XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары

Жоспар

 

Кіріспе

XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың  басындағы қазақ-орыс қатынастары

 

Негізгі бөлім

Қазақ билеушілерінің Ресей  бодандығын қабылдауы

 

Патшалық Ресейдің далалық  аймақты отарлауға көшуі:

әскери бекіністердің, қоныстар мен қалалардың салынуы

 

Қазақ  халқының мемлекеттік  тәуелсіздігінен айырылуы

«Ciбip қырғыздары туралы Жарғы» мен «Орынбор қырғыздары туралы

Жарғы» - Орта және Kiшi жүзде  хандық биліктің жойылуы

 

1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар

 

    1886,1891 жылдардағы ережелер

 

Қорытынды

 

Ciбip және Сырдария әскери  желілерінің түйіcyi.

Ресейдің қазақ жерін  жаулап алуының аяқталуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың                        басындағы қазақ-орыс қатынастары

Қазақ-жоңғар соғыстары мен  шаруашылықтың күйреуі қазақ  билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. Қазақ-орыс қатынастарының тарихи тамыры тереңнен бастау алатын. Екі ел арасындағы қарым-қатынастар Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей империясы өзіне қаратып алғаннан кейін тереңдей бастады.Орыс мемлекеті Орта Азияға қазақ жері арқылы өтетін дәстүрлі сауда жолдарын қауіпсіздендіру мақсатында Қазақ хандығымен экономикалык байланыстар орнатуға мүдделілік танытты.

  Қазақ хандығы өз кезегінде Орта Азия хандықтары мен жоңғарларға қарсы күресте Ресеймен одақтасуды көздеді. Екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды дамытуда елшілік алмасулар маңызды рөл атқарды.        1573 жылы Қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілген еді.  Бipaқ  олар Ciбip татарлары қолынан қаза тапқандықтан, бұл елшілік қазак хандығына жете алмады.

IV Иван Грозный ағайынды саудагер Строгановтарға 1574 жылдың

30 мамырында Тобылға бекініс салуға жэне Қазақстан мен Орта Азия халықтарымен «салықсыз» сауда жасауқа рұксат грамотасын береді .Бұл сауда байланыстарының жандануына  ceптігін тигізді.

1594 жэне 1595 жылдары Мәскеуге  Тәуекел хан Құл-Мухаммед басқарған қазақ  елшілігін  жібергені  белгілі.XVI  ғасырда 6ip  орталыққа біріккен  Ресей мемлекеті нығая бастады. Сол себепті, Ресей өзінің шығыс аудандарымен шектес орналасқан халықтарды жаулап алу саясатын тегеурінді  түрде жургізе бастады.  Ciбip  мен қазақ жерлерін қосып алудағы Ресей империясының мақсаты шикізат көздері мен бағалы аң терілеріне бай аймақтарды иелену және мемлекеттің шығыстағы шекараларының қауіпсіздігін  нығайту саясаты болатын.

Ресейдін Батыс Ciбipre басып  кipyi мен оны өзінің кұрамына енгізудің бастамасы 1581 жылы Ci6ip хандыгыньщ астанасы Искерді алган Ермак жорықтарымен байланысты болды. Сібірдегі Көшім хандығының талқандалуы орыс мемлекетінің Ci6ipгe және онымен шектес аудандарға жылжуына ьңғайлы аймақ    құру бағытындағы алғашкы қадам жасауына жағдай жасады. Жаңа жерлерді жаулап алуда шығыс өлкелерге, соның ішінде қазақ жерімен шекаралас аудандарға әскери бекіністер орнатуға ерекше көңіл белінді. Бекініс қамалдар маңына поселкалар мен деревнялар тұрғызыла бастады. Батыс  Ciбip  аумағындағы алғашкы орыс қаласы қазақ хандығының шекарасына жақын Epтicтің құяр саласындағы Обьтың оң жағалауына 1585 жылы салынған Обь қалашығы  eдi.  Кейін Түмен (1586 ж.), Тобольск (1587 ж.), Тара бекіністepi  (1594 ж.) пайда болды. 1604 жылы орыстар Том жағасына Томск бекінісін  салды. XVII ғасырдың басында қазақ хандығының батыстағы шекаралық аймақтарында орыс қоныстары орын тепті. 1620 жылы Жайық бекінісі, 1640 жылы Гурьев  бекінici  бой көтерді. XVIII ғасырдың басы Ресей үшін I Петрдің реформаларымен, Швециямен Балтық теңізі  үшін,  Туркиямен Қара теңіз үшін жүргізген соғыстармен және  Ciбipдi  жаулап алу, Шығыс елдерімен байланыс орнату сиякты тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. I Петрдің сыртқы саясатында Ресейді шығыс елдерімен жалғастырушы қазақ жерлеріне ерекше көңіл белінді. Үндістан мен Қытайға шығар жол іздеген I Петр тұсында қазақ жеріне орнығуға бағытында белсенді әрекеттер жасалды. Бұл бағытта  Ciбip губернаторы князь М.Гагарин Ресей үкіметіне Ертістен Жаркентке дейін  күшейтілген бекіністерстер жүйесін  кұру жобасын ұсынды. Оның жобасында бұл жерлер алтынның қорын өте бай екені атап көрсетіледі 1715 жылы Тобылдан  EpTic  бойымен үш мың адамнан тұратын подполковник И. Бухгольц бастаған әскери экспедиция жіберіліп, олар Жәміш және Омск (1716) бекіністерін  салады. 1717 жылы қамал құрылыстарын жалғастыру үшін Жәміш көлінен Ертістің бойымен жоғары қарай П. Северский мен В. Чередов отрядтары жіберілген. П. Северский Железинск бекінісін, ал В. Чередов Колбасинск  бекінісін  салдырды. Сондай-ақ 1718 жылы В.Чередов Ертістің оң жағалауынан кейін Семипалатинск атауын алған қамалға арнап орын дайындайды. Ямышевск пен Семипалатинск бекіністері1717-1718 жылдары подполковник П. Ступин экспедициясы кезінде айтарлықтай күшейтіледі. Одан кейін жіберілген майор И.Лихаревтің экспедициясы Усть-Каменогорск және Коряков  бекіністерін  (1720 ж.) тұрғызды. Бұл әскери-қорғаныс бекеттері  жоғары  Epтic  желісін құрады.

