Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары



Тақырып: Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары

 

Жоспар

I. Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3-6

1.      Тұлға және оның қалыптасу ерекшеліктері

1.1.           Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс----------7-10

1.2.           Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары-----------11-16

 

              II. Теориялық бөлім:

2.      Тұлғалық қалыптасу кезеңіндегі психологиялық дағдарыстан шығу               жолдары

2.1.Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтарының түрлері мен формалары-----------------------------------------------------------------------17-20

2.2. Әлеуметке қарсы мінез-құлық синдромы---------------------------21-22

 

III. Эксперименттік бөлім:

3. Тұлғаның қалыптасу барысындағы психологиялық ерекшеліктері

              3.1. Тұлғаны қалыптастыру және тұлғалық бағытты  іске асыру               ерекшеліктерінің түрлері-----------------------------------------------------23-24

              3.2. Тұлғаның психикалық даму барысында өзін-өзі бағалау

              іс-әрекеті-------------------------------------------------------------------------25-28

              3.3. Тұлғаның мінезін   қалыптастыруда оның  теріс істері мен               қылықтарын                 қадағалаудың маңызы----------------------------------28-29

 

 

 

Қорытынды--------------------------------------------------------------------30-31

Қолданылған әдебиеттер-------------------------------------------------------32

 

 

Кіріспе

 

Әр жас кезеңнің адамның тұлғалық қалыптасуында алатын өзіндік орны бар. Соған байланысты жасөспірімдік кезеңнің өзіндік маңызы бар. Бұл баланың «мені» қайта құрылып, айналасындағыларға сыни көзқарас қалыптасады. Жас кезеңдерінде физиологиялық өзгерулер мен қатар психологиялық өзгерулер де болатыны баршаға мәлім. Осы психологиялық өзгерулер дағдарыс та туғызуы мүмкін. Әрбір жас кезеңіне сай дағдарыс түрлері өмірге келу дағдарысы, үш жастағы дағдарыс, жеті жастағы дағдарыс, жасөспірімдік кезеңдегі дағдарыс, сұрақтар дағдарысы сияқты кезеңдерге жіктелуі заңды құбылыс.

Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімнің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің өзгерілуіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі.

Әр адам сыртқы дүниенің, сансыз тітіркендіргіштеріне өз әлінше түрліше жауап қайтарып отырады. Бұл жауап реакциялары оның сыртқы дүниемен қалайша қатынас жасайтынын көрсетумен қатар, біртіпдеп беки келе сол адамның, үйреншікті әдетіне, мінез-құлқының мәнеріне айналады. Сөйтіп, әр адамда әр түрлі мінез бітістерінің болуы оның сыртқы ортамен түрліше қарьм-қа-тынас жасауының нәтижесі болып табылады.

Адамның сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын осындай қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды.

              Педагогика әуел бастан – ақ балалар тәрбиесі мен оқыту жайындағы ғылым болып табылса, ал психология тұлғаның мінез-құлық, іс-әрекетінің негізінде қалыптасқан. Психологияның негізгі тармақтарының бірі «ТҰЛҒА» және  тұлғаның психоаналитикалық концепциялары болып табылады. Сонымен тұлғаның психоаналитикалық концепцияларына сүйенсек, психологиялық ұғымдар –тұлғаның қалыптасу кезеңдері.              Жұмыстың өзектілігі: Тұлғаның психоаналитикалық концепцияларына тоқталып,   психологияда мінез-құлық пен іс-әрекет бірыңғай және  тұтас процесс болып қарастырылады. Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары бүгінгі психология саласының өзекті мәселелерінің бірі. Тұлға – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды - көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады.

              Жұмыстың мақсаты: тұлғаның психоаналитикалық концепцияларын анықтау жолдарынқарастыру.

              Жұмыстың зерттеу нысаны: тұлғаның психоаналитикалық концепцияларының   мәнін, маңызын зерттеу.

              Жұмыстың міндеттері: тұлғаның психоаналитикалық концепцияларын ашып көрсету.

              Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс үш бөлімнен, кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

Тұлға – тарихи - әлеуметтік жағдайдың  жемісі. Жеке тұлға әлеуметтік ортада (белгілі бір қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К.Маркстың айтуынша, жеке тұлға – «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» /1/.

Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Тұлғаның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Осының нәтижесінде жеке адам өз бойындағы қабілетіне қарай өзін-өзі бағалай алады. Жеке тұлғаның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай ерекше қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі бір жеке тұлға болып қалыптасу барысында белгілі бір дәрежеде өсу, жетілу пропесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында және оны жеке тұлғаның өзін-өзі бағалауында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. Жеке тұлғаның белсенділігі тума қасиетінен, яғни «психикалық энергиясының» дәрежесінен, «психикалық қуатынан» болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады.

Тұлға қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Себебі оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы жеке тұлға белгілі мазмұнға ие болады. Жеке тұлға санасының дамуы және сол дамуның нәтижесінде өзін-өзі бағалауы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Қоғамнан әлеуметтен тыс жеке тұлғаның өмірінің болуы мүмкін емес.

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талпындыратын бір түрткі болады. Бұл түрткі мотив деп алалады. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.

Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде адамды тұлға ретінде қалыптастырып, өзін-өзі бағалауға итермелейтін басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Сол арқылы ол басқа жеке тұлғалардан ерекшеленеді.

К.Маркс бір сөзінде: «Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес» деген екен. Бұл қызығуы шар тарапты дамыған адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс - әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.

Тұлға – танымдық, саяси, әлеуметік құқықтық және тағы басқа бағыт – бағдаолары жетілген, тарихи және қазіргі заманға сай дүние – танымы зор дамыған, ғасырлар бойы қалыптасқан рухани мәдениеттің игіліктерін қоғамдық – саяси өмірге, әлеуметтік салаға, адамдар қарымқ- қатынасына енгізетін, бққара өміріне саналы және белсенді түрде қатысатын, бойында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы топтастырылған адам.

Тұлға – қоғамдық өркениеттің нәтижесі, белгілі бір қоғамдық қатынастардың жемісі.

Тұлғаның дамуы үнемі жетіліп отыратын заңды құбылыс болғандықтан, тек қоғамда, қоршаған ортада, өзге адамдармен тығыз қарым - өатынастар жасау кезінде ғана оның жоғарыда аталып өткен қабілет – қасиеттері қалыптасып, дами түседі.

Тұлға жекелеген ортада емес, белгілі бір мақсаты бар саяси - әлеуметтік ортада дамиды /2/.

Н.Ә.Назарбаев: «Демократиялану – қоғам мен адам өмірінің барлық саласында туындап жататын міндеттер комплексін шешімдейтін үздіксіз процесс. Демократия жарлықпен орындалмайды. Оны бастан кешіру арқылы жүзеге асырылады», - деп атап көрсетті /3, 15-б/.

Демек, тұлғаның саяси, әлеуметтік, мәдени іс – шараларға қатысуы қоғамдық саяси жүйедегі экономикалық құрылымдардың дамуымен ғана емес, сонымен қатар мемелекеттегі демократиялық режим элементтерінің жүргізілу дәрежесімен, демократиялық дәстүр мен заңдылықтың деңгейімен, саяси институттар мен саяси мәдениеттің дамуымен, азаматтардың саяси құқықтарының конституциялық жағынан қорғалу кепілдіктерінің болуымен, яғни сенім – наным еркіндігінің, идея мен хабарларды алу мен оны тарату мүмкіндігінің, мемлекетті басқаруға тікелей немесе жанама түрде қатысуға ықтималдықтың жүзеге асырылуымен айқындалады.

Бүгінде қазақстандық қоғам өркениетті демократиялық елдердің үлгісімен, әрі өзінің тарихи даму барысында қалыптасқан ерекшеліктерін ескере отырып, демократиялық жолмен ілгері дамуда.

 

 

 

 

 

1. Тұлға және оның қалыптасу ерекшеліктері

              1.1. Балалық шақтан есею кезеңіне өту барысындағы дағдарыс

 

Балалық шақтан есею кезеңіне өту кезіндегі дағдарыс жасөспірімнің қоршаған ортаға деген қатынасын білдіріп, қажеттілік және тілектерінің өзгерілуіне, ішкі дүниесінің қайта құрылуына әкеледі. Жасөспірім ағзасы қысқа уақыттың ішінде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жасөспірім айналасындағылардың өзіне деген құрметі мен санасуын талап етеді, ортадан өз орнын алуға тырысады. Өзін кейде біреулердің айтқанымен жүріп тұратын, не үлкендердің көрсетуімен  өмір сүретін бар болғаны біреулердің көшірмесі ғанамын деп қабылдайды. Сондықтан да ерекшеленуге, өз мінезін көрсетуге тырысады. Әсіресе, мұндай көңіл-күй, психологтардың көрсетуінше, ер балаларда 11-13 жаста, қыз балаларда 13-15 жаста көптеп кездеседі. Осы кезеңдегі балалар мінез қыңырлығын сипаттайды. Бұл кезеңдегі дағдарыстың мәні еліктейтін бейнесін табу. Мұндай кезде бала әртістер мен спорт шеберлерін, кейіпкерлер мен айналасындағы адамдарды өзіне пір тұтады. Егер бұл кезде еліктеу орынсыз болса, өзге кезеңдерде адамның рөлдерін шатастыру мен олармен эмоционалды қарым-қатынасқа түсу қиын болады. Жасөспірімнің осы кезеңде тәрбиесі қиындап, оқу үлгерімі нашарлайды. Жалпы еңбек, күш, қабілеті төмендейді.

