Топырақ құрылымы, жіктелуі
Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлімі:
1)Топырақ құрылымы, жіктелуі
2) Топырақтың технологиялық қасиеттері
3) Топырақтың құрамы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Топырақтың адамзат қоғамы үшін маңызын айтып жеткізу қиын. Егер бұрынғы кезде өскен өнімді жинау кезінде топырақтың жанама маңызы болуы, себебі ол адамды жабайы өсімдіктер өнімдерімен қамтамасыз етті, ал жер жыртып, егіншілікпен айналысқан кезден бастап топырақ азық өнімдерінін көзіну айналды.Сондықтан еңбек адамы ежелден осы табиғи байлыққа үлкен құрметпен қарайды. В.В.Докучаев ойынша қара топырақты жерлерді Ресейдің негізгі байлығы деп атайды.
Өндірістің кейбір салалары
топырақты пайдалануға
Топырақта жүріп жататын күрделі биологиялық, физика-химиялық және химиялық процестердін адамзат қоғамының түрлі тіршілік салалары үшін мәні зор. Осы процестерді тану топырақты іс жүзінде пайдалануда жаңа мүмкіндіктер ашады.Микробиологиялық және геохимиялық процестерді зерттеуге байланысты топырақтың халық денсаулығы үшін маңызы анықтала түседі. Топырақтағы физика-химиялық құбылыстарды зерттеудің гидротехникалық құрылыс үшін және алыс қашықтыққа созылған магистралық құбырлар салу үшін маңызы бар.Топырақтағы биогеохимиялық және геохимиялық процестерді пайдалы қазба кен орындарын іздеу кезінде пайдаланады. Жердің ауыл шаруашылығы үшін маңызы ерекше, сондықтан осы сұрақ алды мен қаралуы керек.Адамзаттың бүкіл өмірі осы топырақпен байланысты. Топырақ ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі құрамы болып табылады. Топырақтың құнарлығын арттыратын әр түрлі тыңайтыштар бар. Бейорганикалық тыңайтқыштар құстың саңғырығы, малдың тезегі және т.б. осыларды ерте кезден бастап адамдар өздерінің шағын жерлеріне еккен егіндеріне тыңайтқыш ретінде пайдалана білген.Қазіргі кезде топырақтың құнарлығы өте төмендеп бара жатыр. 1953-55 тың игеру жылдарда Қазақстан даласының едәуір көп бөлігін жыртып тастады. Артынан ол жерлер түгел игерілмей қараусыз қалды. Осы кезде Қазақстан жерлерінің көп жерлері эрозияға ұшырап үстіңгі қара топырақ қабаты ұшып кетті. Кейін ол жерлер шөлді жерге айнала бастады. Ол жерді өте көп жыртудың зиянды еді. Егін салғанда да жерді жыл сайын өңдеп, тыңдырып отырмаса, құнарлығы төмендеп кетеді. Соңғы жылдары бактериялық тыңайтқыштар да қолданыс табуда.
Топырақ құрылымы, жіктелуі
Топырақ құрылымы. Бұл топырақтың маңызды генетикалық және агрономиялық көрсеткіші. Топырақтың құрылымы деп, оның массасының әр түрлі үлкенді-кішілі түйіртпекті агрегаттарға бөлінуі қасиетін айтады. Топырақ құрылымы ірі кесекті, кесек дәнді, үлкен-кіші жаңғақты, призмалы т.б. түрлерге бөлінеді. Олар бір-бірімен жабысқан механикалық элементерімен: құм,шаң, балшықпен қосарласа жүреді. Әрбір құрылымдық агрегат біріккен органикалық және минералды бөліктерден тұрады. Жалпы топырақ құрылымның пайда болуы-күрделі биохимиялық және физико-химиялық процесс. Көп жағдайда аралас құрылымды топырақтар кездеседі. Топырақтың құрамында 0,5 мм-лік микроагрегаттартардан бастап одан әлденеше есе үлкен макроагрегаттардан бар.Агрегаттардың көлемі 1мм-ден -10мм-ге дейінгі топырақ бағалы, құнарлы. Өйткені мұндай топырақ ылғалды үнемді жұмсайды, ысырап етпейді, яғни оның бөлшектерінің сіңіру құрамында кальцийдің катионы болады. Ал су ұстамайтын топырақтың құрамында басқа катиондар кездеседі.
