Техника философиясы. 2
Қазіргі дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Біз бүгінде материалдық өндірістің ғылымилануының және сонымен бірге ғылымның индустриялануының куәсі болып отырмыз. Ғылымды – қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал өндірісті ғылымға қарай батыл бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің бір-бірімен қабысуы және бірігуі, ғылымның тікелей қоғамның өндіргіш күшіне айналуы – қазіргі ғылым ерекшеліктерінің бірі.
Ғылымды техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын – қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті – іргелі ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру. Мұндай зерттеулер ғылымды қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналдырудың маңызды факторы болып табылады. Болашақ жаңа технология мен техниканың жалпы нұсқасы мен іргетасы нақ осында қаланады.[3]
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында іргелі және қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылым жетістіктері негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылады. Ғылым саласында өндірістің жаңа құралдары мен технологиялық процестері, өнеркәсіптің мүлде жаңа салалары мен бағыттары пайда болып отыр. Оған инженерлік ортлықтар, ғылыми-өндірістік бірлестіктер, сала-аралық ғылыми-техникалық кешендер жатады. Сөйтіп, ғылым мен техниканың арасындабелгілі бір формалар қалыптасуда.
Әлемнiң күрделенгенi соншалық, жердiң
асты мен үстi, адамзаттың iшi мен сырты
шешiлуi мұң түйiнiне толды. Гегель осыдан
екi ғасыр бұрын: «Бiз бұрынғы түрiн жоғалтып,
жаңа жүйеге көшкен рухтың алға қарай
секiре қозғалатын көпiрмелi уақытындағы
маңызды дәуiрдiң қақпасында тұрмыз. Бiздiң
әлемдi бiртұтас дүниеге бiрiктiретiн бұрынғы
түсiнiктер, ұғымдар және байланыстар көрген
түстей жоғалды және ыдырады», – деп едi.
Айтқаны айдай келдi. Адамзат баласы өз
iс-әрекетiнiң маңызын түсiнбейтiн, өзi және
елiнiң тарихы туралы ештеңе бiлмейтiн,
өзiнен деңгейi биiк техникаға өзiн құрбан
етiп, өзiнiң бар-жоғын ұмытатын дүнияуи
динамика қалыптастырды. Өткен ғасырларда
адам қоғамсыз өмiр сүре алмайтын, ал ХХI
ғасырда адамның техникасыз өмiрi тұл.
Адамзаттың қолынан техниканы тартып
алып қоймаңыз, алдыңыз ба, олардың өмiрi
бiттi деңіз.
Әлемде
тыныштық жоқ. Аспанымызды зымыран мен
ұшақ, жер бетiн темiр-терсекпен тұмшаладық.
Экология жайын айтпай-ақ қояйық, қара
жер «аяқтарыңды аспаннан келтiрем» деп
алғашқыда дөң айбат шегiп қана қоятын.
Шыдамның да шегi бар, шаршады бiлем, ендi
сан жылдар бойы қисапсыз көрсеткен зорлығымызды
өзiмiзге еселеп қайтарып жатыр. Дұрыс!
Құптарлық жайт! Табиғаттың мiнезi кекшiл
келетiнiн аңғарғымыз келмеп едi. Ендi санасыз
сирақтарға мықтап сабақ болатын болды.
Жә, мейлi деңiз, фантастикалық шығармалардағы
мұрнымызды шүйiре қарап, ертегiге теңейтiн
миға сыймайтын қияли сюжеттер қазiр әрбiрiмiздiң
басымызда бар нәрсеге айналғанын сезiнiп
жүрмiз бе? Жоқ! Бұрындары адамның құндылығы
зор болатын, қазiргi адамдардың құндылығы
сол, кiлең жиһанкездер. Әлемнiң түкпiр-түкпiрiне
табан тигiзiп аралау, шамаң келсе глобустағы
мемлекеттердiң бәрiне сапар шегудi «мода»
емес, мақсат еттiк. Асан қайғы мен Қорқыт
бабамыздай жерұйық iздесе мақұл, жоқ,
қазiргiлердiң қыдырымпаздығы – мағынасыз
ерiккендiк. [6]
Қазіргі
дәуір - қоғам өмірінің барлық салаларын
қамтитын ұлы өзгерістер кезеңі. Ғылымды
- қоғамдық өндіріс қажеттеріне, ал
өндіріс ғылымға қарай батыл
бұру қажет. Ендеше, ғылым мен өндірістің
бір-бірімен қабысуы мен
Ғылымның техникамен және өндіріспен байланыстыратын қажетті буын - қолданбалы зерттеулер мен технологиялық ізденістер. Олардың міндеті ғылым ашқан жаңа заңдар мен идеяларды қоғамдық өндірісте қолданудың ең қысқа және ұтымды да тиімді жолдарын іздестіру.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдету жағдайында іргелі және қолданбалы зерттеулер арасындағы байланысты анықтау ғылыми жұмысты тиімді жоспарлау мен ұйымдастырудың қажетті шарты болып отыр. Ғылыми жетістіктер негізінде жаңа техника мен технология жасалып, содан кейін олар өндірісте қолданылды.