О.Кро бұл кезеңді ішкі және сыртқы қарым-қатынастарға бейімделе алмаушылық және «мен» бейнесі мен өмірдің бірнеше бөліктерге бөлінетін кезеңі деп көрсетті.

Адамның үйреншІктІ әдетІ болып қалыптасқан мінез бітістерінің, кейде оның сыртқы ортамен жасайтын негізгі қатынастарына сәйкес келмейтін кездері де болады. Мәселен, біреудің қатал, не тымыр болуының негізінде адамды менсінбеу, тәкаппарсыну сияқты мінез қатынастарының тұрақты жүйесі жатпай, оның темпераментінің нерв жүйесінің тума қасиеттеріне байланысты қалыптасып кеткен әдеттерінің жатуы ықтимал.

Мінез — адамның   негізгі өмірлік бет   алысы және оның өзіндік әрекетінін   айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол — көп қасиеттІң бірлігі, түрлІ өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері   көп. Олардың бәрі де жеке адамның   қасиеттері болып табылғанмен, мұның кез келгені мінездің бітістері болып саналмайды. Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бей-келенеді. Мінез — кең мағыналы  ұғым. Онда турлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тербиелілігі, бірқалыптылығы,   тұрақтылығы, күші мен салмақтылығы — оның негізгі сапалары болып есептелінеді.

Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез - құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Коллективизм, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершІлік пен адалдық — мінездің осы сапасының негізгі компоненттерІ.

Рухани дүниесі бай қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. «Адамның басына қонған бакыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты (Әл-Фараби). Мінез сапаларының   бірі — оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып .тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Кімнің мінезі толық болса, соның  мінезі  бірқалыпты  да  келеді.  Бұл  екеуі  мінездің егіз қозыдай, бірінен екіншісі   ешқашан ажырамайтын қасиеттері. Мінездің тұрақтылығы әдамның санасы моральдық ұғымынан, түсініктерінен туындайды. Бұл қасиеттер адамның өмір сүруінің   мән-мағынасын, әрекетінің мазмунын белгілейтін мінездің сапасы /3, 15-б/.

Бірқалыпты, тұрақты мінезІ бар адам басқалардың  жетегінде кетпейді, оның өзінің белгілі көзқарасы, принципі, өзіндік мінез-құлқы болады, ол қауіп-қатерден бой тасаламайды, керек жерінде батылдық көрсете біледі.  Инициатива мен белсенділік, достық пен жолдастык, адалдық пен шыншылдық осындай мінезді адамға тән қасиеттер. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығынық мөлшерІ жатады. Соңғы сапа болмаса да мінез   өз мәнінде болмайды.   «Бойда қайрат, ойда көз болмаған соң айтпа сөз» деп Абай тегіннен тегін айтпаған. Жақсы мінезге тән сапалардың біріне оның байсалдылығы жатады. Мінез адамның дүниеге көзқарасы мен сеніміне   байланысып   жатса ғана онда  жоғарыда аталған сапалар қоры молаяды. Тек осындай мінезі бар адам ғана   алдына айқын мақсат  қоя аладьі. Соңғысы берік сенімнен туады. Мұнсыз тиянақты әрекет ету қиын. Қабілетсіз адам болмайтыны   сияқты мінезсіз де адам болмайды. Жаман болсын, жақсы болсын, .әйтеуір адамда бір мінез бітісі болады.   Бірақ жоғарыда айтқандай түрлі сапалары киысып келетін улкен мінезді адамдар жиІ кездесе бсрмейді. Біреуде ол жағы, біреуде бұл жағы жетпей жатады. Адам сондай-ақ турлі жағдайда түрліше қылық көрсетуі де мүмкін. Осыған қарап оның мі-незІ тұрақсыз екен деп бағалай салуға болмайды. Өйткені ол әншейінде батыл, жігерлі болмағанымен, бірде осындай қасиеттерімен көзге  түсуі мүмкін. Мінез үшін тұрақты қасиеттердің,   мәні өте зор.               Мінез адамның, басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда: қабілет, темпераментімен тәртіптілікті  сол кісінің мінез   бітісі деп санауға болады.

Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәсслен, табандылык, уақытша сәтсіздікке мойымау, енбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістерінің өзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары өзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлссі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді.

И. П. Павлов адамның мінсіз бітістерін жоғары нерв қызметінің, тума типтері мен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланыстарының өзіндік «құйындысы» деп түсІндІрдІ. Бұл жөнінде ол былай деп жазды: «...адамның, мінез-құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты болып қоймайды, сонымен бірге организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты, демек, кең мағынасында айтқанда, үнемі тәрбиелеу немесе үйрету жұмыстарына да байланысты болады» /4/.

Адам   мінезінің  қалыптасуы қоғамдық   болмыспен, әлеуметтік ортамен мектеп,   балалар мекемелері, оқу, өндіріс коллективі, қоғамдық ұйымдар т, б. тығыз байланысты. Осы айтылғандар мінездің дамуы үшін шешуші роль атқарады. Мінез өзгермейтін тума қасиет емес, ол өмірде қалыптасады. Мәселен, ешбір бала тумысынан «еңбек сүйгіш не жалқау,  тәртіпті, не ұстамсыз болып тумайды. Оның мінезі, ұзақ жылғы өмір сүру барысында өмірдің сан алуан ағымына қарай тәрбие процесінің ықпалымен қалыптасып отырады. адамның сыртқы ортамен жасайтын қарым-қатынасы белсенді қарым - қатынас. «...Сөз жүзінде емес, мінез-құлықты іс жүзінде жүзеге асыруға болады» (Әл-Фараби). Сондықтан да оны қоршаған ортасы ғана өзгертпей, өзі де шама-шарқынша сол ортасына тиісті өзгерістер енгізеді. Адамның нақтылы іс-әрекеті де мінез білістерінің қалыптасуында шешуші роль атқарып отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.           Мінездің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары.

 

Мінез бітістерінің алғашқы саңылауы мектеп жасына дейінгі кезеңде   көріне бастайды. Төрт-бес жастағы балалардың мазмұнды, рольді ойындарынан мінез бітістерін көрсететін жолдастық, ұжымшылдық, ұстамдылық сияқты саналарды байқауға болады. Оларда мәдени   мінез-құлықтың   қарапайым ережелеріне   түсіне алушылық және ол ережелердің кейбір нақтылы түрлерін іс жүзінде орындай алушылық жиі кездеседі. Жас балалар мінез бітістерінің көпшілігІ ересек адамдардың ісіне, мінез-құлқына, өнегеше  еліктеу арқылы қалыптасып отырады. Сондықтап мұғалімдердің жеке басының өнегесі, беделі балаға дұрыс  қалдыратындай,  үлгІлі болып келулері тиіс.

Бала тілінің шығуы, осының   нәтижесінде оның өз маңайындағылармен біртіндеп пікірлесе алуы мінез  32-тістерінің ірге тасы қалануында   ерекше маңыз алады. Мәселен, бала біртіндеп «жаман», «болады», «болмайды» деген   ұғымдардың   мәніне түсіне   бастайды. Осы ұғымдардың ішкі мәніне біртіндеп түсіну арқылы бала мінез-құлықтың   негізгі сапаларының   (тәртіптілік, ұс-тамдылық, борыш сезімі т. б.) алғашқы нышаны қалыптасады. Осы кезеңде бала өзінің және басқалардық мінез-құлқына «өзінше» баға беруге тырысады. Экспери-менттік зерттеулер алты - жеті жасар балалардың өз мінез - құлқын біраз тежеп, бақылай алатындығын, ал осы жағдайдың үш-төрт жасар бөбектерде көрінбейтіндігін байқатады.

