Қылмыстық құқық. 4

Жоспар 

 

 

 

Кіріспе 

1. Қылмыстық құқық

2.  Жауап алу түсінігі, міндеті және түрлері 

3.  Жауап алуды жүргізу

Қорытынды  

Қолданылған  әдебиеттер   

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

  

 

 

        Қылмыстық құқық жеке қүқық  саласы ретінде адамды, оның құқықтары  мен бостандықтарын, қоғамды және  мемлекетті қылмыстық қол сүғушылықтан  қорғауға бағытталған қоғамдық  қаты- настарды реттейді. Мүндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық қүқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастар- ды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен (субъекті мен) мемлекет арасында пайда болады. Мүндай қүқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән қүқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міңдеттейді. Сонымен, қылмыстық қүқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты кылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қьшмыстық жауаптылықтан және жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.    Екіншіден, қылмыстық қүқық нормасы арқылы жазамен қорқытьш, тыйым сальнған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Яғни, қылмыстық заңның болуы және оны бүзған адамдарға қолданылатын жазаның қылмыстық қүқықтық нормаларда көрініс алуы осы көрсетілген қүқықтық функдияның толық жүзеге асырылуына мүмкіндік туғызады. Үшіншіден, қылмыстық қүқық қылмыстық қүқықтың нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Мысалы, қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік немесе қылмыскерді үстауда әрбір азамат занда белгіленген тәртіппен қорғануға қүқылы. Бүл мәселе тек қылмыстық қүқықтық норма арқылы реттеледі. Қылмыстық қүқық туралы сөз болғанда оның үш түрлі мағынасын ескеруіміз қажет. Қылмыстық қүқық — бүл жалпы қүқық жүйесінің негізгі бір саласы және пән болып табылады. Осы үғымдардың бәрінің жиынтығы қосылып қылмыстық қүқық курсы деген түсінікті білдіреді. Қылмыстық қүқық пәнін қүқық саласы ретінде қарастырған- да жалпы қүқық теориясына тән белгілердің, негізгі принциптердің осы қүқық саласына да тән екеңдігін ескеру қажет. Сонымен бірге қылмыстық қүқық өзінің ерекшеліктерін белгілейтін және өзін жеке қүқық саласы ретінде қарастыруға негіз болатын өзіндік мазмүн, өзгешелік белгілері мен принциптері бар қүқық саласы болыптабылады. Қүқық саласы ретінде қылмыстық қүқық заң шығарушы оргаңдар қабылдаған қылмыс пен жаза, қылмыстық жау аптылық негізі, жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың тәртібі мен шарт- тарын, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды белгілейтін зандылық нормаларының жиынтығы болып табылады.  Басқа қүқық салалары сияқты қылмыстық қүқықтың да негізгі зандылық базасы — Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Қылмыстық қүқықтың ережелері мен институттарының мазмүны қолданылып жүрген қылмыстық қүқықтың нормаларында анық корсетілген. Қылмыстық құқык нормалары мазмүнына қарай екі түрлі қызметті жүзеге асырады. Оның біріншісі қылмыстық қүқықтың жалпы ережелерін, принциптері мен институттарын белгілеу арқылы негізгі екі ұғым - қылмыс пен жазаны анықтайды.

Бүл нормалар қылмыстық қүқықтың Жалпы бөлімінің мазмұнын құрайды.

Екінші бір  нормалар қоғамға қауіпті әрекеттің  немесе әрекетсіздіктің қылмыс қатарына жататын белгілерін, шеңберін және оны істегені үшін тағайындайтын  жазаньщ түрлері мен шегіп  белгілейді. Мұндай нормалар қылмыстық  қүқықтың Ерекше бөлімінің мазмүнын қүрайды.

Қылмыстық қүқық  жеке қүқық  саласы ретінде мынадай  өзіндік ерекшелік белгілерімен көрініс табады:

Қылмыстық қүқық  пәні қылмыс істеуге байланысты пайда  болатын қоғамдық қатынастарды ретке келтіреді. Ал мүндай ретте қылмыстық қүқықтық қатьшастардьщ субъектілері болып бір жағьшан қылмыс істеген адам және қылмысы үшін соларға мем- лекет атынан шара қолданатын мемлекеттік қүқық қолдану және қүкяқ қорғау органдары болады.

