Заңды тұғаның құқық қабілеттілігі

 

ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

        Заңды тұлға мен жеке тұлғаның қабілеттілігінің айырмасы болатындығы табиғи нәрсе. Мәселен, азаматың құқықтары мен міндеттерін тудыратын тұрмыс қатынастарының көбіне заңды тұлғалар қатыса алмайды.Оған отбасылық қатынастарға, содан туындайтын құқықтар мен міндеттерге заңды тұлғалар қатыса алмайтындығы дәлел болады.

        Заңды тұлғалардың қатынасқа  қатысу аясы олардың қандай  мақсат үшін құрылғандығына әрі жүзеге асыратын әрекеттерінің сипатына қарай белгіленеді. Қатысуға тиісті қатынасна қарай заңды тұлға қайсыбір құқықтарды немесе міндеттерді иеленеді. Демек, заңды тұлғаның құқықтық қабілеті оған жүктелген міндеттерге қарай белгіленеді. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған сәттен бастап пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға заң құжаттарында тізбесі белгіленетін жекелеген қызмет түрлерімен тек лицензия негізінде ғана айналыса алады. Яғни, белгілі бір қызметпен айналысу үшін лицензия алу қажет болатын заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі,сол лицензияны алған сәттен бастап пайда болады. Азаматтық кодекстің 35-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқыққа ие болып, өз қызметіне байланысты міндеттерді атқара алады. Мемлекеттік кәсіпорындардан басқа коммерциялық ұйымдар заң құжаттары немесе құрылтай құжаттары арқылы тыйым салынбайтын кез келген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін азаматтық құқыққа ие бола алады және азаматтық міндетті де атқарады.

        Заң құжаттарына сәйкес заңды  тұлғалар белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыра алмауы мүмкін немесе басұа ұызметпен айналысуы шектеледі.

        Азаматтық кодексте арнайы құқық  қабілеттілік мәселесі де ескерілген. Оның бәрі де жарғы мен басқа да құрылтай құжаттарына енгізіледі әрі олар қызмет аясына сай келетін құқықтар мен міндеттерді еншілей алады.

        Ал коммерциялық ұйымдар болса,  керсінше арнайы құқық қабілеттілігіне  жатпайтын жалпы құқық қабілеттілігіне  ие болады. Мұндай ұйымдар заң  актілерінде тыйым салынбаған  қызметтердің кез келген түрін жүзеге асыра алады. Демек коммерциялық ұйым өзінің жарғысында қаралмаған қызметпен айналыса береді, ең бастысы заң оған тыйым салмайтындай болуы керек. Жалпы құқық қабілеттілігі принципінен коммерциялық ұйымдардың өзіндік ерекшеліктері де болады. Біріншіден, мұндай ұйымдар үшін арнайы құқық қабілеттілігі заң құжаттарында қарастырылуй мүмкін. Мысалы, мұндай арнайы құқық қабілеттілігіне банкілер мемлекеттік кәсіпорындар ие.

        Екіншіден, коммерциялық ұйымдардың  құқық қабілеттілігі құрылтай  құжаттарында көрсетілетіндіктен  ол құрылтайшылар арқылы шектелуі  мүмкін. Мұндай шектеулер заңды  тұлғаның айналысатын қызметі  түрлері енгізілген тізбе арқылы  айқындалады, немесе оның қандай  да бір түрлерін жүзеге асыруғу тыйым салынады. Коммерциялық ұйымның құқық қабілеттілігіне болатын мұндай шектеулердің құрылтай құжаттарынан туындауының маңызы зор.

        Азаматтық кодекстің 37-бабында  айтылғандай, заңды тұлға заң мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер алады.

    Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді. Бірақ заңды тұлға органының жарғыдағы талапты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе немесе білуге тиіс болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз деп тануына болады.

        Заңды тұлға органдарының түрі, оларды тағайындау тәртібі немесе таңдау және олардың өкілеттілігі заң және құрылтай құжаттары арқылы айқындалады.

        Азаматтық кодекстегі 37-баптың жалпы  ережесі заңды тұлғалардың нақты түрлері туралы нормаларымен тәртіптеледі.

        Заңды тұлғаның органдары алқалы немесе жеке дара болуы мүмкін.

        2)Заңды тұлғаның атауы. Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Заңды тұлғеның атауы оның құқық субъектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның аталуы заңды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлға өзінің фирмалық атауымен заңды тұлғалардың біріңғай мемлекеттік тізіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркелуге жатады және интелектуалдық меншікке қатысты құқықтың, ерекше объектісі болып табылады.

        Бөтен фирмалық атауды заңсыз  пайдаланатын тұлға ол атауды  меншіктейтін тұлғаның талабымен  оны қолдануды дереу тоқтатуға  және  келтірілген залалардың орнын толтыруға міндетті.

        Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық – құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген қосымша мағлұматты қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Азаматтық кодекстің 38-бабы заңды тұлғаның атауына байланысты қойылатын талаптармен қоса оған белгілі бір дәрежеде шектеу жасайды. Айталық, заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль нормаларына қайшы келетін аттар болса, егер жеке адамдардың есімдері қатысушылардың есімімен сәйкес келмесе не қатысушылар бұл адамдардың есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, ондай есімдерді пайдалануға жол берілмейді.

Азаматтың құқықтың субъектілері. Жеке тұлғалар                               Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. Ол — құқыққабілеттілік- пен әрекетқабілеттілік.

Азаматтардың  құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.

Жеке тұлғаның әрекетқабілеттілігін шектеуге және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Азаматтық құқық- қабілеттілік адам өмірге келгеннен бастап күшіне енеді.

Заңда әлі дүниеге  келмеген азаматтардың кейбір құқықтары да бекітілген, нақтырақ айтқанда презюмцияланатын жағдайлар белгіленген. Мысалы, мұра қалдырушының көзі тірісінде жүкті болған және ол қайтыс болған соң дүниеге келген бала заң бойынша мұрагер болып танылады және мұрадағы өз үлесіне құқығы бар.

Бұл орайда құқыққабілеттілік  адам туылғанға дейін пайда болады деп айтута болмайды. Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға ғана қатысы бар.

Азаматтардың ерекетқабілеттілігі  — азаматтардың өз ерекеттерімен  азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық  міндеттер атқарып, оларды орындауға  жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Яғни, азаматтардың әрекет- қабілеттілігінің маңызы әрекет жасаушы өзінің әрекетінен келетін заңдық салдарды түсінетіндігінде және ерекеті арқылы зиян келтірсе оның орнын толтыруға мүмкіндігінің барлығын немесе жоқтығын белгілейтіндігінде.

Жеке тұлғаның азаматтық  әрекетқабілеттіліғі тұлғаның жасына және психикалық жағдайына тәуелді. Толық әрекетқабілеттілік 18 жасқа  толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері — ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.

Шектеулі әрекетқабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т.б. арызы бойынша сот оның әрекетқабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды. Ол ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасағанымен, басқа да мәмілелерді қамқоршы келісімімен жасауға міндетті болады. Бұл әрине уақытшашара. Егер ерекетқабілеттілігі шектелген адам түзелетін болса, онда сот арқылы әрекетқабілеттілігі шектелгендігі алынып тасталынады жене ол толық әрекетқабілеттілікке ие болады.Сонымен бірге тұрақты жан күйзелісімен ауыратын тұлғаның әрекетқабілеттілігі сот арқылы шектеледі.

Өрекетқабілеттіліктің бір бөлігі деликтқабілеттілік болып табылады.                       

Деликтқабілеттілік — тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.

Әрекетқабілеттілік  пен деликтқабілеттілікті айыра  білу керек. Құқыққабілеттілік пен  әрекетқабілеттілік бірге құқық  субъектілік (не құқық әрекетқабілеттілік) деп аталады.

Құқық субъектілік  — бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.

Кәмелеттік  жасқа толмаған тұлғалар азаматтық құқықтың субъектісі ретінде                                                                                  

14 жастан 18 жасқа  дейінгі кәмелеттік жасқа толмағандар  қажетті азаматтық мәмілелерді ата-аналарының, асырап алушыларының немесе қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана жасай алады. Алайда олар ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз беттерінше жасауға, өзінің жалақысына, шәкіртақысына және өзге табысына иелік етуге. авторлық және өнертабыстық құқықтарын жүзеге асыруға және банк мекемелеріне ақша салуға құқылы. Мұндай әрекетқабілеттілік ішінара деп аталады. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы барлық жағдайда оның мүлкіне өз қалаулары бойынша билік ете алмайды және оның атынан мәміле жасай алмайды. Kәмелеттік жасқа толмаған баланың мүлкін азайтуға алып келетін мәмілені жасау үшін (мысалы, сату, сыйға тарту, кепілге қою, жалға беру) баланың ата-анасы (олар болмаған жағдайға тағайындалған қамқоршы) қорғаншылық және қамқоршілік органдарының алдын ала келісімін алулары тиіс.14 жасқа дейінгі кәмелеттік жасқа толмаған баланың деликтқабілеттілігі жоқ, яғни олар өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілікті алып жүре алмайды. Кәмелеттік жасқа толмаған баланың өрекеттері үшін оның ата-анасы жауапты. Ал 14 жастан 18 жасқа дейінгі көмелеттік жасқа толмағандар толықтай деликт қабілеттілікке ие, олар өз міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен бірге дербес жауапкершілікте болады. Егер көмелеттік жасқа толмаған балалар үіпінші тұлғаларға және мүлікке зиян келтірсе, оны өтеу үшін кәмелеттік жасқа толмаған баланың табысы жеткілікті болмаса, онда оның ата-анасы қосымша жауапкершілікте болады.

