Тауарлы материалдық құндылықтарды ревизиялау тәсілдері
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Тауарлы материалдық құндылықтарды
ревизиялау тәсілдері
Алматы
2011 жыл
Кіріспе
Тауарлы-материалдық
құндылықтар есебі 13.11.1996 жылы қабылданған
және олар № 2 ХҚЕС негізінде жүргізіледі.
Стандартты тауарлы-материалдық
- Орташа өзіндік құн әдісі;
- ЛИФО әдісі;
- ФИФО әдісі;
Материалдық
құндылықтарды дұрыс есепке алу
үшін материалдардың наменклатурасы болу
керек. Материалдар номенклатурасы
бұл атауы мен тиісті деректемелері
сорты, мөлшері көрсетілген
Номенклатуралық тізілім – номенклатура- бағалық деп, ал онда көрсетілген бағалар –есептік деп аталады.
Тағайындалған
нөмірін, өлшем бірлігі мен бағасы
тауарлы-материалдық
Материалдық ресурстардың нақты өзіндік құны мыналарға байланысты анықталады:
1. Осы ресурстарды жеткізуші ұсынған несиеге сатып алынғаны үшін пайыз төлеуді қоса алғанда, сатып алу шығындары.
2. Коммерциялық, делдал ұйымдарға төленген үстеме комиссиялық сыйақылар.
3. Тауар биржаларының қызмет құны.
4. Кедендік баж.
5. Басқа ұйымдардың күшімен жүзеге асырылған тасымалдау, сақтау, жеткізу шығындары.
Материалдарды
есепке бағасы бойынша есепке алған
кезде есептік баға бойынша қор
құны мен сатып алған қорлардың
нақты өзіндік құндар арасындағы
айырма есептеу жолымен айқындалады.
Егер материалдық құндылықтардың есебі
келісімбаға бойынша
1. Барлық алымдарды қоса алғанда,темір жол тарифі, су крепулы, автомобильі мен және ұшақпен тасымалдау және басқа көлік түрлерімен тасымалдау тарифі.
2. Жеткізушілердің қоймасынан темір жолмен және басқа көлік құралдарымен материалдарды жеткізу.
3. Қорларды сатып алу және әзірлеу мен тікелей байланысты іс-сапар шығындары.
4. Қойманың тұрақты жұмысшыларына ақы төлеуді қоспағанда, қоймадағы тиеу, түсіру және буып түю жөніндегі шығындар.
5. Жабдықтаушы және днлдал ұымдарға төленген комиссиялық сыйақы.
6. Қорларды сатып алумен тікелей байланысты басқа шығындар.
№7 БЕС - ына сәйкес тарифтің артық төленген соммаларын қайтару және сол сияқты түзетулер дайындау шығындарының соммасынан шегеріледі.
Егер қорлардың талдамалы есебін жоспарлы-есептік бағасы жүргізілсе, онда олардың нақты өзіндік құны осы бағалар плюс-минус нақты өзіндік құны есептік бағасы бойынша құннан ауытқуынан құралады. Материалдар түрлері немесе топтарының шығын көлемінде олар бойынша көлік-әзірлеу шығындарының немесе ауытқудың пайызын табу керек болса және жеткізушілермен тұрақты байланыс болған кезде бухгалтерлік есептіңдеректері бойынша өткен айлардағы пайыздың қолдануы мүмкін.
Тауарлы-материалдық
құндылықтарды бақылау
Тауарлы материалдық қорлар шаруашылық
қызметтің сипатына әсер етеді. Тауарлы
материалдық құндылықтар есебі кезіндегі
елеулі бұрмалаушылықтар ағымдағы активтерді
сату құнының жиынтық және таза пайданы
бағалау кезіндегі қателіктерге алып
келеді. Қорлардың шамадан тыс құрылуы
айналым ақша ресурстарының ұлғаюына
және олардың айналымының бәсеңдеуіне
алып келеді. Бұл кезеңдегі аудитордың
басты мақсаты ұйымды жабдықтау процесін
ішкі бақылау құрылымен әлсіз және күшті
жақтарын анықтау болып табылады. Осыған
қол жеткізу үшін аудитор жалпы процедуралар
мен негізгі құжаттар, сатып алу және жұмсау
циклының бақылау әдісімен танысу қажет.
