Зат айналым

Қазақстан Республикасының  Білім және Ғылым министрлігі

Л.Н  Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Физика-техникалық  факультет

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Оттегінің, азоттың,көміртектің,күкірттің, фосфордың айналымдары,физикалық-химиялық қасиеттері, сипаттамасы, қосылыстары, қолданылуы, өндірілуі.

 

            

                                                                                       Орындаған: Сейтқали А.

                                                                                       ЯФ-15 тобы студенті

                                                                                       Қабылдаған: Дәрібай А.О

 

                                   

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

                                             Астана қаласы.2013 жыл

       Оттегі (латынша Oxygenium), O – элементтердің периодты жүйесінің VI-тобындағы химиялық элемент. Реттік  нөмірі 8, атомдық массасы 15,999. Оттегі – жер шарының қатты, сұйық және газ тәрізді қабаттарындағы ең көп таралған элемент. Ауаның 23 массалық,21 көлемдік проценті молекула түрінде болатын бос күйдегі оттегінің үлесіне тиеді. Оттегі 88,89 массалық процент түрінде судың құрамына кіреді. Оттегі жер қыртысында тау жыныстарының , көпшілік минералдардың, кендердің, құмның, силикаттардың құрамында болады. Жер қыртысының 47,2 массалық проценті оттегінің үлесіне тиеді.

       Оттегі табиғатта екі түрлі түр өзгерістер – жай заттар түрінде кездеседі, оның бірі молекуласы екі атомнан тұратын кәдімгі оттегі, екіншісі молекуласы үш атомнан тұратын озон. Оттегі молекуласы парамагнитті және тұрақты, ал озон молекуласы тұрақсыз, молекула және атом түріндегі оттегіне ыдырайды.     

      Оттегінің физикалық және химиялық қасиеттері. Кәдімгі температурада оттегі түссіз, иіссіз жануды қолдайтын газ.  Оттегі ауадан ауыр, оның 1 л салмағы 1,43 г. Судың 100 көлемінде 5 көлем оттегі ериді. Бұдан оттегінің суда нашар еритінін көруге болады, бірақ осы мөлшер суда тіршілік ететін және желбезегі арқылы тыныс алатын жануарларға жетіп жатыр. Оттегі химиялық қасиеттері жағынан өте активті тотықтырғыш, оның тотықтырғыш қабілеті температура жоғарылаған сайын артады. Осындай тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде  оттегі көбінесе екі электрон қосып алып О2- ионына айналады.

Оттегі кәдімгі жағдайда немесе қыздырғанда көпшілік металдармен  әрекеттесіп , олардың оксидтерін немесе пероксидтерін түзеді, мысалы:

2Na0 + O20= Na2[O2]2-  натрий пероксиді

    K0 + O20 =K[O2]1-          калий супероксиді

                                           2Cu0 + O2= 2Cu2+O2-     мыс (II) оксиді

Оттегімен тікелей күміс, алтын, платина және платина тәрізді  металлдар әрекеттеспейді, бұлардың оксидтері жанама жолмен алынады.

Оттегі барлық металл еместермен әрекеттесіп олардың оксидтерін түзеді,мысалы:

                                         S + O2=SO2

                                                       4P + 5O2= 2P2O5

Оттегі тікелей галогендермен, инертті газдармен әрекеттеспейді, ал галогендердің оксидтерін жанама жолдармен алады. Оттегі тек фтормен  қосылысында (OF2) оң тотығу дәрежесін көрсетеді.

Көміртегінің ауадағы  оттегі арқылы тотығуының маңызы зор, өйткені осы реакция барлық заттар жанғанда жүреді де көп жылу бөліп  шығарады, оны халық шаруашылығында, тұрмыста жылу энергиясы  ретінде  пайдаланады:

                           C +O2 = CO2               ∆ H= -383,5 кДж

 

Сутегі оттегінде жанғанда мына реакция жүреді:

                                 2H2 + O2= 2 H2O                  

Бұл реакцияның нәтижесінде  жалынның температурасы 30000 С-қа дейін жетеді, сондықтан оны металдарды кесу және пісіру үшін қолданады.Оттегі химия өнеркәсібінде азот қышқылын , күкірт қышқылын өндіруде тотықтырғыш ретінде қолданылады. Сондай-ақ ол пероксидтер алуда органикалық синтедерде де қолданылады.

