Ургашы малдың жыныс органдарының анатомиясы
Ақуыз, нәруыз, белок — молекулалары өте күрделі болатын аминқышқылдарынан құралған органикалық зат; тірі ағзаларга тән азотты күрделі органикалық қосылыс. Аминқышқылдары қалдықтарынан күралған жоғары молекуларлық органикалық түзілістер. Ақуыз ағзалар тіршілігінде олардын құрылысы дамуы мен зат алмасуына қатысуы арқылы эр алуан өте манызды қызмет атқарады. Ақуызды зат құрамында міндетті түрде азоты бар күрделі органикалық қосылыс.
Мазмұны
|
Жалпы мәліметтер
Белоктар органикалық заттар дамуының ең жоғарғы сатысы және жер бетіндегі тіршіліктің негізі. Организмнің тірек, бұлшық ет, жамылғы тканьдері белоктардан құралған. Олар организмде әр түрлі қызмет атқарады, химиялық реакцияларды жүргізеді, дене мүшелерінің қызметтерін өзара үйлестіреді, аурулармен күреседі, т.б.
Белоктардың құрамы мен құрылысы өте күрделі. Молекулалық массалары жүздеген мыңнан миллионға дейін жетеді. Төрт түрлі құрылымы болады. Олардың құрылымы бұзылса, денатурацияға ұшырап, организмдегі қызметін атқара алмайды.
Белоктар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.
Белоктар азықтың құрамына кіреді. Адам тәулігіне, шамамен, — 100 г белок қабылдауы керек. Азықпен түскен белок әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.[1]
Ақуыз тірі организмнің негізін құрайды, онсыз өмір жоқ. Сондықтан Фридрих Энгельс: «Тіршілік — белок заттарының өмір сүру формасы» — деп үйретеді.
Белок тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 – 54,5% көміртек, 21,5 – 23,5% оттек, 6,5 – 7,3% сутек, 15 – 17,6% азот, 0,3 – 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин кышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде белок молекуласы түзіледі. Белок молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.
Белоктар туралы алғашқы мәліметтер 18 ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген белокты бөліп шығарған. 19 ғасырдың 30-жылдарында ет, жұмыртқа, сүт, өсімдік тұқымдарында белоктық заттар бар екені анықталды. Ғалымдардың содан бергі зерттеулері нәтижесінде барлық тірі организмдер клеткасында болатын тірі материя – протоплазма, негізінен, белоктан құралатыны анықталды.
Белоктардың барлығы екі топқа бөлінеді: 1) қарапайым белоктар – протеиндер (альбуминдер, глобулиндер, гистондар, глутелиндер, проламиндер, протаминдер, протеноидтар); 2) күрделі белоктар – протеидтер (гликопротеидтер, нуклеопротеидтер, липопротеидтер, фосфопротеидтер). Бұлардың құрамында амин қышқылдарынан басқа заттар да болады.
Ақуыздың құрылымының деңгейлерi: 1 — біріншілік, 2 — екіншілік, 3 — үшіншілік, 4 — төртіншілік
Биiк температураның әсерiyен тауық жұмыртқасының ақуызының қайтымсыз денатурациясы
Құрлымы
Белок клетка құрамына кіретін тірі құрылымдар – ядро, митохондрия, рибосома, цитоплазма негіздерін құрайды. Сондықтан ол организм құрамында үлкен орын алады. Мысалы, адам мен жануарлар денесінің құрғақ заттарында 45%, жасыл өсімдіктерде 9 – 16%, дақыл тұқымында 10 – 20%, бұршақ тұқымдастар дәнінде 24 – 35%, бактерия клеткаларында 50 – 93% белоктық заттар бар. Белок барлық организмге ортақ зат болғанымен, әр түрлі организм белоктарының құрылымы түрліше болады. Сондай-ақ, организм түрлерінің бір-біріне ұқсамауы, олардың эволюция жолымен үздіксіз өзгеріп дамуы да белок қасиеттерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Белок – бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол клетка протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік кұбылыстарына – тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, козғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады.
