Валюталық бағам
І Валюталық бағам
І.І Валюталық бағам түсінігі, түрлері
Валюта — бұл біріншіден, сол елдің ақша бірлігі; екіншіден, шетел мемлекеттерінің ақша белгілері; үшіншіден, халықаралық есептесу бірліктері және төлем құралы. Ол шетел мемлекетінің тиісті заңды төлем банкноты, тиыны, қазыналық билеті түрінде болады. Ол елдегі бүкіл ақша-несие жүйесіне басшылық жасайды, ол ақша эмиссиясының, сақтаулы тұрған уақытша бос қаражатының және коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің монополиялық құқына ие.
Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін бағасы болып табылады. Әр түрлі валюталарды жіктеудің негізгі сипаттамасы мынадай болады (1-кесте).
Негізгі сипаттамалары |
Валюта түрлері |
Валюта мәртебесі |
- ұлттық - шетелдік - резервтік |
Заттай формасы |
- қолма-қол ақша - қолма-қол ақшасыз |
Өзара қайтымдылық режимі
|
- еркін айырбасталатын - ішінара айырбасталатын - айырбасталмайтын (жабық) |
Валюта бағамының режимі |
- оның валюталық бірдейлігі арқылы белгіленген (тіркелген) бағам - өзгермелі бағам - тұрақты немесе тұрақсыз валюта |
Кез келген мемлекетте «валюта» ұғымы белгілі бір мәнде қолданылады және мәртебесі бойынша былайша жіктелінеді:
- Ұлттық валюта — мемлекеттің ақша бірлігі;
- Шетелдік валюта — шетелдік мемлекеттің ақша бірлігі;
- Резервтік — халықаралық төлем резервінің қаражаты мәртебесіне ие қандай да бір мемлекеттің ұлттық валютасы.
Төлем құралы ретінде ұлттық валютаның қабілеті мынада: ол басқа валюта түрімен тез арада және ең аз шамадағы шығынмен айырбасталады, яғни оның қабілеті өзара қайтарымдылығында және айырбасталатындығында. Осы өлшем бойынша барлық валютаның жіктелінуін үш топқа бөлуге болады:
- Еркін айырбасталатын;
- Ішінара айырбасталатын;
- Айырбасталмайтын (жабық).
Резиденттердің де, резидент еместердің де кез келген операция түрі бойынша валюталық мәміледе белгіленген заң шеңберіндегі еркін валюта айырбасы еркін айырбасталатын валютаны белгілеу барысында жүзеге асырылады. Ішінара айырбасталатынға валюта мәмілесі бойынша мөлшер жағынан шектеу қойылған елдің валютасын жатқызуға болады.
Валюта бағамының режимі бойынша валюта былайша жіктелінеді:
- оның валюталық бірдейлігі арқылы тіркелген (біріктірілген) бағам;
- өзгермелі бағам;
- тұрақты немесе жұмсақ валюта.
Тіркелген валюта бағамын анықтаудың классикалық нұсқасы «тіркеу» сөзінің мәнінен алынып отыр, яғни әр түрлі ұлттық валюталардың ресми белгіленген арақатынасын бейнелейді. Өзгермелі бағам болса, ол валюта биржаларындағы сауда – саттық барысында қалыптасады, әрі қандай да бір валютаның сұранысы мен ұсынысын бейнелейді. Әлемдік іс –тәжірибенің талдауы мынадай тұжырым жасауға мүмкіндік береді: бірде – бір ел осы келтірілген валюта жүйесіндегі элементтердің тек біреуін ұстанып, сонымен ғана шектеліп қалған емес, өйткені валюта саясатында осылардың барлық элементі бар. [1,85б]
Валюта - бұл тауар және әрбір тауардың бағасы болады. Валюта тауарының бағасы - валюта бағамы .
Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.
