Қылмыстың әлеуметтік, психологиялық себептерінің түсінігі. Қылмыстық әрекет психологиясы
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Реферат
Тақырыбы: Қылмыстың әлеуметтік, психологиялық себептерінің түсінігі. Қылмыстық әрекет психологиясы.
Орындаған: 310 топ студенті Калдибекова К.
Тексерген: Баймырзаева Ж.
Алматы 2012ж
Жоспар
Кіріспе
1. Қылмыстың әлеуметтік, психологиялық себептерінің түсінігі. Қылмыстық әрекет психологиясы.
2. Қылмыстық әрекеттің психологиялық сипаттамасы. Жасалған қылмыстың салдарының психологиясы.
3.Ұйымдасқан қылмыстық топ психологиясы.
4.Тінту және тану психологиясы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Қылмыстылықпен күрес жүргізу үшін қылмыс жасаған тұлғаның психологиялық негіздерін қарастыру керек. Ең бірінші қылмыс жасауға мүмкіндік берген, қылмыстылық мінез-құлықты қалыптастырған себептерге анализ жасаған жөн. Соттық психология қылмыс жасаған тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Бұл жерде психологиялық өзгерістердің туу себебін ғана анықтау жеткіліксіз. Қылмыс дегеніміз ерікті, саналы түрде жасалған қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Қылмыстық мінез-құлық объективті, субъективті нысандар, жалпы және арнайы, анықталған алғышарттар мен жағдайлар негізінде қалыптастырылады.
Адамның саналы әрекеті ретінде қылмыс экономикалық, әлеуметтік, психологиялық себептер негізінде туындаған құбылыс. Адам өмір сүретін микроортада, өмір сүру деңгейі, әлеуметтік тәжірибе, өмірлік құбылыстарды дұрыс түсіну және т.б.мінез құлық ерекшліктері пайда болады.
Қылмыстың әлеуметтік, психологиялық себептерінің түсінігі. Қылмыстық әрекет психологиясы.
Қылмыс жасау себептерін екі себептік байланысқа жіктеуге болады:
Біріншісі, қылмыс нәтижесінің туындауына қолайлы жағдайлардың болуы;
Екіншісі, қылмыс нәтижесінің болу мүмкіндігін болжау.
Екінші түрі жалпы және арнайы, мерзімдік, әлеуметтік факторларды анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыс жасау үшін тұлға жағдайды болжаумен айналысады. Яғни, қылмыс жасау саналы әрекет болғандықтан тұлға әлеуметтік ғана емес, сонымен қатар ішкі де факторларды да саралап, бағалаудан өткізеді.
Еникеев М.И., Антонян Ю.М. өз еңбектерінде қылмыстық әрекетті түсінуге мүмкіндік беретін келесі аспектілерді қарастырады:
1) Тұлғаның әлеуметтік нормаларды түсінуінің қиындығы. Нормаларды өз деңгейінде қабылдамау. Көп адамдар жасаған «қылмыстық әрекетті» түсінеді ал «жазаны» түсінбейді.
2) Отбасылық негізгі функциялардың дұрыс орындалмауы. Отбасы, еңбек, ұжым, шағын топтардың болмауы.
3) Ортаға деген негативті көзқарас. Қорғану механизмі ретінде агрессия таңдап алынады. Қоғамдық ортаны субъективті түрде күрделі үрдіс ретінде қарастырады.
4) Өзін түсінетін, қолдайтын басқа адамдарды іздестіру. Қоғамға қарсы ойларды біріктіру.
5) Өзіндік құндылықтардың болмауы.
6) Эмпатия – басқа адамдардың эмоционалдық жағдайын түсінбеу.
Тұлғаның құқық бұзушы ретінде қалыптасуының жағдайлары:
1) өзіндік мінез-құлыққа есеп береуі.
2) әлеуметтік сипаттағы
проблемаларға күрделі
3) қоғамға пайдалы іс жасауға жағымсыз көзқарас,
4) өзін - өзі тәрбиелеу процесінің тоқтауы.
Қылмыстық әрекетке психологиялық анализ – бұл қылмыстық әрекеттің құрылымдық элементтерінің мазмұнына психологиялық анализ жасау. Қылмыстық әрекет – бұл ниетті, мақсатқа бағытталған, ерікті түрде жүзеге асырылатын құқыққа қарсы акт.
