Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Тәуекелді
басқару саясатын
анықтаудағы кәсіпорынның
қаржылық-экономикалық
көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның
қаржылық-экономикалық
қызметіне сипаттама
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің «Қазақтелеком» ұлттық акционерлік қоғамын құру туралы» 1994 жылғы 17 маусым №666 Қаулысына сәйкес құрылып қызмет етеді.
"Қазақтелеком"
АҚ Қазақстан Республикасы
Қоғам
Қазақстан Республикасының
“Қазақтелеком” халықаралық оператор ретінде алыс шетелдердің 154 операторымен және ТМД мен Балтық елдерінің 23 операторымен тығыз ынтымақтастықты жүзеге асырады. Қазақстандықтарды әлемнің 230-дан астам елімен байланыстырады.
“Қазақтелеком” - бүгінгі таңда
тұрақты және игі беделі жыл
сайын “үлкен төрттік”
Компанияның
акциялары Қазақстан қор
Fitch
халықаралық рейтингтік
Компания бизнес жобаларымен қатар ауылдық елді мекендерді телефон байланысымен қамту және мектептерді Интернет желісіне қосу жөнінде әлеуметтік міндеттерді шешеді.
Озық
телекоммуникациялық
Қазақстанның жетекші байланыс операторының табысты қызметіне лайықты баға берген «Euromoney» халықаралық баспа үйі 2005 жылы “Қазақтелекомды” ТМД-дағы үздік телекоммуникациялық компания ретінде таныды.
“Қазақтелеком”
бүгінгі таңда –
Клиенттерге қызмет етудің және көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыру, олардың түрлерін кеңейту компанияны дамыту саясатының негізгі алғышарттары болып табылады. Бұл мәселелер әсіресе байланыс рыногында ырықтандыру үрдістерін тереңдету және бәсекелестіктің артуы жағдайында, сондай-ақ Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіруі қарсаңында өзекті бола түсуде.
“Қазақтелеком” өзінің телекоммуникация саласындағы жүйе құрушы ретіндегі жауапкершілігін сезіне отырып, көшбасшы ұстанымын сақтап қалуға және Қазақстанның ақпараттық қоғамы мен бәсекелі экономикасын құруға лайықты үлес қосуға ұмтылады.
"Қазақтелеком"
АҚ - Республикадағы ең үлкен
«Қазақтелеком»
акционерлік қоғамын стратегиялық дамытудың
негізгі бағыттары:
Миссиясы. Қазақстан Республикасы телекоммуникациялар рыногының бастаушысы болу. Бір бірімен және бүкіл әлеммен қатынаста болу - сапалы, қолайлы және қарапайым. Халықаралық телекоммуникация ауқымына толық құқықты шоғырлану
Мақсаты. Телекоммуникация секторының ырықсыздануы және әлемдік экономиканың ғаламдануы жағдайында ішкі және сыртқы рыноктарда бәсекелесе алатын, маркетингтік-бағдарланған, жаңартпалық, технологиялық, ұйымдық және экономикалық тиімді Компания құру.
Қызмет көрсету спектрі. Желінің техникалық мүмкіндігін абонент қатынауы деңгейінен магистралдыққа дейін дамыту жолымен тұтынушыларға бүкіл республика аумағында Интернет желісіне кең жолақты қатынаудан корпоративтік клиенттерге көп делдалдық қызмет көрсетуге дейін телекоммуникациялық қызметтердің кең көлемді спектрін ұсыну. Ұтымды байланыс желісін құру.
Тарату өрісі. Қазақстан республикасының бүкіл аумағына, оның ішінде ауылдық жерде телекоммуникациялар қызметін көрсетуді тарату. Қазақстан Республикасын әлемдік экономикаға шоғырландыру, сыртқы рынокқа шығу. Ресей, Орталық Азия және Қытай телекоммуникациялық рыноктарында Қоғам тұғырларын енгізу және нығайту. Қазақстанның транзиттік әлеует мүмкіндіктерін тұтастай іске асыру.