Техника. Адамзат ғасырлар бойы аңсаған,
жетуге ұмтылған ғажайып техника жетiстiктерi
аз емес, әрине. Оның пайдасын жоққа шығармаймыз.
Техника – бiрнеше миллион амалдарды орындайды,
орасан көп деректi есте сақтайды, әлденеше
мәлiмет толқынын бiр мезгiлде өңдеп, кейбiр
логикалық ойларды iске асырады, кәдiмгi
мәтiндердi оқиды, күрделi бейнелердi таниды,
бiрнеше өлшемдiк түстi көредi және микрокомпьютерлер
мен микропроцессорлар, «жасанды адам»
бағдарламасын құруға әкелетiн бағдарлаудың
принциптi жаңа тiлiн табады, тағы басқа
естiген адамның таңдайын қақтырар дүркiн-дүркiн
жаңалықтарымен әлем кезiп жүр.
Техникадағы компьютерлендiру мен радиоэлектрониканың
пайда болуын ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың қойнауында ғылыми-техникалық
революция тудырған электрониканың, радийдiң
ашылуы, кванттық теорияның жасалуы, кибернетиканың,
ғылымның, өнеркәсiптiң дамуымен байланыстырамыз.
Бұл революцияның әсерiнiң күштiлiгi сол,
адамзаттың техницистiк, технократиялық
дүниетанымын қалыптастырып, әр кәллада
табиғи емес, техникалық қиял түзiп үлгердi.
Тарихқа
үңiлсек, ХIХ-ХХ ғасырларда технократия
iлiмiн даттаушы топтар болған екен. Немiстiң
ұлы ақыны Гетенiң ғылым саласындағы жетiстiктердi
бақылай келiп, адам әлемiне жақындап келе
жатқан техникалану әзiрейiлiн сезiнгенде,
жан-дүниесi қатты күйзелiптi. Иоанн Гутенберг
өнертапқыштық жаңалығын «құбыжыққа»
теңеген, тiптi бұрын дүйiм дүниенi дүр сiлкiндiрген
теледидар мен радионы «шайтанның шалығы»
деп ғайбаттаушы ғалымдар да кездескен.
Жел тұрмаса шөптiң басы қимылдамайды,
ХIХ ғасырда Батыста машиналы техникаларды
өшпендiлiкпен қиратып-құртқан жұмысшылар
болған деседi. Олар өз өмiрлерiнiң тек қаптаған
машиналар арасында өтетiнiн сезiнгендiктен
осылай iстеген. «Көп дауыс қосылса бiр
дауысты жоқ қылады» дейдi қазақ, диссиденттердiң
үнi онсыз да бәсең едi, жақтаушылардың
көптiгi оларды «мақтамен бауыздап» жiбердi
де, техника пайдаланудың көкжиегiн кеңейтуге
күш салды. Жылдар жылжыған сайын техниканың
атақ-абыройы аспандай бердi. Адамдар жаппай
технологиялық жаңалық ашумен шұғылданды.[5]
Соның нәтижесiнде техникалық ашылымдар
көбейдi.
Үндiстандық бiр кемеңгердiң мынадай салиқалы
ойы бар: «Көпшiлiк тарапынан қолдау тапқан
пiкiр, мейлi, ол жаңсақ болсын, монархтардың
өзiнен әлдеқайда күштi. Ширатылған көптеген
жiптен тоқылған арқан арыстанның өзiн
матап байлауға жарайтындай мықты болады».
Технократия теоретиктерiнiң мықтылығы
сол, «адамзат үшiн техниканың дамуы қашанда
iзгiлiктiң көзi» деген соқыр сенiм, үстiрт
көзқарасты жарнамалауын әлi күнге шейiн
тоқтатпауда. Бұл түсiнiктi де. Адамдардың
ақыл-есiн осы бiр жансыз құбыжыққа байлап
тастауды құптайтын пиғылды қаптату ғой
бұл. Жер-жерлерде техниканың рөлiн асыра
дәрiптеудiң ақыры неге апарып соқтырғанын
сiздер жақсы сезiнiп отырсыздар. Бүкiл
жер шары машиналы ландшафтқа айналды.
Автоматты түрде заттарды тұтынудан бастап,
арысы табиғаттың тираны, берiсi iшкi жан-дүниенi
бағындырып-басынып, былғап-былықтырып,
адамды машиналардың құлы еттi. Зердеге
тұзақ құрғаны аздай, ең сорақысы, адамзат
мұндай құлдыққа зорлықсыз, өз еркiмен
келiсiп отыр.
