XIX
ғасырдың 40-60 жылдарындағы
Ресейдегі ғалымдардың
педагогикалық көзқарастыры
Жоспар:
- Н.И.Пирогов,Н.Г.Чернышевский,Н.А.Добролюбовтың
өмір жолдары және еңбектері.
- XIX ғасырдың
60-жылдарындағы қоғамдық педагогикалық
қозғалысқа жалпы сипаттама.
Николай Иванович Пирогов (1810-1881)
көрнекті орыс дәрігері-хирургі, халық
ағарту ісінің қайраткері, белгілі педагог.
Ол – Москва университетінің медицина
факультетінің түлегі. Дернт университетінде
(қазіргі Тарту қаласы, Эстония Республикасы)
медицина ғылымының докторы ғылыми дәрежесіне
диссертация қорғайды.26жасында Дерпт
университетінде ол хирургия профессоры
атағын алады.Петербургтің медициналық
хирургия академиясында профессорлық
қызмет атқарады. Ол Қырым соғысына өз
еркімен қатынасады. Ол белгілі дәрігер-хирург
Қырым соғысында Севастопольді қорғауға
қаһарман қатысушыларына дәрігерлік көмекті
ұйымдастырушы ретінде 1856 жылы “Марской
сборник” журналында Г.И.Пироговтың “Өмір
мәселелері” атты мақаласы жарияланған
болатынды. Бұл мақала жұртшылықтың назарын
өзіне аударды.
Бұл мақаласында Пирогов педагогиканың
аумағынан тыс қарастырылатын
мәселелерді күн тәртібіне қойды,
атап айтқанда: азаматтық жеке
тұлғаға және оның дамуының
толықтығы, адамзаттың парасаттылығы.
Тәрбиеге қатысты оның мағынасы,
адамды тәрбиелеу қажет, ең
алдымен жоғары, адамгершілік өнімдері
қалыптастыру; жалпы адамзаттық
тәрбие арнаулы, кәсіби білім
беруден бұрын келуі қажет.
Н.И.Пирогов былай деп жазды:
“Пайдалы азамат боламын деп
даярланып жатқандардың барлығы
алдымен адам болңға үйренуі
қажет”.
“Өмір мәселелеріне” Пироговтың
айтқан ойлары алдыңғы қатарлы
жұртшылықтан қолдау тапты, оның
ішінде революцияшыл демократтардың
өкілдері оның тәрбие және
педагогика мәселелері бойынша
оның болашақ мақалалары үшін
негіз болды.
Пироговтың ескі мектепке қатысы.
Өзінің баспа беттерінде мақалаларында
Пирогов сол кездегі мектептің жағдайы
Пироговты қанағаттандырмады.
Мектептердің негізгі кемшіліктері
мен олқылықтарына Пирогов оқытудың
сословиялық және тармамандық
сипаты, сонымен қатар оқытудың
артта қалған, ескі тәсілдерді
қолдануы. Оқытудың тар мамандық
сипаты, Пироговтың пікірінше, карьеристерді
тәрбиелеуге көмектеседі деді.
Пирогов білім берудің ресми
курсына жалпы адамзаттық тәрбие идеясын
қарсы қойды,ол жан-жақты ой-өрісі бар
жоғары адамгершілікті адамды қоғамдық
өмірге даярлаудың қажеттігін қойды.
“Адам болу – бұл тәрбиенің
негізгі мақсаты болу керек”,-деп
жазды Пирогов. Ол ерте, күні
бұрын берілген балаларды мамандандырудан
сақтандырды, ол олардың ой-өрісін
тарылтады және адамгершілік
дамуын тежейді.
“Өмір мәселелері” мақаласының
негізгі идеясы – жалпы адамзаттық
білім беруді қорғау болып
табылады.
Тәрбие
мақсаты және мектеп
жүйесі.
Н.И.Пироговтың
педагогикалық көзқарасының жетекші
белгісі гуманизм болып табылады.