Телекоммуникациялар қызметін тұтынушылар. Рыноктың жоғары кірісті сегменттерінде бизнеспен белсенді айналысу, жоғары табысты корпоративтік клиенттердің үлесін арттыру және қызмет түрлерін көбейту. Сараланған маркетинг арқылы Қоғам абоненттері санының тұрақтауын және көбеюін, оларға қызмет көрсетудің кең көлемді спектрін және жоғары сапалы сервис ұсынуды қамтамасыз ету.
Қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Дәстүрлі арналар (телефондар, факстар, ұтымды аппараттар, Сервис-бюро, Call-орталықтар және т.б.) бойынша да, Парасаттық желі негізінде де телекоммуникациялар қызмет көрсетулеріне қатынау мүмкіндіктерін арттыру. Абоненттермен өзара әрекет жасаудың интерактивтік түрлерін енгізу (Интернет арқылы клиенттерге қашықтан қызмет көрсету, оның ішінде ұжымдық қатынау орындары, Интернет-кафе, аударымдық төлем түрлері, CRM-шешімдер және т.б. арқылы).
Сапа. Технологиялық пайдаланудың, тұтынушыларға қызмет етудің әлемдік стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатымен сапа менеджментінің ISO 9001:2000 жүйесін енгізу.
Акционерлік қоғамдағы қаржылық талдаудың негізгі мақсаты кәсіпорындардың табысы мен шығынының, активтер мен пассивтердің құрылымындағы өзгерістерді, дебиторлар мен кредиторлармен есептесудің нақты бейнесін сипаттайтын, ( едәуір ақпаратты) негізгі кіші параметрлі санды алу болып табылады, бұнымен бірге, аналитик пен басқарушы (менеджер) кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайы, оның болашағы мен күтілетін қаржылық нәтижеге мүдделері бар.
Қаржылық нәтиже – табыс
1)
кәсіпорын қызметінің соңғы
2) табыс кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік даму шығындарын қаржылауының негізгі көзі болып табылады, ал бюджетке табыстан- мемлекеттік бюджеттің табыстың маңызды элементі болып табылады. Кәсіпорынның табысы тек қаржылық қажеттікті ғана емес, тұтынудың қоғамдық қорларын, ғылымның дамуын, денсаулық сақтау, білім беру, елді қорғауды қамтамасыз ету қажет. Алдын ала бекітілген мөлшерлеме арқылы табысының бір бөлігін мемлекетке бөледі, осыдан кәсіпорынның қаржылық қарым-қатынасы пайда болады;
1) бюджетпен;
2)құрылтайшылармен.
Өндірістік- шаруашылық қызметтің нәтижесінде кәсіпорын іске жаратылмайтын табыс алып, шығынданады. Оларға, өнімнің өзіндік құнына жатпайтын әрекет ету арқылы түрлі шығынға апатаратын қызметтер, тұрмыстық- коммуналдық шаруашылықты қолдану, уақыттың өтуіне байланысты қарызды шығынға жазу, апат шығындары және т.б. жатады.
Осындай келеңсіз әрекеттерді болдырмау үшін, жоғарыда атап өткендей кәсіпорынның қыржылық жағдайын талдап отыру қажет.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есебі оның қаржылық – шаруашылық іскерлік көзі негізінде іске асырады. Бухгалтерлік есептің жан-жақты және түбегейлі оқылуы қол жеткен сәттіліктер көзін ашады, сонымен қатар кәсіпорын жұмысының қиыншылықтарын, оның іскерлік жолына түсуге көмектеседі. Есептің мұндай талдауы жеке меншігіндегі және акционерлерге, сонымен қатар кәсіпорын басшылығына керекті қаржылық-шаруашылық істерді бағалауға қажет. Ережеге сәйкес, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын мәлімдейді. Шаруашылықтың иелігінде орналасқан баланстың активі кәсіпорынның мүліктік жағына, материалдық бағалымдардың құрамы мен жағдайына мінездеме береді.