Адам – техниканың бөлшегi болады.[4]
Осы проблемаға орай, Батыста техника
философиясы пайда болып, оны философтар
сала-салаға бөлiп, зерттеуi бекер емес.
Капитализм тұсында индустрия дамуындағы
техниканың рөлiн идеологиялық жағынан
түсiну, оның қоғамға тигiзетiн әсерiн айқындау
қажеттiлiктен туды. Бекман мен Э.Капп «органопроекциялық»,
яғни, адамның өз органдарын, дене ағзаларын
материалға проекциялау керек деген идея
ұсынған. Кейiнiрек ғалымдар техниканы
адамзат жөн-жосықсыз тұтынуы орасан зор
зиян шектiретiнiн айтып, дабыл қақты. Кейбiр
адамның жеке басылық тұлғалық қасиеттерiн
техника жоққа шығарады деп үрейлендi.
М.Голдман, Д.Форестер, Д.Медоуз экологиялық
дағдарыс себептерiн ғылыми-техникалық
революциядан табады. Бұл, әрине, бәрiмiзге
белгiлi жайт. Олардың «технологияның дамуын
осы бүгiнгi деңгейден ары асырмау керек,
тек сонда ғана әлемде табиғат пен техника
арасындағы тепе-теңдiктi сақтауға болады»
деуi алаңдаушылықтан туған пiкiр. Белгiлi
философ Ясперс «Қазiргi заман техникасы»
(«Мәдени мұра»,10 том) еңбегiнде қазiргi
қоғамның бет-бейнесiн бүкпесiз ашып көрсеткен.
«Техникаландыру нәтижесiнде жиi кездесетiн
құбылыс – мақсатсыз тiршiлiк ету, механизмдердiң
бөлшегi ретiнде ойсыз жұмыс iстеу, автоматтандырылудың
кесiрiнен бөтен тұлғаға айналу, ессiз қалыптағы
күйдiң көбеюi, жүйке жүйесiнiң тозуы мен
қозуы осының бәрi адам жан-дүниесiне керi
әсерiн тигiзiп жатыр. Адам өз тiршiлiк тамырынан
айырылды, машинаның қасынан орын табу
үшiн туған топырағы мен Отанынан қол үздi,
өз әдет-ғұрыптарынан алыстады. Техниканы
пайдалану – жұмсалатын еңбектi азайтып,
жеңiлдететiнiне күмән келтiремiз. Қайта
техника адамды бар күшiн сарқа жұмсауға
мәжбүрлейдi. Қазiргi техникалық құйтырқылықтар
арқылы жасалатын тұтыну заттарының көбеюi
жаңа мұқтаждықтар тудырады, мұқтаждықтарды
өтеу үшiн техникалық құрылымдар көптеп
шығарылады, бұл адамды қалжырататын нәрсе.
Адам бәрiбiр ауыр еңбектен босамайды»
дейдi ол. П.А.Флоренский деген ғалым «Машина
и идеалы» атты мақаласында: «Соңғы онжылдықта
адамға делдал пайда болды. Адам мен адамның
арасындағы бұл делдал – компьютер. О
баста компьютер адамдардың қарым-қатынасын
жақсартуға бағытталып жасалмаған. Компьютер
атына заты сай болуы тиiс едi. Бiрақ, өкiнiшке
қарай, керiсiнше, оның жобасында адам өмiрiн
жақсарту басты мақсат етiп қойылмаған»,
– дейдi. Мартин Бубер былай жазады: «От
жағушылар әлi де болса өз көмiрлерiнiң
қожайыны, ал машинистер соншалықты жылдамдықпен
жүйткiп келе жатқан машинаны өздерi басқармайды,
керiсiнше, машина адамды өз ырқына көндiре
бастағанының куәсi боласың».
Мына қызықты қараңыз. 22 жасар америкалық
әскери ұшқыш жауынгерлiк ерлiгi үшiн марапаттау
кезiнде журналистерге сұхбат берiптi.
Сонда ол: «Мен өзiмдi орасан зор тозақ
машинасының тетiгiндей сезiнемiн. Бұл туралы
көп ойлаған сайын мен өзiмдi туған күнiмнен
берi әрқашан бiрде ана, бiрде мына машинаның
тетiгi болғанмын ғой деп ойлаймын. Мен
әркез өз қалауыммен бiр әрекет жасағым
келедi. Бiрақ менен де қайратты техника
деген күш менi әлдебiр өзiме тиесiлi орынға
оңай жеткiзiп отырады. Бұл маған ұнады
деп айта алмаймын», – дептi. Ұшқыш не айтқысы
келген сонда? Ол өз қолымен әрекет жасағысы
келедi. Бiрақ техника оның алдын орап кеткенiне
қынжылыс бiлдiрiп отыр.[3]
Табиғаттан, тамырынан безiнiп...
Қазiр әлемдi
Өткен ғасырларға бiр шолу жасап шығайық.