Оттегінің 60 % -ке жуығы қара және түсті металлургияда шойын  және түсті металлургияда шойын және болат қорытуға сульфидтерін тотықтыру арқылы көптеген түсті металдарды алуға және металдарды  өндіру кезіндегі процестердің жылдамдығын арттыруға жұмсалады.

Оттегі-сутегі-оттегі ацетилен-оттегі горелкаларында металдарды пісіру және кесу үшін жоғары температурада  алуға  тау-кен жұмысында пайдаланатын қопарғыш заттар дайындауға , медицинада тыныс алуы нашарлаған адамдарға  дем алдыруға т.б мақсаттарға  қолданылады.Оттегі айналымы- фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялық айналымы 250 т/жыл, ал  биосферадағы оның жалпы массасы – 1014 т. Оттегі – жер бетіндегі ең көп таралған элемент: оның атмосферадағы мөлшері -23,1%, литосферада-47,2%; гидросферада- 86,9 %. Гидросферадағы бос оттегінің мөлшері шамамен 4,5 мг/л, осы оттегіні су организмдері өздерінің тіршілігіне жұмсайды. Ауадағы оттегінің мөлшері ұзақ уақыттар бойы биологиялық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр. Осы деңгейден ауытқыса, биосфераның жағдайына зор әсерін  тигізер еді: мөлшері төмендесе- мұхиттардағы жануарлар саны азайып, ал мөлшері көтерілсе- ортаның тотығу қасиеттерінің қауіпті жағдайға дейін өсіп кетуі мүмкін. Бұл жағдайлардың жер бетіндегі жануарлар мен адамдарға қолайсыз әсері бар. Мысалы, адамдар мен жануарлар биік тауларға шыққанда немесе оттегіні көп мөлшерде пайдаланатын белдемдер мен жасанды құрылғыларда оттегінің жетіспеуін қатты сезеді. Оттегі айналымы мен озонның тузілуі де тығыз байланысты. Атмосфераның жоғары қабаттарында ультракүлгін сәулелерінің қатысуымен оттегі молекуласында иондану мен диссициациялану жүріп және оттегі молекулаларымен қосылып, оттегінің 3 атомынан тұратын озон түзіледі:

                              Һ→O2↔2O;    O+O2↔O3

          Мұндағы Һ- толқын ұзындығы 225 нм аспайтын жарық кванты.

          Озонның тузілуіне Жер бетіне  түсетін күн энергиясының шамамен  5% жұмсалады. Озон түзілетін реакция   қайтымды болғанына байланысты  атмосфераның жоғарғы қабаттарының  температурасы жоғары болады. Себебі  озонның ыдырауы экзотермиялық  реакцияға жатады. Орта есеппен  озонның атмосферадағы көлемдік  мөлшері 10-6% құрайды.озонның ең жоғарғы көп мөлшері 20-25 км биіктікте орналасқан. Озон барлық тірі организмдерге әсер ететін қысқа толқынды күннің ультракүлгін сәулелерінің едәуір бөлігін ұстап қалады, былайша айтқанда, атмосфераның қорғаныш қабаты. Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша озон қабатының 1 %-ға кемуі адамдарда қатерлі ісік ауруының көбеюіне себепші болады.

 

Азот

        Азоттың  негізгі қоры екі атомнан тұратын  молекулалар түрінде атмосфераның  құрамында болады. Ауаның 75,6  массалық  пайызы, 78,1 көлемдік проценті азоттың  үлесіне тиеді. Жер қыртысында  азот натрий нитраты ,калий  нитраты түрінде кездеседі. Қосылыс  күйдегі азоттың үлесіне жер  қыртысы массасының 0,01 % тиеді. Сонымен  біргеазот барлық тірі организмдердің  белоктарының құрамына кіреді, ал  белоксыз тіршілік болмайды. Ф.  Энгельстің анықтамасы бойынша  «тіршілік дегеніміз белокты  заттардың өмір сүру тәсілі.»

         Лабораторияда аммоний нитритінің  концентрациялы ерітіндісін қыздыру  арқылы азот алады:

                                                 NH4NO2= N2+ 2H2O

Құрғақ натрий азидін қыздыру  арқылы да азот алады:

                                                    2NaN3=2Na + 3N2

Аммоний дихроматын қыздырғанда  азот, хром оксиді және су түзіледі.