Белгілі бір  әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызып, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық іс-әрекетке тыйым салып, оны бүзғаны үшін қылмыстық жауапқа және жазаға тартатын нормалар- ды белгілеу — мемлекеттің қүзыреті. Осы түрғыдағы қоғамдык катынастарды ретке келтіру кылмыстық күқыққа ғана тән әдіс болып табылады.

Қылмыстық құқық Жалпы және Ерекше бөлімнен түрады.

Қылмыс пен  жаза туралы ұғым, қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері, қылмыстық жауаптылықтың  негізі және одан босату, қылмыс құрамыңың түсінігі, қылмыстық заңньщ кеңістіктегі және мезгілдегі күші, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын мән-жайлар туралы түсініктер, сондай-ақ қылмыс істеу сатылары туралы ұғыммен, қылмысқа бірге қатысу, жазаның мақсаты және жүйелері, жаза тағайьшдаудың немесе қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың мәселелері осы жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және оларды істегені үшін белгіленген жаза түрлері көрсетіледі. Жалпы және Ерекше бөлім өзара тығыз байланысты, осы екі бөлімнің жиынтығы қылмыстық қүқықты құрайды. Жалпы және Ерекше бөлімнің бірлігі олардың алға қойған мақсаты мемлекетті, қоғамды, азаматтарды және қүқық тәртібін қылмысты қол сүғушылықтан қорғау арқылы айқын көрінеді. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің нормаларын қолдану арқылы Ерекше бөлімнің нормалары жүзеге асырылады. Жалпы бөлімнің ережелері мен институттары Ерекше бөлімдегі нақты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыққа алынады. Сол себепті осы екі бөлім нормалары бір-біріне сәйкес болуы қажет. Мысалы, бөтеннің мүлкін тонау деген не екенін білу қажет болды делік. Бұл үшін Қылмыстық кодекстің 178-бабьша жүгінеміз. Бүл бапта тонаудың зандылық , үғымы, сипаттамасы берілген. Бірақ та осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін міндетті түрде қылмыс қүрамы, жас мөлшері, кінәнің нысандары мен түрлері, қылмыс істеу сатыларын, қылмысты бірлесіп істеу мәселелерін анықтау қажет. Ол үшін міндетті түрде Қылмыстық кодекстің жалпы бөліміндегі 3,9,15,19,20,21,24,29 - баптарына жүгініп, сонда көрсетілген зандылық үғымдарды басшылыққа алу керек. Егер тонау туралы осы қылмыстық іс сотта қаралатын болса, онда сот жазаны белгілеу (немёсе жазадан босату), жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін де Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің осы мәселелерге арналған III, IV, V бөлімдерінің тиісті баптарына сөз жоқ жүгінеді.        

 Қылмыстық қүқық қүқық саласының  жеке саласы болуымен бірге  ол басқа қүқық салаларымен  де тығыз байланысты. Сонымен  бірге қылмыстық қүқық өзінің  бағыты, атқаратын ролі, мәні мен қүқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа қүқық салаларынан оқшауланьш, ажыратылады.

Бүгінгі күні қылмыстық істер  бойынша дәлелдемелердің 80 % жуығы  куәлердің, жәбірленішулердің берген жауаптарына негізделіп отыр. Қылмыстық  істерді тергеу занда көрсетілген  тергеу әрекеттерін қолданып, өткізу арқылы жүргізіледі. Бірақ, қылмысты дер  кезінде ашып, керекті  дәлелдемелерді кідіртпей, дер кезінде жинап  алу үшін тергеуші заңда көрсетілген  тергеу әрекеттерін жүргізу ережелерін шектелмейді. Қай тергеу әрекетін жүргізгенде  дәлелдемелер жинап алу үшін осы  сәтте қолайлы, ұтымды тергеу әрекетінің нәтижелігін арттыруға бағытталып, заңға қайшы келмейтін әдістер  мен тәсілдерді қолданады.

Мұндай әдістерді қолданудың негізгі мақсаты, ол қылмыстың  ашылуына кедергі жасау үшін қолданып отырған  айла-әрекеттерін әшкерелеп, іс бойынша  объективті дәлелдемелер жинау.

Мұндай әдісті, тәсілді  қолдану криминалистік тактиканың бірі жауап алу тактикасы қолданылады. Жауап алу тарихы ертеден бастау алған. Әрине, ол замандардың жауап алуы заңдармен реттелмеген, бірақ азамат тарихының даму барсында барлық қоғамдық қатынастар, соның ішінде жауап алу да заңдық реттеуін тапты.

