Заңгер этикасы
Заңгер этикасы
Құқық этикасының пəні
Қазіргі кезде біздің қоғамда адамды таныпбілуге деген ұмтылыс күнненкүнге артуда. Этика да,
құқық та адамтанушы пəндер ретінде қалыптасуда. Бұл екеуін біріктіретін басты өзек — адам.
Осындай тоғысудың нəтижесінде ғылыми талдаудың жаңа бағыттары ретінде құқық философиясы
немесе тəжірибедегі құқықты орнықтырумен байланысты жеке құқық, жергілікті құқық жəне т.б.
қалыптасады. Құқық философиясына жүгіну — қазіргі заманға адам өмірінде құқықтың алатын
орнын түсінуге ұмтылыс. Құқық философиясы — құқықтың танымдық, құндылықты жəне
əлеуметтік негіздері туралы ғылым, құқықтың мəні туралы ілім. Басқаша сөзбен айтқанда,
адамның қандай себептердің нəтижесінде жəне қандай мақсаттар үшін құқықты
орнықтыратындығы туралы ғылым. Құқық этикасы белгілі бір дəрежеде құқық философиясының сипатына ие. Алайда, сонымен
қатар, құқық этикасының өзіне тəн бірқатар ерекшеліктері де бар. Философия əртүрлі мектептер
мен бағыттарға объективтік шолу жасауға, барлық құқықтық теориялардың жиынтығы мен
олардың дүниетанымдық негіздерін қамтитын белгілі бір көзқарас қалыптастыруға ұмтылады. Ал
құқық этикасы тек бір ғана аспектіні таңдайды. Ол, біріншіден, құқықты емес, құқықтағы адамды
қарастырудан, екіншіден, адамның құқыққа деген құндылық қатынасын талдаудан құралған. Бұл
қатынас адамның құқықтық шындықты бағалауын білдіреді. Мұндай бағалау əрқашан жекелік
сипатқа ие жəне іштей еркін бола тұрып, адамгершілік сипатты да иеленеді: адамның еркіндік,
əділдік, жақсылық пен жамандық, басқалар мен өзінің алдындағы борышы туралы көзқарасымен
тығыз байланысты болады. Құқықты түсінуде негізгі екі бағыт бар: объектіге зор мəн беретін (объектоцентристік) жəне
субъектіге зор мəн беретін (субъектоцентристік) бағыттар. Этика бұлардың екіншісін таңдайды.
Яғни, құқық этикасының субъектоцентристік бағыты басқа бағыттарды жоққа шығарады: бұл жерде
ең маңыздысы — субъектінің мүдделері (бұл мəселеге ұқсас жағдай ретінде сот процесіндегі
адвокатты тағайындау мен оның ролін атауға болады: адвокат əрқашан сотталушының мүддесін
білдіреді). Ал объектоцентристік бағыт адамға құқықта қалыптасқан мүмкіндіктерге тəуелді ауыспалы
сипат береді. Яғни, адам жүрістұрыс еркіндігі “берілетін” немесе ”берілмейтін” объект ретінде
түсіндіріледі. Құқық этикасының пəніне анықтама берместен бұрын, этиканың пəні мен құқықтың пəнінің
анықтамаларын келтіріп өткен жөн болар. Мораль дегеніміз не? Бұл сұрақтың жауабы зерттеушінің объектоцентристік немесе
субъектоцентристік бағытты ұстануына байланысты əртүрлі болады. Объектоцентристік дүниетаным адамды табиғитарихи үрдістің (процесстің) нəтижесі ретінде
қарастырады. Бұл көзқарасқа сəйкес, адамның дамуы экономикалық, саяси, техникалық
жағдайлармен анықталады. Мұндай дамудың жоғарғы сатысы болып адамның ақылпарасаты
табылады. Аталған бағыт арқылы көптеген мəселелерді түсіну қиынға соғады: неге тарих көп
жағдайларда адамды гуманизациялаудан алшақтатады, неге адам нақты əлеуметтік жағдайларға
нашар бейімделеді, неге ол қарамақайшылықсыз бақытты көтере алмайды жəне т.б. Субъектоцентристік дүниетаным адамды басқаша қабылдайды. Бұл бағытқа сəйкес, адамның