Тұлғаны хабар-ошарсыз кеттпі деп немесе қайтпыс болған деп тану                                                                                                        Кейде өмірде адамдар ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз жоғалып кететін жағдайлар болады. Мұндай жағдайларда coт азаматты хабар-ошарсыз кеткен немесе қайтыс болған деп таниды

Азаматты  хабар-ошарсыз кеткен деп                                                  Азаматты хабар-ошарсыз кеткен деп тану, адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы бір жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адамның жұбайы некені АХАТ органдарында бұза алады. Хабар-ошарсыз кеткен деп танылған адам келген немесе тұрған жері табылған жағдайда, сот оны хабар- ошарсыз кеткен деп тану туралы және оның мүлкіне қорғаншылық тағайындау туралы шешімін жояды.

Азаматты  қайтыс болды                                                                                                  Азаматты қайтыс болды деп жариялау, егер адамның тұрғылықты жері бойынша ол туралы уш жыл бойы мәлімет болмаса, мүдделі тұлғалардың сот тәртібіндегі өтініші бойынша мүмкін болады

Заңды тұлғалар азаматтық  құықтпың субъектісі ретінде Азаматтық-құқықтық қатынасқа қатысушылардың келесі түріне заңды тұлгалар жатады. Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері. Оларға: университеттер, институттар, емханалар, дүкендер, фирмалар, мемлекеттік органдар, фабрикалар, зауыттар, т.б. жатады.

Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы, сметасы және өз атауы, мөрі болады. Заңды тұлға өз қызметін жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен өрекетқабі- әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.

Лицензия  дегеніміз — заңда көрсетілген кәсіп түрімен шұғылдану үшін өкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат. Мысалы: жеке оқу орны мемлекеттің арнайы рұқсатын алғаннан кейін ғана өзінің қызметін атқара алады. Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілеттілігі сол лицензия алған кезден бастап пайда болады да, оның мерзімі біткенде немесе жарамсыз деп танылғанда тоқтатылады. Заңды тұлғалар заңға сәйкес коммерциялық және коммерциялық емес заңды тұлғалар болып екі түрге бөлінеді: Қоммерциялық заңды тұлғалардың мақсаты пайда табу. Коммерциялық емес заңды тұлға пайда табуды көздемейтін Және оны қатысушыларына үлестірмейтін ұйым болып табылады.

Коммерциялық  заңды тұлғалар: мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, өндірістік коопертив нысандары.

Ал  коммерциялық емес заңды  тұлғалар: мекеме, қоғамдық бірлестік, қоғамдық қор, діни бірлестіктер, т.б. Қоғам өмірінде әр түрлі жағдайлар болады. Осындай кезерде заңды тұлғалар қайта құрылып немесе таратылып ты жатады.

Заңды, тұлғаны қайта құру: Заңды, тұлғаны қайта құру дегеніміз — бұрынғы заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің басқа заңды тұлғаға өтуі. Заңды тұлғаларды қайта құрудың бес түрі: қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту екені белгілі.

Заңды тұлғаны тарату дегеніміз: Заңды тұлғаны тарату дегеніміз—тұлғаның өз қызметін тоқтатуы.

Мемлекет  азаматтың құқықтың субъектісі ретінде Қазір елімізде қолданылып жүрген азаматтық заңдардың бір ерекшелігі — мемлекетті азаматтық құқықтың субъектісі ретінде тануы. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекет басқа азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылармен тең дәрежеде мемлекеттік қатынасқа түседі. Мемлекеттік билік пен баскару органдары мемлекет атынан сотта сөйлей алады, мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иеленеді және оны жүзеге асыра алады. Сонымен, азаматтық- құқықтық қатынасқа қатысушылардың екі түрі бар — жеке тұлға және заңды тұлға. Азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқық қабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі болуы керек. Бұл түсініктер өзара байланысты. Жеке тұлғаның құқыққабілеттілігі ол өмірге келгеннен, ал әрекетқабілеттілігі белгілі бір заңға сәйкес, заңмен белгіленген жастан бастап пайда болады. Мемлекет толығымен азаматтық құқықтың субъектісі ретінде әрекет ете алады.

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері: - қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау; - қарым-қатынастарды реттеп, басқару; - қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту; - мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:                               біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;                                                                                                                                             екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер  арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап  отыру. Құқықтың қорғау функциясы –  нормативтік актілердің қоғамдағы  қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер:                                                                   Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарльқ бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / А.Ибраева, Б.Қуандыков, Ш.Маликова, С.Есетова. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 192 бет.

Заңды тұғаның құқық қабілеттілігі