Қылмыстық әрекеттің құрылымдық элементтері:
1)ниет, мақсат, бағыттылық, кінәлілік нысаны. (психологиялық компоненттер).
2) әрекет ету пәні, тәсілі, әркетті жүзеге асыру жағдайлары. (физикалық- заттық компоненттер)
3) нәтижеге жету.
Мақсат қылмыстық әрекеттің құрамдас бөлігі ретінде анықталған функцияны орындайды. Бірінші функция бұл бұл тұлғаның объектіні, затты, адамды сезінуі, қабылдауы. Екінші функция әрекет арқылы нәтижеге қол жеткізу. Адам өзінің қажеттілігін, мүдделілігін, қызығушылығын сезіне отырып, мақсатты қалыптастырады. Әрбір мақсат өзіндік ниетке ие болады. Психология ғылымында ниет дегеніміз – тұлғның нақты әрекеті мен мінез-құлқына байланысты белсенділігінің қайнар көзі немесе ниет бұл мақсатқа жету барысында қалыптасқан саналы іс-әрекет. Қылмыстық әрекет нәтижесінде ниет:
1)әрекет етуші ниет болып қалаады (өзгермеген түрінде);
2)басқа, қосымша ниеттермен толықтырылады.
Ниет, мақсат және қылмыстық
әрекет арасындатікелей және қайталама
байланыс болады. Тікелей байланыс
бұл ниет пен мақсат негізінде
қылмыстық мінез-құлық
Түрткінің өзгеруі іс - әрекеттің бағыт-бағдарынан нәтижесіне әсер етеді. Тұлғаны қандай да болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолындасыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.
Қажеттердің өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады.
Түрткілер, ниет және мақсат
қылмыстық әрекетте «қылмыстық ниет»
деген ұғыммен түсіндіріледі. Психологиялық
құрылымы жағынан қылмыстық ниет
динамикалық құбылыс болып
Қылмысты жасау тәсілі – бұл әрекет етуші тұлғаның психикалық ерекшеліктерімен бағаланған, осы әрекеттің мақсаты ман ниетіне сәйкес келетін әрекет ету тәсілдер жүйесі. Қылмыстық құқық бойынша қылмыс жасау тәсілі – қылмыс құрамының құрамдас бөлігі болып табылады. әрекет ету тәсілі арқылы адамның психофизиологиялық (білімі, қабілеті және т.б.) негіздерді анықтауға болады.
Қылмыс жасау барысында адамның алдына қойған мақсаттарының орындалуына байланысты жасалған қылмыстық әрекеттің салдарын ажыратуға болады. Қылмыс салдары немес қылмыс нәтижесі тікелей болуы мүмкін Тікелей нәтиже бұл тұлғаның субъективті мақсатына сәйкес келеді, яғни мақсаттың тікелей орындалуы.
Әртүрлі объективті факторларға байланысты тікелей нәтиже көлемі жағынан мақсатқа сәйкес келе бермейді. Мұндай жағдайларда мақсат толық орынджалмайды. әрекет нәтижесі мен мақөсат арасындағы қатынас мақсаттың «асыра орындалуына» әкеледі. Мұндайда нәтиже мақсаттың мазмұнынан көлемірек болады.
Адам өзінің мінез-құқына қандай жағдайболмасын есеп береді. Адамның әрбір әрекетіниеттілік негізге ие. Психологиялық ниет – бұл адам әрекетінің активтілігімен суреттеледі. Психолог А.Н.Леонтьевтің пікірінше ниетке-адамның өз қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған әрекеттерге негіз болған, ой, көрініс түрткілерді атайды.
Қажет - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Адамның қажеттерінің өтелмеуі көп қиыншылық тудырады. Олай болса, адамдардыңқажеттері-іс - әрекетінің негізгі мотивтері, оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады.
Әрбір қылмыстық әрекет өзіндік динамикаға ие.яғни, өзінің басталу және аяқталу формасы бар. Жедел іздестіру және тергеу практикасына сәйкес қылмыстық әрекет екі этапқа бөлінеді:
1. Дайындық кезеңі. (мотивациялық кезең).
2. Ниетті тәжірибе жөнінде жүзеге асырукезеңі.