Сатып алу және жұмсау жүйесінің әрекетін
және сенімділігін бағалау үш сатыда жүргізіледі:
1) жалпы танысу
2) жүйенің сенімділігін бағалау
3) жүйенің бағалылығын дәлелдеу
Осы сатыларға негізделе отырып аудитор жүйенің жалпы тиімділігін бағалайды. Сатып алу және жабдықтау циклі үшін дебет және кредиттелетін тауарлы-материалдық құндылықтардан басқа да айналым активтерінің кірістелуін бағалау маңызды болып табылады. Жабдықтау циклі үшін аудиторлық жоспарлау сатысында, нақты аудиторлық процедуралар жүргізу барысында және аяқталу сатысында маңызды көрсеткіштерге көңіл бөлу қажет.
Материалды бағалау кезінде келесі мақсат
көзделеді:
1) қаржылық есеп беруде мүмкін болатын
бұрмалаушылықтардың деңгейін анықтау
2) алдағы болатын аудитордың көлемін және
анықталатын бұрмалаушылықтар салдарын
бағалау.
Аудитор тексеруді активтердің түрі бойынша
ғана емес сондай-ақ олардың қалыптасуы
бойынша жүргізуі қажет. Себебі, циклдің
әрбір жағдайы үшін тексерудің тиісті
құжаттар мен мүмкін болатын типтік бұрмалаушылықтардың
тізімдері жасалып жабдықтау кезеңіндегі
аудитор келесі мәселелерді шешеді:
1) тауарлы материалдық құндылықтардың
есебін жүргізудегі кәсіпорынның есеп
саясатымен танысу және оның нормативтік
құжаттарымен сәйкес екендігін тексеру
2) материалдардың келіп түсуі және босатылуы
бойынша бухгалтерлік есепте және құжатта
рәсімделу тәртібін бекіту және нормативтік
актіге сай болуын анықтау қажет
3) материалдық құндылықтардың дұрыс сақталуы
мен сақтануы бар екенін анықтау
4) материалды өндірістік нормаға сай жүргізілуін
және дұрыс бағалауын анықтау
5) жетіспеушіліктер немесе жоғалтулар
болатын операциялардың бухгалтерлік
есепте негізделуін бақылау
6) материалдық құндылықтарды қабылдау
мен босатылу негізділігін талдауы
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс
циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек
заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып,
өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен
аударады.
Бухгалтерлік
есептің №7 «Тауарлы-материалдық қорлар
есебі» стандарттарына сәйкес тауарлы-материалдық
қорларға мыналар жатады:
•Шикізат, материал, сатып алынатын жартылай фабрикаттар мен құрамдас бұйымдар, құрылғылар мн тетіктер, отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған басқа да материалдық қотлар;
•Аяқталмаған өндіріс;
•Мекеменің
іс әрекеті барысында сатуға арналған
дайын өнімдер, тауарлар.
2 ҚЕБХС (есеп берудің халықаралық стандарттары)
сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішсімен
өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен
бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі
тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен
шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған
шығындар кіреді. «Тауарлы-материалдық
қорлар» есебі бухгалтерлік есеп стандарттарына
(БЕС 7)сәйкес алуға кеткен шығындарға
сатып алу бағасы,шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы
ұйымдар төлеген делдалдық сыйақылар,
көлікті дайындау шығындары мен қорларды
алуға тікелей байланысты басқа да шығындар
(саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді
қайтару және т.б. осындай түзетулер алу
шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі)
кіреді. 7 БЕС 4 т. Сәйкес тауарлы-материалдық
қорларды өткізудің таза құны әдеттегі
іс-әрекет барысында көзделетін сатуы
алым бағасына тең минус сатуды ұйымдастыру
мен жинақтап, құрастыру шығындары алынады.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық
есепте) немесе есептік баға (аналитикалық
есепте) бойынша көрсетіледі. Материалдарды
алудың нақты құны ұйымның осы қорларды
дайындау мен жеткізу шығындарынан және
сатып алу бағасынан құралады. Есептік
бағалар (алудың жоспарлы өзіндік құны
орташа сатып алу бағасымен және т.б.) бойынша
материалдарды есептеуде есептік баға
ретінде қорлардың құны мен қор алудың
нақты құны арасындағы айырма осы шоттаға
есептеу арқылы айқындалады.