Топырақ бөлшектерінің құрылымы .
1. Құрылымы жоқ, шаң-тозаңды,борпылдақ.
2. Құрылымы майда түіртпекті, оқ дәрәсіндей, мөлшері 0,5-1 мм.
3. Дәнді түйіртпекті, диаметрі 1-5мм.
4. Жаңғақоты құрылым, 5-10мм.
5. Майда кесекті
құрылым, топырақ
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тән құрылымның бірі-топырақ пішіні түзіледі, яғни топырақтың морфологиясы қалыптасады. Осы морфологиялық көрсеткіштер арқылы топырақтар бір-бірінен және өзі түзілген тау жыныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы топырақтың шатастырмау керек. Морфологиялық құрылым- топырақтың сыртқы пішіні. Топырақтың әр түрлі морфологиялық құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл көріністерді бір-бірнен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы бар топырақтың генетикалық қабаттарынан көруге болады.
Топырақтың морфологиялық
құрылымын зерттеу үшін далалық
жағдайда тік қазылған шұңқырларды
пайдаланады. Бұл әдісті алғаш рет
В.В Докучаев қолданған, осы күнге
дейін бұл топырақтануда
Топырақтың технологиялық қасиеттері
Грануметриялық құрамы жеңіл топырақтар жақсы су сіңімділігімен, оңтайлы ауа жүргісімен тез қызу қабілеттілігімен сипатталады. Сонымен бірге олардың теріс қасиеттері бар, мысалы ылғал сыйымдылығының төмендігі, қарашіріндісінің, қоректік элементтердің аз болуы, сіңіргіштік қабілетінің шамалылығы, жел эрозиясына бейімділігі.
Топырақтағы физикалық құммен саз бөлшектердің салыстырмалы мөлшеріне сәйкес ол құмды, құмайт(құмдауыт), саздауыт ( жеңіл, орта, ауыр ), сазды (олда 3-ке бөлінеді: жеңіл, орта, ауыр ), ал топырақты өңдегенде тарту кедергісіне байланысты шартты түрде жеңіл, орташа, ауыр топырақтар деп үш топқа бөлінеді.
Ауыр саздауытты және сазды топырақтар жоғары байланыстылығы және су сыйымдылығымен, қарашірінді, қоректік заттармен қамтамасыз етілу деңгейі жоғарлылығымен ерекшеленеді. Мұндай топырақтардың оң қасиеттері олардың құрылымы жоғары болғанда айқын көрінеді де, керісінше, шаңдақ болғанда теріс көріністері ұлғаяды.
Құрылымы нашар топырақтардың арасында өздерінің қасиеттерімен жеңіл және орта саздақты топырақтар ерекшеленіп тұрады.
Топырақтың физикалық пісіп-жетілуі оның грануметриялық құрамына тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар топырақтың технологиялық қасиеттері (байланыстылығы, иілімділігі, жабысқақтығы ), қаттылығы, ісіну қабілеттілігі де оның грануметриялық құрамына байланысты.
Топырақтың грануметриялық құрамын еске ала отырып ауыл шаруашылық дақылдарын аумаққа орналастыру әбден мүмкін. Мысалы, картоп, көптеген көкөніс дақылдарын құмдауыт, жеңіл саздауытты жерлерге орналастырған тиімді болып келеді.
Гранулометриялық құрам
топырақ тузуші жыныстан қалған оның
өте тұрақты белгілерінің бірі, ол
топырақты шаруашылықта пайдаланғанда
өзгерістерге ұшырайды деуге болмайды.
