Тәуекелдерді басқару
Тәуекелдерді басқару
Банкте тәуекелдерді басқару Тәуекелдерді басқару саясаты мен Тәуекел-менеджмент басқармасы туралы ережені басшылыққа алатын тәуекел-менеджмент бөлімшесіне жүктелген.
Қаржылық тәуекелдер – экономикалық ортаның дүдәмал жағдайында сыртқы әрі ішкі даму факторларының ықпалындағы Банк қызметі нәтижесінде келешекте шығынның туындауына, табыс алмауға, қосымша табысты толық алмауға немесе алуға апарып соқтыруы мүмкін оқиғалардың орын алу ықтималдылығы.
Қаржылық тәуекелдерді басқару мақсатында тәуекел-менеджмент бөлімшесі тәуекелдерді басқару саясатын, Банк активтері мен пассивтерін басқару саясатын басшылыққа алады.
Кредиттік тәуекел – заемдық және басқа операциялар жүргізу кезінде клиенттің қабылдаған ақшалай міндеттемелерін орындауы бойынша шарттың (келісім-шарттың) бастапқы талаптарын бұзуы салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі.
Кредиттік тәуекел түрлері:
Заемшы тәуекелі – заемшының банктік заем шарты бойынша міндеттемелерін орындамау тәуекелі.
Заемшы тәуекелі 3 шағын тәуекелді қамтиды:
1. Есеп айырысу жүзеге асырылғанға дейінгі тәуекел – заемшының міндеттемелерін есеп айырысуы әлі жүзеге асырылмаған мәміленің қолданылу мерзімі ішінде орындаудан бас тартуынан шығынның болу мүмкіндігі.
2. Есеп айырысу тәуекелі – мәміле бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру сәтінде ақшаны толық алмау мүмкіндігі (ақшаның жеткіліксіздігі, жүйедегі операциялық істен шығулар және т.б. салдарынан).
3. Мәмілені аяқтау тәуекелі – заемшының міндеттемелерін мерзімінде орындамау не кешіктіріп орындау тәуекелі.
Қамтамасыз ету тәуекелі – тұрғын үй (аралық) заемының қамтамасыз етуінің нарықтық құнының төмендеуіне, кепілгердің және/немесе сақтандырушылардың және т.б. міндеттемелерін орындауының мүмкін болмауына байланысты шығын тәуекелі.
Несиелік қоржын тәуекелі – аймақтар, заемшылар және т.б. арасында қаражатты теңгерімделмеген бөлу тәуекелі.
Банктің кредиттік тәуекелдерін төмендету мақсатында кредиттік қызметті ұйымдастырушылық қамтамасыз ету, кредит беру шектерін белгілеу, кредиттік ұсынысты бағалау және заемшының кредиттік қабілетін сараптау, кредиттерді кредиттік тәуекел деңгейіне орай реттеу және белгіленген шектермен салыстыру, кредиттік шешімдер қабылдау кезіндегі өкілеттіктерді бөлу: авторизация, кредиттерге мониторинг жүргізу, несиелік қоржынды басқару және проблемалы кредиттерді қалпына келтіру жүзеге асырылады.
Кепілзаттық қамтамасыз етуге қатысты қамтамасыз етудің сапасы мен жеткіліктілігіне қатаң әртараптандырылған тәсіл қолданылады. Кепілзаттық қамтамасыз етудің жағдайы мен нарықтық құнын растауға мониторинг жүргізу тұрақты түрде жүзеге асырылады, бұл үшін жылжымайтын мүлік нарықтарының тенденцияларын бағалық сараптау, кепілзаттық қоржын құрылымын бағалау және мерзімі өткен заемдар бойынша кепілзаттарды нақтылау жүргізіледі.
Нарықтық тәукел – нарықтық өлшемдердің (валюта бағамы, сыйақы мөлшерлемесі, қаржылық құралдар құны және т.б.) қолайсыз өзгеруіне байланысты шығын мүмкіндігін білдіреді. Нарықтық тәуекел жекелеген құралдар мен/немесе эмитенттер және заемшылар бойынша шығын ықтималдылығына байланысты сыртқы ортаның өзгеруіне Банк табысының тәуелділігін анықтайды.
Нарықтық тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты – Банк табысының қолайлы деңгейі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ Банктің қаржылық жағдайының нашарлауына да, пайдасының төмендеуіне де ықпал ететін сыртқы әрі ішкі факторларды төмендету.
