«Тәрбие процесі» ұғымының анықтамасы

1. «Тәрбие процесі»  ұғымының анықтамасы 

Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпалы мен тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.

Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс - әрекеті, тәрбиеші, оның тәэрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.

Тәрбие процесі  көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін - өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.

Тәрбие процесі – де мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті – бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындагы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі – тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупі туады. 

 

Тәрбие процесінің мәні  және заңдылықтары 

 

Тәрбиенің мақсатқа бағытталған ықпалын қиындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.

Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқының ішкі жағдайдың игілігіне айналатын адам санасының шеңберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның қоғамдық мәнінің қалыптасуында, оның осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және сол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдық мәнін қалыптастырудың қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-кайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама-қайшылықтар болуы мүмкін. 

 

Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары 

 

 

 Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері  болады.  Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық  сипатынын болуы.

Тарбиенің мақсатқа бағытталғани ықпалын киындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т. с. с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың  өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының  ішкі рухани жан дүниесін  ашудың   қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдын себептерін, әрине, біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың  қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.

Тәрбие диалектикасы дегеніміздің өзі сыртқынын (объективті) ішкі жағдайдын  (субъективті) игілігіне айналатын адам санасының шенберіне өткізілуі. Келешекте іс-әрекет нәтижесінде көрінетін  құбылыс. Адамның қоғамдық мәні дамудың  қай жағдайда жүруіне байланысты қалыптасады. Дегенмен, адамның коғамдық мәнінің қалыптасуында, оның  осы жағдайлардағы нақты орны, қатынасы және ол жағдайлардағы іс-әрекетінің сипаты маңызды роль ойнайды. Бұл дамудың  әлеуметтік жағдайы деп аталып кеткен. Тәрбие процесінде адамның қоғамдык мәнін қалыптастырудын қозғаушы күші деп саналатын бірқатар қарама-қайшылықтар тән. Олар сыртқы және ішкі қарама- қайшылықтар болуы мүмкін.

Сыртқы қарама-қайшылыктар коғамда объективті белгіленген ережелер мен баланы қоршаған адамдардың тәртібі арасындағы үйлеспеуден көрінеді. Көп жағдайда оқушы өз құрда-тары мен ересектердіқ қоғамдық ережелерге қайшы келетін қылықтарынын куәсі болады. Сыртқы қарама-қайшылыққа оқушының, өзіне қойылатын талап пен нақты тәртібінің арақатынасы да жатады. Мысалы, үзіліс кезінде мектеп ішінде жүгірме деген талап қойылғанымен, бастауыш сынып оқушысы бұл талапты орындауға әлі дайын емес. Ішкі қарама-қайшылықтарға оқушының талабы мен оны орындауға мүмкіндігінің  арақатынасы жатады. Адамның  қоғамдық мәнінің дамуындағы негізгі көздерінің бірі қажеттіліктер мен оларды қанағаттандыру тәсілдері арасындағы қарама-қайшылық болып табылады. Қарама-қайшылықтың әртүрлі сатыларынан өтіп адамның қоғамдық мәні өз дамуында жаңа басқышқа көтеріледі, яғни жана сапаларға, күрделірек міндеттерді шешу дайындығына ие болады. Іс-әрекет  пен тәртіптің  жетілген тәсілдерін  меңгереді.

Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның коғамға, адамдарға, өзді-өзініқ қатынастарын жасауға және олардың  шенберін кеңейтуге бағытталады. Адамның  қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының  жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын, оның  рухани жан-дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні—адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының  жүйесін құру. Өзінің  табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндетердің  төмендегідей  бірқатар  мәселелерін шешуді камтиды:

1. Педагогикалық жағдайлардың  тәрбиелік әсерлердің нәтижесін  талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп, оқушылар  тәрбиелілігінің деңгей анықтауды,   оның қоғамдық мәні мен  ұжымның дамуын белгілеуді,   нақты  педагогикалық  міндетті  бөлуді және қалыптастыруды, оны  шешудің  жолдарын анықтауды, тәрбиенін құралдары мен  әдістерін  таңдай білуді т, б.  қажет етеді.

