты (шүмекті және шайнекті), тоқтатқышты және барабанды. Стандартты болат құйғыш шөміштер туралы біршама толық мәліметтерді МЕСТ 7358-78 табуға болады.
Цехта бір типті шөміш болғаны жөн, себебі оның күтімін жеңілдетеді, шөміштің футеровкасы мен кептірілуі үшін айлабұйым жасау қажет, алайда әр түрлі атау тізімді цехтарда түрлі металл сыйымдылығы бар бірнеше тип шөміштер болады. Жылу шығыны минимум болатын шүмекті және шайнекті шөміштерді алған дұрыс.
Балқыту бөлімімен шихта алаңы мен отқа төзімділік жұмыстары (пеш футеровкасын жөндеу, шөміштерді дайындау, т.б.) тығыз байланысты.
Доғалы пештерде балқытуды қарқындату әдістерінің бірнеше тәсілдері бар, ал оларда қолданатын футеровканың қолданылу типіне байланысты болады. Қарқындату әдісінің біршама кеңінен тараған әдісі газ отынының көмегімен шихтаның металл бөлігін алдын-ала қыздыру болып табылады.
Шихтаның металл бөлігін қыздыру металл шихтасы бар себеттер орнатылатын арнайы қондырғыларда жүзеге асырылады. Қондырғының төменгі жағында қыздырғыш болады, ал жану өнімдері металл шихта арқылы сорылып алынып, оны 730-930 К деңгейіне дейінгі температурасына дейін қыздырады. Қыздыру ұзақтығы салыстырмалы түрде алғанда аз ғана. Мұнда шихта қосылып, ол қыздырылып пешке түседі. Шихтаның қызу есебінен электр энергиясына жұмсалатын шығынның ұзақтығы азаяды, лом жеткілікті тығыз болмағанда шихтақосымша балқу болмайды, пештің жұмыс кеңістігіне барлық қажет қоспа сыймайды.
Өнімділігі жоғары цехтар мен ауыр құймаларды өндіруде негізгі агрегат – доғалы болат балқытатын электр пештері, сондықтан бұл жобада Жобада ұсақ сериялы болат болғандықтан біз ЭДП-3 тонналы доғалы пешті таңдадық. Оның техникалық сипаттамалары 1.5-кестеде көрсетілген.
1.5 кесте
ЭДП-3 пешінің техникалық сипаттамасы
Параметрлері |
|
Сыйымдылығы, т |
3 |
Трансформатор бойынша қойылған қуат, кВт |
2000 |
Электрод диаметрі, мм |
200 |
Пештің өнімділігі, т/сағ |
1,6 |
Пеш конусының ішкі диаметрі, мм |
2764 |
Электр энергиясының шығыны, кВт·ч/т |
450-750 |
Енді, осы ЭДП-3 пеші біздің балқыту бөлімшемізде қанша пеш қажет екенін анықтаймыз. Ол мына формуламен анықталады: [3]
, дана,
мұндағы, N – есептелген пеш саны, дана;
QЖ – жылдық бағдарламаға қажет жалпы металл төгу көлемі, QЖ = 6863т;
KН – құрал-жабдықтың бір қалыпсыздығын ескеретін коэффициент; оны өндіріс түріне қарай таңдайды. Бұл жобада ұсақ сериялы өндіріс болғандықтан KН = 1,2...1,3; KН = 1,2 деп қабылдаймыз;
q –доғалы пештің өнімділігі т/сағ, q = 1.6т/сағ;
FӘ – құрал-жабдық жұмысының нақты уақыт қоры, сағ, электр доғалы пеш үшін; FӘ = 3890 сағ екі ауысымды жұмыс үшін;
KЖ – құрал-жабдық жүктемесін ескеретін коэффициент, балқыту бөлімшесіндегі құрал-жабдықтар үшін KЖ = 0,7...0,85 аралығында KЖ = 0.85 деп қабылдаймыз.
1.2- формула арқылы неше пеш керек екенін анықтаймыз:8235,6 5290,4
Жуықталған 2 дана пештің жүктелу коэффициенті – 0,85.
Балқыту бөлімшесінде қосымша құрал-жабдыққа жататындар негізінен шихталарды пешке салатын, пеш футеровкасын қыздыратын құрылғылары, тасымалдаушы және құюшы шөміштер және оларды жөндейтін құралдар, шөміш футеровкасын кептіретін және қыздыратын құрал-жабдықтар, тасымалдау құрал-жабдықтары болып табылады [4,1].