Нарықтық тәуекелдерді бағалау және мониторинг жүргізу VaR әдістемесі арқылы тұтас қоржын және жеке құрал кесігінде жасалады. Нарықтық тәуекелдер салдарынан шығын мүмкіндігіне қарсы резервке қойылатын экономикалық капитал көлемі есептеледі. VaR көрсеткішін бағалау үшін тарихи модельдеу әдісі қолданылады.
Нарықтық тәуекел түрлері:
Пайыздық тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруі салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі, төмендегілерді қамтиды:
1. банктің орналастырылған активтері мен тартылған міндеттемелерінің (тіркелген сыйақы мөлшелемелері кезінде) қайтару және өтеу мерзімдерінің сәйкес болмауынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі;
2. банктің бір жағынан банк активтері екінші жағынан міндеттемелері бойынша алуан сыйақы түрлерін (сырғымалы не тіркелген) қолдануы салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі;
3. басқа бірдей жағдайларда бағалық сипаттамалары ұқсас бірқатар құралдар бойынша алынатын және төленетін сыйақыны есептеу мен түзетудің түрлі әдістерін қолдануға байланысты базистік тәуекел.
Пайыздық мөлшерлемелердің өзгеру тәуекелін бағалау үшін өтеу, орындау мерзімдерінің сәйкес келмеуін немесе пайыздық активтер мен пассивтерді қайта бағалауды сараптауға негізделген жедел пайыздық құрылымның үзілуін сараптау (GAP-сараптау) қолданылады.
Валюталық тәуекел – банк қызметін жүзеге асыру кезінде шетелдік валюталар бағамының өзгеруіне байланысты шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі. Шығыс (шығын) қаупі валюталар бойынша банк позицияларын құндық мәнде қайта бағалаудан туындайды.
Баға тәуекелі – қаржылық құралдардың нарықтық құнына ықпал ететін қаржылық нарықтардағы жағдаяттар өзгерген жағдайда туындайтын қаржылық құралдар қоржындарының құнының өзгеруі салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі.
Өтімділікті жоғалту тәуекелі
Өтімділік тәуекелі – Банктің міндеттемелерін орындамау не уақытылы орындамау мүмкіндігіне байланысты тәуекел. Өтімділікті жоғалту тәуекелін басқару кезінде Банктің ағымдағы өтімділігі бақыланады, сондай-ақ орналастырылған және тартылған ақшаның, сыйақы алуға (төлеуге) байланысты табыс пен шығыстың мерзімі салыстырылады.
Өтімділік тәуекелін басқару стратегиясы Банк қызметінің ауқымына мөлшерлес және:
1. бизнес-қызмет бағытын ескереді;
2. өтімділік қажеттілігін, сондай-ақ тек Банкке не бүкіл нарыққа тән болуы мүмкін өтімділік жеткіліксіздігі кезеңіндегі не екі жағдай да туындаған кезде өтімділік үшін салдарларды ескереді.
Өтімділікті тиімді басқаруды ұйымдастырудың мақсаты – өтімділікті жоғалту тәуекелін ертерек білу және Банк мүддесін міндетті түрде қатар сақтай отырып Банк тұрақтылығын, Банк клиенттерінің, корреспонденттерінің, қатысушылары мен серіктестерінің мүдделерін қорғай алатын уақытылы дұрыс шаралар қолдану арқылы алдын алу.
Өтімділікті басқару барысында Банк қаржылық нарықтағы жағдайға, Банктің қаржылық жағдайы мен өтімді позицияларына қарай өтімділікті басқару әдістерінің комбинациясын таңдайды.
Операциялық тәуекел
Операциялық тәуекел – ішкі үрдістерді жүзеге асыру барысында қызметкерлер тарапынан жіберілген қателер немесе кемшіліктер, ақпараттық жүйелер мен технологиялардың қызмет етуі нәтижесінде, сондай-ақ сыртқы оқиғалар салдарынан шығынның туындау тәуекелі.