Валюталық бағамның қажеттігі:
- тауарлар мен қызметтермен сауда-саттықта, капиталдар мен несиелер қозғалысы барысында өзара валюталарды айырбастайды. Импортер ұлттық валютасын шетелден тауар алғаны үшін шетел валютасына ауыстырады.
- дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сол сияқты әр елдің құндык көрсеткіштерін салыстыруға;
- фирмалардың және банктердің шетел валютасындағы шоттарын үздіксіз қайта бағалап отыруға.
Валюталық бағамның құндық негiзi валютаның сатып алу қабiлетi болып табылады. Бұл экономикалық категория тауар өндiрiсiмен және тауар өндiрушiлерiмен дүниежүзiлiк нарықтағы өндiрiстiк қатынастарды бiлдiредi. Құн тауар өндiрiсiнiң экономикалық шарттарының жалпылама мазмұны болғандықтан, әртүрлi елдердiң ұлттық ақша бiрлiктiң салыстыруы өндiрiс және айырбас процесi қосылуынан тұратын құндық қатынасқа енгiзiлген. Тауарларды және қызметтердi өндiрушiлер мен сатып алушылар валюталық бағам көмегiмен ұлттық бағаларды басқа елдердiң бағаларымен салыстыру нәтижесiнде белгiлi бiр елде қандай да бiр өндiрiстi дамытудың немесе күрделi қаржы жұмсаудың тиiмдiлiк дәрежесiн анықтайды.
Кез келген баға сияқты валюталық бағам да құнның негiзiнен валютаның сұранысы мен ұсынысына байланысты ауытқып отырады.
Валюталық бағам көмегiмен тауарлар және қызметтердiң өндiрушi және сатып алушылары басқа елдердiң бағалары бар ұлттық бағаларын салыстырады. Құн заңының әсерінен валюта бағамы қалай болса да бұрмаланады, оның әсерiне ақырында бағынады, әлемдiк экономиканың өзара байланысын бiлдiретін ұлттық және шетел валюталардың нақты бағамдық байланысы айқындалады.
Еңбектiң ұлттық өнiмi әлемдiк нарықта тауарлардың сатуының жанында құнның интернационалдық шарасының негiзiнде қоғамдық мойындау алады. Валюта бағамы нақ сол шеңберiнде дүниежүзілiк шаруашылық тауарларының абсолюттi ауысатын дәрежесiн түсiредi. Валюталық бағамның құн негiзi әлемдiк бағалардың негiзіне жататын халықаралық өндiрiстiң бағасы мен әлемдiк нарықта тауарлардың негiзгi жабдықтаушысы болатын елдің ұлттық өндiрiсінің бағаларына негiзделген, шартталған. [2]
Валюта бағамын белгілеу – валюта бағамын айқындау. Валюта бағамын белгілеудің тарихи тұрғыда екі әдісі қалыптасқан, олар тікелей белгілеу, мұнда шет ел валютасы өлшемінің бағамы ұлттық валютаның белгілі бір сомасымен көрсетіледі (мыс., 1 АҚШ доллары = 6,8 француз франкі); жанама түрде белгілеу, мұнда валюта өлшемі ретінде валютаның белгілі бір сомасына теңестірілетін ұлттық валюта қабылданады (мыс.,1 стерлинг фунт = 1,55 АҚШ долл.). Кең таралғаны валюта бағамын тікелей белгілеу әдісі. Валюта бағамын ресми түрде орталық банк белгілейді, бейресми түрде банкілер белгілейді. Валюта биржалары сақталған елдерде валюта бағамын белгілеу күннің белгілі бір уақытында тіркеледі. Алайда биржалық белгіленім негізінен анықтамалық сипатта болады. Валюта нарығының көбінде бағам белгілеу кезінде фиксинг – валютаның банк аралық бағамын әрбір валюта бойынша сұраным мен ұсынымды салыстыру жолымен айқындау рәсімі қолданылады. Сонан соң сатушының бағамы (жоғары) мен сатып алушының бағамы (төмен) белгіленеді. Банкілер сатылатын шетел валютасын сатып алынатын валютадан гөрі қымбатқа