Қазақстан Республикасының  Қылымыстық іс жүргізу кодексінде жауап  алудың процессуалдық негіздері, түсінігі, мақсаттары мен түрлері айқын  көрсетілген.  

Соңғы жылдары елімізде  қылмыстың өсуі,   оның қауіпті  сипат алуы байқалады. Қылмыстың  алдын алу оның болуына   себеп болған жағдайды жою  үшін арнайы әдістерді қолдануды  талап етеді. Мұндай талаптың  бірі жауап алу әдістерімен,  тәсілдерін талқылайық.

Жауап алғанда қылмысты оқиғаға  қатысты мынадай мәліметтер:

- қылмыстың болған уақыты,

- оның орны,

- амал-әдісі,

- қылмысты кімдердің жасағаны,

- оған қанша адамның  қалыптасуы,

- істеген  қылмыстың   зардабы,

- залалы,

- сипаты мен мөлшері  және қылмысты оқиғаның басқа  да мән-жайлары анықталады.

Бұлар занда көрсетілген, міндетті түрде дәлелдеуге тиісті жағдайлар. Қылмысты   оқиғаға тікелей  қатынасы бар деректі мәліметтер де алынады. Қылмыскердің қайда жүргенін оның мекен-жайын білу үшін қылмыскердің  ең жақын адамдарына жауап алуға  тура келеді. Жауап алудың  мұңдай аралық түрінің,  қылмысты  оқиғаға  тікелей қатынасы   болмаса  да,  істі тез ашуда,  қылмыскерді  тауып  ұстауда,  істің  кейбір жайын  анықтауда  үлкен маңызы  бар. Дегенмен, болған қылмыстың мән-жайын  қылмыскердің  өзінен  артық ешкім  білмейді. Сондықтан қылмысты мойындап өз қателігін    дұрыс түсінген қылмыскерден аса маңызды мәліметтер алуға болады.  Өйткені істегі деректердің дәлелдемелік күштері  бірдей, бірінің бірінен артықшылығы  жоқ.

            Жауап  алу  дегеніміз - заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. 

Жауап  алу – дәлелдеме жинаудың ең көп тараған тәсілі. Сонымен қатар, жауап алу күрделі тергеу әрекеттерінің бірі болып табылады.

Қылмыстық іс жүргізу сатыларында  жауап алудың түрлері кездеседі. Мысалы жауап берушінің процессуалдық  жағдайына байланысты жауап алудың мына түрлерін білеміз:

  • куәдан жауап алу;
  • жәбірленушіден жауап алу;
  • сезіктіден жауап алу;
  • айыпталушыдан жауап алу;
  • сотталушыдан жауап алу.

Жауап алушының процессуалдық  жағдайына байланысты жауап алудың түрлері:

  • аймақтық инспектордың алған жауабы;
  • жедел өкілеттің алған жауабы;
  • анықтаушының алған жауабы;
  • тергеушінің алған жауабы;
  • прокурордың алған жауабы;
  • соттың алған жауабы.

Қылмыстық іс жүргізідің қандай сатысында жауап алғандығына  байланысты жауап алудың түрлері:

  • анықтама кезінде алынған жауап;
  • алдын-ала тергеу кезінде алынған жауап;
  • сотта алынған жауап (соттық тергеуде).

Жауап алудың ерекше бір түрі – беттестіру кезінде алынатын жауап.

Мұндай жауап алудың ерекшеліктері: біріншіден, бұрын жауап алынған  екі адамнан бір жерде, бір  мезгілде жауап алу; екіншіден, ол екі  адамның бір-бірінің алдында әртүрлі  жағдайларға байланысты мүлдем басқаша  жауап беруі мүмкін. Осы мән-жайларды ескере отырып, тергеуші жауап алуға  мұқият дайындалғаны орынды. Жауап  алдың кезектігіне сәйкес мынадай  түрлері бар:

  • алғашқы жауап алу;
  • қайталап жауап алу.

Жауап алудың көлеміне байланысты:

  • негізгі жауап алу;
  • қосымша жауап алу.

Қайталап жауап алу  алғашқы жауаптан соң жауап берушінің  жауабының 

дұрыстығынан күмән туған  жағдайда жүргізіледі.             

       Ал,қосымша жауап  алу алғашқы жауап алу кезінде  толық әрі нақты ашылмаған  мән-жайларды анықтау мақсатымен жүргізіледі.  