Өз кезегінде баланстың пассиві осы бағалымдардың құрамы және жағдайының құқықтарын мінездейді, ал кәсіпорын іскерлігіндегі әртүрлі қатысушылар арқасында пайда болатын процесс: жеке іс-шара қолданушылар, бизнесмендер, акционерлер, үкіметтің, инвесторлардың, банктер және т.б.
Баланс активіне баптар қосылған, олар функционалдық құрылым бойынша шаруашылық айналым элементтерін анықтайды.Біздің қарастырып отырған зерттеу объектіміз - «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы филиалының негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін төмендегідей сипаттауға болады.
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы филиалының 2010 жылғы қызмет көрсетуден түскен табысы 107 785 427 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 108 %-ға өсті. Оперциялық пайда 2009 жылға қарағанда 102 %-ға өсті. Таза пайда 2010 жылы 31 999 390 теңгені құрады. Жоспар бойынша 29 394 756 теңгені құраған болатын, яғни ол жоспарға қарағанда 109 %-ға өсті. Ал 2009 жылмен салыстырғанда таза пайда 97 %-ға кеміді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ең маңызды критерийлерінің бірі оның төлеу қабілеттілігі болып табылады, ол кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді міндеттері бойынша төлеу қабілеттілігі деп түсіну қабылданған. Демек, активі көп, сыртқы міндеті аз кәсіпорын төлеуге қабілетті болып саналады.
Ағымдағы
өтімділік коэффициенті – кәсіпорынның
ағымдағы жағдайын сипаттайды. Ол өз міндеттемелері
мен күтілетін шығындарды жабу үшін
актив жеткіліктігін айтады.
Кесте 2
«Қазақтелеком» АҚ филиалының 2009-2010 ж. негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері
| 2009 жыл | 2010 жыл жоспар бойынша | 2010
жыл нақты | |
| Қызмет
көрсетуден түскен табыс Операциялық пайда Операциялық пайданың өтімділігі (сатудан түскен %) Таза пайда Таза пайда өтімділігі (сатудан түскен %) Ағымдағы өтімділік коэффициенті Мерзімді өтімділік коэффициенті Жалпы қаржылық қарыздың меншікті капиталдың баланстық құнына қатынас коэффициенті Жалпы қаржылық қарыздың меншікті капиталдың нарықтық құнына қатынас коэффициенті Салынған капиталдан пайда (ROACE=NOPAT/ACE) Меншікті капиталдан пайда (ROE=Net Income/AEC) Капиталдың орташа құны (WACC) Экономикалық қосылған құн (EVA=(ROACE-WACC)*ACE) |
99 558 265 25 995 268 26,1 32 846 214 33,0 1,30 1,03 0,33 0,25 26,93 33,28 11,10 20 128 731 |
100 019 165 22 286 697 22,3 29 394 756 29,4 ≥1,0 ≥0,6 ≤1,0 ≤1,0 20,40 11,10 13 795 663 |
107 785 427 26 419 049 24,5 31 999 390 29,7 0,79 0,67 0,40 0,10 20,66 29,41 11,23 15 711 732 |
| Тиімділік
көрсеткіштері
Дәстүрлі телефония (мың теңге) 1 ТАС есептегендегі табыс (операторлық сегментті есептемегенде) Еңбек өнімділігі (ТАС/1 жұмысшы) Абоненттік линияға (MOU) минут көлемі, мың мин. 1 жұмысшыға келетін таза пайда |
69 384 551 27 081 78 630 1 007 491 |
73 857 532 27 144 89 630 912 314 |
78 770 024 28 492 89 675 1 026 345 |
Дерек
көзі: www.telecom.kz
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттері бойынша төлеу қабілеттілігі өтімділік деп аталады. Басқа сөзбен айтқанда, егер кәсіпорын өзінің қысқа мерзімді міндеттерін орындауға жағдайы болса өтімді болып саналады, ағымдағы активтерін жүзеге асырады. Аналитикалық жұмыстың тәжірибесінде өтімділік көрсеткіштердің толық жүйесін қолданады. Олардың ең маңыздысын қарастырайық.