Бірақ Пироговтың гуманизмі буржуазиялық
шектеулі болды. Осыдан келіп, Пирогов
тәрбиенің мақсаты деп, әрбір
оқушыдан өмірде кейін қандай арнаулы
жолды таңдайтындығына қарамастан,
“шындықты сүйетін адамды” даярлау,
демек, жан-жақты ғылыми танымды, жоғарғы
адамгершілік сенімдерді, ерікті және
берік ерік-қайратты меңгерген осындай
адамды есептеді.
Пирогов сословиялық мектепке
қарсы бағытталған мектеп жүйесінің
жаңа жобасын ұсынды. Ол мектеп
жүйесінің негізгі екі жылдық
бастауыш мектеп болу керек,
бастауыш мектептен барлығына
орта мектепке жол ашылады.
Өзінің мектеп жүйесін ол бірыңғай
мектептің қағидасы бойынша құрды.
Пирогов мектеп жүйесін бірнеше
сатылардан ұмынды, атап айтқанда:
екі жылдық бастауыш мектептен
кейін-прогимназия (тоық емес
орта мектеп) төртжылдық мерзіммен
екі түрлі; одан кейін гимназия
екі түрлі – үшжылдық және
бес жылдық мерзіммен; бұл жүйені
жоғары мектеп аяқтайды (университеттер
және жоғары арнаулы оқу орындары).
Пирогов ұсынған
мектеп жүйесінің жобасы.
Орта мектеп жүйесінде Пирогов ерекше
орынды ертедегі тілдерге (латын және
грек), орыс тілі мен әдебиетк, математикаға
және тарих пәндеріне береді. Классикалық
орта мектептерге реалдық мектептерге
қарағанда артықшылықпен қарады. Оқу мерзімі
біріншісінде екіншісіне қарағанда 2 жыл
артық.
Классикалық гимназияны бітіргендер
университеттерге немесе жоғары
арнаулы оқу орындарына түсе
алады немесе практикалық жұмысқа
барады.
Пирогов мұғалімдерді ескі догматикалық
оқыту тәсілдерні алып тастау
және жаңа әдістерді қолдану
қажеттігі туралы көңіл аударды.
Жоғары білім алуды жеңілдету
мақсатында Пирогов жағдайы нашарларға
оқу үшін төлем ақысын азайтты.
Оқушылардың ойлау ерекшелігін
ояту қажет, олардың ойлау қабілеттілігін
дамыту,өз бетімен жұмыс істеу
дағдысын меңгертті. Тәжірибелі
оқытушы оқушылардың зейінін
қоздыру қажет хабарланған оқу
материалына оларда қызығуды
дамыту – бұл, Пироговтың пікірінше
оқытудың жемісті ұйымдастырудың
ең негізі деп түсінді.
Негізгі дидактикалық қағидаларды
Пирогов оқытудың мәнділігі, белсенділігі
және көрнекілігі.
Пирогов гимназиялардың педагогикалық
кеңестерінің жұмысын жақсарту
туралы ұсыныстар жасады, талқыланатын
мәселелердің мазмұнын кеңейтті,
дидактикалық мәселелер туралы
баяндамалар жүйесін және пікір
алысуды, мұғалімдердің әдістемелік
ізденістерін көтермелеп отыруды
енгізді, өзара сабақтарға қатысуды
ұсынды. Пирогов сыныптан сыныпқа
көшіруді оқушылардың жылдық
үлегірм нәтижесінде іске асыру
ұсынылды.
Жоғары мектепте сабақ беруге
Пирогов белгілі ғалымдарды тартуды
ұсынды, профессорлардың студенттермен
әңгімелесулерін күшейтуді, семинарлар,
просеминарлар және практикалық
сабақтар өткізуді, әруақытта да
студенттерде тереңдетілген өз
бетімен жұмыстың дағдыларын
дамытуды енгізуді ұсынды.