         Тергеу әрекетінің  осы түсінігіне тоқталатын  болсақ, жауап алу дегеніміз - бұл тергеушінің  заңда белгіленген тәртіп бойьнша  тұлғадан,  яғни 

1) куәден

2) жәбірленушіден

3) сезіктіден

4) айыпкерден

5) кәмлетке  толмаған жәбірленушіден

іс   бойынша   объективті   шындықты   ашу мақсатында, өзіне   белгілі   мән-жайларды  айтуды ұсыну,  сондай-ақ   сұрақтарды  қою  арқылы әңгімелесу   немесе  сот   психологиясы  тергеуші  мен жауап   алынушының   арасындағы    әңгіме,   диалог болып  табылады.

            Тергеуші  заңды   міндеттерін  орындаушы ретінде қылмыстық  оқиғаны    және  қылмыстық  тұлғаның толық  көлемде  және  объективтік информацияларды алу   мақсатының  ұйымдастырушысы  болып  табылады.

Жауап   алу үстінде   тергеуші   іс  бойынша мәліметттерді  алу үшін    заңды  көрсетілген  барлық тәсілдерді қолдануға, тактикалық әдістерді пайдалануға  тиіс.

Жалпы алғанда, жауап алу-тергеу әрекеттерінің бірі болғандықтан дәлелдеме  ретінде қарастырылады. Процеске қатысушыларды  олардың  заңмен  кепілдік берілген құқықтарымен айыру немесе оларды қысу жолымен немесе  қылмыстық процестің  өзге де ережелерін  бұзумен, оның  ішінде :

1) күш қолдану, қорқыту,  алдау сонымен бірге өзге де  заңсыз әрекеттер  арқылы;

2) оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің  салдарынан туындаған қылмыстық  процеске қатысушы адамдардың  өз  құқықтары мен  міндеттеріне  қатысты жаңылуын пайдалану арқылы;

3)  іс  жүргізу  іс-әрекетін  осы  қылмыстық  іс бойынша   іс жүргізуді жүзеге   асыруға   құқығы жоқ  адамның  жүргізуіне  байланысты;

4) іс жүргізу іс-әрекетіне  қарсылық білдіруге жататын адамның  қатысуына  байланысты;

5) іс   жүргізу іс-әрекетін  жүргізудің тәртібін айтарлықтай   бұза  отырып, дәлелдеу  барысында   осы заманғы ғылыми білімге  қайшы келетін әдістерді  қолдану   арқылы  алынып, олар  істі  тергеу  немесе  сотта  қарау  кезінде   алынған  іс жүзіндегі деректердің   дұрыстығына   ықпал  ету   мүмкін болса, дәлел  ретінде   пайдалануға    жол  берілмейді  деп танылуы тиіс Қ.Р.Қ.І.Ж.К.  – 11б бабында көрсетілген.

Тертеушінің кәсіби позициясы, сонымен қатар кәсіптік тәжірбиесіне  және  өзіндік қабілеттігі   жауап алу   жүргізуде  маңызды   жолын  анықтайды.

1) Сезіктінің

2) Айыпталушының

3) Жәбірленушінің

4) Куәнің  айғақтары

Қ.Р.Қ.І.Ж.К  119 бабына сәйкес  анықтау және алдын  ала  тергеу процесінде жауап алуда олар жазбасына  немесе ауызша нысанда   хабарланған  мәліметтер.

1. Сезікті  өзіне   қарсы туып отырған сезік жөнінде,  сондай-ақ  іс бойынша  маңызы  бар  өзіне   белгілі өзге  де  мән-жайлар   мен  дәлелдемелер   туралы айғақтар  беруге құқылы.

2.Айыпталушы өзіне   тағылған сонымен бірге іс  бойынша маңызы  зор,  өзіне  белгілі 

өзге де мән-жайлар  мен дәлелдемелер жөнінде айғақтар  беруге   құқылы.

 

3.Айыпталушының қылмыс  жасаудан өзінің кінәсін мойындауы   оның   кінәлілігі бар дәлелдемелердің  жиынтығымен расталған кезде  ғана айыптау негізіне  жатқызылуы  мүмкін.

4. Жәбірленушіден іс бойынша  дәлелдеуге жататын кез келген  мән-жайлар туралы, сондай-ақ өзара қарым-қатынас туралы жауап алынады. Егер ол өзінің хабардарлығының  көзін көрсете алмаса, жәбірленуші  хабарлаған мәлімет дәлелдеме  бола алмайды.