Организмнің күнделікті тіршілігі оның клеткаларында жүріп жататын көптеген биохимиялық реакцияларға негізделген. Осы реакциялар нәтижесінде өсімдіктерде, бір жағынан, тіршілікке қажетті химиялық қосылыстар – белоктар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар, витаминдер синтезделетін болса, екінші жағынан, онда ферменттер арқылы күрделі заттар ыдырап, өсімдіктің қоректенуіне, тозған клеткаларын жаңартуына, организмге қуат беруге жұмсалады. Бұл құбылыстарды метаболизм деп атайды. Осы реакциялардың бәрінде де белок катализаторлық қызмет атқарады. Қан құрамындағы ерекше белок – гемоглобин бүкіл денеге оттек таратады. Клеткалардағы тотығу ферменттері – цитохромдар тыныс алу процесін реттеп отырады. Сондай-ақ организм тіршілігіне аса кажетті заттар гормондар да белоктан құралған. Ерімтал белоктар – гидрофильді коллоидтар – суды бойына көп тартады. Олардың ерітінділері желім сияқты: осмостық қысымы төмен, қозғалу қабілеті нашар, өсімдік пен жануарлар мембранасынан өте алмайды. Белоктардың тағы бір қасиеті – олар амфотерлі электролиттер. Молекулаларында бос карбоксил және амин топтары болатындықтан, олар оң немесе теріс электр зарядты болады. Химиялық табиғаты жағынан белок биополимерлер тобына жатады.
Белоктың құрамында жиырма түрлі амин қышқылдары болады. Әр түрлі белоктардың амин қышқылы құрамы жағынан да, олардың тізбектегі орналасу тәртібі жағынан да бір-бірінен айырмашылығы зор. Табиғатта белок түрлерінің көп болуы да осыған байланысты. Мысалы, үш амин қышқылының қосылуынан алты түрлі, төрт қышкылдан жиырма төрт түрлі белок изомерлері пайда болады. Белок молекуласы амин қышқылдарының өзара моншақтай тізіле байланысқан полипептидтік тізбегінен құралады. Белок молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады. Біріншісі – шар тәрізді домалақ – глобулярлы белоктар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік клеткасының белоктары жатады. Екіншісі фибриллярлық (талшық тәріздес) белоктар. Бұларға бұлшық ет белогы – миозин, актин, сіңір белогы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі белоктары жатады. Белок молекуласының өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымдылық дәрежелері көптеген сутектік байланыстар, электрстатикалық қуаттар, күкірттен құралатын дисульфидтік байланыстар, т.б. жағдайлар арқылы қамтамасыз етіледі. Белок ерітіндісін қыздырса немесе оған күшті кышқылмен әсер етсе, ол өзінің табиғи қасиеттерін (ферменттік, гормондық) жояды, кейде ұйып та қалады. Мұндай құбылысты денатурация деп атайды. Белок – адам тағамы мен жануарлар қорегінің, сондай-ақ тері, жүн, жібек сияқты табиғи талшық заттардың негізгі құраушысы болғандықтан, 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап оны қолдан өндірудің (микробиологиялық синтез) маңызы артып отыр.[2][3]
Түзілуі
Ақуыз түзілу бұл өте күрделі процесс жасушадағы ұсақ бөлшектер-рибосомаларда жүреді. Қашан, қанша және қандай ақуыз түзілуі керектігі жайлы мағлұмат жасуша ядросындағы ДНҚ, РНҚ арқылы жеткізіледі.
Белоктардың құрамы және құрылысы
Белоктардың қасиеттерін олардың құрамы мен құрылымы анықтайды. Белок молекуласындағы а-аминқышқылдары қалдықтарының саны әр түрлі болады, кейде бірнеше мыңға дейін жетеді. Әр белокта а-аминқышқылдары тек осы белокқа ғана тән ретімен орналасады. Олардың молекулалық массалары бірнеше мыңнан миллионға дейін жетеді. Мысалы, жұмыртқа белогының молекулалық массасы 36000, бұлшық ет белогының молекулалық массасы — 150000, адам гемоглобині 67000, ал көптеген белоктардікі > 300000 шамасында. Белоктар, негізінен, көміртек (50—55%), оттек (20—24%), азот (15—19%), сутектен (6—7%) тұрады. Кейбір белоктардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді. Белоктар гидролизденгенде а-аминқышқылдарының қоспасы түзіледі. Әрбір организмнің өзіне тән белоктары бар. Барлық белоктар 20-дан астам әр түрлі а-аминқышқылынан құралады. а-аминқышқылдарының жалпы формуласы:
R—CHNH2—COOH
Белок түзілетін a-аминқышқылдарының радикалы құрамында ашық тізбек те, тұйық тізбекті әр түрлі сақиналар мен функционалдық топтар да кездеседі.[1]
Полипептид тізбегінің құрылысы
Белоктардың құрылысы өте күрделі. Белок молекуласы құрылымын: бірінші реттік, екінші реттік, үшінші реттік және төртінші реттік деп бөліп қарастырады.
Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тәртіппен бірінен кейін бірінің орналасуын бірініші реттік құрылым анықтайды. Белокты құрайтын жүздеген, мыңдаған, миллиондаған а-аминқышқылдарының қалдықтары өзара пептидтік байланыс (— CO — NH —) арқылы жалғасады (49-сурет).
Полипептид тізбегіндегі аминқышқылының бір қалдығының басқасымен ауысуы немесе оның орнының алмасуы осы белоктың қызметін бұзады. Мысалы, адам гемоглобиніндегі 564 аминқышқылдары қалдықтарынан құралған полипептид тізбегіндегі бір қышқылдың қалдығы екіншісіне ауысса, адам ауыр сырқатқа ұшырайды.
Аминқышқылдары
қалдықтарының инсулиннің кейбір бөлігінде
орналасуын мынадай тізбек түрінде көрсетуге
болады: глицин—изолейцин—валин—
Табиғатта
белоктардың кейбіреуі тек
Белоктардың көбінің кеңістікте спираль тәрізді оратылуы екінші реттік құрылым деп аталады. Бұл құрылым, негізінен, спираль оралымдарында орналасқан — CO...HN— арасындағы сутектік байланыстар арқылы іске асады. Шиыршықтың бір орамында 3 және 5 аминқышқылдарының қалдықтары болады. Оралымдардың арақашықтықтары 0,54 нм шамасында (51-сурет).
Белоктық оралма тектес молекуласы биологиялық процестердің әсерінен, молекула арасындағы сутектік байланыс, —S—S— дисульфид көпіршесі, күрделі эфирлік көпірше және бүйір тізбектегі анион мен катиондар арасындағы иондық байланыстар арқылы өзара байланысады да, өте күрделі үшінші реттік құрылым түзіледі. Бұл кезде оралма құндақталып, шумаққа айналады (52-сурет). Үшінші реттік құрылым белоктың өзіне тән қасиеттері мен белсенділігіне жауап береді.
Белок молекуласы тек қана бір полипептидік тізбектен тұрса, оның құрылымдары бірінші, екінші және үшінші реттік болады. Ал белок молекуласы екі және одан да көп полипепидік тізбектен құралса, онда төртінші реттік құрылым түзіледі. Төртінші реттік құрылым — кейбір белоктарда бірнеше полипептидтік тізбектердің бір-бірімен күрделі кешенді комплекстерге бірігуі. Мысалы, гемоглобин құрамына 141 аминқышқылының қалдығы кіретін төрт полипетидтік тізбектен және құрамында темір атомы бар белокты емес бөлшек гемнен комплекс түзеді. Гемоглобин тек осы құрылымда ғана оттекті тасымалдай алады.
Белоктардың жіктелуі
Белоктарды, негізінен, мынадай белгілеріне қарап жіктейді:
- күрделілік дәрежесіне (қарапайым және күрделі), қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады, күрделі протеидтер құрамына белокты заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді;
- молекула пішіиіне (шар тәрізді және жіп тәрізді);
- кейбір еріткіштерде еру қабілетіне қарай (суда еритіндер, әлсіз түз ерітінділерінде еритіндер - альбуминдер, спиртте еритіндер — проламиндер, сұйытылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер глутелиндер);
- атқаратын қызметтеріне қарай (мысалы, корға жиналатын белоктар, тірек қызметін атқаратын белоктар).[1]
Белоктардың денатурациясы
Белоктардың екінші және үшінші реттік
құрылымдарына жауапты
Қыздырғанда
денатурацияланатын немесе айырылып кететін
болғандықтан, белоктардың нақты
балқу температуралары
Химиялық қасиеттері
Құрамы мен құрылысы күрделі болғандықтан, белоктардың қасиеттері де алуан түрлі. Олардың құрамында әр түрлі химиялық реакцияларға түсетін функционалдық топтар бар.
