Топырақтың адамзат үшін маңызы

 

Құрастарушылар: Өсербай А.Ж. – аға оқытушы

                  Сартаев С.Д. – студент 
 
 

Топырақтану. Оқу кейсі (проблемалық жағдайларды  шешуге және қабылдауға арналған) 
 
 

212121- ..... мамандығының студенттеріне арналған  оқу кейсінде проблемалық жағдай  сипаттаған. 
 
 

Рецензенттер: 
 
 

«» кафедрасы  жиналысында талқыланып, баспаға  жіберілді.

Хаттама № «___»_______________2011ж. М. Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік кеңесінде  қаралады. Хаттама № «___»__________2011ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Мазмұны

    Кіріспе

    І. Негізгі бөлім

    1. Топырақтың адамзат үшін маңызды.

    2. Адам  топырақты түзуші фактор ретінде. 

    3. Топырақ  географиясы және егіншілік. 

    4. Топырақтың пайдалы қазбаларды іздеудегі маңызы.

    ІІ. Тақырыпқа  байланысты сұрақтар

    ІІІ. Қорытынды 

    ІV. Пайдаланған  әдебиеттер  
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

Кейс-жағдай, іс

Кейс 
  • шын проблемалық жағдайдың түсініктемесі
 
  • анықталған  проблемалық жағдайды оқу
 
  • шын өмірден  алынған бөлік
 
  • шын мүмкіндіктің түсіндірмесі
 
  • шындындықтың  фото суреті
Талап :
  • қойылған мақсатқа дәл келу
 
  • қиындықтың деңгейіне дәл келу
 
  • аналитикалық  ойлаудың дамыту
 
  • пікірталас  тудыру

    Кейс  әр түрлі формада бірнеше сөйлемнен  бір беттен бірнеше бетке дейін  болуы мүмкін. 

    Кіріспе  

      Топырақтың адамзат қоғамы үшін  маңызы өте ерекше. Ең алғашқы  қауымдық құрылыс кезінде адамдар жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге айналдыра бастады. Құнарлы топырақта өнімді өте көп алатынын адамдар сол кезде-ақ білген. Жер яғни топырақсыз адамның өмірі.

      Адамзаттың бүкіл өмірі осы  топырақпен байланысты. Топырақ  ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.

      Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы  өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан  даласының едәуір көп бөлігін  жыртып тастады. Артынан ол  жерлер түгел игерілмей қараусыз  қалды. Осы кезде Қазақстан  жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда. бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологияық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізуде. Мыс: фосфорбактерин органикалық заттарды алдыратын, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырады. т.б. Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты өсіру үшін макроэлементтер мөлшері ғана емес. Сирек кездесетін құрамы маңызды элементтердің болмауы өсімдіктің ауруына, түсімнің аз болуына әкеліп соғуда.

    Литосфера — (грекше — lithos — тас + sphair — шар) — жердiң қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тiрi организмдер 3 км дейiнгi тереңдiкте тiршiлiк етедi.

    Топырақ. Жер бетiнде Күннiң энергиясы заттардың екi айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық жəне заттардың топырақ, өсiмдiктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы- кiшi немесе биологиялық айналымды туғызады. Екi айналым да бiр-бiрiмен тығыз байланысты.

    Топырақтың  табиғи ландшафттар мен экожүйелердегi маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негiзiн салушылардың бiрi В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзiне тəн өзара байланыстары, тiршiлiк ету заңдылықтары мен өзiн-өзi реттеуге қабiлеттi табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсiмдiктерiмен, рельефiмен жəне ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.

    Тау жыныстарының топыраққа айналу процесiнiң  аса бiр маңызды жəне жалпы құбылысы құрлықтың бүкiл бетiн жауып жатқан гумустық қабаттың түзiлуi болды. Бұл қабат топырақтың ең бiр белсендi бөлiгi болып саналады. Топыраққа еңалғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама бердi, ол: топырақ түзiлу процесi құнарлылық түзiле жүретiн өсiмдiктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсеттi.