Нақты әрекетке көшпес бұрын
субъект сол әрекеттің модельін
Қылмыстық әрекет ниеттену сатысында мақсат пен болатын жағдайдың нәтижелері аоасында сәйкес келмушілік болады. Ниеттену үрдісі тұлғаның нақты шешім қабылдауымен аяқталады. Қылмыс жасау туралы шешімге келу әртүрлі психологиялық жағдайда болуы мүмкін:
1)Стрессіз – қарапайым жағдай. Белгілі бір уақыт аралығында, асықпай шешімге келу.
2) Күрделі психологиялық жағдай. Шешім қабылдауға уақыт жетпеу, конфликтілік жағдай.
Шешім қабылдағаннан кейін ең басты этап – қаклыптастырылған ниет негізінде мақсатқа қол жеткізуге әрекет жасау. Ниеттену сатысында қылмыстық мінез-құлықтың жобасы жасалады.
Ниет пен мақсаттың қылмыстық әрекет жасау дайындық сатысындағы функцияларын ажырата білу керек. Дайындық сатысында ниет пен мақсат адамның еркін білдіреді. Ал қылмысты орындау барысында олар қалыптасқан адамның еркін құрайды.
Қылмыскер тұлға. Бұл ұғым көп мағыналы. Себебі оны тек психологтар ғана емас, сонымен қатар қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқығы, криминология мен криминалистика сұрақтарымен айналысатын заңгерлер де қарастырады. Заңдық психологияда аталған ұғым басты сұрақтардың қатарына жатады. Қылмыс жасаған тұлғаның тұлғалық ерекшеліктеріне анализ жасау келесі сұрақтарға жауап беру үшін қажет: неліктен тұлға қылмыс жасады?,қылмыскер өзінің әрекеті үшін қандай жауапкершілік тартуы керек? және т.б. Кінәлі тұлғаның индивидуалдықерекшеліктері қылмыс құрамын анықтаған, қылмыстық қылмыстық жауапкершілік пенжазаны тғайындағанда есепке алады. Айыпталушы тұлға туралы мәлімет тергеу әрекеттерінің жүйесін анықтағанда, тергеу тұспалдарын (версия) тексергенде, тергеудің бағытын қалыптастыруда жоғары дәрежедегі маңызға ие. Қылмыстың жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларын қалыптастырмас бұрын біз қылмыскер тұлғаның жеке басын анықтап алуымыз керек.
Қылмыстық құқық ғылымы бойынша қылмыстық субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыскер тұлғаның ұғымы көптеген әлеуметтік-демографиялық, әлеуметті-функционалдық кешенді қамтиды. Бұл кешендік белгілер қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілік сипатын және оны жасаудың себебін айқындауға мүмкіндік береді.
Қылмыс жасаған тұлғаның психологиясын заңдық психологияда оқу келесі мақсаттарды көздейді:
1. Қылмыстық құқықтық және қылмыстық процессуалдық сипаттағы шешім шығаруға көмектеседі.
2.Әртүрлі тергеу әрекеттерін
жүргізу кезеңдерінде сезікті
немес айыпталушыға ықпал ету
үшінқолданылатын тактикалық
3. Кейбір дәлелдеуге жататын мән-жайларды қалыптастыруда, оның ішінде айыпкер тұлғаның жасаған қылмысының ниетін анықтау.
4. Жасаған қылмыстың себебін анықтағанда
5. Қылмыс жасаған тұлғаға тәрбиелік шара қолдану немесе қайта тәрбиелеу.
Қылмыскер тұлға ұғымы ғылыми-практикалық мақсатта өзіндік құрамдас бөліктерге бөлінеді. Қазіргі кезде ғылыми әдебиеттерде қылмыскер тұлғаны зерттеу мақсатында келесі екі үлкен топқа бөледі.
1. Әлеуметті-демографиялық.
2.Әлеуметтік – психологиялық.