- Белоктар — екідайлы электролиттер. Ортаның белгілі бір рН мәнінде олардың молекулаларындағы оң және теріс зарядтар бірдей (изоэлектрлік нүкте деп аталады) болады. Бұл — белоктардың маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл нүктеде белоктар электрбейтарап болып, суда еруі азаяды. Белоктардың осы қасиеті технологияда белокты өнімдер алуға қолданылады.
- Белоктардың гидролизі. Сілті немесе қышқыл ерітінділерін қосып қыздырғанда, белоктар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді:
- Белоктардыц түсті реакциялары. Белоктарды сапалық анықтау үшін түсті реакциялар қолданылады.
- а) Ксантопротеинреакциясымен (грек. ксанты — сары) құрамында бензол ядросы бар белоктар концентрлі азот қышқылымен сары түс береді.
- ә) Биурет реакциясы. Мыс (II) гидроксидінің сілтідегі ерітіндісімен белоктарға әсер еткенде, ашық күлгін түс пайда болады. Бұл реакция белоктардың құрамындағы пептидтік байланыстарды анықтайды.
- б) Құрамында күкірті бар белоктарға қорғасын ацетатын және сілті қосып қыздырғанда, қорғасын сульфидінің қара түнбасы түзіледі.[1]
Белоктардың организмдегі өзгерісі
Белоктар аса маңызды тағамдық, заттар (ет, жұмыртқа, сүт, нан, т.б.) құрамында болғандықтан, ас қорыту жолдарында ферменттер әсерінен аминқышқылдарына дейін ыдырап гидролизденеді. Аминқынщылдары ішек қабырғалары арқылы қанға өтеді. Көмірсулар мен майлардан айырмашылығы — аминқышқылдары организмде қор болып жиналмайды. Олардың біразы адам немесе жануар организмінің өзіне тән белогын түзеді. Ал аминқышқылдарының бір бөлігі белок емес азотты қосылыстардың, нуклеин қышқылдарының синтезіне жұмсалады.[1] Кейбіреулері тотығып, ең ақырғы өнімдерге (С02, Н20, т.б.) дейін ыдырап, энергия бөледі.
Белок синтезінің проблемасы
Белокты синтездеу проблемасының теориялық және практикалық маңызы бар. Белок молекуласының күрделі болуына байланысты қазіргі уақытқа дейін белок синтезі толық іске аспай отыр. Белок молекулалары үздіксіз қозғалыста болады. Белок молекулаларын синтездеуге әрекет жасаған ғалымдардың сәтсіздіктерінің себебі де осында болуы мүмкін. Белок молекулаларының үздіксіз өзгеруін анықтайтын заңдылықтарды түсіну — қазіргі ғылымның ең басты міндеттерінің бірі.
Жоғары деңгейлі организмдерде белок биосинтезі таңғаларлықтай тез жүреді: 350 аминқышқылынан тұратын полипептид бар болғаны 10 секундта түзіледі! Белок синтезінің құпия сырын ашу көптегек вирус ауруларын жеңуге мүмкіндік береді, жаңа химиялық талшықтар мен пластмассалар жасауға, тамақ және химия өнеркәсібінде жаңа өндіріс процестерін ойлап табуға көмектеседі.
Алғаш рет қарапайым белокты
заттар, гипофиздің гормондары вазопрессин
мен окситоцин алынды. Одан басқа
белок синтездеудегі зор
Қазіргі замандағы маңызды міндеттердің бірі — синтездік тағам жасау проблемасы. Соның ішінде белоктық тағам түрлерін алу бірінші кезекте түр. Бұл салада академик A. Н. Несмеянов бастаған ғалымдар тобы жұмыс істеп, біраз жетістіктерге жетті. Мысалы, сапасы жөнінен табиғи түрінен кем соқпайтын қара уылдырық синтездеп алды.