1) сезіктімен

2) айыпталушымен

3) куәлармен

          Куәдан  кез-келген іске  қатысты мән-жайлар  туралы,  оның  ішінде

1)  айыпталушының,

2)  жәбірленушінің жеке  басы туралы,өзінің олармен және  басқа да куәлермен өзара қатынасы  туралы жауап алынады. Егер  ол өзінің хабардарлығының көзін  көрсете   алмаса, куә хабарлаған  мәлімет дәлел бола алмайды.  Куә ретінде жауап алуға    жатпайтын  адамдардың хабарлауы  дәлел болып табылмайды. Жауап алғанда осы оның   объективтік жағына да мән беру керек.  Айыпкерден басқа істің  мән-жайын көп   білетін   субъект  болмайды, бірақ та біле тұра солар жайлы көп айта бермейді, шындығын айта   бермейді. Жауап  алу мынадай жағдайларды  анықтау үшін   жүргізіледі. Бұл  қылмыстың   болған  уақыты,  орны,  жасағандағы іс-әрекеті,  қанша  адам, қалай жасады,  зардабы қандай, қандай жағдайлар  қылмыс жасауға апарды, осыларды жауап алу кезінде   анықтау керек. Бұлар нақты   қылмысқа   жататын    жағдайлар,   ол  заңда көрсетілген. Істі   ашуға, айыпкерді ұстауға керекті мәліметтерді алу үшін жауап алынады. Кейбір мән-жайлар:

        Айыпкерді   білетін,  көрген   адамдардан   оның  қай жерде,  қайда кеткенін  сұрау арқылы   жауап алынады. Бірақ ол қылмыстық  іске  қатынасы  жоқ. Куә  ретінде   жауап алынады. Жауап  алу арқылы алынатын мәлімет қылмысқа байланысты емес, бірақ қылмыскерді ұстауға байланысты  мәліметтер осы   жауап  алу   арқылы   анықтаймыз. Жауап алудың   мәлімет беру  шеңбері   басқа    тергеу әрекетіне   қарағанда   кеңірек.

       Мысалы:   іс бойынша екі  тергеу эксперименті  жүргізілуі мүмкін. Жауап алу - негізгі тергеушінің  жұмыстарына әсер ететін  тергеу  әрекеті.

       Тергеу процеcсі кезінде  әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде  тергеуші   қылмыстың жағдайы  туралы шындыққа  жету  үстінде  қарама -қайшылықтардың   түрлі  формаларымен  кездеседі.Яғни,   жауап  алу  үстінде  жауап  алынатын адам мен   жауап  алынатын адамдардың  негізгі бағыттары  қарама-қайшы болуы мүмкін, ал осы  қарама-қайшылықтар конфронтацияның  түрлі  формаларына әкеледі.

         Алдын ала тергеу процесі  кезінде  тергеу процесінің  динамикалық   сипаттарының  бірі - тергеуші мен  айыпталушы және басқа да қатысушыларының  арасында өзара    байланыс,  диалог туындайды.

        Шындықты  іздеп  анықтау  үшін диалогты тергеушінің  дұрыс  қолдана білуін біз  тергеудің  жоғарғы мәдениетті белгісі есебінде танимыз. Бұл  үшін   тергеушіден    әрекет  етуші  заңды  дұрыс, жақсы  білуі және процессуалдық заң  нормаларын  тиімді  қолдануы,  және де  этика нормаларын   сақтауы   талап    етіледі. Көбі   жауап   алуды    тергеуші  мен   жауап алынатын адам  арасындағы  күрес  деп  түсінеді. Бұл   түсінік   дұрыс   емес,   бұл   көзқарас  30-40 жылдардағы  күштеу саясатымен   байлаyысты.

            Гуманизм принциптеріне  сүйене отырып жауап алуды - шындықты  іздеу және   анықтау процесіндегі тергеуші мен жауап алынатын  адам арасындағы   диалог  есебінде   қарастыруымыз керек. Екіншіден, жауап  алу занда көрсетілген  тергеу және  сот  әрекеті. Ол  арқылы  жасалған қылмыстың  мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып,  олар қылмысты  ашуға пайдаланылады.

          Іс жүргізу жағдайына  байланысты жауап беретін адамнан  жауап  алудың  бірнеше түрі бар. Атап айтқанда, жәбірленушіден,  куәдан, сезікті адамнан   және  айыпталушыдан   жауап алу деп бұл тергеу  әрекеті төрт түрге бөлінеді.

           Кімнен   жауап  алынса да, ол  қылмыстық  іс жүргізу заңында  көрсетілген   тәртіп    бойынша  жүргізілуі тиісті. Бірақ, іс бойынша  неғұрлым көп, маңызды  мәліметтер  жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын   арттыру  үшін   жауап  алғанда  жауап алынатын   адамның   психологиясын ұға білу қажет.

            Жәбірленушінің, куәнің жауаптары  істегі басқа деректерді нақтылап,  тергеушінің, судьяның оқиғаның мән-жайына толық қанығып, тиісті шешім қабылдауына  зор   септігін  тигізеді.

Дегенмен, болған қылмыстың  мән-жайын қылмыскердің өзінен артық  ешкім  білмейді. Ал тергеу  процесінде қылмыскер есебінде-  сезікті немесе  айыпталушы   болуы  мүмкін.  Сезіктіні қылмыскер-ау деп  сезіктенеміз,  ал айыпталушыны қылмыс жасады деп  айыптаймыз. Бірақ сезікті мен  айыпталушыны нақты қылмыскер деп  санауға болмайды. Өйткені кінәсіздік   презумциясы   бойынша айыпталушыны   кінәлі   деп  тану   туралы   сот үкімі шықпайынша   оны   қылмыскер деп те тануға болмайды. Сондықтан да   іс бойынша   негізгі сұрақты шешу кезінде, яғни, сезіктінің немесе айыпталушының қылмысты жасағандығын немесе жасамағандығын анықтау  үшін, олардың психологиясын  түсіну керек.

       Кінәлі   адам   қылмысқа   қатыстылығын жасыру  үшін және жауаптылықтан    құтылу үшін өз қылмысын жасырады. Сондықтан  да, олардың психикалық    процесстерінде өз  сезімін  жасыру және  жалған  сезімдер  қалыптастыру тенденциялары  пайда болады.

      Егерде сезікгі мен  айыпталушы процессуалдық жағдайларында  көптеген    айырмашылықтар болса, психологиялық  аспектілерінде   айтарлықтай  айырмашылықтар жоқ. Әдетте, сезікті бірде өзіне сенімді  болып, белсенді әрекеттер жасаса, кей  жағдайларда   керісінше   депрессиялық   жағдайда болады.

          Сезіктіге қарағанда айыпталушы іс бойынша көптеген мән-жайларды және    тергеудегі дәлелдемелердің мазмұнын  көбірек  біледі. Бірақ алды ала  тергеуде  сезіктіде де, айыпталушыда да  ұқсас   психологиялық  жағдайлар  байқалады. Осыған байланысты  олардың  ниеттері, әрекеттері және де тәртіптерінің  ерекшеліктері де   ұқсас болып  келеді.

         Сезіктіні  және   айыпталушының   психикалық жағдайы,   олардың    әрекеттерінің   ниеті және  жеке ерекшеліктері   олардың  алдын ала   тергеудегі тәртібін  анықтайды,  ал мұның бәрі тергеушіге қандай тиімді тактикалық және психологиялық  әдістерді  қолдануына,   олармен  психологиялық қатынастар  тудыруына  септігін  тигізеді.

          Қылмыс жасаған адам қылмысының әшкереленуінен және оны күтіп тұрған   жазадан қорқады. Мұның бәрі қылмыскердің психикасына әсер етеді, яғни, оның   жағдайды  дұрыс бағалауына кедергі  келтіреді,   өзін-өзі    ұстауын,  өзін-өзі қадағалауын    нашарлатады,   яғни, сезікті мен айыпталушыны депрессиялық  жағдайға  әкеледі. Әдетте  қылмыстық  жазаға тартпас бұрын қылмыс жасаған  адамның бетінде қорқыныш байқалады. Мұндай  психологиялық жағдай жауап  алынатын адаммен  психологиялық    қарым-қатынас   жасауға, жауап  алу   әдістерінің   тиімділігіне   кері  әсер тигізеді.

          Жауап  алу кезінде  айыпталушының  жаны тынышсыз, қобалжу   күйінде   болады,  істеген әрекеті  жайында  туған  - туыстары, жолдастары, әріптестері, кәршілері   біліп  қояды деп қорқып, ұялады. Мұндай жағдайда   тергеушінің   мақсаты -жауап    беруші    адамға   әділ   және   толық   жауап  беруін,  және де  тек осы жағдайда  ғана   оған жақын адамдардың  көз  қарастары     сақталатынын   түсіндіру.

