Тұлғаның типтері
ТҰЛҒА ТИПТЕРІ
ТҰЛҒА ТИПТЕРІ
РЕАЛИСТІК
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ
ӘЛЕУМЕТТІК
КОНВЕНЦИЯЛЫҚ
ТАПҚЫР
1. Реалистік тип. «Ер адам» типі. Эмоциялық тұрақтылығы жоғары, заманына қарай бейімделе біледі. Нақты объектіні ұнатып, сонымен шұғылданғанды дұрыс көрінеді.Ептілікті талап ететін, үнемі қозғалыста болатын кәсіппен айналысқанды жөн деп есептейді. Міндеті нақты кәсіпті : механик, жүргізуші, инженер, агроном т.б. мамандықтарды ұнатады. Ауызша сөзді талап етпейтін, моторлық қабілеті мол, сызбалар оқу сияқты жұмыстар жанына жағады. ФИЗИКА, ЭКОНОМИКА, КИБЕРНЕТИКА, ХИМИЯ, СПОРТ сияқты салаларда табысқа жетуге мүмкіндігі мол.
2. Интеллектуалдық тип. Талдамалық ақыл-ойы бар, пайымдауы тәуелсіз, өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Интеллектуалдық шығармашылық міндеттерді шншуге бейім. Ғылыми тұрғыдағы мамандықты таңдайды. Интеллектуалдық құрылымы үйлесімді: сөзді /вербальный/, сөзсіз /невербальный/ қабілеті бірдей дамыған. Белсенді, ал қызметте қарым-қатынаста көп жоқ, әңгімеде ақпарат тасымалдаушы деуге болады, қызметтің мына түрлерін ұнатады: МАТЕМАТИКА, ГЕОГРАФИЯ, ГЕОЛОГИЯ, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ кәсіптер.
3.Әлеуметтік тип. Айрықша әлеуметтік ептілігі бар / қарым-қатынасты жақсы көреді, басшылыққа ұмтылу, әлеуметтік байланыстарға бейім/. Айналасындағыларға тәуелсіз, жағдайға тез бейімделгіш, сезімтал. Ауызша сөз, тілге бай, қабілетті. Жанындағыларға ақыл айтқыш, жаны ашып, аяушылық білдіріп тұрады. Ұнататын қызмет салалары: ПСИХОЛОГИЯ, МЕДИЦИНА,ПЕДАГОГИКА.
4.Конвенциалық тип. Құрылымдық қызметке бейім, нұсқау бойынша істейді, қатаң белгіленіп нұсқаумен жұмыс атқаруды ұнатады, нақты сандық ақпаратты өңдеп, ұқсатуға әуес. Проблемаға көзқарасы стереотиптік /қайталама, еліктеуші/. Мінез ерекшелігі: керітартпа, бағыныштылық, тәуелділік, салт-сананы сақтағыш. Ұйымдастырушылық, басшылық қабілеті аз. Ауыз сөзге жоқ /есеп-қисапқа жақын/. Ұнататын мамандықтары: БУХГАЛТЕР, ҚАРЖЫ САЛАСЫ, ТАУАРТАНУШЫ, ЭКОНОМИСТ, ІС ЖҮРГІЗІШІ, КЕҢСЕ ҚЫЗМЕТКЕРІ.
5.Тапқыр тип. Белсенділік, қызбалықты, құлшынысты, ынта-жігерді талап ететін міндеттер мен мақсатты таңдайды. Мінез ерекшеліктері: басшылық етуді, нұсқау беруді, тапқырлықты ұнатады, қадірлегенді, күш көрсеткенді жақсы көреді. Аузбен орақ орады, еңбек қиындығын, моторлық дағдына ұнатпайды. Мұндай мінез-ерекшеліктері ДИПЛОМАТ, РЕПОРТЕР, МЕНЕДЖЕР, ДИРЕКОР, ДЕЛДАЛ т.б. лайықты.
6. Әртістік тип. Адаммен қарым-қатынаста өз қиял сезіміне сенеді, сүйенеді. Өмірге сезімталдықпен қарайды. Мінез ерекшелігі шешім қабылдауды тәуелсіз, икемді, ақыл-ойы терең, өзіншелігі мол. Қалыпты ереже, дәстүрмен жүрмейді. Шығармашылық кәсіпті ұнатады: музыка, сурет салу, гуманитарлық саладағы қызметке бейім. Қабылдау, түсіну, ұғыну қабілеті мол. Әдеттегіден тыс қылықтары бар. Бұлар ТАРИХ, ФИЛОЛОГИЯ, ӨНЕРДІ ұнатады.