    Топырақ ресурстары Жер бетiндегi тiршiлiкке  қажеттi ен маңызды алғы шарттардың бiрi болып табылады. Алайда оның шын  мəнiндегi маңызы мен ролiн өз дəрежесiнде  бағалай алмай келемiз. Топырақ биосфераның компоненттерiнiң бiрi ретiнде адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы тiкелей жəне жанама əсерлердi тепе-теңдiкте сақтап тұра алатын өздiгiнен тазару процестерiнiң механизмдерiнiң аса маңызды резервi болып табылады. Адамдарға азық-түлiк пен жануарларға қоректi өндiру үшiн қажеттi жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады.

    Топырақтың  табиғи дене ретiндегi негiзгi функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсiмдiктерге қажеттi қоректiк элементтердi жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.

    Топырақ — сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсiмдiктер мен жануарлар, микроорганизмдердiң бiрiккен əсерiнен қалыптасқан жердiң беткi құнарлы қабаты. Топырақ түзгiш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның iс-əрекетi де жатады. Тiрi организмдер топырақтың негiзгi қасиетi — құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.

    Топырақтың  құнарлылығы дегенiмiз — оның өсiмдiктердi оларға қажеттi қоректiк элементтермен, сумен жəне ауамен қамтамасыз ету қабiлетi. Ол топырақ түзiлу процесi барысында жəне адамның топыраққа əсер етуi нəтижесiнде қалыптасады.

    Ол  бүкiл адам баласының тiршiлiгiнiң көзi болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнiмiнiң, ауылшаруашылық дақылдары өндiрiсiнiң негiзi.

    Топырақ — барлық элементтердiң аккумуляторы: ол оларды өзiнде жинақтап, сумен  шайылып кетуден сақтайды. Өзiнiң қалыптасқан зат алмасу процесi бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б.) əсерiне қарсы тұра алады. Бiрақ топырақ көптеген антропогендiк факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын əсерiне сезiмтал келедi. Топырақтың құнарлылығы адам iс-əрекетiне де байланысты.

    Топырақ — барлық материалдық игiлiктердiң  көзi. Ол азық- түлiк, малға жем, киiм  үшiн талшық, құрылыс материалдарын  бередi. Топырақтың ең маңызды байлық екендiгiн айта келiп, К.Маркс, еңбек — байлықтың əкесi болса, топырақ — анасы деген.

    Топырақ ешнəрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазiргi таңда, ғылым əлi күнге  дейiн табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған  жоқ. Өсiмдiктердi топырақсыз өсiрудiң кез келген əдiсi (гидропонды, пластопонды, аэропонды) топырақтың ролiн дəл өз мəнiнде орындай алмайды. Сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған жəне əлi де маңызды болып қала беретiн аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзiлу процесiндег өзiдiгiнен қалпына келу қабiлетiн сақтап қалуға барынша жағдай жасау.

    Топырақ — биосфераның басқа элементтерiмен  үздiксiз алмасып отыратын, олармен  тығыз байланысты жəне биосфераның  кейбiр элементтерiне (атмосфералық ауа, жер бетiлiк жəне жер астылық сулар) өзi де əсер ете алатын өте күрделi ашық система. Топырақ үнемi климат пен ауа райы компоненттерi, флора мен фауна, əсiресе соңғы кезде түрлi антропогендiк

    зиянды  əсерлерге ұшырап отыр. Топырақта  эрозиялық процестер көбейiп, өздiгiнен  тазару қабiлетi нашарлап, құнарлылығы кемуде.

    Топырақтың  деградациялануының (латын тiлiнен  аударғанда — "төмендеу", "артқа  кету" ) негiзгi факторлары : эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтердi шамадан  тыс көп қолдану, т.с.с.

    Топырақтың  қорғау мен бақылау объектiсi ретiнде қоршаған ортаның басқа объектiлерiмен салыстырғанда бiрқатар өз ерекшелiктерi бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетiлiк суларға қарағанда əлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тəн аса қуатты табиғи

    өздiгiнен  тазару қасиетi жоқ. Топыраққа түскен антропогендiк ластаушылар онда жинақталып, көбейе бередi. 

    І. Негізгі бөлім

    1. Топырақтың адамзат үшін маңызы  

      Топырақтың адамзат үшін маңызды. 

