Топырақ құнарлығының құрылымына жауын құртының әсері
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті
УДК: 005.936.5
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Тақырыбы: Топырақ құнарлығының құрылымына жауын құртының әсері
Орындаған: ЭКЛ-21тобының
Мазмұны:
Кіріспе.......................
Ғылыми-зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы...................
1. Ч.Дарвиннің еңбегі........................
2. Тіршілігі мен құрылысы......................
3. Құрылымы мен физиологиясы..................
4. Жүргізілген зерттеулерге
сипаттама.....................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттарының бәрін биосфера компоненттерінен жерден, судан, өсімдіктер әлемінен, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып келгені баршаға белгілі.
Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары ежелден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады, тіршіліктің негізгі көзі.
Биосфера компоненттерінің ішіндегі ең маңызды да, құдіреттісі де – жер, оның үстіңгі қабаты қара топырақ. Биосферадағы барлық тіршілік иелері-адамзат баласы, жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі жерден қуат, нәр алады.
Жер – біздің асыраушы анамыз. Адамзат баласы жердің бергенін даяр күйінде пайдаланып қана қоймастан, тарихи даму үрдісінде оны өзі өңдеп, игере бастады. Қаншама құнарлы жерлер жыртылып, пайдасыз қалды. Бау-бақша, егін егу мақсатында топыраққа химиялық тыңайтқыштар енгізіліп, топырақтың құнарлығы кеми бастады.
Ғылыми-техникалық прогресстің
Топырақ биосфераның маңызды және күрделі компоненті. Топырақ дегеніміз-жердің өсімдіктер өсетін жоғарғы құнарлы қабаты. Топырақтың жоғарғы қабатында тамырлардан өсімдіктің құраған бөліктері, жауын құрттардың, насекомдардың және басқа жануарлардың қалдықтары да кездеседі.
Қалыпты табиғи
шарттарда барлық үрдістер
Өсімдіктер құнарлы топырақсыз өспейді. Топырақта өсімдіктерге қажетті қоректік заттар, ягни биофильді заттар жиналады. Ал үлкен геологиялық айналым арқылы әлемдік мұхиттарда жиналатын көп элементтер өсімдіктердің арқасында топырақ. құрамына жиналды, демек үлкен геологиялық айналымнан кіші биологиялық айналымға көшеді. Сондықтан топырақта сан түрлі өсімдіктер өсіп, жан-жануарларға қорек болады. Сөйтіп, табиғаттың ең жоғары туындысы - адамзат қоғамы өсімдіктерді де, жануарларды да өз мұқтажына пайдаланады. Расында, топырақ - жер бетіндегі өмірдің негізі, асыраушы анасы. Топырақ ауыл шаруашылығының негізгі өндіргіш құралы. Онда жеңіл өнеркәсібімізге қажетті көптеген шикізаттар өседі. Инженерлік және жол құрылыстарында топырақтану ғылымы пайдаланылады. Орман топырақта өсетіндіктен, орман шаруашылығы да топырақпен тікелей байланысты.
Топырақпен өзіміз тыныс алатын ауа құрамы мен ішетін су құрамдары да тығыз байланысты. Осымен бірге топырақтың халық шаруашылығының басқа да салаларында атқаратын рөлі үлкен.
Ғылыми деректерге карағанда, құнарлы қара топырақтың бір грамындағы бактерия саны миллиардқа жетсе, құнары аздау күлгін топырақта бір миллиондай болады екен. Көрнекті микробиолог Н. А. Красильниковтың есебі бойынша, топырақтың құнарлы топырақ қабатынын бір гектарында 5 - 7 тоннаға дейін тірі бактериялар өмір сүреді.
Топырақта балдырлар да көптен кездеседі. Негізінен, олардың топырақта жасыл және диатомды түрлері тіршілік етеді. Бұлар алғашқы топырақ түзушілер қатарына жатады. Саңыраукұлақтар да топырақта көп тараған. Олар көбінесе орманды, ылғалды аймақтардың топырағында өседі. Саңырауқұлақтың көп тараған түрлерінің бірі - актиномицеттер, оны «сәулелі санырауқұлақтар» деп те атайды. Қыналар да алғашқы топырақ түзуші төменгі сатыдағы өсімдіктердің қатарына жатады.
