Тәуелсіздік
1991
жылы 16 желтоқсанда Қазақстан
Қазір мәлім болғандай, КСРО мемлекетінің ұзаққа бармайтындығы туралы батыс саясаткерлерінің 80-жылдардың бас кезіндегі болжамдары расқа шықты. Өйткені, 80-жылдардың басына таман КСРО-дағы барлық республикаларда сас ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар қалыптасты. 1985 жылы қоғамның жаңа басшылығының елді дағдарыстан алып шығу жөніндегі қайта құру деп аталған бағыты да еллдегі жағдайды тұрақтандыра алмады. Аталған қайта құру бағыты терең терең ойластырылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді.
Дегенмен,
кеңес саяси жүйесіндегі
1989
жылы мамыр-маусым айларында
Қоғамдық-саяси өмірдің аса маңызды мәселелері төңірегіндегі тартыс бір-біріне қарама-қарсы ұстанымдағы депутат топтарының құрылуына алып келді. Халық депутаттарының І съезінің жұмысын бастасымен-ақ аймақаралық депутаттық топтар құрылды. Депутаттарды саяси және кәсіптік мүдделері бойынша біріктірген басқа топтардың бар екендігі сезілді.
Халық депутаттарының І съезінің қабылдаған шешімдердің көпшілігі жүзеге асқан жоқ. Соған қарамастан ол партия комитеттерінің билігін едәуір әлсіретті. Е. Лигачев, П. Соломенцев тәрізді КОКП және мемлекет басшыларының, тіпті, КОКП ОК Бас хатшысы М. С. Горбачевтің де қызметтері үздіксіз сынала бастады. Кеңестер, кәсіподақтар, комсомол бірте-бірте КОКП өктемділігінен арыла бастады. Демократиялық сайлау кезінде партия комитеттерінің лидерлері ірі жеңілістерге ұшырады. Бірақ сонымен қатар қоғамда, саяси қарсыластар арасында ымырасыздық, егесулер, атақ танулар күшейді. Демократиялық сенімдегі адамдар көбіне «күйе жаққыштығы», «сатылғыштығы», «екі жүзділігі» үшін айыпталды. Кертартпа күштер қарсылығының бір айқын белгісі Ленинград қаласының ғылыми қызметкері Н. Аидрееваның «Советская Россия » газетінде жарияланған «Принциптерімнен танғым келмейді» атты мақаласы болды.
Демократиялық
қоғамға өтудің басталуы одақтас
республикалар мен олардың
Жаңа одақтық келісім-шарттың жасалу мүмкіндігі жайлы мәселені 1988 жылдың өзінде-ақ ең алдымен Балтық жағалауы республикалары ұлттық-демократиялық қозғалыстарының өкілдері көтере бастады. КСРО Халық депутаттарының І съезінде кейбір депутаттар тарапынан бұл мәселе көтерілді. Съезде унитарлық мемлекетке тән хал-ахуалдың түрін өзгертіп, қалыптасқан құрылымды жаңа мазмұнмен байытуға, орталық пен республикалар арсындағы құқықтар мен міндеттерді қайта бөлуге деген ұмтылыс басым болды.
Балтық жағалауы республикаларының, онан кейін Украина, Қырғызстан және Ресейдің парламенттері өз дербестігін қорғай отырып, Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылдады. Қазақстан өзінің Мемлекетік егемендігі туралы Декларациясын 1990 жылы 25 қазанда жариялады. Егемендік туралы Декларацияны қабылдай отырып, одақтас республикалардың көпшілігі республикалық заң шығарудың басым тұстарын көрсететін арнайы бөлімдер енгізді. Республикалардың өз дербестігін кеңейту туралы әрбір талаптарынан орталық ведомствалар сепаратизм мен жікшілдік енгізді.
1989
жылдың өзінде-ақ КСРО-ны
КСРО басшыларының шындықты бағалап, түсінуге қабілетсіздігі, республика халықтарының ыңғайына барғысы келмеуі олардың беделін түсірді. Ресей Федерациясы да өзінің егемендігін жариялады. Бұл кеңестік жүйеге үлкен соққы болып тиді, Ресей «КСРО-ның бел омыртқасы» болып саналатын. КСРО-ның болашағы туралы мәселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.
