Топырақ түзуші факторлар
2.1 Топырақ
түзуші факторлар
Топырақ түзуге негізгі алты фактор: ауа райы, тау жынысы, жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтық геологиялық жасы және қоғамының өндіргіш күші қажет.
Тірі организмдер мен олардың топырақ түзілуіне әсері. Жер бетінде алғашқы пайда болған тірі оргаизмдер өсімдікте жәндікте емес – ультрабактериялар, олар өздері өмір сүретін ортаға өте бейім келеді. Олардың кейбірулері тіпті тастарда да өсе бастаған. Олар өздеріне керекті көмірқышқылы газы мен азотты ауадан ғана емес тастан да алды. Сөйтіп олар тіпті тасты бірті-бірте бұзып , бүлдіре бастады. Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстар оларға таптырмас мекен болды.
Бұл микрооргаизмдер табиғаттың ыстық –суығын, оттегінің барын я жоғын, ортаның қышқылдығын, я сілітілгін таңдамады. Сондықтанда олар табиғатта кез-келген жерде кездеседі. Олаға сумен қорек болса, жеткілікті. Бактериялардан басқа, алғашқы тау жыныстарында балдырлар, саңырауқұлақтар да өсіп -өнді.
Сонымен алғашқы тірі организмдер су, жел және мұздар мен бірге Жердің тасты қыртысын бұзып, өздері өлгеннен кейін шіріп қарашірінді құрады. Шырын желім тәрізді болғандықтан қопсыған үгітілген жыныстарды бір-бірімен жымдастырып, біріктірді, сөйтіп алғашы құналы аздау топырақтар пайда бола бастады. Бұл құбылыстар ғасырлар бойы созылып алғашқы микроорганизмдермен төменгі сатылы өсімдіктер өздерінен кейінгі дамып өсетіндерге жағдай жасады.
Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік заттардың бір бөлігі енді топырақтың тіршілік көзі болып саналатын организмдер бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған кезде, топырақтың жоғарғы қабаттарында және оның белгілі бір тереңдіктерінде қоректік заттарға айналып, топырақ құнарлығын арттырады. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге қолайлы жағдай жасайды.
Сонымен араға ғасырлар салған уақыт өте келе алғашқы пайда болған топыраққа айналды, оларда өсетін өсімдіктер, мекендейтін жәндіктер көбейді, төменгі сатыдағы өсімдіктермен қатар, жоғарғы сатыдағы өсімдіктер өсіп, тірі жәндіктер мен жануарлар пайда болды.
Топырақты мекендейтін, онда өсіп-өнетін организмдердің молдығы топыраққа жай ғана әсер етіп қоймай, топырақтағы көптеген қосылысардың бағытына, олардың қасиеттеріне зор ықпал етті.
Топыраққа тек микроорганизмдердің ғана емес сонымен қатар онда мекен ететін көптеген зоофауналар , қарапайымдылар, төменгі және жоғарғы сатылы жан- жануарлар, құр-құмырсқалардың пайдасы көп. Мәселен, жауын құрты әртүрлі өсімдіктер қалдығымен қоректеніп, денесі арқылы органикалық заттарға бай, суға шыдамды топырақ түйінділерін шығарып топырақ қабаттарын әрі бері тесіп өтіп, ондағы су – ауа режимін жақсартады. Осыған байланысты Ч. Дарвиннің «Топырақты адам қоғамы соңғы мыңдаған жылдар бойы жыртып келеді. Ал оған дейін топырақты бірнеші жылдар бойы жауын құрты жыртып келген» деген тамаша айтылған тамаша сөзі бар.
Қазіргі
кезде топырақта өмір сүретін
организмдерді тек оны
Ауа райының топырақ түзудегі рөлі орасан зор климатқа яғни ауадан түсетін ылғал мөлшерінің ауа температурасының ыстық, суығына, үсіксіз уақыттың қысқа немесе ұзақтығына қарай әр жер әр түрлі өсімдік, жан-жануарлар мен микроорганизмдер тіршілік етеді. Олардың әрекетіне әр жерде әр түрлі топырақтар түзіледі. Мәселен, шөлде шөл топырағы түзілсе, тундрада мәңгі тоң астында дамымаған, мәңгі жас құнары аз топырақ түзіледі, ал ауа райы жайлы, одан түсетін ылғалы мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда құнары мол қара топырақ түзіледі.