            Әдетте, тергеушілер айналадағы адамдардың ойы оларды ойландырмайтын  айыпталушылармен ( рецидивистермен) де  кездеседі.   Мұндай айыпталушылар   әрине   "ұрлық үстінде  ұсталмаған адам  ұры емес",   "ақшаның  иесі жоқ" деген принциптерді  басшылыққа алады. Мұндай айыпталушылар  бір нәрседен айырыламыз деп қорықпайды.   Сондықтан да жауап  алу кезінде  әділ жауап   беруден   жалтарады.

            Сонымен қатар, әділ жауап  беруден жалтаратын адамдар - бұл  бірінші  рет  қылмыс  жасаған  адамдар. Олар  қылмыскердің арасына  баруға және күтіп тұрған жазадан  қорқады,   сол  себептен, яғни, жазадан    құтылып  кету мақсатында жалған  жауап береді. Мұндай жағдайда тергеуші айыпталушының психологиялық  жағдайын пайдаланып айыпталушыға шын  жүректен, ағынан  жарылып шынын   айтса,  қылмыстың  ашылуына   көмектессе, сот оған жауаптылығын  жеңілдетіп  жағдайларды қолданатынын түсіндіреді.

            Өмірде сезікті немесе   айыпталушы ретіндегі   кінәсіз    адамның    психологиялық жағдайы  ерекше орын  алады.  Осындай жағдайдағы сезіктімен   айыпталушылар    таңғалу, күйіну,  ренжу сезімдерін  сезінеді, өзінің кінәсіз екендігін  дәлелдеуге     тырысады, мұндай   негізсіз  кінәден тезірек  арылуға   асығады, сонымен    қатар   кінәлі еместігін  дәлелдей  алмаудан   қорқады.

           Жауап алудың тиімділігі   көбінесе  сезікті мен айыпталушының  психологиялық    жағдайымен тығыз  байланысты.  Тергеуші жауап  алу  кезінде жауап алуға қолайлы   психологиялық жағдайларды қалыптастырып, жауап алуға қолайсыз жағдайларды    әлсірете  білуі  керек.

            Қылмыскерде қылмыс жасалғаннан  кейін қылық уликасы қалыптасады. Қылық уликасы дегеніміз қылмыскердің қылмысын жасыруға және өзіне қауіпсіз жағдай қалыптастыруға бағытталған әрекеттері. Қылық уликасы әр түрлі болып келеді. Соның ішінде кең тарағандары: жалған алиби   қалыптастыру;  жоспарланбаған   жол жүру; тергеуді    теріс жолға түсіру    әрекеттерін   жасау; қылмыскердің жеке  басы  туралы    өтірік  өсек тарату;  жәбірленушіні    немесе   куәні   сатып   алу әрекетгері; жалған жауап беретін куәлер   қарастыру. Сезіктінің    немесе    айыпталушының    қылық уликасының  психофизиологиялық табиғатын дұрыс түсіне білетін және   оны   талдай білетін тергеуші  істі  тез және  дұрыс шешеді.

             Тағы  да  бір айтатын  жағдай, қылмысты мойындап   өз   қателігін   дұрыс  түсінген айыпталушылардан аса маңызды    мәліметгер  алуға болады.  Бірақ оны  асыра  бағалап,   оған ерекше сенімділікпен  қарауға болмайды.  Өйткені,  істегі деректердің    дәлелдемелік    күштері бірдей, бірінен-бірінің  артықшылығы жоқ. Соңдықтан қылмыскердің    қылмысын мойындап, берген жауабына да сын көзбен қарау керек. Тіпті, кей  жағдайларда қылмыскердің жасаған  ауыр қылмысын жасыру үшін, бір ұсақ   қылмыстарын мойынына алып,  тергеушіні осыған сендіріп, өзінің жасаған ауыр  қылмыстарынан  құтылып кетуге  тырысуы  мүмкін.  Айып   істегі   барлық деректердің  тұжырымды  қортындысына  ғана негізделуі тиіс.

            Ғылым ретінде жауап алудағы  заң психологиясының мақсаты - тергеушінің    жауап алу кезіндегі шығармашылық тапқырлықтарына қолайлы теориялық  база   қалыптастыру.