Микроағзалардың көбісі топырақтың құнарлы жоғары қабатында мол, олар, әсіресе, өсімдік тамырларының айналасында, ал тамырлардың ішінде түйіршек бактериялар көптен кездеседі. Топырақ құрамында амеба, тамыраяқты, инфузория сияқты төменгі сатыдағы қарапайым жәндіктер болады. Олардың саны бір грамм топырақта 1 - 1,5 миллионға дейін жетеді.
Жоғарыда айтылған микроағзалар мен төменгі сатыдағы ағзалар топырақта жай ғана өмір сүрмейді. Олар өседі, өнеді, топыраққа күрделі өзгерістер енгізеді, микроағзалардың өсімдіктер мен жануарлардың органикалық қалдықтарын шірітіп, ыдыратып, жай қосылыстарға - суға, көмір қышқылы газына, аммиакка және басқа заттарға айналдырады.
Егер жер бетінде тек өсімдіктер мен жануарлар ғана болса, онда органикалық заттар ыдырамай, жинала берер еді де, табиғаттағы айналысына едәуір кедергі келтіріп, яғни тіршілік «санитарынсыз» қалар еді.
Микроағзалар органикалық қалдықтарды ыдыратып қана қоймайды, олардан күрделі түзіліс - гумус құрайды. Сонымен, микроағзалар мен төменгі сатыдағы қарапайым жәндіктер топырақтың қасиеттеріне әсерін тигізетін, топырақ түзуші фактор ретінде бола тұрып, құрамына енетін оның бір бөлігі болып саналады. Міне, сондықтан да топырақ тірі денеге жақын деп танылып топырақтану ғылыми геологиялық ғылымдарына емес, биологиялық ғылымдар қатарына жай косылып отырған жоқ. Топырақтың құнарлылығына әсер ететін бірден-бір жағдайдың бірі-жауын құртының әсері. Жауын құртының топырақ құнарлылығын арттыруда маңызы өте зор.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты:
Топырақ құрамына, құрылымына жауын құртының әсерін бақылау, зерттеу.
Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Белгілі бір уақыт аралығында жауын құртының әр түрлі топырақтағы тіршілігін бақылау;
2. жауын құртының топырақ құнарлығына тигізетін әсерін зерттеу;
3. жүргізілген зерттеулердің
қорытындысы бойынша балықшыға,
аквариум ұстаушыларға, үй жағдайында
бөлме өсімдіктерін өсіруде
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі: Топырақ биосфераның маңызды және күрделі компоненті. Қазіргі таңда әртүрлі қалдықтардан топырақ қабаты ластануда. Топырақтың жоғарғы қабатында өсімдіктің қалдықтарынан құралған бөліктері, жауын құрттардың, насекомдардың және басқа жануарлардың қалдықтары да кездеседі. Сондықтан топырақта жауын құртын өсіріп, топырақ құнарлылығына әсер етуін зерттеп, жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша ұсыныстар ұсыну кейбір салаларда, іс-тәжірибелерде, шаруашылықта пайдасын тигізеді деп ойлаймын.
- Ч. Дарвиннің еңбегі
Ең алғаш топырақтағы жауын құртына назар аударып, ол құрттың тіршілігін және топырақтың шығуындағы рөлін зерттеген ағылшын ғалымы Ч. Дарвин. Ч.Дарвин өзінің көп жылдық зерттеуінің нәтижесінде жауын құртын толық суреттеген. Бір еңбегінде Ч.Дарвин «Білім тарихында жауын құрттар жер қабатында анағұрлым маңызды рөл атқарады» деген.
Ағылшын ғалымы
Ч. Дарвин
Жалпы құрттар – екі жақты симметриялы үш қабатты омыртқасыз көп жасушалы жәндік. Жалпы құрттар әр түрлі типтерге бөлінеді. Солардың ішіндегі біздің тоқталып өтетін типі буылдық құрт.
Буылдық құрттар типі-денесі созылыңқы 3 қабаттан тұратын, буылдықтарға бөлінген, денесінде екінші реттік дене қуысы бар. Денесі сақина тәрізді буылдықтарға бөлінгендіктен буылдық құрттар деп аталады. Олар мынадай 3 классқа бөлінеді.