Тек жылыжай жағдайларында
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Топырақ — табиғат компоненттерінің бірі. Жердің геологиялық тарихында алдымен пайда болған топырақ. Палеогеографиялық зерттеулердің деректері бойынша алғашқы жұқа топырақ қабаты 500 млн жыл бұрын кембрий дәуірінде пайда болыпты. Бұл кезде әлі өсімдік жамылғысы қалыптаспаған. Топырақ жамылғысын зерттейтін топырақтану ғылымы - жас ғылым. Оның негізін салған XIX ғасырдың 80-жылдары орыс ғалымы В. В. Докучаев - топырақтың табиғи және тарихи дене екенін анықтады.
Топырақ жамылғысын құрайтын факторлар
Топырақтың пайда болуының, дамуының өзінше заңдылықтары бар. Топырақ - су, ауа, жылу, өсімдік және тірі ағзалардың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болған ерекше табиғи құрылым. Міне, осы факторлардың көп жылдық үздіксіз әсерінің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты пайда болады.
Абиогендік фактор
Табиғатта топырақ жамылғысының
түзілуі - өте ұзаққа созылатын құбылыс.
Ұзақ геологиялық мерзімде таулар үгітіліп,
мүжіліп, шыңдар аласарады. Құм мен
саздар суға шайылып, желдің күшімен
ауаға ұшады, шаңданады. Бұл процестер
ғасырлар бойы жалғасады. Жаңбыр, жел
қатты болса, жер беті өзгеріп
тұрады. Топырақтың ең негізгі қасиеті
табиғи құнарлылығы, яғни құрамында
өсімдіктің тез әрі жақсы өсуіне
жағдай жасайтын қоректік заттардың
мол болуы. Сөйтіп, аналық тау жыныстарынан
кейін топырақ түзуші жетекші
фактор ағзалардың тіршілік әрекеті. Олар
тасты бұзатын қышқылдар
Жануарлар дүниесі
Жануарлар дүниесі өздерінің
тіршілік әрекетінің нәтижесінде топырақты
байытады, өлгендері шірінді мөлшерін
көбейте түседі. Шұбалшындар топырақ
пен органикалық қалдықтарды
асқазан шырынымен шылап
Климат
Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы бар. Бұл процеске қатысатын өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың тіршілігі климатқа байланысты. Аязды кезеңде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық кезеңде баяулайды. Климат табиғаттың басқа компоненттері сияқты, топырақтың ендік зоналық, биіктік белдеулілік заңдылықтары бойынша таралуына әсерін тигізеді.
Жер бедері
Жер бедерінің топырақ түзудегі рөлі жергілікті жердің жер бедеріне байланысты. Олардың аналық жыныстарда әр түрлі, ылғалдың топыраққа сіңуі де әр түрлі. Солтүстік беткейден оңтүстік беткейге түсетін жылу мен ылғал да әр түрлі болады.
Антропогендік фактор
Адам баласының топырақтың түзілуіне тигізетін әсері әр түрлі. Бір жағынан топырақты тыңайтқыштар пайдаланып құнарлылығын арттырса, жерді суарып, батпақтарды құрғатып жатса, екінші жағынан тыңайтылған жерлерді үсті-үстіне пайдаланып, жел эрозиясына ұшыратуда. Адамдардың қызмет әрекеті әрдайым топырақтың құнарлылығын арттыра бермейді.
Топырақ жамылғысын механикалық құнарлылығына қарай ажырату
Топырақтың механикалық құрамы ірілі және ұсақ минерал бөлшектерінің жиынтығы. Топырақтың механикалық құрамы әр түрлі болады. Оны анықтау қиын емес. Топырақты дымқылдап алып, илегенде құрамында саз бен шірінді бар топырақтар біріккіш келеді. Ал құрамы құмды, құмдауытты, саздауыт болса, онда топырақтың бірігуі нашар болады. Топырақтың қасиетіне қарай оның құрылымы да әр түрлі болады. Шірінді өсімдіктің қоректенуі үшін ғана керек емес. Ол топырақ құрылымының түзілуіне белсенді түрде катысады. Топырақтың құнарлылығы оның құрылымына байланысты. Шірінді мен кальцийге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады. Топырақ түйіршіктерінің көлемі 10 мм-ге дейін болса, кеуек топыраққа ауа, су оңай өтіп, өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады. Құрылымы кесек топырақтарды құрылымды топырақ деп атайды. Құрылымды топырақ құнарлы келеді. Түйіршіктері ұсақ топырақты құрылымы жоқ топырақ деп атайды. Ол онша құнарлы болмайды. Топырақ құрылымы нашар жерлерде қар суы сіңбей, сай-салаға ағып кетеді. Құрылымды топырақтар тыныс алады. Күндіз топырақ қызады, ауаның көлемі ұлғайып, тысқа шығады, түнде керісінше ауа топыраққа өтеді.
