Торапты газ құбырларының жалпы сипаттамасы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................2

1 УМГ Бейнеу кен орнында газ тасымалдау жүйесі............................................4

2 Интергаз Орталық Азия.......................................................................................5

3 Торапты газ құбырларының жалпы  сипаттамасы.............................................9

3.1 Компрессорлық станциялардың тағайындалуы...........................................10

3.2 Газ турбиналы  жетегі бар ГТА пен компрессорлық  станцияның бірігуі...12

3.3 Торапты газ  құбырларындағы газ турбиналы  жетегі бар компрессорлық станцияның технологиялық сұлбасы...................................................................13

4 Автоматтандырудың  техникалық құралдарын таңдау...................................19

5 Еңбекті қорғау және  қауіпсіздік техникасы.....................................................20

6  Шама бірлік Эталоны........................................................................................21

 

ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...............................................27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

«Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылы шілде айында құрылған. Компания өз концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқарады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) компаниялар тобының  құрамына кіреді.

 

«Интергаз Орталық Азия» АҚ қызметінің негізгі бағыттары магистральдық газ құбырлары жүйесін пайдалану әрі техникалық күту және ішкі тұтынушыларға табиғи газ тасымалын жүзеге асыру, сондай-ақ халықаралық транзит болып табылады.  Нақты алғанда «Интергаз Орталық Азия» республикада жалпы ұзындығы 14 мың км барлық магистральдық газ құбырларын бақылайды. Ұдайы жаңартып отыру арқылы газ құбырларының өткізу қабілеті үнемі өсіп отырады.  Компания газды Қазақстанның аумағы бойынша 14 магистральдық газ құбырымен тасымалдайды. Газ тасымалын алуан түрдегі және үлгідегі 291 газ айдайтын агрегат орнатылған 24 компрессорлық станция жүзеге асырады.  Газ құбырларының ең ірісі «Орта Азия-Орталық» МГҚ, оның бір желідегі ұзындығы жиынтығында 4892 км құрайды. 

Компанияның құрамына 3 жер асты газ қоймасы (ЖАГҚ) кіреді. Олардың ең ірісі Ақтөбе облысында орналасқан Бозой ЖАГҚ. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Полторацкое ЖАГҚ, Жамбыл облысындағы Ақыртөбе ЖАГҚ жұмыс істейді. Жер асты газ қоймалары қысқы маусымдарда, сондай-ақ газ жеткізу көлемдері азайған кезеңдерде тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

"Интергаз  Орталық Азия" АҚ газ тасымалдау  жүйесінің құрылымы

«ИОА» АҚ газ тасымалдау жүйесін филиалдары - магистральдық газ құбырлары басқармалары (МГҚБ) пайдаланады:       

1. «Атырау» МГҚБ:

«Орта Азия-Орталық» МГҚ, «Мақат-Солтүстік Кавказ» МГҚ.

2. «Орал» МГҚБ:

«Союз» МГҚ, «Орынбор-Новопсков» МГҚ, «Орта Азия-Орталық» МГҚ.

3. «Ақтөбе» МГҚБ:

«Бухара-Орал» МГҚ, «Жаңажол-Октябрьск-Ақтөбе» газ құбыры, «Қарталы-Рудный-Қостанай» газ құбыры, «Жаңажол-КС-13».

4. «Оңтүстік»  МГҚБ:

«Бухара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Газли-Шымкент» МГҚ.

5. «Қызылорда»  МГҚБ:

«Ақшабұлақ-Қызылорда» газ құбыры.

6. «Ақтау» МГҚБ:

«Орта Азия-Орталық» МГҚ, «Окарем-Бейнеу» МГҚ.

7. «Тараз» МГҚБ:

«Бухара Газды Ауданы – Ташкент-Бішкек-Алматы» МГҚ, «Амангелді-КС-5».

8. «Инженерлік-техникалық  орталық» филиалы

9. Шымкент қ. Оқу-курстық  комбинат

10. Апаттық-қалпына  келтіру жұмыстары және арнайы техника басқармасы

 

 

 

1 УМГ Бейнеу кен орнында газ тасымалдау жүйесі

Нағыз технологиялық процесс тоқтаусыз жұмыс істеу мен технологиялық циклдің аяқталғандығымен сипатталады.УМГ Бейнеу кен орны СНиП 45-78 бойынша жарылыс қаупі бар өндіріс қатарына жатады және өндіріс орындары ПУЭ бойынша қондырғыларымен жабдықталған А және Б категорияларына жатады.