1.3 Қалыптау–құю–босату бөлімшесі
Қалыптау-құю-босату бөлімшесін
жобалағанда өндіріс
Бұл бөлім кез келген
құю цехының құрамында
Ұсақ сериялы және сериялы өндірісте ұсақ және орташа қалыптарды шайырлы біріктіргіші бар суықтай қатайатын қоспалардан дайындаған тиімді. Өндірістік бағдарламаға жасалған талдау негізінде қалып қоспасының типін таңдап алған дұрыс, ал содан соң қалыпты тығыздау әдісін таңдап алуға көшу керек. Өндіріс ұсақ сериялы болғандықтан құймаларды құм-балшықты қалыптарда қалыптаймыз.
Құю қалыптарын тығыздаудың кең таралған әдістерінің бірі тығыздау, импульсті және үйлескен болып табылады, сонымен қатар құммен тығыздау және құйылатын қоспаларды қолдану. Осы не басқа тығыздау әдісінің бірін таңдап алу құйманың сапасы мен күрделілігі, салмағы мен қорамжәшіктердің габариттерінің сапасына қойылатын талаптарға, сонымен қатар қалыптың бірдей тығыздалуы бойынша сәйкес жабдыққа қойылатын мүмкіндіктерге байланысты. Мұнда қалыптарды дайындауға арналған қорамжәшіктердің габариттерін таңдап алу анықтаушы болып табылады. Егер өндірістік бағдарламада қорамжәшіктердің габариттері туралы мәліметтер болса, не болмаса құймаларға технологиялық карталар болса, онда қорамжәшіктердің габариттерін таңдау біршама қатаң және нақты болады.
Бұл құймаларға бір типті опокалар яғни, 700 × 650 ×200/200 мм опокаларын аламыз.
1.6 кесте
Қалыптау бөлімінің бағдарламасы
|
Құймалар атауы |
Ақауды есепте- генде құймалар саны, дана |
Құйма лар саны |
Опокалар өлшемдері |
Бағдар-ламаға жылдық қалып-тар саны, дана |
?алып тар ақауы
дана |
Қалыптар-дың жыл-дық саны,
дана |
1.Жартылай муфта 2.Қысқышты қапсырма 3.Аунақша 4.Жұлдыз 5.Шектегіш |
141891 196875 25240 25735 59434 |
4 4 2 2 4 |
700*650*200/200700*650*200/ |
35473 49219 12620 12866 14859 |
1064 1477 379 386 446 |
36536 50696 12999 13252 15305 |
Жиыны |
449175 |
- |
- |
125037 |
3752 |
128789 |
Қалыптау бөлімшесінде жылдық бағдарламаға қажет қалыптар шамасын 1.6 кесте бойынша анықтаймыз. Қалып ақаулар шамасы 3 % көлемінде қабылдаймыз [2].
«Қазақмыс» құю цехының қалыптау бөлімшесінде үлгісі 234 қалыптау
машиналарының орнына механизмдері автоматтандырылған және механикаландырылған автоматты құю тізбегін орналастырамыз. Бұл автоматты құю тізбегін өндіріс сериялығына, құймалардың орташа массасына және жылдық бағдарламаға қажет қалыптар шамасын жасай алатын машина санына сай таңдаймыз.
Жылдық бағдарламаға қажет (ақаумен қосқанда) қалыптар шамасы белгілі болған соң қалыптау автоматты тізбектің санын анықтаймыз, дана [9]:
,
мұндағы: Nав – автоматтандырылған тізбек саны;
QҚ -жылдық бағдарламаға қажет қалыптар шамасы, QҚ=128789 дана;
Kбе – құрал - жабдық жұмысының бір қалыпсыздығы, сериялық өндіріс бойынша Kбе =1,2-1,3 , Kбе =1,3;
q – қалыптау машинасының
Fжыл – тиісті машинаның жылдық уақыт қоры 3645 сағ. екі ауысым үшін;
Kж - машинаның жүктелу коэффициенті, қалыптау бөлімі үшін Kж=0,75 - 0,85, Kж=0,7 деп қабылдаймыз.
N=1 дана
1 – астыңғы жартықалыпты
1.1 сурет. ИЛ 225 типті комплексті автоматты тізбек жоспары (планировка)
Таңдалған кешенді автоматты құю тізбегінің модель түрі ИЛ225 [14]. Дымқылдай құм балшық қалыптарында шойын және болат құймаларын қалыптауға, сериялық өндіріс түріне пайдаланатын автоматты құю тізбегі болып табылады [7].