бойында болмыстың барлық құпиялары көрініс тапқан. Оны тек ұтымды əдістермен таныпбілу
мүмкін емес. Адам — микрокосм, оның əлемінің нақты айқын шегі жоқ. Тарих дегеніміз адамның
өзінөзі дамытуының “соқыр тəуекелі”, ал объективтік шындық — адамның ішкі күшқайратының
дамуының көрініс табуының нəтижесі. Құқықтың пəніне жүгінуде, құқық туралы əдебиетте оны түсінудің кем дегенде екі жолы бар
екендігін ескеріп өткен жөн: құқықты кең мағынада түсіндіру жəне тар мағынада түсіндіру. Кең
мағынада құқық əдетғұрыпты (əдет құқығы), дінді (канондық құқық), табиғи құқықты, позитивтік
құқықты, тірі құқықты жəне т.б. қамтиды. Тар мағынада құқық мемлекет жариялаған нормалар мен
заңдардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, іс жүзінде құқықты түсінудің екі
жолы қалыптасқан. А. А. Гусейнов моральдың ерекшеліктерін былай анықтаған: а) ол адамның бірігіп өмір сүру қабілетін сипаттайды жəне адамдар арасындағы қатынастардың
нысанын білдіреді; ə) моральдық заң əрекеттің субъектісі мен объектісін бөліп қарастыруға жол бермейді, яғни,
моральды жариялау мен оны өз басынан өткеру — бұл біртұтас үрдіс; б) мораль — адамның ерікті түрде өз мойнына алған ауыр жүгі. Мораль — адамның өзінөзі
бəске тігуімен сипатталатын ойын. Сократ у ішуге мəжбүр болған. Иса пайғамбар керіп
шегеленген. Джордано Бруно отқа жандырылған. Ганди өлтірілген. Міне, бұл ойынның ұтыстары
осындай. Заңдар жекелеген адам санаттарына қатысты қатал, моральға қайшы, қайырымсыз болуы
мүмкін. Неге? Бұл сұраққа жауап беру үшін, мораль мен құқықтың өзара əсерін талдауға тырысып
көрелік. Яғни, алдымен, құқықтың адамгершілік құндылықтар мен моральдық нормалар туралы
көзқараста қалай көрініс табатынын, содан кейін, моральдың құқыққа қалай əсер ететінін
қарастырайық. Мораль адамзат қоғамының немесе жеке адам дамуының белгілі бір кезеңінде, яғни,
филогенезде жəне онтогенезде пайда болады. Моральдан бұрын адамдық “Меннің”
қалыптасуының сатылары орын алады: а) Табыну сатысы адамның “Біз” феноменінен көрініс табатын əлеммен біртұтастығын, оның
əлем мен басқа адамдардан ажырамайтындығын, адамның дүниетанымының басқалармен
біртұтастығын білдіреді; ə) Мəдениет сатысы адам қызметінің жəне адамдық ерекшеліктердің алуан түрлілігі
жағдайындағы мəдени нысандарды іріктеуді білдіреді. Бұл сатыда біз адамгершілік деп атайтын
адамдар арасындағы өзара қарымқатынастардың табиғи нормалары қалыптасады, негізгі
адамгершілік құндылықтар: еркіндік, жақсылық, жамандық, əділдік пайда болады. Мəдениет
сатысы өркениеттің пайда болуымен аяқталады. б) Социум сатысында жақсылық, жамандық, еркіндік құндылықтары борыштың əлеуметтік
түсінігіне ауысып, нақты бір қоғамда əлеуметтендіріледі де, əлеуметтік жəне құқықтық нормаларға
айналады. Бұл кезде олардың адамгершілік бастамасы біртіндеп жоғалып, жойылып кетеді. Егер
алдыңғы сатыда біз гуманистік этика (фр. humanite — адамды сүю) туралы сөз қозғасақ, бұл
сатыда əлеуметтік этика жөнінде пікірлер айтылды. Əлеуметтік этиканың ерекшелігі — ол
жекелеген, нақты бір адамның емес, социумның мүдделеріне бағытталған. Адам бұл этикада
қоғам əсер ететін объект ретінде немесе басқа социум (қоғамның немесе белгілі бір əлеуметтік