Қазақ билеушілерінің Ресей бодандығын қабылдауы

Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен  Кіші жүз бастады.1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр  Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді.Қараша айында елшілік Петерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресей патшайымы Анна Иоановнаға* тапсырады.Хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді.Бұл уақытқа дейін Ресей  империясының құра-мына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдығы, Грузия толық қосылған болатын.Әбілхайыр елшілігі жоғары дәрежедегі сый-құрметпен қабылданады.

1731 жылы 19 ақпанда Анна  Иоановна «Әбілқайыр ханды және  бүкіл қазақ халқына оларды  Ресей империясының қол астына  алуы туралы» грамотаға қол  қояды. Онда Әбілқайыр хан мен оның қол астындағы халқы Ресей бодан-дығына мынандай шарттар негізінде қабылданатыны туралы баяндалады:

Біріншіден, жоғары мәртебелі  императорымызға адал қызмет етуге  және бізге башқұрттар қызмет еткені сияқты жасақ төлеуге ант бересіздер.

Екіншіден, Ресейдің қол  астындағы халықтардан ешқандайда тонаушылық пен өкпеге жол берілмейді.

 

Үшіншіден, егер сендерге, қайсақтарға  басқа біреулер басқыншылық жа-саса, Ресей императоры тарапынан қорғаласыздар  және сіздер Ресейдің қол астындағы  ел болып табыласыздар.

Төртіншіден, башқұрттар мен  Ресейдің құрамындағы басқа да халықтар сіздердің тұтқындарыңызды босатады, ал сіздер ресейлік тұтқындарды бо-сатуға, башқұрттармен және қалмақтармен бейбіт жағдайда тұруға уәде етесіңдер»

Әбілқайыр хан мен басқа  да ел билеушілерінен тиісті ант қабылдау ұшін Ресейдің сыртқы істер коллегиясының тілмашы А. Тевкелев бастаған елші-лер жіберіледі. (Оның татар есімінің баламалары Мамет, Мамет мырза, Кут-лумбет мырза, Құтлу-Мұхаммет.)

Қазақ билеушілерін Ресейге  бодан болу женінде ант беруге көндіру үшін А.Тевкелевке маңызды  саяси өкілеттер беріледі.Сондай-ақ оның елшілігі қазақ жерінде геодезиялық  жұмыстар жүргізіп, аймақтың географиялық жағ-дайы, қазақ халқының әдет-ғұрпы  мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер жи-науы тиіс болды.

