Қылмыстың көптігінің түсінігі. 2
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1. Қылмыстың көптігінің түсінігі;
1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы:
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Қылмыстық құқық дегеніміз – құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын айқындайтын құқықтың нормалардың жиынтығы. Жалпы қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын алу (қылмыстарды болдырмау; қылмыстардың профилактикасы) болып табылады.
Заң әдебиеттерінде қылмыстық құқықтың тәрбиелік міндеттерді жүзеге асыратындығы туралы пікірлер айтылған. Біздің мұнымен келісуміз керек. Себебі: азаматтардың бойына заң құрметтешілік дағдысын, мораль талаптарына жауап беретін тәртіп қалыптастыру барлық құқық салаларының алдында тұрған міндет. Сондықтан, қылмысты құқық – азаматтық, әкімшілік тағы басқа да құқық салаларындай тәрбиелік мәні бар әсер ету шаралары қолдануы қажет.
Жалпы бұл жұмыста,
қылмыстардың көптігінің
Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқыққа қылмыстардың көптігі деп танылады. Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.
Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
Қылмыстардың көптігі 3 түрге ажыратылады:
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстардың жиынтығы;
3) қылмыстың қайталануы.
Қылмыстардың көптігін жекелеге
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1. Қылмыстардың көптігінің түсінігі
Бір ғана тұлғаның бірнеше рет қылмысқа баруы – қоғам үшін аса қауіпті болып табылады. Біріншіден, қылмыстық құқықтық қорғауындағы қоғамдық қатынастарға тиетін зиян объективті түрде анағұрлым арта түседі. Екіншіден, бір тұлғаның жасаған қылмыстары әртүрлі объектілерге қиянат келтіретін болса, зиян келетін қоғамдық қатынастардың қатарының өзі де кеңейе түсуі мүмкін. Және де, бір тұлғаның бір ғана емес, бірнеше қылмыс жасауының өзі әдетте, бұл қылмыскердің бойында тұрақты түрде қоғамға қарсы бағыт қалыптасқандығын дәлелдейді. Мұның өзі жағдайдың тең қарастырылуы барысында бұл тұлғаға неғұрлым қатал қылмыстық – құқықтық ықпалдың қолданылуын талап етеді.
Сонымен қатар, бір тұлғаның бірнеше қылмыс жасауы, оның істегендерінің дұрыс саралануы мәселесін де туындатады.
Тұлғаның қылмыстық
жауапқа тартылуының ескіру
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстардың жиынтығы;
3) қылмыстың қайталануы.
Қылмыстардың көптігінің
өзіне тән белгісі – бір
тұлғаның кемінде екі рет
Қылмыстық жауаптылықтың ескеру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тің 11-бабының үшінші бөлігінде анық айтылған.
Сонымен қатар, қылмыстық – құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар:
шын өкінуіне (ҚК-тің 65-бабы), қажетті қорғанудың шегінен асуына (ҚК-тің 66-бабы), жәбірленушімен татуласуына (ҚК-тің 67-бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде (ҚК-тің 76-бабының екінші бөлігі) немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі.
1.2. Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
Қылмыстардың көптігін
Алайда, сот тәжіребесінде
сырттай қарағанда жекелеген
қылмыстардың қылмыстың көптігі
Жеке алғанда әрқайсысының
өзі қылмыстың дербес
Мұндай қылмыстардың
ең кең тараған түрі ретінде
бөтен мүлікті иелену
Жекелеген күрделі
қылмыстардың қатарына екі
Белгілі бір қылмысты әрекет құрамын үзбестен жүзег асырып отыру – созылмалы қылмыс болып табылады. Атап айтқанда ол – заңмен қылмыстық қудалану қаупін төндіре отырып кінәлінің мойнына артқан міндеттердің өп уақыт бойына орындалмауына келіп тірелетін әрекет немесе әрекетсіздік.
Айталық, П. өзінің
ұлын асырауға қажетті, сот шешімі
арқылы белгіленген қаржыны
Созылмалы қылмыстар қатарына, сонымен қатар, қашқындық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы) және т.б.
ҚК-тің 11-бабының
бірінші бөлігіне сәйкес – жалғ
Ұрлықпен бірге
тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы),
азаптау (ҚК-тің 107-бабы), ұрып – соғу
(ҚК-тің 106-бабы) және басқа да қылмыстар
жалғаспалы қылмыстар
1.3. Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы
Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстардың жиынтығы;
3) қылмыстың қайталануы.
а) Қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы дегеннің мағанасына тереңірек үңілер болсақ, ол – бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттері үшін тұлғаның сотталған – сотталмағандығы ескерілмейді.