УМГ Бейнеу кен орны өнімі құрамына абсорберде триэтиленгликольмен (ТЭГ) құрғатылған қышқыл газ кіреді.Газ бойында метан (СН4),пропан (С3Н8),ілеспе газдарда бар,сероводород (Н2S) және көмірқышқылы (СО2)болады және тағыда басқа.Көмірқышқылы газды қайта пластка енгізу мақсатында компрессор станциясына беріледі.

Максималды жылдық өндіріп алу көлемі:

-конденсат 5,0 млн. т/жыл;

-газ 4,0 млрд им3/жыл.

Максималды газды газды қайта пластқа енгізу көлемі:

3,6млрд им3/жыл.

УМГ Бейнеу зауытының құрамына келесі технологиялық құрылғылар мен ғиматтар кіреді:

-газ тасмалдау құбыры;

-тестілеу сепараторлары  мен үшфазалы сепараторлар алаңы;

-отты сепараторлар мен  от алаңы;

-газды құрғату алаңы;

-газды қайта жүктеу  жүктеу жүйесінің алаңы;

-конденсатты босату алаңы;

-жағармайлық газ дайындау  алаңы;

-коррозия ингибитор алаңы;

-КИП жүйесі;

-электр жүйесі;

-ЛС жүйесі;

-оператор машинист жүйесі;

Кен орындары газ өндіру және өңдеу үш негізгі технологиялық құрылғыларда жүреді,өнімді экспорттау үшінде негізгі үш маршрут қолданылады.Кенішті пайдалануда компания ең жаңа кейбір жағдайларда жаңашыл технологиялар қолдануда.Мысалы,КАЗТРАНСГАЗ кен орнында тазаланып,құрғатылған газды  жер қойнауына күштеп қата жіберу технологиясы алғаш болып қолданылады.Бұл технология көмірсутегін көп көлемді өндірудегі жоғары нәтижелілігін көрсетті және де елімізге экономикалық тұрғыдан көп пайда келтірді.

 

2 Интергаз Орталық Азия

Транзиттік газ әлеуетінің Қазақстан үшін стратегиялық геосаяси және экономикалық маңызы зор. Сондықтан да, табиғи газдың халықаралық транзитінің өсіп келе жатқан көлемдерін қамтамасыз ету және құбыр жүйесінің қолда бар активтерін неғұрлым тиімді пайдалану мақсатында "Интергаз Орталық Азия" компаниясының қызметінде, Қазақстан Республикасы аумағынан өтетін газ тасымалдау магистралінің транзиттік қуатын дамыту басым болып табылады.  

"Интергаз Орталық Азия" АҚ  қолданыстағы газ тасымалдау  желілерін қайта құру мен жаңартуға  ауқымды қаражат жұмсауда. Соның  нәтижесінде еліміздің аумағынан  өтетін газ құбырларының газ  өткізу қабілеті үнемі көтерілуде. 

Жаңа технологияларды қолдану, заманауи құрылғыларды, қауіпсіздікті барынша қамтамасыз ететін механизмдер мен жабдықты енгізу, технологиялық процестің сенімділігі, үнемділігі және мүлтіксіздігі Компания жұмысының негізгі қағидалары болып табылады. 

Қазақтандық газ қызметкерлерінің кәсіби шеберлігі, жоғары біліктілігі және күш-қуаты – Қазақстан Республикасының газ тасымалдау саласындағы табыстар кепілі. Автоматтық реттеу, орналастыру, сигналды өңдеу есептерін өз бетінше шешу мүмкіндігі бар функционалдық модульдер (FM). Функционалдық модульдер интеллектуалдық модуль болып табылады. Олар алдын ала орнатылған микропроцессормен жабдықталған және БЛК орталық процессорының істен шығуы кезінде де оларға орнатылған функцияларды орындай алады.

 

 

2009 жылы «ҚазМұнайГаздың» мұнай  мен газ конденсатын өндірудің  шоғырландырылған көлемі 18,7 млн. тоннаны  құрады, бұл 2008 жылғы көрсеткіштен 4%-ға  артық.

1-сурет

2011 жылғы 1 қаңтардағы деректер  бойынша «ҚазМұнайГаз» АҚ дәлелденген  қалған мұнай қоры (қатысу үлесін  есепке алғанда) 791,3 млн. тонна мұнайды  құрады, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бекітілген  Даму стратегиясынан мұнай қорын  ұлғайту негізінен кен орындарының  қорын қайта есептеу және өндірілетін  активтерді барлау есебінен жүргізілді.