Оқушылардың тәртібі туралы мәселеге
Пирогов ерекше мән берді. Пирогов
жақсы ұйымдастырылған тәртіпті
оқыту мен адамгершілік тәрбиенің
жетістіктерінің негізгі шарттарының
бірі деп есептеді. Ол ұрып-соғу,
казармалық тәртіп сол кездегі
мектептерде кең өріс алды, балаларға
оның жеке басына жауапсыздықпен
қарауды қатты сынға алды және
тәртіпті орнатуда ізгілікпен
және жүрек жылуымен қарауды
талап етті.
Оқушы тәртіпсіз жасағанда педагог
тәртіпсіздік қандай жағдайда
жасалды соны өте зейін салып
ескеру және оны бағалау қажет,
оқушының санасына оның кінәсін
жеткізу және қылығы үшін берілген
жазаның әділдігіне Пирогов ерекше
назар аударды.
Өзінің 1858 жылғы жазған “Балаларды
ұрып-соғуға бола ма және басқа
балалардың алдында ұрып-соғуға
болама” атты мақаласында Пирогов
баланы ұрып-соғуға және дене
жағынан жазалауға қарсы бола
отырып, бірақ тәжірибеде олсыз
мүмкін емес дей келіп, оны
тек ғана гимназияларда педагогикалық
кеңестің шешімін ерекше шара
ретінде қолдану керек деген
ұсыныс жасады.
Н.А.Добролюбов Пироговтың осы
көзқарасын және жазалау туралы
екіжақтылығын әділ сынға алған
кезде, ол “Киев оқу округі
бойынша гимназиялардың шәкірттерінің
қылықтары мен жазалау туралы
ережелерді енгізудің салдарлары
туралы” мақаласын жариялады.
Онда ол бұл ережелер Киев
округінің директорлар кеңесінде
қабылданғандығын, округтің попегителі
ретінде бұл коллегиялық шешімді
өзгертуге болмайтындығын, “Ережені”
енгізудің нәтижесінде дене жазалауын
қолданудың санының бір жылдың
ішінде өткен жылмен салыстырғанда
бірнеше есе азайғандығын атап
өтті.
Добролюбов Пироговтың келісімпаздығын
және бұрынғы жарияланған прогрессивті
қағидаларынан бас тартқандығына
жаңа мақаламен жауап берді.
Көптеген саяси және педагогикалық
мәселелерді бірізді емес, жартылай
шешуіне қарамастан, Пирогов орыс
педагогикасының тарихында ерекше
прогрессивтік роль атқарды. Пироговтың
гуманизмі, оның тәрбиенің негізінде
адамгершілікке үндеуі, оның сословиялық
мектепке қарсы болуының мәні
ерекше болды. 60-жылдардағы қоғамдық-
саяси қозғалыстың жағымды дәстүрлері
мен ұмтылыстары Пироговтың есімімен
байланысты.
Көптеген мәселелерде Пирогов
ресми педагогикаға қарсы шығып,
мектептегі бюрократизмге қарсы
күресе отырып, коллегиялық идеялар
мен алдыңғы қатарлы әдістемелер
үшін, оқытудағы схоластикаға қарсы
күресе білді.
Николай
Гаврилович Чернышевский (1828-1889)
1828 жылы Саратов қаласында діни қызметкердің
жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді
үйде алды, орта білімді–діни семинарияда,
жоғары білімді–Петербург университетінде.
Петербург университетін бітіргеннен
кейін Саратов гимназиясында
үш жыл бойы әдебиет пәнінің
мұғалімі болып жұмыс істеді.
Одан кейін Петербургке барып,
өзін әдеби-публицистикалық қызметке
арнады.
“Современник” журналының жетекшісі
қызметін атқарып, ол журналды
орыс революцияшыл-демократтарының
жауынгер арганына айналдырды. Сонымен
қатар журналистік қызметін атқара
жүріп, Чернышевский астыртын
революциялық жұмысты жүргізді.
1862 жылы ол ұсталып, Петропавл
қамалына қамауға алынды, жеті
жылға сотталды, одан кейін патша
үкіметі бойынша, Сібірге өмірлік
жер аудару тұрған болатын-ды.