институттың бөлігі) ретінде көрініс табады. Əлеуметтік этика, ең алдымен, адамның жүрістұрысының сыртқы келбетіне, оның этикеттік
имиджіне назар аударады. Ол адамдағы сыртқы мен ішкі элементтерді тікелей түрде бөліп
қарастырады, сөйтіп, оны еркіндіктен айырады. Осыған байланысты, адамға сыртқы əсер мен
жеке мінезқұлық арасындағы ішкі шиелініс қайнар шегіне жетіп, ол сыртқы
қарамақайшылықтардан көрініс табады. Осылай, қазіргі кездегі түсініктегі құқық салыстырмалы түрде кеш, өркениеттің пайда болуы
жағдайында пайда болған (Римде). Ол күрделенген сыртқы əлеуметтік өзара əсерлесулердің
жүйесінде адам тұлғаға айналған кезде пайда болады. Осы кезде адамның жекелеген адамдық
бастамасы көлеңкеге, яғни, интимдік, достық қарымқатынастар, жеке шығармашылық əлеміне
ауысады, ал бұл жағдайда адамгершілік норма, құндылықтың қажеттігі туындайды. Заңды
социологизм асқан дəлдікпен əлеуметтік психологияның, антропологияның, адам биологиясының
жаңалықтарынан, техникалық өнертабыстардан не алуға болатынын “ескере” отырып, құқықтың,
заңның барлық салаға талғаусыз əсер ететіндігін көрсетеді. Құқық жүрістұрыстардың сыртқы жағына, ал этика олардың ішкі жағына мəн береді. Олардың
өзара күресіне қарамастан, құқықтық норма өзінің моральдық, адамгершілік мазмұнының
арқасында ғана өмір сүреді. Осы жағдай арқылы көптеген “бос” заңдардың өмірде кездесуі
түсіндіріледі. Сондықтан да, құқық моральдық климатты, адамгершілік құндылықтарды сақтау үшін
мүдделі. Себебі, олар құқықты қоректендіріп отырады. Құқықтық жəне адамгершілік нормалардың шиелінісі көп жағдайларда адамды зорлауға,
қанауға бағытталған тоталитарлық жүйе заманында, мемлекет мүдделерінің адамның табиғи
құндылықтарымен қайшы келетін заманында орын алады. Бұл шиеліністен шығудың бірденбір
жолы — құқықты өзгерту (жасанды құрылым ретінде), оны адамға қарай ыңғайландыру, адамның
мүдделері мемлекет мүдделерінен жоғары тұратындай, ал мемлекет адамның өзінөзі жүзеге
асыруына мейлінше мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін құрал болатындай етіп жағдай жасау.
Этикалық категориялардың ерекшеліктері жəне əлеуметтік функциялары
Барлық ғылым түрлеріндегі сияқты этикада да бірқатар категориялар бар. Категориялар
заңдармен, қағидалармен, əдістермен біріге отырып, кезкелген ғылымның мазмұнының негізін
құрайды. “Категория” сөзінің өзі грек тілінен шыққан. Ол арқылы шынайы өмірдің маңызды
жақтарын көрсететін мейлінше жалпы түсініктер сипатталады. Ол — адам танымының өзекті
пунктері. Этика категориялары — моральдың ең мəнді жақтары мен тұстарын көрсететін, ғылым
ретіндегі этиканың теориялық аппаратын құрайтын жалпы түсініктер. Этика категориялары
адамгершілік сананың теориялық деңгейінде өмір сүреді. Олар — рухани, идеалды тəртіптің
құрылымдары, болмыстың адамгершілік жақтарының субъективтік көрінісі, əлеуметтік құбылыс
ретіндегі мораль туралы жүйеленген, ғылыми негізделген, теориялық білімдер жиынтығы. Сонымен қатар, моральдық құбылыстардың көрініс табуы тек теориялық деңгейде ғана жүзеге
асырылмайтындығын ескеру қажет. Олар нақты сезімдер, көзқарастар, армантілектер жəне т.б.