Қазақстандағы топырақ жамылғысының типтері
Қазақстанда өзге елдерде кездесетiн топырақ түрлерiнiң түгелдей дерлiгi тараған. Мұнда тайга, тундра топырағына дейiн бар, тек ылғалды субтропик белдемiне тән топырақ қана жоқ.
Топырақ жамылғысының түрлері
Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).
Қара топырақты зона
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
Қара қоңыр топырақ зонасы
Қара қоңыр топырақ
зонасы қара топырақтың оңтүстігінде
орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның
көп жерін, Каспий маңы ойпатының
солтүстігін, Шығыс Қазақстан
Қара қоңыр топырақты зона
Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.
Солтүстік Қазақстандағы
Батыс Сiбiр ойпатынан
Жазық алқап топырағы
Ауданы 235 млн. га. Қазақстанның
жазық аймақтарында солтүстіктен оңтүстікке
қарай мынадай топырақ
• Республиканың қиыр солтүстігін орманды дала белдемi алып жатыр. Негiзiнен бұл жерлер Батыс Сiбiр ойпатында орналасқандықтан жер бетi жазық, ойпатты, сондықтан орманның шайылған сұр топырағы мен шайылған сiлтiсiзденген қара топырағы тән. Бұл аймақтың топырақтары құнарлы, негiзiнен жаздық бидай егiледi. Қалған жерлерiн орман, шабындық пен жайылымдар алып жатыр. Ауданы 400 мың га;
• Осы белдемнен оңтүстікке қарай даланың қара топырақты белдемi (Жалпы Сырттан Ертiс өңiрi жазықтығына дейiн 2000 км-ге созылған) жалғасып жатыр. Аумағы 25,7 млн. га, оның 15 млн. га-сы жыртылған жерлер, негiзiнен астық дақылдары егiледi. Қара топырақты белдем солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 белдем аралығына бөлiнедi: кәдiмгi қара топырақты белдем аралығы Батыс Сiбiр ойпатының оңтүстігін Сарыарқа өңiрiнiң және Жайық биiк шығыс жазығының солтүстік бөлiктерiн қамтып (енi 100 — 140 км-дей), батыстан шығысқа созылып жатыр. Аумағы 11,8 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы, негiзiнен астық дақылдары егiлiп, еттi-сүттi мал өсiрiледi; оңтүстiктiк қара топырақты белдем аралығы — кәдiмгi қара топырақты белдем аралығының оңтүстігін бойлап батыстан шығысқа созылып жатыр, енi 50 — 125 км-дей, аумағы 13,9 млн. га. Жер бетi жазық, топырағы құнарлы. Бұл негiзiнен ылғалы жеткiлiктi, дәндi дақылдар егуге қолайлы жерлер. Құрғақшылық әрбiр 7 — 9 жылда бiр-екi рет қайталанады.
• Республиканың оңтүстік бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орталық аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты белдем алып жатыр. Аумағы 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң 33,2%-ы. Мұнда солтүстіктен оңтүсттікке қарай 3 белдем аралығына бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы — қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлшері 3 — 4%-дай. Аумағы 27,7 млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық әрбiр 3 — 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады. Соңғы 10 жылда бұл белдем аралығындағы жыртылған жер көлемi оларды пайдаланудың тиiмсiздiгiнен, бұрынғы 10 млн. га-дан 3 — 4 млн. га-ға азайтылған; жай қара-қоңыр топырақ орын алған алқаптың аумағы 24,4 млн. га. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлш. 2 — 3%. Құрғақшылық кейде жыл сайын, кейде 2 жылда бiр рет қайталанады, сондықтан суарылмайтын егiншiлiкпен айналысу тиiмсiз, ал суару үшiн тұрақты су көздерi жоқ. Тың игеру кезiндегi асыра сiлтеушiлiкпен бұл белдем аралығында астық үшiн игерiлген 4 — 5 млн. га жерге соңғы 10 — 12 жылда егiс егiлмейтiн болды, тек аз ғана малазықтық жем-шөп егiлетiн жерлер қалдырылды. Мұнда соңғы жылдары тек мал өсiрiледi; ашық қара-қоңыр
топырақты белдем аралығы — өте қуаң шөл (шөлейт) дала, негiзiнен мал шарушылығына жарамды. Аумағы 38,4 млн. га.