      Топырақтың адамзат қоғамы үшін  маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды.

      Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.

      Өндірістің кейбір салалары топырақты  пайдалануға негізделген. Соның  бірі маңызды азық-түлік өнімдерін  жеткізуші ауыл шаруашылдығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісін негізгі құралы болып табылады. Топырақтың орман шаруашылығында және құрылыс салғанда – инженерлік құрылғылардың іргетасының негізгі ретінде және жол салуда гидротехникалық құрылыста құрылыс материалы ретінде маңызы зор.

      Топырақта жүріп жататын күрделі  биологиялық, физика-химиялық және  химиялық процестердін адамзат  қоғамының түрлі тіршілік салалары  үшін мәні зор. Осы процестерді  тану топырақты іс жүзінде  пайдалануда жаңа мүмкіндіктер  ашады. 

      Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.

      Топырақтағы биогеохимиялық және  геохимиялық процестерді пайдалы  қазба кен орындарын іздеу  кезінде пайдаланады. Жердің ауыл  шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен  қаралуы керек.  

      Топырақ құнарлығы. 

      Топырақ еңбек құралы және өнімі ретінде.

      Топырақ құнарлығы деп оның  табиғи және мәдени өсімдіктердің  қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз  ету қабілетін айтады. Топырақ  құнарлығы оны кез-келген борпылдақ  тау жынысынан ажыратуға мүмкіндік  беретін ерекше сапа. Бұл сапаның  адамзат қоғамы үшін маңызы зор. Табиғи топырақ құнарлылығы олардың қалыптасуы барысында топырақ түзу факторы әсерінен болады және табиғи өсімдіктер өсімділігімен бағаланады.

      Өнделетін жердің құнарлығы ауылшаруашылық  өнімдерінің түсім көлемімен  өлшенеді және ауылшаруашылық өндірістің деңгейіне: осы топырақтың зиянды химиялық қасиетін жоя білуге, қолайлы су мен ауа режиміне, минерал, органикалық, бактериялық тыңайтқыштар пайдалану мүмкіндігіне, ауылшаруашылық өндірісінің механикаландыру деңгейіне байланысты.

      Түсім көлем еңбек өнімділігіне тікелей байланысты болғандықтан, топырақ құнарлығы да қоғамдық өндірістің маңызды кезі болып есептеледі.

      Табиғи топырақ құнарлығынан  көрсеткіштері – аудан бірлігіндегі  жылдық өсімдіктердің үстеме  өсуі:

      Тундра үшін 10-25ц/га 

      Гүлді және шым гүлді топырақ 45-85

      Қара топырақты жер 90-137

      Каштан топырақтар 40

      Сұр-қоңыр топырақтар 12

      Тропикалық саваннаның 

      қызыл және сары топырақтары  120

      Ылғал тропиктердің қызыл 

      және сары топырақтары 325.

      Күнделікті өмірде құнарлы деп  белгілі бір мәдени өсімдіктер үшін қолайлы топырақты атайды. Шынында құнарсыз топырақ болмайды, себебі құнарлылық топырақтың ажырамас қасиеті.

      Кез-келген топырақ, онда жақты  өсетін өсімдіктер үшін құнарлы  боп табылады. Мысалы, құнарсыз екені  айқын сортаң жерлерде кейбір сортаң шөптер жақсы өседі, олар басқа жерде өсе алмайды.

      Сұр топырақты жерлер мақта  өсуіне қолайлы, бірақ картоп  үшін құнарсыз т.б. 

      Құнарлығы немен анықталады?

      өсідіктер қалыпты өсу үшін  топырақта мына жағдайлар блокы  тиіс:

     1. Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтері болуы тиіс.

     2. Өсімдік сіңіре алатын формада  су болуы тиіс.

     3. Өсімдік тіршілігі үшін қажетті  мөлшерде оттегімен қамтамасыз  етілуі тиіс.

     4. Топырақ массасының құрылымы  қолайлы болып онтайлы ауа  – су режимін қамтамасыз етіп тамырлардын топыраққа жақсы өтуін одан қоректікз аттар мен ылғалдық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс.