Баланста материалдар есебі нақты құны
бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша
олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық
есепте – тұрақты есептік бағалармен
(келісім-шарттық немесе жоспарлы есептік)
есептеледі. Егер материалдарды есептеу
келісім-шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса,
онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша
материалдар сомасына қосу көлік-дайындау
шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. БЕС-на
сәйкес КДШ құрамына жабдықтау-өткізу
ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық
қосымша алымдарымен бірге жүкті тасығаны
үшін кіре ақы төлемі, АЭСА мекемесінің
қоймасына материалдарды түсіру мен жеткізу
шығындары, дайындау орындарында ұйымдастырылған
арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар
мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар,
материалдарды алу мен жеткізуге байланысты
(жабдықтаушылардан жүк жеткізілгендегі
ұйымның жүргізушілері, жүк тиеушілер)және
іссапар шығындары кіреді. Егер материалдар
есебі алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша
жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік
құны осы бағалар бойынша материалдардың
құнына қосу, есептік бағалар бойынша
құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары
есептеліп шығарылады. Жоспарлық-есептік
бағаларды КДШ жоспарлы мөлшердегі есепке
алынған келісім-шарттық бағалар негізінде
АЭСА мекемесі өзі жасайды. Егер қорлар
есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша
олардың құнынан материалдардың нақты
құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп,
жоспарлы-есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса,
мұндай жағдайда ұйым жоспарлы-есептік
бағаларды материалдық құндылықтардың
атауы, түрлері және топтарына орай, сол
шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік
қор түрлері бойынша есептеледі және ай
сайын материалдарды пайдалану есеп шотына,
жұмсалған және босатылған материалдардың
(КДШ мен ауытқулар талдаушы есеп шоттарында
жекелей ескеріледі) үйлесімді жоспарлы-есептік
құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.
Материалдар есебіне, басқа шығындарға
қойылатын талаптар 7 БЕС 7-де тұжырымдалған
және есепті ұтымды ұйымдастыруға мүмкіндік
беретін олардың өзіндік құнын қалыптастыру
тұрғысынан шешіледі.
БЕС – 7-нің 6 т. Сәйкес «Тауарлы материалдық
қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға
жұмсалған шығындар, оларды қазіргі тұратын
орнына жеткізуге байланысты көліктік-дайындау
шығындары кіреді». Өндіріске босатылған
материалдар құнын анықтаған кезде «Тауарлы
материалдық қорлар есебі» 7 БЕС мен ҚЕБХС
2 «Қорлар» ұсынған бағалау тәсілдері
қолданылуы мүмкін:
• Орташа
өлшемді құн бойынша – есепті
кезеңде қозғалысы болған әрбір
түрдің, есепті кезең соңында
• ФИФО
– есепті кезең соңында есепте
тұрған материалдардың құнын ескеріп
есепті кезеңде алғашқы сатып
алудың өзіндік құны бойынша материалдарды
есептен шығаруды болжайды. Яғни алдымен
есепті кезең соңында пайдаланылмаған
өзіндік құн анықталады.
Қоймадағы және бухгалтериядағы тауарлы-материалдық
қорларды құжаттық рәсімдеу мен қозғалысын
есептеу. Қоймадағы материалдық қорлар
есебін материалды есептеу карточкаларында
жүргізеді. Карточка номенклатуралық
нөмір бойынша материалдардың әрбір түріне
жеке ашылады және жартылай толтырылған
күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілік
адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға
жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық
құжаттары негізінде жүргізіледі.
Бухгалтерия белгіленген мерзімде тікелей
қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы
қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен
салыстырып, карточканың арнайы жолына
қол қояды. Құжаттарды қабылдау қоймада
«Құжаттарды тапсыру реестрін» жасау
арқылы іске асады. Материалды-жауапкершілікті
адамның жұмысындағы ауытқулар анықталған
жағдайда бухгалтер бас бухгалтерді немесе
басшылықты хабардар етуге тиісті.
Ай соңында қоймаға «Материалдар қалдығы
кітабы» тапсырылады, оған карточкадан
материалдық қорлар қалдығы көшіріледі.
Осылайша қоймадағы есеп заттай ал бухгалтерияда
қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға
шағылып көрсетіледі. АЭСА мекемесінің
қоймасынан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды
тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен
бірге бағаланады.
Есептің журналдық-ордерлік материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізілімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалдарды талдаушы есеп көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар, тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулары есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар)) материалдар шығынын бөлуге де қызмет етеді. «Материалдар кірісі бойынша жиынтық мәліметтер мен ауытқулар есебі» атты бірінші бөлігі ай ішінде түскен материалдардың есептік құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы басқа «материалдардың өткізу бағасынан тыс жүргізілген төлемдер кіретін, материалдық қорларды алу мен дайцындауға жұмсалған шығындар ескерілген түрлі журнал-ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) көшіріледі. Осы бөлік тізілімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалар бойынша құннан ауытқулар сомасы мен проценті анықталады.