- Сүліктер
- Көпқылтанақты
- Сирек қылтанақты
Буылдықтардың саны түрлеріне байланысты 90-нан 300-ге дейін жетеді, шамамен 32-37 буылдықтар арасынан жуандықтау «Белдеуше» байқалады. Тропикте тіршілік ететін жауын құрттарының тұрқы 2,5 метрге дейін, ал бізде мекендейтіндері – 10-16 см-ге дейін жетеді. Құрттың әрбір буылдығында 8-ден қысқа қылтандары болады. Сол қылтандары арқылы інінде денесін орнықты ұстайды. Қызғылт түсті жауын құртының денесі үнемі қолға ұстағанда ылғалданып, сілемейленіп тұрады. Оның денесін ұзыннан бірдей екі жартыға бөлуге болады. Сондықтан бұлар екі жақты симметриялы құрттар болып есептеледі. Құрт осындай шырышты денесі арқылы топырақта қозғалады.
Буылдық құрттардың бұған дейінгі жәндіктерден негізгі ерекшелігі-денесінде екінші реттік дене қуысы целом болуы. Целом аралық қабаттан пайда болған.
Целом мынадай қызметтер атқарады:
- Қозғалыс кезінде тірек болып сұйықтық күйдегі қаңқа қызметін атқарады.
- Ішектің және дене қабырғасының өз алдында жеке жұмыс атқаруына мүмкіндік жасайды.
- Қуыс ішіндегі сұйықтық көмегімен құнарлы заттарды, зат алмасудың соңғы өнімдері мен газды тасымалдайды.
- Тіршілігі мен құрылысы
Бұл құрттар жұртқа «Шұбалшаң» деген атпен мәлім. Көбінесе жауыннан кейін жер бетінде шұбала созылып жатқандықтан, оны кейде «жауын құрты» деп те атайды. Жауын құртының жер бетінде 400-ге жуық түрі бар.
Шұбалшаң топырағы құнарлы, ылғалды жерлерде тіршілік етеді, қазған іннен түнде ғана шығады.
Шұбалшаңның денесі жұмыр, созылыңқы, бірнеше буылдықтардан тұрады.
- Құрылымы мен физиологиясы
Жауын құртының денесіндегі буылдықтардың әрқайсысы ішкі мүшелерде толық қайталайды. Сондықтан құртты тең етіп, екі бөлікке бөлсе, оның әрбір жартысында қажетті мүшелердің болатыны байқалады. Расында да екі бөлікке бөлінген жауын құртының әрбір жартысына жаңа құрт дамиды. Сөйтіп, бассыз денеден бас, құйрықсыз денеден құйрық шығады. Бұл жауын құртының регенерация қасиетінің күшті екенін, тіпті денесін екіге бөлу арқылы жыныссыз көбейе алатындығын көрсетеді.
4. Жүргізілген зерттеулерге сипаттама
Тәжірибемізге үш жәшік алдық. Үшеуін топырақпен толдырдық. Біріншісіне: 14 cм қара топырақ. Екіншісіне де: 14 см топырақ салдық, бірақ оның 10 см қара топырақ, 4 см құм топырақ және үшіншісіне тек құм топырақтың өзін алдық.
Зерттеу үшін қарапайым бақшада өсіп жатқан жауын құртын алдық. Біз құрттардың ұзындығы мен ендерін әр түрлі етіп алдық. Ұзындығы 5-7 см аралығында және ені 3-5 см болатындай еттік. Әр жәшікке 4 жауын құртын салып, оларды бақыладық. Кішкене уақыт өткеннен кейін олар жерді қаза бастады. Күн сайын топырақтың ылғалдығын қарап отырдық. Нәтижесінде біз қызықты көрініс байқадық.