21 жыл түрме, каторга және жер
аударудан кейін Астрахань қаласында
тұруға лұқсат етілді, ал 1889 жылы
қайтыс болудан бірнеше ай
бұрын Саратов қаласына келді.
Чернышевский 1889 жылы қазан айында
қайтыс болды.
Чернышевский студенттік жылдардың
өзінде крепостникалық право
және патша үкіметі еңбекшілердің
басына түскен ауыртпалық пен
бақытсыздықтың негізгі себептері
болып табылады, олар прогресстің,
ғылымның және ағарту ісінің
жаулары деген қорытынға келген
болатын-ды. Сонымен қатар бірден-бір
дұрыс және сенімді жол, оны
жою үшін күрес революциялық
жолы болып табылады.
Чернышевский өзінің қызметінде
педагогика және тәрбие мәселелеріне
ерекше орын бере отырып, оларды
материалист және революцияшыл
демократ тұрғысынан қарастырды.
Тәрбиенің ролі мен
мәні туралы. Чернышевский былай деді:
“Өмір сүретіннің барлығы – материя,
материясыз сана болмайды, болуы да мүмкін
емес”. Тәрбие мәселелерін ол материалистік
тұрғыдан қарады. Чернышевский жеке тұлғаның
дамуында және қалыптасуында басты, шешуші
рольді өмір жағдайы, қоршаған орта және
тәрбие атқарады деп түсіндірді, бірақ
толықтай тұқым қуалаудың ролін жоққа
шығармады.
Ол адам жақсы немесе зұлым,
жексұрын азамат болып тумайды,
жағдайға немесе алған тәрбиесіне
байланысты қалыптасады. Чернышевский
адам дамуында тұқым қуалаудың
шешуші роль атқаратындығы туралы
көзқарастың дұрыс емес екендігін
айтты.
Тәрбиенің ролін жоғары бағалай
отырып, Чернышевский тәрбие саласында
қалыптасқан қолайсыз жағдайды
ерекше атап көрсетті. Ол қалыптасқан
қоғамдық құрылыс жоғары идеялы
адамды, қажырлы күрескерді тәрбиелеуді
қамтамас ете алмайды. Ол тәрбие
жүйесін түбірімен өзгертуді
талап етті.
Революцияшыл демократтар тәрбиенің
мақсаты жаңа адамды азаматты,
өз отанының патриотын, революцияшыл
күрескерді тәрбиелеу деп есептеді.
“Баланы тәрбиелегенде деп жазды
Н.Г.Чернышевский,- өмірде ол жан-жақты
дамыған, адамгершілігі мол, таза
адам болу. Бұл бәріне де маңызды.
Ең алдымен сөздің шын мағынасында сіздің
тәрбиеленушіңіз адам болып шығу үшін
қамқорлық жасаңыз”.
Белинский мен Герценнен кейін
Чернышевский тәрбиенің мақсатын
бірден бір дұрыс анық, тап
берді. Адамның жан-жақты дамуы
туралы талап Чернышевскийдің
адам табиғатына материалистік
көзқарасынан туындайды.
Адамды жан-жақты даярлау жүйесінде
Чернышевский басты орынды жалпы
білім беруге арнады.
Жалпы білім беру өмірде алатын
мамандығына қарамастан әрбір
адамның болашақ қызметінің берік
негіздерін қалауы қажет. Ол
– фундамент, оған негізделмеген
арнаулы білім беру берік жағдайды
ала алмайды.
Чернышевский тәрбиенің жалпы
мақсатына сәйкес төрт негізгі
бір-бірімен өзара байланысты
жалпы білім берудің бөлімдерін
атап көрсетті: ақыл-ой, адамгершілік,
дене және эстетикалық тәрбие,
оның ішінде жетекші орынды
шәкірттерді табиғат және қоғам
туралы тереңде және жан-жақты
білім негіздерімен қаруландыру
мақсатын қоятын ақыл-ой тәрбиесіне
берді.
