Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар. 2

Темір дәуіріндегі  Қазақстандағы тайпалар мен одақтар

(Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар және Сарматтар және  олардың тұрмыс тіршілігі мен  мәдениеті туралы)

Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ерте мемлекеттік құрылымдар. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны мекендеген сақ тайпалары темірден заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот өзінің "Тарих" деген еңбегінде, 5 томында, географ Страбон "Географиясында" жазып қалдырған. Парсы патшасы Дарийдің Накширустамдағы /Персопольға жақын/ тас жазуларында сақтарды үш топқа бөліп көрсеткен.: парадария (теңіздің арғы бетіндегі сақтар-европалық скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар), хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар-Ферғана жерін мекендевшілер), тиграхауд сақтар (шошақ бөрікті сақтар-Сырдарияның орта аймағы және Жетісуды мекендеушілер).

Сақ әулетінің негізін  қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.

Сақтардың саяси  тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты.

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық  жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты.

Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті..

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері.

Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады.

Батыс және солтүстік  Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Жетісу мен  оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхаудтар - Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды.

Жетісудағы сақ мәдениеті  екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ.

Есік обасы Алматының  шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

 

 

Тегіскен қорымдары.

Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы - өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды. Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған. Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.

Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың  қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен  айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын  жасаған.

Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

Сақ қоғамының адамдары үш әлеуметтік топқа бөлінді. Олардың әрқайсына бір түс тән болды.:

1) жауынгерлер (қызыл) 

2) абыздар (ақ)

3) басқа қауым адамдары (сары, көк)

Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Үйсіндер.

 

Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда  Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері  болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.

Үйсіндер Орталық Азиядан  келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты.

Үйсіндер туралы жазба  деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.

Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.

Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.

Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.

 

 

 

Қаңлы мемлекеті.

Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сыр,Талас өзендері бойында орналасты. Олар да орталық Азиядан келді. Саны 600 мың адам, 120 мың әскері болды. Астанасы Битян қаласы

Археологиялық ескеткіштері. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш- сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.

Шаруашылығы, кәсібі. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.

Қаңлылардың орналасуы


Біздің заманымызға дейін II ғасырдың екінші жартысындағы "Халықтардың  ұлы қоныс аударуы" деп аталынған оқиғаның нәтижесінде Еуразияның, соның ішінде Қазақстанның саяси картасында өзгерістер пайда болды. Тайпалар мен халықтардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруынан Қазақстанның оңтүстігінде біздің заманымызға дейін II ғасырда Қаңлы мемлекеті бой көтерді. Қытайдың деректеріне сүйенсек, "Кангюй" деп аталынады. Қытай тарихының атасы Сыма Цяньның (145—86 жылдары) еңбегінде: "Қаңлы Ферғананың (Даван) солтүстік батысында, шамамен, 2 мың ли (1 ли — 500 м) қашықтықта орналасқан көшпелі мемлекет. Үлкен юэчжилермен тұрмыс-салты өте ұқсас, 90 мың әскері бар яньсай кангюлердің солтүстік-батысында 2 мың ли жерде. Көшіп-қонып жүретін олардың әдет-ғұрыптары кангюйлерге ұқсас келеді. Әскері 100 мың адам, әдетте, кангюмен араласып тұрады. Ол Ұлы көлге жапсарлас жатыр. Кангюйдің бес кіші князьдігі бар".

Мәліметтерге сүйене отырып, Кангюй мемлекетінің аумағын Сырдарияның  төменгі ағысына, яньсайларды Арал теңізі мен Каспий теңізінің аралығына орналастырамыз. Бұл мемлекет күш-қуаты жағынан юэчжилер мен ғұндардан кем түскенімен, Еділдің төменгі ағысын қоныстанған Яньсай (Сармат-алан тайпалары одағы) иеліктерш өз ықпалында ұстаған. Қытай дерегі Яньсайдың Қаңлыға тәуелді болғандығын атап көрсетеді. Кейін Яньсай Алания болып өзгерді.

XX ғасырдың ортасына дейін  кангюйлердің орналасуы туралы  мәселе даулы болып келді. Қалай дегенде де, Сырдария мен Әмудария аралығына (Хорезмге дейінгі қосөзен арасы) кіргендігі белгілі. Бұл тарихи дәуірді зерттеген К. Ақышев, К. Байпаков: "Кангюй мемлекетінің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақты енгізіп, орталығы Отырар", — деп көрсетеді. Ал қытай жылнамаларына сүйенген С. П. Толстов болса, оның шығыста Ферғана, оңтүстікте Парфия, Бактрия, батысында Хорезм, Бұхарамен шектесіп жатқанын айтады. Айтылған аймақта археологтер кангюй мәденетіне тән Қауыншы, Отырар — Қаратау, Жетіасар мәдениетін бөліп көрсетеді. Н. Я. Бичурин кангюй билеушісінің қыстыгүні Битяньқаласында тұратындығын, шығысында олардың ғұндарға бағынышты болғандығын жазады.Тағы да осы деректерден Кангюй мемлекеті Орталық Азия мен Қазақстан жерін қамтыған кішігірім бес бөліктен тұрғандығын аңғарамыз.