2010 жылы ГБЖ аясында  Новобогатинск Ю-В құрылымының  Лиман блогында өнеркәсіпте мұнай  құйылымдары алынды және Ракуша  теңізі құрылымындағы Н блогында  мұнай-газдылық расталды, КТ-2 корбонаттық  қалыңдық бойынша мұнай-газдылық  және Өріктау кен орнының девоны  расталды. Жүргізілген сейсмикалық  зерттеулер нәтижесі бойынша  жаңа перспективті құрылымдар  және барлау учаскелері мен  құрғақтағы жерлер белгіленді.

«ҚР шөкпе бассейндерін кешенді зерттеу» жобасы бойынша жұмыс жалғасуда және 2011 жылы Каспий маңындағы шұңқыр, Маңғышлақ және Оңтүстік Торғай бойынша мұнай-газ перспективтілігінің сандық болжамы болжануда, сондай-ақ геологиялық-геофизикалық материалдар сараптамасы бойынша жұмыс жалғасуда.

Сондай-ақ, «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Даму жоспарына сәйкес геологиялық барлау жұмыстары жалғасуда.

  Шикізаттық базаның озық өсуін қамтамасыз ету және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен оның еншілес компаниялары мұнайгаз жобаларына геологиия техникалық монитроинг жүргізу. Олардың жобаларын есепке ала отырып, 2004 жылы қарашада геологиялық техникалық қызметі (ГТҚ) құрылды.

Компанияда көмірсутектің әлеуетін кеңейту шаралары үшін жоспар құрастырылған және іс жүзінде жүзеге асуда.

Бұл жоспар:

  • мұнай және газ кен орындарындағы іздестіру және барлау жұмыстарын және жердегі және теңіз блоктарындағы келісімдік аймақтардағы барлауға дейінгі жұмыстарды қамтитын геологиялық барлау жұмыстарын;

  • жер қойнауын пайдалануға, перспективалық алаңдардағы көмірсутектерді барлауға және өндіруге құқық алуға;

  • жаңа және қолданыстағы мұнай-газ жобаларындағы геология және геофизика саласына қатысуға;

  • құрылықта және теңізде көмірсутегі шикізатын ресурстарын бағалау жөніндегі ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізуге;

  • «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) және мұнай-газ жобаларының Ұлттық деректер банкі деректерінің корпоративтік базасы – жобалары бойынша геологиялық-геофизикалық деректер базасын құруға қатысу үшін біріктіреді.

Мұнай-газ жобаларының геологиялық-технологиялық мониторингі аясында ірі мұнай-газ жобалары, атап айтқанда, көмірсутегі кен орындарын барлау, бағалау, игеру және әзірлеудің технологиялары бойынша жылдық және перспективалық бағдарламаларды қарау жүзеге асырылады.Бұл әрекеттер кен орындарының құрылатын және үнемі жұмыс істеп тұрған геологиялық және гидродинамикалық үлгілері резервуарларының сүзгіштік-сыйымдылық қасиеттерінің параметрлерін анықтаудың дәлдігі мен анықтылығын арттыруға бағытталған. Оның мақсаты:

  1. көмірсутегі ресурстарын орынды игеру;

  1. жобалардың экономикалық тиімділігін арттыру, нәтижесінде Қазақстан Республикасы үшін экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған.

Мониторинг мүнай-газ жобаларының және еншілес кәсіпорындардың операторларының техникалық комитеттерінің, жұмыс топтарының көмірсутегі қорларын бағалау немесе қайта есептеу жөніндегі, кен орындарын әзірлеу бойынша жобалық құжаттарға талдау жасау отырыстарына және басқа да шараларға қатысу арқылы жүзеге асырылады.

ГТҚ барлау және әзірлеу жобаларының корпоративтік басқаруға және олардың мониторингіне, сондай-ақ жаңа инвестициялық блоктарғаарналған конкурстарға қатысты келіссөздер жүргізуге және оған дайындық жасауға қатысады.  
 Ірі мұнай-газ жобаларының геологиялық-барлау жұмыстарын оңтайландыру міндеттеріне және технологиясын меңгеруге, геология барлау жұмыстарына барлау әдістерін енгізуге, резервуар параметрін болжауға және бағалауға, мұнай және газ орындарын тиімді игеруге, ғылымның техникалық заманауи деңгейінде болу және компьютердің жаңа технологиясын қолдану ескеріле отырып, үлкен көңіл бөлінеді.  