Чернышевский адамгершілік тәрбиесінің
міндетіне оқушыларда жағымды
сезімдер мен ұмтылыстарды, барлық
жақсылық пен әдемілікке күшті
сүйіспеншілікпен қарауды жатқызды.
Адамгершілік тәрбиесі ол отанына
және халқына сүйіспеншілік, адамға,
еңбек адамына сүйіспеншілікпен
қарау, еңбекті сүю, алдына
мақсаттар қоя білу қабілеттілігі
деп түсінді.
Дене тәрбиесінің Чернышевскийдің
пікірінше, өзінің мақсаты оқушылардың
дене күштері мен денсаулығын
дамыту және нығайту болып
табылады. Эстетика туралы Чернышевскийдің
материалистік ілімі тұрғысынан
эстетикалық тәрбие міндеттері
жаңаша қарастырылды. Ол негізінен
оқушыларды өмірде кездесетін
сұлулықты көре білуге түсіне
және сезе білуге, өнердің құралдарын
пайдалануға, бұл сұлулықты толық
және анық бейнелеуге әкеледі.
Эстетикалық тәрбиенің міндеті
қажетті құралдарды пайдалана
отырып, өмірдегі жағымсызды жамандау
болып табылады.
Тәрбие мен білім берудің
мазмұны және әдістері. Чернышевский
жалпы білім беретін мектепте негізгі
пәндерге ана тілін, әдебиетті, тарихты,
шет тілдерін, математиканы, физиканы,
жаратылыстануды және жағырафияны жатқызды.
Мектепте қандай ма болмасын
дінді оқытуға ол үзілді-кесілді
қарсы болды. Жалпы білім беруді
шектеуге бағытталған кез-келген
тенденцияны, оны мамандыққа даярлаумен
өзгертуді Чернышевский өте зиянды,
реакциялы деп бағалады.
Чернышевскийдің пікірінше, жалпы
білім беретін оқу пәндері
тек ғана ақыл-ой емес, сонымен
қатар оқушылардың адамгершілік
және эстетикалық тәрбиенің фундаментін
құрайды. Жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін
тәрбиелеу, негізінен табиғат және адам
туралы білімдерді меңгеру үрдісінде
іске асады.
Әрбір оқу пәнінің өзінің негзігі
ретінде сәйкес ғылымы болады,
Чернышевский ғылым мен оқу
пәні ұғымдарын бірлікте қарастыруға
қарсы болды. Оқу пәні, Чернышевскийдің
пікірінше, ешуақытта да ғылымның
қарапайым көшірмесіне айналмау
керек.
Оқушылардың зерттеуіне арналған
әрбір пәні бойынша оқу материалын
іріктеу қажет. Дене тәрбиесінде
Чернышевский күнбе-күнгі дене
жаттығуларына, сонымен қатар
серуендеуге ерекше мән берді.
Оның геройы Рахметов (“Не істеу
керек?” романында) белгіленген
режмиді қатаң сақтады, біржүйелі
дене жаттығуларымен айналысты,
ерікті және берік мінез-құлықты
тәрбиелейді – бұл жеке адамның
құнды белгілері.
Дене тәрбиесінің өте құнды
құралы Чернышевский біруақытта
адамгершілік тәрбиесінің құралы
болып табылатын дене еңбегі
деп есептеледі.
“Не істеу керек?” романында
(Вера Павловнаның төртінші түсі)
Чернышевский болашақ қоғамның
азаматтарының ерікті және қуанышты
еңбегінің суретін бейнелейді. Чернышевскийдің
бұл романында еңбек адамның
моральдық бейнесін өзгертуге
қабілетті күш ретінде қарастырылды.
Оқытуды ұйымдастыру, әдістері
және тәсілдері оқушылардың әртүрлі
білім негіздерін жемісті меңгеруге,
рухани күштері мен қабілеттерінің
жан-жақты даумына, дұрыс сенімдерінің
өсуіне және бекуіне көмектеседі.