Ғалымдар биосинтез бен
Биотехнология және оның негізгі бағыттары
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Биотехнология дегеніміз — биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты — өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады. Ата-әжелеріміз ежелден микроорганизмдерді қымыз бен шұбат, айран ашытуға, құрт пен ірімшік жасауға, нан пісіруге, тері илеуге, т.б. қажетті заттарды дайындауға пайдаланған. Қазіргі биотехнологияның мынадай негізгі бағыттары бар: микробиологиялық өндіріс, жасушалық инженерия жөне гендік инженерия. Биотехнологияда биохимия, микробиология, молекулалық биология, генетика ғылымдарының жетістіктерінің нәтижесінде өте бағалы биологиялық белсенді заттар — гормондар, ферменттер, витаминдер, антибиотиктер, органикалық қышқылдар — сірке, лимон, сүт және кейбір дәрі-дәрмектер алынады. Қазір ең жоғары өнімді микроорганизмдер штаммаларының көмегімен 150-ден астам биологиялық заттардың түрлері синтезделді. Мысалы, адамда және кейбір жануарлар организмінде синтезделмейтін аминқышқылы лизинді тек микроорганизмдер арқылы алады. Егер жануарлар организмінде лизин жетіспейтін болса, оның денесінің өсуі тоқтайды. Сондықтан лизинді жануарлардың жемшебіне қосып береді. Биотехнологияның биологиялық әдістерін қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады. Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді. Металл қалдықтарымен (уран, мыс, кобальт, т.б.) ластанған суларды тазарту үшін оларды өз жасушаларына жинайтын бактериялардың түрлерін пайдаланады. Сонымен биотехнология экологиялық мәселелерді шешуге қатысады. Үндістанда, Қытайда, Филиппинде үйлерді жылытуға және тамақ дайындауда биогаз — метан мен кеміркышқыл газдың қоспасын пайдаланады. Ол үшін арнаулы контейнерлерге малдың қиын, қант өндірісінің, ауыл шаруашылығы заттарының калдыңтарын жинап, оларға бактерияның арнайы себіндісін қосады. Осы қоспадан биогаз алады.
Гендік инженерия
Соңғы жылдары молекулалық биология мен генетика ғылымдарының жетістіктеріне байланысты гендік инжерения ғылымы пайда болды. Гендік инженерия организмдердің жаксы қасиеттерін сақтап қалумен қатар оған сапалы қасиет бере алады. "Инженерия" термині құрастыру деген мағынаны білдіреді. Гендік инженерияның мақсаты — алдын ала белгіленген үлгіге сәйкес генотипі жағынан жақсарған организмдер алу. Алғаш рет гендік инженерияның тәсілдерін пайдаланып инсулин алды. Инсулин гормоны адамның ұйқы безінде жасалынады. Егер инсулиннің түзілуі бұзылатын болса, адам диабет ауруына шалдығады. Қазір дүние жүзінде 60 млн-нан астам адам диабетпен ауырады. Осы уақытқа дейін инсулин гормонын сиыр мен шошқаның ұйкы безінен алатын. Ал инсулинге тәуелді адамдардың саны жылдан-жылға арта түсуде. Осы себептерге орай адамның инсулин генін бактерияға гендік инженерия әдісімен көшіру керек болды. 1982 жылы адамның инсулин синтездейтін генін ішек таяқшасы бактериясының генотипіне енгізді. Сонда көлемі 1000 л бактерия себіндісінен 200 г-ға дейін инсулин өндіруге болады екен. Бұрынғы әдіс бойынша есу гормонының мұндай мөлшерін өндіру үшін сиырдың немесе шопщаның 1600 кг ұйқы безі қажет болар еді. Инсулиннен кейін гендік инженериялық әдіспен самотропин деп аталатын өсу гормонын бактерияларда синтездеу қолға алынды. Самотропин ірі қара малдардың сүтінің артуына қой мен шошканың еттілігінің жақсаруына әсер ететіні анықталды.
Жасушалық инженерия
Жасушалық инженерия жоғары сатыдағы
организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың
жеке жасушаларын және ұлпаларын
жасанды көректік орта жағдайында өсіру.
Жасушалық инженерия әдісі
Биотехнология дамуының
негізгі бағыттары және анықтамасы.
Биотехнологияны, оның даму тарихы мен
жеке өндірістік технология ретінде, биологиялық
ғылымның өзіндік бағыты ретінде қалыптастыруымен
байланыстыра қарау керек. Биотехнологияны,
оның негізгі позициясымен, және осы пән
объектісінің позициясымен қарау керек.
Биотехнологияның негізгі объектісі болып
тірі жасушалар, атап айтқанда жануар,
өсімдік жасушалары текті және микробтар
немесе олардың биологиялық активті метоболиттері,
шаруашылықтағы барлық жануарлардың түрлері
және өсімдік сұрыптары болып табылады.
