Витаминдер адам организмі үшін
СӨЖ
С.Ж Асфендияров атындағы қазақ Ұлттық медицина Университеті
Казахский Национальный Медицинский Университет имени С.Д Асфендиярова
Қалыпты физиология кафедрасы
Тақырыбы: Витаминдер
Орындаған: Балқан А.С
Курс: 2
Тобы: 12-001-01
Факултет: Стоматология
Қабылдаған: Жақыпбекова С.С
Алматы 2013
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Витаминдер туралы жалпы түсінік
- Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
- Витаминдердің атауы
- Витаминдердің классификациясы
- Витамин түрлері
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
- Витаминдер дегеніміз – барлық тағам мен азық – түлік өнімдерінде, жем - шөпте шағын мөлшерде ғана кездесетін, ал адам мен жануарлар ағзасында бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төмен молекулала органикалық заттар. Астық құрамында витаминдер аз мөлшерде кездескенімен, олардың ағзаға тигізетін әсері өте үлкен.
Егер үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда кездесетін бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды.
Витаминдер
- Адамның және жануарлардың ағзасында, өсімдік тектес азықтарда витаминдердің алғы шарты сияқты қосылыстар болады. Олар провитаминдер (каротиндер, стеролдар) деп аталады. Мұндай провитаминдер тиісті активті қалыпқа түскеннен кейін сәйкес витаминдерге айналады.
- Витаминдер жетіспеген жағдайда ағза ауруға шалдығады. Химиялық құрылысы жағынан витаминдер алуан түрлі. Олар құрамында 18-20 көміртек атомы бар циклді көмірсутектер мен қанықпаған - лактандар, аминоспирттер, қышқылдардың амидтері, циклогександар, хош иісті қышқылдар, нафтохинондар,, имидазол, пиррол тағы басқа да циклді қосылыстардан тұрады. Витаминдердің басым көпшілігіне спиртті және карбоксилді топтар тән. Тек кейбіреулерінде ғана амин тобы болады. Кейбір витаминдер ағзаға да синтезделеді. Олар қоректік заттармен ағзаға түсіп, зат алмасуға, ағзаның өніп-өсуіне әсерін тигізеді. Витаминдер негізінен тек өсімдіктерде пайда болады.
Витаминдер
- Ағзаға тағамдар арқылы келіп түсетін белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын тездететін және реттейтін де витаминдер. Витаминдерді тек дәрі-дәрмек ретінде қарастырып, оларды түрлі аурулардың алдын алып күресу үшін қолданылатын заттар деп қарау қате. Бұларды тағамдық заттар деп қарауымыз тиіс, өйткені витаминдер тағамның құрамына кірмесе, онда тіршіліктің қалыпты жайы бұзылады.
- Қазіргі кезде көпшілік адамдардың ерте көктемде әл-қуаты кеміп, тез шаршап-шалдығып, ағзаның әлсіреуінің ең басты себебінің бірі – адам ағзасына қажет витаминдердің жетіспеуі екендігі дәлелденіп отыр.
Витаминдер
- Витаминдердің адам ағзасы үшін биологиялық мәні өте зор. Олар ағзадағы зат алмасу процестерін жақсартады, ағзаның әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабілетін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір витаминнің ағзада ерекше орындайтын өз міндеті бар.
- Азық-түлікте, жем-шөпте ұзақ уақыт бойы витаминдер болмаса, ағзаның витаминді сіңіру қабілеті бұзылса, ауру пайда болады. Ондай ауруды авитаминоз деп атайды. Қоректе ұзақ уақыт С витамині болмаса, ағза құрқұлақ ауруына ұшырайды. Мұндай витаминдер жоқ жағдайда құр-құлақ – С – авитаминоз деп жазу қабылданған. Осылайша рахит Д - авитаминоз, бери-бери – В1 – авитаминоз т.с.с.
- Авитаминоз ауруларын витаминдерді көбірек беру арқылы емдейді. Авитаминоз ауруларының белгісі айқын білінеді, сондықтан оның диагнозын қойып, анықтау онша қиын емес.