Ол үшін, Чернышевскийдің көзқарасы
бойынша, төмендегілер қажет:
а) материалдық көлемі мен сипатын
анықтауда және оқытудың тәсілдерін,
оқушылардың ерекшеліктері мен
олардың күшін және қабілеттілігін
қатаң ескеру;
ә) оқыту мен тәрбие үрдісінде
қатаң бірізділікті сақтау;
Әртүрлі оқытудың әдістері мен
тәсілдерінің ішінде Чернышевский
мұғалімнің көрікті сөзіне, әңгімеге
және оқушылардың өз бетімен
істейтін жұмысына ерекше орын
берді. Ол көбіне оқушылардың
өз бетімен істейтін жұмысына
ерекше мән берді.
Чернышевский оқу үрдісін көңіл
көтерудің құралына айналдыруға
қарсы болды. Ол қызықты сабақ
беруді тек ғана құрал ретінде
қарады, ал негізгі мақсат емес,
оқытуда қызығу баяндаудың көңіл
көтеретін, тартымды түрлері арқылы
іске алады.
Чернышевский оқыту үрдісі тәрбие
үрдісі болып табылатындығын
бірнеше рет қайталап айтқан
болатынды. Оқыту үрдісі мен
тәрбие үрдісінің бір-бірімен
байланысты екендігін нақты дұрыс
түсіндіріп берді.
Мектептерде қолданылып жүрген
оқулықтар мен оқу кітаптарға
Чернышевский толықтай сын көзбен
талдау жасады. Көптеген оқулықтар
мен оқу кітаптарының негізгі
кемшілігі, оның пікірінше, біріншіден,
мазмұнсыз, құрғақ келеді, екіншіден,
олар адамгершілік құрғақ ақыл
айтудан тұрады, оқушыларда жалған
моральді қалыптастыру мақсатын
қояды; үшіншіден оқулықтарда
оқиғалар мен деректер қате
беріледі, құрғақ, дәмсіз, өте суы
мол тілмен түсіндіріледі. Сондықтан
да балаларға арналған оқулықтар
өте сауатты, әдеби, түсінікті,
тартымды, қарапайым, жеңіл тілмен
берілуді талап етті.
Николай
Александрович Добролюбов (1836-1861)
Нижний Новгородта 1836 жылы дін қызметкерінің
жанұясында дүниеге келді. Алғашқы білімді
ол үйде және діни училищеде алды, орта
білімді діни семинарияда, жоғары білімді
– Петербургтегі педагогикалық институтты
бітірді. Студент кезінен бастап, Добролюбов
“Современник” журналының жұмысына қатысып,
онда өзінің бірнеше педагогикалық мақалаларын
жариялады, оның ішінде “Тәрбиедегі беделдің
маңызы туралы” атты оның атақты мақаласы
бар.
Институтты бітіргеннен кейін
“Современник” журналының редакциясына
тұрақты жұмысқа орналасты.
Добролюбовтың жан-жақты қалыптасқан
публицистикалық қызметінде педагогика
және тәрбие мәселелері ерекше
орын алды, ол мәселелерді шешуде
Чернышевский сияқты, материализм
және революциялық демократизм
тұрғысынан қарады.
Ресми педагогиканы сынау. Өзінің
еңбектерінде үкіметтің халыққа
білім беру саясаты халықтың
білімге ұмтылысын жоюға бағытталғандығын
жазды. Оны ол әскери деспотизм
саясаты деп атады. “Халыққа
білім беру министрлігінде,-деп
жазды ол,-топастық, шектеушілік
және жауыздық үстемдік етеді”.
Ол ресми педагогиканы қатты
сынға алды. Өзінің еңбектерінде
тәрбие мәселелеріне ресми көзқарасын
білдірген педагогикалық шығармаларды
өрескел кемшіліктері үшін сынады.