Жеке адамның азаматтық, кісілік, тұлғалық қасиеттері болады. Адамның түрлі қатынасы арқасында іс-әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары сомдалады, қадір –қасиеті қалыптасады. Жеке адамның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс -әрекеттегі белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді. Адамның белсенді қимыл әрекеті оны мінез-құлқынан, ниет-тілегімен бағыт-бағдарына айқын байқалады. Ниет-тілектердің мәні адамның тіршілігінен, іс-әрекет түрлеріне, әлеуметтік ортада атқаратын қызметі мен ісінен айқын көрінеді. Сөйтіп, жеке адамның ішкі дүниесінің сыры, жан сарайы психикасының даралық ерекшеліктері сыртқа білініп тұрады. Әлеуметтік жағдай жанама түрде әсер етеді де оның психикасын дамытады. Адамның тіршілік ортасы үнемі өзгеріп тұрады. Жеке адам бойындағы сапалық ерекшеліктер мен оның психологиялық дара өзгешеліктерін-темперамент, мінез, іс-қимыл, сезім жүйелері, қабілеті мен еркі білдіреді.
Міне
бұл даралық сапалар тарихи қалыптасып,
жеке адамның кісілік қасиеттерін
құрайды. Әрбір адамның мінез-құлық
ерекшеліктері әлеументтік
Бұл екеуі де биологиялық және әлеуметтік факторларға негізделіп қарастырады.
Биологиялық фактор –адамға туа берілетін табиғи анатомиялық және физиологиялық қасиеттер.Әлеуметтік фактор адамның дамып жетілуінде тіршілік ортасының қоғамның, тәлім-тәрбиенің әсері. Бұл екі яғни екі фактор адамның психикалық дамуында бірін-бірі толықтырып отырады. Өткен тақырыпта бұдан 30-40 мвң жылдай бұрын Homo sapiens (ақыл-ойлы адам) қалыптасқаннан кейін адамның биологиялық эволюциясы мүлдем дерлік тоқтады дедік. Мұның себебі неде ?- деген сұрқ туады.
Адмның эволюциясы, жалпы алғанда, оның өмірінің барлық кезеңдрінде тоқтамай жүріп жатады. Бірақ қазіргі эволюция адам өмірінің әлеуметтік жағына қатысты, ал биологиялық эволюцияға келсек, адам жануарлардан бөлініп шықаннан кейін ол шешуші рөл атқармйтын болғаны сөзсіз. Енді адамның эволюциясына оның өмірін мәдени жағынан ұйымдастыру, яғни қоғамдық өндірістің тәсілі, еңбек қызметінің дамуы, тұрмыс жағдайлары тағы басқа шешуші әсер ететін болды. Тіпті денсаулығы әлсіз адамдарда медицинаның көмегі арқасында қоғам өміріне белсене қатыса алады.
Табиғи сұрыпталудың күші қоғам өмірінде барған сайын әлсіреуде, өйткені денсаулық мекемелері және басқа әлеуметтік институттар жеке адамдардың биологиялық жағынан өзгергіштігін ұдайв әлсіретеді. Мысалы, Еуропада адамның құрт ауруынан өлімі 1840ж. 1млн адамнан 4000 адам болған болса, қазір 1млн адамның 13-і ғана өлетін болды, ал бұл құрт ауруының емдеуге қарсыласуы бойынша сұрыпталуы мүлдем дерлік тоқтады деуге болады. Мұндай мысалдарды басқа аурулар бойынша да келтіруге болады.
Бүгін таңда, бір жағынан, сұрыпталудың салдарынан болатын генетикалық өзгерістің өте баяулауы және адамның түрліше топтарының арасындағы генетикалық ұқсастықтың күшеюі байқалса, ал, екінші жағынан, мәдиниетпен тұрмыс жағдайларының алуан түрлілігі, әлеуметтік өзгерістердің аса жылдамдауы байқалады- мұның бәрі адамзат қоғамында жүріп жатқан мәдени эволюцияның көрсеткіші болып табылады. Сондықтан қазіргі адамның эволюциясында мәдириет шешуші рөл атқарады деп сенімді түрде айтуға болады, өйткені көптеген елдерде саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер адамдардың тұрмыс жағдайларын жақсартып, денсаулығының нығаюына алып келді, ал бұл адамның табиғи сұрыпталу процесінен тәуелсіздігіне себепкер болды. Егер жануарлар үшін табиғи сұрыпталу эволюцияның басты факторы болса, адам үшін оның рөлі- генофондыны (геннің қорын) сақтауда және денсаулыққа теріс әсер ететін мутациялық өзгерістерді болдырмауда ғана.