Мектеп — бала   мінезінің жақсы   жақтарын жүйелі  түрде дамытып отыратын негізгі орын. Мектептік өмір балалардың,  мінез - құлықтарының қалыптасуында   шешушІ рөл атқарады.   Оқушылардың мінезін   тәрбиелеудегі басты міндет — олардың жан-жақты болып өсуІн, мінез-құлқының әлеуметтік мәнге ие болу жағын көздестіру. Бұл үшін мұғалім жас ұрпақтың, адамгершілік идеалын (мурат)   баяндайтын иманшарт   принциптерін басшылыққа алып, тәрбие жұмысының жоспарын сонда көтерілген   мәселелердің төңірегіне құруы тиіс. Иманшарт мінезді   қалыптастырудың   да  тамаша   программасы.  Осында көрсетілген моральдық қасиеттерді бала жанына   егіп, оны мінез-құлықтың үйреншікті әдетіне айналдыру — мұғалімдер мен ата-аналар үшін абыройлы іс. Мінез тәрбиесі жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. (М. Жұмабаев) /5/.

Адамның мінез бітістерінің түрлері қаншама көп болса, бұларды тәрбиелеудің жолдары мен әдістері де сан  алуан.

Мінез бітістерін тәрбиелеу әдістері бірнеше топқа бөлінеді. Осындай әдістердің біріне адамдардың санасына әсер ету, яғни сөзбен ұғындыру әдісі жатады. Осы әдіс арқылы адамға қажеттІ мінез бітістерінің қандай болатындығы, бұларды қалайша тәрбиелеу қажеттігі түсіндіріледі. Оқушылардың санасына сөзбен ұғындыру арқылы оқушылардың дүние - танымы мен сенімін, талғамы мен мұратын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін көркем   әдебиет, газет-журнал   шығармаларын, радио, кино, телевизор тағы басқаларды   ретімен пайдаланып отыру — мінез тәрбиесі үшін   таптырмайтын құралдар.

Тұлғаның психоаналитикалық концепцияларында отбасының, ұжымның, мектептің, ұлы адамдардың   өнегесінің   алатын орны   да ерекше. Осы әдістердің ішінен бастылары мына төмендегілер:

1) Халқымыздың әр заманда ғұмыр кешкен ардагер перзенттерінің (Әл-Фараби, Асан-Қайғы, Қабанбай, Бөгембай, Абылай, Қазыбек би, Әйтеке би, Амангелді т. б. үлгі - өнегелеріне тәрбиелеу — осындай әдістердің негізгілерінің бірі. Бұлардың өмір жолы, моральдық тұлғасы — жоғары идеялықтың, батылдық пен ерліктің, табандылық пен ұстамдылықтың, халық ісіне қалтқысыз берілгендіктің теңдесі жоқ өнегелері.

Мәселен, мектеп оқушыларына ерік - жігері аса күшті, іскерлігІ мықты адам ретінде Ахмет Байтұрсыновтың өмірінен нақты мысалдар келтіру мұны үлгі-өнеге ретінде   ұстауға болады. Ғалым лингистика, фонетика, философия,  ғылымдары саласында 500 баспа табақтан астам (12000 бет) еңбек жазғап. Оның өмірі — уақытқа деген құнттылық, барынша ұйымшылдық, өз күші мен мүмкіндігін сарқа жұмылдырудың тендесі жоқ мысалы. Ол күн сайынғы тыныс-тіршілігіне бүкпесіз есеп жүргізіп оның егжей - тегжейіне дейін   жазып отырған. Мәселен, жаяу не көлікпен жүргенде, біреуді күткенде, кезекте тұрғанда, біреумен сөйлескенде,   хат жазғанда, газет-журнал оқығанда т. б. сан алуан жағдайларда әр минутты есеп-теп, оны тиімді пайдалануға тырысқан. ТәуліктІң, он сағаты бойына   үздіксіз жұмыс істеп, бұларды минеттік дәлдікпен есептеген. Әр айдың, әр жылдың соңында Іс-әрекетінің нәтижесін шығарып, оған талдау жасап, жұмыстың орындалуын күнге, айға, тоқсанға, жылға әртурлі ұзағырақ мерзімдерге бөліп қойған. Оның пікірінше, адамда бос, артық уақыт болмауы тиіс, тынығу дегеніміз - іс әрекеттің бір түрінен екіншісіне көшуі кез - келген уақыт ол үшін игілік көзі, оны бос өткізу ғылыми санасынан орын алмайтын.

Ұлы адамдардың өмірі туралы балаларға әңгіме айту, олардың осы такырыпқа байланысты кітап оқуына дұрыс басшылық жасап, бағыт беру, оқығандары жайлы әңгімелесу, пікірлерін тыңдау, мұғалімнің тәлім-тәрбие жұмысынан елеулі орын алып отыруы қажет.

