Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау. 3

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ................................................................................................................

 

І  ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ........................

 

1.1Қылмыс деген не? ........................................................

1.21 Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату туралы түсінік және оның түрлері...................................................................

1.2.1 Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері.........................13

1.2.2 Рақымшылық және кешірім жасау...............................................16

1.2.3 Белгілі бір қылмыс үшін  көзделген жазадан гөрі неғұрлым  жеңіл жаза тағайындау.............................................................................................................17

1.2.4 Аяқталмаған қылмыс үшін, қатысып  жасалған қылмыс үшін және  қылмыстардың қайталануы жағдайында  жаза тағайындау...............................18

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................28

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................30

 

 

КІРІСПЕ

 

Заңдылық пен құқық  тәртібіне байланысты практикалық  міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйке жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте  көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.

Қылмыс пен жаза - өзара  тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде  жаза тек қылмыс үшін қолданылады.

Жазаға тән ерекшелік  – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.

Тағайындалған жазаның  ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың  сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.

Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасының өз міндеті, өзіне тән  мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге  ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.

Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).

Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану  қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.

Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 бабында былай көрсетілген: «Жаза  әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».

Яғни жазаның мақсаты:

а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына  келтіру;

б) сотталғанды түзеу;

в) сотталған тарапынан  жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);

г) басқа адамдар тарапынан  қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың  мақсаты).

Жаза тағайындалған  әрбір жағдайда осы мақсаттар  бірге қарастырылуы тиіс.

Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге єрект жасауға тиіс.

Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады. (ҚК-тің 39 бабы).

Жазаның негізгі түрлеріне  тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес, жазаның мұндай негізгі түрлеріне  мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту; әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы.

Қосымша жаза – негізгі  жазамен салыстырғанда қосалқы  сипаттағы жаза, ол тек негізгі  жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда  қолданылады.

Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, єскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекттік наградалардан  айыру және мүлікті тәркілеу.

Балама жазалар қатарына айппұл салу және белгілі бір лауазымды  атқару немесе белгілі бір қызметпен  айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.

Жаза – мемлекет қолындағы  маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен  заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.  

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу  кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста  заңдар негізінде қылымыстың қоғамға  қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамын.

 

1.Қылмыс деген  не ?

Қылмыс - бұл құқық бұзылушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзыушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.

Жеке адамға, қоғамға  немесе мемлекетке зиян келтірмеген  және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.

Криминологияда және құқықтық статистикада —әрқайсысы үшін қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа  қарсы әрекеттердің жиынтығы. Сонымен  бірдерлікте қылмыс — жекелеген  қылмыстардын тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды иеленген құбылыс.

Қылмыс жағдайы заңнамадағы  өзгерістер немесе оны іс жүзінде  қолдану салдарынан өзгеруі мүмкін. Тіпті заң аясында сот тәжірибесінің  ауытқуы да қылмыс статистикасын  өзгерте алады. Сол немесе басқа  әрекет үшін немесе қылмыстық әрекетті жоятын қылмыстық жауапкершілікті тағайындайтын қылмыстық заңды қабылдау, ол да қылмыс жағдайының әрдайым өзгеріп отыруына әсер етеді.

Қылмыстың құрылымы мен  сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы, тұрғындардың көші-қон және жас құрамына; аймақтың немесе басқа аумақтың экономикалық жағдайына; қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер және т.б.; қылмыс заңнамасының өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және басқа факторларға тәуелді болады.

 

 

2.Қылмыстық  жауапкершіліктен және жазадан  босату туралы түсінік және  оның түрлері

Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады. Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.  
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.  
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.  
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:  
бірінші рет қылмыс жасаса;  
жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;  
жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді;  
жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін.  
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:  
кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;  
орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;  
ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;  
аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.  
Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері [өңдеу]

Соттың қылмыс жасаған  деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда  жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған  адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.  
барлық жаза үшін мерзімінен бұрын — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.  
жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.  
сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.  
Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз — сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.  
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.  
Рақымшылық және кешірім жасау Жауапкершіліктен және жазадан босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау.

Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі  бір санатты кешірім жасау  кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.  
Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету — бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді — шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.  
Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.  
Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деп, қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады.

 

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану — бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:

бірінші рет қылмыс жасаса;

жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса;

жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан  көрінеді;

жәбірленушіге келтірілген зиянның  есесін толтырған жағдайда жол берілуі  мүмкін.

Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:

кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;

орташа ауырлықтағы  қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;

ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;

аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.

Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері[өңдеу]

Соттың қылмыс жасаған деп таныған  адамын, сот тағайындаған жазадан  босату — жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын — шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді.

барлық жаза үшін мерзімінен бұрын  — шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын — шартты түрде босатылуы мүмкін.

жазаны өтеуден мерзімінен бұрын  — шартты түрде босату шартсыз  емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті.

сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін  өтеуі жазадан мерзімінен бұрын  шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.

Егер айыпты өзіне жүктелген  міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз — сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.

Рақымшылық және кешірім жасау[өңдеу]

Жауапкершіліктен және жазадан  босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау.

Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі  бір санатты кешірім жасау  кезінде жазаны одан әрі өтеуден  босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.

Рақымшылық қылмыстық құқықтағы  гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы  атаулы күндерге немесе елдегі белгілі  бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету — бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді — шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.

Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.

Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деп, қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде  босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады.[1]

V БӨЛIМ Қылмыстық жауаптылықтан  және жазалаудан босату

65-бап. Шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жауаптылықтан

босату

1. Бiрiншi рет кiшiгiрiм  немесе орташа ауырлықтағы қылмыс  жасаған адам, егер ол қылмыс  жасағаннан кейiн айыбын мойындап  өз еркiмен келсе немесе қылмысты  ашуға жәрдемдессе, немесе қылмыс  келтiрген зиянды өзгеше түрде қалпына келтiрсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

2. Жеке адамға қарсы  ауыр немесе аса ауыр қылмысты  қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдасқан топ немесе  қылмысты сыбайластық (қылмысты  ұйым) жасаған қылмыстарда болғызбауға,  ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсендi түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiгiнде көзделген  жағдайлар болған кезде басқа санаттағы қылмыс жасаған адам тек осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында арнайы көзделген реттерде ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

Ескерту. 65-бапқа өзгерiс  енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2000.05.05. N 47 Заңымен.

66-бап. Қажеттi қорғану  шегiнен асқан кезде қылмыстық

жауаптылықтан босату

Қоғамдық қауiптi қылмыстан  болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау  салдарынан қажеттi қорғану шегiнен  асқан адамды сот iстiң мән-жайын  ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

67-бап. Жәбiрленушiмен  татуласуына байланысты қылмыстық

жауаптылықтан босату

1. Ауыр емес қылмыс  жасаған немесе адамның қайтыс  болуымен немесе оның денсаулығына  ауыр зиян келтiрумен байланысты  емес орташа ауыр қылмысты  бiрiншi рет жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен татуласса және келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.

2. Орташа ауыр қылмыс  жасаған адам, егер ол жәбiрленушiмен  татуласса және жәбiрленушiге  келтiрiлген зиянның есесiн толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкiн.

Ескерту. 67-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

68-бап. Жағдайдың өзгеруiне  байланысты қылмыстық

жауаптылықтан босату

1. Қылмыс белгiлерi  бар әрекет жасаған адамды, егер iстi сот қараған кезде жағдайдың өзгеруi салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауiптi емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

2. Бiрiншi рет кiшiгiрiм  немесе орташа ауырлықтағы қылмыс  жасаған адамды, егер ол адамның  содан кейiнгi мүлтiксiз мiнез-құлқына байланысты iс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауiптi деп есептеле алмайтындығы белгiленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн.