Орта ғасырларда адамдар өзгелермен және
Құдаймен, заттармен тiрi сенiм арқылы ортақтасты.
Сансыз қайғылы оқиғаларға белшеден батып
жүргенiне қарамастан, ол ғасырлар адамды
гуманизмге, романтикалық сезiмге қабiлеттi
еттi. Таза жүректiлердiң арқасында ұлы
махаббат адам жан-дүниесiне оның өзiнен
жоғары табиғатты сүйдiрдi. Бiр ғана ағартушылық
дәуiрiн алайық. Ол дәуiрде ой еңбегi жоғары
бағаланғанын бiлемiз. «Әрбiр адам ақыл-ойдың
жемiсiне сүйене отырып, тарихты саналы
түрде жасауы керек. Яғни, жауапкершiлiктi
сезiне отырып, ерiктi әрекетке даңғыл жол
ашуы керек» деген ұран болды. Бiздiң ақыл-ойымыз
сол замандармен теңесе алмайды. Себебi,
автоматтанып кеткен. Қазiргiлердiң iшкi
жан-дүниесiн де ол замандармен ойша салыстырсаңыз,
аспан мен жердей айырмашылыққа кезiгесiз.
Жан сұлулығының былғанғаны сондай, Авгий
атқорасы дерсiң. Осы ретте «компьютерлiк
төңкерiс» өзiнiң зымиян (жұмсартып айтқымыз
келмейдi) мақсатына толықтай жетiп отыр.
Мұндай дамудың нәтижесiнде әрбiр жеке
адам байланыссыз заттардың құрсауында
қалып қойғандай және ауыр машиналардың
салмағы өзiн басып тұрғандай сезiнетiн
проблема туындайды. Теледидардағы, интернеттегi
кинофильмдер, түрлi бағдарламалар бiр-бiрiнен
аумайтын ұсақ тақырыптарды қаузайды.
Бұл адамның фундаментальды өзiндiгiн жаттандырады.
Автоматтандырылған жүйелер, машиналар,
компьютерлiк техника негiзiнен тек қана
механизмдердi басқарып қана қоюы керек
едi. Қайдан! Оған бұл аздық етедi екен.
Адамның ақыл-ойы, интелектiлiк, сезiмдiк,
эмоциялық секiлдi байлық үзiктерiн автоматтандырып,
стандарттандыратын мақсаты да бар болып
шыққаны ғой оның. Ясперстiң сөзiмен айтқанда,
«шынымен адамның барлық мүмкiндiктерi
мен оның ешкiмге ұқсамайтын ерекшелiгi
түгесiлiп, медитация қабiлетiмен қош айтысуымызға
тура келе ме?».
Техника мәселесiн қозғағанда бұқаралық
мәдениетке тоқталмай кете алмаймыз. Екеуi
егiз қозыдай. Мұндай мәдениеттiң ең шектен
тыс жүзеге асуы – китч. Бұл немiстiң «kitsch»
деген сөзiнен шыққан. Оның мағынасы –
«мәдениетсiздiк, дөрекiлiк, елiктеушiлiк».
Китчтың мiндетi – бақыт туралы иллюзияны
қалыптастыру. Оның иллюзиясы да техника
арқылы жүзеге асады, яғни, автоматтандырылады.
Автоматтандырылу нәтижесiнде ақыл-ой
банкротқа ұшырап, есiгi тарс жабылады.
Бұқаралық мәдениеттiң бiр көздегенi –
бiрөлшемдi ақпараттар тарату. Парадоксты
оқиғаларға құрылған, оқыс жағдайларға
әуестену, ессiз әрекетке құмарту шырмауығы
сананы билейдi де, ол бүкiл ғаламшарды
бiртұтастандырып жiбередi. Мына қызықты
қараңыз. Америкалық 15 жасар жасөспiрiм
жеңiл моторлы ұшаққа отырып алып, Флоридадағы
«Америка банктiң» зәулiм ғимаратына соғылып
қаза тапқан. Қалтасынан хат шыққан. Қаршадай
бала 11 қыркүйектегi атышулы Усама Бен
Ладеннiң террорлық әрекетiне сүйсiнгенiн
жазыпты. Тағы бiр жайт. Футболдан әлем
бiрiншiлiгiне iрiктеу ойындары көрсетiлiп
жатқанда бiр ғана Париждiң жиырма-отыз
миллиондай азаматы бүкiл түндi телеэкран
алдында өткiзедi екен. Бүкiл әлемдi бiр
жәшiкке телмiртiп қоятын мұндай ойындарды
жоғары бағалау ақыл-ой жемiсiн жерге қарату
деп санаймыз.
Ауруды робот емдей ала ма?
Техника
– жансыз. Оның ойы, миы, сезiмi, жүрегi екiбастан
жоқ. Болмайтын да шығар. Болмай-ақ қойсын
деп тiлейiк. Бiрақ мына бiздердi көзсiз арбайтын
сиқырлы тылсым күшi бар. Техника – құзғын.