     5. Өсімдіктер үшін зиянды қоспалар  болуы тиіс.

      Мәлім болғандай өсімдіктер негізгі  қорек элементі ретінде топырақтан  азот, фосфор, калий, кальций, темір, күкіртті сініреді. Химиялық талдауға қарасақ, топырақтағы химиялық элементтер құрамы көп, және ол көп жылға жетеді. Н.П.Ремезов деректері бойынша, қаратопырақ құрамында азот пен фосфордың көптігі сонша, бидайдан орташа түсім алғанда әлі 250 жылға жетеді екен, ал калий құрамы – 3 мың жылға жетерлік.

      Бірақ өсімдіктер үшін элементтер  мөлшері емес, топырақтағы өсімдік  сіңіруге ыңғайлы формалары маңызды. 

      Қара топырақтың жыртылатын горизонтындағы  қоректік элементтердің жалпы  қоры, 1 га шақанда Н.П.Ремезв бойынша 1952ж.

      Элементтер Мөлшер Бидайдың орташа  түсімінің қандай мөлшерін қамтамасыз  ете алады 

      Топырақтағы азоттың көп бөлігі  органикалық қана түрінде болады, сондықтан ол күрделі, соның  ішінде мәдени өсімдіктер үшін  сінірілмейді. Тек микробиологиялық тіршілік нәтижесінде пайда болушы аммонии және нитрат қоспалар ғана өсімдікке сіңімді.

      Фосфордың органикалық қоспаларфы  және фосфор құрамы минералдардың  көбі өсімдіктерге сіңбейді. Топырақтағы  калий негізгі массасы екінші  дисперсиялық силикат (гидросиюд) құрамына кіреді, бұл күйінде оны өсімдіктер қорыта алмайды.

      Өсімдіктер сіңірілген калийді  және калийдің суда еритін  қоспаларын бойына тарады, бұлардың  топырақтағы мөлшері мардымсыз.  Кальций мен магний де сіңірілген  және суда еріген күйінде ғана өсімдіктерге пайдалы.

      Өсімдіктерге сіңімді түрдегі  химиялық элементтер құрамы олардың  жалпы құрамына қарағанда өте  аз.Сондықтан мәдени өсімдіктердің  қалыпты өсуі үшін (демек, жақсы  өнім алу үшін) кейбір қоректік  элементтерді сіңімді формада топыраққа тыңайтқыш ретінде қосу керек.

      Оның тағы бір себебі жыл  сайын жиналған өніммен бірге  химиялық элементтер де топырақтан  алынып, азаяды. Демек, өсімдіктердің  қалыпты өсуіне керек элеметтер  мөлшері де азаяды, бұл егін  өніміне әсер етеді. Мысалы, бұл құбылыс АҚШ орталық аудандарында байқалды, онда 20 жыл ішінде топырақтағы азот мөлшері 20% - ке кеміген, келесі 20 жылда 10% - ке,

 келесі 20 жылда 7% - кеміген. 

      Сондықтан агрохимия ережесіне  сәйкес тыңайтқыш қолдану ауылшаруашылығы  дақылдары түсімін және жер құнарлылығын көтеретін маңызды тәсіл болып табылады.

      Тыңайтқыш қолдана отырып адам  заттардың биологиялық айналымына  белсенді араласып, өз мақсатында  бағыт беріп, реттейді.

      Органикалық минерал тыңайтқыштар  қосумен қатар соңғы жылдары  бактериялық тыңайтқыштарда қолданыс табуда. Бактериялар массасын топыраққа араластырып микробиологиялық процестерді күшейтуге және химиялық элементтердің сіңімділігін көтеруге қол жеткізіледі.

      Мысалы, фосфорбактерин органикалық  заттарды ыдыратып, фосфорды сіңімді фосфор түріне айналдырды, т.б.

      Ауылшаруашылығы дақылдарын қалыпты  өсіру үшін макроэлементтер мөлшері  ғана емес, сирек кездесетін және  бытырап орналасқан химиялық  элементтер құрамы да маңызды. 

      Олардың болмауы немесе аз  болуы мәдени өсімдіктердің ауруына, түсімнің аз болуына әкеледі.