Теория жүзінде де, практика жүзінде де қылмысты бірнеше рет жасау екі түрге бөлінеді: жалпы және арнайы.
Қылмыстардың қайталануының
кез келген түрі, оның қоғамдық
қауіптілігінің сипаты мен
Кінәлі тұлғаның ұқсас немесе біртекті екі немесе одан да көп қылмыс жасауы арнайы бернеше рет жасалу деп танылады. ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігінде дәл осындай бірнеше рет жасалу туралы айтылған: «Осы Кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан көп әрекетті жасау – қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады».
Нақты жағдайлар
тұрғысынан өзара
Мысалы, бір тұлғаның кісі өлтіру қылмысын екі рет жасауының бір – бірінен қылмыстың жасалған уақыты, орны және басқа да нақты жағдайлары тұрғысынан өзара айырмашылығы болуы мүмкін, бірақ бұл ҚК-тің 96-бабында қарастырылған қылмыс құрамының белгілері бойынша ұқсас (бірдей) болып келеді.
ҚК-тің ерекше
бөлімінің бірқатар
Заңмен тікелей
қарастырылған жағдайларда
Бірнеше рет жасалу ұғымы, кінәлі тұлғаның сотты болған қылмыстарымен қатар, оның қылмыстық жауаптылыққа әлі тартылмаған әрекеттерін де қамтиды. Аяқталған немесе аяқталмаған қылмыс деп саралануына, кінәлі тұлғаның бұл қылмыстардың орындаушысы немесе оған бірлесіп қатысушы болуына қарамастан, бұл әрекеттер – бірнеше рет жасалған деп танылады.
Бірнеше рет қайталанудың заң тұрғысынан алғандағы мәні мынада: біріншіден, жоғарыда айтылғанындай ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағына сәйкес сот оны жауаптылық пен жазаны ауырлататын жағдай ретінде қарастырылатындығында. Екіншіден, ҚК-тің 11-бабының бесінші бөлігіне орай «Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мірте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады» деп көрсетілетіндігінде.
б) Қылмыстардың жиынтығы.
ҚК-тің 12-бабының бірінші бөлігінде айтылғандай «ҚК-тің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады». Қылмыстардың жиынтығында адам, егер жасалған әрекеттердің белгілері ҚК-тің бір бабының немесе бабының бір бөлігінің неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтін нормасымен қамтылмаған болса әрбір жасалған қылмыс үшін ҚК-тің тиісті бабы немесе бабының бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Басқаша айтқанда, кінәлі тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті әрекеттерінің жиынтығы кезінде, қылмыстың екі немесе одан да көп құрамдары орын алады. Және де ескерілетін жай – кінәлінің жасаған істері ҚК-тің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында немесе бір бабының әр түрлі бөліктері мен тармақтарында қарастырылған қылмыстардың белгілеріне сай болуы керек. Тұлғаның біртекті әрекеттер жасауы, ол әрекеттердің кейбіреулері аяқталған қылмыс, қалғандары қылмыс жасауға даярлану, оқталу немесе бірлесіп қатысу сияқты болып сараланса да – қылмыстардың жиынтығы болып табылады. Құрамына кіретін істердің ешқайсысы үшін тұлға бұрын сотталмаған жағдайда ғана қылмыстар жиынтығы орын алады. Ал бұдан өзге жағдайларда ол қылмыстың жиынтығы емес, қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы немесе қайталануы болады. Іс жүзінде, субъектінің қылығында қылмыстың көптігінің бірнеше түрлері, атап айтқанда, қылмыстардың бірнеше мәрте жасалуы мен жиынтығы, қылмыстардың жиынтығы мен қайталануы бірден байқалатындығы жиі ұшырасады. Қылмыстардың жиынтығының түрлерінің әрқайсысының заңды салдары дербес туындайды. Бұдан басқа, жиынтықтың құрамына енетін қылмыстар бойынша, жоғарыда айтылғанындай, қылмыстық жауаптылыққа тартылудың ескіру мерзімінің өтіп кетпеуі, осы қылмыстардың біреуі бойынша қылмыстық жауаптылықтан заң жүзінде тағайындалған негіздер арқылы бұрын босатылмағандықтан болуы қажет.
Қылмыстар жиынтығының екі түрі болады: идеалды және нақты.
