Тауарлы материалдық қорларды түгендеуі мен нәтижесін қорытындылау

Экономика, бизнес және құқық колледжі.

Қазтұтынуодағы  Қарағанды Экономикалық Университеті

 

 

0705002 мамандығы бойынша «бухгалтерлік есеп» пәні

 

 

 

 

 

 

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Тауарлы  материалдық қорларды түгендеуі мен нәтижесін қорытындылау.

 

(АҚ «Қазхром»Трансұлттық «Қазмарганец» Кеңбасқармасы және ТОО «Белый ветер» Компансының материалдары бойынша)

                                                                             

 

 

                                                                       Орындаған:Бух-32(к)

                                                                                          Оқушысы: Қадырбаева Г.Е.  

                                                                                          Тексерген:Өмірбаева З.М.

                                                                                              

 

 

Қарағанды-2007

 

 

Ж О С П А Р.

        К І Р І С П Е

  1. ТАУАРЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ   ҚОРЛАРДЫ

ТҮГЕНДЕУ.

    1.1. ТАУАРЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ   ҚОРЛАРДЫҢ

  ТҮРЛЕРІ.

    1.2. ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ МӘНІ.                                                                                        

  1. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАДЫ ТҮГЕНДЕУДІ ҚҰЖАТТЫҚ РӘСІМДЕУ.

    2.1. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

  1. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ ТҮГЕНДЕУ ЖОЛЫН АЙҚЫНДАУ.             3.1.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕ КӨРСЕТУ.
  2. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ НӘТЕЖЕСІН ЕСЕПТЕУ

    4.1.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАРДЫ ҚҰЖАТТЫҚ РӘСІМДЕУ.

    4.2.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАРДЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ.

 

      ҚОСЫМША

          ҚОРЫТЫНДЫ

       ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

    

 

 

К І Р І С П Е

  Бұл таңдалып жазылған  курстық жұмыстың  тақырыбы “Тауарлы-Материалды  Қорларды түгендеу  және оның нәтежесін  есепке алу”. Кәсіпорындар  мен ұйымдарда  Тауарлы-Материалды  Қорларды есепке  алу Қазақстан Республикасының Қаржы Министрінің бекітілген №7 “Тауарлы-Материалды Қорлардың есебі”стандартына сәйкес ұйымдастырылады. Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жылдарына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігемен оқшауланатын ғылым болып табылады. 

  Бүгінгі таңда бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның және ұйымның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды,таратуды,айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.Сонымен, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек ғана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтежесін анықтауға болады.   Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі Халықаралық Қаржылық Есеп Стандарттарына және субьектінің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Үлгі есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамассыз ететеді.

   Бұл тақырып қазіргі  таңда актуалды  болып табылады. Осыны дәлелдейтін болсам, қай ұйымды, кәсіпорынды алсақта олардың қарамағында есепте көрсетілген ТМҚ-дың есебін ұйымдастыруды «бағалауға» ерекше көңіл бөлген дұрыс деп ойлаймын. Өйткені қазіргі кезде ТМҚ-дың бағалауын таңдау мұқият түрде жүзеге асырылып, ұйымның, кәсіпорынның мүдделерін ескере отырып есеп саясатында бекітіледі.

          Менің  курстық  жұмысымның негізгі  мақсаты – Тауарлы

Материалдық Қорларының түгендеудің түрлерін, принциптерін, мәнін, оларды кәсіпорында қалай жүргізілуін және құжаттық рәсімделуін, бухгалтерияда қалай есепке алатынын сонымен қатар оның қазіргі таңда нарықтық экономиканың нарықтық жолға көшуіне байланысты түгендеудің нәтежесін есепке ала отырып құжаттық рәсімдеудің жетілдіру жолдарын ХҚЕС арқылы көрсетемін және есеп саясатын сауатты түрде ұйымдастыру үшін қаржылық есебі туралы нақты ақпарат беру.