Оған «Қырғыз-қазақ ордасына, оларды Ресей қол астына алу үшін жіберілген шығыс тілдерінің аудармашысы  М. Тевкелевке Мемлекеттік Сырт-қы істер  коллегиясының нұсқауын» табыс  етіледі.Бұл «Нұсқау» бойынша ол күнделік-журнал жазып отырған.Ондағы жазбалар сол кездегі тарихи оқиғалар жайында құнды деректер бере алады. «Нұсқаудың» бір бөлімінде: «Хан мен ақсақалдар және басқа қырғыз-қайсақтар адалдық туралы антты Құранмен берсін, оны бекіту үшін қол қойып Тевкелевке берсін... егер олар одан бас тартса, онда Тевкелев оларды көндіру керек», - деп жазылған

Анна Иоановна Әбілқайыр  ханға арнайы сыйлық жіберген: қылыш, құндыз ішік, қара түлкі терісінен  жасалған екі тымақ т.б. Сыйлықтарды  хан ант қабыл-даған соң ғана беруге нұсқау берілген. 1731 жылы 5 қазанда А.Тевкелев Ырғыз өзені бойындағы Майтөбе дегөн жердеп Әбілқайыр ханның ордасына ке-леді. Елшілерді Әбілқайырдың үлкен ұлы Нұралының басшылығымен үлкен құрметпен қарсы алады.

Елшіні қабылдау рәсімі кезінде  қазақ билеушілері арасында Ресей  бодан-дығын қабылдау мәселесінде  бірпік пен бірауыздылықтың жоқтығы  білініп қалады. А. Тевкелев, қазақ сұлтандары мен ақсақалдардың бір бөлігінің орыс мемлекетіне бағынуға үзілді-кесілді қарсы екендерін түсінеді. Олардың хан-ның ықпалына көнбейтінін де сезеді.Бұл жағдайды шиеленістіре түскен еді.А.Тевкелевтің көмекшісі, Ресейге адал қызметі үшін тархан атағы берілген башқұрт Таймас Шаимовқа Табын руынан шыққан Бөкенбай батыр, оның күйеу баласы Есет батыр және оларға туыстық байланысы бар Құдайменді мырза Ресей бодандығын қабылдау туралы антты қолдауды ұйымдастыруға келісім береді.Онымен қоса А. Тевкелев «тәуелсіздікті жақтаушылардың бірнешеуін сатып алды». Нәтижесінде 1731 жылы 10 қаэанда Ресей бодандығын қабылдау және оған адал болу женінде антты бірінші болып Әбілқай-ыр хан, онан соң Бөкенбай батыр, онан кейін Есет батыр мен Құдайменді мырза береді. Ханнан басқа алғаш ант қабылдағандар ішінде 29 беделді би-сұлтандар мен батырлар болды. Осылайша Кіші жүздің Ресей империясы-ның қол астына өтуінің алғашқы қадамдары басталған еді. 1732 жылы 24 қарашада А. Тевкелев кері қайтады.

Қазақстанның Ресейге  қосылу үрдісі қазақ халқының тағдырындағы өте қиын кезеңде дипломатиялық  жолмен басталып, XIX ғасырдың 50-60- жыл-дарында  әскери күш қолдану арқылы аяқталды.

XVIII ғасырдың 30-жылдарында  жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылдары  басталып, әсіресе Орта жүзге  қауіп төндірді. Бұл жағдайда 1734 жылы 10 маусымда Анна Иоановнаның жарлығы бойынша Орта жүз билеушілерінің орыс бодандығынан қабылдауы мәжбүрліктен туған саяси қадам болды. Бірақ Орта жүз әлі де болса дербестігін жоғалтпаған еді.Орта жүз ханы Сәмеке қайтыс болғаннан кеіін бұл жарлық жүзеге асырылмай қалды.1822 жылы М. Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы» енпзілгенге дейін Орта жүз өз алдына дербес өмір сүре берді.

Қазақ мемлекеттілігін сақтап, оны нығайтуда қазақ ханы Абылай (1711-1781) көрегенді әрі шебер дипломатиялық  саясат жүргізді.1748 жылы Ресей бодандығын қабылдаған беделді сұлтан оны сақтай отырып, 1756 жылы Қытай бодандығын да қабылдайды.Бірақ іс жүзінде өз алдына тәу-елсіз саясат жүргізген болатын.

«Қазақ тарихының Герадоты»  атанған А.И.Левшин өзінің «Қырғыз  қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегін-де Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты  жөнінде нақтылы деректер кел-тіре отырып, талдау жасаған.Онда Абылай «қазақтардың барлық билеуші-лерінен айлакерлігімен және тәжірибеліпмен, ақыл парасатымен, оған қарайтын халықтың көптігімен беделді, Қытайдың боғдыханымен де, Ресей императорымен  де қатынасы арқылы бүкіл ордада даңқты болды.