Рухани байлығымызды сол құзғынға жем
қылып жатырмыз. Техника – догма. Ашық
аспан астында iшкi дүниемiз тоналып жатыр.
Техникалық кезең – рухани кезеңнiң антиподы.
Адамның адамилығы құлдырағанда технизациядан
пәс күйiнше қалады. Техника дәуiрiнде адамдар
атом мен молекуладай ыдырап, майдаланып,
қасаң түсiнiктерге сүйенетiн қарабайыр
дүниеде өмiр сүргенiн сезiне алмайды. Табиғаттан,
өз-өзiнен iргесiн аулақ салып, оны рухани
жұтаңдандырады. Адам – бар болғаны тетiк,
құрал. Трансценденттiк кемелдiк жетiмдiктiң
күйiн кешiп, құмырсқа тiрлiк, бiр-бiрiне қайшы
ұсақ талаптар мен жеке бастың мүддесi
басты орынға шығады. Небiр технологиялық
құралдар, түрлi заттар шығып жатыр. Соңғы
шыққан заттарды сатып алуға құлшыныс
басым. Адамдар ол заттардың сапасына
қарамайды, керiсiнше, мәртебе үшiн сатып
алады. Мәселен, ұялы телефонды алайық.
Бiр басында үш-төрт «ұяшығы» бар азаматтар
арамызда аз емес. Бiреуiнiң номерi aktiv, екiншiсi
beelinе, т.б. Бiр емес, үш-төртеуiн қолдану
аса қажеттiлiктен туындап отырған жоқ,
бұл жәй ғана мақтаншақтық, астамшылық,
тiптi керек десеңiз, балалық. Өздерiн өзгелерден
жоғары қойып, шiренiп-шiкiрею үшiн тапқан
әдетi. Осындай әсiреқызығушылық, техникалық
заттарға деген құмарлықтың етек алғаны
соншалық, қазiр бiр «ұяшығы» барларды
«байғұс, жағдайы нашар ғой, қайтсiн ендi»
деп мүсiркейтiндер табылады. Шын мәнiнде,
саналы түрде ойлап қарасаңыз, техника
ешуақытта өмiрдiң мағынасын, мәнiн анықтап
берген емес және бере алмайды да. Ол бақыт
бақшасы да емес. Керiсiнше, бүкiл өмiрiңдi,
тағдырыңды, өзiңнiң болмысыңды қуыршақ
қылып ойнайды. Сiз оның, бар болғаны, ойыншығы
ғанасыз. Егер өмiрiңiз техникамен көзсiз
бiрлiкте, мызғымас байланыста өтiп жатса,
сiз саналы түрде оны тек қана құрал ретiнде
қарай алмасаңыз, онда сiзге шындап көңiл
айтуға болады.
Техниканың жете алмай, жеткiзбей жүрген
бiр «ұлы» мақсаты бар. Ендi оған адамдарды
тек роботқа айналдыру ғана қалды. Бұл
бiртiндеп жүзеге асып та жатыр. Батыста
аурухана, өзге де түрлi кешендерде роботтар
қолданылады. Париждегi Жорж Помпиду ауруханасы
және Жапониядағы ауруханаларда лазерлiк
басқаруды пайдалану жоспарланып отыр.
Аурухана қызметкерлерi қандай да бiр материалды
жеткiзiп беру туралы орталық компьютерге
сұраныс жасайды. Орталық компьютер сұраныстың
жеделдiгiне байланысты роботты жұмсайды.
Бұл жұмыссыздардың саны артып, сол жұмыссыздар
тоқшылықта, молшылықта өмiр сүрсе де,
әрекетсiздiктен зерiгiп, азып-тозады деген
сөз. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар
адам баласын» деп Абай атамыз баяғыда
айтып кеткен.[6]
Бiз адамбыз ....
Осыдан
келiп, «бiз өмiрiмiздiң мәнiн неден табуымыз
керек?» деген сұрақ туындайды. Бiр жазушы
«менi болашақ қатты қызықтырады. Себебi,
мен қалған өмiрiмдi сонда өткiземiн» дептi.