69-бап. Ескiру мерзiмiнiң  өтуiне байланысты қылмыстық

жауаптылықтан босату

1. Егер қылмыс жасалған  күннен бастап мынадай мерзiмдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады:

а) кiшiгiрiм қылмыс жасағаннан кейiн екi жыл;

б) орташа ауырлықтағы  қылмыс жасағаннан кейiн бес жыл;

в) ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он жыл;

г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейiн он бес жыл.

2. Ескiру мерзiмi қылмыс  жасаған күннен бастап және  сот үкiмi заңды күшiне енген  кезге дейiн есептеледi.

3. Егер қылмыс жасаған  адам тергеуден немесе соттан  жалтарса, ескiру мерзiмiнiң өтуi  тоқтатылады. Бұл ретте ескiру  мерзiмiнiң өтуi адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезiнен бастап жаңартылады. Бұл орайда, егер қылмыс жасаған уақыттан берi жиырма бес жыл өтсе және ескiру тоқтатылмаса, адам қылмыстық жауапқа тартылмауы керек.

4. Егер ауыр немесе  аса ауыр қылмыс жасаған адам  осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мерзiм өткенге дейiн жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескiру мерзiмi тоқтатылады. Мұндай реттерде ескiру мерзiмi жаңа қылмыс жасаған күннен қайта басталады. Ескiру мерзiмi өткенге дейiн адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде әрбiр қылмыс бойынша ескiру мерзiмi дербес өтедi.

5. Жасаған қылмысы үшiн осы  Кодекс бойынша өлiм жазасы  тағайындалуы мүмкiн адамға ескiру  мерзiмiн қолдану туралы мәселенi  сот шешедi. Егер ескiру мерзiмiнiң  бiтуiне байланысты сот адамды  қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкiн деп таппаса, өлiм жазасын тағайындауға болмайды. Бұл ретте сот жиырма бес жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айыруды немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруды тағайындайды.

6. Бейбiтшiлiк пен адамзаттың  қауiпсiздiгiне қарсы күрес қылмыс жасаған адамдарға ескiру мерзiмi қолданылмайды.

70-бап. Жазаны өтеуден мерзiмiнен  бұрын-шартты түрде

босату

1. Егер сот түзеу жұмыстарын, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртiптiк  әскери бөлiмде ұстау немесе  бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам өзiнiң түзелуi үшiн сот тағайындаған жазаны толық өтеудi қажет етпейдi деп танылса, ол мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкiн. Бұл орайда адам қосымша жаза түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.

2. Сот мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатуды қолдана отырып, сотталған адамға осы Кодекстiң 45-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мiндеттердi жүктеуi мүмкiн, ол бұларды жазаның өтелмей қалған бөлiгi iшiнде орындауға тиiс. <*>

3. Жазадан шартты түрде-мерзiмiнен  бұрын босату сотталған адам:

а) кiшiгiрiм және орташа ауырлықтағы  қылмысы үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;

б) ауыр қылмысы үшiн тағайындалған  жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;

в) аса ауыр қылмысы үшiн тағайындалған  жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен үшiн, сондай-ақ бұрын жазадан мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған адамға, егер мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша жойылған болса, тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен eкiciн нақты өтегеннен кейiн қолданылуы мүмкiн.

4. Бас бостандығынан айыруға  сотталушының нақты өтеу мерзiмi  алты айдан кем болмауы керек.

5. Сот тағайындаған өмiр бойы  бас бостандығынан айыру жазасын  өтеп жүрген адам, егер сот  ол бұл жазаны одан әрi өтеудi  қажет етпейдi деп таныса және кемiнде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды iс жүзiнде өтесе, мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылуы мүмкiн.

6. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде  босатылған адамның мiнез-құлқына  бақылау жасауды оған босатылған  адамның тұрғылықты жерi бойынша - мамандандырылған уәкiлеттi мемлекеттiк орган, ал әскери қызметшiлер жөнiнде - әскери бөлiмдер мен мекемелердiң командованиесi жүзеге асырады.

7. Мерзiмiнен бұрын-шартты түрде  босату қолданылған адам, егер  жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде:

а) өзiне әкiмшiлiк жазасы салынған қоғамдық тәртiптi бұзса немесе оған мерзiмiнен  бұрын-шартты түрде босатуды қолдану  кезiнде сот жүктеген мiндеттердi орындаудан әдейi жалтарса, сот осы  баптың алтыншы бөлiгiнде аталған  органдардың ұсынуы бойынша мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың күшiн жою және жазаның өтелмей қалған бөлiгiн орындау туралы қаулы ете алады;

б) қылмыс абайсызда жасалса, жаңа қылмысқа жаза тағайындау кезiнде мерзiмiнен  бұрын-шартты түрде босатудың күшiн  жою немесе оны сақтау туралы мәселенi сот шешедi;

в) қылмыс қасақана жасалса, сот оған осы Кодекстiң 60-бабында көзделген  ережелер бойынша жаза тағайындайды. Егер сот мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатудың күшiн жойса, абайсызда  қылмыс жасаған жағдайда да жаза осы  ережелер бойынша тағайындалады.

8. Өлiм жазасы түрiндегi жаза кешiрiм  жасау тәртiбi бойынша бас бостандығынан  айырумен ауыстырылған адамға  мерзiмiнен бұрын-шартты түрде  босату қолданылмайды.

Ескерту. 70-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

71-бап. Жазаның өтелмеген бөлiгiн  неғұрлым жеңiл жаза

түрiмен ауыстыру

1. Кiшiгiрiм, орташа ауыр және  ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан  айыру жазасын өтеп жүрген  адамға сот оның жазасын өтеу  кезiндегi мiнез-құлқын ескере отырып, жазаның өтелмей қалған бөлiгiн оның жеңiл түрiмен ауыстыра алады. Бұл орайда адам жазаның қосымша түрiн өтеуден толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн. <*>

2. Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған  адам ауыр емес және орташа  ауыр қылмыс жасағаны үшiн жаза  мерзiмiнiң кем дегенде үштен бiр бөлiгiн, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен ерте босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыс жасаған адам жаза мерзiмiнiң жартысын нақты өтегеннен кейiн жазаның неғұрлым жеңiл түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

3. Жазаның өтелмеген  бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот  осы Кодекстiң 39-бабында аталған  жаза түрлерiне сәйкес, осы Кодексте  әрбiр жаза түрi үшiн көзделген  шекте жазаның кез келген неғұрлым  жеңiл түрiн таңдап алуы мүмкiн.

Ескерту. 71-бапқа өзгерiс  енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.12.21. N 363 Заңымен.

72-бап. Жүктi әйелдердiң  және жас балалары бар

әйелдердiң жазаны өтеуiн  кейiнге қалдыру

1. Жеке адамға қарсы  ауыр және аса ауыр қылмысы  үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердi қоспағанда, сотталған жүктi әйелдердi және он төрт жасқа толмаған баласы бар әйелдердi сот тиiсiнше бiр жылға дейiнгi немесе бала он төрт жасқа толғанға дейiнгi мерзiмге жазасын өтеуден босатуы мүмкiн. <*>

2. Егер осы баптың  бiрiншi бөлiгiнде аталған сотталған  әйел баладан бас тартса немесе  баланы тәрбиелеуден жалтаруды  жалғастырса, немесе сотталып, жазасын  өтеу кейiнге қалдырылған әйелдi  бақылауды жүзеге асыратын орган  екi рет жазбаша түрде ескерту  жасағаннан кейiн қоғамдық тәртiптi бұзса, сот сол органның ұсынысы бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталушы әйелдi сот үкiмiне сәйкес тағайындалған жерге жазасын өтеуге жiбере алады.