Ауытқулар сомасы дегеніміз – осы көрсеткіштер
арасындағы айырмашылық, ауытқулар проценті
– ауытқулар сомасының материалдардың
есептік құнына қатынасы. Ауытқу «+» немесе
«-» белгісімен болуы мүмкін. Жабдықтаушылармен
және мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар
мен мердігерлерге шикізат, материал және
тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер
жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін
көрсетушілер (электр қуатын, буды, суды,
газды және т.б. босатушы) жабдықтаушылар
мен мердігерлер болып саналады. Жабдықтаушылар
және мердігерлермен есеп айырысу не тауарлы-материалдық
құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан
кейін немесе қызмет көрсеткеннен кейін,
не олардың ұйыммен келісуі арқылы бір
мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша,
не алдын ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады.
Ұйымның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен
газды, суды, жылуды, электр энергиясын
есептеу шотының көрсеткіштері негізінде
және т.б. есептен шығару арқылы олардың
босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен
төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар,
инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен
жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен
есеп айырысу есебі әрбір фактура-шоты
бойынша және әрбәр жеке жабдықтаушы бойынша
жүргізіледі. Есеп айырысу құжатын алу
барысында олар жабдықтаушылармен есеп
айырысу кітапшасына жазылады. Төлеу шотына
қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын
жазады және оны есеп айырысу құжаттарымен
бірге қаражаттың қайта есептелуі үшін
банкке береді. Төлем тапсырмасымен банк
мекемелері арқылы алынған және қабылданған
тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп
айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық
фактура-шотының нөмірі мен күніне, тауар-көлік
жүкқұжатына және тауар босатуды немесе
қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға,
сонымен бірге тауарлық емес операция
бойынша тапсырмаларына сілтемесін қызметтердің
есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы
– бұл қызмет етуші ұйымның банкке арнайы
бланкте рәсімдеу арқылы өз шотынан белгілі
бір соманы басақа ұйым шотына аудару
туралы нұсқау. Қаражатты үш немесе одан
да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен
бір банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы
жазылады.
АЭСА мекемесі жабдықтаушылармен және
мердігерлермен есеп айырысу алынған
тауарлы-материалдық құндылықтар, орындалған
жұмыстар мен қызметтер үшін алдын ала
төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер
тәртібімен жүзеге асырылады.
Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі
бір айға ашылатын 671 «төлеу шоты» кредит
шоты бойынша №6 журнал-ордердегі сәйкесетін
шоттардың шоты қоса көрсетіліп жабдықтаушылармен
және мердігерлермен есеп айырысу бойынша
дебеттік айналым да көрініс табады. Айдың
аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген
шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу - Тауарлы-материалдық қорларды түгендеу олардың (өндірістік қорлардың, дайын өнімнің, тауардың) орын-орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге, оларды өндіріске қолдануды бақылауға, өткізу үшін қажетсіз және артық материалдарды уақтылы анықтауға саяды.
АЭСА мекемесінде түгендеу материалдарға
жауапты адамдардың қатысуымен, міндетті
түрде қайта есептеу, қайта өлшеу, өлшеу
жолымен жүргізіледі. Іс жүзінде тексермей,
материалды жауапты айтуымен түгендеу
тізімдемесіне жазуға болмайды.
Жеке бөлімшелерде жүйелі өткізілген
түгендеуден кейін оларға кіруге болмайтындай
жабылып, мөрленеді. Егер түгендеуді өткізу
кезінде тауарлы-материалдық қорлар түссе,
онда оларда материалдарға жауапты адам
түгендеу комиссиясының қатысуымен қабылдайды
және түгендеуден кейін тізілім немесе
материалдық есеп бойынша кіріске алады.
Мұндай құндылықтарға түскен ай-күніне
сілтеме жасалып, түгендеу комиссиясының
төрағасы қолы қойылып, «Түгендеу кезінде
түскен тауарлық-материалдық қорлар»
атты арнайы тізімдеме (опись) жасалады.