Бiздiң ойымызда осы. Қаласақ та, қаламасақ
та, бұл болашақты бiз техникасыз елестете
алмаймыз. Бiрақ түсiнiксiз дүниеге аттанып
барамыз. Бiздi осындай жұмбақ дүниеге
жетектеп әкетiп бара жатқан құбылыс ата
бабамыздың сан ғасырлық арманына тiптен
ұқсамайды. Өркениет деймiз. Бұған әркiм
өзiнше баға бередi. Мейлi қандай өркениет
болсын, ол жақсы ма, жаман ба, бiздi болашақтың
өзi қызықтырады. Бiздiң робот болғымыз
келмейдi! Иә, қорқамыз. Ш.Айтматовтың «Ғасырдан
да ұзақ күн» романын оқығансыздар. Сондағы
Сәбитжан: «Радио арқылы адамдарды басқаратын
күн туады әлi. Әлгi автоматтарды қалай
басқарса, тура солай басқарады. Оу, түсiнiп
отырсыздар ма, кәрi демей, жас демей, адамдардың
бәрi түгел радио арқылы басқарылатын
болады. Көзге көрiнбейтiн биотоктар ұдайы
сенiң санаңа әсер етедi де тұрады. Адам
ылғи орталықтың программалары бойынша
қимылдайтын болады. Адам бәрiн өзiм iстеп
отырмын деп ойлайды, ал шындығында бәрiн
iстетiп отырған жоғары жақ. Бәрi де тәртiппен,
нормамен iстеледi. Сен ән салуың керек
пе? Онда биоток арқылы сигнал келедi, шырқай
жөнелесiң. Сен билеуiң керек пе – сигнал
– билей жөнелесiң. Сен жұмыс iстеуiң керек
пе – сигнал – жұмысты қақыратып саласың».
Сандырақтаса да, сөзiнiң жаны бар.
Осынау қаптаған темiр-терсектерден жанымызды
аулақ ұстап, мағыналы, мәндi өмiр сүргiмiз
келедi. Мағыналы өмiрдiң қандай болатынын
шындығында ешқайсысымыз да жарытып бiлмеймiз.
Жастар мұның сырын кино, теледидар, компьютерден
танып-бiлуге әрекеттенедi. Iшiп-жеу, күлу-ойнау
да бар. Одан қалса әр елден келген сапасыз
құндылықтарды талғаусыз сiңiру бар. Өмiрдiң
мәнiн дұрыс түсiнбей жүрмiз. Егер осылай
кете берсек, ескексiз қайықтай өзен ағысы
мен жел бағытының тәлкегiне түсемiз. Немесе
шамамен долбарлап, топшылап, өзiмiзше
бал ашып, ненiң зиян, ненiң пайдалы екенiн
тап басып тани алмаймыз. Қазiргi бiрөлшемдi
ақпараттар тасқыны бас-терiмiзбен бiрге
қылғыта жұтып, сана-сезiмiмiздi улап, айналаны
дұрыс қабылдау қабiлетiнен жұрдай етiп
жатқанына куәмiз. Бiздер бұрынғының интеллигенттерi
секiлдi әрдайым мораль мен iзгiлiк туралы
емес, техника, табыс туралы сарнаймыз
келiп. Неге? Бiлмеймiз. Бiр бiлерiмiз, бiздi
ата-анамыз темiр-терсектiң тетiгi болсын
деп дүниеге әкелген жоқ. Ендеше бiздiң
робот болып, жаттанды өмiр сүруге де хақымыз
жоқ. Бiз адамбыз. Адам болып қалуымыз керек.
Ғылым қолынан шыққанның бәрi бiрдей тамаша
бола бермейдi. Ескерейiк. «Мұнда тұрған
не бар?» деген көрсоқырлықтан, немқұрайдылықтан
аулақ болайық. Тағы да қайталап айтам,
бiз адамбыз!
В.М.
Розиннің техника
философиясы
ХХ ғасырдың аяғында Ресейде коммунистік идеологияның және ол сүйенген кеңес философиясының ыдырауы салдарымен көптеген бұрын тек сыни сипатта қабылданған философиялық бағыттар, теориялар жан-жақты зерттеуге ие бола бастады. Соның бірі – техника философиясы болды. Міне, осы салада өнімді еңбек ете бастаған зерттеушінің бірі Вадим Маркович Розин.