Топырақ түзілу құбылысының жылдамдығы ғарыштан келетін күн сәулесінің қуатына тікелей байланысты. Күн сәулесімен қатар тірі организмдерге ылғал қажет, осыған байланысты топырақ түзілу жылдамдығы, күні жылы, әрі ылғалы мол аймақтарда өте жоғары, ал керсінше, ылғалы аз күі суық нмнсн ыстық аймақтарды бұл құбылыстардың белсенділі төмен. Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың химиялық және минералдық құрамдары тікелей байланысты.
Күні жылы, ылғалы мол аймақтарда топырақ минералы негізінен қатты үгілген, балшықты екінші минералдан, ал кұн райы ыстық, немесе суық, ылғалы өте аз аймақтар топырақ құрамындағы минералдардың басым бөлігі жөнді үгілмеген алғашқы минералдардан тұрады.
Ылғалы мол аймақтың топырағында суға ерігіш тұздар аз кездессе, керсінше құрғақ шөл аймақтар топырақ құрамы суға ерігіш тұздарға бай келеді. Ауа райының жиі желді болып келуі де топырақтағы құбылыстарға, оның құнарына көп әсер етеді
Топырақ
түзуші факторлар
Топырақтүзуші факторлар туралы ілім, В.В. Докучаевтың өзі айтқандай, топырақтану ғылымының негізгі тірегі. Топырақты топырақтүзуші факторлардан тыс зерттеу бұрыс тұжырымдарға әкелуі мүмкін.
В.В. Докучаев анықтаған топырақтүзілістің бес факторына – топырақтүзуші жыныстар, өсімдік және жануар организмдері, климат, рельеф және уақытқа кейінірек судың (топырақ және грунт (еспе) суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды.
Жекелеген топырақтүзуші факторлардың ерекшеліктерін қысқаша атап өтейік.
Топырақтүзуші жыныстар топырақтың қалыптасуы жүретін субстрат болып келеді. Бұл жыныстар топырақ сияқты күрделі табиғи құрылымның іргетасы және каркасы тәріздес. Бірақ та топырақтүзуші жыныстар топырақта жүріп жатқан үрдістерге инертті болып келетін жай ғана қаңқа емес. Ол топырақүзілу үрдісіне түрлі кейіпте араласатын түрлі минералдардық компоненттерден тұрады. Олардың ішінде химиялық үрдістерге инертті, бірақ та топырақтың физикалық қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратын бөлшектер бар. Топырақтүзуші жыныстардың басқа құрамдас бөліктері оңай ыдырап, топырақты белгілі бір химиялық элементтермен байытады, солайша топырақтүзуші жыныстардың құрамы мен құрылымы топырақтүзілу үрдісіне өте зор ықпал етеді. Мысалы, қылқанды-жапырақты (аралас) ормандар жағдайында әдетте шымды-подзолды топырақ қалыптасады. Бірақ та орман зонасы шегінде топырақтүзуші жыныстар құрамында кальций карбонаты мөлшері көп болса шымды – подзолды топырақтан түрі мен қасиеттері бойынша күрт ерекшеленетін топырақ түзіледі.
Топырақтүзуші
жыныстардың маңызының
Өсімдіктер өзінің тіршілік әрекеті барысында органикалық затты синтездеп топыраққа тамыр массасы түрінде, ал беткі бөлігі өлгеннен кейін өсімдік қалдықтары түрінде таратады. Өсімдік қалдықтарының құрамдас бөліктері минералданғаннан соң топыраққа сіңіп, топырақтың үстіңгі көкжиегіне тән қара рең беретін шіріндінің түзілуіне ықпал етеді. Сонымен бірге өсімдіктер топырақтүзуші жыныстарда аздаған мөлшерде болатын, бірақ өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне сондай қажетті жекелеген химиялық элементтерді бойына жинайды (аккумуляциялайды). Өсімдіктер өліп, қалдықтары ыдырағаннан кейін бұл химиялық элементтер топырақта қалып, біртіндеп оны байытады.
Топырақтың қалыптасу үрдісі үшін микроорганизмдердің де маңызы зор. Олардың әрекетінің арқасында органикалық қалдықтар ыдырап, ондағы бар элементтерді өсімдік сіңіре алатын қосылыстарға біріктіру (синтез) жүреді.