Компанияда геологиялық-геофизикалық және ұңғымалық деректерді, геологиялық және гидродинамикалық үлгілерді көру және оларға талдау жасау үшін жаңа үлгідегі компьютерлік технологиялар пайдаланылады, бағдарламалық құралдармен жұмыс бойынша мамандар сабақ береді. Бұл жобалардың операторлары орындаған зерттеулер нәтижелерін оңтайлы режимде орындауға, кен орындарын барлау және әзірлеу бойынша кепілдемелер және ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді, ол кен орындарының барлық сатысында жүргізіліп жатқан мұнай операцияларының экономикалық нәтижесін арттыруға тиіс.  
Көмірсутегі шикізаты ресурстарын бағалау жөніндегі ғылыми-математикалық зерттеулер Қазақстан Республикасының келісім жасалған және перспективалы мұнай-газ бассейндерінде -құрылықта да, теңізде де жүргізіледі.

Бұл ретте жаңа және қолданыстағы геологиялық-геофизикалық деректерді қайта өңдеу, талдау және жинақтау орындалады, Жерді қашықтықтан байқап көру аэроғарыштық әдістері қолданылады, шөгінді бассейндердің, перспективалы құрылымдардың, объектілер мен кен орындарының геологиялық үлгілері қалыптастырылады немесе нақтыланады, көмірсутегілерінің перспективалы ресурстары мен қорлары нақтыланады.

Қазақстан Республикасының құзыретті органымен жүргізілген тікелей келіссөздер нәтижесінде Р-9, Р-24 (Терескен) блоктары бойынша, Темір (Ақтөбе облысы) учаскесі бойынша, Қаратон-Сарқамыс (Атырау облысы) блогы бойынша, Өзен және Қарамандымас (Маңғыстау облысы) кен орындарына іргелес жатқан аумақтар бойынша келісімдерге қол қойылды. Қазіргі кезде Темір, Қаратон-Сарқамыс, Өзен-Қарамандыбас, Терескен жобалары бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-ға беру рәсімдері жүзеге асырылуда.

  2014 жылдың 1-тоқсанында «Интергаз Орталық Азия» АҚ («ҚазТрансГаз» АҚ құрамына кіреді) магистральдық газ құбырларымен газды тасымалдаудың жалпы көлемі 23,8 млрд. м3 құрды. 
Магистральдық газ құбырлары желісін тиімді пайдалану Компанияға 2014 жылы газды тасымалдау жоспарын 102%-ға орындауға мүмкіндік берді.  
«Интергаз Орталық Азия» АҚ магистральдық газ құбырларымен газды тасымалдаудың жалпы көлемінде газды ішкі тасымалдаудың меншікті салмағы 18% (4,4 млрд. м3), халықаралық газ транзиті – 72% (17,1 млрд. м3), газды экспортқа тасымалдау – 10% (2,3 млрд. м3) құрды.  
«Интергаз Орталық Азия» АҚ табиғи газдың халықаралық транзитін қамтамасыз ету және құбыр жүйесінің қолда бар активтерін неғұрлым тиімді пайдалану үшін отандық магистральдық газ құбырларының желісін жөндеу мен жаңарту бойынша шаралар кешенін жүзеге асырады.  
2014 жылдың бірінші тоқсанында «Интергаз Орталық Азия» АҚ өзінің қаражаты есебінен күрделі салымдары 6 521 млн. теңгені, оның ішінде өндіріске 6 027 млн. теңгені құрды. 2014 жылы «Интергаз Орталық Азия» АҚ күрделі салымдарының көлемі 30 394 млн. тенге мөлшерінде көзделген. 
А.ж. бірінші тоқсанында компания республика бюджетіне 2 996 млн. теңге сомасында салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді енгізді. 
«Интергаз Орталық Азия» АҚ жұмысының негізгі қағидалары газды тасымалдау саласында озық технологияларды пайдалану, барынша қауіпсіздікті, технологиялық процестің үнемділігі мен мүлтіксіздігін қамтамасыз ету, компания қызметіндегі менеджменттің жоғары деңгейі болып табылады. 
 
 «Интергаз Орталық Азия» АҚ 1997 жылдың шілде айында құрылған. Компания өзінің концессиясына берілген Қазақстанның газ тасымалдау жүйесін тікелей басқаруды жүзеге асырады және «ҚазТрансГаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес) құрамына кіреді. Компания елімізде жылдық өткізу қабілеті 190 млрд. текше метрге дейінгі, ұзындығы 14 мың километрден асатын магистральдық газ құбырларының негізгі желісін бақылайды.

 

    1. Торапты газ құбырларының жалпы сипаттамасы

 

Газды өндірудің үнемі артып отырунына байланысты газды тасымалдаудың ең үнемді түрі – өнім өткізгіштердің желісі артып отырды.