Біздің өсіріп жатқан жауын құрттарымыз бірден топырақ астына түскен жоқ, олар барлық жағын бақылап, зерттеп қана топырақ астына түсті. Бұлда табиғат заңдылығы деп ойлаймыз. Себебі: олардың жартысы топырақ үстінде, жартысы топырақты қазып астына кірді, кішкене уақыттан кейін олар топырақ астынан бастарын шығарды, содан соң ғана жартысы да топырақ астына түсті. Тәжірибеміз одан сайын бізді қызықтыра түсті. Бірінші жәшіктегі жауын құрттарымыз екінші жәшіктегі құрттарға қарағанда тез қоршаған ортасына бейімделді. Себебі: бірінші жәшікте қарапайым қара топырақ, ал екіншісінде құм аралас топырақ болатын. Олар осы ортаға бейімделу үшін 3 апта уақыт өтті. Жауын құрттар тез бейімделу үшін біз белгілі бір тәртіпке бағынып отырдық. Тәжірибе бойы жауын құрттары тіршілік ету үшін арнайы табиғи ортасын сақтап отыру керек.
- Әрқашанда топырақты ылғалдап тұру қажет 3-4 күнде бір рет.
- Жәшікті қараңғы және қоңыр салқын бөлмеде ұстау керек.
- Олардың қорегі
Біз оларды 2-3 күнде бір рет қоректендіріп отырдық, себебі олар көп мөлшерде қоректі қорыта алмайды. Қорегіміз қарапайым картоп, қурап кеткен жапырақтар, шай түйіршіктері. Картоппен қоректендірудің алдында біз картопты ұсақтап турадық, содан кейін топырақ бетіне жайып тастадық әр түрлі қашықтықта. Еш жағдайда картопты бір жерге толтырып тастауға болмайды, себебі олар алдындағы қоректі жұту арқылы қоректенеді. Тәжірибе кезінде байқағанымыз олар ешқашанда шірімеген, қураған қоректі жемейді. Мысалы: біздің бермеген картопты олар тек қана қарайып кеткеннен кейін жеді. Зерттеу жұмысымызды үш апта бойы бақыладық. Нәтижесінде олардың іздерінен және індерінің қасынан қара түйіршіктер байқадық. Бұл біздің тәжірибеміздің іске асқанын білдіреді.
Қорытынды
Топырақ - табиғат көркінің айнасы. Бұл сөзде көп мән бар. Топырақтың тік қазылған пішініне қарап, сол жердегі ауа райының, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін тағы басқа табиғат құбылыстарының тек қазіргі емес, өткен дәуірлерде қандай болғанын айта аламыз. Сонымен, топырақ жай жатқан өлі дене емес, жаратылыстың ерекше тарихи әрі табиғи денесі, оның пайда болуы, жер бетінде таралу заңдылықтары мен касиеттері бар.
Топырақ - тірі дене. Ол тек өлі минералды заттардан ғана құралмайды, оның құрамында әр кез азды - көпті тірі ағзалар де болады, бұлар - негізінен, топырақтың тірі бөлігін құрайтын түрлі микроағзалар мен қарапайым ұсақ жәндіктер. Микроағзалар табиғаттың ыстық - суығына, оттегінің бар - жоғына, ортаның қышқылдығы мен сілтілігіне жақсы бейімделген. Оларға тек ылғал мен қоректік зат қана қажет, сондықтан олар табиғаттың барлық жерінде кездеседі. Топырақтың тірі бөлігіне өсімдіктердің тамырлары да жатады, себебі өсімдіктің тамырынсыз топырақ түзілмейді. Топырақта негізінен, бактериялар, кейбір балдырлар, саңырауқұлақтар мен қыналар сияқты микроағзалар мен төменгі сатылы өсімдіктердің түрлері көп кездеседі. Бұлардың ішінде топырақта ең көп тарағаны - бактериялар. Микроағзалардың түрлері мен сандарының әр түрлі болуы топырақтың тараған табиғи жағдайларына, яғни экологиясына, coған қарай топырақтың түрлеріне байланысты.
Зерттеу жүргізуімізге 50 күн уақыт кетті. Бұл уақыт ішінде біз ғылыми әдебиеттер көмегімен зерттеген болатынбыз. Әсіресе Ч.Дарвиннің еңбектеріне сүйеніп, ой-өрісімізді кеңейттік.