2. Тәрбие процесінің жобасын  құру және жүзеге асыру. Бұл 
өзінің мазмұны  жағынан  педагогикалық іс-әрекетті  пайдалы 
бөліктерге және ыкпалдарға бөлудің, окушылардьщ іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке  оқушымен  дқрыс  қарым-қатынастарды 
бекітудің, оқушылар тәртібінін әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің оқушыларға жеке тұрғыда  қатынас жасау бірлігінін болуын талап етеді.

3. Тәрбиелік ықпалдарды  реттеу және оларға түзетулер  енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық  міндеттерге енгізілген түзетулерді  орынды жүзеге асыруды, сыртқы  ықпалдардық  қалыпты жағдайға өтуін немесе  қабылданбауын  қамтамасыз  етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым- 
қатынасты реттеуді, бағыттауды,   дамытуды,   пайда   болатын 
жеке шиеленістерді жоюды, оқушылар арасындағы достық пен  жолдастық қатынастарды нығайтуды, педагогикалық жағдайға  байланысты талап логикасын түрлендіруді, өзгерген жағдайларда тәрбиелік ықпал жасаудың бағытын дұрыс анықтауды және  тәсілдерді қайта күруды т. б. талап етеді.

4. Қортынды есепке алу  және бақылау.  Мұның  мазмұны 
әдепкі берілгендермен салыстырып, кол жеткен  нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шенберін  анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды  құралдарды, әдістерді, тәсілдерді  жинақтау, өз  тәжірибесіне  'енгізу мақсатында басқа   мұғалімдердің   іс-әрекетін   зерттеу,  педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген  сөз.

Тәрбие-бұл педагогикалық құбылыс. Олай болса педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселелерін  қарайық. Бұл жерде кейбір зандылықтарды атауға болады.

1. Тәрбис қоғам  мұқтаждырына және жағдайына  байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикалық  мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым  жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып  қалыптасуына игі әсер етеді.

2. Тәрбие мен  өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін  байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі   тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-катынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның, бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлык, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т. б.) қалыптасады.

Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі 
сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық  сөздермен, ережелермен толтырылған сауыт емес, ол шырак,  оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені  танып қкана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле  қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.

3. Тәрбие іс-әрекетінің  және қарым-қатынастың шешуші  ролі. Тәрбие, окьггу және білім беру іс-әрекетіне байланысты іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оку еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланын ақыл-ойы, дүниеге көз-қарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.

Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімеи бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір күбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен байытып, ой-өрісін дамытады.

Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен  реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың көзі-идеология, қоғамиың әлеуметтік-саяси және экономикалық практикасы.

Қарым-қатынас — таным процесі. Таным және карым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.

4. Тәрбие процесінде  оқушылардың жас және дербес  ерекшеліктерін есепке алу

5.         Педагогикалық процесте ұжым мен жеке адамның өзара 
байланысы.   Оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі көзі  ұжым болады,

Көрнекті педагогтар Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский ұжымдық өатынастарды қалыптастырудың теориялык негіздерін жасады. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-катынас — ұжымның даму процесі. Педагогикалық процесте ұжымның басты борышы—әрбір адамның тулеп өсуіне қамқоршы болуы тиіс. Тәрбиенік ерекшелігі, оның ұжымдық. бағытта іске асырылуында, өйткені тәрбие екі жақты, бір текті процесс.

Міне, осы тұрғыдан жаңашыл мұғалімдердін тәрбиешілер мен балалардың бірлесу іс-әрекетінің  идеясы шығармашылық ынтымақтастықтың шешуші шарттарының бірі болады.

Сонымен тәрбие мазмұны қоғамның әлеуметтік-саяси, экономикалық жағдайын бейнелейтін міндеттерге тәуелді. 

 

Тәрбие принциптері  

 

Әдетте принцип дегеніміз адамның нақты іс-әрекетінде өзі басшылыққа алатын алғы шарты, негізгі ережені бейнелейді. Тәрбие принциптері тәрбиеші басшылыққа алуға тиісті тәрбие процесінің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін бастапқы ережелер. Тәрбиеші оларды тандамайды, басшылыққа алады, солардың талабы тұрғысынан күрделі, жалпы немесе дербес, нақты мәселелердін шешімін іздейді.  Мектеп өмірінде әр түрлі тәрбие принциптері  қолданылады.

Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылылығы. Тарбиенің  алдына қоғам болашағына берік сенімі бар азаматтарды қалыптастыру міндеті қойылады. Мектептің бүкіл іс-әрекеті, қоғамдық  өмірі осыған қызмет етуі керек. Кез-келген тәрбие жұмысының  құндылығы оқушылар ұжымының идеялық өмірін байытумен,  оқушылар санасын ғылыми білімінін дұрыстығына берік сендірумен, қоғамдық саяси белсенділігін, жоғары моральдык және  азаматтық сапаларын қалыптастырудағы ықпалымен бағаланады. Әрбір тәрбие жұмысына дайындалу үшін ен алдымен олардың  мақсаттары мен міндеттерін нақты ойластырып, анықтаған жөн. Мақсатсыз тәрбие жақсы нәтиже бермейді. Өйткені  тәрбие әдістері олардың мақсаттарына байланысты. Осыған орай, әрбір баланың және ұжымының ерекшеліктерін еске алып, мұғалім тәрбие жұмыстарының формаларын, мазмұнын, әдістерін іріктеп алады. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын осындай мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінін үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді.

Тәрбненің өмірмен, еңбекпен, қоғам құрылысының практикасымеы байланыс принципі. Бұл принциптің мәні коғамның экономикалық, әлеуметтік және рухани қатынастарын, өмір шындығының моралі және әсемділікке көзқарасын тәрбие ісінде қолдану болып табылады. Осы принципті жүзеге асыру оқушыларды өмірге, еңбекке, мамандықты саналы таңдауға толық дайындаудық шынайы алғышартын жасайды. Кейде тәрбиенің өмірмен байланысы тек оқушылардың тәрбие жұмысындағы өнімді енбегімен байланысын жүзеге асыру деп қараушылар да бар. Бұл жеткіліксіз пікір, себебі қоғамдық өмір ұғымы өндірістік еңбек ұғымына қарағанда кеңірек және мазмұндырақ. Оқушыларды еңбектік іс-әрекеттің түрлеріне қатынастырып, ол әрекеттің қоғамнық түпкі мүддесі үшін, материалдық  және рухани игіліктерді байыту үшін  күресетін құрамды бөлігі екенін  қабылдайтындай жағдайға келтіруіміз керек.           

 Ұжымда және ұжым  арқылы тәрбиелеу. Бұл тәрбие  жұмысының  жетекші принциптерінің бірі. Педагогика ғылымы балалар мен жас өспірімдердін топтық және ұжымдык. өмірін, олардын, тұлғасының рухани байлығынын, әлеуметтік белсенділік пен жауапкершілік сезімі қалыптасуынын міндетті шарты деп қарайды. А. С. Макаренко ұжымды адамның біртұтас түрлі сапалары жаттығып, қалыптасатын гимнастика залы, сондықтан тәрбие жүйесі «ұжым болып» ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет процесін басқаларынан жоғары қояды—деп көрсетті. Бірлескен іс-әрекетте, орынды ұйымдастырылған ұжымдық қозғалыста ғана өзара тәуелді, өзара жауапкерлікті қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау процесі жүреді, оның қоғамдық мәнінін ұжымшылдық  сапалары  қалыптасады.

Тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен көрсетілетін құрметтің бірлігі. А. С. Макаренко кезінде  «Егер біреу-міреу педагогикалық тәжірибенің мәнін  қысқаша ғана  формуламен қалай анықтар едіңіз деп сұрай қалса, мен оған адамға мүмкіндігінше үлкен талап кою және құрмет көрсету деп жауап берер едім», — деген екен. Мұғалім осы принципті басшылыққа  алып, оқушы күш-қуатына ерік беретін, орынды әрекеттеріне және қылықтарына тербеліс туғызатын, өзінің құлқын сезінуін және өз тәртібіне жауапкерлігін ұғындыратын өзіндік өрнегі (стилі) мен сарыны (тоны) бар қатынастарды тандап алады. Егер талап ету ізденумен, қате түсінікпен, уақ-түйекпеи байланыссыз болса, онда ол адамға деген  құрметтің ең жоғары өлшемі болып табылады. А. С. Макаренконың айтуына қарағанда, белгілі бір шамада қателесу бола тұрса да, адамға үміт болжамы тұрмысынан қарау керек.Оқушы бойындағы орынды — рухани нәрсені жобалай біліп, оған сүйеніп, оның сеніміне иек артуымен қатар, мұғалім оқушының өз тәжірибесін дамытумен айналысуға дайындығын іске қоса білуі керек.

Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, беріктігі және үздіксіздігі. Бұл принципті ұстау әрбір бөліктері мен элементтері түгел бір тұтастықты құрайтын  педагогикалык жүйенің болуын талап етеді. Тәрбие  саласында  жүргізілетін түрлі  тәрбиелік шаралар бір-бірімен сабақтас болуы  тиіс. Жаңадан  өткізілетін тәрбие жұмысының мазмұны   өткізілген   тәрбиелік  шаралардың  логикалық жалғасы болуы қажет. Демек, өткізілген тәрбие жұмысының мазмұны онан әрі қарай да дамып, тиісті сатыға көтеріледі. Сонда ғана  аталған принциптер  жүзеге  асады. Педагогикалық ықпалдардың жүйесіздігі, кездейсоқтығы, бейтараптығы, келісімсіздігі, ретсіздігі  тәрбие  мақсатына үзілді-кесілді қарама-қайшы келеді. Тәрбие үшін оқушыға қойылатын талаптардық ала-құлалығынан бетер зиянды нәрсе жоқ. Мәселен, мектеп пен үйелменнің, сынып ұжымы мен жұмыс істейтін мұғалімдердің оқушыларға қоятын талаптарының үйлеспей- ала-құла болуы. Тәрбие көп адамдар қатынасатый  ұзақ  іс-әрекеті. Сондықтан  олардың жұмыстарында  тізбектестік  пен үласымдылықтың сақталуы, оқушылардың тәрбиелік дәрежесінің  дер кезінде анықталып отыруы  аса маңызды  мәселе.

Тәрбие жұмысының барлығы білім  мен сенімнін, сөз бен істің  үздіксіздігі негізінде құрылуы қажет.

Тәрбиенің оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкестігі. Бұл принципті жүзеге асыру оқушылар іс-әрекетінің  мазмұны мен түрін олардың  жасына өмір тәжірибесіне, күш-қуаты мен мүмкіндіктеріне сәйкес болуын талап етеді. Әрбір бала-өзінше ерекше бір бітім.» Сондықтаң  олардың әрқайсысына тәрбие беру оқушы бойындағы қажеттілік пен қызығушылыққа сүйеніп, оны қанағаттандыратын және оқушының  тәртібі мен іс-әрекетінің негізі болатын жаңа қажеттіліктер кең қызығушылықтарды туғызатын түрлер мен тәсілдерді таба білгенде ғана мүмкін болады. Осы принциптің жүзеге асуына мұғалімнің жас және педагогикалық психологияны терең білуі көмектеседі.  

 

Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу

Қалыптасып келе жатқан оқушы тұлғасы тәрбие субъектісіне айналады. Ол педагогикалық талаптарды орынды белсенді қабылдайды және өзінік сапалық қасиеттерін өзі жетілдіруге тырысады. Өзініқ тұлғалық сапарларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті өзін-өзі  тәрбиелеу деп аталады. Бұл өзгерістер қоршаған ортамен шын өзара қатынас барысында жүреді.

Өзін-өзі тәрбиелеу оқушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Мысалы, оқушы дамуы мен қалыптасуына байланысты өзінің тәртібі және мінез-құлқындағы кемшіліктерімен іс-әрекетіндегі сәтсіздіктеріне сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіреді.

Тұлғаның сапалық қасиеттерінің қалыптасуының шын деңгейін есепке алмай жалпылама жүргізілген тәрбие жұмысының  салалары тәрбие міндеттерін шешуде кемшіліктер жібереді. Өзін-өзі тәрбиелеу осы кемшіліктердін. орынын толтырады.

Педагогикалық талаптарды мойындауға мәжбүр болған оқушы тек сырт көзге ғана тәртібін жөндеген түр білдіреді де, өзінін, теріс қасиеттерін жасыра түседі.

Оқушылардың, өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алу керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары тіпті кіші мектеп жасындағы оқушылар бойынан байқалады. Мысалы, бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл болғысы келеді, немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді.  Бұл олардың өзін-өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы.

Жас өспірімдік шақтағы бала өз бетіндікке ұмтылуын байқатады, ел тәрбиенің пәрменсіз объектісі болғысы келмейді, өз мінез-құлқын өзі анықтайтындай әрекет иесі, тәрбиенің субъектісі болуға ұмтылады. Егер тәрбиешілер осыны еске алмай, оның  құқығын шектесе, оқушының педагогикалық талаптарға қарсылығын тудырады.

Қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Тәртібі мен мінез құлқының пісіп жетілу, шағында берік сеніммен адамгершілік мұраттары қалыптасқан болады.

Дүниетанымның қалыптасуы, өз абыройын және кемшіліктерін ұғыну өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын мазмұнды, жан-жақты, шындыққа жуық құруға мүмкіндік береді. Жастар өз еркін тәрбкелеуге ерекше зейін аударады. Бұған өзінік өзбетіндігін табиғи ұмтылысы ықпал етеді. Қыздар  мен  бозбалалар  білім  мен күш куаты өздерін ересектермен теңбіз деп есептеуге алып келеді. Олар барлық нәрсені жоғары сөзіммен қабылдап, сәл нәрсені өз дербестігіне құрметсіздік деп карайды. Жоғары  сынып оқушыларына өз білімдерін байыту,  өздерінің  ақыл-ой   қабілеттерін дамыту ұмтылысы да тән. Қыздар мен бозбалалар  мораль мәселелеріне ынтамен қызығады, мінез құлық мұраттарына ұмтылып, өз тұлғаларының  рухани сапаларын дамытады.

Оқушылардың өздерін  өздері тәрбнелеуін ұйымдастыру  мақсатында мұғалім ен алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек: оқушылардын, өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; өзіне-өзі ықпал ету құралдарын (өзін-өзі талдау, өзіндік міндеттеме, өзіндік бүйру, өзіндік  есеп беру және т. б.) меңгеруге көмек беру; өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық  құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру.

Оқушылардың өзін-әзі тәрбиелеуге үмтылуын қалыптасты-ру үшін оларды адамдар еміріндегі өзін-өзі тәрбиелеудіц моні, өзініқ тұлғалық сапаларын дамытудағы ез жігерінін. ролі жө-нінде хабардар етіп отыру қажет. Окушылар, әсіресе жасөспі-рімдер өзін-өзі тәрбиелеу тәжірибесі, өз тұлғасында саиалык, қасиеттерді қалыптастыру жолдары мен тәсілдері туралы ха-барларды қызыға қабылдайды. Осылардыц арқасында емірдіц күрделі міндеттерін іскерлікпен, мақсатты, сырттан басқару-сыз, дүрыс шешу білігіне ие болады, өзбетіндігін өзіндік ка-жырлы еңбегімен ғана жетуге болатыныи ұғынады.

Өзін-өзі тәрбиелеудін, тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудін өзіндік ережелерінің  болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгеймен анықталады. Біз тек дарынды педагог Қ. Д. Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесімен танысайық.

1.      Асқан сабырлық, ең  болмағанда сырт көзге.

2.      Сөзде және қылықтардағы турашылық.

3.      Әрекетті жан-жақты ойластыру.

4.      Батылдылык.

5.      Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау.

6.      Санасыз уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңіліндегі 
іспен айналысу.

7.      Әуескойлык, кұмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйсініске шығындану.

8.      Әр кеште өз қылықтары жөнінде өзіне есеп  беру.

9.      Болғанды, бүгінгі, болатынды айтып еш мақтанбау.

Бұл ережелердің  ар жолына түрлі мағына беріп байыта беруге  болады.

Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі талдауын мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс-әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға өзінің  орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін өзі ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған мұғалімнің  оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық кылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді.

Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелеуге жетелей бермейді. Өз кемшіліктерінің  немкұрайды пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сыиау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет.

Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге оқушының, бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі. Оқушыларға сөз турінде берілген: «қажет», «жетеді», «орындау керек», «шыдау керек», «алға бас», «тұр», өзіме бұйырамын» және басқа да өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және киындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бүйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі уақытта тұруға, күнделікті жұмыс ырғағын орындауға, тәртіп  сақтауға және т. б. орындауға болады.

Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізінде іс-әрекеті, қарым-қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады.

Оқушылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне педагогикалык басшылық оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек. Алғашкы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің құралдарын меңгере түсу барысында бұл шаралар бәсеңси туседі. Әрине бұл оқушыларды бетімен коя беру емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет, қоғамдық пікір ықпалы, бетпе-бет пікірлесу аркылы кемектесіп отырған жөн.