2) Балалар ұжымы («Атамекен» т. б.) оқушы мінез бітістерін дамытатын және оны тереңдете түсетін шешуші фактор. БелгІлі дәстүрі, жұмыс стилі бар балалар ұжымы өзінің әрбір мүшесіне түрлі талаптар қояды, олардың орындауын үнемі қадағалап отырады. Келе - келе ұжымның жеке адамға қоятын талабы сол адамның өзіне-өзі қоятын талап-тілегіне де айналатын болады.

Ұжым адамның алдына мақсат қоя білудІ, соңдай-ақ ол мақсатты қалай орындау жолдарын да үйретеді. Ұжым адамға жол көрсетіп қана қоймайды, оны теріс қылықтан да сақтандырады, түрлі қиыншылықтарды жеңуге жәрдемдеседі. Ұжымда өмір сүре білу, бір жағынан, адамның іс-әрекетін жеңІлдетІп, оны өрге бастырса, екінші жағынан, оның өзі күшіне сене білу мүмкіншілігін де қалыптастырады. Жалғыз адам еш уақытта да алдындағы қиыншылықтар мен кедергілерді жеңе алмайды. Сондықтан ол өз мақсатына жетуде үнемі ұжымның көмегіне сүйеніп отыруы қажет.

А. С. Макаренко кезінде жақсы ұжым ұйымдастыра алды. Мұнда ол әрбір тәрбиеленушінің жеке ерекшеліктерін ескеріп, әрқайсысына ұжым ішінен тиісті орын тауып беретін. Сонымен қоса, ұжымның пікірімен санасып, осы арқылы жеке тәрбиеленушілерге ықпал жасап отырады. Макаренко адам мінезінінің кемшілік жақтарын әділ бағалайтын ең негізгі төрешІ — қоғамдык пікір деп тұжырымдады.   Ұжым ішіндегі тәрбиеде  түрлі әдістерді өте шебер пайдаланып, жарамсыз қылық жасағандарды ұжым талқысына салды. Тентектік жасаған балалармен 1  жеке, не ұжым ішінде әңгімелесу, не күнІ бүрын белгіленгсн   әңгімелесуге шақыру т. б. неше түрлі әдістерді жүргізіп отырған.

А. С. Макаренконың шәкірт мінезін тәрбиелеудегІ шебер әдістерін пайдалана білу әр мұғалімнен шығармашылық әдісті талап етеді. Ұжымшылдық сезім жетІ-се-гіз жасар балада оншама дами қоймайды. Бұлар «біз» деудің орнына   «мен» деп айтқанды жақсы көредІ. Мәселен мектеп есігін тұнғыш ашқан бала мұғалімнін бү-кіл сыныпқа жасаған ескертуін өзіне қатысы жок деп ойлайды. Балаларға «біздікі» деген ұғымды үйретудің өзі мұғалімнің   үлкен шеберлігін қажет   етеді. Мұндайда мұғалім барлық нәрселердің жалпы жұртка ортақтығына баса назар аударады. Мәселен, балалардың тұратын үйі, мектеп, емхана, транспорт т. б. нәрселердің, бәрімізге ортақ екендігін айтып түсіндІредІ. Мектеп айналасына басқа балалармен бірлесіп гүл егетін болса, енді оны «біздің гүліміз» деп айту қажет дейді. Осындан алғашқы тәрбиелік істер қайталана берсе, біртіндеп баланын мінез бітісі қалыптасады. Үшінші, төртінші сынып оқушылары пионер ұйымының жұмысына белсене араласа бастайды. Сондықтан да олардың коллектившілдік қасиеті анағұрлым жоғарылай түседі.

3) Оқушылардың мінез бітістерін тәрбиелеуде екбектің алатын орны ерекше.

Енбек үстінде адам өзіне қажетті материалдық игіліктерді өндірумен бірге өзінің психологиялық қасиеттерін де дамытып отырады. Еңбек арқылы адамның өзіне - өзі қызмет етуіне практикалық және психологиялық жағынан әзір болуы, адамның істегі дербестілігі, ынтасы, тапқырлығы, инициативасы қалыптасады.

Адам енбек етпесе моральдық жағынан азғындап бұзылады, пасық істерге барады. Еңбек әрекетінің болмауы жалқаулыққа әкеліп соғады, ондай адамның өмір сүруі мақсатсыз болады да, бұдан надандық, топастық, арамдық, зұлымдық сияқты небір шірік қасиеттер келіп  шығады.