бағалайды. Валюта бағамын белгілеу шетел валютасымен төленетін төлем құралының түріне, клиентке чекті, аударма векселін (траттаны) сату күнімен салыстырғанда нақты төлем төлеу мерзіміне қарай сараланады. Мерзімді мәміле бойынша белгіленімнің қолма-қол мәміле бойынша белгіленімнен өзгешелігі бар. Олардың арасындағы айырма форвард бағамы төмен болғанда спотбағамынан шегерім арқылы (таңбалануы: дисконт – dіs немесе депорт – D) немесе ол жоғары болса, сыйлықақы арқылы (таңбалануы: pm немесе репорт – R) айқындалады. Сыйлықақы валютаның мерзімді мәміле бойынша белгіленген бағамы қолма-қол мәміле бойынша белгіленген бағамынан жоғары болады дегенді білдіреді. Дисконт форвардтық операция бойынша бағам қолма-қол мәміле бойынша белгіленген бағамнан төмен екенін көрсетеді. Валютаның мерзімді мәміле бойынша сандық тұлғада белгіленетін бағамы (сыйлықақы мен дисконт әдісімен емес) аутрайт (out-rіght) деп аталады. [3]
Валюталық бағам – басқа елдiң ақша бiрлiгiне қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң қатысты сол елдiң ақша бiрлiгiнiң бағасы.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететiн үш факторлар тобын бөлiп қарастыруға болады:
- Саяси тұрақтылық валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.;
- Экономикалық халықаралық тәжиiрбиеде анықталатын экономикалық тiк бұрыштың шыңы сияқты: экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы және инфляцияның төменгi қарқыны, жұмыссыздықтың төменгi деңгейi, дүниежүзлiк нарықтағы тепе – теңдiк;
- Психологиялық жаппай сұраныс, негiзгi капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық бағамның дамуы жай тауар өндiрiсiнен қазiргi дүниежүзiлiк шаруашылыққа қозғалыстың тарихи процесiн көрсетедi.
Монометализм тұсында – алтын немесе күмiс валютылық бағамның базасы монеталық паритет болып табылды, яғни ол әр түрлi елдердiң ақша бiрлiктерiннiң олардың металдық құрамына байланысты арақатынасын сипаттайды. Ол валюталық паритет ұғымымен сәйкес келедi.
Кесте 2 – Валюта бағамының классификациясы.
Критерийлер |
Валюталық бағам |
|
Қалқымалы Бекiтiлген Аралас |
|
Тең құқықтық (паритетный) |
|
Жедел келiсiмдiк Спот-келiсiмдiк Своп-келiсiмдiк |
|
Ресми Бейресми |
|
Жоғарылатылған Төмендетiлген Паритеттi |
|
Сатып алу бағамы Сату бағамы Орта бағам |
|
Нақты Номиналды |
|
Қолма-қол сату бағамы Қолма-қол емес сату бағамы Валюта айырбастаудың көтерме Банкноттық |
Жалпы алғанда валюталық бағамның қозғалысының бағытарын анықтайтын факторларды 3 топқа бөлуге болады: фундаментальдi, техникалық, қысқа мерзiмдi күтпеген факторлар.
Қандай да бір елдің валюта бағамы барлық маңызды экономикалық факторлардың, атап айтқанда ақша айналысының жағдайын, өндірістің өсу қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т.б. жағдайын бейнелейді.
Валюталық бағамдардың әр түрлi белгiлер бойынша жiктеуге болады. Валюта бағамы бірнеше классификацияға бөлінеді. Ол 2–ші кестеде көрсетілген. [4]
Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді.
І.ІІ Валютаның айырбас бағамы
Валютаның айырбас бағамы – бұл əртүрлі елдер валюталарының арақатынастары; бір елдің ақша бірлігі бағасының екінші бір елдің ақша бірлігі бағасына қатынасы.