Құбырлы көлікті тиімді пайдаланудың  негізгі экономикалық факторлары газ құбырларының толық автоматтандырылу мүмкіндігі болып табылады.

Қазіргі таңда газды тасымалдаудың континенттегі негізгі түрі  әлемнің барлық елдері үшін құбырлық болып табылады. Газды құбырлы тасымалдаудың қарқынды дамуы газдың құбырлар бойынша айдаудың басқа көлік түрімен (темір жол, өзен, автокөлік арқылы) тасымалдауға қарағанда үнемді болып табылуымен түсіндіріледі. Сол себептен газды құбырмен тасымалдау алда да негізгі болып қалады деп болжауға болады.

Газды өндіру (газ кен орны) немесе өндіріс аймағынан (газ өңдеуші зауыт) оны қолдану аймағына (қалалар, ауылдар, өндірістік кәсіпорындар, электостанциялар) қашықтан тасымалдау үшін арналған құбыр торапты газ құбыры деп аталады. Торапты газ құбыры барлық жыл ағымында тәулік бойы жұмыс істейді және соған қатысты үлкен диаметр мен ұзындыққа ие. Торапты газ құбырының диаметрі 150-ден 1420 мм-ге дейін өзгеруі мүмкін, ал ұзындығы – оннан бірнеше мыңдаған километрге дейін өзгеруі мүмкін. Торапты газ құбырының өткізгіштік қабілеті 80 млн. м³/тәул. дейін жетуі мүмкін.

Жұмыстық қысымына байланысты торапты газ құбырлары екі классқа бөлінеді:

  • 1 класс – 2,5-тен  10 МПа-ға дейінгі жұмыс қысымында;
  • 2 класс – 1,2-ден  2,5 МПа-ға дейінгі жұмыс қысымында;

Заманауи торапты газ құбыры өз алдына газды тасымалдауға, компримирлеуге және айдауға дайындаудың негізгі технологиялық үрдістерін қамтамасыз ететін инженерлік құрылыс болып табылады.

Торапты газ құбырында негізгі технологиялық процестерді орындауға қажетті құрылғылардан басқа газ құбырын коррозиядан қорғайтын, электр және сумен жабдықтауды қамтамасыз ететін қосымша тағайындалуы бар қондырғылар бар. Торапты газ құбырының құрамы оның ұзақтығымен, тасымалданатын газдың фракциялық құрамымен, әсіресе газдың құрамында , және ылғалдылықтың болуымен, газды қолданатын тұтынушылардың оның құрамы мен сапасына деген талаптарымен анықталады.

 

3.1 Компрессорлық станциялардың тағайындалуы

Газ газ өндірісінен тұтынуға дейін газ құбыры бойынша қозғалысы кезінде өз жолында құбырдың кедергісіне қарсы тұрып қысымын жоғалтады. Қысымның мөлшерден тыс шығындалуы құбырдың өткізгіштік қабілетінің төмендеуіне және оны тиімсіз қолдануға алып келеді. Құбырлардың қабілетін максималды қолдана отырып газды үлкен қашықтыққа үнемді тасымалдау үшін компрессорлық станциялар салынады. Торапты газ құбырларының компрессорлық станциялары – газды компримирлеуге арналған құрылыстар жинағы. КС орналасу орны мен олардың арасындағы қашықтық жоба бойынша анықталады және 100-150км құрайды.

Компрессорлық станциялар арасындағы аймақта қысымның түсуі компрессорлардағы сығу дәрежесін анықтайды. Аймақтың соңындағы қысым компрессордың кірісіндегі қысымға тең, ал аймақтың басындағы қысым компрессордың шығысындағы қысымға тең. Сығу дәрежесін таңдау компрессордағы газды сығуға кететін энергия шығынын анықтайды.

 

 

3.1 – сурет. Компрессор станциясы

 

Есептеу барысында барлық факторлардың сәйкестігі, яғни газ құбырын салу мен пайдалануда минималды шығын кезінде құбырдың максималды өткізгіштік қабілетін қамтамасыз ету сәйкестігі ескеріледі. Газ құбырының трассасында орналасуына байланысты компрессорлық станция бас және аралық деп бөлінеді. Газ өндірісіне тікелей жақындықта және газдың ағымы бойынша газ құбырының басында орналасқан станция бас (БКС) деп, ал газ құбырындағы қалған барлық компрессорлық станциялар аралық (КС) деп аталады.

Газ құбырының БКС-ғы газ оның өндіру немесе өндіріс көзінен беріледі. Газ кен орындарында көптеген жағдайларда ұңғыманың шығысындағы газдың қысымы айтарлықтай көп болады да газ меншікті қысымымен БКС кірісіне келіп түседі.  Газ қысымы қабатта төмендеген жағдайда осындай газ орындарының ұзақ уақыттық қолданысынан кейін ғана БКС кірісіне есептелген қысыммен газдың берілуін қамтамасыз ететін тіреуші КС деп аталатын құрылыстардың қажеттілігі туындайды. Мұнай кен орындарында газ мұнайдың серігі болып табылады және оның құрамында еріген күйде болады. Мұнайдың ұңғымадан шығысы кезінде газ одан арнайы сепараторларда бөлініп шығады. Бұл жағдайда газ қысымы үлкен емес.   Мұнай өндірісі кезінде ілеспе газдың жиынтығы үшін мұнай ұңғымаларының байламына жалғанатын өндірістік құрама КС салынады. Газ бұл станциялардан бағалы компоненттер қатарының (бутан, пропан және т.б.) бөлінуі орындалатын фракционирлеу үшін газобензиндік зауыттарға бағытталады, бұдан кейін газ газ құбырының БКС кірісіне келіп түседі. 

Газды өндіруге арналған зауыттарда (тақтатасты өңдеуші, коксгазды және т.б.) бас компрессорлық станция зауыттың ішінде орналасады. Торапты газ құбырының компрессорлық станциясында келесі негізгі технологиялық процесстер қарастырылады: газды шаңнан тазалау, газды сығу – компремирлеу және оны салқындату.  Бұдан басқа БКС-да егер газдың құрамында күкіртсутек болған жағдайда оны кептіру, яғни газды күкірттен тазалау орындалады. Кептірудің тағайындалуы – газдан ылғалды тартып алу. Ұңғымадан 10-20º С температура кезінде шығатын газ сулы қуыстарға қаныққан болады. Егер газдан ылғалды ажыратпаған жағдайда газ құбырында суық уақыттарда  оны салқындату кезінде су бөлініп шығады. Қыс мезгілінде газ құбыры топырақтың қату аймағынан өтетін орындарда судың қатуы және мұз тығындарының құрылуы мүмкін. Жоғарғы қысымды және төменгі температуралы газ құбырында судың бар болуы кристалогидраттардың кептелісінен құрылған газ құбырының жергілікті бітелуіне әкеп соғады.

Күкіртсутек – газдағы зиянды қоспа. Ылғалды жағдайда ол құбырлардың және құрылғыларыдың күшейген коррозиясын шақырады.   Торапты газ құбыры бойынша тасымалданатын газдың құрамында күкіртсутектің болуы 100 м³ газ көлемінде 2 г-нан аспауы керек. Газды көрсетілген кондицияға дейін БКС күкірттен тазалау қондырғысында жеткізеді. Газды шаңнан тазалау КС қондырғысын уақытынан ерте тозуынан сақтайды және тазалау арнайы құрылғыларда – шаңды ұстап алғыштарда жүргізіледі. Оларда газ шұғыл қозғалыс бағытын өзгертеді, соның нәтижесінде өлшенген қатты қоспалар түсіп маймен жұтылады.  Жоғарғы қысымды және төменгі температуралы газ құбырында судың бар болуы кристалогидраттардың кептелісінен құрылған газ құбырының жергілікті бітелуіне әкеп соғады.  Көрсетілген негізгі технологиялық поцесстерден басқа компрессорлық станцияларда қосымша процесстер орындалады. Бұл процесстер үшін келесі жүйелер алдын ала ескеріледі:

  • компрессорлар мен қозғалтқыштарды салқындатуға арналған айналымдық жүйелер;
  • машиналарды маймен толтыру үшін және оны регенерациялауға арналған құрылғылары үшін; желдету, өтке кезінде сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау.

 

3.2 Газ турбиналы жетегі бар ГТА пен компрессорлық станцияның бірігуі 

Негізгі агрегаттардың типіне байланысты газтасымалдаушы станциялар іштен жану қозғалтқышының жетегі бар поршенді және газ турбинасы мен электрқозғалтқыштың жетегі бар орталықтан тепкіш болып бөлінеді.

Газ турбинасының энергия көзі тасымалданатын газдың өзі болғандықтан торапты газ құбырында кең таралған. Басқа типтермен салыстырғанда газ турбиналары пайдалы сапалар қатарына ие: салқын күйден жылдам іске қосылу, салыстырмалы жоғары п.ә.к., кіші өлшемдері, қарапайымдылық, сәйкесінше құрылысынң сенімділігі, бірлік агрегаттағы үлкен қуат, елеулі дірілдедің болмауы.