                                         (NH4)2Cr2O7=N2+Cr2O3+ 4H2O

Қызған мыс арқылы ауаны  өткізгенде оттегін байланыстырып  азотты бөліп алады:

                                                  N2+O2+2Cu= 2CuO+N2

Аммиакты оттегінде жаққанда азот және су түзіледі:

                                                      4NH3+3O2=6N2O

Өнеркәсіпте азотты ауаны  сұйылту арқылы  алады.

         Азоттың физикалық және химиялық  қасиеттері. Қалыпты температурада  азот түссіз , дәмсіз газ, жануды , тыныс алуды қолдамайды, кәдімгі  жағдайда 1 л суда 23 мл азот ериді.

        Азот  молекуласындағы атомдардың арасында  бір сигма, екі пи байланыс  болады. Қыздырғанда азот көптеген  металдармен әрекеттесіп сәйкес  нитридтер түзеді:       3Ca +N2= Ca3N2

        Нитридтер,әсіресе,  сілтілік және сілтілік жер  металдарының нитридтері химиялық  активті қатты заттар,олар қышқылдармен  немесе сумен әрекеттесіп аммиак  түзеді,мысалы:

                                          Ca3N2+6H2O= 3Ca(OH)2+2NH3

Металл еместермен азот жоғары температурада ғана әрекеттеседі. Мысалы , оның оттегімен реакциясы 15000С шамасында басталады.

                                                       N2 + O2= 2NO

Басқа кейбір металл еместермен жоғары температурада нитрид тәріздес қосылыстар түзеді,мысалы:

                                                     2B+N2=2BN

                                                   3Si+2N2=Si3N4

       Азот айналымы. Атмосфералық ауа құрамының 78 пайызын азот құрайды. Бірақ азот-химиялық жағынан белсенділігі төмен элемент. Азот барлық белоктардың құрамына кіреді. Сонымен қатар биогенді элементтердің ішінде организмдердің тіршілік әрекетіне ең қаетті элемент болып саналады. Биологиялық айналымға атмосферадағы бос молекулалық түрдегі азоттың ең аз мөлшері ғана қатысады.

 Табиғатта байланысқан азот түрінің бос молекулалық азотқа жалпы қатынасы- 1:100000. Молекулалық түрін құратын азот атомдары арасындағы химиялық байланыс энергиясы жоғары  болғандықтан, азоттың басқа элементтермен – оттегімен немесе сутегімен қосылу процесі көп мөлшерде энергияны қажет етеді.өнеркәсіпте азотты алуға катализаторлармен қатар 5000 С шамасындағы температура мен 300 атм.қысым қолданылады.

          Биосферада азот айналымын анаэробты бактериялардың және көк жасыл балдырлардың бірнеше топтары жүргізеді. Биологиялық азот сіңіру процесінің тікелей өнімі болып саналатын амин тобы бүкіл организмдер қатысатын айналымға қосылады. Бірақ негізгі рөлді топырақ  пен су бактерияларының 3 тобы:азоттандырушылар, нитрат түзушілер және азотсыздандырушы бактериялар жүргізеді.бактериялардың алғашқы екі түрі атмосферадағы  молекулалық азотты байланыстырып , оларды  өсімдіктердің азотты қоректенуіне  қажетті түрлерге айналдырып, органикалық азотты қосылыстарды түзеді. Топырақ пен су бактерияларының тобы, яғни азотсыздандырушы  бактериялар азот қышқылының тұздарын нитриттерге , молекулалық азот пен аммиакка дейін ыдыратады.Қазіргі кезде азоттың едәуір мөлшерін атмосфераға өнеркәсіп орындары мен көліктердің ластануы салдарынан түсуде.

 

                                   Көміртек

              Көміртегі табиғатта бос күйінде де, қосылыс күйінде де кездеседі. Көміртегінің көпшілік мөлшері 99% қосылыстар минералдар, әсіресе, кальций мен магнийдің карбонаттары түрінде тараған. Көміртегі тас көмірдің, қоңыр көмірдің, мұнайдың,табиғи газдардың құрамына кіреді. Көміртегі оксиді ауада,мұхит.теңіз,өзен суларында,шипалы суларда еріген түрде болады. Көміртегі бс күйінде алмаз,графит жай заттары түрінде тараған. Өзінің қосылыстарының көптүрлілігі жөнінен көміртегі Менделеевтің периодтық кестесінде орналасқан элементтердің ішінде бірінші орын алады.