Әр түрлі топырақтардың классификациясы
• Шөл дала белдемiнiң аумағы 119,4 млн. га, немесе республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы — шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң жерлер. Аумағы 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын мөлшері 120 — 150 мм. Топырақтың беткi қабатындағы қарашiрiк мөлшері 1 — 1,5%.Сұр қоңыр топырақты белдем аралығы шөлді аймақ, жусан мен эфемерлі өсімдіктер басым. Аумағы 61,8 млн. га. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері 80 – 130 мм. Топырақта қарашірік мөлшері 1%-дай. Алқапта құмды, тақыр, сор жерлер жиі кездеседі. Бұл жерлерде мал шаруашылығы дамыған, егіншілік суармалы жерлерде ғана шоғырланған.
Биік таулы аймақтың топырағы
Биік таулы аймақтың топырағы
республиканың оңтүстік-
Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін 4 биіктік белдеу бар:
• Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м (кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр-қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы және тәлімі егіншілік және мал шаруашылығы дамыған.
• Аласа таулы дала белдеуі – әр түрлі таулы аймақта 600 – 2200 м биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт қара-қоңыр және қара топырағы таралған. Ал Батыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр және таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 – 15%-дай. Жайылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған.
• Орташа таулы орманды-далалы және шалғынды-орманды белдеулері әр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары және таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген. Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған.
• Биік таулы альпілік, субальпілік шалғынды және қарлы-мұзды белдеулері Батыс Тянь-Шань мен Алтай аралығындағы биік таулы аумақтардың 1800 – 3800 м кейде одан да биік деңгейлерді алып жатыр. Топырағы альпілік, субальпілік, шалғынды-шымды. Көпшілік жері топырақсыз тасты шыңдар мен мәңгі мұз, қар басқан шыңдардың үлесіне тиеді. Шалғынды жерлері – жазғы жайлау ретінде пайдаланылады
Топырақ эрозиясы және топырақ жамылғысын қорғау
Топырақтың құнарлылығын кемітетін табиғаттың бір апаты - топырақ эрозиясы. Топырақтың құрылу процесінің ұзақ екендігін түзуші аналық тау жынысынан құнарлы 18 см топырақ қабаты пайда болу үшін өте қолайлы табиғи жағдайдың өзінде 1400 жылдан 7000 жылға дейін уақыт керек екенін айтса жеткілікті. Ал бұл қабатты желдің ұшырып әкетуі оп-оңай. Топырақ эрозиясының екі түрі бар: жел эрозиясы және су эрозиясы. Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Топырақтану институтының зерттеулері нәтижесінде республикада эрозияға бейім жер 70 млн гектардан астам немесе республика аумағының 26%-ы. Оның 52 млн гектары жел эрозиясына бейім, 17 млн-нан астамы су эрозиясына бейім.
Жел эрозиясы
Жел эрозиясының басым болуы, біріншіден, Қазақстан жерінің көп бөлігінің жазық және ашық болуы; екіншіден, күшті желдің жиі соғуы; үшіншіден, топырақтың құрылымы бос немесе механикалық құрамы жеңіл (құмды, құмдауытты) топырақтардың молдығы. Сондықтан мұндай әсерлерді игеру өте жауаптылықты қажет етеді. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерген кезде эрозияға бейім жерлер жыртылып, бекерге эрозияға ұшырады. Мысалы, Павлодар облысында (1955-1958 ж.) күңгірт қара қоңыр, қоңыр топырақты аймақ жыртылып, 805 мың гектар жер эрозияға ұшырап, егіске жарамай істен шығып қалды. Қостанай облысының Әулиекөл ауданының көп жері осындай жағдайға ұшырады.