Зерттеу жұмысын жүргізу кезінде біз жауын құртының тіршілік әрекетін, топыраққа шығу үрдісін және топырақ құрылымының жақсаруын зерттедік. 4-5 аптадан кейін жауын құрттарының жәшіктегі топыраққа бейімделгенін байқадық. Жауын құртымыз өскен топырақтармен гүл өсіретін ыдысқа салып, бөлме өсімдіктерін көбейттік. Біз байқағанымыз бөлмеде өсіп жатқан гүлдердің одан әрі жақсара түсті
Аңғарғанға табиғат қызық. Тоқтаусыз, тұтасқан бойда жанталаса алма-кезек жүріп жататын процесс. Оны ұғып, ғылыми жолмен тарқата алсаң, тарқатыла береді. Мысалға жоғарыда өзіміз сөз еткен өсімдіктермен шөп қоректілер нәр алады, ал олармен жыртқыштар және паразиттер қоректенеді. Барлық организмдердің денелері өлгеннен кейін өмір тоқтай қоймауы үшін сапрофит микробтарының көмегімен қарапайым қосындыларға ыдырайды. Топыраққа айналады. “Жерден жаратылдың, жерге барасың”, – деген мұсылман қағидасы ғылыми түрде шындық. Содан барып әр гектар айдалған жерде түрлі қыбырлаған майда тіршілік иелерінің салмағы 15 тоннадай болуы біздерді таңдандырмауға тиісті. Экожүйедегі (биогеоценоз) бұл процестің әрбір бөлігі мыңдаған организмнің қатысуымен жүргендіктен, олардың арасындағы тірлік бәсекелестік, жыртқыштық, паразиттік қатынастармен шешіледі. Жер қыртысындағы микрофлоралардың салмағы бүкіл дүние жүзіндегі қой, ешкі, қара мал, жылқы, қояндардың жалпы салмақтарынан асып түседі деген пікірлерге ден қоюға болатындай. Міне, сондықтан табиғаттағы тепе-теңдік заңдылықтары қоректік тізбектен тұрады.
Бұл процеске, мәселен, жауын құртының да айтарлықтай үлес қосатынын мойындауымыз керек. Зерттеушілердің пайымдауынша олар топырақпен бірге түрлі көзге ілінбейтін микробтарды да жұтады. Осылардың қоспасынан барып органикалық заттар түзіледі. Әр шылаушын құрт өз денесінен бір жылда 5 кг. топырақ өткізетінін ескерсек, онда ол қорыту кезінде топырақтың қышқылдығын тежеп, оны көмір қышқылымен, кальций, магний, нитраттар және фосфор қышқылымен байытатын көрінеді. Осылай жердің құнарлылығын арттырумен бірге, жерді қопсытып, аэробтық жағдай жасап, еккен өсімдіктердің мол өнім беруіне септігін тигізеді.
Жауын құртының осынау тіршілігіне байланысты, оның бүкіл денесі тұнып тұрған шипалық қасиеттерден тұратындығын шығыс медицинасы анықтаған. Әсіресе қолқа қабынғанда, демікпеге, жоғарғы қан қысымы ауруына, тыныс тарылып сырылдағанда, қуық тұтылғанда, суырылған тістің орнынан қан тоқтамағанда шылаушынның ем ретінде қолданылатындығын біреу білсе, біреу білмейді. Сол себептен қоршаған ортадағы қыбырлап-жыбырлап жүрген Жаратқанның қандай да болмасын мақұлықтарының қызметіне түсіністікпен қарап, табиғат тепе-теңдігін бұзып алмау жағын, оларды да Алла тағаланың тегін жаратпағандығын білу абзал.
Біз зерттеу жұмысымызды қорытындылай келсек өзен құмында жауын құртының тіршілік етуіне қолайлы емес екенін, ал қолайлы жерде тіршілік жатқан жауын құртының адам қол сұқса, онда олар барлығы тіршілігін жоятынына көз жеткіздік. Біздің тәжірибеміз нәтижелі болды. Себебі біз алға қойған мақсатымызға жетіп, қойылған сұрақтардың барлығына жауап таптық және үй жағдайында күзгі-қысқы мезгілде жауын құртын өсіруіне кепілдік бере аламыз. Біздің тәжірибеміз барысында жұмысымыздың назарын сөндірместен, жауын құртының саны арту, және оларға ішінен көз салып, өз бақылауымызды жалғастырғымыз келеді.