Ұлттық жəне шетелдік валюта бағамын тіркеуді валюталық белгіленім (котировка) деп атайды. Шетел валютасы белгіленімінің тікелей жəне кері белгілеу деген түрлері болады. Шетел валютасының тікелей (тура) белгіленімі: ұлттық валюта бірлігінің белгілі бір көлемімен анықталатын шетел валютасы бірлігінің бағасы. Мысалы, 1 долл. = 150 тг.
Шетел валютасының кері белгіленімі: шетелдік валюта бірлігінің белгілі бір көлемімен анықталатын ұлттық валюта бірлігінің бағасы. Мысалы, 1 тг. = 0,006 долл.
Айырбас бағамы жалпы алғанда валюта нарығындағы валютаға сұраныс пен валюта ұсынысы арқылы анықталады. Валюталық нарық – əртүрлі елдердің валюталары сауда-саттыққа түсетін нарық. Көптеген банктер, фирмалар, биржалар, айырбас орындары шетел валюталарымен сауда-саттық қатынастарын жүргізіп отырады.
Валюта бағамының атаулы жəне нақты валюта бағамы деген түрлері бар.
Атаулы валюта бағамы – екі ел валюталарының салыстырмалы бағасы. Яғни, бір ел валютасының екінші ел валютасына шаққандағы бағасы. Атаулы валюта бағамын белгілеу үшін «айырбас бағамы» ұғымы қолданылады.
Нақты валюта бағамы – екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы. Осыны мына мысалдан көруге болады: отандық өнім 90 000 теңге тұрады, ал тура сондай сапасы бірдей американдық өнім 6 000 долларға тең. Екі ел тауарларының бағасын бір валютамен есептеу қажет, мұндай жағдайда қалыптасқан атаулы айырбас бағамын назарға ала отырып, американдық тауардың бағасын теңгемен есептеу керек, мысалы, 150 тг./USD. Нақты айырбас бағамын табу үшін мына формула қолданылады:
мұнда, ε – нақты айырбас бағамы; Р – отандық тауардың бағасы;
Р* - шетелдік тауардың бағасы; е – тікелей белгіленімдегі шетел валютасының атаулы айырбас бағамы. Нəтижесінде, мынадай сандарды алуға болады: 90 000 тг./(150 тг./USD).6 000 USD = 90 000/900 000 = 0,1.
Бұл сан екі ел тауарының айырбасын көрсететін нақты айырбас бағамын көрсетеді. Мұндай жағдайда, американдық 1 дана өнімге отандық өнімнің 10 данасы сəйкес келеді. Олай болса, қалыптасқан осындай атаулы айырбас бағамы мен салыстырмалы бағалар кезінде отандық өнім арзан, ал шетелдік өнім қымбат болады. Егер қандай да бір себептерге байланысты, мысалы, Қазақстандағы инфляцияға байланысты отандық өнімнің бағасы 120 000 теңгені құраса, онда теңгенің нақты айырбас бағамы 0,13ке дейін өседі.
Бірақ бұл мысал нақты шынайылықты қарапайым түрде ғана көрсетеді. Шын мəнінде бұл жерде тек екі тауардың ғана бағалары салыстырылмайды, екі елдегі бағалардың орташа деңгейі салыстырылады. Бағалардың орташа деңгейін есептеу үшін əдетте, ереже бойынша, өзгермейтін тауарлар жиынын көрсететін тұтыну қоржыны алынады, оны бізге Ласпейрес индексімен анықтауға болады. Сондықтан Р жəне Р* белгілерін ары қарай бағалардың орташа қазақстандық (отандық) деңгейі жəне шетелдегі бағалардың орташа деңгейі деп сипаттауға болады.