Жоғарғы
өсімдіктер мен микроорганизмдер белгілі
бір кешен құрайды. Олардың ықпалымен
әртүрлі топырақ типтері
Топырақтүзілісі үшін топырақта өте көп кездесетін жануар организмдер де маңызды. Топырақ үңгігіштері топырақты көп рет қопарыстырады да, оның араласуына, аэрациясының жақсы болып, топырақтүзілу үрдісінің жылдамырақ жүруіне септігін тигізеді және өзінің тіршілік қалдықтарымен топырақтың органикалық массасын молайтады. Ч. Дарвин сияқты белгілі ұлы ғалым топырақ ағзаларына үлкен маңыз берген. Оның анықтауы бойынша, Англия жағдайында әрбір гектардағы жауынқұрттар өз ағзаларынан жылына 20-26 т топырақ өткізеді екен. Ч. Дарвин топырақты жануарлардың әрекетінің нәтижесі деп есептеп, оны жануарлық қабат деп атауды нұсқаған.
Климат жағдайларының топырақтүзілу үрдісі үшін маңызды мәні бұрыннан өзіне назар аударып келеді. Топырақтың энергиямен (жылумен) және едәуір мөлшерде сумен қамтамасыз етілуі осы климатқа байланысты. Келген жылу мен ылғалдың жылдық мөлшеріне, оның тәуліктік және маусымдық таралуы ерекшеліктеріне қарай топырақтүзілу үрдісі дамиды. Аязды кезеңде топырақтың тоңазуы (тоңдануы), биологиялық үрдістердің тоқтауы және физико-химиялық үрдістердің күрт бәсеңдеуі жүреді. Сондай нәтиже құрғақшылық аудандарда ылғалсыз кезеңде қалыптасады. Ауа массаларының қозғалысы (жел) топырақтың газ алмасуына ықпал етеді және шаң түріндегі топырақтың ұсақ бөлшектерін іліп әкетеді (ұшырады). Бірақ климат топыраққа тікелей ғана емес биологиялық үрдістерге (жоғарғы өсімдіктердің таралуына, микробиологиялық әрекеттің қауырттылығына (интенсивтілігіне)) әсер ете отырып жанама да ықпал етеді.
Жер шарының климат жағдайлары экватордан полюстерге қарай, ал таулы елдерде етегінен төбесіне қарай заңды түрде өзгереді. Осы бағытта өсімдіктер мен жануарлардың құрамы да заңды түрде өзгереді. Топырақтүзілудің осынау маңызды факторларының өзара байланысқан өзгерістері топырақтың негізгі типтерінің таралуына ықпал етеді. Атап өтетін бір жайт, климат элементтерінің ықпалы, басқа барлық топырақтүзілу факторлары сыйяқты, тек басқа факторлармен өзара әрекеттескенде ғана байқалады. Мысалы, биі к таулық альпі зонасында ылғал мөлшері тайга зонасындағы жағдайға сәйкес, бірақ та екі жағдайдағы жауын-шашынның бірдей мөлшері топырақтың бірдей типі қалыптасуының шарты емес: топырақтүзілу факторларының көбінің түбегейлі айырмашылықтары болуы салдарынан альпілік зонада таулы-шабындық, ал тайгада күлгіндеу топырақ түзіледі.
Топырақтүзілуге топырақ-грунт (еспе) суы да белгілі мөлшерде ықпал етеді. Су топырақтағы көптеген химиялық және биологиялық үрдістер жүретін орта болып табылады. Өзенаралық кеңістіктегі топырақтың көп бөлігі үшін судың негізгі көзі атмосфералық жауын-шашын болып келеді. Алайда грунт сулары жақын орналасқан жерлерде олар топырақтүзілуге күшті әсер етеді. Олардың әсерінен топырақтың су және ауа режимі өзгереді. Грунт суы топырақты өзінің құрамындағы химиялық қосындылармен байытады, жекелеген жағдайларда топырақтың сортаңдануына алып келеді. Аса ылғалданған топырақтарда оттегінің жетіспеушілігі болғандықтан, микроорганизмдердің кейбір топтарының әрекеті тежеледі. Грунт суының әсері нәтижесінде ерекше топырақ қалыптасады.
Жер бедерінің (рельеф) әсері негізінен жер бетіне келген жылу мен суды таратуынан көрінеді. Жергілікті жердің биіктігінің бірталай өзгеруі температуралық жағдайдың едәуір өзгеруіне әкеледі. Таулардағы биіктік (вертикальды) зоналық құбылысы осыған байланысты. Биіктіктің салыстырмалы түрде аздаған өзгерісі атмосфералық жауын-шашынның таралуына әсер етеді. Күн энергиясының таралуы үшін беткейдің экспозициясының мәні зор. Өте көп жағдайда грунт суының топыраққа әсер ету дәрежесі жер бедерінің ерекшеліктерімен айқындалады.