                                   

 

1.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ  ҚОРЛАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІҢ  ТҮРЛЕРІ, ПРИНЦИПТЕРІ  ЖӘНЕ МӘНІ.

   13.11.1996 жылдағы №3 Бухгатерлік есеп жөніндегі Ұлттық  комиссияның қаулысымен бекітілген №7”Тауарлы материалдық қорлар есебі” бухгалтерлік есеп стандартына, 22.12.2005 жылы №426 Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.   Тауарлы - материалды қорлар - бұл кәсіпорынның шынайы материалдық мүліктері түріндегі айналмалы құралдардың бөлігі. ТМҚ кәсіпорындар сату үшін немесе өндіріс процесінде пайдалану үшін, басқа да шаруашылық қажеттіліктер үшін шығарылады және сатып алынады.Олар келесідей активтерден тұрады: шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құралдық материалдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа шаруашылық материалдар; [Жакупова О.М. №1]

    Материалдық құндылықтарды  есепке алудың  алдында мынадай  негізгі міндеттер тұрады:

  • дұрыс болуын бақылау;
  • ішкі ресурстарды-босалқыларды кіріске дер кезінде және толық еспке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау;
  • босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операциаларды толық және дер кезінде құжаттау;
  • көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау: көліктік-дайындау шығындарын өндірістің шығындарына жазудың біркелкі және оны жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтарымен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.                                           

Өндіріс барысындағы қызметтің  рөлі мен мақсаты  бойынша барлық материалдық  босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді

Негізгілер- дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде кететін ұн) құрайтын материалдар болса, ал көмекші материалдар- өндірілетін өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды.Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар, лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға  қосымша пайдаланылады.

     Бірақ материалдарды  негізгі және көмекші  етіп бөлу  шартты  сипатқа ие, өйткені  олар өнімді шығаруға  жұмсалған материалдардың  санына(мөлшеріне), технологиялық сипатына және басқа да көптеген факторлеріне тәуелді болып келеді.  

   Бухгалтерлік есептің  №7 “Тауарлы-материалды  қорлардың есебі”  стандартына сәйкес  Тауарлы -материалды қорлар есепте нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Өзіндік құн тауар үшін төленген бағаны немесе оны өндіру үшін қажет соманы  білдіреді.

  Есепке алу кезінде Тауарлы-материалды  қорларды бағалау Тауарлы -материалды  қорлардың есепке алынуы кезінде,сатып  алу және дайындаудың өзіндік  құны бойынша көрсетіледі. Тауарлы  - материалды қорлардың нақты өзіндік құны оларды сатып алу құны және тасымалдау шығындарынан тұрады.

  Сатып алу  құнына мыналар кіреді: сатып алу бағасы, кіргізуге баж, жабдықтау ұйымдарына төленген комиссиондық сыйлықтар, көліктік - дайындау шығындары және қорларды сатып алуға тікелей байланысты басқа да шығындар.

АҚ  «Қазхром» Трансұлттық  Компаниясында ТМҚ-ды баланста көрсетілген  айналымдарының активтерінде едәуір үлесті салмақ құрайды. ХҚЕС бойынша  ТМҚ есепке алу  ХҚЕС № 2 бөлімінде  регламенттелінеді, ал ХБЕС-ның 9-тармағында былай делінген: «Қорлар міндетті түрде өзіндік құны мен өткізудің мүмкін болатын таза құны сияқты екі шаманың азы бойынша бағалануы тиіс» Бұл тармақты тағы да аз бағалау ережесі(LCM-Lower Оf cost marker). Сонымен, қорлар қаржылық есептілігінде ең ұстамды баға бойынша ескерілетін болатын. Өткізудің мүмкін болатын таза құны (ӨМТҚ)-активті сату нәтежесінде алынуы мүмкін сома, одан сату шығыстары шегеріледі. Әдетте, ӨМТҚ-ны бағалау кезінде қалыпты операциялар барысындағы сауда деп түсіндіріледі, демек, активті сату үшін керекті жағдайға келтіруге арналған кез келген шығыстарды ескеру қажет. АҚ «Қазхром» Трансұлттық Компаниясында ӨМТҚесеп-қисабының расталуын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл растау ТМҚ-ды бағалауды жүзеге асырған сарапшының есеп беруі немесе комиссияның актісі түрінде рәсімделеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.ТАУАРЛЫ МАТЕРИАЛДАРДЫ   ҚОРЛАРДЫҢ

ТҮРЛЕРІ.