түрде қарапайым сананың деңгейінде де көрініс табады. Жоғарыда аталған екі деңгейде де,
көрініс тапқан элементтер бірдей сөздермен сипатталады. Мысалы, борыш категориясы бар екені
белгілі, сонымен қатар жеке тұлғаның борыш туралы көзқарасы да бар. Этикалық категориялар туралы сөз қозғай отырып, олардың ғылымның кейбір “қызметтік”
функцияларын атқаратынын да атап өткен жөн. Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың саласы
ретіндегі моральды танудың таусылмас баспалдақтары. Екіншіден, олар танымның дербес құралы
болып табылады. Үшіншіден, этика категориялары — моральдық танымның бірінші тəртіптегі
мəннен екінші тəртіптегі мəнге жəне т.б. дамуының, қозғалысының нысаны. Басқа ғылымдардың категорияларына тəн белгілерді, қасиеттерді иеленгенімен,этикалық
категориялардың өзіне ғана тəн бірқатар ерекшеліктері де бар. Біріншіден, олар қоғамдық қатынастардың адамдардың жүрістұрысымен, олардың жақысылық
пен жамандық, борыш, абырой, əділдік туралы көзқарастарына сəйкес бірбіріне, қоғамға,
мемлекетке, отбасына, ұжымға деген қатынасымен байланысты жақтарын көрсетеді. Алайда,
мұндай жағдайларда олар əрқашан таза күйде көрініс таппауы да мүмкін, себебі, кейбір кездерде
олар басқа ғылымдардың категорияларымен араласып кетеді де, сол категориялардың
адамгершілік аспектілерін ашып көрсетеді. Екіншіден, этикалық категориялар бағалаушылық, аксиологиялық сипатқа ие. Басқаша
айтқанда, олардың барлығын жақсылық пен жамандық, қайырымдылық пен зұлымдық тұрғысынан
бағалауға болады, ал олардың өздері осы бағалаудың нысаны ретінде көрініс табуы мүмкін: адал,
тəртіпті, əділ, жауапкершілі мол адам жəне т.б. Үшіншіден, олар адамдардың жүрістұрыстары мен қарымқатынастарын реттеу құралы болып
табылады, қоғамның адамгершілік талаптарын көрсетеді. Төртіншіден, басқа да адамгершілік құрылымдар: қағидалар, нормалар, талаптар, ережелер
жəне т.б. сияқты этика категорияларының беделі мен маңыздылығы қоғамдық көзқарастың немесе
жеке тұлғаның өзіндік санасының күшіне негізделеді. Бесіншіден, этика категорияларында, басқа ғылымдардың категориялары мен түсініктерімен
салыстырғанда, қоғамдық қатынастардың эмоционалдық жағы мейлінше кең көрініс тапқан. Жоғарыда айтылғандай, этика категориялары мазмұны бойынша объективті, ал нысаны
бойынша субъективті сипатқа ие. Мазмұнының объективтілігі, онда шынайы өмірде бар жəне
адам санасынан тəуелсіз элементтер бар екендігін білдіреді. Бірақ, бұл мазмұн адамдармен
түрліше бағалануы мүмкін. Мұндай бағалау бірқатар факторларға байланысты қалыптасады,
олардың ішінен мыналарды атауға болады: тұлғаның интеллектуалдық дамуы, оның адамгершілік
мəдениеті, өмір сүру салты. Міне, осындай факторлардың əсерінен белгілі бір өмірлік оқиғаны екі
тұлға түрліше бағалауы мүмкін. Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми жəне тəжірибелік
мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Кейбір ғалымдар оларды құрылымдық жəне
субстанционалдық (мəндік) деп екіге бөледі. Басқа бір ғалымдар мұндай бөлудің негізі ретінде
басқа қағиданы ұсынады: белгілі бір категорияны функционалды ретінде қарастырып отырып,
топтауды осы категорияның негізінде жүзеге асырады. Мысалы, Эпикур этиканың барлық
категорияларын бақыт категориясына бағындырған. Аристотель ең маңызды деп игілік
категориясын санаса, Кант борыш категориясына ерекше мəн берген. Алайда, қазіргі кезде де осы
мəселеге қатысты нақты бір көзқарас жоқ. Отандық этикада барлық категориялардың жиынтығын
көп жағдайда моральдың құрылымының негізінде бөледі. Бұл құрылымның негізгі элементтері
ретінде кейбір ғалымдар моральдық тəжірибені, моральдық сананы жəне адамгершілік өзіндік
сананы таниды. Алайда, кеңірек таралғаны болып, басқа бір ғалымдардың моральдың құрамында