1991
жылы 19 тамызда Кеңес Одағының
радиостанциялары КСРО вице-
Төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитет елдің ауыр экономикалық және саяси жағдайын суреттей келіп, барлық кінәні реформа саясатына аударып, кеңес халқына үндеу тастады. Үндеу өткен уақыттың дақпыртты ұрандарымен көмкеріліп, аяғында өздігінен құрылған комитетке жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы А. Лукьянов қол қойған «Кеңес халқына үндеу» мәлімдемесі басылды, онда ол халықты төтенше жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитетті қолдауға шақырды.
КСРО Президенті қызметін атқарушы Г. И. Янаев мемлекеттер мен үкімет басшыларына және БҰҰ Бас хатшысына үндеу жолдап, төтенше жағдайдың елде 6 айға енгізілетіні туралы мәлімдеді және «халықтар мен үкіметтерді, БҰҰ тарапынан тиісті түсінікпен қарауға шақырды.
18
тамызда эаңды түрде сайланған
және денсаулығы мүлдем жақсы
Президент М. С. Горбачевті
орнынан ығыстыруды және
ТЖМК-ның №1 қаулысы бойынша КСРО-ның барлық билігі мен басқару органдары, одақтық және автономиялы республикалар, өлке, облыс, қала, аудан, кенттер және ауылдар төтенше жағдай тәртібін мүлтіксіз орындауға міндеттенді; ТЖМК-ның өкілеттік берілген мүшелері үкімет органдары қызметін атқара алды. Осы қаулы негізінде саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар мен бұқарлық қозғалыстардың қызметі тоқтатылды, митинг, шеруге шығу, ереуіл жасауға тыйым салынды, бұқаралық ақпарат құралдарына қатаң бақылау орнатылды, астық жинау науқанына кәсіпорын және ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, студенттер, әскери қызметкерлер т.б. жұмылдырылды.
19
тамызда тағы бірқатар
Қазақстан халқы Мәскеудегі тамыз төңкерісіне әр түрлі көзқараста болды. ТЖМК-ның келгенін қуана қоштаушылар да табылды. Халықтың басым көпшілігі құрылған комитетке бірдей-ақ сырторай танытты. «Азат», «Желтоқсан», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы ТЖМК-ны қабылдаған жоқ және тұрғындарды оның жарлықтарына бағынбауға шақырды. 19 тамызда Президент Резиденциясында минисрлер, әскерилер, кеңес қызметкерлері мен Қазақстан Компартиясы ОК басшыларының қатысуымен кеңейтіллген мәжіліс өткізілді. Н. Ә. Назарбаев жиналғандардан бұл жағдайда не істеу керектігін сұрады.
Түрлі ұсыныстар айтылды. Қазақстан Компартиясы ОК-нің екінші хатшысы В. Г. Ануфриев бірнеше рет сөз сөйлеп, ТЖМК-ны қолдауды жақтады. Мәжіліс барысында жұмыс комиссиясы құрылды. Осы күні кешке қарай Н. Ә. Назарбаев қазақ теледидары бойынша республика халқы алдында сөз сөйлейді. «Еліміз үшін аса бір жауапты сағатта, –деді ол өз сөзінде. –Сіздерді тыныштық пен сабыр сақтауға шақырамын». Қазақстан Президенті республика егемендігін нығайту саясатына, демократия принциптеріне, КСРО-ның біртұтастығын сақтауға жақтастығын танытты. Ол Қазақстанның аумағында төтенше жағдайдың енгізілмейтінін айрықша атап көрсетті.
Президенттің бұл үндеуі республика тұрғындарын тыныштандырды. Бұл кезде Мәскеуде жағдай аса ауырлап, шиелінісе түсті. Мыңдаған адамдар халық аузында «Ақ үй» атанған –РКФСР Жоғарғы Кеңесі ғимаратын қоршап алып, Мәскеуге кіргізілген танк, бронетранспортерлерді жібермеді. ТЖМК-ға қарсылық тобын Ресей Президенті Б. Ельцин, вице-президент А. Руцкой, РКФСР Жоғарғы Кеңесі төрағасы міндетін атқарушы Р. И. Хасбулатов, Ленинград мэрі А. Собчактар басқарды. Солдаттар арасына үгітшілер жіберілді: «Ақ үйді» қорғаушылар оны берік қамалға айналдыруға кірісті.