Қылмыскер тұлғаның әлеуметті демографиялық жүйесі. Бұл жүйе: сотталушының жынысын, жасын, отбасы жағдайын, білімін, мамандығын, әлеуметтік – материалдық жағдайын, соттылығын анықтауды қамтиды. Бірақ бұл белгілер (соттылықтан басқасы) адамның қылмыс жасауға деген бейімділігін көрсетпейді. Көптеген криминология оқулықтарынының авторларының пікірі бойынша қылмыскер арасында әйел адамдардаг гөрі, ер адамдар басым. Оның ішінде криминогендік белсенділікпен 25-37 жастағылар ерекшеленеді. Бұзақылық, қарақшылық, ұрлық сияқты қылмыстарды жасайтындар жұмыс орнын жиі ауыстыратындар немесе еңбек әрекетімен яғни, қоғамға пайдалы еңбек әрекетімен айналыспайтын тұлғалар. Жастар арасындағы криминогендік белсенділік олардың әлеуметтендіру үрдісінің аяқталмағанымен, төменгі дәрежелі мәдениетімен, өмірлік жоспар, мақсаттарының болмауымен анықталады. Білім деңгейінің төмен болуы – адамның интеллектісінің төмендігін, ал әлеуметтік бейімделуінің қиындығы – олардың эмоционалдық тұрақсыздығымен, импульсивтілігінің, агрессивтілігінің жоғарылығымен байланысты болады.
Әлеуметтік демографиялық
Қылмыскер тұлғаның әлеуметті-психологиялық жүйесі. Бұл жүйе екі құрылымдық элементтен тұрады:
1. Бағыттаушылық құрылым. Бұл тұлғаның әлеуметті маңызды, тұрақты қасиеттерінің жиынтығынан тұрады. (дүниетанымы, әлеуметтік тұрақтылығы, ниет.).
2. Тәжірибелік құрылым – білім, әдеті және т.б. тұлға әрекет еткенде жетекші роль атқаратын қасиеттері.
3. Тұлғаның танымдық үрдісі, психикалық, эмоцияналдық жағдайының көрінісін білдіретін психикалық форма.
4. Адамның мінезі мен қабілетін қалыптастыруда әсер ететін әлеуметтік факторларымен қатар қолданылатын және басқа да биологиялық қасиеттер.
Қылмыс жасаған тұлғаның әрекетін бағалағанда алдымен оның өмір сүру стратегиясын анықтап алуымыз керек. адамдардың мақсаты және оған қол жеткізуге құралды таңдап алуы сол субъектінің сансына байланысты болады.
Әлеуметтік психологияда қылмыстық топтың ұғымын анықтау біріншіден, олардың құқыққа қарсы әрекетін дұрыс бағалауға, екіншіден топтық қылмыспен күресуге, оның алдын алуға көмектеседі. Әлеуметтік психологияда қылмыстық топ ұғымына байланысты бірнеше көзқарас. Қатысушылардың санына байланысты әлеуметтік психология үлкен қоғамдық топтар (макротоптар) және шағын топтар (микортоптар) болып екіге бөлінеді.
Шағын топ бірігіп әрекет ету негізінде, ортақ мүдделі адамдар арасында туындайды.мұндай адамдар арасында тұрақты тікелей контакт болады. Шағын топқа кіретін адамдар саны әртүрлі болады. Ең төменгі шегі екі адамнан кем болмайды. Ал жоғарғы шегі олардың қарым – қатынас белсенділігіне байланысты болады. Кең тараған микортоптар жеті адамнан тұрады. өз кезегінде шағын топтар формальды және формальды емес болып екіге бөлінеді. Құрылымы жоғары жақпен анықталатын формальды топқа қарағанда формальды емес топ стихиялы түрде, көлемі жағынан үлкен топтар ішінде пайда болады.
Әлеуметтік психологияда шағын топты жіктеудің басқа да түрі бар. Олар мүшелік топ және референттік топ болыпбөлінеді. Субъект референттік топта болмауыда мүмкін, бірақ топтың көзқаасы бойынша ол белсенді мүше болып табылады.
Бірігіп қылмыстық әрекет жасауда қатысушылар өздерінің жекелеген қабілеттерін ,білімдерін кәсіпқойлықтарын біріктіреді. Уақыт өте қылмыстық еңбекті бөлісу туындайды.
Қылмыстық топтардың келесі типологиялары бар;
1. Қарапайым ұйымдасқан топ.
2. Құрылымды ұйымдасқан топ.
3. Ұйымдасқан қылмыстық группировка.
4. Бандиттік құрылым
5. Қылмыстық ұйым (одақ,қылмыстық лидерлердің профессионалдық кооперациясы.
Қарапайым ұйымдасқан топ 2-4 адамнан құралған ұйым. Мұндай топтар әдетте олардың мақсаттары ортақ болады. Мұндай топтар , тұрақты болады және олардың әрекеті қасақана ұйымдасқан, жоспарланған сипатта болады. Қарапайым ұйымдасқан топта бағыныштылық жетекші ететін лидер болмайды. Шешім ұжымды түрде қабылданады.Қарапайым ұйымдасқан топқа алаяқтар (мощенники), пәтер тонаушылар, кәмілетке жасы толмағандар және тағы басқалар. Бұндай топтар өмір сүру ұзақтығы 3жылдан аспайды. Қылмыстық әрекетке қатысушылар өзгеріп отыруы мүмкін.