Түгендеу негізінде, аса қажет болған
жағдайда тек қана АЭСА мекемесінің басшысының
және бас бухгалтерінің жазбаша рұқсатымен
тауарлық-материалдық қорлар басталады,
ол түгендеу комиссиясының төрағасы қол
қойған «Түгендеу кезінде босатылған
тауарлық-материалдық қорлар» жеке тізілімдемесіне
өткізіледі. АЭСА мекемесінде меншікті
тауарлық-материалдық қорлармен бірге
басқа ұйымдарға тиісті және жауапты сақтауға
қабылдауды растайтын құжаттар сілтемесі
бар жеке тізімдемелерге кіргізілетін
қорлар да тексеріледі. Басқа ұйымдарда
сақталып тұрған тауарлы-материалдық
қорлар оларды жауапты сақтауға тапсыруды
растайтын құжаттар негізінде түгендеу
тізімдемелеріне жазылады. Басқа ұйымдарда
қайта өңделу үшін тұрған тауарлық-материалдық
қорлар бойынша негізіне сүйеніп, қайта
өңдеуге берілген құжаттарға сілтеме
жасалып, жеке тізімдеме жасалады. Жолдағы,
бірақ сатып алушылар мерзімінде төлемеген
тауарлы-материалдық қорлар да жеке түгендеу
тізімдемесіне енгізіледі. Комиссия белгілі
бір шоттарда есептелетін соманың негізділігін
тексеруге тиіс. Шоттарда тиісті рәсімделген
құжаттармен: жолдағысы – жабдықтаушылардың
есеп құжаттарымен; тиелгендері – сатып
алушылардың ұсынған құжат көшірмелерімен;
төлем мерзімі өткен құжаттар бойынша
– банк мекемесінің міндетті түрде растауымен;
басқа ұйымның қоймаларында тұрғандары
бойынша түгендеу, өткізілген күнге таяу
ай-күнмен қайта рәсімделген, сақталған
қолхатпен расталған сомалар ғана қалады.
АЭСА мекемесінде пайдаланылып жүрген
тауарлы-материалдық қорлар – тұрған
орны мен материалға жауапты адамдар бойынша;
ұйым қызметкерлерінің жеке қолданылуына
берілгендері – тізімдемеде қолхаттары
бар, ашылған жеке карточкаларда жазылған
жауапты адамдар бойынша түгенделеді.
Аяқталмаған өндірісті түгендеудің мақсаты
– оның нақты бағасы мен көлемін анықтау,
босалқы дайындама (заттың, шикізаттың
өндіріс қажетінен артық жиналып қалуы)
нақты (бөлшектердің, дәнекерлердің, агрегаттардың),
өндірісте тұрған бұйымдарды дайындау
мен құрастырып жинауы әлі бітпегендердін,
сондай-ақ толық құрастырылмаған және
қоймаға тапсырылмаған дайын бұйымдардың
бар-жоғын, ескерілмеген ақауды анықтау;
аяқталмаған өндірістің нақты құрастырылып
жинақталуын, жинау жұмыстарының детальмен
қамтамасыз етілуін, жойылған тапсырыстар,
сондай-ақ орындауы тоқтатылған тапсырыстар
бойынша бітпеген өндіріс қалдығын айқындау.
Түгендеу нәтижелері түгендеу жүзеге
асырылған айдың есебінде, ал жылдық түгендеу
– бір жылдағы қаржылық есеп беруде көрініс
табуы керек.
Тауарлы –материалдық
құндылықтар есебі және
оны жетілдіру жолдары
Біріншіден ТМҚ есебін жетілдіру мен қарастыруым бойынша бухгалтериялық есепті жүргізуде қолданылатын бағдарламаларды көрсетемін. Яғни, бухгалтерлік жұмысты жеңілдету, тездету және шығын аз келтіріп қызмет жүргізуді таңдаймын. Қазір мен ПК Компьютерленген бухгалтерия «Алтын» бағдарламасында, жабдықтаушылар мен жұмыс жасау және тауарлы – материалдық қорларды қоймаға қабылдау жөнінде айтып кетемін. Негізгі жұмыс «Қойма» есебінде жүргізіледі, «Алтын» бағдарламасында аналитика қандай да болмасын балансттық шотта бес баспалдақты болады. «Қойма» есебінде келесі функциялар жүзеге асады:
• өндірілген
цех өнімдері, материалдар, тауарлар,
дайын өнімдер қоймаға түскенде
бірінші ретті құжаттар өңделеді,
жабдықтаушылардан қабылданған
қызметтер құжаттамасы
•Тауарлы- материалдық қорларды ішкі қозғалысына накладной мөрмен рәсімделеді, мысалға өндіріске немесе сату нүктесіне;
•Материалдарды
есептен шығару бойынша накладной мөрі
және рәсімделуі;
• Шығу құжаттарды құру: қалдық есеп кітабы,
материал қозғалысы бойынша айналым ведомосі,
шығыс және кіріс ведомостарі, инвентарлық
ведомостер;
•Автоматты түрде ҚҚС-ң электронды салық есебі ақпараты құрылып, НК МФ програмасына аударылады. Сонда автоматты түрде бухгалтерлік корреспонденция құрылып, «Балансқа» аударылады. Карточка қалдықты жыл басына көрсетеді және тауарлы – иатериалдық қорлардың әрбір қозғалыс ерекшелігін көрсетеді.