            Жауап алудың пәрменділігіне және сапасына тергеушінің осы тергеу әрекетін   өткізу алдында жүргізген  дайындық жұмыстары  көп әсер етеді. Куәгер  жәбірленушіден не қылмыскерден жауап алар алдында тергеуші, біріншіден деректерді, құжаттарды    толық  оқып, танысуы керек.  Іспен толық  танысып  болғаннан кейін ,  әр жауап  алғанда    қандай мәселелерге  назар аудару керек  екендігін  анықтап, жоспарлап, жазып алуы  тиіс.   Әр жауапкерге қандай кезекте  қою  керек  екендігін  алдын ала  анықтап, белгіленген    жөн.

Жауап алуға дайындық  үстінде  осы адамның  мінез-құлқы, моральдық және интеллектуалдық  қасиеттері  жөнінде белгілі мәліметтер жинап,  ол адамның кім,     қандай адам екенін  біліп онымен қандай бағытта, қалай сөйлесу керек  екендігін  тергеушінің   алдын  ала  жүйелеп  алғаны  жөн.

Дайындық  жұмыстарын  өткізу барысында жауапты  қай   уақытта , қай   күні  алу   керектігін шешу керек. Бұл  мәселені   шешкенде, жауап алуға  шақырылатын     куәгердің     денсаулығы,  жасы есепке алынуы   керек. Әрине, егер оны біреулер   өтірік жауап  беруге   азғырып ,  көндіруі мүмкін  деген   қауіп  туса,   одан    уақыт  өткізбей дереу жауап  алған  жөн.

Жауап алу уақытын   белгіленгенде   тергеуші бұған  өзінің   бос  уақыты бар  ма,   жоқ па  соны мүқият  ескеруі  тиіс.  Бұрын басқа тергеу әрекетгері жоспарланған, басқа да   жұмыстар қат-қабат келген күнге  жауап  алуды  белгілеуге болмайды.   Асығыс, шаршап  жүргенде  өткізілген    шараның сапасы, әрине төмен болады.

Қай жерде    жауап  алу керек  екендігі де алдын ала  жоспарланады. Көбінесе    тергеуші жауапты өзінің   жұмыс  бөлмесінде   алады. Кей жағдайларда жауапкердің   денсаулығына  байланысты   жауапты  оның үйіне,  не ауруханаға  барып  алуға  тура келеді. Қылмыскер қамауда  отырса,  тергеуші  одан жауапты  көбінесе сол қамау орнында  алады. Кейде айыпкерді  тергеушінің   талап етуі бойынша, қамау орнының  әкімшілігі  тергеушінің  жұмыс  бөлмесіне жеткізеді.

Жауап  алуға  керек  жағдайда мамандар, тілмаш, ал жасы толмаған куәгерден  жауап алғанда педагог, дәрігер не тергеушінің қалауы бойынша  жасы толмаған  куәгердің   ата-анасы  да  қатысады.

Дайындық  жұмысы   жауап   алу жоспарын құрумен  аяқталады.  Жауап  алынатын   әр адамға арнап  құрған  жоспарда, оған  қойылатын   сұрақтар жазылады,   істегі  қандай  деректер  мен  фактілердің дәлелденілетіні  көрсетіледі,   ол деректерді  қандай кезекте көрсету   керектігі  белгіленеді. Жазбаша жоспар құру тәжірибесі  аз  жас  тергеушілерге өте  қажет. Көп эпизодты істерде мұндай жоспар істің мән-жайын толық  зерттеп, анықтауға  көмектеседі. 

             ҚР Қылмыстық іс жүргізу  кодексінің 82-бабы куәнәі процессуалдық  жағдайын қарастырған, ал осы заңның 86-бабы куәгердің процессуалдық  жағдайын қарастырады. Осыған орай, айтылып  отырғандар екі бір-біріне тәуелсіз екі бөлек тұлға болса керек  еді, ал бірақта ҚР Қылмыстық іс жүргізу  кодексінде куәні бірде «куә»  деп, бірде «куәгер» деп көрсете  береді. Ал ҚР Қылмыстық кодекстің 352- және 353-баптарына сай көрінеу  жалған жауап бергені үшін және жауап  беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін «куәні» емес «куәгерді» қылмыстық  жауапқа тартуды қарастырған. Осы  заң шыққанға дейін «куәгер» (ҚР ҚІЖК-нің 86-бабында көрсетілген тұлға) әртүрлі аталып келді. Мысалы, «айғақтар», «айғақтаушы адамадар» және басқалар.