Алғаш рет биотехнология термині 1917 жылы
К. Эреки шошқаларды қантты қызылшасымен
қоректендіру кезінде, олардың өнімдерінің
жоғарылауы, жасалған жұмыстарының нәтижесінде
берілген. Ол: «Биотехнология – бұл шикізат
материалдарынан, жануарлар организмдерінің
көмегімен әртүрлі өнімдерді өндірумен
жүретін жұмыстардың барлық түрі» - деп
жазды.
Жаратылыстану – техника ғылымының, биотехнологиялық
ғылымның, биологиялық ғылымның, жасуша
биохимиясы мен генетикасының даму барысында
биологиялық объектілерді қолдана отырып,
технология жетілді, күрделенді және кеңейді,
өндірістік масштабта (сүт, спирт зауыттарда,
тері-былғары мекемелерінде және т.б.)
мамандандырылған өндірістер пайда болды,
жасушалық инженериядағы жетістіктер
негізінде жасуша дақылдарын қолданумен
жаңа технологиялар өңделеді. Әрине, тарихи
жоспарда, биотехнологияның даму барысында
биотехнология ғылым ретінде, мәнін анықтауда
толықтырулар және тиісті өзгерістер
әрдайым болып тұрады.
Сондықтан, уақыт келе биотехнологиялық
өндірістердің өндіріс масштабында пайда
болуы, биотехнология ғылым ретінде өндіріс
әдістері мен технологияларын, жануарлар,
өсімдіктер мен микроорганизмдерді қолдану
мен ауыл шаруашылық және басқа да өнімдерді
тасымалдау, сақтау және қайта өңдеуден
анықтама береді.
Өткен ғасырдың 80-шы жылдарында Еуропалық
биотехнологиялық федерация биотехнологияны
тіндік дақылдар мен микроорганизмдердің
пайдалы жақтарын өндірістік қолдану
үшін биохимиялық, микробиологиялық және
химиялық технологияларды біріктіріп
қолдану ретінде анықтады.
Ол биотехнологияны биологиялық, химиялық
және технологиялық ғылымдардың арасында
туынджаған ілгерілемелі ғылыми-техникалық
пәнаралық саласы ретінде, технологиялық
үрдістерде микроорганизмдерді, жасу
дақылы және тіндік дақылды қолданумен
биохимия, микробиология, молекулярлық
биология және қолданбалы ғылымдар саласында,
білімдерді интеграциялау ретінде қарады.
Биотехнологиялық үрдістерді тірі материяның
кез-келген деңгейінде қолданылады: жасушалық,
ағзалық-тіндік, организмдік, популяциялық,
биоценоздық.
Нәтижесінде тірі жасушаның биохимиясы
мен генетикасы туралы білім негізіндегі
биотехнологиядан, адам өміріне қажетті
шығу тегі әртүрлі текті(жануар, өсімдік
және микробты) тіріжасушалардан әртүрл
іөнімдерді алу технологиясы ретінде
ұсынады. Молекулярлық биология мен генетикалық
инженерияның әрі қарай дамуы технологияға
мыналарды алыпкеледі:
-Биотехнология – халық шаруашылығында
пайдалы, сондай-ақ медицинаға бологиялық
агенттерді – микроорганизмдер, вирустар,
өсімдік және жануарлар жасушаларының
көмегімен, сондай-ақ жасуша құрамдарының
және жасушадан тыс заттардың көмегімен
мақсатты өнімдерді меңгерумен алу.
-Биотехнология – бұл беріген қасиеттерімен
жануарлардың, өсімдіктердің
жасушалары және тін дақылдарының, микроорганизмдердің
жоғары түрлерін алу негізін биологиялық
үрдістер мен агенттерді өндірісте қолдану.
-Биотенология – бұл пайдалы-шаруашылық
мақсатта, медициналық тәжірибе үшін,
экологияны жақсарту және т.б. үшін прдуцнет
есебінде жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдерді
қолданумен, технологиялық үрдістердің
туындауымен, жетілдірумен байланысты
ғылым.
Сонымен биологияны халық шаруашылығына
қажетті өнімдерді (дәрі-дәрмектерді,
реактивтерді, өсімдіктерді қоғау заттар,
бактериялық тыңайтқыштар, қоректендіргіш
дәмдеуіштерді және т.б.) алу үшін аппаратурамен,
технологиямен және үрдістермен айналысатын
немесе микроорганизмдер, соның ішінде
вирустар, тіндік және өсімдік жасушалары
немесе олардың құрамындағылар мен қалдықтарды
тоқыраумен айналысатын пән ретінде қарастыруға
болады.