20
тамызда да қауіп бұлты
ТЖМК-ның
әрекетіне деген
АҚШ
Президенті Джордж Буш ресми мәлімдеме
жасап, онда КСРО-дағы конституциялық
басқаруды қалпына келтіру
Төтенше
жағдай жөніндегі Мемлекеттік комитеті
(ТЖМК) мүшелерінің КСРО халықтары
арасынан кең қолдау табуға деген
үміті ақталмады. Оларды жоғары шендегі
әскерилер мен партиялық
21
тамызда оның жеңілетіндігі
ТЖМК басшыларының әкімшілік жүйені қайта жандандырып, республикаларды егемендіктен айыруға деген әрекеті ақыр соңында КСРО-ның күйреуіне әкеліп соқтырды. 20 тамызда жасалуға тиісті Одақтық келісім-шарт біржолата жойылды. Украина, Әзірбайжан өз әскерін құратындықтарын мәлімдеді. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жөнінде», одан кейін «Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәспорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қол астына көшіру жөнінде», «Қазақ КСР-інің алтын қоры мен алмас қорын құру», «Қазақ КСР-інің сыртқы экономикалық қызметін қамтамасыз ету жөнінде» Жарлықтар шығарды. Бұған қоса, республика Президенті Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Бұл жарлықтар одақтық ведомстволардың үстемдігін жойды, бірақ республиканың шынайы егемендігіне жетуге ерте болатын.
КОКП
ОК Саяси бюро мүшелері (Крючков, Янаев,
Язов) басқарған мемлекеттік
Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1991 жылғы қыркүйек пленумында төтенше съезд өткізу жөнінде ұйымдастыру комитеті құрылды. Осыған байланысты Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қызметін тоқтатқаны жөнінде мәлімдеді.
1991
жылы 7 қыркүйек күні сағат 10-да
Алматыда Қазақстан
Бірнеше айдан соң негізінен егде жастағы адамдардың бір тобы жаңа ұйым – Коммунистік партияны құрды. Қазақстан Компартиясының ізбасары – Социалистік партия қатарында лайықты басшы болмай, ақыры таратылды.
КОКП мүшелерінің бір бөлігі 1991 жылы 5 қазанда құрылған Қазақстанның Халық Конгресі партиясының құрамына кірді. Бұл партияның негізгі міндеті, оның бағдарламалық құжаттарында айтылғандай: парламенттік тәсілді пайдалана отырып, республиканың бұдан былайғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету болды. Партияның тең төрағалары болып көрнекті қоғам қайраткерлері, жазушылар О. Сүлейменов пен М. Шаханов сайланды.
Елде жүріп жатқан саяси процестер мен түрлі жағдайлар қалың бұқараның басын құрайтын жастар ұйымын айналып өтуі мүмкін емес еді. 1987 жылдан 1990 жылға дейін комсомол қатарының азаюы үздіксіз жүріп отырды. Ұйымның жастар арасында беделі түсті. Комсомолдың күйреуінің себебі мұнымен ғана байланысты болған жоқ, еліміздегі саяси жүйенің дағдарысында еді.
Комсомол ұзақ жылдар бойы әміршіл-әкімшіл жүйенің сапында болып, оның қолбаласына айналғаны соншалық, тұтас жүйенің күйреуі бұл ұйымның өз-өзінен тарауына алып келді. Қазақстан ЛКЖО-ның 1990 жылы наурызда өткен съезінде ұйымның маңызды құжаттары (жарғы, бағдарламалық бағыт) қабылданғанымен, бәрібір қалыптасқан тығырықтан шығудың жолын көрсете алмады.
1991
жылы қазанда Қазақстан ЛКЖО XVIII
кезектен тыс съезінде
Кәсіподақтар да жекелеген тәуелсіз ұйымдарға ыдырай бастады. Олар партия бұғауынан толық босанған еді, бірақ ұйымның шамадан тыс төрешілденуі оның қалың көпшіліктен қолдау табуына кері әсерін тигізді.
Жоғарыда айтылып кеткендей Қазақстан ыдыраудың соңына дейін Кеңес Одағын сақтап қалу үшін күресті. Бірақ республиканың бұл ниетіне Одақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өзгерістер қарсы тұрды. Сондықтан Қазақстан да өзінің тәуелсіздігін жариялау шараларына кірісті. Атап айтқанда, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Сөйтіп, бар әлемге Қазақстанның егемендігін жариялады. Тәуелсіздік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. Осы кезден бастап Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа қарсы оппозицияға айналды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды, орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі жақты келісімдер жасалды.
1990
жылғы желтоқсанда Ресей,
1990
жылы 25 қазанда республика Жоғарғы
Кеңесі Қазақ КСР-нің
1991
жылы 1 желтоқсанда Қазақстан
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттерімен халықаралық құқықтық принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді.