моральдық сана, адамгершілік қарымқатынастар жəне адамгершілік қызмет бар екендігін мақұлдайтын бағыты саналады. Жоғарыда аталаған екі бағыттың арасында ерекше атап
өтетіндей айырмашылықтар жоқ, себебі, екінші бағыттағы моральдық сананың құрамына бірінші
бағытта аталған адамгершілік өзіндіксана кіріп кетеді, ал адамгершілік қарымқатынастар мен
адамгершілік қызмет адамгершілік тəжірибені құрайды. Моральдық сана белгілі бір деңгейде тұлғаның əрекеттерін, істерін жəне адамгершілік
жүрістұрысын анықтайды; өз кезегінде, тек шынайы өнегелі тəжірибе ғана сананың өнегелігінің
дұрыстығына баға бере алады. Мысалы, борыш категориясы, оны тұлғаның түсінуі тек тəжірибе
арқылы ғана тексерілуі мүмкін. Белгілі бір жайтты шынайы əрекеттерсіз, жай қарапайым түрде
түсіну — бос сөз. Мысалы, бір жас офицердің өзінің қызметтік борыш талаптарына адал екендігін
жариялай отырып, белгілі бір жауапкершілігі мол істен бас тартуы. Этиканың категориялары бірбірімен тығыз байланыстылықта болғаны соншалық, олар
бірбірінің мазмұнын ашады. Яғни, белгілі бір этикалық категорияның мазмұнын екінші бір этикалық
категорияны пайдалану арқылы ашуға болады. Мысалы, абырой категориясын жауапкершілік,
тəртіптілік, батылдық, ержүректілік жəне т.б. категорияларды пайдалану арқылы ғана түсінуге
болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қажырлылық,
қайраттылық жəне т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Əділдік категориясын адамсүюшілік,
шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік жəне т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес. Жоғарыда аталған үш топтың категорияларын жекежеке талдауға тырысып көрелік. Бірінші топ
— моральдық сана категориялары. Оларға мыналар жатады: моральдық қағида, моральдық
норма, моральдық немесе этикалық категория, моральдық сенім, адамгершілік мақсат, моральдық
таңдау жəне т.б. Негізі этикалық категориялардың барлығын моральдық сана категориялары деп те атауға
болады, себебі, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада
тіркеледі. Моральдық сананың мəнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой,
арождан жəне т.б. категориялар жүйесінде орталық орынды иеленген, бірақ, оларды адамгершілік
қарымқатынастар мен моральдық тəжірибеден бөліп қарастыруға болмайды, себебі, мұндай
жағдайда олар өздерінің негіздерінен айырылады да, бос абстракцияларға айналады.
Қайырымдылық пен зұлымдық, əділдік пен əділетсіздік туралы жай, өмірден тыс əңгімелердің
ешбір мəні жоқ. Керісінше, олар демагогияға, немқұрайдылыққа əкелуі мүмкін. Ал егер моральдық
сана категориялары шынайы қатынастар мен əрекеттерді көрсетіп, оларға белсенді түрде əсер
етсе, онда олардың маңызы да артатыны сөзсіз. Екінші топ категориялары — бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды
жатқызуды болады: адамгершілік өзара əрекеттер, адамгершілік шиелініс, моральдық бедел жəне
т.б. Өзінің функционалдық ролі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектілердің
өзара қарымқатынастарының көрінісі болып табылады. Бұл қатынастардың адамгершілік деп
бағалануының себебі мынада: олар достық, қастық, серіктестік, сенім, сыйластық, екіжүзділік жəне
т.б. моральдық бағалаулармен сипатталады. Үшінші топ категориялары — бұл моральдық тəжірибе немесе функционалдықжүрістұрыс
категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тəжірибеде, күнделікті өмірде
жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады:
моральдық (немесе моральға қайшы) əрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы
моральдық борыш, абырой, батырлық немесе қорқақтық, əділдік немесе əділетсіздік, адалдық
немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық жəне т.б. адамгершілік сана категориялары
көрініс табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасындағы қатынастарды
реттеуші ретіндегі мақсаты ашылады.