Қаңлылардың арғы ата-бабалары юэчжилерден шыққандығы, ежелгі мекені ғұндарға көршілес болғандығы туралы мәліметтер бар. Кейін олар ғұндардан жеңіліп (біздің заманымызға дейін 174 жылы), Іле-Жетісу, Ферғана өңіріне келген.

Қаңлылардың мемлекеттік  — саяси дамуы


Қытайдың "Солтүстік патшалықтар тарихында": "Олар үнемі көшіп-қонып жүреді, бір өңірде тұрақтамайды. Хань империясынан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Олардың патшасының ата тегі — Үн, арғы тегі Юэчжиден шыққан... Ғұндар олардың тас-талқанын шығарғанда, батысқа ауып, Памир асып кеткен. Содан өз мемлекетін құрған", — деп көрсетеді.

Үйсіндер ғұндардың көмегімен  юэчжилерді Іле — Жетісу өңірінен ығыстырған еді. Ауыр жеңілістерден күйзелген юэчжилердің бір тобы Ферғананың солтүстік батысына кетсе, екінші бір тобы юэчжилерден бөлініп шығып, Талас өзенінің бойында Қаңлы мемлекетінің іргесін қалады. Бұл, шамамен біздің заманымызға дейін 150 жыл деп топшылауға болады. Ал Қытайелшісі Чжан Цянь біздің заманымызға дейін 138—125 жылдар қаңлылардың арасына келгенде толық қалыптасқан кезі болатын. Дегенмен юэчжилер мен ғұндар ықпалы әлі де байқалып тұрды.Біздің заманымызға дейін II ғасырдың соңы — I ғасырдың басында каңлыларда жоғарыда аталынған бес иелік пайда болды. Олар өздеріне Арал — Каспий аралығындағы Яньсай (сармат-алан) тайпаларын бағындырды. Сыма Цянь мен Бан Гу еңбектерінде каңлылар біздің заманымызға дейін II ғасырда Іле бойын мекендеген үйсіндердің көршісі ретінде қарастырылды.

Қытай елшісі Чжан Цянь біздің заманымызға дейін 138 жыл Орталық Азияны билеп тұрған юэчжилерге келе жатып, қаңлыларға жол-жөнекей соққан екен. Бұл қаңлы мемлекетініңкүшейіп тұрған кезі еді. "...Кезінде кангюй князі өз ұлын Қытай сарайына жіберді, жердің шалғайлығы себепті тым тәкаппарланып кетті. Басқа иеліктер сияқты тәуелді болғысы келмеді... кангюй өміршісі өркөкірек, тіпті елшілерімізге бас имейді. Біздің жіберген адамдарымызды үйсін елшілерінен төменірек отырғызды", — деп хабарлайды.

Бірақ ғұн, үйсін, қаңлы сияқты үш мемлекеттің бір-бірін жақын тартатындығы, байланыстарын үзбейтіндігі де сөз болған. Шаруашылығы мен тұрмыс-салтының ұксас болуы да олардың этникалық жағынан да жақын, туыскан екендігін аңғартады.

Қаңлылар біздің заманымызға  дейін I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін  сақтап, Кытайға аманат ретінде адам жіберуден бас тартқан. Алайда қаңлылар ғұндармен жақындасып одаққұрды. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде, солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Чжи-Чжи бастаған елге өз жеріне қоныстануға жағдай жасады. Қаңлыбилеушісі Чжи-Чжиге өз қызын әйелдікке берді. Ал Чжи-Чжи өз кезегінде күш жинап, қаңлыларды менсінбеуге айналды. Орталық Азиядағы үстемдікке ұмтылды. Ғұндар қаңлы мен үйсіндер арасындағы соғысқа араласты. Ал үйсіндерді Хань империясы колдап отырды. Біздің заманымызға дейін 42 жылы ғұндар мен қаңлылардың біріккен күштері үйсіндердің астанасын (Ыстықкөл жағасындағы "Қызылаңғар қаласын") талқандайды. Ферғаналықтарға жорық жасайды.

Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған каңлы, Ферғана, Бактриялықтарды шақырды. Қытайға қарсы күресте көрші елдерден көмек іздестіре бастайды.