Ол бұл мақалалардың авторлары
балалардың кез-келген өз бетімен
жұмысы мен белсенділігінен айыратын
тәрбиешінің беделіне баланың
соқыр, санасыз бағынуын, мүлтіксіз
бұйрығын орындауын жақтайтындығын
дәлелдеп берді.
Чернышевскиймен бірге ол жеке
адамның дамуында тұқым қуалаудың
ролін асыра бағалауға бағытталған
көзқарастың ғылыми негізі жоқ
екендігін, үстем тап өкілдерінің
мүддесін қорғайтындығын дәлелдеді.
Бұл “теорияларға” қарсы, Добролюбовтың
айтуынша, адам тағдыры, оның көзқарастарын,
сезімдерін және көңіл-күйлерін, оның
мінез-құлқы мен қабілеттіктерін қалыптастыру
қоғамдық өмір мен тәрбиенің жағдайларымен
анықталды, тек қана құрылысының кейбір
ерекшеліктері, темпераменттері, орналасулары
тұқым арқылы беріледі, Добролюбов “қазіргі”
білім беру жүйесін жақтады, оның негізгі
белгілері демократизм, гуманизм және
ғылымилық деп есептеді.
Жаңа жүйе жан-жақты дамыған
мектеп жүйесі болу керек, білім
берудің барлық сатысында мектептерде
оқыту тегін болуы қажет, Ресейді
мекендеген барлық сословиелер
мен ұлттардың балалары өз
ана тілінде оқу керек. Барлық
оқыту оқушының жеке басын
терең сылай негізінде құрылуы
қажет.
Добролюбов дене тәрбиесіне жеткіліксіз
мән беруге қарсы болды. “Біз
баланың басына әртүрлі көптеген
оларға жат (бір құдайдың өзі
білсін, істе ешқандай қажетсіз)
дерексіз ұғымдарды құюмен боламыз,
бірақ біз ақыл-ой және адамгершілік
қызметке қажетті органдарды
дұрыс тәрбиелеуге мән бермейміз”.
Добролюбовтың пікірінше, дене
тәрбиесіне жеткіліксіз мән беру
екі негізгі себептерге байланысты
іске асады:
1) адам табиғаты туралы жалған,
идеалистік түсініктердің нәтижесінде;
2) үстем тап өкілдерінің дене
еңбегіне, еңбек адамына менсінбей
қараушылықтың салдарынан.
Адам даярлау жүйесінде Добролюбов
басты рольді ақыл-ой тәрбиесіне
ерекше мән берді. Ол табиғат
және қоғам туралы білімдермен
шәкірттерді қаруландыруы қажет
деген болатынды.
Шәкірттердің сенімін қалыптастыруда
ақыл-ой білімімен қатар Добролюбов
дұрыс ұымдасқан адамгершілік
тәрбиесіне ерекше мән берді.
Негізгі адамгершілік қасиеттерге
патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілікпен
қарау, табандылық, турашылдық, принципшілдік
т.б. қасиеттерді жатқызды.
Добролюбов оқушыларды сөз бен
істің бірлігін қамтамасыз ету
қабілеттілік.
Оқушылардың тәртібі
туралы. Добролюбов сол кездегі
мектептегі таяқ тәртібін қатты сынға
алды. Ұрып-соғу және басқа да оқушылардың
адамгершілік қасиеттеріне нұсқан келтіретін
және балалардың белсенділігі мен өз дербестігін
аяққа басатын құралдарды Добролюбов
варварлық деп атады.
Оқушыларға әсер етудің крепостниктік
тәсілдеріне тән таяқ тәртібін
қарсы бола отырып, Добролюбов
оқушылардың саналы тәртібімен
оны ұстаудың ізгілік құралдарын
жақтады.
“Оқушылардың орнында дұрыс отыруы”,
Добролюбовтың пікірінше, - бұл таяқ
тәртібінің көрсеткіші. Ал саналы
тәртіп баланың қозғалғыштығына,
белсенділігіне, балалық ерекшелігіне
онымен жұмысты және мінез-құлқына
мүмкіншілік беріледі.