Биология саласында жаңа ғылыми бағыт
қалыптасу, гендік инженерияда қызметті
белсенді генетикалық құрылым рекомбинантты
ДНҚ-ны in vitro құрастыру, аталық-аналық жасушасының
табиғи генотипін тиісті фенотиптік қасиетімен
түрленуленген өзгеру, ОВ 40вирустың ДНҚ
фрагментінен және E.coli галактозды оперонымен dvgal лямбда бактериофагынан тұратын
алғашқы рекомбинантты ДНҚ-ны құру (Берг,
1972) дәстүрлі емес биотехнология – молекулярлық
биотехнология, рекомбинантты биотехнологиясының
бастамасы болды. Сондықтан, генді инженерия
жаңа биотехнологияның ядросы ретінде
молекулярлық биологияның, молекулярлық
генетиканың тікелей ұрпағы деп мойындау
керек, ал дәстүрлі биотехнологияның негізі
– микробиология, микробиологиялық өндіріс.
Әрине, биотехнологияға ғылыми пән ретінде
анықтама бергенде, оның міндеттері мен
мақсаттарында салалы бояулар, ауыл шаруашылық
биотехнологиясы, экологиялық биотехнологиясы,
өндірістік биотехнологиясы және басқа
да бағыттары да болуы мүмкін.
«Биология мен биотехнология» сөздері,
«био» және «технология» болып ажыратылады.
Биология да және биотехнология да тірі
объектімен жұмыс істейді, бірақ олардың
тіріге деген ыңғайы немесе көз-қарасы
әртүрлі. Биотехнология тірі тек танымдық
қызығушылықпен оқытпайды, ол тірі объектіні
адамға қажетті өнімдерді өндіру үшін,
жұмыс істеуге мойын ұсындырғысы келеді.
1928 жылы биотехнологияның көркеюіне таң
қала отырып, Д.Ж. Холдейн «Неге өзімізге
химиялық қосылыстарды жасау еңбегін
алуымыз керек, егер оны бізге микроб жасаса?»
деген болатын.
Биотехнология қазіргі инженерлік технология
мен аппаратураларды қолдана отырып, биологиялық
бірнеше пәндер негізінде қаланған биологиялық,
химиялық және технологиялық ғылымдар
негізінде қалыптасқан. Биотехнология
дамуының қалыптасуына-ферментационды
технология және инженерлік энзимология,
гендік инженерия және молекулярлық биология,
генетика саласындағы жетістіктер, тірі
жасушаның биохимиясы және физиологиялық
қалыптасқан білім, биологиялық ғылымның
бір буыны, яғни негізгі бұтағы, т.б.
Шынында да, биотехнология ғылыми пән
және өндірістік технология есебінде
тірі жасушаның биоөндіргіштік белсенділігін
зерттеуге, сапалы өндірушілік қабілдеті
бар және әртүрлі салаларда: ауыл шаруашылығында,
фармацевтикада, тағам өнеркәсібінде,
биоэнергетикада, қоршаған орта ремедиациясында,
биоэлектроникада, тағы басқаларда қолданылатын
жаңа объектілерді құрып, жетілдіру мақсатына
арналған жұмысы бойынша үлкен көңіл бөлінеді.
Ғылымның әртүрлі саласындағы жетістіктер
биотехнологияда қолданылады.
Биотехнология жоғары технологиялардың
қазіргі саласы есебінде, оның тірі организмдер
мен биологиялық үрдістерді құрайды және
әртүрлі өзіндік ғылыми бағыттар бойынша
дамиды: ауылшаруашылық, өнеркәсіптік,
экологиялық, молекулярлық, биотехнологиялық,
имуннобиотехнологиялық және т.б.
Медициналық биотехнология
[1]

- Ургозы техносферы
- Урғашы малдың жанас органдарының анатомиясы
- Урегулирование задолженности и обеспечение процедур банкротства
- Урегулирование и разрешение конфликтов
- Урегулирование и разрешение международных конфликтов
- Урегулирование конфликтов
- Урегулирование конфликтов
- Урбанизация. Проблема отходов
- Урбанизация России
- Урбанизация России
- Урбанизация. Типы городов, их функции и проблемы
- Урбанизированные территории
- Урбанізація. Її соціальна суть та екологічні наслідки
- Урбоэкология