Құрылымды
(күрделі) ұйымдасқан топ
Өзқызметтерін қамтамасыз ету үшін мұндай топтар басқа қылмыстық элементтер жалған құжаттар жасайтын техникалық жұмыстар, немесе ұрланған заттарды арзанға сатып алатын алып сатарлармен байланыста болады. Аталған мақсаттар мен ұйымның лидері басқа топтың жетекшілерімен қарым-қатынаста болады. Аталған топ негізінен (квартира, автомобиль ) тонау,қарақшылық,қорқытып тартып алушылық (рэкет), контра бандамен айналысады.
Ұйымдасқан қылмыстық топ- бұл көп мүшелі қылмыстық құрылым. Онда ондаған, жүздеген қаттысушылар болуы мүмкін. Мұндай топтарды қылмыстықсуб культура, иерархия,әрекеттің тәсілдері, ұлттық ерекшеліктерге байланысты бөледі.
Бұл топтар тек қылмыс жасап қана қоймайды,сонымен қатар белгілі бір райондарға (кооператив, шағын кәсіпкерлерге, дүкендерге) бақылауды жүзеге асырады. Осындай топтың лидерлері жеткілікті капитал жинап алған соң, легальды бизнес аясына көшеді. Олар банктің коммерциялық құрылымдардың директоры сияқты жоғарғы лауазымға ие болып заң шығарушы билік өкілдерімен тікелей байланыста болады.
Бандиттік құрылым
Банданың мүшелері 10 адамнан аспайды. Барлық қылмыстсқ құрылымға банды ұйымдасу деңгейінің жоғарлығымен жетекшіге қатаң бағынумен ерекшеленеді. Бандылық әрекеттің объектілері болып ақша, валюта, қару, алтын, қымбат тастар, антиквариат. Пайдакүнемдік күштеу әрекетімен қылмыс жасаған бандалар, қаталдығымен ерекшеленеді. Қылмыстың бағытталу деңгейіне байланысты банданың үш категориясын ажыратады;
1. классикалық банда
2. арнайы
3. жалдамалы
Классикалық банды банкіге инкасаторға, музей үйлерге ашық түрде ақша және тағы басқа құнды заттарды иелену үшін жасалады. Арнай - тек бір қылмыстың түрі бойынша тәжірибе жинақтаған.
Жалдаушылар тобы саны жағынан аз, бірақ физикалық тұрғыда өте жақсы дайындалған болып тұрады.
Ұйымдасқан қылмыстық топ психологиясы.
Ұйымдасқан қылмыстылықтың сипаттаушы ерекшелігіне (негізгі қылмыстық топтың құрылуы) жоғарғы деңгейдегі иерархиялық құрылымы бар, бір-біріне бағынатын, өзара қылмыскерлер арасында функцияны бөлісетін қылмыстық топтыңқұрылуы жатады.
Көп жағдайжа бұл қылмыстық ұйым, пирамида тәріздес құрылымды болады. Ең жоғарғы шыңында негізгі лидер және оған тікелей бағынатын топтар болады.
Ұйымдасқан қылмыстық топ психологиясыкриминалды психологияның арнайы тарауы ретінде ұйымдасқан қылмыстық топтың құрылу генезисін, рольдерді бөлісу және оларды психологиялық басқару механизімін оқытады.
Жасаған қылмысы ашылмаған және жазаланбаған қылмыскер басқа тұрақсыз тұлғалардың қылмыс жасауына ықпал етумен қоғамға қауіпті. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың құрылуы бұл тек қылмыскердің санымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік қозғалыс сапасымен қауіпті. Қылмыстық топтың әрекетіне анализ жасау барысында келесі түрлерді ажыратуға болады:
1)топтың немесе оның
жекелеген қатысушыларын
2) жауапты бөлімдердегі орындаушылар,
3) қосымша атқарушылар,
4) оппазиционерлер, ең әлсіз звено-бұл іштей қылмыспен келіспесе де оған қатысқан тұлға.