Қалыптарды, пневмотіректі қалыптау автоматтарында модельдік жиынтығында орналасқан төменгі престеу әдісімен дайындайды. Қалыптарды қоспалардың біркелкі тығыздалуы, дифференциалды көп плунжерлі бос тиекпен қосымша діріл қолдану арқылы іске асады.
Негізгі технологиялық қондырғының жетек тізбегі –пневматикалық құю цехында жұмыс істеу жағдайына өте сенімді. Аунақшалы конвейерлер, тазалау механизмінің төменгі щеткалары, кесу механизмдерінің қозғалуы – электр жетегі арқылы іске асады. Тізбек бес технологиялық бөлімшелерге бөлінген, оның әрбірі өзінің басқару станциясы арқылы автономды басқарылады. Бөлімшелер мен қондырғы тізбектерін байланыстыратын тасмалдаушы аунақшалы конвейер – жинақтаушы болып табылады және бұл бөлімшелер мен қондырғылардың бір-біріне тәуелсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Өйткені, аунақшалы конвейердегі орын ауыстыруын заттардың қозғалу жылдамдығы, қажетті технологиялық ағын жылдамдығынан 4,5 есе жоғары.
ИЛ225 тізбектің техникалық сипаттамасы 1.7 кестеде көрсетілген.
1.7 кесте
ИЛ225 типті тізбектің техникалық сипаттамасы:
Опока өлшемдері, мм |
700х600х200 |
Циклдік өнімділігі, қалып/сағ |
60 |
Жаншудың ең жоғарғы күші, кН |
2350 |
Жаншу қысымы, МПа |
4 |
Опокалардың роликті конвейермен жылжу жылдамдығы, м/мин |
5 |
Қалыптың суу уақыты, мин |
30 – 90 |
Сығылған ауа шығыны, м /сағ |
110 |
Жалпы бекітілген қуат, кВт |
115 |
Тізбектің габаритті өлшемдері, мм |
65200х9300х6855 |
Жалпы массасы, т |
220 |
Құймаларды ИЛ225 типті тізбекте дайындаудың технологиялық циклі келесі операцияларынан тұрады: жоғарғы және төменгі жартылай қалыптың бөлігін қорамалау, төменгі жартылай қалыптың 1800 – тағы контовкасы, қалыпты құрастыру, плиталарға қалыпты орналастыру, құюға дейін жиналған, жартылай қалыптарды қысу, құю, қалыптарды суыту, құймаларды соғу, опокаларды қалдық қоспалардан тазарту және келесі қорамалау бөлімшесіне жіберу.
1.4 Өзекше жасау бөлімшесі
Өзекше бөлімшесінің
жобасын жасағанда өндіріс
Өзекшелік бөлімше ережеге сай, аяқталған өнімдерді - құю қалыптарын құрастыруға кетіп бара жатқан құю өзекшелері өндіруші құю цехының дербес бөлігі болып табылады. Мұнда өзекшелік қоспаларды және бояуларды дайындайды, қалыптайды, кептіреді, тазартады, желімдейді, сырлайды, бақылайды, өзекшелерді жинақтайды және қоймалайды.
Өзекшелерді жасау үшін әрібір өзекшенің көлемін әрібір құймаға қанша өзекшеден келетінін анықтаймыз. Содан соң жалпы жылына қанша өзекше жасау керек екенін 1.8 кесте бойынша анықтаймыз. Өзекшелердің салмағы 1...25 кг аралығында. Өзекшелердің орташа салмағы арқылы қажет өзекше жасау тізбегін таңдай аламыз.

- ҚХР-ның дамушы елдермен экономикалық байланысы
- Қызмет етуді сертификаттау
- Қызметкерлердің өтініштерін, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етілу мәселесіне қатысты, қараудың тәртібі және құқықтық негіздемелері
- қызмет көрсету
- Қызмет қөрсету формалары
- Қызыл кітап
- Қызыл кітап
- ҚҰрылыс монтаждау жұмыстары
- Құрылыс өндірісі шығындарының есебін ұйымдастыру
- Құрылыс салуға жасалған шарттар
- Құрылыс салуға жасалған шарттар
- Құрылыстағы өндіріс шығындарының қалыптасуы
- Құстар туралы мәлемет
- Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру