Тотенше жагдай жане азаматтык корганыс
I.Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді. Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жіктемесіне» сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы №1351 Қаулысымен бекітілген «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру ережесіне» сәйкес объектілік және жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
Комиссия құрамына орталық атқарушы органдардың аумақтық органдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары кіреді. Комиссия тексеру барысында оқиғаны көргендерден, лауазымды және басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.
Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.
Авария бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» ҚР 2002 жылғы 3 сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті шегінде белгілейді.
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
ТЖ-дың алдын алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
II. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары
ҚР
«Табиғи және техногендік сипаттағы
төтенше жағдайлар туралы»
- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;
- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.
ТЖ саласындағы
ғылыми зерттеулердің негізгі
радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
III. Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.
«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:
- «табиғи және
техногендік сипаттағы ТЖ
Бірінші кезекте
жасалатын іс-қимыл кезінде
ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.
Табиғи және
техногендік сипаттағы ТЖ жою
кезінде шұғыл медициналық
Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап).
IV. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша атқаратын міндеттері.
Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші объектілерді төтенше жағдайлар мен олар туғызған зардаптардан қорғау мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы заңдары мемлекет Конституциясына негізделеді және өзге де мемлекеттік нормативтік –құқықтық актілерден түзіледі.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде халықты, аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың негізгі принциптері мыналар:
- жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар ету;
- төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл медициналық жәрдем көрсету, тұрғындарды және зардап шеккен қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.
Сонымен қатар
бұл жерде Қазақстан
Қазақстан Республикасының «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңының 13 бабына сәйкес, аудандардағы, ауыл әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.
1. Аудан әкімдері мен ауыл әкімдері жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
2. Төтенше жағдайлардың
туындауына әкеп соққан
3. Халықты (тұрғындарды) және ұйымдарды қауiпсіздік, төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар туралы хабардар етеді; (Қызметкерлер күшімен, БАҚ арқылы, байланыс және хабар беру құралдары арқылы, т.б. )
4. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ауданның бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің қорларынан қаржыландырылады;
5. Материалдық-техникалық,
азық-түлік, медициналық және
басқа ресурстардың жергілікті
қорларын құрады және
6. Төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен тұрғындардың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамассыз етеді;
7. Азаматтардың
денсаулығы мен мүлкіне,
8. Медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
9. Азаматтар
мен қызметкерлер төтенше
10. Төтенше жағдайлар
жойылғаннан кейін қоршаған
11. Ұйымдар мен
азаматтардың шаруашылық
- «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлар туралы» ҚР Заңы
№19-1 1996ж. 5 шілде
(2006.10.01 берілген өзгерістер мен толықтырулар)
5-бап. Ұйымдардың табиғи
және техногендік сипаттағы
Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, ұйымдар табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- өз жұмысының орнықтылығын арттыру және қызметкерлер мен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жоспарлап, өткізуге;
- төтенше жағдайлардың
пайда болу қаупі туралы
- қызметкерлерге
төтенше жағдайлар кезінде
- қарауындағы өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы объектілерде, соларға іргелес аумақтарда бекітілген жоспарларға сәйкес қорғану шараларын құтқару, авариялық-қалпына келтіру және төтенше жағдайларды жою жөніндегі басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге;
- заңдарда көзделген
реттерде, төтенше жағдайлардың
салдарынан қызметкерлер мен
басқа да азаматтарға
ҚР Үкіметі
белгіленген тізбе бойынша
13-бап. Облыстардың
(республикалық маңызы бар
Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында:
- жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды ұйымдастырады;
- төтенше жағдайлардың пайда болуына әкеп соққан аварияны, зілзала мен апатты тергеуге қатысады;
- халықты және
ұйымдарды қажетті қауіпсіздік,
- ТЖ алдын алу мен оларды жою жөніндегі шараларды жергілікті қорлардан қаржыландыруды жүзеге асырады;
- материалдық-техникалық, азық-түлік
медициналық және басқа
- ТЖ салдарынан зардап шеккен халықтың және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын, азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге келтірілген зиянның өтелуін, медициналық қызмет көрсетуді, ТЖ аймақтарында тұрғаны және жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктер алуды өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
- ТЖ жойылғаннан
кейін қоршаған ортаны
15-бап. Ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды болжау
Табиғи және
техногендік сипаттағы ТЖ саласындағы
ғылыми зерттеулердің негізгі
18-бап. Табиғи және
техногендік сипаттағы ТЖ
Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ пайда болған кезде қатер қауіпін, шығындар мен залалды мүмкін болғанынша барынша азайту үшін мынадай қорғану шаралары жүзеге асырылуға тиіс:
- сейсмикалық жағынан берік құрылыстар салу және үйлер мен ғимараттардың сейсмикалық беріктігін күшейту;
- гидротехникалық және инженерлік геологиялық қорғану шаралары;
- көлік қауіпсіздігін
- қауіпті өндірістік
объектілердегі қорғану
- өрттерге (жарылыстарға), індеттер мен малдың жұқпалы ауруларына, ауыл шаруашылық өсімдіктері мен ормандардың кеселдермен және зиянкестермен зақымдануына жол бермеу шаралары;
- арнайы уәкілдік
берілген органдардың міндетті
күші бар нұсқамаларында
Ұйымдар мен азаматтардың төтенше жағдайлардың пайда болу қатеріне байланысты қызметі міндетті түрде сақтандырылуға тиіс
VI.Төтенше жағдайлар салдарынан зақымданған тұрғын үйлерді қаржыландыруға қажет құжаттар тізімі
I-Ауыл әкімдігі дайындайтын құжаттар
- Ауыл әкімінің аудан, қала әкіміне төтенше жағдай туралы орын алғандығы туралы қатынас хаты.
- Меншік иесінің аудан әкіміне жазған өтініші.
- Тұрғын үйге меншік иесінің жеке куәлігінің көшірмесі.
- Меншік иесінің салық төлеуші куәлігінің (РНН) көшірмесі.
- Зардап шегушінің сол елді мекенде, сол үйде тұратынын және жанұя мүшелерінің санын растайтын ауыл, қала әкімдігінен анықтама.
- Үш-төрт көршілердің орын алған төтенше жағдайларды растайтын түсініктемелері.
- Зақымданған үйдің жарамсыздық (дефектный) актісі.
- Шығын көлемін көрсететін есеп (лицензиясы бар мекеме).
- Жылжымайтын мүліктерді тіркеу орталығында үйдің зардап шегушінің атына тіркелгендігі туралы анықтама (нотариуспен расталған).
НҰСҚАУЛЫҚ
Эвакуациялық шараларын ұйымдастыру
Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық қауіпсіз аймаққа орналыстырылған пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен аз шамада қамтамасыз етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар жүргізеді.
Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді үлестіру жолымен жүзеге асырылады.
Төтенше жағдайлар қауіпі
туындағанда халықты қауіпті
Эвакуация мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы болып саналады.
Қауіпті аймақта
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары (пункттері) күні бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың шешімімен қаулысымен бекітіледі.
Бытыраңқы орналастыру –соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету және қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Эвакуациялық тізімдер мен төлқұжаттар бытыраңқы орналастырылатын және эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға айрықша жағдайларда ғана жол беріледі.
1. Бытыраңқы орналастыру мен эвакуациялауды жоспарлау;
2.Азаматтық қорғаныс
3.Эвакуациялық органдарды өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға даярлау;
4.халықты эвакуациялық шараларды орындауға даярлау;
5.көліктің барлық түрлерін халықты әкетуге даярлау;
6.стансаларды,аймақтарды және
7.халықты жаяу алып шығуға
арналған жолдар мен сап
8.жерасты құрылғаларын,
9.Ааматтық қорғаныстың басқару пункттерін,байланыс және хабарлау құралдарын даярлау;
10.қауіпсіз аумақта
селолық жерлерде материалдық
жабдықтардың, азық-түлік пен дәрі-
Халықты
бытыраңқы орналыстыруға және
эвакуациялауға даярлау
Эвакуациялық
комиссиялар жергілікті
Эвакуациялық комиссиялардың құрамын жергілікті атқарушы органдардың тиісті басшылары бекітеді.
Эвакуациялық
комиссия құрамына жергілікті а
Эвакуациялық қабылдау комиссияларына эвакуация кезінде келетін халықты қарсы алуды есепке алу мен орналастыруды, сондай-ақ келетін халықты тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау жүктеледі.
Эвакуациялық
жиналу пункттерін орналастыру
(медицина, тамақтандыру,күзету және т.с.с.) орындар әзірленеді.
Эвакуациялық жиналу пунктіне рет нөмірі беріледі шаруашылық жүргізу объектілері мен пәтерлерді иемденушілердің кооперативтері тіркеліп жазылады.Эвакуациялық жиналу пунктінің әкімшілігі қала мен аудан әкімдерінің қаулысымен және бұйрығымен, ұйымдар басшылығының бұйрығымен тағайындалады.Эвакуациялық жиналу пункті әкімшілігінің саны оған тіркеліп жазылған халықтың санына байланысты болады.Эвакуациялық халыққа газтұтқыштар беру пункттері құрылады.
Аудандар мен қала
ұйымдарының Азаматтық
Категорияланған қаланың (қалалық ауданның) Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:
- әрбір қалалық аудан, ұйым, пәтер иеленушілердің кооперативі бойынша орналастыруға және эвакуациялауға жататын халықтың саны;
- қауіпсіз аймақтағы халықты орналастыратын аудандар мен пункттер;
- орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері (басталуы және аяқталуы);
- жергілікті атқару органдарымен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ жұмысшыларға, қызметшілерге және халықтың басқа бөлігіне орналастыру мен эвакуацияның басталу мерзімі туралы хабарлар тәртібі;
- эвакуациялық органдардың құрамы және оларды даярлыққа келтіру мерзімдері;
- жаяу тәсілмен әкелетін және көліктің барлық түрімен шығарылатын халық саны;
- халықты шығару мен әкету маршруттары, жаяу тәсілмен эвакуациялаудың әрбір маршрутындағы эвакуациялаудың бастапқы пункттері, демалыс орындары, реттеу пункттері, аралық пункттер;
- халықты көлікпен әкетудің және жаяу тәсілмен шығару кезектілігі;
- эвакуациялық жинау пункттері және оған бекітілген ұйымдар мен пәтер иеленушілердің кооперативі;
- халықты көлікке отырғызу пункттері;
- оны қауіпсіз аймаққа түсіру;
- халықты қауіпсіз аймақта қабылдауды және орналастыруды ұйымдастыру жөніндегі шаралар;
- қауіпсіз аймаққа орналастыратын және эвакуацияланатын халықты қамтамасыз ету жөніндегі қорғану жайларын дайындау тәртібі мен мерзімдері, жекеше қорғану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар;
- халықты эвакуациялаудың аралық пункттерінен және түсіру пункттерінен оларды орналастыру орындарына жеткізу үшін аудандардың көлігін пайдалану;
- эвакуациялық шараларды жүргізу кезінде бақылауды басқаруды және байланысты ұйымдастыру;
- жұмысшылар ауысымын қауіпсіз аймақтағы орналастыру аудандарынан қалаға және кері қарай тасымалдау тәртібі;
Ұйымдардың Азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен эвакуациялауға қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:
- орналастыру мен эвакуациялауға жататын жұмысшылар мен қызметшілердің, олардың отбасы мүшелерінің саны;
- орналастыру мен эвакуациялау мерзімдері ;
- жұмысшылар, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерін көлікпен ( транспорт түрлері бойынша) және жаяу тәсілмен әкетілетіні;
- эвакуациялық шаралар үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары;
- жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін жаяу тәсілмен шығару маршруттары эвакуацияның бастапқы пункттері, демалу аудандары, аралық пункттері;
- ұйымдар бекітілген немесе өрістірілген эвакуациялық жинау пункттері, олардың нөмірлері мен орналасатын орындары, ұйымдардың эвакуациялық пункттерін өрістету уақыты;
- жұмысшылардың, қызметшілердің және олардың отбасы мүшелерінің эвакуациялық жинау пунктіне келген уақыты;
- жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасыларын отырғызуға және тасымалдауға жауапты эшалондардың бастықтары, автомобиль легінің басқарушысы және басқа лауазымды адамдар, жаяу саптың бастықтары;
- адамдарды көлікке отырғызуды ұйымдастыруға бөлінген пункттер мен қауіпсіз аймақтағы аралық эвакуациялық пункттері;
- қауіпсіз аймақта жұмысшыларды, қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін қабылдауды ұйымдастыру;
- халықты түсіру пункті мен эвакуациялаудың аралық пункттерінен орналастыру орындарына жеткізу тәртібі және ол үшін бөлінетін көлік ( саны, сиымдылығы, келетін уақыты, бөлген адам);
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС МІНДЕТТЕРІ. ОСЫ МАҚСАТТА ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУ ОРГАНДАРЫ, ҰЙЫМДАРЫ МЫНА ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАЙДЫ:
- Халықты қорғау үшін перспективалық және ағымдағы жоспарларды жетілдіру, төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік характері мен елді-мекендер мен шаруашылық объектері және оларды жоюдың іс-қимыл жоспары;
- Шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, іс-шараларды комплексті жақсарту мен төтенше жағдайлар жұмыстарының қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуі;
- Жергілікті хабар беру жұйелерін құру және олардан алдын алу үшін күш-құралдар дайындау;
- Төтенше жағдайлар зардаптарын жою мен және оларды ұдайы дайындықта ұстау;
- Су тасқыны болады-ау деп жүргізіліп отырған құрылыс аймақтарын, көшкінді және басқа да қауіп-қатерлерді жоспарлау;
- Төтенше жағдайларда баспанасыз қалуы мүмкін тұрғындар үшін уақытша тұрғын жай қорын жасайды;
- Мониторинг жасау, тұрғындарға, шаруашылық субъектілеріне техногендік авариялар, болуы мүмкін су басу, тасқын, сел, сырғымалар және басқа қауіпті экзогендік құбылыстар жөнінде хабарлау жүйесін ұйымдастырады;
- Азық-түлік, дәрі-дәрмек және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде материалдық-техникалық жабдықтау қорларын құру;
- Объектілерде (ауданда, қалада, елді мекендерде, аумақта, нысандарда т.б.) бейбіт мезгілге арналған АҚ жоспарын жасау және уақтылы нақтылау;
- Объектілерде орын алу мүмкін ірі көлемді авариялардың, катастрофалар, дүлей апаттар тізілімін анықтайды;
- Авариялар, дүлей апат нәтижесінде қалыптасуы жағдаптты мүмкін бағамдаудан қорытынды жасау (төтенше жағдай түріне қарай) болуы мүмкін көлемі және олардың зардаптары;
- Зардаптарды жоюда атқарылатын жұмыстар көлемінің шамасын және қажет күш-құралдар санын анықтайды;
- Басшы құрамға, құрылымдардың жеке құрамына, мемлекеттік қызметкерлерге және тұрғындарға хабарлау сызбасын жасау және бекіту;
- АҚ ұйымдары мен күштерінің бейбіт мезгілдегі төтенше жағдапттарда іс-қимыл жасауға дайындығын қадағалау;
- Қорғану ғимараттарының құрылысын бақылауда ұстау және ұжымдық, жекеше қорғану құралдарын ұдайы дайындықта ұстау және көбейту;
- Басшы құрамның қалыптасқан жағдайларды дұрыс бағамдай білуі, бейбіт мезгілде АҚ іс-шараларын жүргізу үшін негізделген жедел шешім қабылдау білуі, бағыныстағы күштерді сенімді басқара білуі қажет;

- Тотожність та відмінність поглядів на субстанцію у Р. Декарта, Б.Спінози та Г. Лейбніца
- Тотолитарный режим
- Тотығу - тотықсыздану реакциялары
- Тоффлер и его научный вклад
- Тоцкий взрыв
- Тоцкий ядерный взрыв
- Точечная и интервальная оценка.Законы термодинамики. Уровни познания химических веществ
- Тотемизм в современном обществе
- Тотемизм и древнеславянские божества
- Тотемизм и магия
- Тотемизм и магия. Структура магии. Виды магии
- Тотемизм, фетишизм, магия, язычество в жизни людей в прошлом и настоящем
- Тотемиз сегодня
- Тотенше жагдай