Операциялық тәуекел түрлері:
1. жауапкершілік бөлу, есеп беру және басқару құрылымы кіретін Банктің дүдәмал, дұрыс емес ұйымдастырушылық құрылымына байланысты тәуекелдер;
2. стратегиялық басқару, ақпараттық технологиялар саласындағы дұрыс емес стратегиялардан, саясаттардан және/немесе стандарттардан, бағдарламалық қамсыздандыруды қолданудағы кемшіліктерден, Банк мақсаттарын іске асыруды дұрыс емес ресурстық қамсыздандырудан болған тәуекел, сондай-ақ Банктің қойылған міндеттерін сапасыз іске асыруға байланысты тәуекел;
3. дұрыс емес ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға байланысты тәуекел;
4. Банктің біліксіз штатына және/немесе қызметкерлер құрамын тиісінше басқармауға байланысты тәуекел;
5. бизнес-үрдістерді дұрыс емес құруға не ішкі ережелерді әлсіз бақылауға байланысты тәуекел;
6. банк операцияларына сыртқы ықпал етудің тосын немесе бақыланбайтын факторларынан болған тәуекел;
7. заңнаманың өзгеруіне байланысті тәуекел не Банк қызметін жүргізуге регламент белгілейтін ішкі құжаттарда/ережелерде кемшіліктер немесе қателер болуына байланысты тәуекел;
8. клиенттік базаның тарылуына, клиенттердің және контрагенттердің банкті теріс қабылдап, сенімсіздік көрсетуіне апарып соқтырған Банк басшылығының және қызметкерлер құрамының қате әрекеттеріне байланысты тәуекел.
Бедел тәуекелі
Бедел тәуекелі – қоғамдық теріс пікір немесе Банкке деген сенімнің төмендеуі салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі.
Құқықтық тәуекел
Құқықтық тәуекел – Банктің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не банк тәжірибесінің ішкі құжаттарына, ал Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға қатысты – басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес болмауы салдарынан шығыстың (шығынның) туындау тәуекелі.
Операциялық тәуекел – қызметкерлердің және ақпарат жүйелерінің немесе сыртқы оқиғалардың алшақ немесе қате іс-әрекеттері, ішкі үрдістері нәтижесінде шығын туындау тәуекелі.
Операциялық тәуекелдерді басқару жүйесін іске асыру мақсатында Банкте операциялық тәуекелдерді бірегейлендіру, бағалау, өлшеу, мониторинг жүргізу, болдырмау/жұмсартуды қамтамасыз ететін тұрақты процедуралар жүргізіледі. Операциялық тәуекелді басқару үрдісін ұйымдастыру кезіндегі тәжірибеде Банк Қазақстан Республикасы заңнамасының, мемлекеттік уәкілетті органдардың нормативті құқықтық актілерінің талаптарына, сондай-ақ банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің құжаттарында баяндалған ұсынымдарға сәйкес ұстанымдарды басшылыққа алады.
Банкте шығындар туралы аналитикалық деректер базасы бір орталықтан жүргізілетін Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері мен филиалдардың операциялық шығындардың анықталған жағдайлары туралы мәліметтер беру және жинау жүйесі жұмыс істейді. Бір ізге келтірілген сипат пен деректер базасындағы ақпаратты нақтылау:
операциялық тәуекел көрсеткіштеріне сандық бағалау жүргізу мүмкіндігін (оның ішінде Банк қызметінің жекелеген тәуекел санаттары мен бағыттары кесігінде);
тәуекел көздерін бірегейлендіруді;
оны шектеу шараларын қабылдауды;
басқарушылық есептілік жасауды қамтамасыз етеді.
Операциялық тәуекелді минималдандыру мақсатында Банкте қолданылатын негізгі шаралар:
Банктің сайма-сай ұйымдастырушылық құрылымын, ішкі нормативтік құжаттарды, операциялық тәуекелдің мүмкін факторларын минималдандыру мақсатында банктік операциялар мен мәмілелер жасау процедураларын әзірлеу;
жүргізілетін банктік операциялар және басқа мәмілелер бойынша өкілеттік пен есептілікті бөлу принциптерін сақтау;
жүргізілетін банктік операциялар және басқа мәмілелер бойынша белгіленген шектердің сақталуын бақылау;
жүргізілетін банктік операциялар және басқа мәмілелер бойынша құжаттар мен шоттарды жүйелі түрде салыстыра отырып тексеру;
Банктің материалды активтеріне және ақпаратына рұқсаттың белгіленген тәртібін сақтау;
одан ары болдырмау үшін жүйелік қателерді сараптау;
қызметкерлерді сапалы іріктеу;
қызметкерлердің біліктілігін үнемі көтеріп отыру.