Ол философия, мәдениеттану саласында көптеген еңбектер жазып жүрген ғалымдардың бірі. Ғылымдар методологиясы мәселесімен айналысып, математикалық білімнің табиғатын логикалық тұрғдан талдау мен жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың қалыптасу ерекшеліктерін (докторлық диссертация жұмысы) салыстырмалы зерттеген ғалым-философ мәдениет пен өнердің, поэтиканың, семиотиканың, тарихтың мәдени мәселесіне тиянақты қалам тербеді. Осындай дайындықтармен келіп жаңа тыныс алып жатқан техника философиясы саласына өзіндік үлес қосқан зерттеуші осы салада тың пікірлер айтып жүр және Ресейде алғашқылардың бірі болып «техника философиясы» атты оқулық жазды. Назар аударатын нәрсе автор өз еңбегінің атауына «Египет пирамидаларынан виртуалдық реальдылыққа дейінгі» деген сөздер қосып зерттеуінің көлемін айқындап берді. Осы кітабында ол техника философиясының оқу пәні ретіндегі методологиясы мен маңызына назар аударады. Ол бұл саладағы білім төрт жағынан қаралуы керек деген пікір білдіреді: гуманитарлық, методологиялық, тарихи және пәндік .Соның ішінде В.Розин инженерлік білімді гуманизациялау мәселесін қояды. Зерттеуші техниканы бірнеше аспектіден қарай отырып, оның өзіндік ерекшелігін айқындайды. Біріншіден, техника «артефакт», яғни, адам жасаған зат. Екіншіден, ол «құрал». Үшіншіден, автор пайымдауынша техника-ерекше реалдылық, осы қырынан ол басқа болмыс түрлеріне қарсы қойылады және оның бұл қыры адам мен өркениет тағдырын айқындайды. Ал төртіншіден, табиғат күші мен энергиясын игерудің ерекше инженерлік әдісі. Автордың өзі бұл ерекшеліктерді жүйелей-топтастыра отырып, ол қасиеттердің басқа зерттеушілер тарапынан да байқалғанын атап кетеді, бірақ біздің пікірімізше, автор техникаға тән функционалдық және онтологиялық қасиеттерді ұтымды топтаған.Ой объектісі ретінде техника Розин пайымдауынша « техниканың үш мән-мағыналық кеңістікте –іс-әрекет, табиғат және мәдениет болуы, тек онтологиялық қана емес, гносеологиялық факт.» [2]
В.Розин
техника философиясының алдында
екі мақсат тұрғанын айтады: Біріншіден,
техниканы зерделеу, оның табиғаты
мен мәнін ашу-бұл тек
Техника философиясы тарихына қалам тербеген В.Розин осы ой саласындағы кеңес еліндегі төрт бағыттағы жұмысты атап көрсетеді: техника тарихы, техниканың философиялық мәселелері, техника ғылымдарының әдістемесі мен тарихы, жобалау мен инженерлік -қызметтің әдістемесі мен тарихы.[1].
В.М. Розин қазіргі
Өз жұмыстарында В.Розин техниканың тарихи даму кезеңдері мен оны оның әр кездегі дискурстарына шолу жасайды. Соның ішінде техниканы түсіну мен қабылдаудың мәдени, психологиялық аспектілеріне назар аударып, мысалы ежелгі дүниеде техниканың магиямен байланысты, ал технологияның толықтай сакралды сипат алғанын көрсетеді. Оның өз пікірі бойынша зерттеу жұмысына методологиялық түпнұсқа ретінде Хайдеггер мен Фуконың көзқарастарын алады. Ол техниканы әртүрлі бағытта қарастырып өтеді, соның ішінде техника мен технология диспозитиві аясында техника жасалуы, технология құрылымы, оларды түсіну, техника мен технологияны басқару мәселесін талқылайды. Розиннің түбегейлі зерттеп жүрген сұрағының бірі- инженерлік қызмет, дәстүрлі инженерия дағдарысы мен оның жаңа технологиялар заманындағы идеясы. Дәстүрлі инженерия дағдарысы туралы айтқанда автор инженерияның орнына дәстүрлі емес жоспарлаудың (проектілеу) келуін, оның орнын технологияның басуын, инженерлік қызметтің жағымсыз нәтижесін түсінуді, дәстүрлі ғылыми-инженерлік әлем бейнесінің дағдарысы мәселесін айтады. Соңғы мәселе бойынша автор инженердің әлемге көзқарасының жалпы табиғатты, қоғамды, адамды, этикалық сұрақтарды кеңінен қарастыруы қажеттігі тұрғысынан өзгеру керектігін алға тартып, «әлем бейнесінде» кең көлемді этикалық түсініктер жатуы керектігін баса айтады. Техника философиясы аясында әлеуметтік жобалау (проектілеу) де тың да қызықты тақырып болып табылады.
Технологияның
өркениеттің дағдарысына
Заманауи
техника мен технология, оның зардаптары
мен жетістіктері мәселесі көркем әдебиетте,
соның ішінде ғылыми фантастикалық
әдебиетте кеңінен суреттеліп, философия
қойып жүрген сұрақтарды көпшілікке
түсінікті образды түрде
Қорыта келгенде В. Розин қазіргі өркениет пен адамзаттың тіршілігінде зор роль атқарып отырған техника мәселесін әр түрлі аспектіде зерттеп жүрген Ресейлік техника философиясының көрнекті өкілі.