Онда  ТМҚ-дың нарықтық құнының өзгеру себептері, олардың құнын  төмендету шамасы көрсетіледі және қорлар құнын өзгеру үрдісі болжанылады. Тәжірбие жүзінде  ТМҚ-ды сату олардың өзіндік құнынан төмен жүзеге асырылатын жағдайдың болуы мүмкін. Оның себептері мыналар бола алады:

1. Тауарларға  арналған нарық  бағаларының жалпы  төмендеуі;

2. Моральдық  жағынан ескіру;

3. Бұйымның жасалуын  аяқтау үшін қажетті  қосымша шығындар.

Аз  бағалау ережесі  бойынша тауарлық қорларды бағалаудың 3 негізгі әдісі  бар.

1. Баптылық әдісі-ТМҚ-дың әрбір атауы бойынша өзіндік құны мен сату бағасы салыстырылады.

2. Негізгі тауарлық топтар әдісі- тауарлардың әрбір тобы үшін жалпы құны мен жалпы сату бағасы салыстырылады. Сосын әрбір топ неғұрлым төмен құны бойынша салыстырылады. Қорлардың тиісті атауларының өзара байланыстылығын баптылық әдісті іс жүзінде қолдану мүмкін емес болғанда, осы тәсіл қолданылады.

3. Қорлардың жалпы деңгейі әдісі- барлық тауарлық қорлар өзіндік құны бойынша бағаланады және неғұрлым төмен бағак тауарлық қорлар үшін пайдаланылады. [Қосымша №1-ді қараныз]

ТМҚ құнын бағалау  бойынша олардың  өзіндік құны бойынша  барлық жиынтығы 600-ға, ал ӨМТҚ нарықтық бағасы бойынша 596-ке тең, ал аз бағалау ережесі бойынша 593-ке, ал аз бағалау ережесіның тауарлық топтпры бойынша 595-ке, ал жалпы деңгейі бойынша 596-ға тең. ТМҚ-дың құнының төмендеуінің шамасын былай анықтаймыз:

  • баптылық әдіс кезінде -7 мың теңге (600-593)
  • негізгі тауарлық топтар әдісі бойынша 5 мың теңге(600-595)
  • қорлардың жалпы деңгейі әдісі бойынша (600-596)

ТМҚ құнының ӨМТҚ-на дейін  төмендеудің жалпы  сомасын ТМҚ бойынша  барлық ысыраптарды  мұндай төмендеу болған не осындай шығындар орын алған кезеңнің шығыстары ретінде  көрсеткен жөн деп ойлаймын. Бұл жағдайда ТМқ-дың өзіндік құнын өткізудің таза құнына дейін есептен шығаруды мына шоттар бойынша корреспонденциясымен тікелей есептен шығару әдісі деп атауға да болады.

Дт 7216 «ТМҚ-дың өзіндік  құны ӨТҚ-на дейін  есептен шығару бойынша шығыстар»

Кт 1330 «Тауарлар»  

Өткізудің таза құнын бағалау  мерзім сайын әрбір  есепті кезеңде жүргіліледі. «Мерзім сайын» деген  сөз «есепті кезеңнің соңы», яғни 31 желтоқсан  деп ұғынады.  