Банктік қызмет тәуекелі – Банктің операцияларын жүзеге асыруынан шығатын шығынның туындау тәуекелі. омплаенс – тәуекел – банктің Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Банктің ішкі ережелері мен процедураларының талаптарын сақтамауы салдарынан шығыс (шығын) туындау тәуекелі. БАНК СТРАТЕГИЯСЫ
Маркетингтік стратегия
Банктің негізгі міндеті – халықтың тиісті талаптарын ескере отырып, бәсекеге қабілетті өнімді ұсыну. Зерттеулер мен есептеулер негізінде біз өз клиенттерімізге талап етілген банктік қызметтерді әзірлеп, ұсынамыз және жаңа үлгідегі банктік технологияларды қолдана отырып, қызмет ету сапасын жақсартамыз. Стратегияны іске асыру аясында қызмет беру сапасын басқарып бақылайтын жүйе құрылды. Банк нарыққа өз қызметтерін өткізу арналарын бұдан әрі дамытып, өз өнімдерін ілгері бастыруға бар күшін салуға ниетті.
Қызмет аумағын ұлғайту
Банктің аймақтық саясатына сәйкес Қазақстанның барлық облыс орталықтарында өз филиалдары бар. Еліміздің барлық халқына қызмет көрсету мүмкіндігін ұлғайтуда нысанаға алынған кезектегі дамуы: әрбір қалада халыққа қызмет көрсететін, сондай-ақ, Банк клиенттеріне мол ақпараттар мен кеңес беретін орталықтар ашу.
Операциялық стратегия
Банк бизнес-үрдіс шығындарын барынша азайтып, Банктің басқару сапасын жақсартатын тиімділігі өте жоғарғы ұйымдастырушылық құрылымдармен қатар клиенттерге қызмет етудің толық циклін қамтамасыз ететін корпоративтік бизнес жүйесін құру бағытында жұмыстар атқаруда. Банктің бұдан әрі дамуы бизнес үрдісті оңтайландыру және сапалы жетілдіру арқылы Банк қызметтерінің тиімділігін көтеруге бағытталды. Алға қойған стратегиялық міндеттемелеріне жету үшін банктің жүйелі инновациялық, ақпараттық дамуы, банк тәуекелдерін бағалау жөніндегі қызметтердің дамуы, клиенттермен жұмыс жүргізу, маркетинг және жарнама, банк активтері мен міндеттемелерін басқару, банктің кадрлық саясаты, ішкі аудит жүйесі және аймақтық дамуы болжанады.
Қаржылық стратегия
Біз Қазақстанның ең сенімді банктерінің бірінің атағын иеленуді ниет қылдық, сол себепті ерекше назарымыз Банк қызметтерінің ақпараттық ашықтығына және қаржылық мөлдірлігене бөлінеді. Біздің бұдан әрі дамуымыз Банкің тұрақты қаржылық жағдайға жетуіне және нарықтық құнының өсуіне бағытталады.
Инновациялық даму стратегиясы
Ерекше назарымыз бизнес-үрдістерді автоматтандыруға алып келетін, Банктің ақпараттық технологиясын дамытуға бөлінді, және нәтижесінде ұсынылатын қызметтердің құнын және сапасын оңтайландыру құрметіне Банктік бәсекеге қабілеттілігі артады. Ақпараттық инфрақұрылымды дамытудың мақсаты – Банкке жүктелген қызметтерді жақсарту және тапсырмалардың тиімді орындалуын қамтамасыз ету.
Кадрлық саясат
Қызметкерлерді басқару саласындағы Банктің негізгі міндеті – Банкті алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді тәжірибелі орындайтын жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Стратегияны іске асыруда Банктің барлық бөлімшелері үшін тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін анықтау, Банк алдында тұрған стратегиялық міндеттерге сәйкес кадрларды іріктеу, оқыту, аттестациялау және орналастыру, сондай-ақ, қызметкерлерді бағалау және ынталандыру жүйесін құру секілді мәселелер шешуді өзіне алады. Барлық қызметкерлер үшін бірыңғай корпаративтік құндылықтарды қалыптастыруға үлкен мән беріледі. Корпаративтік мәдениетті дамыту, командалық рухты тәрбиелеу, алға қойылған мақсаттарға жеткізуге талпынатын пікірлес ұжымды қалыптастыру қойылған міндеттерді жүзеге асырудағы маңызды кезең болып табылады.