Витаминдер
- Витаминнің жетіспеуі жиі кездеседі. Мұндай кезде сырқат белгі береді. Бұл құбылысты гиповитаминоз деп атайды. Гиповитаминоз құбылысы ағзаға қажет витамин мөлшерінің қалыптан тыс төмендеп кетуінен болады. Гиповитаминоз белгілерін анықтау қиындау келеді. Әдетте гиповитаминоз сырқаты қыстың аяғына таман, азық-түлікте және жем-шөпте витаминдер мөлшері өте азайған кезде байқалады.
- Кез келген витаминді ағзаға қалыптан тыс көп беру гипервитаминоз ауруына ұшыратады.Витаминді бірден көп мөлшерде қабылдау да ағзаға кері әсер етеді, яғни уландырады.
Витаминдер
- Жүргізілген ғылыми жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, ой жұмысымен шұғылданатын адамдардың ағзасы қара жұмыспен айналысатын адамдармен салыстарғанда витаминдерді әсіресе С витамині мен В тобының витаминдерін көбірек қажет етеді екен. Сол себепті көктемде витаминдерді мол тағамдарды жиірек пайдаланған жөн. Бұл мезгілде кептірілген жемістер, сонымен бірге басқада жеміс-жидектердің шырындары мен қайнатпалары асқа көбірек пайдаланған тиімді. Тамаққа қосып көк пиязды және де ашытқан капусталарды жеу қажет. Себебі, бұл тағамдардың құрамында әр түрлі витаминдер мол болады, әрі ұзақ жақсы сақталады.
- Басқа тағамдарға қарағанда сүтте жеткілікті мөлшерде көптеген витаминдер бар және олар ағзаның тұрақты да негізгі қайнар көзі ретінде ерекше орын алады. Барлық витаминдер ағзаға комплексті әсер етіп, бірін-бірі толықтырады. Олар ағзада жетіспесе, зат алмасу бұзылып, денсаулықтың нашарлауына әкеп соқтырады.
Ашылу тарихы
- Витаминдерді зерттеуді ең алғаш орыс ғалымы Н.И.Лунин бастады. Ол алғашқы рет тамақтың құрамындағы жануарлардың тіршілігіне әсер ететін заттарға көңіл аударады. XIX ғасырдың аяғына дейін жануарлар тіршілік етуі үшін көмірсулар, майлар, белоктар, минералды заттар және судың болуы жеткілікті деген пікір қалыптасып келді. Бірақ Н.И.Луниннің жасаған тәжірибесі ол пікірді жоққа шығарды. Н.И.Лунин жоғарыда көрсетілген заттардың қоспасымен тышқандарды қоректендірген. Бірақ тәжірибе тышқандардың тіршілік етуі үшін бұл қоспалардағы заттардан басқа бір заттың жетіспейтінін көрсетті. Осыдан кейін ғана бүкіл тірі ағзалардың тіршілік етуі үшін қажетті бұрыннан белгілі заттармен қоса тағы бір белгісіз зат бар деген пікір пайда болды. Осындай пікірді У.Бунгенің С.А.Сосиннің және тағы басқа шет ел оқымыстыларының жұмыстары дәлелдеп берді.
- 1986 жылы голланд дәрігері Эйхман ақталған күрішпен тамақтанатын адамдардың «бери-бери» ауруымен көп ауыратынын, ал ақталмаған немесе жартылай ақталған күрішпен тамақтандырылғанда адамдар ол аурумен ауырмайтынын байқады. Кейіннен Гопкинс (1906 жылы) күріш дәнінің сыртқы қауызында белгісіз бір заттың бар екенін, ал ақталған күріште ол заттың болмайтындығын анықтады. 1912 жылы поляк оқымыстысы К.Функ ашытқыдан витаминге ұқсас құрамында амин тобы бар кристалды затты бөліп алды. Бұл затпен полиневрит ауруымен ауырған көгершінді емдеп жазды. Бұл заттың жануарлар ағзасына тигізетін әсерін зерттей келе, оның проф. Н.И.Лунин ашқан жаңа затқа ұқсас екенін анықтады. Осыдан кейін Функ адам мен жануарларда болатын кейбір аурулар тағамның құрамындағы белгісіз бір заттың жетіспеуінен болады деген қорытындыға келді. Ол бұл затты «витаминдер» деп атады. «Вита» - латынның «тіршілік, өмір» деген сөзі, ал «амин» - деп химиялық құрамында азоты бар заттарды атайды.