Материалдардың  бір ғана түрінің  алу бағасы есептік  кезең барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау үшін №7 Бухгалтерлік Есеп Стандартының 12 тармағында 4 әдісті ұсынған, ал ХҚЕС №2-де 3 әдісті ғана ұсынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ МӘНІ

1. Арнайы жобалар үшін шығарылған және сатып алынған ТМҚ-дың өзіндік құны жеке шығындарды ерекше бірегейлендіру арқылы айқындалады. Бұл әдіс қорларды және өндірістің әрбір жеке бірлігі бойынша өткізілген тауарлардың өзіндік құнын бағалау үшін аса тиімді негіз болып табылады. Бұл шығындардың кірістерге дәл сәйкес келуін қамтамасыз етеді және есептік күнге ТМҚ құнының бағасы да дұрыс болады.

2. Қалған қорлар  үшін «алғашқы  келіп түсу-алғашқы  босату» әдісі(ФИФО) немесе өлшенген орташа құн әдісі пайдалануы мүмкін

Мысалы, ФИФО әдісі. Артықшылықтары: ТМҚ-дың өзіндік құнын есептік кезеңнің аяғында ағымдағы бағаларға жуықтайды. Кемшіліктері: бағалар көтерілген кезде- пайда өседі; төмендеген кезде пайда кемиді.

3. ЛИФО әдісіне ХҚЕС-нда тиым салынған. Оны қолдану есептіліктің көрсеткіштерін бұрмалайды және компанияның шығындарын дұрыс көрсетпейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАРДЫ ТҮГЕНДЕУДІ ҚҰЖАТТЫҚ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

 АҚ «Қазхром» тауарлық операцияларды есепке алу жалпы қабылданған КБЕС №7 және ХҚЕС №2 негізінде ұйымдастырылуы  шығысы мен кірісі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы-материалдык қорлардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

     Ұйымдар  керекті ТМҚ-ды жабдықтаушылармен  құрылған келісім шарттар бойынша  өздерін қамтамасыз етеді. Құрылған  келісім шарттардың орындалуын  қадағалау есепке алынып отырады.  Келісім шарт бойынша түсетін  әрбір операциясы құжатпен рәсімделінеді. Жабдықтаушылардан ТМҚ-ды жөнелткенде оларға келесі құжаттарды толтырады:

    • Тасымалдау құжаттары. Олар жеткізу көлігінің түріне байланысты толтырылады.

а) Тауар-көлік накладнойы. Егер ТМҚ автокөлікпен жеткізілсе, бұл құжат II бөлімнен тұрады. I-ші бөлімінде жеткізуге тапсырылған ТМҚ-дың атауы, саны, көлемі көрсетіледі. Көліктің бітірген жұмысы (қанша км жерге апарды, қанша ТМҚ-дың мөлшерін апарды) және сол жұмыстың көлеміне есептелетін тариф бойынша ақы.

б) Темір жолмен жеткізілгенде  Темір жол наклоднойысы

в) Әуе көлігімен қолданғанда  Әуе наклоднойысы

г) Су көлігімен жеткізілсе Коносомент құжаты.

II-ші бөлімі ол-наклодной.  Осы құжатта жөнелтілген ТМҚ-дың  атауы, саны, бағасы, сомасы көрсетіледі.  Керек жағдайда шикізат пен  материалды сипаттайтын Сертификат келісімі тіркеледі.

Шот-фактура - бұл ҚҚС есептеу үшін қолданатын Салық құжаты.  2 дана болып толтырылады.

Есеп айрысу құжаты- оның түрі есеп айрысу нысаны түріне қарай. Вексель, чек.