Республикадағы барлық ұлттардың өкілдері жергілікті қазақтармен тең құқықты азаматы деп саналды. Олар республикадағы мемлекеттік өкіметтің қайнар көзі және егемендікті бірден-бір қорғаушы болып табылады. Республика азаматтарының құқықтарына қол сұғушылар заң бойынша қылмысқа тартылуы тиіс делінген.
Заңда Республика Қарулы Күштерін құру жөніндегі құқы, республика азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған. Оған сондай-ақ республика қарауындағы азаматтарды қорғау, қоғамдық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кірген. Заңның 16-шы бабында ішкі және шекаралық әскерлердің істері мен қауіпсіздік органдары Президентке бағынады деп жазылған. Республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.
Осыдан
кейін Қазақстанда тәуелсіз егемен
мемлекеттік даму процесі басталды.
Еліміздің жаңа конституциясының жобасы
дайындалды. Облыстардың, қалалардың және
аудандардың басқару
Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін, егемен мемлекет ретінде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы 3 наурызда Қазақстан біріккен Ұлттар Ұйымына кірді, Халықаралық валюта қорының, Халықаралық реконструкция және даму банкісінің, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму қауымдастығының, Инвестицияға кепілдік беретін көп жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды және басқа бірсыпыра ұйымдарға кірді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады. Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап мемлекет аралық және үкімет аралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республиканың алдына үлкен келелі міндеттер қойылды. Олар елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық экономикаға көшу, жоспарлады іске асыру, елдің ішінде көп ұтты халықтардың бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты міндеттер –оның бүкіл дүниежүзі елдерімен байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына қосылу, елдің қәуіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты болғызбау. Халықтың ерік жігері тек осындай сас маңызды міндеттерді іске асыруға бағытталды. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан өзінің тұңғыш сом алтынын шығарып, мемлекеттің алтын қорын жинауды бастады.
Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен 1992 жылы қаңтарда Ішкі істер әскері құрылды. Армия қатарына шақырылған жастар Қазақстан аумағында әскери борышын өтеу мүмкіндігіне ие болды. Бұрын, ұзақ жылдар бойы «эксаумақтық» қағида бойынша әскерге шақырылғандар туған жерінен неғұрлым алыс аумақтарда қызмет етуге тиіс болатын. 1992 жылы тамызда Республика Президенті әскери қызметшілер үшін әскери анттың жаңа мәтінін бекітті.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы кезек күттірмейтін міндет ретінде оның мемлекеттік рәміздерін қабылдауды талап етті.
1992
жылы маусымда Жоғарғы
1936 жылы бекітілген Қазақ КСР-інің мемлекеттік туы мен елтаңбасында Кеңес елінің идеологиялық бағытын (тап күресі, «кеңес» халқының бірлігі, коммунизм идеясын дүние жүзіне тарату) бейнелеген және республиканың этникалық-мәдени ерекшелігін ескермеген рәміздер енгізілген еді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – мемлекеттік негізгі рәміздердің бірі. Тудың ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тік бұрышты көгілдір матаның ағаш сабына бекітілген тұсында ұлттық оюлармен кестеленгентік жолақ өрнектелген. Тудың ені ұзындығының жартысына тең. Бірыңғай көк-көгілдір төбедегі бұлтсыз ашық аспанның биік күмбезін елестетеді және Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Күн – уақыт, заман бейнесі.Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесінің кеңдігін паш етеді.
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Мемлекеттік
Ту мен Елтаңба жөніндегі арнайы
заңда Қазақстан
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік
Ел
рәміздерін қабылдау – аса маңызды тарихи
оқиға болды. Көп жылдар бойы Қазақстан
өзінің ішкі және сыртқы саясатын анықтау
мүмкіндігінен айырылған еді. Енді жаңа
рәміздерді қабылдау тарихи сахнаға жаңа
мемлекеттің, жаңа бейбітшілік сүйгіш
державаның шығуын білдірді.

- Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ ұлтының ұлттық ойындарының зерттелуі
- Тәуелсіздік - аңсаған арман, қол жеткен мұрат
- Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз
- Тәуелсіздік құрдастары
- Тәуелсіздік мерекесі
- Тәуелсіздік мерекесі
- Тәуелсіздік мерекесі
- Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- Тәуекел және оның экономикалық салдары
- Тәуекел және табыстылық теориясы
- Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
- Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
- Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды
- Тәуелсіздігімізге жету үшін болған оқиғалар