Бұл Қытайдың сыртқы саясатына қарама-қайшы келді. Батыс өңірде үстемдік орнатуға кедергі болып отырған Чжи-Чжи тәңірқұтының көзін жою кезек күттірмейтін мәселеге айналды. "Чжи-Чжидің бүгінде күш-құдіреті, айбаты асқақтап, атағы алысқа тарады. Үйсін Ферғананы өзіне бағындырғалы жүр. Егер ол осы екі елді бағындырып алатын болса, онда қалалықелдерге қауіп төндіреді. Оның үстіне, адамдары сом денелі, батыр, соғыста әбден шыңдалған. Егер осылай күшейіп кете беретін болса, Батыс өңірге лаң салуы мүмкін". Жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскерлері Чжи-Чжиға қарсы жорыққа шықты. Әскердің бір бөлігі оңтүстіктен Памир арқылы Ферғана бағытын ұстаса, қалған бөлігі солтүстіктен үйсіндердің жері арқылы қаңлылардың Ыстықкөл маңындағы шекарасына бет алды.

Біздің заманымызға дейін 36 жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас қорғанында екі күнге созылды. Л. Гумилев: "Бұл шайқасқа римдік легионерлер қaтысты", — деп көрсетеді. "Ғұндардың бір бөлігі Батысқа қоныс аударып, Талас өзенінің бойындағы далаға орын теуіп, парфиялықтармен одақ құрды. Олар ғұндарға көмек көрсету үшін римдік әскери тұтқындардың жасағын жіберді". Ал қытай жылнамашысы Чжи-Чжидің соңғы демі таусылғанша қалай жанқиярлықпен шайқасқанын былайша баяндайды: "Тәңірқұты өзі сауыт киіп, қамалдың мұнарасына шықты. Әйелдер де қолдарына садақ алып, қорғанға ұмтылған әскерлерді ата бастады. Тәңірқұтына оқ тиді. Әйелдер де түгелдей оққа ұшты. 1518 адамның басын алып, 145 адам тірідей ұсталып, 1000 адам тұтқындалды".

Қаңлылар өз тараптарынан Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды. Қаңлы мемлекеті біздің заманымдың III ғасырына дейін өмір сүрді. Мемлекеттің ыдырауына экономикалық әлсіздігі себепші болды. Оңтүстіктегі отырықшылықпен айналысатын аудандардың солтүстіктегі көшпелі, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын аудандармен байланысы нашар болды. Мұның өзі біртұтас елге айналу жолында кедергі келтірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғұндар.

 

Ғұндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.

Ғұндар Рим империясына  қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сарматтар 
Сарматтар мен Сақтар 100 б.з.б., тағы да Парфия көрсетілген. 
Мазмұны 
1Жалпы мәлімет

 
2 Археологиялық ескерткіштері

 
3 Шаруашылығы

 
4 Зергерлік өнер

 
Жалпы мәлімет

 
Сарматтар— көне дәуірде Қазақстанның батыс өлкелерін, Оңт. Орал алқаптарын мекендеген, үлкен тобы Еділден батысқа қарай өтіп, Солт. Қара т. өңірлерін жайлаған тайпалардың шартты атауы. “Сарматтар”, “Сарматия” сияқты атаулар антик дәуірінің жазба деректерінен келген және көптеген тайпалар мен олардың одақтарына таңылатын жалпылама ұғым болып табылады. Грек деректерінде С. б.з.б. 4 ғ-дан, яғни олардың Бат. Қазақстан мен Оңт. Орал өлкелерінен батысқа қарай жылжуы басталған кезден бастап кездеседі. Осы кезде, яғни б.з.б. 339 ж. Қара т. скифтерінің атақты патшасы Атей өліп, бұдан соң Скифияда үлкен саяси-экон. дағдарыс қалыптасады. Ғыл. тұжырымдамалар скифтер мемлекетіндегі осы қиындықты пайдаланған С-дың шығыстан жылжыған түрлі топтары үнемі соғыса отырып скифтерді түпкілікті талқандағанын көрсетеді. Б.з.б. 2 ғ-ға қарай Қара т. скифтерінің патшалығы аумағында С. билігі орнайды. Соғыс өнерін жете меңгерген С. Риммен әскери қақтығыстар жасап отырды. Император Август тұсында жасалған Рим әлемінің картасындағы 24 облыстың 9-ыншысы “Сарматия” деп аталған. Страбонның “Географиясында” (б.з.б. 65 ж. — 25 ж.) языг, роксолан, аорс, сирак сияқты сармат тайпаларының аты беріледі. Қазіргі ғалымдар алдыңғы екеуін еур., ал кейінгі екеуін азиялық Сарматияға жатқызады. С-дың бұдан кейінгі тарихы да қымғуыт соғыстар мен жорықтарға толы. Б.з.б. 1 ғ-дың соңына қарай әуелі Дон маңында, кейінірек Қара т. өлкелерінде “алан” тайпалық одағы қалыптасып, көп ұзамай С-дың басқа да топтарын өзіне қосып алады. Еуропадағы сармат-аландардың патшалығы бұдан соң германдық готтардың, түркі тілдес ғұндардың араласуымен тікелей байланыста дамыды. 4 ғ-дың соңында ғұндар аландарды талқандап, өздеріне қосып алғаны белгілі. С-дың тарихын, оларға қатысты түрлі оқиғаларды сараптауда көне грек, рим деректері басшылыққа алынса, мұны қосымша нақтылауда, әсіресе тайпалардың мәдени-шаруашылық мінездемесін жасауда қазіргі заманның археол. деректері аса зор рөл атқарады. С-дың иран тілдес топтарға жататындығы жайлы пікір Еуропа мен Ресей ғылымында 19 ғ-дың соңына қарай қалыптасты. Қазіргі ғалымдардың үлкен бір бөлігі осы ойды қолдаса, енді бір тобы оларды байырғы түркілермен байланыстырады. «Сармат» этнонимі ежелгі деректерде б.з.д. 3 ғасырдан бастап қолданылып келеді. Осы кезден бастап сарматтардың Скифияны жаулауы басталды Бұл сарматтар Аралдың оңтүстігіндегі тайпалармен туыс болған. Сондай-ақ олардың савроматтармен этникалық туыстығы да күмән тудырмайды. Сарматтардың бір тайпасы — роксоландар б.з. 1-ғ. Мидияның шекарасына жетіп, Риммен соғысқан.