Ол күштілігіне сенімділігімен, ақылдылығымен және өте сақ мінезімен  айналасына асқан шеберлікпен өзін қолдаушыларды топтастыра білді, жау-ларына күшін де көрсетті, ал қалыптасқан  жағдайларға қарай кейде орыс бодандығын, қытай бодандығын мойындап, бірақ шын мәнінде тәуелсіз би-леуші  болды»

Абылай бүкіл қазақ  халқының, үш жүздің ханы болды. Бұл жөнінде Шәкәрім былай деп жазады: «...үш жүзден тоқсан жақсылар ертіп барып, өздері қаси-етті көретұғын арғын, шақшақ нәсілінен Жәнібек деген кісіден бата алып, Әбілмансұрды үлкен хан қойыпты, ...Абылайдың хан болғаны 1735 жылдың маңайы болар

Абылай ханды қазақ  жоңғар соғысындағы қазақ халқының жеңісін қамта-масыз еткен қолбасшы ретінде де халық ерекше құрмет тұтты. ¥заққа созыл-ған жоңғар қазақ соғысының ең соңғы кезеңі қазақ халқының жадында «Шаң-ды жорық» деген атпен сақталып қалған. Шын мәнінде бұл бейнелеп айтқанда, көкке дейін бұрқыратып шаң көтерген жорық емес, қайта қалмақтар-мен соғыс тарихындағы ең соңғы және ірі, аяусыздығы жағынан ең ауыр, қан судай ағып, сансыз жан құрбан болған күрес кезеңі еді.Бұл соғыста қазақ халқы тарихи ұлы жеңіске жетті.

1733-1734 жылдары ¥лы жүздің  билеуші ақсүйектері де орыс  бодандығын қабылдау туралы шешім  қабылдайды. Жолбарыс хан бұл жөнінде Петерборға өтініш жасайды. 1734 жылы 10 маусымда Ресей үкіметі ¥лы жүздің ықпалды ру басыларын орыс елінің қол астына алу жөнінде грамота қабылдайды Бірақ ¥лы жүздің Ресейден территориялық тұрғыда қашықта орналасуы, халықаралық және ішкі жағдайдың күрделілігі ¥лы жүздің Ресейге толығымен қосылуына біршама кедергі жасап, оны кейінге қалдырған еді.

Патшалық Ресейдің далалық  аймақты отарлауға көшуі: әскери бекіністердің, қоныстар мен қалалардың салынуы

Жаңа қосылған жерлерді бекіту  обер лейтенанты И.К.Кириллов басқарған  арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды.Бұл  кейін Орынбор экспедициясы деп  аталды.Ал оның ісін қадағалау Кіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті  орындағаны үшін тілмәштық қызметтен  полковник дәрежесіне көтерілген А. Тевкелевке жүктелді.

1737жылы И. Кириллов  қайтыс болғаннан кейін Орынбор  экспедициясы Орынбор комиссиясы  болып қайта құрылды.1735 жылы Орынбор  бекінісінің құрылысы басталды.1744 жылдан бастап ол Орынбор губерниясының,  ал 1748 жылы Орынбор казак әскері  бөлімдерінің орталығына айналды.Қазақ  жер-інде тұтас әскери желілер  тұрғызылды. Тек 1740-1743 жылдары ғана  Кіші жүз және Оңтүстік Орал  аймағында: Воздвиженный, Рассыльный, Ильинск, Таналы, Уразым, Кизиль, Магнитная,  Каракульск, Прутоярск, Нижнеозерск,  Перегибенск, Усть-Уйск, Елманск,  Красногорск, Губерлинск, Новосергиевск  сияқты т.б. көптеген бекіністер  мен форпостар салынды.Бұл бекініс  желлері қазақтардың келісімінсіз  салынып, олардың көші-қон жүйелерін  бұзды және мал жайылымдарынан  ығыстыра бастады.XVIII ғасырдың 50-жылдарында  Горький, Иртыш, Колыванск, Ишимск, Орск әскери желілері пайда  болды.Осындай саясаттың нәтижесінде Жайықтан бастап Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырымды құрайтын тұтас бір-біріне жалғасып жатқан әскери бе-кіністер салынып, ол жерлерге казактарды қоныстандырды [30, ЗЗ-б.].Сон-дықтан бұл кезең әскери-казактық отарлаудың негізделуі болып табылады.Өйткені осы үрдіске қатысқандар негізінен әскери қызметкерлер мен казак-тар еді. Бұл жерде казактардың атқаратын қызметінің басты міндетін Ресей императоры былай айқындап береді: «Казак топтарына... империя шекара-сына жақын орналасқан... тайпалардан қорғау, олардан тартып алынған жөрлерге орналасу міндеті жүктелген. Біздің желілерді алға қарай жылжыта беру керек!..»

Патша екіметі жергілікті халықтың ең шұрайлы жерлері мен  жайылымда-рын казактарға алып беріп, олардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қойған жоқ.Сонымен бірге  жергілікті халықтардың жеріне басқыншылық  жасату арқылы оларды бір-біріне дұшпан етіп қойған еді.

Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының  бірінші губернаторы И.И. Неплюев  жүргізді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да жеткілікті. Мысалы, 1742 жылы 19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маң-ында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: «Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хан-дарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар салам, бұдан былай осы жарлықты алғаннан кейін қамал маңында және Жайық езенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады».Жайық бойында орналасқан казак әскеріне бер-ген бұйрығы туралы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына берген хабарламасында: «Қазактардың Жайықтың ішкі жағын-да көшіп-қонбауы үшін Жайықтың сол жағалауындағы даланы түгел өртеп жіберу керек» делінген. Онда Жайық казак әскерінің Гурьев комендантына арнайы тапсырма беріліп, қазақтардың шапқыншылығынан сақтандыра оты-рып, Жайықтың арғы бетін күз айларында Каспий теңізіне дейінгі аралықты түгелімен өртеп жіберуі тапсырылғаны туралы айтылған

XVIII ғасырдағы 30-жылдардың  аяғы мен 40-жылдың басында жоңғарлар  Орта жүздің Тобыл мен Есіл  бойы аймағына басып кіріп,  қазақтарға үлкен шығын келтіреді.  1742 жылы 20 мамырда Ресей үкіметі алғаш рет қазақтарды жоңғарлардан қорғау жөнінде арнайы шешім қабылдады. Бұл қадам да Ресейдің стратегиялық жоспарымен байланысты еді.Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қазақтардың Жоңғар хандығына тәуелділігін талап етті. 1742 жылы 2 қыркүйекте И. Неплюев Қалдан Серенге хат жолдап, онда жоңғарлардың қазақтарға шапқыншылық жасауына жол бермейтіндігі айтылады. Сондай-ақ тұтқындағы қазақтар мен Абылай сұлтанды босатуын талап етеді

Қазақ халқының тарихына үлкен  өзгерістер енгізген Әбілқайыр хан 1748 жылы 11 тамызда 56 жасында қаза табады. Оны қазақтардың Ресейдің боданы болуына қарсы саяси күштерге жетекшілік жасаған Барақ сұлтаны өлтіреді. 1748 жылы 2 қазанда Әбілқайыр ханның орнына Кіші жүз ханы болып оның үлкен ұлы Нұралы тағайындалды.

Қазақ халқының мемлекеттік  тәуелсіздігінен айырылуы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» - Орта және Кіші жүздеп хандық биліктің жойылуы 

XVIII ғасырдың 80-жылдарында Сырым Датұлы бастаған  көтеріліс барысында Орынбор  губернаторы О. Игельстром Кіші  жүздеп хандық билікті жоюға  әрекеттер жасаған еді. Ол «Игельстром реформасы» деген атқа ие болған болатын.Бірақ ол жүзеге асырылмай қалды. Бұл саясат XIX ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады. Сонымен қазақ жерін әкімшілік реформалаудың жаңа үлгісі Ресейдің әкімшілік-саяси басқару жүйесіне сай жасалынды.Реформа Орта жүзден басталды.Сібір генерал-губернаторы М. Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» жасалып, ол 1822 жылы қабылданады. (Орыс әкімшілігі сол кезде қазақтарды қырғыздар, ал қырғыздарды қара қырғыздар деп атаған еді.) Бұл реформа бойынша Сібір екі бөлікке - Шығыс және Батыс беліктерге бөлінді.Шығыс бөлігінің басқармасы Иркутскіде, ал батыс бөлігінің орталығы Тобольскіде, ал 1839 жылдан бастап Омбыда орналасты. Батыс Сібір бөлігіне Тобыл, Томск, Омбы облыстары және Орта жүз бен ¥лы жүздің бір бөліп енді. Батыс бөлік «Сібір қыр-ғыздарының облысы» деген атқа ие болды

Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының облысы» әкімшілік тұрғыда округ -болыс- ауыл жүйесі бойынша бөлінді.Округке 15-20 болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ (үйлер) кірді.Округ басшылығында округтық приказдар болды.Округтық приказдарды қазақтар дуан деп атаған.Округ-тарды  формальді түрде аға сұлтан басқарды.Болыс  басшылығында болыс сұлтаны тұрды, олар округтық приказға бағынды.Ауылды ағаман басқарды.Ағамандарды үш жылда  бір рет ауыл тұрғындары сайлап, оны округтық при-каз бекітті.Болыстар сұлтанға бағынды.Хандық билік толығымен  жойылды.