Этикалық категориялардың ерекшеліктерін, түрлерін жəне мəнін қарастырудың теориялық қана
емес, жалпыəдістемелік те маңызы өте зор. Оларсыз кəсібиэтикалық категорияларды талдау
мүмкін емес, себебі, олар жалпы этика категорияларының нақтыландырушысы болып табылады.
Бұл категориялардың сандық ауқымы өте кең, сондықтан да, біз олардың ішіндегі ең
маңыздыларына ғана тоқталамыз, себебі, құқыққорғау қызметкерлерінің қызметінде олардың
алатын орны ерекше.
Кəсіби борыш жəне абырой
Борыш категориясы — этикадағы маңызды категориялардың бірі. Ал кəсіби этикадағы оның
алатын орны тіпті ерекше. Мораль саласын жеткілікті негізбен міндеттіліктер саласы деп те
атайды: қайырымды бол, адал бол, əділ бол. Бол! Борышта басқа категорияларға қарағанда
міндетті себепті жақ əлдеқайда жоғары дамыған. Ол тек идеяға нақты анықтама беріп қоймайды,
сонымен қатар, оған бұйрықтық сипат береді: шақырады, талап етеді, оның жүзеге асуын қалайды.
Борышты адам болу — оның мəнін, талаптарын білу ғана емес, осы талаптарды тəжірибеде
сақтау да. Көптеген ғұламалар борыш сезімін жоғары бағалаған. И. Кант жазғандай, борыш — адамды
өзінен өзін жоғары етіп қоятын ұлылық. А. Блок та оған қосылғандай: “Борышыңды ұмытпа, ол —
бұл əлемдегі жалғыз əуен. Борышсыз өмір де, құштарлық та жоқ” деген. Борыш категориясы кең қолдауды тапқан сала болып ежелден бері əскери жəне құқыққорғау
қызметтері саналады. Осы салаларда шынайы да, жалған да борыш адамдарға əсер етуші негізгі
күш ретінде қолданылып келген жəне əлі де қолданылуда. Сол себепті де, мансапқорлық
мақсаттарға жетуде осы категорияны пайдалану жиі кездесіп жатады. Мұндай борыш шынайы ма,
жалған ба — оны анықтау өте қиын. Құқыққорғау органдарының қызметкерінің кəсіби борышы қоғамдық борыштың құрамдас бөлігі
бола тұра, өзінің объективтік жəне субъективтік көрінісі бойынша адамгершілік сипатқа ие.
Борыштың объективтік мазмұнының моральдық құндылығы оның ең жоғарғы жəне əділ міндетті
шешуге бағытталуымен тығыз байланысты. Бұл міндет — тұлғаның құқықтары мен
бостандықтарын қорғау, өз мемлекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтық тəртіпті нығайту.
Алайда, əскери борыштың шынайы мүмкіндіктері субъективтік адамгершілік қатынаспен
толықтырылғанда ғана айқын көрінеді. Себебі, адам қоғамдық міндеттерді өзінің жеке
міндеттеріндей қабылдап, сезінгенде ғана, өз қызметіне бар жантəнімен берілгенде ғана борыш
туралы сөз қозғауға болады. Құқыққорғау органдары қызметкерінің борышы — тұлғаны, қоғамды жəне мемлекетті қорғаудың
объективтік қажеттіктерінен туындайтын, мемлекеттікқұқықтық талаптармен жəне адамгершілік
ішкі сезімдермен толықтырылатын ерекше міндет. Негізгі тілек пен борыштың сəйкес келуі адамгершілік үшін ерекше бір мəселе. Борыш пен
тілектің объективтік талаптарының сəйкес келуін түрлі ғалымдар түрліше түсіндіреді. Кейбір
ғалымдардың ойынша, міндетті нəрсе мен қалаулы нəрсенің арасында ешқандай
қарамақайшылықтар жоқ. Алайда, кезкелген адам эмпирикалық жол арқылы басқаша
қорытындыға келе алады. Əрине, қоғамдық міндеттілікті өзіндік талап ретінде түсіну міндеттілік
пен қалаушылықтың арасын біршама қысқартады. Мұндай жақындастыққа күмəн жоқ, бірақ, ол
ешқашан абсолюттік сипатқа ие бола алмайды жəне міндеттілік пен қалаушылықтың арасындағы
белгілі бір қарамақайшылықтарды жоя алмайды. Сонымен қатар, борыш пен тілекті бірінбірі жоққа
шығаратын талпыныс, оларды мəңгілік қарамақайшылық ретінде қарастыратын көзқарас та дұрыс
емес. Ақиқат осы екі көзқарастың ортасында деген дұрыс болар. Борыш пен тілек — бірінбірі
жоймайтын қарамақайшылықтар. Олар бірбіріне жақындасуы немесе бірбірінен алшақтауы