Жабдықтаушылардан жіберілген материалдар ұйымға түскенде оларды қойма меңгерушісі саны мен сапасын тексеріп алады. Жүк қабылдап алғанда жүк орындары бұзылып жетіспеушілік анықталса, сол жерде комиссия құрылып «АКТ жетіспеушілік туралы» құрылады. Түскен жүктерді қойма меңгерушісі қабылдайды. Наклодной бойынша жүк толығынан қабылданса, қойма меңгерушісі қабылдады деген ге қол қояды. Ал егер де , материалдардың саны мен сапасын тексергенде жетіспеушілік анықталса, комиссия құрылып керегінде жеткізушіні шақырады. Саны мен сапасының жетіспеушілігі туралы «АКТ» құрылады. Қоймада нақты қабылданып алған материалдардың Кіріс ордері толтырады. Осы арқылы кіріске аламыз. Түскен материалдар шаруашылық қызметте қолданылады. Олар жұмсалғанда келесі құжаттар толтырылады. Қолдану орнына және кәсіпорында қалыптасқан тәртіпке қарай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАДЫ ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

Шектеу босату карточкасы (Лимитная заборная карта) 2 дана болып толтырылады. Өндіріс, құрылыс орындарында қолданылады. Осы құжатта бухгалтерия өнімді өндіру жоспары бойынша керекті материалдардың атауын және санын жазып береді белгілі мерзімге.  Бұл қойма меңгерушісіне материалдарды босату туралы бұйрық ретінде қолданылады. Шектеу босату картасы - өнімді дайындауда үздіксіз пайдаланылатын құндылықтарды босату, сондай-ақ өндіріс қажеттілігіне керек құндылықтарды босатудың белгіленген лимиттерін (шектерін) сақтауға, ағымдағы және коймадағы материалдық қорларды бақылауға және оларды есептен шығаруға негіз бола алатын құжат.

Қоймадан күнделікті цехқа босатылған материалдардың саны жазылып отырады. Оған алушы алдым деп қол қояды. Осы құжаттың мерзімі аяқталғаннан кейін қоймадан берілген материалдардың жиынтығы саналып жиынтығын шығарады. 

  Талап құжаты. Бір қоймадан басқа қоймаға немесе басқа тұлғаларға басшының рұқсатымен материалдар босатылса, оған наклодной толтырылады. Қоймадан бір қоймаға 2 дана, басқа қоймаға 4 дана . Қоймадағы сақтануға шикізаттар мен материалдар бұзылып іске жарамаса, онда басшының бұйрығымен комиссия құрылады. [Қосымша №2-ні қараныз] Олар жаңағы материалдарға АКТ толтырылады. АКТ-де материалдардың атауы, нақты саны бүліну немесе бұзылу себебі жазылады.

Толтырылған АКТ-де тағайындайды:

Тағайындаудың мақсаты  жаңағы бұзылған материалдардың орнын  толтыру көзін көрсетеді.

    • Қойма меңгерушісінің жауапкершілігіне
    • Қойма меңгерушісінің кінәсін таппаса әкімшілікке жабады.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданады. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші (жабдықтаушы) немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуьмен актіні 2 дана етіп жасайды. Құндылықтар қабылданғаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлык-келіктік женелтпе кағаздар, спецификациялар т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың козғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі - жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау беліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫ ТҮГЕНДЕУ ЖОЛЫН АЙҚЫНДАП ЖӘНЕ ОНЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТЕ КӨРСЕТУ.

                                                                                                                                                                                    

Қоймалардағы метариалдық  босалкыларды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен жұмысы аткаратын есепшілер (операторлар) материалдарды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді.[Қосымша №3-ті қараңыз] Босалқылардың әрбір номенклатуралық нөміріне жекелеген карточкалар ашады, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.   

Алған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталатын орнын (стеллаждар, ұялар) сипаттайтын  реквизиттерді толтырады. Карточкаларға  жазбалар құжаттардың негізінде  жазылады. Материалдарды есепке алудың толтырылған карточкасы теменде керсетілген.

Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары корлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл максатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты калдық корының ауытқушылығы туралы дабыл аныктамасы қолданылады. Ол нақты қалдық кордың белгіленген қалдықтарынан ауытқушылығын бақылау үшін және қозғалыссыз жатқан қалдыққа бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі (қоймашы) материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық-техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.