Реформада сот жүйесінде  де үлкен өзгерістер болды.Онда Қазақ  жеріне Ресей заңдарын енгізуді мақсат тұтты.Дәстүрлі билер соты тек ру арасын-дағы, ауыл ішіндеп дауларды шешу үшін ғана сақталынды.Қылмыстықтар, мысалы, Отанға опасыздық жасау, кісі өлтіру, ұрлық, билікке бағынбау т.б.империялық заңның негізінде шешілді.

«Сібір қырғыздары туралы Жарғыда» Сібір қазақтары көшпелі біратана-ларға жатады, сондықтан олармен құқықтары теңестіріледі деп атап көрсетілген.«Желілер бойындағы қазақтардың қазіргі жағдайы әртүрлі, олар бо-лыстарға, болыстар ауылға бөлінген, кейбірі қазіргі атауларын сақтап қал-ған». Одан әрі былай делінген: «Олар болыстық басқару ыңғайлы болуы үшін округтерге қосылған. Округтер көбіне бұрыннан қалыптасқан бір рудан және көрші болыстардан құралады.Әр округтің өзіне белгіленіл берілген жері бар және оған басқа округтың адамы жергілікті басшылықтың рұқсат-ынсыз өте алмайды».

«Басқару құрамы» бөлімінде мыналар анықталып берілген: «Ауылды старшындар басқарады. Болысты сұлтандар басқарды.Ауыл мен болыстағы сот мәселелерін талқылауда ауыл ақсақалдары мен билер ез билігін сақтайды.Бүкіл округті басқару үшін болыстар аға сұлтанды сайлайды.Әрбір округте округпк приказдар ашылған». Ал «Сайлау тәртібі» белімінде: ауылды бас-қару үшін ағаманды қазақтардың өздері сайлайтын болған және оны округтік приказ бекіткен. Ағамандарды сайлау әр үш жылда өтіп отырған, бір ағаман бірнеше рет қатарынан сайлана алады.Ағамандарды сайлау ауылдық жер-лерде ауызша өткізілетін.Көпшілік дауысты олар өздері шешті.Сұлтан лау-азымы мұрагерлік жолмен жүргізілді.Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сай-ласа, ал приказ заседательдерін билер мен ағамандар сайлады.Осының барлығын облыс басшысы бекітті. Аға сұлтан үш жылға сайланатын, заседа-тель екі жылға сайланады», - деп, сайлау тәртіптері белгіленген. Сондай-ақ Жарғыда: «Аға сұлтан - земство шенеунігі. Ол сайланғаннан кейін жергілікті әкімшілікті басқару үшін Ресей үкіметінің атынан оған өкілеттілік беріледі.Барлық жұмысты ол округтік приказ арқылы жүргізеді» делінген.

Жарғы бойынша қазақ халқы  ұшін «салық пен міндеткерлік» мөлшері  де белгіленді: «Жасақ малмен өтеледі, жүз бастан біреу алынады. Салық қазақ-тардан болыс бойынша жиылады.Салық жинау жылына бір рет жазды күні жүргізіледі».Жарғыдағы тағы бір маңызды мәселе, ол «Медициналық бөлімнің» енгізілуі болды.Әрбір округке екі емдеуші, тұрақты аурухана бөлінетін болды.«Діни және халық ағарту бөлімі ережесінде» білім беру жүйесін қалыптастыру бағыттары айқындалды.

«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» қабылдау хандық билікті жоюды  және Орта жүздің Ресей империясының құрамына толығымен енгенін білдіреді.

1824 жылы 8 ақпанда патша  өкіметінің жарлығымен бірінші  Қарқаралы ок-ругтық приказы бекітіледі. Оның басшылығына аға сұлтан, подполковник Тұрсын Шыңғысов отырды.Сол жылы Көкшетау округтық приказы құрылды.Бұл приказдар патша өкіметінің Қазақжерін отарлаудағы маңызды әкімшілік ресурсқа айналды.1832 жылы Ақмола округтік приказы ашылды.Жер таң-дауда подполковник Ф.И.Шубин экспедициясы мұқият тексергеннен кейін Қараөткел аймағында Есіл өзенінің оң жағалауына Ақмола бекінісін салу ұшін таңдап алды.Бұл Орта жүздің ірі руларының қоныстарының, жалпы қазақ жерінің орталығы ретінде өте ұтымды стратегиялық орын еді.

Ақмола округтық приказы  Қазақ жеріне ілгерпей енудің мүмкіндіктерін кең-ейтті.1851 жылы мұнда Қазақ жеріндегі  Ресейдің 1200 солдаты мен офи-церлері  орналастырылып, ең ірі әскери орталыққа  айналды.