Табиғи сұрыпталу адамда негізінен ұрықтық клетка деңгейінде болады. Балалар негізінен генетикалық тұрғыдан денісау клеткалардан туады. Мұның дәлелін ата-аналардың жыныстық клеткаларының ірі генетекалық бұзылысқа ұшырауы салдарынан көп жағдайда ұрықтанған тұқым клеткалары даму басталған алғашқы кезде-ақ өліп кететін фактілерінен көруге болады.
Адамның әлеуметтік бейнесінің өзгеруімен бірге оның биологиялық табиғатыда, сырт кейпі де, ақыл-ой қабілетіде өзгере ме? Денесі мен ақыл-ойы жағынан адамның жаңа ұрпағы бұрынғыларынан гөрі дамығандайә болама?- деген сұрақтар тууы мүмкін.
Алдымен дене құрылысы жағынан алып қарасақ, Homo sapiens түрінің даму тарихы барысында оның дене құрылымы мен денсаулығы айтарлықтай жақсарғаны анық: халықтың орташа өмір жасы өсті. Ертедегі дүние азаматтың орташа жасы 20-22жыл болған болса, XVIII ғасырда 30 жасқа деиін өсті. XIX ғасырдың аяғымен XX ғ. Басына қарай Батыс Еуропа елдерінде ортша жас шамамен 56 жылға жеткен болса, бүгін таңда 75-78 жасқа жетіп отыр. Ал социологиялық және медицинлық зерттеулерге қарағанда, қазіргі адамның “қалыпты ” орташа жасы 80-90 жыл болуы тиіс екен.
Тағы бір мысал. Социологиялық зерттеулерге сүйенсек, XX ғ. 50-60 жылдары өскен жастардың бойы 30-40 жылдарда өскен жастардың бойынан, орташа алғанда, 6-8 см. Ұзын, ал 80-90 жылдардағы жастардың бойы одан бұрынғы 60-70 жылдардағы жастардың бойынан 5-7 см-дей ұзын көрінеді. Бұл, әрине, ең алдымен әлеуметтік тұрмыс жағдайымен жақсаруының алдары деуге болады.
Енді адамзаттың ақыл-ой қабілетінің дамуы туралы мәселні қарастырып көрелік. Евгеника (адамның тұқым қуалаушы денсаулығы және оны жақсарту туралы теория) деген ілімнің негізін салушылардың бірі, ағылшын психологантрополыгы Ф. Гальтон қазіргі адамның ақыл-ойы барған сайын төмендейді деп сендіруге тырысады, өйткені дейді ол төменгі таптарының өкілдері ақыл-ой коэфицент көрсеткіші төмен ал олардың отбасы әдетте көп балалы болады, олай болса қоғамдағы адамдар саны негізінен төмен сол еңбекші топтарының балаларының есебінен өсетін болғандықтан, адамдардың ақыл-ой деңгейінің төмендеуі де табиғи нәрсе деп қорытындылайды Ф. Гальтон. Бұл пікір XX ғ-ң 60-жылдарына басына қарай адамның ақыл-ой коэфиценті әлеуметтік жағдайы және балаларының саны арасында тікелей тәуелділік бар деген пікір жалған деп мойындалды.
Қазіргі балалар бұрынғы ұрпақтан гөрі ақыл-ой жағынан дамығандай ма, қалай?- деген сұрақ бүгін таңда талас мәселе деп есептеледі. Кейбір зерттеушілер айтқандай, балалардың ақыл-ой дамуы бас миының эволюциялық дамуымен генетекалық байланысты деп пайымдауға негіз болатын мәлеметтер бүгін таңда жоқ. Туғанынан немесе жастайынан көру есту мүмкіндіктерінен айырылып, қолмен ұстап көрүден басқа сыртқы дүниемен байланыс мүшелерінен жұрдай болған балалар алғашында жануарлардың даму деңгейінде болды. Алайда, оқытудың арнаулы жүйесін, әдісін қолданудың нәтижесінде олар ақыл-ойы дұрыс адамдардың қалпына келді, ал кейбіреулері МГУ-дың психология факультетін бітіріп шықты.