Егер отандық валютаның нақты айырбас бағамы бір теңгеден төмен болса, онда отандық тауарлар шетелдікке қарағанда салыстырмалы арзан болады. Осыны қазақстандық мысалмен түсіндіретін болсақ, біздің тұрғындар отандық тауарларды көбірек, ал шетелдік тауарларды азырақ сатып алатын болады.
Қазақстандық өндірушілер өз экспорттарын кеңейте бастайды, өйткені, шетел азаматтары да аса арзан қазақстандық тауарларды сатып алуға құлшына бастайды. Демек, қазақстандық таза экспорттың шамасы артады.
Егер отандық валютаның айырбас бағамы бір теңгеден жоғары болса, онда отандық тауарлар шетелдік тауарларға қарағанда салыстырмалы қымбат болып табылады. Ел тұрғындары енді шетелдік тауарларды көптеп сатып ала бастайды. Отандық өндірушілер өздерінің экспорт көлемін қысқартады, ал
қазақстандық импортерлер елге əкелінетін шетелдік тауарлардың көлемін арттыра бастайды. Олай болса, таза экспорт төмендейді. Сондықтан да, осыған қарап нақты айырбас бағамының (ε) жəне қарқынының қаншалықты маңызды екендігіне көз жеткізуге болады. Тауарлар мен қызметтердің жалпы қозғалысы жəне сəйкесінше, төлем балансының қарқыны нақты бағамға тəуелді болып табылады.
Таза экспорт нақты айырбас бағамының функциясы болып табылады, яғни таза экспорт (Хn) пен нақты бағам (ε) арасында кері байланыс бар:
Нақты айырбас бағамының формуласынан оның атаулы айырбас бағамына жəне екі елдегі бағалар деңгейіне тəуелділігін көруге болады. Өз кезегінде, атаулы айырбас бағамына бірқатар негізгі факторлар əсер етеді:
− елдердің ЖІӨ-гі немесе ұлттық табысындағы салыстырмалы өзгерістер. Мысалы, Қазақстанда ЖІӨ Ресейге қарағанда тезірек өсетін болса, онда бұл Қазақстанның аса ауқатты азаматтары өз сұраныстарын импорттық тауарларға да арттырады дегенді білдіреді. Сəйкесінше, импорт үшін ресейлік валюта қажет жəне ресейлік рубльге деген жоғары сұраныс теңгенің
айырбас бағамын төмендетуге алып келеді;
− нақты пайыздың салыстырмалы қойылымдары. Егер Қазақстанда нақты пайыздық қойылым Ресейге қарағанда жоғары болса, онда капиталдар Қазақстанда ағылып, валюталық нарықта ресейлік рубльдің шамасы салыстырмалы түрде көбейе бастайды жəне оның бағамы төмендейді, ал теңгенің айырбас бағамы артады;
− алыпсатарлық операциялар жəне күтімдер. Егер валюталық алыпсатарлар, мысалы, егер Еуроодақ елдерінде экономикалық өсудің қарқыны АҚШ-пен салыстырғанда жоғары болатындығын білсе немесе күтсе, онда еуроға сұраныс артады, ал долларға сұраныс қысқарады жəне оның айырбас бағамы төмендейді.
Нақты айырбас бағамының динамикасына əсер ететін аса маңызды фактор – бағалар арақатынасының өзгерісі. Мұндағы ең басты мəселе болып əртүрлі елдердегі инфляция қарқынының арақатынастары табылады. Егер Қазақстанда инфляция қарқыны жəне оның күтімі Ресеймен салыстырғанда жоғары болса, онда уақыт өте келе өзіміздің теңгеге ресейлік рубльдің аз ғана бөлігін сатып алуға тура келеді немесе бір рубльге теңгенің көп бөлігін беру қажет. Осыған орай, біз Орталық банктің ақша-несие саясаты мен валютаның айырбас бағамы арасында тығыз байланыстың бар екендігін айта аламыз. [5]
Тіркелген айырбас бағамы – бұл Орталық банктің елдер арасындағы валюталардың ресми арақатынасын бекітуі (мысалы, 150 тг./USD) жəне оны ұстап тұра алуы. Бұл кез келген азамат осы тіркелген ресми бағам бойынша елдің Орталық банкінен шетел валютасын сатып ала алады жəне оны осы бағам бойынша сата да алады деген болжамды білдіреді.