“БЕСІНШІ ЖОЛ” – ЕЛДІК РУХ ФИЛОСОФИЯСЫ
Нұрсұлтан Назарбаевтың “Бесінші жол” атты әлемдік қаржы дағдарысы туралы сараптамалық еңбегі – мазмұны жағынан “Дағдарыстан шығудың кілті” деген мақаласының жалғасы. Мақаланы мұқият оқыған адамның санасына салмақ түсіретін ойлар баршылық. Мысалы, Елбасы: “Жаһандық дағдарыстың бізге айқын көрсетіп отырғанындай, техника-технологиялық жөн-жосық бүгінгі таңда ел мен әлемнің өркендеуі үшін негізгі нәрсе емес” деген түйін жасаған. Ойланатын жағдай. Неге бұлай дегенді келесі сөйлем анықтап отыр: “Қайта жаһандық дағдарыстың басты көзі мен түйінді себебі дәл осы техникасы мен технологиясы жоғары дамыған елдер болып шықты”. Міне, мәселенің айқындығы. Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысына бастап әкеліп, оның батпағына өзге елдерді батырып жатқан “өркениетті” деген елдер. Дағдарысты дүниеге әкеліп, әлемдік “кептеліске” салған Батыстың “дамыған” деген елдері. Бұл қалай? Осыған ұқсас пікір Ресей президенті Дмитрий Медведевтің “Россия, впер¿д!” деген мақаласында да айтылған. “Наивные представления о непогрешимом и счастливом Западе и вечно недоразвитой России неприемлемы, оскорбительны и опасны”, дейді ол. Батыс елдерін жер-көкке сыйғызбай, бар істе үлгі тұттық. Содан не шықты? Батыс елдерін альпинистермен салыстыруға болады. Олар шың басына өздері шықты да, өзгелердің шығуын қажет етпеді. Бұл іс әлемдік дағдарысқа бастады.[6]
Бүгінге дейін техника, технология өркениеттің іргетасы деп келдік. Анығы да солай. Техника-технологиялық үрдіссіз не болмақ. Ат-арба, соқамен алысқа бармайсың, бірақ неліктен дәп өркениеттік үрдіс адамзатты дағдарысқа бастап әкелді, нендей атқаруға қажет істер атқарылмады, нені аңғармай қалдық? Мақалада негізгі әңгіме валюта-қаражат жүйесіне қатысты айтылған. Әрине, күллі өндіріс, тұрмыс, болмыс қаржы-қаражатқа тікелей байланысты, бірақ бар мәселе сонымен анықтала ма? Қандай өзге амалдар қажет еді? Адамзат болып ойланатын іс. Мақалада осындай жаһандық жағдайларға сараптама жасалып, батыл әрі тың ойлар, ұсыныстар айтылған.
Біз бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің
санатына енеміз деген ізгі ниетімізді
саяси мақсатқа айналдырып отырмыз,
бұл – Қазақ елі үшін ұлттық
идея. Біздің әлемдік үрдістен кенже қалып
отырғанымыздың басты екі себебі бар.
Бірі – тарихи, екіншісі – соның нәтижесінде
келетін технологиялық мәдениеттің, өркениеттің
сапасында. Алайда, алғашқы тарихи себептің
мәнісі социализмде болып, содан шыққанымыздан,
ол заманда әр елдің төл болашағы есепке
алынбады. Социализм үнемі макроәлемдік
саясат жағында болды. Әлемге империя
болып өктемдік жүргізу, елдік рухтың
орнына қолдан жасалған коммунистік рух
деген болды. Бүгінде дағдарыс мәселенің
ақ-қарасын аша бастағанда әр ел өзінің
болашағын, әрине, әлемдік контексте анықтай
алуға мүмкіндік туды. Бұл терең әрі тың
ой Елбасының мақаласында бірнеше рет
қайталанған. Дағдарыстан әрбір ел өзіндік
бағдарлама жасау негізінде шығуды мақсат
етуі – ең тиімді тәсіл. Өзге елдер дағдарыстан
қашан шығады деп дәмеленіп тосу ел рухына
тұсау салумен бірдей.
Қорытынды
Өзара байланысты техника мен ғылым біздің заманымызға тән болып келеді. Бәлкім, онсыз біздің техногендік өркениетіміз болмаған да болар еді. Алайда ғылым мен техника адамзатқа көптеген пайда тиғізгенімен де, сонымен бірге жаңа проблемаларды, тіпті келеңсіздіктерді де қоса әкелді. Алайда, техникалық нысандар адам қызметін заттандыру нәтижесі ретінде көрінеді. Техника – бұл адам, алайда оның тікелей емес, символдық болмысында қарастырылған.
Техника
адамды «қаруландырады», ол оны неғұрлым
күшті, жылдам, биік етеді. Бірақ техниканың
келеңсіз салдарлары адамды өмірде әлсіз
қылып жібереді. Егер қазіргі кезгі адам
өзінің техникалық жеңістерінен ешқашан
бас тартпаса, онда адамның техникалық
болмысының түрлі салдарларының оңтайлы
үйлесімі қажеттігін мойындау керек.

- Техника философиясы
- Техника флоротипии
- Техника, формы и организация бухгалтерского учета
- Техника фрахтования судов
- Техника футбола
- Техника-экономикалық негіз ретінде құрылыс құнын анықтау
- Техники арт-терапии
- Техника управления свободным временем
- Техника упражнений легкой атлетики
- Техника упражнений легкой атлетики
- Техника упражнений легкой атлетики
- Техника упражнений с лентой в художественной гимнастике
- Техника фелтинга
- Техника философиясы