Жасалған жұмыстар бойынша ұсыныстар:
1. Белгілі бір уақыт аралығында жауын құртының әр түрлі топырақтағы тіршілігі бақыланды;
2. жауын құртының топырақ құнарлығына тигізетін пайдалы әсері зерттелді;
3. жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша балықшыға, аквариум ұстаушыларға, үй жағдайында бөлме өсімдіктерін өсіруде қолдануға ұсыныстар ұсынылды.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша келесі қорытындылар жасауға болады: Жауын құртының топырақ құнарлығын арттырудағы пайдасы зор екендігі дәлелденіп, кейбір салаларда, іс-тәжірибеде, шаруашылықта пайдалану ұсынылды.
Перспективі: Жауын құртын кейбір салаларда, іс-тәжірибеде, шаруашылықта пайдалану топырақ құнарлығын арттыруда тиімді және зор үлес қосады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Биғалиев, А.
Қазақстан топырағы және оның экологиясы/
А. Биғалиев.,
Е. Жамалбеков., Р. Білдебаева. - А.: Санат , 2002. – 278 б.
2. Жамалбеков, Е. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы/ Е. Жамалбеков., Р. Білдебаева. - А.: Санат, 2000. – 350 б.
3. Качинский, Н.А. Топырақ, оның қасиеттері мен өмірі / Н.А. Качинский. – А.: Қазақ мемлекет баспасы, 2001. – 278 с.
4. Каражанов,К.Д. Проблемы экологии почв Казахстана/ К.Д. Каражанов., Ж.У. Аханов. – А.: Тетис, 1998. – 368 с.
5. Мамонтов, В.Г. Общее почвоведение/ В.Г. Мамонтов., Н.П. Панов., И.С. Кауричев., Н.Н. Игнатьев. М.: Колос, 2006. – 456 с.
6. Зеликов, В.Д. Почвоведение с основами геологии / В.Д. Зеликов.- М.: - МГУЛ, 2002. - 216 с.
7. Добровольский, Г.В. Охрана почв / Г.В. Добровольский, Л.А. Гришин. - М.: - Изд. Московского университета, 1985. - 150 с.
8. Добровольский, Г.В. Сохранение почв, как незаменимого компонента биосферы / Г.В. Добровольский, Е.Д. Никитин. – М.: 2002.- 165 с.
9. Архипкин В.Г., Почвоведение с основами полевого опыта курс лекций для студентов бакалавриата, обучающихся по кредитной системе обучения по специальностям 050801 – «Агрономия» и 050808 – «Почвоведение и агрохимия» РГКП «Западно – Казахстанский аграрно – технический университет им. Жангир хана/ Архипкин В.Г. 2009 – 100 с.
10. Сейітов, И. Агрономия негіздері/ И. Сейітов., Т. Саудабаев., Ш. Әбдірашев. А.:Ана тілі, 199.1 – 256 б.
11. Жамалбеков, Е. Топырақтың химиялық құрамы/ Е. Жамалбеков., Р. Білдебаева. - А.: Санат, 2003. – 350 б.
- Асқарова, Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау / Ұ.Б. Асқарова. – А.: Заң әдебиеті, 2005. - 90 б.
- Акимова, Т.А. Экология/ Т.А. Акимова., В.В. Хаскин.-М.: ЮНИТИ- ДАНА, 2000. - 566 с.
- Бейсенова, Ә. Экология / Ә. Бейсенова, Ж. Шілдебаев. – А.: Мектеп, 2000. - 176 б.
15. Ақбасова, А.Ж. Экология/ А.Ж. Ақбасова., Г.Ә. Саинова. – А.: Бастау, 2003. - 292 б.

- Топырақ құрылымы, жіктелуі
- Топырақ өңдейтін машиналар
- Топырақ пайда болуы
- Топырақтану негіздері
- Топырақ, топырақтану және топырақ түрлері
- Топырақ туралы түсінік. Топырақтану ғылымы және оның даму тарихы
- Топырақ түзуші факторлар
- Топорик
- Топочные устройства. Способы сжигания топлива
- Топтар арасындағы шиеленіс
- Топтар арсындағы шиеленіс
- Топырақ
- Топырақ
- Топырақ құнарлығы