1824 жылы Ресей үкіметі  «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы»  қабыл-дады.Ол Орынбор генерал-губернаторы  П. Эссеннің басшылығымен жа-салды.Орта  жүздегі сияқты енді Кіші жұзде  де хандық билік жойылды Кіші  жүзді басқару Орынбордағы Шекаралық  комиссиясы ар-қылы жүзеге асырылды.Жарғы  бойынша Кіші жүз үш бөлікке  белінді.Бұл бөліктерді Орынбор  губернаторы тағайындайтын сұлтандар  басқаратын болды.Бұл бөліктер  дистанцияларға бөлінді.Дистанция  дегеніміз бекіністер аралығындағы  жерлер болатын.Дистанциялар ауылдарға  бөлінді.Дистан-цияларды дистанция  бастығы басқарды, ал ауылдарды  ағамандар басқар-ды.Осының барлығын  шекара комиссиясы тағайындап  отырды.Орынбор қазақтары үшін  сайлау жүйесі енпзілмеді.Сондай-ақ  Кіші жүзде әскери бекі-ністер  бойындағы қазақтар үшін арнайы  қамқоршы қызметі тағайындалды.Сот  жүйесі «Сібір қырғыздары туралы  Жарғыдағы» ережелер сияқты жүргізілді.Ауыр  қылмыстық істер әскери соттар  мен шекаралық комиссия-ның құзырында  болды.Ал маңызы төмен істерді  жергілікті билер соты қарайтын  болды.Сейтіп Кіші жүздеп хандық  билік те жойылды.

Кіші жүз бен Орта жүздің соңғы хандарының тағдыры мынадай  болды.1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан  кейін, Орта жұздегі хандық билікке  оның баласы Уәли тағайындалды.Ол хандық билікке келгеннен кейін Абы-лай  хан саясатын жалғастыруды көздеп, Қытай үкіметімен байланыс орна-туға әрекеттер жасайды.Сол себепті  патша үкіметі Уәли ханның билігін  әлсірету үшін Орта жүзге Бөкей ханды  екінші хан етіп тағайындайды.Бірақ, ол 1817 жылы қайтыс болады Көп ұзамай 1819 жылы Уәли хан да қайтыс болған.Осыдан кейін Орта жүзде хан тағайындалмайды.

Кіші жүзде Әбілқайырдың баласы Айшуақтан кейін 1809 жылы хан  тағына Шерғазы тағайындалады.Бұл  шешімге наразы болған Кіші жүз ағамандары Арынғазыны хан етіп сайлайды.Бірақ 1821 жылы Арынғазы Петерборға шақырылып, сонда біраз ұсталғаннан кейін оны Калугаға жер аударды.1830 жылы ол сол жақта қайтыс болған.Ал Шерғазы хан болса «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылғаннан кейін Орынборға шақырылып, сонда тұрақтап қалады.

1867-1868 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар

Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформа патшалық Ресейдің отаршылдық саясатының маңызды бөлігінің бірі болып табылады. Өйткені, ол әкімшілік құрылыс, жер қатынастары, сот құрылысы, халыққа білім беру, дін мәселесі сияқты қазақ қоғамының шешуші салаларының бәрін қамтыған болатын.

Қазақстанға әкімшілік басқару  жүйесін енгізудегі патша үкіметінің алдына қойған басты мақсаты аймақтағы  отаршылдық саясатын күшейту болды. Осыған орай, 1867 жылы 11 шілдеде патша жарлығымен империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығы құрылса, ал 1868 жылы Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтары құрылды. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – "қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте-бірте қосып жіберу" үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Сөйтіп, жергілікті ақсүйектерді биліктен ысырып тастап, ру басшыларын әлсіретіп, ойға алған іс-шараларды оңтайлы жолмен оңай әрі тез жүзеге асырып отыру. Жалпы алғанда, реформалар патшалық үкіметтің қазақ даласының жергілікті тұрғындарын және аймақтық табиғат байлықтарын еркін пайдалану үшін орыс капиталына анағұрлым тиімді жағдай қалыптастыру әрекетінен туған еді.

Экономикалық шаралар  негізінде қазақтардың қыстауы  мен жайлаулық жерлерін мемлекет меншігіне кесіп, казак әскери бөлімдері  мен орыс шаруаларын орналастыру  үшін "артық" жер  мөлшерін анықтау ісіне экспедициялар жабдықталды. Мұның өзі қазақ жерін пайдалануынан алып, барша қазақтың жерін Ресейдің мемлекеттік меншігі деп жария ету арқылы Қазақстанның империя отарына айналғандығын дүниеге паш ету болды. Патша үкіметінің 1886 жылғы Түркістан туралы ережесі және 1891 жылғы Далалық облыстарды басқару туралы Ережесі сол орыс билігін одан ары нығайтып, қазақ даласындағы отарлық езгі мен қанаудың күшеюін тереңдете түсті.