•Жинақтаушы мінездегі карточка..
Меню
→ Документы → «Материалдарды
қабылдау» мұнда қоймадағы
Бағдарламада тауарлы –материалды қорлар
есебі мен есепті шығару тәсілдері: Фифо,
Лифо, орташа өлшенген болып табылады.
Бір накладной бойынша қабылданған тауарлар
қоймада бөлек-бөлек қабылдануы мүмкін.
Құжатты өңдегенде салық сомасы қосымша
құнда ерекшеленеді, ол кіріс- счет фактура
реестріне түседі.
Керек мәліметті енгізе отырып, біз автокөлік
кәсіпорны бойынша ақпарат аламыз.(журнал-ордерде
3310 шот), ал 8040 шотта 10000 теңге сомасына
келесі шот шығыны көбейеді «көліктік
шығын» және жаңа жол пайда болады 307.00
Салық есебіне керекті счет-фактура реестрі
электронды түрде құрылады, НК МФ программасында
формат бойынша. Жабдықтаушы карточкасында
оның РНН және ҚҚС есеп қойылым куәлігінің
нөмірі болады. Олар 307.00 формасына түседі.
Тәжірибелік жұмыс барыснда бағдарламаны
пайдалану тиімділігіне, сервистік мүмкінділіктеріне
көз жеткіземіз. Бұл бағдарлама бухгалтерге
өз жұмысын әрә тез әрі сапалы түрде жүргізуге
көмектеседі.
Ендігі, бухгалтердің жұмысын жеңілдететін программаларға 1С: «Бухгалтерия и оклад» бағдарламасы жайлы жазып өтемін. «Сату және қойма» бағдарламасында біріктірілген тауарлар, ол туралы ақпараттар «Номенклатура» справочнигінде болады. Біріктірілгендердің тізімі, комплемент тұратын құрамы, қоластындағы справочникке «Комплемент құрамы» енгізіледі, онда «баға коэффициентіне» коэффициент енгізіледі.баға коэффициентін қолмен енгізуге болады немесе біріктірілгендердің бағасына сәйкесті қойылуы мүмкін. Біріктіру операциялары «Тауарлы – материалдық қорлардлың комплектациясы» құжатымен рәсімделеді,онда комплект атын таңдау және көлемін көрсетуден кейін кестелік бөлімін автоматты түрде толтыруға болады, соған байланысты комплемент құрамын оперативті құжат әзірлеу кезінде өзгертуге болады. Құжатты тіркегеннен кейін біріктірілгендер белгіленген қоймадан өзіндік құн бойынша шығарылып тасталады.
Ақпарат анализі «Сату және қойма» көптеген әртүрлі есеп берулерден тұрады, олар икемді құрылымдарға және мәліметті топтауға мүмкіндік береді. Сату – шаруашылық іс-әрекет нәтижелеріне анализ жасау үшін, сонымен қатар келешектегі операцияларды жоспарлау мен бақылау үшін аналитикалық есеп берудің кең спектрі қолданылады. Меню → отчеты → аналитикалық. Жабдықтаушылар мен сатып алушылардың тауарлар бойынша жинақталған ақпарат алу үшін (клиенттер бойынша есеп беру) қолданылады. Ал сатып алушылардың проект жөніндегі өтініш бойынша ақпараттарды жабдықтаушыларға заказдар бойынша тауарлы материалдық қорлардың түсуі мен кетуін «Проект бойынша есеп беруде» топтастыруға болады. «Сату динамикасы» анализ жасауға белгілі бір мерзімдегі таңдалған түрлі тауарлардың сату динамикасын есеп беру көмегімен жасауға болады. «Айналым құралдардың динамикасы» есеп беруі компанияның активі мен пассивінің құрылымын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың өзгеру тенденцияларын көруге болады. Ал «Сату анализі» бойынша сату іс - әрекетінің пайдалылығын бағалауға болады. Егер тауарлар жақсы сатылған жабдықтаушыны анықтау керек болса, онда топтастыру тәртібін қою керек «Жабдықтаушы - «Номенклатура», ал егерде жабдықтаушының тауарын алудан түскен максималды табысты анықтау керек болса, онда «Номенклатура» - «Жабдықтаушы» топтастырылып қою керек. «Үлгі жоспар» справичнигі бухгалтерлік операцияларды шаруашылық іс - әрекет бойыншаь дұрыс қолдану үшін қолданылады. Бағдарлама, сонымен қатар, әрбір құжат құрылған бухгалтерлік проводкалар жөнінде мәлімет алуға мүмкіндік береді. Ал байланыстары белгілі мерзімдегі шаруашылық операциялар бойынша файлға апаруға болады. Сонымен қатар кассалық құжаттар ақпаратын, сату және сатып алу кітаптарындағы жазуларды жинақтап файлға апаруға болады. Осылайша, топтастырылған файлдар «1С: Бухгалтерия» бағдарламасына апарылады.