Бірақ, Орталық банк пен үкімет айырбастың тіркелген бағамын бекіте алғанымен, шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың тұрақтылығын сақтап тұра алмайды. Өйкені шетел валютасының сұранысы мен ұсынысына əсер ететін көптеген факторлар бар. Олардың біршамалары:
− экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдері. Егерде, Қазақстанда инфляция қарқыны АҚШ-қа қарағанда жоғары болса, онда долларларға сұраныс өседі жəне теңгеге сұраныс төмендейді;
− салыстырмалы нақты пайыздық қойылымдар. Əртүрлі тең жағдайларда, егер шетелде отандық экономикаға қарағанда пайыздар жоғары болатын болса, онда экономикалық субъектілер пайыз түрінде көбірек пайда табу мақсатында өз депозиттері бойынша активтерін шетелдік валютада орналастыратын болады;
− экспорт пен импорттағы өзгерістер. Мəселен, АҚШ-тан Қазақстанға жөнелтілетін импорттық өнімдер долларға сұранысты туындатады, олай болса, қазақстандық импортерлерге американдық жеткізушілермен есеп айырысу үшін долларлық валюта қажет деген сөз. Ал Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауарлар доллар ұсынысын туындатады, демек, қазақстандық экспортерлер отандық өнімдерді сыртқа шығара отырып шетел
валютасын алады. Сəйкесінше, осы факторларды есепке ала отырып, тіркелген айырбас бағамы тек валюталық басқыншылық операциясын қолданумен ғана белгілі бір деңгейінде ұсталынып тұра алады. Біз жоғарыда атап өткеніміздей, валюталық басқыншылық Орталық банктің ақша-несие саясатының төртінші жанама құралы ретінде Орталық банктің валюта нарығында айырбас бағамының оның тіркелген деңгейінен ауытқуы орын алғанда өзінің халықаралық резевтерінен шетел валютасын сатып алуы немесе сатуы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет айырбастың тіркелген бағамы туралы жариялай отырып, оны ұстап тұра алуына сенімді болуы керек жəне халықтың да үкіметке деген сенімі жоғалмауы тиіс. Егер Орталық банк айырбас бағамын 150 тг./USD деңгейінде ресми бекітетін болса жəне осы кезде арзан ақшалар саясатын жүргізетін болса, онда инфляция қарқынының өсуі валютаның айырбас бағамын «қара нарықта» (валютаның еркін нарығы іспеттес) одан сайын арттыра түсуі мүмкін, мысалы, 160 тг./USD. Мұндай жағдайда алыпсатарлар Орталық банктен долларларды 150 тг./USD бағамы бойынша сатып алып оны еркін қара нарықта 160 тг./USD. бағаммен барлығына бірдей қайта сата бастайды.
Қалыптасқан осындай жағдайлар кезінде үкімет пен Орталық банк ерте ме, кеш пе, əйтеуір девальвацияға жүгінуге мəжбір болады. Девальвация – бұл тіркелген айырбас бағамы кезінде ұлттық валютаның бағамын ресми жарияланған түрде төмендету. Біздің мысалымыз бойынша, енді Орталық банк жаңа тіркелген бағамды жариялайды: 160 тг./USD. Девальвация саясаты сауда балансы жəне төлем балансы тепе-теңдігінің мəселесін уақытша шеше алады. Себебі үкіметтің осы шарасы тауарлардың экспортын арзандатады жəне оны кеңейтеді. Алайда, бір уақытта, девальвацияның салдарынан импорттық тауарлар қымбаттай бастайды. Сонымен, ұлттық валютаны девальвациялау импортерлерге тиімсіз жəне экспортерлерге тиімді болып табылады.