Кінәлі тұлға өзінің
бір ғана әрекеті арқылы, қылмыстық
заңның әртүрлі баптары
Үйдің ішіндегі адамды өлтіру мақсатымен сол үйді өртеп жіберу – идеалды жиынтықтың айқын, нақты үлгісі. Бұл мысалда жалғыз әрекет арқылы бірден екі қылмыс, яғни бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру (ҚК-тің 187-бабының екінші бөлігі), әрі кісі өлтіру (ҚК-тің 96-бабы) жасалып отыр. Бұл жерде, кінәлі адамның үйдің ішіндегі болу-болмауы істің айқындаушысы болып табылады. Егер де кісі өлтіру жөнінде ниет болмаған жағдайда, бұл іс өзіне тиісті жағдайларға қарай бір ғана қылмыс ретінде сараланады, атап айтқанда, бөтен мүлікті қасаөана жою немесе бүлдірудің абайсызда адам өліміне әкеліп соқтыруы (ҚК-тің 187-бабының үшінші бөлігі).
Тұлғаның өзінің
әртүрлі әрекеттері арқылы
Нақты жиынтықтың идеалды жиынтықтан айырмашылығы – тұлғаның жасаған қылмыстарының арасында уақыт үзілісінің болу – болмауында. Бұл үзіліс тіпті азғандай ғана болып, бір қылмысқа екінші қылмыс ұласып отыруы мүмкін.
Қылмыстар жиынтығының идеалды және нақты болып бөлінуінің теориялық ғана емес, практикалық тұрғыдан да маңызы зор.
Біріншіден, нақты жиынтықтың болуы, әдетте, қылмыс жасаған адамның қоғам үшін анағұрлым қауіпті екендігін дәлелдейді. Ал мұның өзі жаза тағайындау кезінде соттың неғұрлым қатаң шара қолдануына әкеліп соқтырады, себебі алғашқы қылмыстың жасалуы екінші қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде ауырлатушы жағдай ретінде танылуы мүмкін (ҚК-тің 54-бабының бірінші бөлігінің “а” тармағы).
Екіншіден, қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі идеалды және нақты жиынтық кезінде әрқалай есептеледі.
____________
1 Куринов Б.А. Научные основы клалификации преступлений. М. МГУ. 1984, С.174.
Үшіншіден, нақта жиынтық заңмен көзделген жағдайларда бірнеше мәрте қайтлаудың саалаушы белгілерін құрауы мүмкін (ҚК-тің 175-бабына қатысты 3-ші ескерту). Ал идеалды жиынтық кезінде бұл жағдай мүлдем болмайды.
Қылмыстардың жиынтығын бір қылмыстың ҚК-тің Ерекше бөлімінің бірнеше баптарымен бірден қамтылатын кезіндегі нормалардың бәсекелестігінен ажырата білу керек. Жиынтықпен салыстырғанда, нормалар бәсекесі кезінде бір ғана қылмыс жасалады және сот ҚК-тің баптарының ішінен осы әрекетті саралайтындай біреуін ғана таңдап алуы тиіс.
Ал норманың жалпы және арнайы түрлерінің бәсекесі кезінде арнайы норма қолдануы тиіс. ҚК-тің 12-бабының үшінші бөлігінде былай делінген: “Егер белгілі бір және нақ сол әрекет осы Кодекстің тиісті баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгілеріне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстің Ерекше бөлімінің арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды”. Мысалы, судьяны оны заңды қызметіне кедергі жасау үшін өлтіруді ҚК-тің қызметтік іс - әрекетін жүзеге асыруына байланысты кісі өлтіру үшін жауаптылық көзделген 96-бабының екінші бөлігінің “б” тармағына сәйкес емес, ҚК-тің сот төрелігін немесе алдын – ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың өміріне қол сұғу үшін жаза тағайындайтын 340-бабы бойынша саралау керек, себебі екінші норма біріншіге қатысты арнайы болып табылады.
Егер де арнайы
нормалардың өзара бәсекесі
Сараланған және артықшылықты бар құрамдардан тұратын нормалардың бәсекесі артықшылықты құрамнан тұратын норманың пайдасына шешіледі. Мысалы, кенет пайда болған жан күйзелісі жағдайында, жәбірленушінің заңға қарсы әрекеттеріне байланысты субъекті екі адам өлтірсе, оның әрекеттері 96-баптың екінші бөлігінің “а” тармағы бойынша емес, ҚК-тің 98-бабының екінші бөлігі бойынша саралануы тиіс1.
____________
1 ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы қаулысы.