Топырақтүзілудің мүлдем ерекше факторы – уақыт. Топырақта өтетін барлық үрдістер уақыт ішінде өтеді. Сыртқы жағдайлардың ықпалы байқалып, топырақтүзілу факторларына сәйкес топырақ қалыптасуы үшін белгілі бір уақыт қажет. Географиялық жағдайлар тұрақты болып қалмай, өзгеріп тұратындықтан, топырақтың уақыт ішіндегі эволюциясы жүреді.
Қалған барлық факторлардан топыраққа адамның, дәлірек айтсақ адам қоғамының ықпалы күрт ерекшеленеді. Табиғаттың топыраққа әсері кездейсоқ түрде болса, адам өзінің шаруашылық әрекетінің барысында топыраққа бағытты түрде әрекет етеді, оны өзінің қажетіне қарай өзгертеді. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты, қоғамдық қарым-қатынастардың дамуына байланысты топырақты пайдалану және оны қайта құру күшейе түсуде.
Соңғы
онжылдықтар барысында
Бұдан түйіндеріміз, топырақ – бұл құрлық бетіндегі химиялық элементтердің циклдік миграциясы, ландшафт компоненттерінің арасындағы зат алмасуы үрдістері жоғары кернеу дәрежесіне жететін ерекше табиғи түзілім. Топырақта заттың жіті таралуымен бір мезгілде күн энергиясы трансформацияланады (күйін өзгертеді) және жиналады (аккумуляцияланады).
Топырақтың түзілуі және оның құрамы
Топырақ - табиғат
туындысы, табиғи әрі тарихи дене. Бір
кездерде жер беті қазіргі ай планетасының
ландшафты сияқты топырақсыз, өсімдіктерсіз,
ауасыз, тіршіліксіз тып - типыл, мүлгіген
дүние болған. Жер бетінің жамылғысы бастапқыда
тығыз қатты тау жыныстарынан тұрады.
Бұл ту жыныстары алғаш өздері пайда бола
бастасымен - ақ, үздіксіз үгілу құбылыстарына
ұшырады. Қатты тау жынысының үстіне топырақ
түзіле қоймайтыны белгілі. Топырақтың
түзілуі үшін, ең алдымен, қатты тау жыныстары
майда ұнтақталған, кеуекті тау жыныситарына
айналуы керек. Жер бетіндегі қатайғкан
тау жыныстары табиғат күштерінің ғасырлар
бойы үздіксіз әсерінен бірте - бірте қирап,
бұзылып, қопсыған жыныстарға айналады.
Бұл құбылысты геологияда үгілу (выветривание)
деп атайды. Үгілу құбылысы тарихи топырақ
түзілуден бұрын болған, сөйтіп ол топырақтың
түзілуіне жағдай жасады.
Табиғат күштерінің, әсіресе температураның,
судың, желдің, күн сәулесінің, көшпелі
мұздардың топыраққа әсері зор.
Үгілудің физикалыық, химиялық және биологиялық
түрлері бар. Тау жыныстарының физикалық
жолмен үгілуі деп оның химиялық құрамы
өзгермей, тек әртүрлі механикалық бөлшектерге
бөлінуін айтады. Физикалық үгілуге қатысатын
негізгі күштер – температура, жел күштері,
тасқын сулар, көшпелі мұздар. Физикалық
үгілудің қарапайым мысалын келтірейік.
Мәселен, әр түрлі температура әсерінен
тау жынысында жарылған сызат пайда болды
делік. Уақыт өте келе оған ауадан ылғал
кіріп, қыста мұзға айналып, ісінеді де
әлгі сызат үлкен жарықшаға айналып, қатты
жынысын әрі қарай бұзады. Таулы аймақтарда
диі-жиі жаңбырдан немесе қар қабаттарының
көктемде бір мезгілде тез еруінен сел
тасқындары болмай тұрмайды. Оның күшімен
тіпті ірі – ірі тастар да допша домалайды.
Бір – біріне соғылған тсатар жаңғақша
шағылып, майда жыныстарға айналады.