      Топырақта жездің кемдігінен  пайда болған жағымсыз құбылыстар  кең тараған. Бұл құбылыстар  торф топырақта орман аймағында  көп кездеседі. (Өңдеу сырқаты  деп атайды). Жез қосқан соң  ғана бұл ауру жойылған, астық  өнімі көбейген.

      Жезді кейбір өсімдіктер организміне  қосу үшін оларды паразиттік  грибоктарға қарсы тұрақтылығын  арттырады. Мырыш, бор, марганец,молибден  және сирек кезесетін элементтер  топыраққа қосқанның әсері болатыны  анықталды. 

      Микроэлементтердің мал шаруашылығы үшін де маңызы зор. Кейбір микроэлементтердің топырақта және өсімдіктерде (жемде)артық не кем болуы мал өнімділігіне елеулі әсер етеді.

      Кобалаттің топырақта аз болуынан  мал қанында эритроциттер азайып, мал тез ариді (себебі, белок  синтезі нашарлайды) жемнің көп болуы бұған әсер етпейді.

      Ұсақ және ірі мүйізді малдың  бұл ауруы – акобалатоз деп  аталады, ол СНГ, Шотландия,  Австралия және т.б. елдерде  таралған. Мал шаруашылығына белгілі  әсер ететін жез, никель, селен, фтор, йодтың тапшылығы немесе артықшылығы.

      Су өсімдіктің тіршілігінің барлық  кезенінде де дәннен жарып  шыққаннан, пісіп жетілгенше үлкен  роль атқарады. Түрлі өсімдік  дәндері жарылуы үшін түрлі  су мөлшері керек: 

      Бидай үшін – салмағының 45% қызылша үшін - 120% керек. Түрлі мәдени өсімдіктердің құрғақ массасының тоннасын алу үшін шығындалған су мөлшері де әр түрлі және 200 ден 1000 т-ға дейін өзгереді.

      Мысалы: бидай тоннасына – 500тонна су жұмсалады, ал күріш тоннасына – 1000т. Артық су керек. Өсімдіктер бос су формасын ғана яғни гравитациялық сініліп байланған суды космос күштері кері тарта алмайды.

      Сондықтан сінірілген суы 10-15% құрайтын саздың топырақта өсімдік  су тапшылығын көреді, ал құмайт  топырақтарда бұл көрсеткіш 1-2% - ке дейін азаяды.

      Топырақ ылғалы капилярлық булану  барысында азаяды. Ұзын капилярдың  болуы топырақты тез құрғатады,  ал ол капилярды бұзу, топырақ  ылғалы сақталуына әкеледі. 

      Сондықтан топырақ құрылымын  ұсақ кесекті қылу оны құрғаудан  сақтайтын тиімді шара болып табылады.

      Қуаңшылық аудандарда судың топыраққа  мол келуіне бағытталған түрі  шаралар жасалады, беткі су ағысын  реттеу, қар тоқтату, түрлі суландыру. 

      Топырақ құнарлығы үшін ауаның, оның оттегісінің маңызы зор.  Оттегі микробиологиялық процестер  үшін қажет. Топырақтың аэробты микробтары оттегі жетпесе өз тірлігін баяулатады.

      Оттегі күрделі өсімдіктер тамыры  үшін қажет. Тығыз топырақтағы  газ алмасудың қиындауы, топырақ  ауасында көмір қышқылының жинақталуы, топырақ артық ылғалданғанда  оттегінің жетіспеуі өсімдіктің өсін тежейді.

      Н.П.Рмезов (1963 жыл) пікірінше оттегі  топырақтың барлық көлемінің  8-12% - і болса, топырақ ауасы  өсімдіктер үшін қолайсыз әсерін  тигізеді, ал оттегі құрамы 5% -тен  кем болса, өсімдіктердің көп  бөлігі өледі. 

      Топырақтың оттегімен қамтылуы және газ алмасу деңгейін ұстау топырақ құрылмына тәуелді, ол тамыр қабатының тереңдігін анықтайды, ылғалдың топырақтағы шығынын және бөлінуін реттейді, өсімдіктердің қорек режимін реттейді.