Қылмыстық топтың құрылуына әсер ететін факторлар:
А) тұлғаның қылмыстық әрекетті жалғызжасай алмайы,
Б) қылмыс жасау мүдделерінің ортақтығы,
В) жеке адамның беделі,
Г) бір мінез-құлық нормаларына бағыну, құқықтық сана дефектілігінің бірдейлігі.
Алдын ала тергеудің психологиялық негіздері.
Тергеу әрекеттерінің мақсаты-негізгі әлеуметтік құқықтық қорғау, қылмыстық іс бойынша ақиқатты қалыптастыру, кінәлі тұлғаны сотқа беру. Сондықтан тергеуші тұлғаның профессионалдық, психологиялық ерекшеліктері әлеуметтік саяси, рухани және психологиялық негіздерге байланысты.Алдын ала тергеу-бұл болған, өткен қылмысты оқиға болған жерде қалған іздермен қалпына келтіруге бағытталған мақсатты процесс.Тергеу әрекеттерін жүргізуде алатын орны ерекше. Тергеуші қызметінің психологиялық құрылымының негізгі анықтаушылық компоненті оның әртүрлі фактілерді жинау, зерттеу кезіндегі танымдық қызметі, тұлғалардың арақатынасындағы ерекшеліктерді зерттеу сияқты әрекеттерден тұрады. Алдын ала тергеу кезінде ғана болған қылмыстық оқиғаның моделі қалыптастырылады. Тергеуші әрекетінде крименалистикалық білім мен тәжірибе, ақпаратты дұрыс қабылдай білу, таңдай білу аса қажет. Өткен оқиғаны тану нақты, қазіргі фактілерге негізделеді. Осыған сәйкес қазіргі мен өткен оқиғаны байланыстыратын фактілік мән- жайлар негізінде ойша модельқалыптастырды. Бұл танымдық процесс фактіні, оқиғаны бағалау, тексеруге бағытталған практикалық іс- әрекеттерді де қамтиды. Қылмыс зерттеу пәні ретінде күрделі және көпжақты құбылыс болып табылады. Алдын ала тергеу бұл теориялық танымдық қана емес, сонымен қатар қылмыстық процеспен реттелетін практикалық әрекет. Заң тек қана тергеу әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар оларды жүзеге асыру тәртібін де реттейді. Ол тергеушінің басқа қылмыстық процеске қатысушыларымен ара қатынасын анықтайды. Тергеуші әрекеті көп төтенше міндеттерді шешуге бағытталады. Тергеуші қызметінің негізгі ерекшелігі қылмыстық процеске қатысушының әр түрлі көзқарасты ұстануы. Процеске қатысушылардың ішінде қылмыскер белсенді түрде тергеушіге қарсы мүддеде болады. Қылмыскердің өтірік, жалған айту, шантаж жасауы, адальсификация тағы басқа әрекеттері оның қорғану құралының арсеналы. Қылмыскерге қарсы тұлға тергеуші тек заңға сәйкес әрекеттермен ғана жұмыс жасайды. Тергеуші тактикалық оның ішінде психологиялық тактиканың жүйелендірілген түрін қолдануға құқығы бар. Психологиялық – тактикалық әдістер құқықтық және этикалық нормаларға сәйкес келуі керек.Тергеушінің негізгі міндеті конфликтілік жағдайға нақты баға беру. Тергеу кезінде тергеуші ақпарат аздығына байланысты, анықталмағандық жағдайда жұмыс істейді. Ол ақпаратты әртүрлі мамандық саласында жұмыс істейтін адамдардан алады. Ақпарат алудың негізгі формасы сөйлесу. Ақпарат алу мақсатында сөйлесу үшін алдымен контактілік жағдай орнату керек. Тергеу әрекетінде қарым-қатынас жасаудың өзіндік спецификасы бар. Қарым- қатынас жасау конфликтілік, рефлексивтік түрде болады. Коммуникация қатынас жасаудың жеке аспектісі ретінде роль атқарады. Коммуникация жағдайында белсенді ақпарат алмасу процессі жүреді. Тергеу нәтижесі тергеушінің басқа қатысушыларымен қатынасына байланысты болады. Тергеу кезінде тұлғалардың өзара қатынасы психологиялық қысым жағдайында қалыптасады. Яғни, әрбір тарап ақпарат алмасуы кезінде көптеген пхихикалық өзгеріске ұшырайды. Тергеушінің психологиялық жағдайы, оның әлеуметтік статусы мен тұлғалық профессионалдық қасиеттеріне, ақпарат тану деңгеиіне байланысты. Қылмыстық процесс қатынасының психологиялық жағдайы олардың құқықтық мәртебесіне сәйкес келеді.Тергеуші ақпаратты қабылдау, оған логикалық талдау жасау кезінде қателіктер жібермеу үшін логикалық заңдар мен ойлау формасын және кез- келген фактінің диалектикалық негізін жетік білуі қажет. Басқа мамандарға қарағанда тергеушінің өкілеттігі биліктік сипатта болады.Тергеуші мемлекет атынан әрекет етеді, оның қолында биліктік мәжбүрлеу шаралары, әртүрлі. Қолдану мүмкіндігі бар. Осы жағдайларды ұтымды қолдану кезінде ғана тергеу оң нәтиже береді.