Химиялық үгілу – тау жынстары құрамындағы
суда, қышқыл мен сілтіде еруінен және
ауадағы оттегімен тотығуынан пайда болатын
құбылыс. Мұның нәтижесінде химиялық құрамы
жағынан жаңадан минералдық заттар пайда
болады. Бұл заттар өздерінің суда ерігіштік
қасиетіне, өзіндік салмағына қарай әр
жерлерге түрліше шөгеді. Фихикалық және
химиялық үгілу табиғи ортаның климат
жағдайларына тікелей байланысты. Алайда,
әр аймақтың климат жағдайларына қарай
оның бір түрі екіншісіне қарағанда басым
болуы заңды. Мысалы, ылғалы мол, әрі күні
жылы тропиктерде химиялық үгілу құбылысы
белсендірек өтеді. Ал ауа райы ас а суық
тундыра немесе күні аса ыстық, ылғалы
өте аз шөлді аймақтарда физикалық үгілу
құбылыстары басымырақ жүреді.
Физикалық және химялық үгілулердің нәтижесінде
таулар бұзылып, су күшінің кемуіне және
жер бедерінің ыңғайына қарай шөгеді.
Жел күшімен ауаға ұшады, шөгеді. Бұл ғасырлар
бойы үздіксіс құбылысты ештеңе де тоқтата
алмайды. Нөсерлетіп құйған жаңбырдан
қатты соққан желден жер беті шамалы өзгеріске
түседі. Ескі дәуірде тірі жәндіктер мен
өсімдіктер болмаған кезде майда ұнтақталған
жыныстарды біріктіріп, желімше ұстап
тұратын ештеңе болмаған, топырақ шіріндісі
түзілмеген. Сондықтан топырақ та пайда
болиады. Физикалық үгілу болсын, химиялық
үгілу болсын өзінше топырақ ьтүзе алмайды.
Топырақ түзілу құбылысы – физикалық
та емес, химиялық та емес, биологиялық
құбылыс.
Үгілу нәтижесінде қатты тау жыныстарынан
қопсыған, ылғал сіңіргіштік, су өткізгіштік
қасиеті бар ұнтақталған жыныстар пайда
болады. әдетте, физикалық және химиялық
үгілу кезінде босаған, суға ерігіш, өсімдіктерге
қоректік минерал заттарауқымды геологиялық
заттар айналымына түседі де әр түрлі
су ағыстарымен, өзендерге, теңіздерге,
тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға
айналады.
Топырақ түзуші факторлар негізінен алты
түрге бөлінеді. Олар: ауа райы, тау жынысы,
жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік
пен жануарлар дүниесі, жер бедері, аймақтың
геологиялық жасы және қоғамның өндіргіш
күші қажет. Осыларға жеке тоқталайық.
Тірі организдер мен олардың топырақ түзілуіне
әсері. Жер бетінде алғашқы пайда болған
тірі организмдер өсімдік те, жәндік те
емес – ультрабактериялар. Олар өздері
өмір сүретін ортаға бейім келеді. Олардың
кейбіреулері тіпті тастар да өсе бастаған.
Олар өздеріне керекті көмір қышқылы гпзы
мен азотты бірте бұзып, бүлдіре бастады.
Ал үгілген ұнтақталған тау жыныстары
оларға таптырмас мекен болды.
Сонымен алғашқы тірі организмдер, су,
жел және мұздармен бірге Жердің тасты
қыртысын бұзып, здері өлгеннен кейін
шіріп, ыдырап қарашірінді (гумус) құрады.
Шырын желім тәрізді болғандықтан, қынаның
тау жынысының бұзылуына әсері алғашқы
микрооргонизмдерге қарағанда әлдеқайда
белсендірек болды.
Тастар мен тауларды бүлдірумен қатар
өсімдіктер өзі түзген топырақтытқорғай
да алды. Қарашірік пен өсімдік тамырлары
топырақ бөлшектерін біріктіріп, жымдастырып,
желден, судың жуып - аюынан сақтады.
Тау жынысының үгілуінен бөлінетін қоректік
заттардың бір бөлігі енді топырақтың
тіршілік көзі болып саналатын организмдер
бойына ауыса бастады. Ал олар өліп, ыдыраған
кезде, топырақтың жоғары қабаттарында
және оның белгілі бір тереңдіктерінде
қоректк заттарға айналып, топырақ құнарлығын
арттырады. Бұл келесі өсетін өсімдіктерге
қолайлы жағдай жасады.