Тарих
Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі – Қазақстандағы халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту іс-шараларына кредит берудің сапалы жаңа жүйесі. Қазақстан – бірінші кезекте табысы орташа және орташадан төмен халыққа арналған осы жүйенің ұстанымдары мен талаптарын іске асыру басталған ТМД аумағындағы бірінші ел.
2000
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңы Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін енгізудің негізін қалады.
2003
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі №364 қаулысының негізінде тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру мен тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін дамыту тиімділігін көтеру және жетілдіру мақсатында жарғылық капиталына мемлекет 100% қатысқан «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы құрылды.
Банктің Құрылтайшысы және Акционері – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі.
Банк алғаш рет «Қазпошта» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасады.
2004
19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа» атты жолдауында мемлекеттің тұрғын үй құрылысы саласындағы жаңа саясаты баяндалды, оған сәйкес халықтың басым бөлігіне баспана қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысының мәселелерін кешенді шешу үшін Президент 2004 жылғы 11 маусымда №1388 «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарғы шығарды.
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 маусымдағы №715 қаулысымен 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.
2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-III ҚР заңы арқылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізілді, оған сәйкес салық салынатын табыстан шегерілімдерге ҚР резиденті – жеке тұлғалар тұрғын үй құрылыс жинақ банктерінен ҚР аумағында тұрғын үй салу немесе сатып алуға, жөндеуге алған тұрғын үй заемдары бойынша сыйақыны өтеуге бағытталған сома жатқызылды.
Аймақтық құрылымды дамыту: 3 филиал, 4 өкілдік, 1 ЕКБ.
2005
Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы аралық тұрғын үй заемын беру.
Сәуірде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» заңына мемлекет сыйлықақысымен ынталандырылатын тұрғын үй құрылыс жинақтарының сомасын 60-тан 200 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту туралы өзгеріс енгізілді.
Жаңа «25/75 (мемлекеттік)», «25/75», «50/50 А, «50/50 Б», «50/50 В» тарифтік бағдарламаларын енгізу.
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Банктің алғашқы заемын беру.
Қазанда Банк «Экспожылжымайтын мүлік» көрмесі аясында «Жылжымайтын мүлік нарығында жаңашыл идеяларды көтергені үшін» номинациясымен марапатталды.
Банктің №254 банктік және банктер жүзеге асыратын басқа да операцияларды ұлттық әрі шетелдік валютада жүргізуге арналған және клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметпен айналысуға арналған лицензияларды алуы.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның «В», «К» және «Р» санаттары бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ мүшелігіне қабылдануы.
«Қазақстан халық банкі» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісім жасау.
Аймақтық құрылымды дамыту: 11 филиал, 2 ЕКБ.
2006
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ алғаш рет Банктің шығынсыз қызметі көрсеткішіне қол жеткізді.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ мен «Қазпошта» АҚ арасындағы қосымша Агенттік келісімге қол қою. Келісім аясында «Қазпошта» АҚ пошталық байланыстың облыстық филиалдары мен аудандық тораптарында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ атынан шарттар жасау бойынша агенттік қызметтер көрсетеді.
Банк жаңа «Жеңiл» кредит беру бағдарламасын енгізді.
Банк клиенттеріне тарифтік бағдарламалар бойынша алғашқы негізгі тұрғын үй заемын беру.
Аймақтық құрылымды дамыту: 15 филиал.
2007
2005-2007 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Банктің алғашқы негізгі тұрғын үй заемын беру.
Қазақстан Республикасының Қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің Банкке қаржылық агенттік мәртебесін беруі, ол Банкке мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға қатысу құқығын береді.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қазақстандық банктерден бірінші болып ISO 9001:2000 сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификатын алуы.
«ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертурлер мен толықтырулардың енгізілуі, олардың аясында:
- «25/75» жинақ схемасының күші жойылды;
- тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушыларға алдын ала заем алу мүмкіндігі берілді.
«ҚР-дағы тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы» ҚР заңына өзгертулердің күшіне енуіне сәйкес жаңа «Бастау», «Өркен», «Кемел», «Болашақ» тарифтік бағдарламаларын енгізу.
«Қазақстан ипотекалық кредиттерді кепілдендіру қоры» АҚ-мен Бас келісімді қайта жасау.
Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы операторларының бірі болып белгіленуі.
«Цесна Банк» АҚ-мен агенттік қызметтер көрсету туралы шарттың жасалуы.
Банктің жаңа қызмет – алдын ала тұрғын үй заемын енгізуі.