Сонымен бірге ойлаудың басты органы болып табылатын мидың эволюциясын растайтын мәлеметтерде бүгін таңда жоқ. Мидың эволюциясының тоқтағанын тікелей негіздейтін дәлел болмағанымен, бірақ Homo sapiens пайда болғаннан бергі 30-40 мың жыл ішінде оның мөлшері өзгермей келе жатқаны жанама дәлел бола алады, ал оғандейінгі адам тектес маймылдардың эволюциясы кезінде олардың миы үнемі дамып, өсіп отврған болатын. Мысалы: австралопитектің миының мөлшері 500-600 см3 болған болса , питекантроптың миы 900см3 , синантроптардың миы 1000 см3 –ге дейін болады. Ал қазіргі адам миының орташа мөлшері ересектерде-1400см3 , әйелдерде-1270см3 . Сонымен қатар адамның жеке басының дарындылығы оның миының мөлшеріне тікелей тәуелді бола бермейді.
Қазіргі
заманғы биологтар мен
Сонымен антропогенез процесінің дамуы адам түрінің қалыптасуының аяқталуымен тоқтайды. Ал ол бұдан 30-40 мың жылдай бұрын болған. Сол уақыттан бастап адам эволюциясының шешуші факторы ретінде топтық сұрыпталудың әсері де тоқтайды. О сы кезден бастап эволюция әлеуметтік өмірмен байланысты іске асып, адамның болашағы мәдиниеттің деңгеіне тәуелді бола бастады. Эволюцияың негізін адамның ақыл-ойы және саналы іс-әрекеті құрады. Сондай-ақ адам мен қоғамның пайда болуына байланысты генетикалық информация адамның өмірінде жетекші маңызынан айырылып, оның орнына әлеуметтік инфомация келгенін атап айту қажет.
Адамзатты қандай болашақ күтіп тұр, яғни түрдің даму тұрғысынан қарағанда, адамзаттың болашағы қандай деген сұраққа кейде кейбіреулер геномның әлсіреуі салдарынан жануарлармен өсімдіктердің барлық түрлері біртіндеп өледі деген пікірді айтып жүр. Бірақ көпшілік ғалымдардың пікірінше, басты қауіп түрлердің қартаюында емес, биосфераның түрліше қалдықтармен барған сайын көп ластануында, радиациалану деңгейінің барған сайын өсуінде, экологиялық себептерінде болып отыр. Генетикалық ауытқуларының салдарынан кесел нәрестелердің тууының көбеюі , ақыл-есі нашар адамдардың сананың артуы, генетикалық ауытқулар адамзаттың болашақ өміріне төніп басты қауіп-қатер ең алдымен біздің ьәдени дамуымыздың төмендігінде екендігін көрсеткді.
«Адам», «индивид», «тұлға», «даралық» ұғымы мен мүмкіндіктеріне сипаттама беріп көрейік.
Адам-жоғарғы психикалық қызметті арқасында меңгеру, жасау, өзгерту қабілетіне ие саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи дамудың жемісі әрі сол қо,амдық өмір жемісі болып табылатын сананы таратушы. Өзіндік сана-сезімі адам сана дамуының филогенездік, онтогенездік дамуының шыңы. Адамда: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік сияқты құрылымдары бар. Ол құрылымдармен адам болмысы өлшенеді және олар бір-бірімен өзара байланысты. Олар: адамның жеке басына тән қайталанбас ерекшеліктерінің болатыны; адам бойындағы кісілік (тұлғлық) қасиеттердің болатыны. Ол аға ұрпақ жасаған мәдениетті меңгеруде қалыптасады. Егер адам жас кезінде қоғамнан тыс қалса, онда оның санасы, тілі, ойлауы, және вертикалда аяқ алысып болмайды. Адам әр түрлі еңбек және түрлі формадағы қоғамдық іс-әрекетке қатысу арқылы адамзатта қалыптасқан қасиеттерді ол өзінде өзіне тән адамдық қабілетерді дамытады. . Адам түсінігі көп жоспарлы. Адам қоғамда өмір сүреді. Ал адам бос өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де жаны да айналасындағылармен қарым қатынас жасау үстінде тек әлеументтік әсер жағдайында ғана кісілік мәнге ие болады. Адамның санасының дамып, өсуі тікелей өзінің өмір сүріп отырған ортасына байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: әлеументтік жағдайын білу керек; оның қандай ортаның өкілі екенін айыру; оның көзқарасы мен наным- сенімін бағыт- бағдарын білімі мен тәжірибесіне икем биімділігін анықтау керек. Міне, тек осы айтылғандардан кейін ғана, нақты мәліметтерден соң сол адам туралы пікір білдіруге мүмкіндік туады. Психология адамның даралық сипаттарын қарастырып, оның кісілік қасиеттерін өрістетуді мақсат тұтады.