Сонымен, екі бағдарламаны қарастырып
өттім. Екі бағдарламада да өз ерекшеліктері
мен кемшіліктері болады. Әрбір ұйым өз
қызметіне байланысты, өзінеқажет, тиімді
деген бағдарламаны қолданады. Мысалға,
«1С: бухгалтерия» бағдарламасы аз мөлшердегі
қызметкерлер, қатысушылар саны аз болған
кәсіпорындарда көбінесе қолданылады.
Мысалға, Қарағанды Экономикалық университеті
бағдарламасы Лука про бағдарламасы қолданылады.
Себебі ол бағдарлама іс - әрекетті бухгалтерияда
жасауға ыңғайлы. Әр кәсіпорын өзіне ұнайтын
барлық жағынан жақсы бағдарламаны таңдап,
соған сәйкес жұмыс атқарады. Қазақстандық
стандарт бухгалтерлік есеп жүргізудің
бірдей принциптері мен әдістеріне негізделген
өтпелі кезең экономикасына бейімделген
болып саналады. Жалпы ХҚЕС 2006 жылы жүзеге
толығымен асырылады.
Келесі қарастырылып өтетін мәселе ХҚЕС
мен БЕС 7 «Тауарлы материалды қорлар есебі»
арасындағы айырмашылықты анықтаймын.
ХҚЕС «Қорлар» БЕС 7 «Тауарлы – материалдық
қорлар есебі» методологиялық әдістеме.
ХҚЕС бағалау тәртібін айқындайды және
оларды актив түрінде қарастырады:
1.сатуға арналған (тауарлар, дайын өнімдер)
2.өндіру процесіне (аяқталмаған өндіріс)
3.өндіріс
прцесіне арналған шикізат пен
материалдар түрінде сақталады.
ХҚЕС сәйкес қор бағалау кем дегенде екі
көлемде: өзіндік құн немесе мүмкін сату
бағасы.
Қордлың өзіндің құн орташа өлшенген құн
бойынша, немесе Фифо, Лифо әдісі бойынша
анықталады. Бұл кезде Лифо әдісі альтернативті
әдіс ретінде қарастырылады қордың құны
шығынға сәйкесінше табыс деп танылған
кезде апарылады.
Қор шығыны бухгалтерлік тәсілмен немесе инвентаризация нәтижесімен анықталады. Кәсіпорныда қаржылық есеп беру келесілерге алынуы тиіс:
1.қорларды бағалау бойынша есеп саясаты;
2.қорлардың балансының құны;
3.өндіріс процесінде қолдану үшін қорларды бағалау.
ХҚЕС мен халықаралық стандарт өзгешілігі
нақты шығын тізімін бермейді. ХҚЕС жалпы
өзіндік құнды анықтау принциптерін береді,
оның құрылуы кәсіпорынның саясатынна
сәйкесті ХҚЕС-та шығын регламентациясы
жоқ, бұл қазақстандық бухгалтерлерге
үйреншіксіз, олар нормативті құрылымды
құжаттарға үйреніп қалған.
Бірақ ХҚЕС -да өзіндік құнды анықтауда
көп еркіндік беріледі, ол прфессионалды
ойларымен нақтыланады. Нақты шығын тізімі
жоқ болса, ол өзіндік құн өз бетінше, қалай
болса солай құрылмайды. Шығын деп танылу
үшін ол өзіндік құн міндетті түрде принциптеріне
сүйене отырып жазу керек. БЕС 7 «Тауарлы
– материалдық қорлар есебі» бір тәртібін
анықтауды өзіне тауарлы – материалдық
қорлар классификациясын және бағалауын,
тауарлы – материалдық қорлар өзіндік
құнын өндіріске сәйкесті шығын есебін
қосады. БЕС 7 тауарлы – материалдық қорлар
ең төменгі баға өзіндік құнынан және
реализациядан таза бағасын анықтайды.