Тінту және тану психологиясы.
Тінту іс үшін маңызы бар заттарды немесе құжаттарды табу және алу мақсатында жүргізіетін тергеу әрекеті. Тінту жүргізуге аталған заттардың немесе құжаттардың белгілі бір үй-жайда немесе өзге орында, не нақты адамда болуы мүмкін деп болжауға жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады. Тінту іздестіріліп жатқан адамдардың немесе мәйіттерді табу үшін де жүргізілуі мүмкін.
Тінту жүргізуге дайындық кезінде тергеуші сұрақтарды ұсынуға дайындалуы керек.
1. Не іздеу керек?
2.Іздестірілетін заттың түрі, пішіні, түсі, исі қандай?
3.Тінтуге жататын объектінің көлемі қандай?(планировкасы, объектінің саны, есіктер мен терезелердің саны және т.б.).
4.Тінту жүргізу кезінде
ол жерже іздестірілетіннен
5.Тінту объектісінің жарықтығы табиғи ма, әлде жасанды ма?
6. Объектіде телефон және басқа байланыс құралдары ма?соны анықтау?
7. Іздестірілетін объектінің қайда екендігін болжау?
8. Қандай техникалық құралдар мен материалдар алып бару керек?
9. Тінтуді неден бастау керек?
10.Тінту қанша уақыт алуы мүмкін? және т.б.
Осы сұрақтарға тергеушінің қаншалықты толық жауап бергеніне, тінту жүргізудің нәтижелілігі байланысты болады. Тінтілушінің мінез-құлқы келесі факторлармен анықталды.
1.Тінту жүргізізілу
барысында ол тінту
2.Тергеушінің объект тығылған жерге келгендегі психологиялық өзгерушілікті қадағалау.
3.Іздестірілушінің
Қорытынды
Ниет, мақсат және қылмыстық
әрекет арасындатікелей және қайталама
байланыс болады. Тікелей байланыс
бұл ниет пен мақсат негізінде
қылмыстық мінез-құлық
Түрткінің өзгеруі іс - әрекеттің бағыт-бағдарынан нәтижесіне әсер етеді.Тұлғаны қандай да болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолындасыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады.
Қолданылған әдебиеттер
1.Васильев А.Н. Следственная тактика. М., Юридическая литература, 1976г.
2.Воробьев Г.А. Тактика, психологические особенности судебных действий. Красноярск, 1986г.
3.Вопросы теории и практики судебного разбирательства гражданских дел: Сборник научных трудов. - Саратов, 1988г.
4.Горшенин Л.Г. Анализ поведения людей и методика моделирования, по предполагаемой ситуации. М., 1993г.
5.Ерохин А.А. Борьба с организованной преступностью (криминологические и криминалистические аспекты): Учебное пособие, Караганда. 1993г.

- Қылмыстың жасалу проблемалары
- Қылмыстың көптігі
- Қылмыстың көптігінің түсінігі
- Қылмыстың көптігінің түсінігі
- Қылмыстың көптігінің түсінігі
- Қылмыстың көптігінің түсінігі
- Қылмыстың көптігінің түсінігі;
- Қылмыстық құқықтағы кінәні дәлелдеу мәселелері
- Қылмыстық құқықтың түсінігі
- Қылмыстық құқық ұғымы,түсінігі
- Қылмыстық құқық ұғымы,түсінігі
- Қылмыстық процесті сот сараптамасының түсінігі
- Қылмыстылық құрылымы және сипаттамасы
- Қылмыстылық ұғымы