Индивид (жеке адам)-
Тұлға-адамның қоғамдық санасы мен мінез-құлықты, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін меңгеруде қалыптасқан адамның әлеуметтік-психологиялық мәні. Тұлға қоғамдық қатынасты обьектісі мен жемісі ғана емес, сонымен бірге іс-әрекет, қатынас, сана, өзіндік сананың белсенді субьектісі. Тұлға болып туылмайды, ол әлеуметтік, мәдени даму нәтижесінде туындайды. Тұлға мақсатқа талпынушы ғана емес, сонымен бірге өзін-өзі ұйымдастыратын жүйе. Оның зейіні мен іс-әрекетінің обьектісі: сыртқы орта мен өзінің «Мендік» сезім болады. Осыған байланысты өзін -өзі реттеу, өзін-өзі ұстай білу, қабілеті мен қасиет көрсетеді. Тұлға болу дегеніміз-белсенді түрде өмірлік позицясы бар және ішкі қажеттілікке байланысты таңдау жасай білу, келген шешімінің зардабын бағалау және өзі қоғамның алдында жауап беру, үнемі өзін-өзі және өзгелерді құруға түрлі әдіс, тәсілдерді меңгеріп өз мінез құлқын реттеуші.
Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:
1. Әрбір
адам ең алдымен адамзат
2. Әр
адамның физикалық
3. Адам
белгілі бір елде, рухани дәстүрде
белгілі дәрежеде жеткен
Тұлғаны
анықтайтындар қатарыны: нені және
қалай білетіндігі, нені және
оны қалай бағатыны, нені және
оны қалай жандандырады, кіммен
және қалай қатынас жасайтыны,
оның көркемдік қажеттілігі
Ең
негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне,
тағдырына деген
Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез.
Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.
Тұлғаның әлеуметтік-психология
Тұлға
құрылымын К.К.Платонов төрт
1) Тұлға бағыты мен
2) Тұлғаның жеке әлеуметтік тәжірибесі. Оған адамның білімі, дағдысы, білігі мен әдеті жатады.
3) Адамның психикалық процестердегі жеке ерекшелігі – яғни, ес, қабылдау, түйсіну, ойлау, қабілеттерінің жеке көріністері.
4) Құрылымшадағы биологиялық
Платонов
пікірінше, құрылым
А.Н.Сухов,
А.А. Деркач тұлғаның әлеуметтік-
- ментальдық, құнды-мәнділік өрісі, себептілік өрісі (бағыттылық, өмірлік мақсат, жоспар, өмірлік жол);
- когнитивтік сипат (әлем суреті);
- «Мен сипаты» («Мен» тұжырымы», «Мен – образы», өзіне қатынасы, өзін бағалауы);
- тексеру локусы;
- тұлғаның статусты-рольдік сипаты;
- тұлғаның эмоциональді психикалық күйі мен әлеуметтік сезімі.
Осылардың кейбірін ғана қарастырайық.
«Мен» - бұл тіл мен ойлау негізінде қарым-қатынаста қалыптасумен болатын тұлғаның өзіндік санасы.
«Мен-образ» - біздің өзіміз туралы біліміміз, өзіміз туралы не ойлайтынымыз.
Өзіндік
баға саналы сипатында өзін-
Тексеру локусын (латынша Lokus – орын) американ ғалымы Д.Роттер ұсынған. Мұны түсінудің екі типі бар. Олар:интернальді және экстремальді .Интернальді типтегі адам өз ісінің нәтижесі жеке сапалығы: жетік білушілік, мақсатқа талпынушылық, жеке қабілеттілікке байланыстылығына сенімд. Экстремальді типтегілер – жеңісі (сәтсіздігі) сыртқы күш көмегі немесе айналадағылардың қысымы деп есептейтіндер.