Жетіспеушіліктер мен  материалдық жағынан жауапты  адамдардың . қызметіндегі тәртіп бұзушылыктар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауға тиіс.

Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарын есепке алатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстырып тексеру үшш материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынын бухгалтерияға қайтарады.

Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жургізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабының калдықтарын шығаруға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕПТЕ КӨРСЕТУ.

 

Материалдардың синтетикалық есебін, сатып алу бағасы мен көліктік-дайындау шығындарынан тұратын, нақты өзіндік  құны бойынша жүргізеді.Кәсіпорынға  материалдар негізінен жабдықтаушылардан  және есеп беруге тиісті тұлғалар арқылы және басқа да жолдармен келіп түседі.

Материалдар 1300 «Қорлар» бөлімшесінің 1310 «Шикізат пен материалдар» шотында есепке алынады.

Ұйымда тағайындалған  жұмыс жоспары бойынша 1310 шоттар алынуы мүмкін.

1311 шикізаттар

1312 материалдар

1313 сатып алынатын  жартылай фабрикаттар

1314 отын

1315 ыдыс және ыдыстық  заттар

1316 қосалқы бөлшектер

1317 құрылыс материалдар

1318 басқа да шаруашылық  материалдар 

      1310 шотында  шығарылатын өнімнің негізін құрайтын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде өнімді шығаруға қосатын немесе шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

   АҚ «Қазхром» Трансұлттық компаниясында сатып алынған және қайтарылған тауарларға қосымша құн салығы есептелінеді 15%. [Қосымша №4-ті қараңыз] Есепке алынғанда алдымен тауарларды қайтаруға байланысты жағдайды қарастыруымыз қажет. Әдетте, сапасы сәкес келмейтін; консигнация шартымен белгіленген мерзім ішінде сатылмаған ; мерзімінде ақы төленбеген тауарлар қайтаруға жатқызылады.

     Егер сатушы  тауардың кемшіліктері туралы  айтпаған болса, онда сатып  алушы жақ өз қалауы бойынща  сатушыдан:

    • сатып алу бағасын мөлшерлес етіп азайтуды;
    • тауардың кемшіліктерін ақылға қонымды мерзімде өтеусіз жоюды;
    • тауарлардың кемшіліктерін жоюға өзі шығарған шығынның орнын толтыруды;
    • сапасы нашар тауарларды шартқа сәйкес келетін тауарларға айырбастауды;
    • шартты орындаудан бас тартып, тауарларға төленген ақшалай соманың қайтарылуын талап етуге құқылы.

Тауарларға қосымша  құн салығы төленгенде, сол тауарға  ашылған шот-фактурада көрсетіледі. Қайтарылу жағдайында  оны рәсімдеу тәртібі мынадай болуы мүмкін: басшының шешімімен материалды жауапты  адамдарды, бөтен ұйымдардың уәкілетті өкілдерін қатыстыра отырып , арнайы комиссия құрылады, ал қажет болса жеткізушінің өкілі шақырылады. Комиссия акт жасайды, соның негізінде жеткізушіге шағым-талап жіберіледі. Қайтарымдылық жүкқұжат бойынша сатып алушы тауарды сатушыға береді. [Бухгалерлік бюлетень журналы №5-2006]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.  ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫ ҚОРЛАРДЫҢ НӘТЕЖЕСІН ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚҰЖАТТЫҚ РӘСІМДЕУДІ ЖҮРГІЗУДІ ЖЕТІЛДІРІ ЖОЛДАРЫ

ХҚЕС-ның  №2 Қорлар бөлімшелеріне сәйкес қорлар мына активтер.

    • қалыпты қызмет барысында сату үшін арналған;
    • осылай сату үшін өндіріс процесінде, немесе
    • өндіріс процесінде немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін арналған шикізат немесе материалдар түрінде.
Тауарлы материалдық қорларды түгендеуі мен нәтижесін қорытындылау