мүмкін, бірақ іс жүзінде бірінбірі ешқашан жоймайды. Бұл жерде ерекше атап өтетін бір жайт —
ақыраяғында борыш белгілі бір тілекке жетуге негіз болып табылады, ал тілекті дұрыс түсіну
борышты нəтижелі орындауға алып келеді. Борыш сезімі жоғары дамыған тұлға əрқашан өзінің
субъективтік талаптары мен құштарлықтарынан жоғары тұра алады жəне өзін борыштың
талаптарына бағындыра алады. Осылай, міндеттілік белгілі бір дəрежеде тілекке айналып, сыртқы
талпыныстан тұлғаның ішкі талпынысына ауысады. Борыш пен тұлғаның талпыныстары,
құштарлықтары арасындағы, борыш пен өзінөзі сақтап қалу сезімінің арасындағы
қарамақайшылықтар тапсырылған істің жүзеге аспай қалуымен қатар құқыққорғау органдарының
қызметкері үшін өте ауыр салдарға, тіпті, өлімге де алып келуі мүмкін. Қызметтік борышты
орындауға, тапсырылған істің əділдігіне бір сəт болса да күмəндану тұлғаның өмірін мүлдем басқа
бағытқа бұрып жіберуі мүмкін. Адамгершілік іс жүзінде адамдар арасындағы барлық қарымқатынастарды, олардың мемлекет
пен қоғамға қатынасын қамтиды. Адамның күнделікті өміріне мемлекет пен қоғамның қойған
талаптарын адамгершілік одан əрі нақтыландыра түседі. Тұлғаның қабылдаған моральдық
нормалары оның ішкі сеніміне айналып, сезімдерін басқарады, оның үйреншікті əдетіне ауысады.
Қоғамдық мораль қоғамдық жəне мемлекеттік құрылымның одан əрі бекітілуіне жəрдемдеседі,
белсенді тұлғаны қалыптастырады. Тұлғаның даму үдерісінде оған моральдың бағалаушылық
жəне нормативтік жақтары əсер етеді. Моральдың бағалаушылық жағы жақсылық пен əділдікке
негізделсе, нормативтік жағы борышқа бағытталған. Борыш — бұл моральдық нормалардың
барлық жиынтығын адамдардың іс жүзіндегі əрекетімен байланыстыратын өзек. Бұл өзекке
біртұтас болып негізгі мен туынды, бағалаушылық пен нормативтік, жетістіктер мен армантілектер
жинақталған. Мұнда теория тəжірибеге, жақсылық пен əділдік идеялары мықты материалдық
күшке, моральдық қағидалар мен нормалар шынайы əрекеттерге айналады. Борыш арқылы моральдың белсенді табиғаты тікелей көрініс табады. Ол идеялар мен мақсаттарға нақты сипат
берумен қатар, оларға жетуге итереді, талап етеді. Сол себепті де, қоғамдық борышты
қолданыстағы сана деп атауға болады. Ол, ең алдымен, адамның адамгершілігіне сипаттама бере
алады, себебі, адамның əрекеттері арқылы оның адамгершілік қасиеттері мен кемшіліктеріне баға
беруге болады. Қоғамдық борышқа деген қатынас тек тұлға туралы ғана емес, сонымен қатар, ұжым туралы,
қоғамның рухани күштері туралы мəліметтер бере алады. Құқыққорғау органдарында борышқа
олардың қызметкерлерінің қызметін тікелей реттеуші құрал ретінде негізгі мəн беріледі. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің жүрістұрысының механизмі, олардың ұжымындағы
адамгершілік қатынастардың мəні үш маңызды факторға негізделеді: — қызметкердің ұжымнан, мемлекеттен жəне қоғамнан тəуелділігі, абырой сезімінен көрініс
табатын оның қоғамдық қолдауға мүдделілігі; — объективтік анықталған мүмкіндіктер түрінің шегінде қызметкердің белгілі бір жүрістұрыс
түрін таңдау мүмкіндігінен көрініс табатын тəуелсіздігі, бостандығы; — өз əрекеттерінің “еркіндігінің ” нəтижелері мен салдары үшін қызметкерлердің жауапкершілігі,
яғни, əрбір жекелеген қызметкердің ұжым мен қоғам қалыптастырған адамгершілік нормалар
шегінде өзінің моральдық таңдауына жауап беру міндеті. Құқыққорғау органдары қызметкерлерінің адамгершілік борышының объективтік жəне
субъективтік жақтары болады. Объективтік жақ мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін қорғау, оның
азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету қажеттігімен анықталады.