Ашылу тарихы
- 1913 жылы Макколлум және оның шәкірттері жануарлардың қалыпты дамуы үшін майда еритін фактор «А» - ның қажет екенін анықтап, оған А витамині деп ат берді. Макколлум витаминдерді ашылу ретіне қарай латын алфавитінің алғашқы әріптерімен белгіледі. А витамині, С витамині. Кейіннен В витаминінің бірнеше түрлері белгілі болады да, оларды ретіне қарай В1,В2,В3, т.б.деп белгіледі.
- 1928 жылы Сент-Дьерьди С витаминінін ашты және оның малдың бүйрек үсті безінен бөлінетінін, сонымен бірге кейбір өсімдіктерде кездесетінін анықтады. Осыдан кейін 1935 жылы дат ғалымы Дам қанның құрамында болатын К витаминінін ашты.
- 1948 жылы Смит, Фолкерс В12 витаминін тапты. Бұл витаминнің жетіспеуі адам ағзасында қанның азаюына әкеліп соқтыратыны белгілі болды.
Ашылу тарихы
Витаминдердің атауы
- Қазіргі кезде барлық витаминдердің химиялық құрамы анықталды және олардың бәрі синтездік жолмен алынды. Оларға химиялық атау берілді, мәселен, А витамині – ретинол (ол жалғауы молекуласында спирт тобы бар екенін білдіреді) деп аталады. Д витамині – кальциферол деп аталады, яғни «кальций ионын, тасымалдайды» деген мағынаны береді.
- Сол сияқты витаминдерді ол жетіспеген кезде ұшырайтын аурудың атымен атау қабылданған. Ол кезде «анти» деген қосымша жалғанады. Бұл қосымша сөз болып отырған витаминге сәйкес авитаминоз ауруының алдын алады және одан сақтандырып жазады деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Д витамині антирахит витамині(рахитке қарсы) деп, С витамині антицинготтық (құр-құлаққа қарсы)витамин деп аталады.
Витаминдер классификациясы
- Соңғы кезде витаминдерді классификациялап үлкен 4 топқа бөлді:
1. алифматикалық витаминдер қатары ;
2. алициклды витаминдер қатары;
3. ароматикалық витаминдер қатары;
4. гетероциклді витаминдер қатары.
- Осылардың ішінде табиғат пен күнделікті тіршілікте кеңінен таралып, жиі кездесетін, әрі өмірімізде көп пайдаланылатын су мен майларда еритін витаминдер топтары.
- Суда еритін витаминдерге: тиамин, рибофлавин, пантотен қышқылы, пиридоксин, кобаламин, никотинамид, аскорбин қышқылы, биотин, инозит холин, рутин, фолий қышқылы, парааминобензой қышқылы және т.б. енеді.
- Майда еритін витаминдерге: ретинол, кальциферол, токоферол, филлихинон, убихинон, алмастырылмайтын май қышқылдары / А, Д, Е, К,Q / және т.б. кіреді.
Витаминдер
- Қазіргі кезде 30-дан астам витаминдер түрлері ашылды. Суда еритін витаминдер ферменттердің простетикалық топтарының құрамына кіреді, сөйтіп, олар ферменттердің активтілігін жоғарылатады. Керісінше де әсер етеді. Суда жақсы еритін витаминдер түрі өте көп. Бұл витаминдердің адам ағзасына әсер мөлшері де түрліше болады.
- Витаминдер ағзада тотығу-тотықсыздану реакциясына түседі. Витаминдерге – бауыр, бүйрек, жүрек, ішек-қарын, жұмыртқа, ет-сүт, май, нан, көкөністер мен жеміс-жидектер өте бай келеді. Витаминдерді ағзаның қажет етуі тамақтану режимі кезінде өзгерумен бірге, сол сияқты кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларда да күшті өседі.
Суда еритін витаминдер
Белгіленуі |
Химиялық атауы |
Емдік және биологиялық әсеріне байланысты атауы |
Тәуліктік қажеттілігі (мг) |
В1 |
Тиамин |
Антиневритті |
1,5-2,0 |
В2 |
Рибофлавин |
Өсіру витамині |
1,5-2,0 |
В3 (РР) |
Никотинамид |
Антипеллагралық |
10,20 |
В5 |
Пантотен қышқылы |
Антидерматиттік |
10 |
В6 |
Пиридоксин |
Антидерматиттік |
2-4 |
В9 (Вс) |
Фоль қышқылы (ТГФҚ) |
Антианемиялық, өсіру витамині |
0,3-1,0 |
В12 |
Кобаламин |
Антианемиялық |
0,003 |
С |
Аскорбин қышқылы |
Скорбутқа қарсы |
60-100 |
Р |
Рутин |
Капилляр беріктігін нығайтатын витамин |
Дәл анықталмаған |
Н |
Биотин |
Себорреяға қарсы |
0,15-0,3 |
Майда еритін витаминдер
Белгіленуі |
Химиялық атауы |
Емдік және биологиялық әсеріне байланысты атауы |
Тәуліктік қажеттілігі (мг) |
А |
Ретинол |
Ксерофтальмияға қарсы |
1,5-2,0 |
Д |
Кальциферол |
Рахитке қарсы |
0,02 |
Е |
Токоферол |
Бедеулікке қарсы, антиоксиданттық |
20-40 |
К |
Филлохинон, нафтохинон |
Антигеморрагиялық |
1,0-2,0 |
- Суда еритін витаминдер.В1 витамині (тиамин, антиневриттік витамин, аневрин). Тамақ құрамында тиамин немесе В1 витамині жоқ болса, бери-бери немесе полиневрит деген ауруға шалдығады. Полиневрит кезінде жүйкелері қабынады, жүректің қызметі бұзылады, асқазан – ішек трактасының қызметі бүлінеді, ас қорыту сөлінің секрециясы төмендейді, судың алмасуы бұзылады.
- В1 витаминінің зат алмасуға, әсіресе көмірсулардың организмдегі түрлі химиялық өзгерту процестеріне өте қажет. Өйткені ол осы процестерге қатысы бар ферменттердің құрамына кіреді.
- В1 витаминінің организмнің түрлі зиянды әсерлерге қарсы күресу қабілетін арттыруда мәні зор. Күнделікті тағамда бұл витамин жеткіліксіз болса, нерв жүйесі зақымданады. Сөйтіп, полиневрит,яғни нерв жүйелерінің ауруы пайда болады. Жоғарыда айтылған «бери-бери» ауруының негізгі себебі де осында.
- В1 витамині қауызынан тазаланбаған күріште, ірі тартылған ұнда, тағы басқа өсімдік тағамдарында кездеседі. Сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда, бүйректе, етте көп болады. Ағза тәулігіне орта есеппен 2-3 миллиграмм тиаминді керек етеді.
B1
B2
- В2 витамині (рибофлавин). В2 витамині тотығу және тотықсыздану реакцияларына қатысады. Олай болса, В2 витаминінің зат алмасудағы маңызыда өте зор.
- В2 витамині әсіресе клетканың, яғни ағзаның өсіп - өнуіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің тағамдарда жетімсіздігі адамдардың, әсіресе балалар бойының өсуі қабілетін де төмендетеді. В2 витаминінің көздің көру процесінде де үлкен мәні бар. Әсіресе, бұл витамин А витаминмен бірге қараңғы түсе көздің көруіне және әр түрлі түсті айыруына қажет.
Рибофлавин гиповитаминозында да алғашқы өзгерістердің бірі – ұсақ қан тамырларының әлсіреуі, соған байланысты қан айналуы да нашарлай түседі. В2 витаминінің жетіспеушілігі бірте – бірте бауыры мен асқазан қызметіне де зақым келтіреді. Балалар тағамының құрамында рибофлавин аз болса, олардың бойының өсуі мен салмақ қосуы баяу болады.
Жалпы В2 витамині жеткіліксіз болғанда адам жүдеп, шаршағыш келеді, көзі ашып қызарады, тілі, ерні шаншып ауырады. Көзден жас ағып жарыққа қарай алмайды , көздің көруі де нашарлайды. Жиі кездесетін белгісінің бірі – екі езуінің кілегей қабығы мен терісі жарылып , қабынуы мүмкін. Оны біздің халық арасында «ауыздық» деп те атайды. Терінің сыртқы қабаты қабыршақтанып кетеді. Ағзадағы флавиндер деп аталатын ферменттердің құрамына В2 витамині кіреді. Демек, В2 витамині жетіспеген ферменттер алмасуы бұзылып, осының әсерінен жалпы заттар алмасу жүйесі зақымданады .
- РР витамині (В5 витамині никотин қышқылы). РР витаминінің аты «Pellagra preventing» (пеллагра ауруына қарсы) – деген ағылшын сөздерінің бас әріптерінен құралған. Тағамда В5 витамині немесе никотинамит болмаса, адармдар пилагра ауруына шалдығады. Бұл ауруға тән қасиет қолдардың терісі мен бетте жақсы байқалады. Терінің күн тиетін жерлері түгел қызарып, одан кейін қарайып кетеді. Тағы да ішкі секрециялық бездерде дистрофиялық өзгерістер, шаш ағаруы, шаштың түсуі, тәбеттің нашарлауы т.б байқалады. Никотин қышқылы клеткалардағы тотығу және қайтадан қалпына келтіру процестеріне қатысады.
- Никотин Қышқылының әсерінен тамырлардың қызметі жақсарады, сондай-ақ бауыр мен миға да жақсы әсер ететінін байқауға болады.
- Табиғатта таралуы. Никотин қышқылы көп мөлшерде жүгерінің және күріштің кебегінде, ұнда, ашытқыда, картопта, жануарлар бауырында, етте, балықта кездеседі.
B3
Никотин Қышқылының бір тәулікте ересек адамға қажетті мөлшері 15-25 мг.
- Пантотен қышқылы (В5 витамині ). Бұл витамин 1933 жылдан белгілі бола тұрса да, ол тек бірнеше жыл өткеннен кейін барып кристалдық түрде алынды. Тағамдарда пантоден қышқылы жоқ болса, асқа тәбет шашпайды, өсу процесі тоқталады, денеге жара түседі. Бүйрек безі зақымданады, денедегі түктердің және шаштың түсі өзгереді. Бұл жайт пантотен қышқылының ағзадағы ең қажетті, әрі ерекше органикалық қосылыс – коэнзим А – ның құрамына кіретіндігімен түсіндіріледі. В5 витамині көмірсулар мен майлардың алмасуына бар ферменттердің құрамына енетіндіктен, оның қажетті мөлшерінің жетіспеуі майлар мен көмірсулардың ағзадағы алмасу, қорытылу жүйесінің бұзылуына әсер етеді.
B5
Авитаминоз. В5 – авитаминозына тән құбылыс – жас жануарлардың өсуі тоқтайды, терісі зақымданады, шаш ағарады, нерв жүйесінің , асқазан-ішек жолының жұмысы бұзылады. Адамда және жануарларда В5 – авитаминозы сирек кездеседі.
Табиғатта таралуы. Пантоден қышқылы өсімдіктерге қарағанда, жануарлар ұлпасында және мүшелерінде көп. Негізгі көздері: балық уылдырығы, балауыз, ашытқы, өсімдіктердің көгі, бауыр.
Бұл витаминнің ересек адамға қажет мөлшері тәулігіне 10-15 мг.
- В6 витамині (пиридоксин, адермин). 1926 жылы Гольдбергер қолдан жасалған диеталық қорекпен тышқандарды азықтандырғанда , олардың дерматит аурына шалдыққанын байқаған. Бұған қарсы В1,В2 витаминдерімен әсер еткенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл витаминнің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетті екені дәлелденді. 1937 – 1939 жылдары бұл зат ашытқылардан бөліп алынып, оны витамині деп аталды. Сөйтіп, тағамдарда пиридоксин жетіспегенде , полиневрит, анимия және тері ауруы – дерматитті тудырады. Бұл дерттерден никотин қышқылынан гөрі, пилидоксин мен әсер етіп жылдам айықтыруға болады.
B6
В6 витамині ағзаға өте қажет. Өйткені ол зат алмасудың , қан түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады, ферменттердің құрамына енеді, жүйке жүйелерінің қызметін реттеп, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді.
Табиғатта таралуы: бұршақ, астық тұқымдастарда, етте, балықта картопта көптеп кездеседі. Ол ішек микрофлорасы арқылыда аздаған мөлшерде синтезделеді де, ағза қажеттілігін біршама азайтады.
- В12 витамині (кобаламин, антианемиялық витамин). XIXғасырдың ортасында асқазанның сілемей қабаттарының дертке шалдығатындығы мен қанда шамадан тыс мөлшері жағынан едәуір жетілмеген қызыл қан түйіршіктері кездесетіндігі туралы факт анықталып, бұл ауруды пернициозды анемия деп атады. Мұны жұқпалы ауруы жатқызып, көп уақытқа дейін емдеу тәсілі табылмады. 1926 жылы осы қатерлі қан азаюына қарсы адамдарға шикі бауырды бергенде, оның қан құрамын жақсартуға пайдасы тигендігі байқалды.
B12
1948 жылы бауырдан құрылымы жағынан қан геміне ұқсас, құрамында кобальт бар, жаңа витамин кристалдық түрде бөлініп алынды. Бұл құрамы жағынан өте күрделі қосылыс .Ол дені сау адамның асқазан сөлінде кездесетін , құрамында 11 –12% гексамині бар, мукопротеин белогі екен.
В12 витаминінің химиялық құрылымын Дороти Ходжкин рентген сәулелерінің дифракция жасау әдісі арқылы анықтады. В12 витамині химиялық құрамы ең күрделі витаминге жатады және құрамында металл бар бірден – бір витамин болып табылады.
Табиғатта таралуы: бұл витаминді жануарларда, өсімдіктерде де синтездей алмайді. Тек микроорганизмдер: бактеериялар, актиномициттер және көкжасыл балдырлар синтездейтін жалғыз витамин. Жануарлар тіндерінде бауыр мен бүйрек осы витаминге бай.
- Асқорбин қышқылы (С витамині). 1820 жылы Австралия дәрігері Крамері белгісіз аурудың әсерінен адамның тістерінің еті қанталап, түбі босап, тіс түсіп және оңай жарақаттанғыш келетінін, экземасы пайда болатынын, ағзаның жұмысқа қабілеті төмендеп, тез шаршайтынын кезінде жазып сипаттаған еді. Құрқұлақ ауруымен, әсіресе теңізшілер, жауынгерлер жиһангездер ұзақ сапарға шыққанда жиі ауырады екен. Мысалы, Португалияның атақты теңізшісі Васко да Гаманың Үндістанға бірінші саяхатында 100 адамынан,ал бір жылдан кейінгі екінші саяхатында 160теңізшісінің 150-нен айырылуының себебі осы құрқұлақ ауруының салдарынан екен.
C
1907 жылы Хольст пен Фрейлих теңіз шошқаларын құрамында жас жаңа шыққан көкөнісі жоқ – диеталық тағамдармен қоректену арқылы жоғарыда жазылған ауруды тудырып байқады.
1921 жылы Н.Бессенов орамжапырақ шырынынан тотығу-тотықсыздану қасиетіне ие және құрқұлақтан қорғайтын препарат алды.
Венгр оқымыстысы Сент-Дьердьи малдың бүйрек үсті безінен жаңа зат бөліп алып, оның күшті тотықсыздандырғыш қасиеті барлығын және химиялық табиғаты жағынан гексурон қышқылы екендігі анықталды. Бұл қосылыстың цинга ауруынан қорғайтындығын аша отырып, оны аскорбин қышқылы (С витамині) деп атады.
Таралуы: негізгі көзі – өсімдіктекті тағамдар, бұрыш, қара қарақат, орамжапырақта, цитрустарда көр
Р витамині (рутин). Венгр оқымыстысы Сент-Дьердьди зерттеулерінің нәтижесінде өсімдіктер өнімдерінде физиологиялық қасиеті жағынан қышқылына ұқсас заттар бар екендігін анықтап, оны Р витамині деп атады. Тағамдар құрамында бұл витамин аз болып жетіспеген жағдайда адам ағзадағы ұсақ әрі жіңішке қан тамырлары-капиллярлардың өткізгіштігі артып, денеге зиянды қан құйылу байқалады. Егер осындай дертпен ауырған адамға құрамында Р витамині жеткілікті цитрус өсімдіктері өкілдерінің шырынын, не қызыл бұрыштың экстрактысын бергенде капиллярлардың өткізгіштік қабілетін қалпына келтірген. Ал таза аскорбин қышқылын бергенде мұндай өзгеріс байқалмаған.
P
- Фоли қышқылы (Вс витамин, птероилглютамин қышқылы). В.Ефремов деген зерттеуші екі қабат әйелдердің макроцитарлы анемия дертімен ауыратынын анықтады. Олардың бұл аурудан жануарлар бауырын бергенде жазылатындығы белгілі болады. Кейіннен ашытқыларда бұл дертке қарсы жақсы әсер ететіндігі табылды. Мұндай зерттеулер құс балапандарына жүргізілген тәжірибелер арқылы да дәлелденді, сондықтан бұл витамин Вс деген атқа ие болды. Соңынан Вс витамині өсімдіктердің жасыл желектерінде кездесетіндігі, әсіресе саумалдақ жапырақтарында көп болатындығы анықталды, сондықтанда ол фоли қышқылы деп аталынды.
- Сондай-ақ бұл витамин химиялық табиғаты жөнінен тағы бір атқа ие – птероилглютамин қышқылы делінеді, бірақ көпшілік дәрігерлер мен провизорлар қауымында кең таралған аты фоли қышқылы екен.
Bc
- А витамині (ретинол,антиксерофтальмалық). А витамині химиялық құрылымы тұрғысынан каротинге жақын, 1831 жылы неміс ғалымы Вакендродер оны өсімдіктерден бөліп алды.
A
Адам мен жануарлар тіршілігінде А витаминінің атқаратын маңызы зор. Бұл витамин тағамдық заттардың құрамында жетіспегенде ағзадағы зат алмасу бұзылады, оның салдарынан өсу кешеуілдеп, салмақ азаяды. Көздің әлсіз жарық жағдайында адамның көру қабілеті де нашарлайды. Мысалы кешке жақын қараңғылық түсе бастағанда өте нашар көреді. Оны халық арасында «ақшам соқыр» немесе «тауық көз» дейді. Мұндай аурумен ауыратын адам көзі қызарып, ауырып, жарыққа қарай алмайды. Жапонияның транспорт министрлігі түнде жұмыс істейтін шоферлерге А витаминін қосымша түрде арнайы бергізіп тұрады. Ретинол әсіресе бауырда, бүйректен жасалған тағамдарда, сары майда, жұмыртқада, балықтардың майларында көп кездеседі.
Авитаминоз. Ағзада А витамині жетіспеген кезде эпителий клеткаларының қалыпты түзілуі бұзылады. Бұл А – авитаминоздың бір себебі. Ретинолдың жетіспеуі салдарынан лизоцим болмайды, көз алмасын ауруға ұшыратады, оның эпителийі құрғайды. Мұндай сырқатты ксерофтальмия деп атайды. Ксерофтальмия сырқаты кезінде көз қатты зақымданады. Соның салдарынан соқыр болып қалады.
Гипервитаминозы: көздің қасаң қабығының қабынуы, гиперкератоз, буындардың ауруы, бауырдың үлкеюі т.б.
- D витамині (кальциферол, антирахиттік витамин). XVIII ғасырдың ортасында Глиссон деген ағылшын дәрігері Лондон қаласында тұратын жас балалардың арасында кездесетін ауру туралы жазған болатын. Бұл аурумен ауырғанда сүйектері дефермацияланатындығы анықталды, кейіннен оның мешел ауруы, яғни тағамда Д витамині жетіспеушілігі салдарынан екендігі белгілі болды.
D
Авитаминозы: Жас сабилерді рахит ауруына шалыдтырады, бұл кальций жетіспеушілігінен болады. Ең алдымен остеогенез бұзылады, сосын остеомаляция байқалады. Ересектерде кальций жетіспесе кариес және остеомаляцияға, ал қарттарда остеопороз байқалады.
Гипервитаминозы: Д витаминінің шамадан тыс көбеюі сүйектің шынғыштығына әкеледі, қандағы кальций мөлшері артады
Табиғатта таралуы: көп мөлшерде жануар текті тағамдарда, сары сайда, жұмыртқа сарысында, балық майында кездеседі.
- Е витамині (токоферол, антистерильдік немесе өсіп-өну витамині). Е витаминін 1921 жылы Иванс деген зерттеуші ашты. Жануарларды қолдан тек жасанды тамақпен 54% жүгері крахмалы,18% казеин, 15% шошқа майы, 9% сары май, 4% тұздың қоспасы және 5% құрғақ сыра ашытқыларымен қоректендіргенде, олардың ұрықтарының өсіп-өнуі тоқталып төлдемейтіндігі анықталды. Бұл құбылыс Е витамині жетіспеуінен екен. 1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан Е витаминін бөліп алды.
E
Авитаминозы: Е витамині жетіспегенде эритроциттердің гемолизі байқалады, оларда антиоксиданттық қорғаныс функцияларының активтілігі төмендейді. Симптомдары: бұлшыет дистрофиясы, бедеулік, бауыр некрозы т.б байқалады.
Табиғатта таралуы: негізгі көзі – өсімдік майы, салат, орамжапырақ, астық өнімдерінің ұрықтары, сары май, жұмыртқа сарысы т.б.
- К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық витамин)
1929 жылы дат ғалымы Дам алғашқы рет балапандарды төмендегідей құрамнан тұратын тамақпен: 66% крахмал, 18% казеин, 4,5% тұз қоспасы, 2,5% клетчатка мен ашытқылар зкстрактысы, А мен В витаминдері бар балық майымен қоректендіргенде 1-2 аптадан кейін ет тері арасында немесе бұлшық еттерге, миға және ішектерге қан құйылуын байқаған. Бұл К витаминінің жетіспеуінен болатын құбылыс екен. Ал егер жасанды тағамның құрамындағы крахмалды астық тұқымдастары қоспасымен алмастырғанда, жоғарыдағыдай қан құйылу құбылысы мүлдем тоқтаған.

- Витаминдерге жалпы сипаттама
- Витаминдер (Дәрумендер ) — денсаулық тірегі
- Витаминдер (Дәрумендер )—денсаулық тірегі
- Витаминдердің адамның тіршілігі үшін маңызы
- Витаминдердің топтары мен түрлері
- Витаминдердің топтары мен түрлері
- Витаминдер туралы ілімнің даму тарихы
- Витамин В4
- Витамин В6
- Витамин В6
- Витамин В6 ( пиридоксин, антидерматитный )
- Витаминдер
- Витаминдер
- Витаминдер