Тізбектей және параллель жұмыс істейтін айдағыштары бар КС да пайдаланылады. Тізбектей жұмыс кезінде әрбір айдағыш газ құбырлы крандардың екі еселенген санымен жабдықталған. Осындай немесе басқаша да өзгертулері бар сұлбалар толық шығындалатын төмен қысымдағы айдағыштары бар екі немесе үш агрегаттардың тізбектей жұмысының қажеттілігі туындаған жағдайда жүзеге асырылады. Жоғарғы қысымдағы айдағыштардың прараллельді жұмысы кезінде компрессорлық станцияның технологиялық сұлбасы айтарлықтай жеңілдетіледі, себебі айдағыштан кейін газ бірден ауалық салқындату аппаратына (АСА) барып түседі. Бұл кезде қауіпсіздік сызығында орнатылған крандардың және резервтегі айдағыштардағы екі еселенген мөлшердегі крандардың қажеттілігі болмайды.

Көптеген жағдайларда ГТА құрылымдық сұлбасы және оның параметрлері оның тағайындалуымен анықталады: газды торапты газ құбыры бойынша тасымалдау; тозған орындарда газды сығу; газды қабатқа жүктеу.

 

 

3.3 Торапты газ құбырларындағы газ турбиналы жетегі бар компрессорлық станцияның технологиялық сұлбасы

КС технологиялық сұлбасы орнатылған қондырғының типіне, агрегат тобының параллельді және тізбектей жалғанған санына, торапты газ құбырының өткізгіштік қабілетіне тәуелді болады. Алайда негізгі құрылғыдан тәуелсіз компрессолық станцияның технологиялық сұлбасы келесі түйіндерден тұрады: қабылдау, газды реттеу және өлшеу түйіні, КС кірісінде газды тазалау, газды компимирлеу, газды салқындату түйіні, май шаруашылығы, сумен және энергиямен айналымдық жабдықтау түйіні.

Компрессорлық станцияның барлық негізгі және қосалқы құрылғылары құбырлық желімен байланысады. Газ тасымалдайтын агрегаттарды құбырлармен байлау техникалық орындалуы жағынан күрделі және бекіткіш, реттелетін, сақтандырушы арматурамен қаныққан.

Газ турбиналы құрылғысы бар компрессорлық цех газ өтпейтін металды диафрагмалы екі залға (машиналы және айдағыштар залы) бөлінген. Айдағыштар залының іргетасында отралықтан тебетін айдағыштар орнатылады. Іргетас деңгейінен төмен сорғыш және айдағыш газ құбырлары қойылады, ал жабудан бұрын жүк көтерімділігі 2—5 т болатын кран-балканы орнатады.  Машиналы залда айдағыштардың белгісінде газ турбиналы қондырғыны орнатады. Іргетасына ГТҚ-ң келесі негізгі түйіндері орнатылады: осьтік ауалы компрессор, жоғарғы және төменгі қысым турбиналары. Іргетас деңгейінен төмен айналымдық ауаны тазалауға арналған құрылғылармен, регенераторлармен және түтін шығару құбырларымен байланысқан жану камерасын, май багы, газ және ауа жолдары орнатылады. Түтін шығару құбырлары компрессорлық цехтың қабырғасына орнатылады. Цех бойымен суды және импульсті, іске қосылатын және жанармай газын салқындататын май құбырларының коллекторлары қойылған. Оларға құбыр тармақтары арқылы әрбір газ турбиналы құрылғыларды жалғайды. Монтаждық және жөндеу жұмыстары үшін машиналы залды жүк көтерімділігі 20 т болатын көпірлі кранмен жабдықтайды. 1.2 – суретте турбиналы жетегі бар компрессорлық станциясының технологиялық газдың негізгі байланыстарының байлау сұлбасы келтірілген. Газ  № 7 құбыры арқылы торапты газ құбырынан механикалық қоспалар мен ылғалдан тазарту мақсатында май шаң ұстағыштарына келіп түседі.  Газ құбырлы байланыстың ортақ станциялы желісіне 2 шаң ұстағыштар, 3 май ұстағыштар және 4 май жинағыштар қосылған. Газ құбырларының байламына № 1 және 2 кесінді құбылар, № 3 өткізгіш құбыр, № 4 жүктемелік құбыр және т.б. кесіліп жалғанған. Проходной кран № 3 өткізгіш құбыры газ турбиналы агрегаттың істен шығуы кезінде ашады және жұмыс істемейтін айдағыштың жанынан газды қайта жіберу үшін қолданылады.  № 4 жүктемелік құбырды сонымен қатар № 5 құбырмен орнатылған шам арқылы айдағышты үрлеу үшін қолданады. Газ құбырларының байламына № 1 және 2 кесінді құбылар, № 3 өткізгіш құбыр, № 4 жүктемелік құбыр және т.б. кесіліп жалғанған. Проходной кран № 3 өткізгіш құбыры газ турбиналы агрегаттың істен шығуы кезінде ашады және жұмыс істемейтін айдағыштың жанынан газды қайта жіберу үшін қолданылады.  № 4 жүктемелік құбырды сонымен қатар № 5 құбырмен орнатылған шам арқылы айдағышты үрлеу үшін қолданады.