Тек қажырлы торчестволық екбек қана адамды осы кемшіліктердің бәрінен сақтандырады, оның моральдык жағынан кіршіксіз таза болуына жағдай жасайды. Адам тек еқбек ету арқылы ғана езінің алдындағы мақсатын айқын сезіне алады және оған   жете алатынына сенімі  мол болады.

4) Оқушыларға талап қоя білу, оның нәтижесін қадағалау. Оқушыларға талап қойып отыру, оның нәтижесін қадағалау баланың мінезін тәрбиелеудегі басты әдістердің бірі. Өйткені адамға тиісті талап қойылмаса, тапсырылған іс кадағаланбаса, берекесіздік туады. Адамға тіпті кішкентай кезінен бастап түрлі талаптар қойып, міндеттер жүктеп отыру оны жауапкершілікке, әркез борышын   түсіне білуге тәрбиелейді. Талап қою міндет жүктеу бала оқуға түскеннен кейін ерекше байқалатын болады. Мәселен, жеті жасар бала мұғалімнің талсырмаларын орындауға дағдыланады, оның талапкерліктерін орындау   оқушы үшін заң. Міндет   алу, басқа адамның талабын мүлтіксіз орындап шығу — үлкен жауапты іс. Осы айтқандарға орай баланың психикасы да күрт өзгере бастайды. Өйткені, мектепке дейінгі тәрбиеде шын мәнісіндегі талап қоюшылық, міндет алушылық болмайды, міндет алу, белгілІ талаптарды орындау оңай емес. Талап қоюдың түрлІ әдістерін адамның дара ерекшеліктеріне   қарай әр   жағдайда түрліше  пайдаланып отыру қажет. Талап қоюдың қарапайым түрІ балаға өз міндеті туралы жайлап ескерту, ал мұның жоғары түрі кесімді түрде бұйыру.               Адамға талап қою, оны бір нәрседен сақтандыру тыйым салу турінде де болып отырады. Дұрыс талап қоя білудің тиімдІлігі, тәрбиелІк мәні ұс-таздын байыптылығына да байланысты. Талап қоя білу —үлкен өнер. Оқушыларға жөндеп талап қоя алмайтын, қойса да оны орындауды   аяғына дейін қадағаламайтын, тіпті оған   қалай болса солай қарайтын мұғалімдер де кездеседі. Дұрыс талап қоя алмайтын мұғалімнің сыныпұжымын ынтымақтыққа, бір ауыздылыққа тәрбиелей алуы да қиын. Балаға дұрыс талап қоя білумен қатар, оның іс-әрекетін қадағалап отыру да қажет. Бақылау жургізу оқушынын, іскс жауапкершілігін арттырады, өзіне деген сенімін күшейтеді, әрекетінің қоғамдық маңызын аңғара білуге, сөз бен істің арасындағы алшақтықты   жойып отыруға   мүмкіндік бередІ. Оқушыларға талап қою мен олардың іс-әрекетіне бақылау жургізуде   мұғалім мына   төмендегілерді   ескеріп отырады. Біріншіден, әр уақытта күмәнсыз орындалатын нәрселерге ғана талап қойылуы кажет. Балаға ауыр талап қою, сондай-ақ   оның шамасы   келетін - келмейтінін ескермеу әркашанда да жақсы   нәтиже бермейді. Сондықтан талап дәл ,анық, нақтылы келіп, одан қайшы пікірлер орын алмауы тиіс. ЕкІншіден, талап ықшам сөздермен қойылып, оның орындалу жолын бала жақсы түсінсе ғана нәтижелі болып орындалады. Үшіншіден, талап баланың ожданын сыйлау жағдайында койылғаны жөн. Ең негізгісі оның   орындалғаны жөнінде баладан есеп алуды ұмытып кетпеу   керек. Осы айтылғандарды ретіне қарай жүзеге асырып отыру мұғалім мен ата-ананың шеберлігін қажет етедІ. МінездІ тәрбиелеуде адамның қол жеткен табыстарын уақытында көре біліп, оны мадақтап отырудың маңызы зор. Мұның ең қарапайым түрі — мақұлдау. Егер адамнын, ісі мақұлданып отырса, ол әрекет етуге онан сайын ынталана түседі. Мәселен, «бәрекелді», «дұрыс», «жақсы», «тамаша», «мынадан нәтиже шығады» т. б. осы секілді сөздер адамның, жігеріне жігер қосып, үлкен демеу болады. Баланың әрбір ісіне әділ баға беріп отыру мұғалімнің беделін онан сайын арттыра түседі. Мұғалімнің адамгершілік қасиеті неғұрлым жоғары болса (коммунизм ісіне берілгендік, өз ісінің асқан шеберІ, еқбек сүйгіш, ерІк-жІгерІ мол т. б.), оның, беделі мен өнегесі де ,балаларға тигізетін әсері де жақсы болып келеді. Балаларды айқай - ұйқаймен басқарғысы келетін мұғалімдер де болады. Мұндай мұғалімдер көп сөйлейді, бала да көп сәйлегенді жаратпайды, бала мұғалімнің, қай сөзін тыңдарын білмей дағдарады.