Ревальвация – бұл тіркелген айырбас бағамы кезінде ұлттық валютаның бағамын ресми жарияланған түрде жоғарылату. Импортерлер мен экспортерлер тұрғысынан бұл жағдай девальвация шарасына қарама-қарсы болып табылады: импортерлер ұтады жəне экспортерлер ұтылады.
Соңында, тағы бір көкейге түйетін жайт, яғни, «девальвация» жəне «ревальвация» ұғымдары айырбастың тек тіркелген бағамы кезіндегі жағдайларда ғана қолданылады.
Еркін қалқымалы айырбас бағамы – бұл Орталық банктің валюталық нарықта нарықтық сұраныс пен ұсыныстың əсерінен айырбас бағамының еркін түрде құбылуына жол беруі. Қалқымалы бағам кезінде Орталық банк валюта басқыншылығын жүргізбейді, жəне сəйкесінше, оның алтын валюталық резервтері өзгермейді (ΔR = 0). Ал төлем балансы бұл кезде валюта бағамының құбылуынан тепе-теңдік қалпында болады.
Еркін қалқымалы жүйе жағдайларындағы айырбас бағамының өзгерістерін валютаның құнсыздануы немесе қымбаттауы деп атайды. Біздің мысалымызда, шетел валютасының айырбас бағамы 150-ден 160 тг./USD-ға дейін көтерілгенде оны доллардың қымбаттауы (сəйкесінше, теңгенің құнсыздануы) дейді. Керісінше, шетел валютасының айырбас бағамы 160-тан 150 тг./ USD-ға дейін төмендегенде оны доллардың құнсыздануы (сəйкесінше, теңгенің қымбаттауы) деп атайды.
Еркін қалқымалы айырбас бағамы төлем балансының тапшылығын немесе артықшылығын ұлттық валютаны құнсыздандыру немесе қымбаттату арқылы автоматты түрде реттейді.
Орталық банктің валюта нарығындағы əрекеттерімен байланысты тағы бір маңызды ұғым бар. Егерде, ол экспортерлерден долларларды сатып алса, онда ол ұлттық валюта – теңгемен есептеседі. Шетел валютасын сатып алумен байланысты теңгені эмиссиялау жұмысы ақша базасын көбейтеді, ал соның салдарынан, ақша мультипликаторы арқылы ақша массассы (ұсынысы) да артады. Осының бəрі инфляцияны күшейтеді. Валюта басқыншылығының елдегі ақша ұсынысына əсерін бейтараптандыру үшін Орталық банк осы басқыншылыққа қарама-қарсы болып келетін ішкі активтер (мемлекеттік облигациялар) бойынша келісім-шарттарды жүргізеді. Осындай іс-əрекеттерді айықтыру (стерилизация) деп атайды. Мысалы, Орталық банк 10 млн.сомасында қолма-қол долларларды сатып алу кезінде атаулы айырбастың ағымдық бағамы бойынша теңгемен есептесті. Олай болса, валюта басқыншылығының нəтижесінде ақша базасы ұлғаяды. Оны айықтыру үшін Орталық банк ашық нарықта коммерциялық банктерге жəне тұрғындарға сондай сома көлемінде мемлекеттік облигацияларды сатады. Мемлекеттік облигацияларды сатып алу коммерциялық банктердің резервтерін төмендетеді. Сөйтіп, ақша базасы, яғни, С (қолма-қол ақшалар) + R (резервтер) өзгеріссіз қалады. [6]
ІІ Валюталық бағам өзгерісі
ІІ.І Валюталық бағам өзгерісіне әсер ететін факторлар
Валюта бағамына келесі факторлар әсер етеді :
- инфляция екпіні;
- пайыздық қойылымның өзгеруі ;
- елдің төлем балансы ;
- ұлттық табыс ;
- жағдаятты факторлар ;
-белгілі бір валютаның еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі;
- ұлттық және дүниежүзілік нарықтарда сенімділік дәрежесі.
Басқа шарттар тең жағдайында инфляция деңгейі ұлттық валютаның бағамының көлеміне кері пропорционалды әсер етеді. Басқаша айтқанда инфляция деңгейінің өсуі ұлттык валюта бағамының төмендеуіне, ал инфляция деңгейінің азаюы керісінше ұлттық валюта бағамының жоғарлауына әкеліп соқтырады.
Пайыздық қойылымның өзгеруі валюта бағамына екі түрлі әсер етеді. Бір жағынан олардың номиналды өсуі ел ішіндегі ұлттық валютаға деген сұранымның азаюына әкеледі. Себебі кәсіпкерлерге несие алу қымбатқа айналады. Ал несие алған жағдайда, кәсіпкер өз өнімінің өзіндік құнын көбейтеді және ол өз кезегінде ел ішіндегі тауарлар бағасының өсуіне әкеледі. Бұл ұлттық валютаны шетелдік валютаға деген қатынасында салыстырмалы түрде құнсыздандырады.
Екінші жағынан, басқа шарттар тең жағдайында, белгілі бір елдегі пайыздық қойылымның өсуі шетелдіктерге осы елде өз капиталын ұстауы өте табысты болады. Екі түрлі пайызды ұтыс тігулердің өзгертуі валюталық бағытқа әсер етеді.Сондықтан пайыздық қойылымның өзгеруі валюта бағамына тікелей және кері пропорционалды әсер етеді.
Елдің төлем балансы валюта бағамына тікелей әсер етеді. Оң немесе активті төлем баланс ұлттық валюта бағамының өсуіне мүмкіндік жасайды. Себебі шетелдік дебиторлар тарапынан оған деген сұраныс көбейе түседі. Ал теріс немесе пассивті төлем баланс керісінше ұлттық валюта бағамының төмендеуін туындатады.Төлем балансының валюта бағамына әсерінің көлемі елдің экономикасының ашықтылығының дәрежесімен анықталады. Неғұрлым ЖҰӨ-де экспорт үлесі жоғары (неғұрлым экономиканың ашықтылығы жоғары), соғұрлым төлем балансының өзгеруіне байланысты валюта бағамының икемділігі жоғары.
Ұлттық табыс өзі-өзінен өзгеретін тәуелсіз құрылым емес. Алайда ұлттық табыстың өзгеруіне әсер ететін факторлар, сонымен қатар валюта бағамына да әсер етеді. Демек тауарлар ұсынылымының өсуі валюта бағамын жоғарлатады, ал ішкі сұранымның өсуі валюта бағамын төмендетеді. Ұзақ мерзімді кезеңде ұлттық табыс неғұрлым жоғарғы болса, соғұрлым елдің валютасының құны жоғарғы болады. Қысқа мерзімде бұл үрдіс кері жүреді.
Жағдаятты факторлар қысқа мерзім уақыт кезеңінде ұлттық валюта бағамының көлемін едәуір өзгерте алады. Демек экономиканың дамуының перспективасы қатынасындағы күтулер, бюджеттік және ішкі саудалық дефициттердің өзгеруі валюта бағамына тікелей әсер етеді.

- Валюталық бағам
- Валюталық бағам және оны реттеу
- Валюталық жүйе
- Валюталық жүйе
- Валюталық жүйе және оның түрлері
- Валюталық жүйе және оның түрлері
- Валюталық жүйе және оның түрлері
- Валюта и ее виды
- Валюта и ее виды
- Валюта и ее виды
- Валюталык багам
- Валюталык тауекел - сактау
- Валюталық баға кесу. Бағамды болжау
- Валюталық баға кесу. Валюталық бағамды болжау