Ауа райының топырақ түзудегі ролі орасан
зор. Климатқа, яғни ауадан түсетін ылғал
мөлшеріне, ауа температурасының ыстық,
суығына, үсксіз уақыттың қысқа немесе
ұзақтығына қарай әр жерде әр түрлі өсімдік,
жан – жануарлар мен микрооргонизмдер
тіршілік етеді. Олардың әрекетінен әр
жерде әр түрлі топырақтар түзеді. Мәселен,
шөлде шөл топырағы тзілсе, тундрада мәңгі
тон астында дамымаған, одан түсетін ылғал
мол, күн сәулесі жеткілікті аймақтарда
бұл құбылыстардың белсенділігі төмен.
Осы себептен де климат жағдайларына топырақтың
химиялық және минералдық құрамдары тікелей
байланысты.
Топырақ түзуші тау жыныстарының топырақ
түзуге әсері. Түзілген топырақтың химиялық,
минералдық және механикалық құрамы өзін
түзген тау жыныстарының құрамына өте
ұқсас келеді. Топырақ түзуші тау жынысын
топырақ түзуші аналық жыныс деп атайды.
Осыдан топырақтың өзін түзген аналық
жынысқа ұқсас болуы заңды нәрсе. Сонымен
аналық топырақ түзуші жынысы өзі түзген
топырақтың көптеген химиялық, физика
– химиялық және физикалық қасиеттерін
анықтайды. Тіпті кейбір аймақтарда топырақ
түзуші тау жыныстарының химиялық құрамы
бұл аймақтарға тән емес құрамы басқа
топырақты түзеді. Тау жыныстарының өзі
түзген топыраққа әсері, әсіресе, шөлді
аймақтарда айқын көрінеді. Себебі бұл
аймақтарда ауадан түсетін ылғал аз болғандықтан,
топырақ түзу белсенділігі өте төмен болып,
тау жынысына оның әсері аз тиеді. Сондықтан
тау жыныстарының құрамына күрделі өзгерістер
енгізе қоймайды.
Топырақ түзуге, оның құнарлығын арттыруға
жер бедерінің тигізетін әсері маңызды
орын алады. Жер бедерінің әр түрлі болуына
қарай, оған судың келуі, сумен бірге қоректік
заттардың ілесе келуі, тіпті күн сәулесінің
түсуі түрліше болады. Тегіс жерлерге
ауа ылғалы жақсы сіңеді. Ал беткейлі,
дөңесті жерлерге ылғал дұрыс сіңбей,
су ойпатты жерлерге жиналады. Жер бедеріне
қарай күн сәулесіде дұрыс түспейді. Топыраққа
жер бедерінің әсерлері туралы айтқанда,
оның аса биік (макро) немесе орта (мезо)
немесе майда (микро) деп бөлінетінін естен
шығармағанымыз жөн.
Топырақ түзуге аймақтың геологиялық
жасының әсері. Геологиялық жаңа аймақта
топырақ та жас яғни жаңа түзіле бастаған
топырақ, ал геологиялық ескі аймақтың
топырағы да ескі. Міне осы тұрғыдагн алғанда
кең байтақ ТМД елдерінің теріс жағында
жаңа жас топырақтар кездеседі. Себебі
бұрынғы КСРО – ның теріскей жағы кейінгі
дәуірлерде ғана мұздан алынған. Тіпті
оңтүстік аймақтың көп жерлерін мұз баспаған.
Сондықтан бұл алқапт арда топырақтыңт
даму құбылысьары ерте басталған. Осыған
қарап, жалпы оңтүстік өңірлерде жаңадан
түзіліп жатқан жас топырақ жроқ деп айтуға
болады.

- Топырақты агрохимиялық талдау
- Топырақтың адамзат үшін маңызы
- Топырақтың адамзат үшін маңызы
- Топырақтың жалпы зоогигиеналық маңызы
- Топырақтың жіктелуі және топырақты зерттеу
- Топырақтың морфологиялық қасиеттері.doc
- Топырақтың сипаттамасы
- Топырақ құнарлығының құрылымына жауын құртының әсері
- Топырақ құрылымы, жіктелуі
- Топырақ өңдейтін машиналар
- Топырақ пайда болуы
- Топырақтану негіздері
- Топырақ, топырақтану және топырақ түрлері
- Топырақ туралы түсінік. Топырақтану ғылымы және оның даму тарихы