БЕС 7 және медологиялық әдістеме нақты
шығын тізімін береді., тауарлы – материалдық
қорлар өзінді құнын құрайтын өзіндік
құн өзіне сатып алу шығындарын, тасымаладау
– дайындау шығындарын, өнімді қайта өңдеуді
қосады. Өзіндік құн бағалаудың тәсілдермен
жүзеге асырылады. Фифо, Лифо орташа өлшенген
және спецификалық идентификациялау.
Реализациялаанытын тауарлы – материалдық
қорлар өзіндік құны сол есеп берушілеріне
шығыс түрінде келістіріледі, соған сәйкесті
оларға табыс.
Қаржылық есеп беруде келесілерді ашу керек:
1.есеп
саясатын, тауарлы – материалдық
қорлар бағалау үшін құру;
2.тауарлы – материалдық қорлар классификацияны
бойынша баланстық расшировка құны;
3.тауарлы – материалдық қорлар реализация
таза бағасы бойынша себеп көрсетуге байланысты
есептен шығару.
4.Реализацияланған
тауарлы – материалдық қорлар
өзіндік құны және т.б.
Тауарлы –материалдық
құндылықтардың түсуін
құжатпен рәсімдеу
Тауарлы – материалдық қорларды кәсіпорын
әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының
қоймасынан, темір жол станцияларынан,
аймақатрдан, аэропорттардан, материалды
жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы
– материалдық қорды алған кезде алушы
кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары
арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың
қозғалысын есепке алынған кезде мынадай
типтік құжаттар пайдалынады.
Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды
алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат
беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін
болсақ, «Энергия плюс» ЖШС атынан берілген
№26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты
бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын
қойғызып, қолхат алу арқылы береді. №
М – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны,
алдын -ала нөмірленген және түптелегн
Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны
төменде берілген. Берілген сенімхатты
есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге
және беруге жауапты тұлғаға сақталады.
Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен
келісім шарт жасалады, ондай келісім
шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар
беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық
жүргізуші субъектілер оның мерзімін
көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы,
бас бухгалтері қол қойып, мөр басады.
Сол сенімхатты алынатын тауарлардың
тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады.
Бір қоймаға жататын тауарлы – материалдық
қорлар алынған жағдайда оған бірнеше
накладной керек болса, сенім беруші тұлғаға
бір сенімхатын беруіне болады, бірақ
онда берілген барлық накладной нөмірі,
күні көрсетілуі тиіс.
Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде
оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына»
тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған»
деген белгісін жасайды. Жабдықтаушылар
тауарлы – материалдық қорларды босатқан
кезде, әрбір жіберілген тауарлы – материалдық
қорларды бақылау жасау үшін пайдалынады.
Ал 3-шісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы-
материалдық қорларды босатып біткен
соң ең соңғы партиясының құжаттырмен
бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.
Жабдықтаушылардан сатып алушының қоймасына
автотранспортпен ( қосымша №2) тауарлы
–материалдық қорларды жеткізіп берген
кезде сатып алушылардың материалдары
материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың
экспидиторынан алған тауарлы –материалдық
қорлардың санын және брутто салмағын,
тауарлы – көліктік накладной мәселесімен
салыстырады, ол екі дана жасалады. Егер
олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса,
онда оның бір данасына қол қойып және
штамп басып, тауарлы –материалдық қорлар
қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір
экземпляры материалды жауапты адамда
қалады. Ал егер сомасы мен санында айырмашылық
болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып
жасалады және оған жауаптылары қол қояды.
Тауарлы – материалдық қорларды қабылдау
кезінде жүзеге асырылатын операциялардың
барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен
әкелетін жүктердің операцияларына ұқсас
болып келеді.

- Тауарлы шаруашылықтың пайда болуы
- Тауар нарығы
- Тауар нарығындағы сұраныс пен ұсыныс
- Тауартану және тауар айналымы
- Тауелсиздикке 20 жыл
- Тау жыныстары
- Тау жыныстары
- Тауарлы материалды
- Тауарлы материалдық қорлар
- Тауарлы материалдық қорлардың түсінігі
- Тауарлы –материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу
- Тауарлы материалдық қорларды түгендеуі мен нәтижесін қорытындылау
- Тауарлы-материалдық қорлар есебі
- Тауарлы- материалдық қорлар есебінің теориялық негізі