Дегенмен, тәжірибеде оқушы тәртібінде жоне мінез-кұлкын-да ауытқулар кездесіп отырады. Сондықтан тәрбиелеу жүмы-сында кайта тәрбиелеу де орын алады. Қайта тәрбиелеу оқушы жүріс-тұрысындағы ауытқулардық алдын алуға жане жеауге бағытталады. Кайта тәрбиелеу-түлға кұрылымын түгел кайта күру, адамнын барлық психологнялық сапаларын қайта жасау. Түзету деген ұғым да бар. Оны оқушы санасындағы және жүріс-тұрысындағы жеке кемшіліктерді жену деп түсінуіміз керек.

Қайта тәрбиелеу — бұл тәрбиелік ыкпалдар жүйесі, онын барысында құлықтық даму мен жүріс-тұрысындағы ауыткулар түзетіледі және қоғамның моральдық талаптарына сай тұлға сапалары қалыптасады.

Қайта торбиелеу тұлғаның сапасының, мотивтері мен қа-жеттіктерінін, сезімдері мен еркінің, түйсіктерінің, іс-әрекеті мен мінез-қүлкының әлеуметтік-психологиялық және психологиялық-педагогикалық өзгеру процесі болып табылады.

Қайта тәрбилеу — бұл қиын балалардың орынды сапаларын қалпына келтіру.

Қайта тәрбиелеу—бұл педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған балалардын жүріс-тұрысындағы кемшіліктердің орнын еңбектегі, спорттағы және басқа іс-әрекеттегі нәтижелермен толтыру.

Қайта тәрбиелеу — бұл ынталандыру—жасөспірімнің орынды сапаларын жасайтын іс-әрекеттерді жандандыру.

Қайта тәрбиелеу — бұл түзету, яғни балалардың теріс саналарының шырмауынан босату.

Жеткіншектер мен жасөспірімдердің педагогикалық осер-лерге қатынасы, тәртіппенмінез-кұлықережелеріменжүйелерін қайта құру және қалыптастыру бірқатар ішкі, психологнялық факторларға тәуелді болады. Оларға: тәртіп пен мінез-құлық принцицтерін, жүріс-тұрыс ережелерін, моральдық құқық және борыштарын түсінуі, тұлғалық адамгершілікті санасы, іс-әрекетке қатысы, тұлға бағытталығы, психологиялық күйі, еріктік-сезімталдық көніл-күйі, жоғарғы нерв жүйесінің типі т. с. с.

Қайта тәрбиелеу барысындағы тұлғаның адамгершілікті дамуы бірқатар кезеңдерден өтеді: дайындық қайта тәрбиелеудің мақсатын қалыптастыру, тәртіп пен мінез-кұлықтың орынды тәжірибесін қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуді басқару, тұлғаның онан әрі дамуына бақылау.

Қайта тәрбиелеуде қайта ұғындыру, қайта оқыту, басқа  іс-әрекетке жегу, күрт өзгерту, еріксіз "көндіру сияқты әдістер  қолданылады.

Қайта ұғындыру — бұл тәрбиесі қиын балалар және педагогикалық тұрғыда қараусыз қалған оқушылар бойындағы дұрыс емес сенімдерді кайта құру әдісі.

Қайта оқыту — бұл теріс қажеттіктермен дағдыларды түзету әдісі.      Басқа іс-әрекетке жегу—бұл тәртібімен мінез-кұлқының  
дамуында ауытқуы бар балалардың белсенділігін арттыру жә-не қоғамдық пайдалы іе-әрекетке ауыстыру әдісі.

Күрт өзгерту — бұл тұлғаның ұжым және коғаммен каты-насынын, бұзылысын шұғыл калпына келтіру әдісі. Бұл қайта тәрбиелеудің А. С. Макаренко жасаған арнайы әдісі.

Еріксіз көндіру — бұл басқа әдістердің мүмкіншілігі сарылғанда педагогикалық және әлеуметтік тұрғыда өте қараусыз қалған жеткіншектер мен жасөспірімдерге қолданылатын педагогикалық әсер ету әдісі. Педагогикалық еріксіз көндіру мазмұнына тұлғаның теріс қылықтарын моральдық кінәлаудан мектептен-шығарып арнайы тәрбие мекемесіне жіберуге дейінгінің бәрі жатады.

«Тәрбие процесі» ұғымының анықтамасы