Су эрозиясы
Аққан судың топырақтың беткі
қабатын шайып кетуін, жыра мен
сай-саланың, жар мен орлардың пайда
болуын топырақтың су эрозиясы деп
атайды. Нөсер жаңбырдан немесе мөлшерден
артық суарған топырақтың беткі
қабаты шайылады. Басында ұсақ жыралар
пайда болып, олар суарған сайын
ойылып, тереңдеп, сайға айналады. Жалпы
топырақтың су, жел эрозиясы - адамның
жер ресурстарын тиімсіз
1) агротехникалық шаралар:
еңісі үлкен беткейлерде жерді
су ағысының бағытына көлденең
жырту, қыста қар тоқтату,
2) мелиоракия шаралары: жыра мен сай, өзен жағаларына, суару түрлері бойынша ағаш және бұта отырғызу;
3) гидротехникалық шаралар:
жыраларды бекітетін
Қорытынды
Өсімдіктердің, жануарлардың (әсіресе микроорганизмдердің), климат жағдайларының және адамдардың әсерімен өзгерген жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ,қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.
Топырақтану ғылымының негізін орыс ғалымы В.В.Докучаев қалады. Оның Петербургте басылып шыққаң «Орыстың қара топырағы» (1883 ж.) атты еңбегінде топырақтың дүрыс анықтамасы, оның қасиеттері туралы ғылыми негізделген түсініктер берілген. В.В.Докучаев топырақ түзілу процесінің бес факторға байланысты екенін анықтады. Оларға: бастапқы аналық жыныстар, ауа райы, жер бедері, уақыт және өсімдіктер мен жануарлар жатады. Кейін ғылыми зерттеулердің нәтижесіне байланысты бұларға су (топырақ суы, жерасты суы) және адамның шаруашылық әрекеті қосылды. Топырақ жеке әртүрлі өлшемдегі қатты бөлшектерден түрады. Қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Сондықтан топырақты үш фазалы жүйе ретінде қарастырады. Топырақтың жоғарғы беті борпылдақ. Мүның қүрамында көптеген өлі органикалық заттар бар (өсімдіктер қалдығы,қарашірік). Бүл қарашірікті аккумулятивті А қабаты. Тереңірек, өте тығыз иллювиалды өтпелі В қабаты жатыр. Оның астында топырақ түзуші - С қабаты орналасқан. Барлық топырақтар бір-бірінен осы генетикалық қабаттарымен ажыратылады. Әр түрлі топырақтың генетикалық қабаттары қалыңдығымен, түстерімен, қүрылымымен, морфологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді. Топырақтың қалыңдығы санмен көрсетіледі. Мысалы, кейбір топырақтарда А қабаты небары 0-5 см, ал кейбіреулерінде 0-50 см болады. Топырақтың типтеріне байланысты А, В, С қабаттары бірнешеге бөлінуі мүмкін. Топырақ қабаты тереңдеген сайын аэрация нашарлайды. Оттегінің мөлшері азайып, көмір қышқыл газы мен органикалық заттардын ыдырауы кезінде бөлінетін басқа да газдардың мөлшері артады.
Пайдаланған әдебиеттер
1. "Қазақ энциклопедиясы",5 том
2. Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008

- Топырақ өңдейтін машиналар
- Топырақ пайда болуы
- Топырақтану негіздері
- Топырақ, топырақтану және топырақ түрлері
- Топырақ туралы түсінік. Топырақтану ғылымы және оның даму тарихы
- Топырақ түзуші факторлар
- Топырақты агрохимиялық талдау
- Топочные устройства. Способы сжигания топлива
- Топтар арасындағы шиеленіс
- Топтар арсындағы шиеленіс
- Топырақ
- Топырақ
- Топырақ құнарлығы
- Топырақ құнарлығының құрылымына жауын құртының әсері