1867-1868 жж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты. Сондықтан да Қазақстан аумағы облыстарға бөлініп, ал облыстар әкімшілік орталықтарына, қазақ даласымен байланыссыз жататын әр түрлі генерал-губернаторлықтарға бөлшектенеді. Мысалы, Торғай мен Орал облыстары – Орынбор; Ақмола және Семей облыстары – Батыс Сібір; Жетісу мен Сырдария – Түркістан генерал-губернаторлықтарының құрамына кірді. Бұрынғы ішкі Бөкей хандығының аумағы уақытша Торғай облыстық басқармасына бағынышты болып қалғанымен, ол ұзаққа созылмай, 1872 жылдан бастап Астрахань губерниясының құрамына кірді. Ал Маңғыстау түбегінің аумағы 1870 ж. қазақтардың көтерілісіне байланысты Кавказ әскери округының билігіне өтті. Бұлай бөлшектеулер мен басқаруға өзгерістердің енуінің өзіндік себептері болды. Бұл туралы профессор Б. Сүлейменов: "Патшалық үкіметтің ойынша, Қазақстан жерін түрлі генерал-губернаторлықтар мен әскери округтарға бөлшектеу, қазақ халқының ұлттық бірлігінің қалыптасу жолына кедергі болып, қазақ халқын отарлық езгіде ұстауды жеңілдетуі тиіс еді" - дейді.

1867-1868 жж. реформалардағы басты бағыттардың бірі Қазақстанда күшті әскери-бюрократиялық аппарат құру болды. Ол аппарат әр түрлі жеңілдіктерге: анағұрлым жоғары еңбекақы, екі есе төлем, қызметтен босаған кездегі жоғарғы зейнетақыға қызығатын чиновниктерден құралды. Зерттеуші ғалым К.А. Жиреншин өз еңбегінде: "Отаршылық  әкімшілік аппараты қазақ даласының жағдайынан бейхабар, білімі таяз адамдардан, ең бастысы, өз қызметін өміріндегі өтпелі кезең деп санап, сол уақыт ішінде тез ауқаттанып алуды көздеген офицерлерден жасақталған болатын: Генерал-губернаторлықтардың басты басқару аппаратын генерал-губернатор, оның кеңсесі және тапсырма орындаушы чиновниктер құрды. Генерал-губернаторлар әскери және азаматтық билікті толығымен өз қолдарына жұмылдырды, сонымен қатар қазақ даласындағы әкімшілік құрылысының принципі – жаңа отаршылық реформа бойынша билікті толығымен әскери ведомствоның қолына беру болды"  - деп, патшалық үкіметтің құйтырқы саясатының табиғатын айқын да ашық көрсетіп береді.

Бұл тұстағы генерал-губернаторлардың билік шараларын іске асыратын басқару  жүйесі мынадай үш бөлікке бөлінді: облыстық басқармалар, уездік басқармалар  және жергілікті басқармалар. Облыстық әкімшіліктің басқарма басшылығында әскери және азаматтық билік ететін әскери-губернатор тұрды. 1868 ж. Ереженің 22-23-бабында дала облыстарының әскери-губернаторлары облыстардағы әскери қолбасшыларға теңестірілетіні  көрсетілген және де олар өз облыстарының аумағындағы орналасқан казак әскерлерінің тағайындалған атамандары болып  саналатын.

Облыстар өз кезегінде  уездерге бөлінді. Уездік басқарманың  басшылығына орыс чиновниктерінің  ішінен облыстық әскери-губернатордың  ұсынысы бойынша генерал-губернатор бекітетін уезд бастығы тағайындалды. Жаңа әкімшілік жүйе бойынша уездегі  барлық билік жүйесі толығымен уезд бастығының қолына шоғырландырылды. Ереженің 42-65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым-салықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын  сақтау. Уезде орналасқан әскери бөлімшелер, мекемелер мен бекіністер уезд бастықтарына бағынышты болды.

1867-1868 жж. реформа ел мен жерді басқарудағы патшалық үкіметтің алғашқы буыны болып табылатын жергілікті басқармаға көңіл бөлді. Әрбір уезд болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Е.Г.Федоров "Қазақстан – патша үкіметінің отары" атты еңбегінде: "Патшалық қазақ тұрғындарының орталықтарын әдейі бөлшектеді, барлық басқару жүйесін бөлшектеу арқылы қазақ халқының мәдени дамуын тежеп, халықты қараңғылықта ұстауды көздеді", – деп көрсетеді.

XVI ғасырдың соңы -XVIII ғасырдың басындағы қазақ-орыс қатынастары