Кәсіпорынның өтімділігі – бұл төлеу мерзімі кез келген барлық қажетті төлемдерді жабу үшін өз активтерін ақшаға айналдыру қабілеті. Өтімділік дәрежесі активтерді ақшаға айналдыру мерзімінің уақытша ұзақтығы кезеңімен анықталады. Кезең неғұрлым қысқа болса, аталған активтердің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. «Қазақтелеком» АҚ-ның ағымдағы өтімділік коэффициенті 2009 жылы 1,30 болса, 2010 жылы ол 0,79 болды. Ол ағымдағы активтердің қаншалықты қысқа мерзімде ағымдағы міндеттемелерді жаба алатындығын айқындауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның төлемқабілеттілігінің мүмкіндігін көрсетеді. Аталған кәсіпорынды төлеуге қабілетті деп санауға болады.
Бір
телефон аппаратынан түсетін
табыс 2009 жылы 27 081 мың теңгені құрады. Ал
2010 жылы 52 %-ға өсті, яғни 28 492 мың теңге болды.
Кесте 3
«Қазақтелеком»
Акционерлік қоғамы филиалының 2009-2010
жылдардағы рентабельділік көрсеткіштері
| Көрсеткіш атауы | Есептеу әдісі | Жылдар | Өзгеріс
мәні
(+), (-) | |
| 2009 |
2010 | |||
| 1. Өнім рентабельділігі | (Таза табыс/өткізуден табыс)*100 | 40,28 | 45,06 | +4,78 |
| 2.Жалпы рентабельділік | (салық салудан
бұрын қарапайым қызметтен |
44,56 | 43,27 | -1,29 |
| 3.Меншікті капитал рентабельділігі | (таза табыс/меншікті капитал)*100 | 53,37 | 59,74 | +6,37 |
| 4.Экономикалық рентабельділік | (таза табыс/баланс)*100 | 32,79 | 38,17 | +5,38 |
| 5.Қор рентабельділігі | (таза табыс/ұзақ мерзімді активтер)*100 | 37,1 | 41,92 | +4,82 |
| 6.Негізгі қызмет рентабельділігі | (негізгі қызметтен
табы/өткізілген өнімнің |
93,79 | 91,11 | -2,68 |
Дерек көзі: www.telecom.kz
«Қазақтелеком» АҚ филиалының рентабельділігін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу келесі тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді. Сонымен, таза табыс бойынша өнім рентабельділігін есептегенде, есеп беру кезеңінде әр бірлік бойынша өткізілген қызмет үшін 11,9% таза табыстың өсуі анықталды. Алайда, жалпы рентабельділік 2,9%-ға төмендеген.
Меншікті капитал рентабельділігін есептеу 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы «Қазақтелеком» АҚ иелері салған әр ақшалай бірлік таза табысты 12%-ға көбірек тапқан.
Экономикалық рентабельділікті есептеу кезінде келесі анықталды: 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы кәсіпорынға қаражаттарды табу кезіне тәуелсіз табыстың 1 ақшалай бірлігін алу үшін ақшалай қаражаттар 16,4%-ға көбірек қажет. Қор рентабельділігін есептеу кезінде анықталатын негізгі құралдар мен басқа да ұзақ мерзімді активтерді пайдалану тиімділігі 13%-ға өсті.
Негізгі қызмет рентабельділігін есептеу өткізуден табыстың төмендеуін көрсетті, 1 теңге шығысқа келетін 2009 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға төмен. Өткізілген талдау негізінде кәсіпорын қызметінің жағымды және жағымсыз жақтарын көрсетуге болады.
«Қазақтелеком» АҚ филиалының қызметінің жағымды жақтары келесілер болып табылады:
- жұмыс тәжірибесі үлкен мамандардың жоғары дәрежелілігі;
- негізгі өнімді өндіру және өткізу процесінің ұйымдастырылғандығы;
- өндірілетін өнімнің жоғары сапасы;
- кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметін әрқашан жетілдіру.