Банктің тарифтік бағдарламалары бойынша алғашқы алдын ала тұрғын үй заемын беру.
Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банкке ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Baа2» ұзақ мерзімді рейтингін, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша «Prime-2» қысқа мерзімді рейтингін, Банктің қаржылық тұрақтылығының (BFSR) Е+ рейтингін беруі. Барлық рейтингілер бойынша болжам – «тұрақты».
Аймақтық құрылымды дамыту: 16 филиал.
2008
2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы аясында алғашқы заемды беру.
Moody’s халықаралық рейтинг агенттігінің Банк рейтингілерін растауы.
Аймақтық құрылымды дамыту: 17 филиал.
2009
2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басталуы.
Банк клиенттерінің заемдарын қайта құрылымдау бағдарламасын іске қосу.
Moody’s рейтинг агенттігінің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша Банктің кредит рейтингін Baa3/P-3 деңгейінде растауы.
20 тамыздан бастап Банктің жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.
«Русский регистр» сертификаттау қауымдастығының Банктегі Сапа менеджменті жүйесін қолдаудың ISO 9001:2008 халықаралық стандартына сәйкес әрекет етуі мен дамуын растауы.
Банктің Теңестірілген көрсеткіштер жүйесін енгізуді бастауы.
Аймақтық құрылымды дамыту: 18 филиал.
2010
Жыл ішінде:
- Банктің 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасын (2008-2010 МБ) іске асыруға қатысуы;
- Банктің 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы-көш» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға қатысуы;
- Банктің 2010-2014 жылдарға арналған ҚР құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысуы;
- Банктің «Самұрық-Қазына» ЖҚ» АҚ-ның жалдамалы тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға қатысуы;
- Банктің тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу және іске асыру бойынша жеке салушылармен ынтымақтастығы.
Банктің 2008-2010 МБ іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен кредиттік шартқа қол қоюы.
Сапа менеджменті жүйесі сертификатының ISO 9001:2008 стандартына сәйкес болуын растау.
Moody’s рейтинг агенттігінің Банктің ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді рейтингілерін Ba1/ Not prime деңгейінде белгілеуі.
Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – Жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен ниеттер туралы келісімдерге қол қоюдың басталуы.
Банк клиенттері үшін кредит беру талаптарын жақсарту.
Банктің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру.
Алматы қаласында Банктің Қызмет көрсету орталықтарын ашу.
Банктегі тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін (KPI) әзірлеу мен енгізу жұмысының басталуы.
ТҚЖ қатысушыларының 200 мың адамдық санына қол жеткізу.
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ заемшыларына берілген заемдарды қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар жоспарының қолданылу мерзімін ұзарту.
2010-2014 жылдарға арналған ҚР-дағы құрылыс индустриясын және құрылыс материалдарын жасауды дамыту бағдарламасын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдармен және Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою.
100 млрд. теңге Банк активтеріне қол жеткізу.
Аймақтық құрылымды дамыту: Қазақстан бойынша 18 филиал және Алматы қаласында 3 Қызмет көрсету орталығы.
2011
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы №295 қаулысын орындау үшін Банк акцияларының топтамасын иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беру.
2011 жылғы 13 сәуірден бастап Банктің жалғыз акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.
ҚР Президентінің 2011 жылғы 10 тамыздағы №136 Жарғысын орындау үшін ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 23 қазандағы №1224 қаулысына сай Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігіне заңнамада белгіленген тәртіппен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ акцияларының топтамасын иелену және пайдалану құқығы берілді.
2011 жылғы 23 қарашадан бастап Банктің жалғыз акционері – ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі агенттігі.

- Тәуекелді басқару саясатын анықтаудағы кәсіпорынның қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін талдау
- Тәуекел және оның экономикалық салдары
- Тәуекел және табыстылық теориясы
- Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
- Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері
- Тәуелсiздiк алғаннан кейiн (1991) Қазақстанда экономиканы реформалаудың бiрнеше тәсiлi қолданылды
- Тәуелсіздігімізге жету үшін болған оқиғалар
- Тәрбиенің әдістері, құралдары
- Тәрбиенің негізгі формаларына сипаттама
- «Тәрбие процесі» ұғымының анықтамасы
- Тәрбие сағаты
- Тәрбие-тал бесіктен басталады
- Тәрбие теориясы
- Тәрбие технологиясы