2. Тұлғаның қалыптасу кезіндегі психологиялық дағдарыстан шығу жолдары

2.1. Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтарының түрлері мен формалары

Пубертантты дағдарыс кезеңіндегі өнімді ақыл-ой еңбегін көрнекіліктен түсінуге, дедукцияға өзгеріледі. Есею дағдарысы   кейде дұрыс бағаланбайды немесе өте қауіпті деп есептеледі. Ол әртүрлі мінез-құлық ауытқушылықтары түрінде, тұлғалық бұзылуларға, психоз, жүйкелік психологиялық бұзылу белгілерінің көрінуі түрінде болады.

Дағдарыстың психологиялық ауытқушылықтары әртүрлі және ол мынадай формаларда көрініс береді:

-өзін өзгенің орнына қою немесе еліктеу әрекетіндегі ауытқушылық, оның белгілері: толымсыздық сезімінің пайда болуы, көңіл-күйінің түсіңкілігі,

-өзіне-өзі қол жұмсау ойының пайда болуы.

Есейген жас өспірім өзінің бала емес екенін сезенеп, биологиялық сыйымдылықтың әлеуметтік жағдайына сай келмейтінін жаңа статустағы білімі мен икемділігіен сенімсіз болады. Тұлғаны «Мен кіммін?», «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар көп мазалайды. Ол өзіне және өзгеге сын көзбен қарайды. Көп жағдайда көңілі толмайды. Осыдан келіп әлеуметтік еределерді қабылдамау пайда болады. Өзін сенімсіз сезінуге байланысты өмірлік мақсатының айқынсыздығы, жыныстық бағыттылығына сай емес мамандық таңдау мен референтті топтарды таңдаудағы шатасу кездеседі. Мұндағы референтті топ деп отырғанымыз - өзінің үнемі араласып жүрген құрдас, достары немесе өзінің көзқарасын бөлісетін ересек адамдар. Бұл шатасулар шизофрениялық, психоздық, тұлғалық өзгерулердің алғашқы белгілері болуы да мүмкін.

Беделге ұмытылу белгісі. Беделге ұмтылу дағдарысы отбасына, әкесі мен шешесіне қарсы шығудан көрінеді. Тұлға билікке, тәртіпке, жалпы қабылданған ережелерге қарсы шығып, мойындаудан бас тартады. Шындықтан қашу, қалыпсыз мінез-құлыққа, секталарға, жастар қоғамына кіруге ұмтылудан көрінеді.

Диперсонализация. Мұнда өзінің жаңа денелік өзгешелігі мен «Менің» қабылдауы мен өзгелерді қабылдауы өзгереді. Диперсонализация еліктеудің қалыптасу қиындығына байланысты психологиялық қорғаныс механизмінің қызметін атқарады. Бұл синдром белгісі жасөспірімдер арасында 30-70 % байқалады. Оларға үрейлену, оқшаулану, уайым, эмоционалды реакцияларға деген субъективті түсінік жатады. Дирепсонализация айналадағы заттарды қабылдауы айқын емес дегенді білдіреді. Осы белгі бойынша жасөспірімдердің заттар мен адамдарды қабылдауы шындықтан алшақ болады. Өз денесін бөтенсіну кездеседі. Мысалы, олар өздеріне «Менікі ме, жоқ әлде басқанікі ме?» деген сұрақ қояды. Кей жағдайда олар жаным мені тастап кетті деп өзін ұйқыдағыдай қабылдайды. Осы кезде ойлары жан-жаққа шашырап, еркіне бағынбайды. Сонымен қатар бұрын көрмеген нәрсесін бұрын көрген, бұрын басынан кешіргенін еш уақытта көрмеген сияқты елестетеді. Бұл ауру белгілері неврозда, эпилепсияда, шизофренияда байқалады.

Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары