Волейболдың дамуы және пайда болуы

МАЗМҰНЫ 
 
I.КІРІСПЕ. 
 
Волейболдың дамуы және пайда болуы 
 
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. 
 
2.1. Ойынның техникасы мен тактикасын оқу 
 
2.2. Доп беруге оқыту методикасы 
 
2.3. Шабуылдағы соққылар 
 
2.4. Қорғаныстағы ойын техникасы 
 
2.5. Тосқауыл қою 
 
III. ҚОРЫТЫНДЫ. 
 
Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысы 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 
 
 
КІРІСПЕ 
 
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді. 
 
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық. 
 
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты. 
 
Ал волейболшылардың организіміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл – жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейбол ойнау реакциясы жылдамдықты, ептілікті, төзімділікті қалыптастыруға көмектеседі, тыныс, жүрек, тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер етеді, волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесінің команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді. 
 
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. 
 
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді. 
 
 

Волейболдың дамуы және пайда болуы. 
 
1985 жылы Америка Құрама Штаттары колледждерінің бірінде доктор Уильямс Морган жаңа ойын ойлап тапты. Ол «Волейбол» деп аталады. Бұл сөздің дәл мағынасы «әуедегі доп». Бұл ойын тез арада өз қолдаушыларын тапты. Әсіресе ол американ өрт сөндірушілер арасында кең таралды. Олар өрт мұнараларының қасына жіп керіп қойып, сол арқылы үрленген қарынды әрлі-берлі соғып мәз болысатын. 
 
Волейбол біртіндеп американдықтардың сүйікті ойынына айнала бастады. Оны балалар мен жастар, орта жастағы еркектер мен мырзалар, жас және жасамыс әйелдер ойнай бастады. Бәсекелес ойын кезінде жас шағынан шектеу болған жоқ. Фермерлердің балалары әкелерімен, қыздар әжелерімен ойнай беретін.Ойынның ережесі де тым қарапайым болатын, әйтеуір допты жерге түсірмеу керек. 
 
1987 жылы жоғарыда айтылған тақырыптар Уильямс Морган ойын ережесін енгізуді ұсынды. Ол кездегі ереже бүгінгіге мүлде ұқсамайтын. Алаңның көлемі 7,6х15,1 метр, тордың биіктігі 198 см еді. Доптың салмағы 340 грамм болатын. Екі жақтың да ойыншылар санына шек қойылмайтын. Сондықтан да олар бір-бірінің аяқтарын басып, допты бірінші болып соғамын деп соқтығысып қалып жататын. 
 
Волейболдың дамуының бірінші кезеңі 1895-1920 жылдар. Бұл кезде ойын көрермендер алдында өткізіліп командаға біріккен ойыншылар өзге спорт түрлеріндегідей формалар киіп шығатын. Таусылмайтын таласты, тіпті тым қызбалау техастықтар арасында жиі болатын жанжалдарды болдырма үшін Морган алаңның орта тұсына бір бүйірден орындық қойып, соған төрешіні отырғызуды ұсынды. Төрешінің пікірі ойыншылар үшін бұлжымас заң болды. 
 
Кешікпей волейболды Орталық және Оңтүстік Америкада, Куба, Перу, Бразилия, Уругвай және Мексика елдерінде ойнай бастады. 900-ші жылдың басында волейболдан Азияда Жапондар мен Қытайлықтар танысты. 
 
Европаға волейбол 1914-1917 жылдары келді. Әсіресе оны Чехия мен Словакия ұнатты. 
 
1922 жылы Бруклинде жаңа әрі қызықты ойынның көптеген жанкүйерлерін жинаған волейболдан алғашқы ресми жарыс өтті. 
 
Осыдан кейін американдықтар волейболды УШ Олимпиада ойындарының программасына енгізуді сұрады. Бірақ қатысатын елдердің саны жеткіліксіз болғандықтан халықаралық олимпиадалық комитет оны қабылдамады. 
 
Соған қарамастан волейболдың қанаты қатая берді. Европа мен Американың көптеген елдерінде ол жетілдіріп, ережелері нақтылана түсті. Командаға ойыншылар саны алты адаммен шектеліп, алаң көлемі 9,1х18,2 м. ұлғайды. Тор 243 см. биіктікке орнатылып, допты үш рет қана кідіріссіз соғуға рұқсат берілетін болды. Ұпай саны 15-ке дейін,есеп 14:14 екі ұпай артық болуы керек деп есептелді. Матч үш партиядан тұрып, жеңімпаз атану үшін оның екеуін ұту белгіленді. 
 
Ғасырымыздың 30-шы жылдыры волейбол ең көп тараған ойын болды. Оның техникасы мен тактикасы да осы кезде дамыды. Толық тосқауылға қарсы тордың шет жағынан соғу, допты жоғарыға көтеріп барып соғу тәсілдері пайда болды. Ойын барынша коллективтік сипатқа ие болып, әрбір ойыншының міндеттері айқындалды. 

                         2.1. Ойынның техникасы мен тактикасын  оқыту. 
 
Ойынның техникасы мен тактикасын оқыту бір-бірімен тығыз байланысты жүреді. Техникалық дайындықтың негізгі міндеті оның әртүрлі жағдайларында жоғары дәлдікке жету үшін барлық техникалық тәсілдерді игеріп, оларды одан әрі жетілдіре түсу болмақ. 
 
Волейболда төрт техникалық тәсіл бар: допты бір-біріне беру,ойынға қосу, шабуылдай соғу, тосқауыл қою. 
 
Техникалық даярлықтың басты міндеті - жарыс барысында қорғаушыларды ойынды дұрыс жүргізуге үйрету. Бұл міндетті шешу үшін жекелей топтық және командалық әрекеттерді үйреніп, кездесудің тактикалық жоспарын дұрыс жасап, оны жүзеге асыра білуді қалыптастыру керек. 
 
Шынығудың,техникалық және тактикалық даярлықтың өзара байланысы және тәуелділігі ойыншылар техникасының негізгі тәсілдерін меңгере бастаған алғашқы сабақтардан-ақ жүзеге асыруы қажет. 
 
Ойын техникасы. 
 
Ең алдымен шабуылдағы ойын техникасы мен қорғаныстығы ойын техникасын ажырата білгені жөн. 
 
 
Шабуылдағы ойын техникасы. 
 
Ойын техникасында дұрыс тұру және орын алмастыру ерекше маңызға ие болды. 
 
Шабуыл техникасында тұрудың бір ғана түрі-негізгі түрі бар.Осындай тұрыста аяқ иықтың мөлшерінде қойылып,тізеден бүгіледі,жауырын тік,қол шынтақтан бүгіліп, кеуденің алдындағы жағында ұсталады. 
 
Шабуыл техникасы тәсілдерін орындау кезінде ойыншы орын алмастырады.Орын алмастыру кезінде түрлі бағытта жүріп немесе жүгіріп атқарылады. 
 
Шабуылдай соғу кзіндегі екі немесе бір аяқпен секіру, бір орыннан жүгіріп келіп секіру қолданылады. Ойыншы дер кезінде орын ауыстырып, негізгі тұрыс қалпына енгенде ғана техникалық тәсіл дұрыс орындалуы мумкін. 
 
 
                          2.2. Доп беруге оқыту методикасы. 
 
 
Допты бір-бірне беру волейболдағы негізгі техникалық әдістердің бірі. Допты беру кезіндегі қолдың жағдайына байланысты бір және екі қолмен жоғарыдан және төменнен беру әдістері бар. Шабуыл техникасында біз тек жоғарыдан беру тәсілін қарастырамыз. Допты дұрыс берудің негізгі дер кезінде доптың астына қарай орын ауыстырып, негізгі тұрыс қалпына ену. 
 
Қос қолмен жоғарыдан беру. Бұл негізгі тұрыс қалпында атқарылады.Бір аяқ алда,жауырын тік ұсталады. 
 
Шынтақтан бүгілген қол беттің алдыңғы жағында ұсталады.Қолдың саусақтары доптың үлкендігіндей аумақта бүгіле ұстап ширыға түседі. 
 
Қимыл тізенің жауырынан басталып , сонан кейін жауырын мен қол іске кіріседі. Қимыл қолдың саусақтары мен білек буынының серпіліп, доптың артынан сілтеуімен аяқталады. Бағытына қарай доп алға, төбеге ,кері бір бүйірге бекітілуі мүмкін. Топты тқбеге , немесе артқа беру үшін ойыншы доптың дәл астына орын ауыстырып, саусақтарын төбесіне көтеріп, белін сәл бүгіу және иығын кері серпіу арқылы жүзеге асыруы қажет. Қол жоғары сермеледі де, саусақтар білек буынына қозғалмайды. Допты төбеге бергенде жауырын тік ұстап, қол жоғарыға тік серпіледі. 
 
Қашықтығына және біиіктігіне қарай доп беру әртүрлі болады.Қашықтығы жөнінен ол қысқа және ұзын, биіктігі жағынан төмен, орта, жоғары болып бөлінеді. Допты алысқа және биік беру кезінде ойыншының иығы допты беретін бағытқа перпендикуляр орналасуына ерекше көңіл бөлген жөн. 
 
Жоғарыдан берудың бір түрі допты секіріп беру болып табылады. Ол ешбір тірексіз атқарылатын болған соң тым күрделі. Доптың астына орын ауыстырған соң ойыншы жоғары секіріп , бүгілген қолын жоғары шығарады. Допты беру секірудің ең жоғары нүктесінде қолды шынтақ және білек буындарында жазу арқылы жүзеге асырылды. Шабуылдай соғу ишарасын жасай отырып жоғарыдан беру « кері серпәлу » деп аталады. Кей жағдайда жоғарыдан беру бір қолмен атқарылады. 
 
                            Допты бір-біріне беру: 
 
Доп беруге оқыту бастапқы қалыпты дұрыс игеруден басталады. Ойыншы негізгі тұрыс қалпын қабылдап, орнықты күйде тұрып , кез келген бағытқа орын ауыстыруға даяр болуы керек. Негізгі тұрыс қалпында аяқты дұрыс қойып, оның бүгілуіне, жауырын мен қолдың жағдайына басқа көңіл бөлген жөн.

  1. Доп беруге оқытудағы алғашқы жаттығу негізгі тұрыс қалпын қабылдап, доп беру ишарасын жасау болып табылады. Доп беру ишарасын жасаған кезде қимылдардың ретіне ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл жаттығуды әрі қарай орын ауыстырған соң жасаған жөн. Мұнан кейін саусақтардың доптың бетіне орналасуын қадағалау керек.
  2. Ойыншы негізгі тұрыс қалпынан допты әріптесіне лақтырады.
  3. Допты төбеге лақтырып барып, әріптеске беру.
  4. Әріптесі допты лақтырған соң кері қайтару.
  5. Екі адам болып әртүрлі қашықтықта бір-бірінен доп беру.

 
                         Доп беру кезінде болатын түрлі негізгі қателіктер:

  1. Ойыншы негізгі тұрысты қабылдамай, аяқты тік ұстап доп береді.
  2. Доптың омыраудан, іштен берілуі – қолдың төменгі жағдайда болуы.
  3. Доптың алақанда тиюі – саусақтардың бос ұсталуы.
  4. Доптың бір бүйірден немесе бастан асырыла берілуі – доптың астына дәл шықпау.

 
                          Жоғарыдан доп беруді жетілдіруге арналған жаттығулар:

  1. Допты төбеге, содан соң әріптеске беру
  2. Допты жерге соғып, оның астына шығып барып әріптеске беру
  3. Алаңның бүйір сызықтарын жағалай отырып, допты екі адам болып бір-біріне беру.
  4. Үш және тқрт адам болып бір-біріне доп беру.
  5. Колоннаға тұрып бір-біріне доп беріп, содан соң саптың артына барып тұр.
  6. 5-ші жаттығудағыны, бырақ қарсы саптың соңына барып тұру.
  7. Колоннаға болып тұрып, тор арқылы бір-біріне доп беру.
  8. Допты 6-шыдан 3-ші, сонан соң 4-ші аймаққа және 4-шіден 6-шы аймаққа беру. Доптың бағытымен орын алмастыру.
  9. Тордың бойымен 2-шіден 4-ші аймаққа ұзаққа өарсы доп беру.
  10. 8-ші жаттығуды қайталау, допты 6-3-2-6 аймақтарға беріп доптың бағытымен орын ауыстыру.
  11. Екі-үш адам болып допты отырып беру.
  12. Допты екі адам болып секіріп беру.

 
                            Допты ойынға қосу: 
 
Допты қарсы жаққа беру – бұл допты ойынға қосудың әдісі. Осы заманғы волейболда допты ойынға қосу тек ойынды бастау үшін ғана емес, сондай-ақ шабуылдың қуатты құралы ретінде де пайдаланады. Допты ойынға қосу төменнен тік, жоғарыдан тік және жоғарыдан бір бүйірлей болады. 
 
Допты ойынға қосу ережеде көрсетілген талаптарға сай атқарылады. Допты ойынға қосатын ойыншы алаңнан тыс беретін жерде тұып, міндетті түрде допты көтере лақтырып барып, бір қолмен соғып, допты тор арқылы қарсыластар жағына береді. 
 
                            Допты ойынға қосу үшін төменднгілер талап етіледі:

  1. Бастапқы қалыпта дұрыс тұру
  2. Допты дұрыс көтере лақтыру
  3. Допты тиісті жеріне белгілі күшпен соғу
  4. Соққы білек тұсында бекітілген саусақтардың күшімен атқарылуы керек
  5. Соққаннан кейін қол доптың артынан ілесе қозғалады.

 
                             Допты ойынға төменнен тік қосу. 
 
Төменнен тік беру деген сөз доптың астынан соғылуына байланысты берілген. Мұнда ойыншы бетін торға беріп тұрады. 
 
Допты ойынға қосу үшін ойыншы допты беретін жерге орналасады. Аяқ иықтың тұсында, сол аяқ алда, оң аяқ артта болады. Соғатын қолға қарсы аяқ алға шығарылады. Допты соғатын оң қол артқа сермеліп, доп белдің тұсында бүгілген сол қолда тұрады. Содан допты көтере лақтырған ойыншы допты оң қолда сермей алға қарай көтере соғады. Соққан кезде саусақтар ширыға түседі. Доп соғылғаннан кейін оң қол доптың артынан қозғалып, сол қол жаймен төмен түсіріледі де, оң аяқ алға бір қадам жасайды. 
 
Допты ойынға қосудың бұл түрінде допты дұрыс көтере лақтырудың маңызы зор. Доп ойыншының алдына, оң иықтың тұсына лақтырылып, оны соққан кезде оң қол тіктелуі керек. Допты лақтырғанда және соққанда ойыншы оған қарап тұруы керек. 
 
Допты ойынға төменнен тік қосу аса қауіпті емес, бірақ барынша дәл. Бұл тәсіл ойынның кәзіргі дәрежесінде аса тиімді болмағандықтан спорттық разряды жоғары командаларда жиі қолданылмайды. Аталған әдіс алдын ала жүгірмей-ақ бір орыннан атқарылады. 
 
                           Допты ойынға төменнен бір бүйірлей қосу. 
 
Ойыншы допты бергенде торға бүйірмен тұратын болғандықтан осылай аталған. Доп берілген жерге тұрған ойыншы аяғын алаңның беткі сызығына паралель қояды. Сондай-ақ аяқ иықтың тұсында, тізеден бүгіліп тұрады. Доп ойыншының алдында белдің тұсында бүгілген қолда ұсталады. Доп ойыншының алдына созылған қолдың ұзындығындай жерге лақтыру керек. Мұнан кейін жауырын оңға бұрылады. Доп жинақы саусақтармен белдің тұсынан астынғы жағынан созылады. Қол алға қарай ілесе қозғалып ,оң аяқ солға қарай алға қадам жасайды. 
 
Бұл тәсіл ойынды үйренудің алғашқы кезінде пайдалануға аса қолайлы. 
 
 
                             Допты ойынға жоғарыдан тік қосу. 
 
Мұнда ойыншы бетін торға берңп тұрады да,доп жоғарыдан соғылады. Допты берерде сол аяқ алға қойылады. Доп сол қолда жатады да оның үстіне оң қол қойылады. Допты жоғары лақтырған кезде жауырын артқа қарай серпіледі. Сөйтіп дененің салмағы оң аяққа түседі. Допты көтере лақтырған кезде оң қол сермеу үшін төменнен жоғары көтеріледі. Доп ойыншының алдына , оң иықтық тұсына лақтырылуы керек . Доп жоғары көтерілген қолдың тұсыне түскен кезде ойыншы кеудесімен алға серпіліп , жинақы саусақтарымен допты алға қарай көтере соғады. Допты соққан соң алдынғы аяғымен алға бір аттап , қол доптың артына қозғала береді. 
 
Допты ойынға қосудың бұл түрі кез келген спорттық разядтағы командаларда пайдалана береді. 
 
                        Допты ойынға жоғарыдан бір бүйірлей қосу. 
 
Бұл тәсіл төменнен бір бүйірлей қосу сияқты жүзеге асырылады, яғни ойыншы торға сол жақ бүйірін беріп тұрады. Доп жоғарыдан соғылады . Бстапқы қалпына аяқ тізеден сәл бүгіліп тұрады. Допты екі қолмен алда ұстап тұру керек. Доп сол иықтың алдыңғы жағынан 1-1 метр биікке лақтырылады. Допты лақтырған кезде дененің саоғу салмағы оң аяққа түсіп, жауырынын оңға қарай иіледі. Оң қол жиналмай төмен түседі. Допты соққан кезде оң аяқ жауырынмен бірге түзеледі. Оң қол жиналмай жоғары көтеріледі. Допты жинақы саусақпен соғу керек.Допты соққан соң оң аяқ алға бір аттайды. 
 
Қолды артқа қарай сермеу соғу қимылына қарағанда едәуір жаяу атқарылатын атап өткен жөн, допты соғу күші жауырынды екпіндей бұру және соғатын қолдың жылдамдығына сай арта түседі. Допты ойынға қосудың бұл түрі өте күшті. Сондықтан кез-келген разрядтағы командада қолданылады. 
 
Жоғарыда аталған допты ойынға қосудың тқрт түрінен басқа да тәсілдері бар. Төменнен бір бүйрлей берудің тағы бір түрі қалықтаса беру әдістері соған дәлел. 
 
Оң қолмен төменнен шира беру кезінде ойыншы торға оң бүйрмен тұрады. Аяқ иықтың тұсына қойылып , доп сол қолда белдің тұсында жатады. Допты көтере лақтырған кезде оң төмен түсіп ,артқа қарай көтереді. Сонан соң оң қол төменнен жоғары қарай сермеліп, допты кеуде тұсында саусақтардың сыртқы қырымен соғады. Соққан соң қол жоғары қарай қозғалысын жалғастырады. Допты ойынға қалықтата қосу-өзінің тәсілі жағынан жоғарыдан тік , немесе жоғарыдан бір бүйірлей болуы керек. Лақтырар алдында ойыншы допты қос қолымен әдеттегіден жоғарырақ ұстап тұрады. Доп қатты саусақтарымен дәл ортасынан соғылып , қол оның артынан ілеспейді. Доп ойынға қалықтата қосу соңғы кездері жоғары спорттық разяды бар командаларда кезеңнен қолданылып жүр. 
 
 
                               Допты ойынға қосуға үйрету методикасы. 
Оның әр түрін оқытып , үйретуде төмендегідей реттік сақталады. Алдымен төменнен беру үйретіледі. Өйткені ол бастапқы кезде ойынды ойдағыдай өткізуге мүмкіндік береді. Кейіннен жоғарыдан беру үйретіледі. Ең алдымен дененің желкеленген бөлектерінің қимыл реті допсыз үйретіліп, бастапқы қалыпты дұрыс игеруге көңіл бөлінеді сонан кейін допты көтере лақтыру, одан әрі допты соғу әдістері оқытылады. Бұл кезде тор арқылы беруге әлі ертелеу. 
 
Жоғарыдағы сәттерді үйренген соң допты ойынға қосуды тұтастай жүзеге асруға болады. Оның реті төмендегідей:

  1. Бастапқы қалыпты игеріп, допты ойынға қосу ишарасын жасау.
  2. Допты лақтырып , соғуға ыңғайланып қолды кері сермеу.
  3. Екі адам болып алаңға көлденең бағытта допты ойынға қосу.
  4. Допты қабырғаға беру
  5. Допты қысқа қашықтықтан тор арқылы беру.
  6. Допты алаңның белгілі бір жерлеріне беріп , ойынға қосу.
  7. Допты ойынға белгіленген жерден қосу. 
     
    Допты ойынға қосқанда кездесетін негізгі қателіктер 
     
    1.Бастапқы қалыпты дұрыс қабылдамау ( аяқтың тік болуы ,кеуденің алға еңкеюі. Соғатын қол жақтағы аяқтың алға қойылуы ) . 
    2. Допты дұрыс лақтыру ( бастан асыра, бір бүйірге немесе өзінен алысқа ). 
    3. Допты боссаусақтармен соғу. 
    4. Допқа қолдың дәл тимеуі ( ойыншы допты бақылап тұрмаған ). 
     
    Допты ойынға қосу тәсілдерін жетілдіруге арналған 
    Жаттығулар
  8. Алаңның белгілі аймағына доп беру.
  9. Допты ойынға қатесіз қосу санына жарыс.
  10. Допты ойынға қосудың түрлі тәсілдерін кезектеттірк атқару.
  11. Допты ойынға күрделі жағдайларда қосу ( доп ойынға бірнеше техникалық әдістер ишарасы жасаған соң барып қосылады ) . 
     
                                2.3. Шабуылдағы соққылар

                           Тікелей шабуылдай соғу 
Ол жүгіруден , допты соғудан және жерге түсуден тұрады. Жүгіру қашықтығы қысқа болса да секіру биіктігін қамтамасыз еткендей екпрін беретін болуы керек .  
Жүгіру қашықтығы 2,5 – 3 м. шамасында болады. Ол екі-уш қадамнан тұрады. Ең соңғы қадам барынша үлкен болып ,аяқ аздап бүгіліп барып , алға шығып , салмақ өкшеге түседі. Содан соң екінші аяқ сәл алға шығады да , ол ұшынан басып , секіруге ыңғайланады. Секіру кезінде жауырын тік , қол төмен түсірілген. Сонан кейін барып аяқ ширыға тіктеліп, қол төмен алға , жоғары қатты сермеледі. 
Әуеде ойыншы иығын артқа жіберіп , бағатын қол кері қарай сермеліп , секірудің ең жоғары нүктесінде доп соғылады.Саусақтар жинақы , қатты болады. 
Ойыншы жерге бетін торға қарата түседі. Бұл оған қайта секіруге , немесе кез келген бағытта орын ауыстыруға мүмкіндік береді. 
 
                           Бір бүйірден шабуылдай соғу 
 
Соғудың бұл түрі доп тордан алыста болған кезде пайдаланылады. Секіру кезінде аяқтың табанынан торға паралель қою арқылы ойыншы оған бүйірімен бұрылады. Сермелген кезде қол артқа қарай жартылай шеңбер жасап , кері қарай қозғалғанда допты соғады. Допты секірудің ең нүктесінде соққан жөн. Соғар кезде доп ойыншының үстіне сәл алға болуы керек . Допты соққан соң ойыншы бетін торға қаратқан күйі жерге түседі. 
Тік және бір бүйірлей шабуылдай соғудың тағы бір түрі аударыла шабуылдай соғу болмақ. Оны атқару кезінде доптың ұшу бағыты ойыншының жүгіру бағытымен сай келеді. Бұл алдынғыларына қарағанда күрделілеу. Мұнда секірудың ең жоғары нүктесінде ойынш басын күрт бұрып сол қолын жанына қарай сермеп , кеудесін бұрып алады да допты соғады. Сонан соң допты соққан бағытқа бетін бұрып , аяғын бүгіп , жерге түседі. Кейде кеудені бұрмай-ақ аудара соғу білекті бұру арқылы да жүзеге асырылады. Мұнда соғатын қол тік тимей иіліп барын допқа жанынан тиеді.

                       Шабуылдаушы соққыларға оқыту методикасы 
 
Шабуылдай соғуға үйрету кезінде әртүрлі әдістер қолданылады.Ең алдымен жүгіруге және секіруге үйретіп , қажетті қимыл машығын бекіте түскен жөн . Әсіресе аяқты дұрыс қоюға және секірген кезде оның бүгіу дәрежесіне ерекше мән бкру керек. Секіру жоғарыға қарай тік болсын. 
Келесі кезең допты секірусіз соғуды үйрену болмақ. Допты қол созым биіктікке соғу қажет. Одан әрі допты ойыншы оөі лақтырып , сонан соң секіріп барып соғады.

  1. Жүгіріп кеп шабуылдай соғу әрекетін жасау.
  2. Допты қабырғаның жанында әріптесіне лақтырып барып екі қадамнан шабуылдай соғу. 
    Допты қабырғаның жанында әрәптесіне лақтырып ,үш қадамнан шабуылдай соғу.
  3. 2 және 3 жаттығуды аласартылған тор арқылы орндау.
  4. Аласартылған тор арқылы 3 аймақтан берілген допты 4 аймақ шабуылдай соғу.
  5. Аласартылған тор арқылы 3 аймақтан берілген допты 2 аймақтан шабуылдай соғу.
  6. Аласартылған тор арқылы 3 аймақтан шабуылдан соғу.

Кейіннен осындай шабуылшы соққылар қалыпты биіктіктегі тор тор арқылы атқарылады. Оқыту кезінде қалыпты биктіктегі тордың үстіне ілініп қойылған доппен жаттығуға да болады. 
 
                    Шабуылдаушы соққыларды атқарғанда кездесетін қателіктер 
1.Жүгіріп келген соң секіру жоғары емес алға қарай болады. Ол ортанғы сызықты басып кетуге немесе торға тиюге әкеліп соқтырады. 
2. Шабуылдай соғуға ерте шығыу 
3. Секіру кезінде қолдың жеткілікті бқле енді қимылдамауы. 
4. Допты соғарда торға үйірімен шығыу 
5. Допты шынтақтан бүгілген қолмен соғу. 
6. Аяқты бүкпей соғу. 

                     Шабуылдай соғуды жетілдіруге  арналған жаттығулар 
1.Өзі лақтырып , тор арқылы шабуылдай соғу. 
2. Алдын ала 6-3-4 аймақтардан доп беріп алып , 4 аймақтан шабуылдай соғу. 
3. 6-3-2 аймақтардан доп беріп алып , 2 аймақтан шабуылдай соғу. 
4. Алыстан берілген допты шабуылдай соғу. 
5. Алаңның белгілі аймақтарына шабуылдай соғу. 
6. Алаңның түпкірінен берілген допты шабуылдай соғу. 
7. Тордан алыс берілген допты шабуылдай соғу. 
8. Дара басқаруға қарсы шабуылдай соғу. 
9. Төменнен берілген допты шабуылдай соғу. 
10. Топтық тосқауылға қарсы шабуылдай соғу. 

                      2.4. Қорғаныстағы ойын техникасы

Қорғаныс техникасында дұрыс тұру мен орын ауыстыру ерекше орын алады. Негізгі тұрыстан басқа , еңкейіп  тұру немесе қорғанушының тұрысы бар. Мұндай тұрыста аяқ тізеден бүгіліп, ойыншы кез-келген қатты соққыны қабылдауға ,кез-келген бағытта орын ауыстыруға әзір тұрады. Қорғаныста ойнаған кезде орын ауыстыру барлық бағытта адымдап немесе жүгіріп жүру арқылы жүзеге асырылады. Қарсыластың шабуылдаушысы соққысын тосқауыл қойғанда ойыншы бір орыннан секіріп және тор бойымен қозғалып барып тосқауыл жасайды. Қорғаныста қиын допты қабылдау үстінде ойыншы құлап барып та алады. 
Қорғаныс техникасында орын ауыстыру және доптың астына шығу шабуылдағыға қарағанда ерекше мәнеге ие болады. 
 
                        Допты қос қолмен төменнен беру. 
Допты ойынға қатты соғып және қалықтата қосу , сондай-ақ шабуылдаушы соққының қуытының арта түсуі бұл әдісті жиірек қолдануға жмәбүр етеді. Төменнен доп берудің бастапқы қалпы негізгі тұрыс немесе еңкейіп тұру болмақ. Түзу қолдан алға қарай созылып , шынтақтар бір-біріне жақындай түседі. Қолдың саусақтары бойынша орналасады: бір қолдың жұдырығы түйіліп, екінші қолдың саусақтары оны сыртынан қапсыра ұстайды да бос бармақтар бір –біріне паралель болады. Допты қабылдау кезінде жауырын тік болып , қол иық буынымен жұмыс істейді . Допты иықтан алға таман білекпен қабылданады . 
 
Допты дұрыс қабылдап қайтару үшін алдын ала орын ауыстырып , доптың ойыншысының алдына келуін қадағалаған жөн. Кейде бір бүйірлі алыстау келген допты астынан бір қолмен алуға да болады . Мұндай да саусақтар қатты болады немесе білекпен алынады. 
 
 
                    Допты жоғарыдан қос қолмен құлап, арқаға аунап барып беру. 

Қорғаныста ойнағанда осындай әдістер ұолданылады. Оны дұрыс жүзеге асыру үшін ойыншы орын ауыстырған соң еңкейіп тұру қалпына еніп , сонан соң допты береді. Сонан кейін иығы біртіндеп артқа қарай жіберіп артта тұрған аяғының өкшесіне отырады да , жинақталып барып құлап , арқасына аунап түседі. 
 
Аунап түскен соң аяқты сермеп жіберіп , орынан тұрып , негізгі тұрыс қалпын қабылдайды. 
 
Артқа аунап түсу бір бұйірге қисайып барып та атқарлуы мүмкін , мұндай ойыншы алдымен созылған аяғына қарай кеудесін бұрып , допты қабылдап , иығын кері қарай жіберіп барып арқаға аунап түседі. 
 
                          Допты кеудемен құлап барып ,қабылдау. 
Бұл ойыншы алға қарай орын ауыстырып үлгере алмай қалған жағдайда қолданылады. Ойыншы алға ұмтылып барып , допты алады да қолын жерге тік тіреп түседі. Сонан кейін ол қолын шынтағынан бүгіп , кеудесімен жер тірейді . Сонан соң , қол екі жаққа жіберіліп ойыншы кеудесімен жылжыйды. 
Допты былайша қабылдаған кезде аяқ тізеден бүгіліп, аяқтың басы ашық ұсталуы , бас кейін қарай шалқайтылуы керек. 
 
                            Тордан кері серпілген допты қабылдау. 
Доты тордан серпілу ерекшеліктерін білу керек. Егер доп тордың жоғарғы жиегіне таман тисе оның серпіліуі күші аз болады да , ол төмен қарай тік түседі. Егер доп тордың төменгі жиегіне тисе , оның серпілуі әжептәуір 
Тордан 1-1,5 метрдей жерге жетеді. Доптың серпіліуінің осындай ерекшеліктерін біле отырып ойыншы торға жақындап келіп , еңкейіп тұрған қалыпта допты қабылдау керек. 
Допты жерге тақтау қабылдаған жөн . Мұндайда ойыншыға тор кедергі келтірілмейді. 
 
                           Қорғаныста ойнауға оқыту методикасы. 
Допты төменнен және құлап барып қабылдауға ұос қолмен жоғарыдан қабылдауды игерген соң барып үйретуге болады. Құлап барып қабылдауға бөліп-бөліп үйреткен жөн. Әуелі доптың астынан шығу , одан кейін құлап барып қабылдау үйретіледі. Қорғанысты доп қабылдауға үйретуде орында дер кезінде алмастыруға негізгі және еңкейіп тұруды игеруге баса көңіл бөлінеді. Төмендегідей жаттығулардың нұсқасын ұсынаьыз. 

  1. Бір орыннан және орын ауыстырған соң доп беру ишарасын жасау.
  2. Еңкейіп тұрған қалыпта ойыншы допты лақтырады да, құлап барып астына аунап түседі.
  3. Серігі берген допты қабылдау.

                      Қорғаныста доп қабылдау кезінде кезектесетін негізгі қателіктер. 
1.Ойыншы төменгі қалыпта тұрып үлгере алмай қалады. 
2. Бір бүйрден доп қабылдағанда солай қарай ұмтылыс жасамайды . 
3.Допты қабылдамастан бұрын құлайды. 
4. Төменнен доп беру кезінде қол мен жауырынның дұрыс ұсталмауы . 
5. Допты төменнен қос қолмен қабылдағанда доп қолдың білегіне емес басына тиюі 
6.Құлап барып аунап түскенде ойыншы бойын жинақтап үлгермеуі. 
 
                       Қолданыста доп қабылдауды жетілдіруге арналған жаттығулар. 
1.Қос қолмен өзінің үстінен бірнеше рет доп қабылдау. 
2. Екі адам болып төменнен доп қабылдау . 
3. Өзінің үстінен жоғарыдан доп беру және екі-үш адам болып төменнен доп қабылдап ,қайтару. 
4. Төменнен қос қолмен доп беру немесе жерге соғылған допты құлап барып, арқаға аунап түсіп беру. 
5. Серігі соққан допты қабылдау. 
6. 5-ші жаттығудай, тек доп тор арқылы соғылады. 
7. Қабырғаға соғылған допты қабылдау. 

                                               2.5.Тосқауыл қою 
Тосқауыл қою қорғанысының негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Мұнда ойыншы доптың жолын тосып , оған кедергі келтіру үшін секіріп барып тордың үстінен қолын тосады. Тосқауыл қою орын ауыстырудан , секіруден, қолды тордың үстіне қоюдан және жергк түсуден тұрады. Орын торды бойлай ауыстырылады. Шабуылдаушы соққы орнындалатын жерге орын ауыстырған ойыншыны аяғын тізеден бүгіп, қолын төмен түсірген қалыпта тұрады. Секірген кезде ғана ол қолын қатты сермеп, жоғары қолдың үстіне шығарады.Жоғары көтерілген кезде, шынтақтан бүгілген қол ,кеудкге жақын жерден өтеді. 
 
Тосқауыл қоюшы шабыуылдаушыға қарағанда кешірек секіреді. Секірудің ең биік нүктесінде қол тордың үстіне шығарып, саусақтар алға қарай созылады ( жаңа ережелер бойынша тордың үстіндегі қолда қарсыластар жағына да шығаруға болады ) . 
 
Қолдың аралығы арасынан доп кетпейтіндей болуы керек.Тосқауыл қоюшы допқа барынша жақындатып, шабуылдай соғудың аясын тарылта түсуге тиіс. 
 
Тосқауыл қойған соң ойыншы аяғын бүккен қалыпта жерге түсіп қолын төмен түсіріп, қайта секіруге немесе кез-келекн бағытқа, орын алмастыруға даяр болғаны жөн. 
 
Топтаса тосқауыл қойғанда ( екеу,үшеу боп ) ойыншылар торды бойлай бір-біріне қарсы қозғалып, тордың үстіне қолды қойғанда барынша көбірек кеңістікте жабатындай есеппен секіру керек. 
 
Қолдардың арасы доп өтіп кетпейтіндей қашықтықта болуы тиіс. Тосқауыл қою кезінде жоғары қарай тік секіруге баса көңіл бөлген жөн. Әйтпесе ойыншылар сызықтан шығып кетуі, торға тиюі немесе бір-бірімен соқтығысып қалуы мүмкін. 
 
                                                Қорытынды 
Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға , белсенді демалуға дайындаудың күшті құралдарының бірі. 

Спорттық тартымдылығы – бәсекеде. Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы. Ол әркімге күрес қуанышын сыйлайп, әсіресе жасөспірімдерді қызықтырады. 
 
Жарысты ширақ ұйымдастыру, салтанатты түрде өткізу,жеғімпаз командаларды наградтау, құрыметті жүлдегерлерді сарапқа салу-осының бәрі ойынды халыққа әйгілеуге көмектеседі. 
 
 
Волейболмен айналысу-тек дене тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды пайдалы, қызғылықты іске тартудың да тимді түрі.Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысына А.С.Макаренконың ойынға жетекшілік ету және ойын коллективін тәрбиелеу жөніндегі бағалы педагогканың ұсыныстарды тимді пайдалана белген жөн. 
 
1.Спортпен айналысу бәрін ұмыттратын әуестікке айналмасуын мұқият қадағалау қажет. 
2.Оқушы өзінің жеке табысына ғана масаттанып қоймай,команданың табысын мақтан ететіндей қалыптастырудың маңызы зор. 
3.Даңдайсуға жол бермей,қарсыластардың күшіне де сыйлау сезімімен қарауды тәрбиелеген жөн. 
4.Командадағы жаттығу,ұйымшылдық пен тәртіп тағы үнемі назарда болуы керек. 
5.Ойыншылардың табыстар мен сәтсіздіктерге деген салқын қанды қатынасын қалыптастыру шарт. 
 
 
                                 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. А. Г. Ариянц — Волейбол ФИС 1986

2. Ю. Н. Жещев — Волейбол ФИС 1986

3. С. Қасымбекова — Әдістемелік құрал, Волейбол, Алматы, “Атамұра”

4. М. Т. Тұрыскелди – Қимыл- қозғалыс ойындары

5. С. Қасымбекова, Д. Мырзамед. Дене тәрбиесі.

6. С. Тайжанов, С Қасымбекова,. Дене тәрбиесі Алматы Атамұра

7. Бағдарламалар дене тәрбиесі. Алматы 2004 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Волейболдың дамуы және пайда болуы