Кәсіпорын қызметінің жағымсыз жағы:
- ұзақ мерзімді активтердің жоғары үдемелі салмағы және оның сомасының өсуі кәсіпорынның меншік қаражаттарын ағымдағы активтерге емес, айналымнан тыс активтерге салатынын куәландырады.
2.2
Кәсіпорынның қаржы
активтерінің табыстылығын
талдау және бағалау
Жалпы төлемқабілетсіздік жағдайы және барлық кәсіпорындардың кәсіпорынроттық іс әрекеттері және нақты қаржылық жағдайды бағалау қазіргі кезде маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.
Кәсіпорын өтімділігін талдауға көшуден бұрын, актив, баланс, кәсіпорын өтімділігі не екенін анықтау қажет. Өтімділіктің екі концепциясы белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік – бұл кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік. Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын уақыт ішінде төлемқабілеттілігі және төлемқабілетсіздігі туралы куәландырады және келесі формуламен есептелінеді:
ТЛ = ( А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ), (2.1)
мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары.
Перспективалық өтімділік – бұл болашақтағы түсімдер мен төлемдер негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:
ПЛ = А3
– П3,
мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив бойынша сәйкес топтардың қорытындылары[10].
Активтер
пайдалылығын талдау 3- кестеде көрсетілген.
Абсолютті өтімділік
ТЛ2009 = ( 9841 + 151381 ) – ( 9181120 + 0 ) = - 756898 мың теңге
ТЛ2010 = ( 1861 + 142034 ) – ( 904030 + 0 ) = - 760135 мың теңге
ПЛ2009 = 119729 – 0 = 119729 мың теңге
ПЛ2010
= 82793 – 0 = 82793 мың теңге
Кесте 4
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы филиалының 2009-2010 жылғы активтер пайдалылығын талдау
|
Активтер |
2009ж. |
2010ж |
Міндеттемелер |
2009ж. |
2010ж. |
Төлемдік артықшылық (+), жеткіліксіздік (-) | |
| 2009ж. | 2010ж. | ||||||
| Ең өтімді активтер, А1 | 9841 | 1861 | Жедел міндет-темелер, П1 | 918120 | 904030 | -908279 | -894169 |
| Тез
өтімді активтер,
A2 |
151381 | 142034 | Қысқа мерзім-ді міндетте-мелер, П2 | 0 | 0 | +151381 | +142034 |
| Баяу өтім-ді актив-тер, A3 | 119729 | 82793 | Ұзақ мерзімді міндетте-мелер, П3 | 0 | 0 | +119729 | +82793 |
| Қиын өтімді ак-тивтер, A4 | 2099281 | 2277002 | Тұрақты міндет-темелер, П4 | 1462112 | 1599660 | +637169 | +677342 |
| БАЛАНС | 2380232 | 2503690 | БАЛАНС | 2380232 | 2503690 | - | - |
Дерек
көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық
есебі 2009-2010 ж.
Есептеу нәтижелері кәсіпорынның есеп беру кезеңінің соңына активтер мен міндеттемелер бойынша топтар нәтижелерін сәйкестендіру келесі нәтижелерді көрсетті: А1 < П1, А2 > П2, А3 > П3, А4 < П4. Осыған байланысты баланс өтімділігін жеткілікті деп атауға болады. 2009 жыл мен 2010 жылы ағымдағы өтімділік көрсеткіштері төлемділік жеткіліксіздігін көрсетті, яғни қарастырылып отырған кезеңге жақын уақытта кәсіпорын өз міндеттемелерін төлеуде қиындыққа шалдығады.
Бірақ, перспективалық өтімділік көрсеткішінің өсімі болжамды төлемқабілеттілігінің артуын куәландырады, яғни болашақ ақшалай түсімдерге қарағанда кәсіпорын қаржылық қиындықтарға ұшырамайды.