Тексеру
локусы ерекше жеке сипаттама
болып табылады. Нәтижесінде адам
әлеуметтік проблемаларды
Тұлғаның әлеуметтік психологиялық типологиясы.
Американ
психологы А.Маслоу өзінің «
Американ ғалымы Э.Шостром А.Маслоудың бірінші типтегі адамын – актуализатор, екінші типті - манипулятор деп атайды. Осы екі типті зерттей отырып, актуализатор типін - әділ, ашық, қызығушылығы тұрақты, өзіне сенімді десе; манипулятор типі – адамдармен қатынас жасағанда барынша бетпердешіл екі жүзді, өзгелерге немқұрайлықпен қарайтын және т.б. деп есептейді.
Манипуляторларды
салыстыра отырып, олардың арасындағы
айырмашылықтарды өзіне және
өзгелерге қатынасын,
- Диктатор (мінезінде ашық күшті мәнерге тән);
- Шүберек (таусылмайтын ойында беріліп ойнау сипаты тән);
- калькулятор(салқын, үнемшілдік тән);
- жабысқақ (қорғансыздықты имитациялау мен үнемі қорғанды қажет ету тән);
- бұзақы (айналасындағыларды өз қызығушылығына қарай террорлау тән);
- жақсы жігіт (өзін тақтада деп ойнақтау тән);
- сот (жазалау позициясымен объектіге қатынасын манипуляциясын демонстрациялау тән);
- қорғаушы (өз мақсатына байланысты оларды қорғаушы рольін екі жүзділікте ойнау тән).
Тұлғаны әлеуметтік-
Э.Шпрангер өмірлік құндылықтарына байланысты тұлғаның алты түрін:теориялық, экономикалық, эстетикалық, әлеуметтік, саяси, діни деп қарастырды.
Американ психологы Хорни адам
- Үйірсек тип;
- Агрессивті тип;
- Жатырқаушы тип.
Үйірсек тип – сүйікті, сыйлы болу мен қамқорлықта болу үшін қарым-қатынасқа жоғарғы қажеттілікке ие және өзгелер бағасына «мені сүйер ме екен, маған қамқорлығы қандай болар екен?» деуші тип.
Агрессивті тип - өзгелерге қатынасын мақсатқа жету құралы ретін құру тән. Мұндай адамдар үстем болуда қарсылықты қаламайды, өзге адамды «маған көмектесіп, пайдасы тиеді ме?» деген тұрғыдан ғана қарайды.
Жатырқаушы тип – мұндай типтегі адамдар эмоциональді келеді. Олар топтық іс-әрекетке қатысқанды қаламайды, қарым-қатынасқа қауіппен, жамандықтан құтыла алмайсың деп өзгелермен қарым-қатынасын дистанцияда ұстауды қалайтындар. Егер біреумен кездесе қалса «мені жайыма қалдыра ма екен?» деген өзіне сұрақ қоятындар.
Норакидзе адамның мінезі мен ішкі себептер сәйкестігіне қарай тұлғаны үш типке бөледі:
- Гормониялық тұлға;
- Конфликтілі,қайшылықты тұлға;
- Импульсивті тұлға.
Гормониялық тұлға – мінезі мен ішкі мотивтері: ниет, моральдық принциптер, борыштық сезім, нақты мінездері арасында дау-дамайы жоқ, үйлесімді тұлға. Әлеуметті бағдарланған және адекватты.
Конфликтілі, қайшылықты тұлға – мінезі мен себептер арасында қайшылығы бар, ниетіне іс-әрекеті, іс-әрекетіне ниеті үйлеспейтін адам.
Импульсивті тұлға – тек өз ниетіне байланысты ғана әрекет ететін, егер ниеті болмаса, іштей әсер етуге лайықты. Мұндай адамдар екі жүзділікпен өзін боямалап, іскер, ымырашыл, дербес етіп көрсетуі де мүмкін.
Әлеуметтенудің әлеуметтік психологиялық аспектісі.