Бөлшек пен бүтіннің бәсекелестігі кезінде де қылмыстардың жиынтығы болмайды (бір қылмысты әрекет басқа қылмыстың міндетті белгісі болып табылған кезде). Әдеттегідей мысал ретінде қарақшылықты айтуға болады (ҚК-тің 179-бабы). Шабуыл кезінде жәбірленушінің өмірі не денсаулығы үшін қауіпті болып табылатын күш қолдану оның міндетті белгілерінің бірі болып табылады. Егер де қарақшылық шабуыл жасау барысында кінәлі жәбірленушінің денсаулығына залал келтірсе, оның әрекеттері ҚК-тің осындай залал тигізгендік үшін жауаптылық қарастыратын баптарының жиынтығы арқылы саралануды қажет етпейді. Бұл жағдайда істелгеннің бәріне неғұрлым толық заңды саралаушы норма, яғни ҚК-тің 179-бабы қолданылады.
Егер де басқа
қылмысты жасаудың тәсілі
в) Қылмыстардың қайталануы.
Қайталану – қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының бір түрі болып табылады. ҚК-тің 13-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстардың қайталануы бұрын қасақана қылмыс жасауы ретінде түсіндіріледі. ҚК-тің осы бабының төртінші бөлігінде 18 жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшін соттылығы, сондай-ақ Кодексте белгіленген тәртіп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезінде ескермейді делінген. Қылмыстардың қайталануы қылмыскердің қоғам үшін қауіптілігінің жоғары екендігін білдіреді, себебі бұл – оған алғашқы қылмысы үшін қолданылған жазаның мақсатының орындалмағандығы. Қылмыстың қайталануының орын алуы, кінәлі қылмыстық жауаптылыққа тартылар кезде міндетті түрде ескерілуі тиіс.
ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 25 мамырдағы «Соттардың қайталанған қылмыстар туралы қылмысты істерді қарастыру тәжіребесі туралы» №1 қаулысында бұрын болған соттылық, бұған дейін тағайындалған және шын мәнінде өтелген жазалар, жазадан босатылу негіздері туралы мәліметтер жан-жақты және мұқият тексерілуі керектігі, сонымен қатар, сотталушымен жеке басы туралы басқа да деректерді анықтап, білу керектігі атап көрсетілді1.
_____________
1 Сб. Пост. Пленума Верховного Суда РК (Казахской ССР) 1961-1997. Алматы, «Санат», Т.1. С. 220.
Жасалатын қылмыстардың сипатына қарай қайталану – ж а л п ы және а р н а й ы болып бөлінеді.
Жалпы қайталану – бұрын соттылығы бар тұлғаның кез келген жаңа қылмыс жасауы. Мысалы, алаяқтық үшін сотталған тұлға бұзақылық жасауы мүмкін.
Жалпы қайталанудың
заңдылық тұрғысынан
Соттылығы бар
тұлғаның ұқсас немесе
Арнайы қайталанудың заңды тұрғыдан алғандағы мәні мынада: біріншіден, ол заңмен қарастырылған жағдайларда саралаушы немесе ерекше саралаушы жағдай болып табылады (ҚК-тің 170-бабының екінші бөлігі,175-бабының үшінші бөлігі т.б.). Екіншіден, жалпы қайталану сияқты, арнай қайталануды да егер де ол ҚК-тің Ерекше бөлімінде саралаушы белгі ретінде көрсетілмесе, сот жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар ретінде ескереді. Және де, үшіншіден, егер де арнайы қайталан сотталушының бұрын жасаған қылмысы үшін субъект бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген болса арнайы қайталану да жалпы қайталану сияқты салдарға әкеліп соқтырады.
Қоғамдық қауіптілігінің деңгейі бойынша қайталану қ а р а п а й ы м , қ а у і п т і және ө т е қ а у і п т і болып бөлінеді.
Қарапайым қайталану – бұл қауіпті және өте қауіпті қайталанудың белгілеріне сәйкес келмейтін қайталану.
ҚК-тің 13-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыстың қайталануы төмендегідей жағдайларда қауіпті қайталану деп танылады:
а) егер адам бұрын
қасақана жасаған қылмысы үшін
екі рет бас бостандығынан
айыруға сотталған болса, осы
адам қасақана жасаған қылмысы
үшін бас бостандығынан
ә) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда.

- Қылмыстың көптігінің түсінігі
- Қылмыстың көптігінің түсінігі;
- Қылмыстың көптігінің түсінігі мен белгілері
- қылмыстың көптілігі
- қылмыс ұғымы
- Қылмыс ұғымы және оның белгіері. Қылмыстық жауапкершілік және оның құрамы
- «Қылмыс» ұғымы және оның белгілері
- Қылмыстылық құрылымы және сипаттамасы
- Қылмыстылық ұғымы
- Қылмыстың әлеуметтік, психологиялық себептерінің түсінігі. Қылмыстық әрекет психологиясы
- Қылмыстың жасалу проблемалары
- Қылмыстың көптігі
- Қылмыстың көптігінің түсінігі
- Қылмыстың көптігінің түсінігі