Нәтижесінде
есеп беру кезеңнің соңында кәсіпорын
жеделдігі жоғарылау
Қаржылық
жағдайды талдаудың басты міндеті
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын
көрсеткіштерді зерттеу болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ең
маңызды критерийлерінің бірі
оның төлемқабілеттілігі болып
табылады, ол кәсіпорынның өзінің ұзақ
мерзімді міндеттері бойынша төлеу
қабілеттілігі деп түсіну қабылданған.
Демек, активі көп, сыртқы міндеті аз кәсіпорын
төлеуге қабілетті болып саналады.
Кесте 5
«Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы филиалының 2009-2010 жылдардағы қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері
(мың теңге)
| Көрсеткіш атауы | Жылдар | 2010ж. 2009 жылмен
салыстырғанда абсолюттік | |
| 2009 | 2010 | ||
| 1. Меншікті капитал | 1462112 | 1599660 | +137548 |
| 2. Ұзақ мерзімді активтер | 2103175 | 2279897 | +176722 |
| 3.Меншікті айналым қаражаттары | 641063 | 680237 | +39174 |
| 4.Ұзақ мерзімді міндеттемелер | 0 | 0 | - |
| 5. Запастар
мен шығыстарды құру үшін |
641063 | 680237 | +39174 |
| 6. Қысқа мерзімді міндеттемелер | 918120 | 904030 | -14090 |
| 7. Ағымдағы активтер | 277057 | 223793 | -53264 |
| 8.Запастар мен шығыстар көлемі | 115835 | 79898 | -35937 |
| 9. Запастар
мен шығыстардың құрылуы үшін
меншікті айналым |
756898 | 760135 | +3237 |
| 10. Запастар мен шығыстардың құрылуы үшін негізгі құралдардың артықшылығы (жеткіліксіздігі) | 161222 | 143895 | -17327 |
Дерек
көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық
есебі. 2009-2010 ж.
«Қазақтелеком» Акционерлік Қоғамы филиалының қаржылық тұрақтылығын жалпы бағалау 4 кестеде көрсетілген. Есептеу мәліметтері көрсеткендей кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты емес екендігі байқалады. Бұл қорытынды келесілер негізінде жасалады:
- запастар мен шығыстар өзіндік айналым қаражаттарымен өтелмейді;
- кәсіпорын қаржылық жағдайынынң тұрақсыздығын ұстап тұрған басты себеп – запастар мен шығыстар өсімінен құрылу көздері өсімінің төмендеуі, пайда болу көздерінің жалпы көлемі 19,22%-ға төмендесе, запастар мен шығыстар құны 31,02% төмендеді.
Сурет 4. Кәсіпорын активтерінің құрамы мен құрылымының өсу қарқыны
Дерек
көзі: «Қазақтелеком» филиалының қаржылық
есебі. 2009-2010 ж.
Сурет
пен кестеден байқап отрығанымыздай,
меншікті капиталдаң бірлігі 2009 жылға
қарағанда 137548 мың теңгеге жоғарылаған.
Қысқа мерзімді міндеттемелер
төмендеген, бұл жалпы кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын білдіреді.
Кесте 6
«Қазақтелеком»
Акционерлік Қоғамы филиалының 2009-2010
жылдардағы дебиторлық қарызын талдау
| Бап атауы | 2009ж | 2010ж | Ауытқу (+,-) | ||
| Сома,
мың тг |
Үлес салмақ,% | Сома, мың тг | Үлес салмақ,% | ||
| Алынуға тиісті шоттар | 138051 | 91,19 | 132342 | 93,18 | -5709 |
| Басқа дебиторлық қарыз | 13330 | 8,81 | 9692 | 6,82 | -3638 |
| Барлығы | 151381 | 100 | 142034 | 100 | -9347 |

- Тәуекел және оның экономикалық салдары
- Тәуекел және табыстылық теориясы
- Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
- Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
- Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды
- Тәуелсіздігімізге жету үшін болған оқиғалар
- Тәуелсіздік
- Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама
- «Тәрбие процесі» ұғымының анықтамасы
- Тәрбие сағаты
- Тәрбие-тал бесіктен басталады
- Тәрбие теориясы
- Тәрбие технологиясы
- Тәуекелдерді басқару