Сарматтар өздері басып алған елдің  саяси өміріне мықтап араласқан. Мыс. Б.з.д. 2 ғ. соңында Понтия патшасы Митридаттың қолбасшысы Диафантпен болған соғыста роксоландар скифтерге қосылды. Б.з.д. 1 ғ. Митридат Римге қарсы күрескенде сарматтар оның жағында болған. Б.з.д. 49-ж. римдіктер мен сарматтар бірлесіп, Боспор патшасының одақтастары сирактарды (сармат тайпасы) жеңеді.

Аландар (Оралдың оңтүстік өңірінен шыққандар, сарматтармен туыстас тайпалар) Қара теңіздің солтүстік өңірінен дейін жетеді. Кейін ғұндарға қосылып, Испаниядан бір шығады 
Археологиялық ескерткіштері

Б.з.б. 4 ғ. басында савроматтар Доннан Ембіге дейінгі территорияны алып жатты. Осы кезде олардың екі мәдениеті  қалыптасты. Олар: Батыс Болғар-Дон  мәдениеті, және Шығыс-Орал мәдениеті. Сармат тайпалары (ерте -Прохоров мәдениеті) өлген адамның қабырын балшықпен сылап не таптап, өлген адамды басын түскейге қаратып, шалқасынан жатқызып қоятын болған.

Екінші кезеңде (орта – Суслов мәдениеті) б.з.д. 2-ғ. соңынан б.з. 1-ғ. басына дейін  қабыр құрылысының түрлері өзгермейді. Бірақ іші көмкермелі молалар  саны кемиді. Жасанды үңгірлер жоғалады. Әктастан жасалып, обалар астындағы  қабырға қойылатын антропоморфты  — адам бейнелі мүсіндер табыну бұйымдарына жатады. Үстірттегі Бәйіт табыну кешені белгілі. Ол обалар мен скульптура сынықтарынан тұратын үш топ ескерткіш. Мұндағы мүсіндер әктастан қашалып жасалған. Олардың кескін-келбеттері, қару-жарақтары ойылып жасалынған.

Кейінгі сарматтар Орал, Еділ, Дон өңірін, Орал сыртындағы даладан Буг өзеніне дейінгі аралыққа тараған. Бұл б.з. 2-4 ғғ.

Өлген адамдары іші көмкерілетін тар  қабырларға жерленген. 
Шаруашылығы

Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Жылқы мен қой өсірген. Иран тілдес болған. 
Зергерлік өнер

3-5 ғғ. «полихромдық өнер» дамыды. Тек алтын қолданылды. Полихромдық  өнерге әшекейлевдің түрлі техникасы  тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлев, оқа жүргізу, жалату т.б. Бұл өнер Моңғолиядан, Орта Азиядан ғұндардың келуімен байланысты Бұл әшекейлер Ертістің жоғары жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды), Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан табылды

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59   
  2. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 
  3. “Қазақ Энциклопедиясы”, 5-том 
  4. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 
  5. Чека Улпиано (1860-1916), "Ғұндар Еуропада " 
  6. Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма.  
  7. Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы қайдан шыққан?»  
  8. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 
Темір дәуіріндегі Қазақстандағы тайпалар мен одақтар. 2