      Топырақтың жақсы құрылымды өсімдіктер  құлыпты өсуін қажетті шартты болып табылады. Жыртылатын горизонттың онтайлы құрылымы болып есептелетін – ұсақ кесекті түйірлі суға берік құрылым. Топырақ құнарлығына теріс әсер ететін тұздар құрамының көбеюі. Тұз концентрациясын топырақ ерітіндісіне жоғары болуы өсімдіктерді мына себептерге байланысты тежейді:

     1. Өсімдік клеткасына су келуі  нашарлап, бұзылады, себебі топырақ  ерітіндсіндегі осмос қысымы  өсімдік клеткасы протоплазмасындағдан  жоғары.

     2. Ассимиляция және газ алмасу  процестері бұзылады. В.А.Ховда зерттеуі бойынша, сортаңдау жағдайында өсімдіктерге магнии, натридің хлорлы тұздары көптеп сіңіп, маңызды химиялық элементтер – кальций, калий, фосфор, темір, марганец бірнеше есе кемиді. Тез еріген тұздар өсімдіктің жасыл бөлігінде жинақталып, фотосинтез процесін әлсіретеді. Ақырында өсімдік дамудан қалады.

     3. Сортаңдалу әсерінен өсімдік  анатомиясында күрделі өзгерістер  болады. Тамыр қуысы тарылады, қабыршақ  қабырғалары қалыңдайды, нәтижесінде  өсімдік қурайды. 

      Топырақтың сортаңдалуымен, сорлауымен  күрес, сор топырақтарды жақсарту халық шаруашылығының күрделі де маңызды мәселесі болып табылады.

      Топырақ құнарлылығы тек табиғи  қасиеттеріне емес, оны өңдеу  сипатына да байланысты. Табиғи  құнарлылық топырақтан жаратылыс  қасиеттеріне байланысты. Тиімді  құнарлылық табиғи құнарлылық бөлігі, ол мәдени өсімдік түсімі түрінде анықталды. Тиімі құнарлылық тыңайтқыш қолдануға, топырақты ұтымды өңдеуге және т.б. шараларға сәйкес ұлғаяды. Осылайша жасанды тиімді құнарлылық жасалады:

      Табиғи құнарлылық 

      Тиімді Әлеуметті 

      Жасанды тиімді құнарлылық 

      Ғылым мен ауылшаруашылығындағы  тәжірибе дамыған сайын жасанды  құнарлылық арта түседі. Тиімді  құнарлылық адамзат қоғаының  дауына, өндіріс күштері мен өндірістік  қатынастардың дауына байланысты.

      Өткен ғасырда «кемуші құнарлық  заңы» деген қате және реакцияшыл заң тұжырымдалды. Ол көптеген тәжірибелер нәтижесінде шығарылды. Ол тәжірибелер кезінде топырақ құнарлығына және өнім түсіміне бір фактордың әсері зерттелді. Мысалы: топырақтағы судың арпа өніміне әсері анықталды. Тәжірибе деректері бойынша топырақ ылғалдығы 60%-ке жеткенше өнім артып отырды, ал ылғалдықты көтерген кезде өнім азайып, 100% ылғалдық кезінде нөлге тең болған.

      Мұндай тәжірибелер басқа да  өсімдіктермен олардың тіршілігіндегі  басқа да факторларға қатысты  жасалып отырған. Барлығында да берілен фактордың онтайлы құрамына сәйкес ең көп өнім алған да, бұл фактордың мөшерін әрі қарай көбейткен сайын өнім жинау төмендей берген.

      Тәжірибе нәтижесін өндіріске  енгізіп, кейбір зерттеушілер  жансақ пікірге: топырақты өңдеп  пайдаланған сайын топырақ құнарлығы топыраққа салынған еңбек пен қаржыны ақтамай, бірте-бірте азая береді. Осы қорытыдыдан қате тұжырымдар жасалған.

      В.Р.Вильямс осындай тәжірибелердің  ғылыми негізсіздігін дәлеледі. Оларды өткізгенде әдістемелік  қателік бар фактодың өсімдік тіршілігіне әсері алынғанын, тәжірибені бірнеше фактор мен өткізсе, өнім өсе түсетіні дәлелденді.  

Топырақтың адамзат үшін маңызы