Әлеуметтік психологияда әлеуметтенудің қысаң және кең түсіндіру тұрғылары қалыптасқан. Б.Д.Парыгин пікірінше,әлеуметтенуді қысаң түрде түсіну – бұл әлеуметтік ортаға ену,онда бейімделу; әлеуметтенуді кең түрде түсіну – филогенез,тарихи процесс.
Әлеуметтенудің
мазмұнына ұқсас басқа да
Тәрбие – стихиялы процесс,әлеметтену одан кеңірек.
Адаптация – бейімделу, әлеуметтенудің құрамдас бөлімі, механизмі іспеттес.
Адаптацияның екі түрін: психофизиологиялық және әлеуметтік психологиялық деп ажыратуға болады.
Әлеуметтік психологиялық адаптация – жаңа әлеуметтік ситуацияға енгендегі өзінің тұлғалық ролін меңгеруі. Әлеуметтік психологиялық адаптация нәтижесіне қарай позитивті, негативті болып, ал механизміне қарай ерікті ,еріксіз болып бөлінеді.
Әлеуметтік психологиялық адаптация бірнеше кезеңде жойылады:
а)танысу;
ә) рольдік бағдарлылық;
б)өзіндік беку.
Олай
болса,әлеуметік-психологиялық
Адам
әлеуметтену процесінде
Тұлға әлеуметтенуінің көзі болып табылатындар:
1) сәбилік жастағы тәжірибесі – психикалық функциялар мен мінездің элементарлық формасының қалыптасуы;
2) әлеуметтік институттар – тәрбиелеу, оқыту мен білім беру жүйелері;
3) қарым-қатынас пен іс-әрекет процесінде адамдардың өзара әсері.
Әрбір
әлеуметтік роль өзі көптеген мінездің
мәдени нормалары, ережелері, стереотиптерін енді
Әлеуметтену мазмұнына
қарай екі жақты процесс. Бір жағында әлеуметтік
тарихи тәжірибелер, символдар, құндылықтар,
нормалар жатыр. Екінші жағында оны
индивидтің меңгеру, интериоризациясыжатыр
Интериоризация – бұл қоғамдық өмір сыртқы формасындағы процестердің сананың ішкі процесіне ауысуымен:талдап қорыту, вербалдану, ары қарай даму қабілеті.
Мен-құрылымы әлеуметтік хабарларды қалай өңдейтінімізге қатты әсер етеді. Бұл өзімізді және өзгелерді қалай қабылдауымыз жадымызды сақтауымыз және оларды бағалауға ықпал етеді. Егер студент болу Мен –тұжырымның орталық бөлігі болып есептелінсе, онда біз «студенттік» дағдыларды меңгереміз. Кезеңге тән білім, білікті өзімізде және өзгелердегі деңгейін белгілеп, байқаймыз, бағалаймыз. Біз өз кезегінде студенттік өмірге байланысты барлық жаңалықтар мен хабарларды жинақтап отырамыз. Яғни, бұл біздің Мен-құрылымға сол уақыттағы мұратына лайық келеді. Мен –құрылымы мынадай өзіне тән қасиетерді жинақтайды.
- Өзіне деген сенімнің болуы;
- Өзіне тән қатысты хабарларды ұйымдастыру және оны ауысып отыруға бағыттау;
Мен–құрылымы өзіне қатысты хабарлар мен тәжірибелерді жинақтап, реттеп отыруды Осы тұрғыдан келгенде кітапханашының кталогтарды жинақтауына және қайта реттеп отырушы ретіндегі қызметіне теңейді. Дьюннің психикалық ондық жүйесі ретінде қарастырға болады.
Сервантес «Назидательные новелла» атты еңбегінде адам-шыны ол мөлдір, нәзік, әрі оның құрылымынан дүниені тануға балады деп көрсетеді.

- Тұлға психогигиенасы
- Тұлға психологиясы
- Тұлға саясаттың объектісі және субъектісі ретінде
- Тұлға социологиясы
- Тұлға социологиясы
- Тұлға социологиясы
- Тұлға социологиясы
- Тұлға мен қол-аяқ сүйектерінің жеке, жыныстық және жастық ерекшеліктері
- Тұлғаның әлеуметтенуі ұғымы
- Тұлғаның даму процесі
- Тұлғаның дамуына әлеуметтік ортаның әсері
- Тұлғаның психоаналитикалық концепциялары
- Тұлғаның рөлдік концепциясы
- Тұлғаның рөлдік теориясы