 

 

3.3 – сурет. Технологиялық газ байланыстарын орау (байлау) сұлбасы

 Агрегатты М 4 құбыры арқылы іске қосу кезінде кіші контурды газбен толтырады. Берілген құбырдан кейін 20—25 мм саңылауы бар дроссельдік шайба орнатылған. № 3 бис құбыр агрегатты іске қосу және тоқтату кезінде айдағыштың шығысынан кірісіне газды қайта жіберу қызметін атқарады. Қондырғы орнында № 1, 2, 3, 4, 5 және 3 бис крандармен басқару автоматты түрде немесе қолмен басқарылуы мүмкін. Қабылдағыш және айдағыш шлейфтардың арасында Лё 6, 6а, Д, 6р және бар құбырларымен қосқыш болады, олардың көмегімен компрессорлық станцияда газ құбырларының орамының іске қосушы контурын құруға болады. Әрбір құбырда олардың сатылы ашылуы мен жабылуы үшін арналған гидоприставка болады. Д құбыры дроссель қызметін атқарады, талап етілетін сығу дәрежесін (қысымның артуы) орнату үшін оның қолмен қиылуын айдағыштар тобында реттейді. № 6 я 6а құбырлары КС-ң өнімділігін қашықтықтан басқару үшін арналған. Бұған қоса автоматтық қорғау сигналы бойынша тізбектей жалғанған айдағыштардың тобына кіретін агрегаттың ақаулығы орын алғанда осы құбырладың біреуі ашылады. Л£ 6р және бар құбырлары айдағыш жағынан кіріске газды қайта жібері кезінде компрессорлық станцияны антипомпажды реттеу үшін қолданылады. Кері клапандар № 8 және За құбырларының алдында КС-ны іске қосқыш контурға аудару кезінде айдағыш жақтан технологиялық газдың қайтадан қосылуын ескертеді. КС-ны агрегаттардың басқа мөлшерімен орау суреттелген сұлбадан айтарлықтай айырмшылығы болмайды. Газ турбиналы КС-ң байланыстары технологиялық, жанармайлы, іске қосқыш, импульсті және тұрмыстық газ құбырларына бөлінеді.

Технологиялық газдың байланыстары КС шегіндегі газдың тасымалдануын қамтамасыз етеді. Газдың технологиялық байланыс құбырларының ортақ желісіне  газды шаңнан тазалау құрылғылары, салқындатқыштар, май ұстағыштары, май жинағыштар және бітегіш арматура қосылған. Майлы типтегі шаңсорғышында газ механикалық қоспалар мен ылғалдан тазартылады.   Газды шаңнын және майдың ұсақ бөлшектерінен ақырғы тазалауды скрубберде (шар тәрізді шаңсорғыш) жүргізген жөн. Ластанған майды төгу, қалдықты жою және шаңсорғышты жаңа маймен толтыру агрегатты өшірусіз жүзеге асырылады.

Жанармай газының байланысы. Жанармай газын ГТҚ жану камерасына жіберу торапты газ құбырынан немесе технологиялық байланыстан жүзеге асырылады. КС-да жанармай газының қысымын төмендету үшін автоматты басқарылатын бәсеңдеткіш пункті болады, ол ек параллель жұмыс істейтін қысым регуляторларымен, шығын өлшегіштермен және май сепараторларымен жабдықталады.  Әрбір газ турбиналы қондырғы жанармай газы бойынша коллектордан тәуелсіз орамға ие.

Іске қосқыш газдың байланысы. Турбодетандердің іске қосқыш турбиналары үшін ГТҚ іске қосу үшін газды таңдау жанармай газын бәсеңдеткіш пунктіндегідей жүзеге асырылады.

Торапты газ құбырларының жалпы сипаттамасы