Субъективтік жақ мемлекеттің құқыққорғау органдарының алдына қойған төмендегідей нақты
міндеттерімен анықталады: құқықтық тəртіпті нығайту, мемлекет пен қоғамның қауіпсіздігін, оның
азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға байланысты өзіне жүктелген міндеттерді
орындаудағы қызметкерлердің саналылығы жəне жауапкершілігі, əрбір қызметкердің борыш
талаптарын, жалпы істегі өз орны мен ролін түсінудегі, өзінің борышқа деген ішкі сезімін
анықтаудағы, өзінеөзі жоғары талаптар қоя білудегі қабілеті мен дайындығы. Құқыққорғау органдарының кейбір мақсатміндеттері ерікті жəне мақсатқа жетелеуші қызметке
айналады, себебі, оларды қызметкерлер əділ əрі ақиқатты ретінде қабылдайды. Ішкі қозғаушы
себеп құқыққорғау органдарының əрбір қызметкерінің адамгершілік борышының мəніне тұлғаның
адамгершілік күштерінің қайнар көзі ретінде еніп кетеді. Ескеріп өтетін бір жайт, қоғамдық борыштың талаптары қоғамның барлық мүшелері үшін
бірдей. Алайда, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің еңбегі ерекше. Олардың борышына
қойылған талаптардың ерекшеліктерін олардың алдына қойылған міндеттермен, олардың
қызметтернің ерекшеліктерімен байланыстыруға болады. Мұндай қызмет жоғары жауапкершілікті,
ұйымдастырушылықты жəне адамгершілік, физикалық күштерін барынша пайдалануды талап
етеді. Құқыққорғау органдары қызметін ұйымдастырудың ерекшелігіне қарай олардағы адамгершілік
қатынастар азаматтық өмірдің басқа салаларына қарағанда құқықтық нормалармен əлдеқайда
жанжақты реттелген. Сол себепті де, борыш — тілек емес, ол, ең алдымен, мемлекет пен
қоғамның талабы жəне бұл талаптың орындалуы міндетті сипатқа ие. Борыштың адамгершілік
мазмұны заң күшіне ие құқықтық талаптармен бекітіледі. Борыштың адамгершілік сезімі арқылы
көптеген жоғары қасиеттер ашылады. Олар: саналы ынта, қайрат, абырой, қоғамдық міндеттерге
деген белсенді қатынас. Кəсіби борышты тікелей көрсететін жəне бекітетін қатынастардың барлығы адамгершілік жəне
құқықтық беделге ие. Моральдық нормаларды бұзу көп жағдайларда заң нормаларын бұзуды да
білдіреді. Антта, жарғыларда, нұсқауларда көрініс табатын заңды рəсімделеген борыш
талаптарында моральдық бағалау мен құқықтық норма бірдей орын алған. Кəсіби борыш

- Заңды білу- заман талабы
- Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы
- Заңдылық қағидасының түсінігі
- Заңды тұғаның құқық қабілеттілігі
- Заңды тұлға және жеке тұлға ұғымы
- Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылуын тiркеу
- Заңды тұлғаларды тіркеу формалары, түрлері, арнайы салық режимдері
- Занятость: предприятия ищут работников
- Занятость: сущность и виды
- Заняття і побут населення Київської Русі
- Заняття на перекладині. Види та прийоми
- Заняття, побут, воєнне мистецтво та символіка козацтва
- Заңгердің кәсіби этикасының түсінігі және түрлері
- Заңгер жұмысындағы психотехника