          Көміртегінің физикалық және  химиялық қасиеттері. Көміртегінің  екі табиғи аллотропиялық түр  өзгерістері бар.оларға алмаз  бен графит жатады,ал жасандыжолмен  алынған түр өзгерістерін –карбин  және поликумулин дейді. Алмаз  бен графиттің физикалық қасиеттерінде елеулі айырмашылық болатыны олардың құрылыстарының әртүрлілігімен түсіндіріледі.

          Көміртек көптеген жай заттармен  оңай әрекеттеседі:

1) Жану реакциясы:

a) 2С + О2 = 2СО

ә) С + О2 = CO2

2) Хлормен әрекеттескенде көміртек тек жарық сәулесінің әсерінен төрт хлорлы көміртек түзіледі:

С + 2Cl2= CCl4 (бағалы еріткіш) өрт сөндіруде қолданылады.

3) Металдармен әрекеттесіл карбидтер түзеді:

2С + Са = СаС2 (бұдан ацетилен алынады)

4) Күкіртпен күкіртті көміртек түзеді:

С + 2S = CS2 (еріткіш)

5) Сутекпен әрекеттескенде метан түзіледі:

С + 2Н2→СН4 (отын - ол табиғи газдың негізгі құрам белігі)

Көміртектің күрделі заттармен әрекеттесуі:

1) Сумен әрекеттескенде газдар коспасы (су газы) бөлінеді:

С + Н2О = CO + Н2 (су газы - бағалы отын)

Алынған газдардың екеуі жанғыш болғандықтан жылу көбірек белінеді. Сондықтан көмірді жаққанда сулау қажет.

2) Концентрлі күкірт және азот қышқылдарымен әрекеттескенде тотығады:

           С + 4HNО3(конц)=СО2+4NO2+2Н2O

3) С+ 2H2SО4(конц) = СО2+2SO2+2Н2O

       Көміртегі айналымы. Атмосферадағы С фотосинтез процесі кезінде өсімдіктердің органикалық заттарына еніп , әрі қоректену тізбегіне қатысады. Фотосинтез үшін көміртегінің көзі атмосферадағы немесе суда еріген көмірқышқыл газы болып табылады. Ағзалардың тыныс алу процесінде С органикалық заттардан босатылады.С негізгі массасы өлі органикалық заттардан редуценттер арқылы бөлінеді. Өсімдіктер түзген органикалық заттың құрамында көміртегі қоректену тізбегі бойынша тірі , не өліөсімдік ұлпалары арқылы өтіп,тыныс алу ,ашу немесе отынның жануы нәтижесінде көмірқышқыл газы түрінде атмосфераға қайтады. Көміртегінің шамалы бөлігі Вернадскийдің айтуынша, заттар айналымынан торф, көмір, мұнай, су экожүйелеріндегі карбонаттар түрінде « геологияда минералдар түзуге кетеді».

           Көміртегі циклінің негізгі бұзылуы геологиялық құрылымдардан бөлінетін заттарға байланысты. Сонымен қатар, өсімдіктер бірлестігінің ауданы мен өнімділігінің өзгеруі нәтижесіне де байланысты. Осы көміртегінің бір бөлігі атмосферада көмірқышқыл газы мен метан түрінде жиналып, «жылыжай әсерінің» пайда болуына ықпал етеді.

                                        Күкірт

        Күкірт  S – элементтердің периодтық жүйесінің VІ тобындағы химиялық элемент; ат. н. 16, ат. м. 32,06. Тұрақты 4 изотопы бар. Сондай-ақ жасанды жолмен алынған 6 изотопы белгілі. Күкірттің жер қыртысындағы салмақ мөлшері 0,05%, теңіз суында 0,08 – 0,09%. Күкірт біздің заманымыздан 2000 жыл бұрын белгілі болған. Қалыпты жағдайда күкірт сары түсті, бейметалл. Табиғатта бос күйінде (саф К.) және сульфидті (мыс., пирит, галенит, антимонит, т.б.), сульфатты (гипс, ангидрит, барит, мирабилит, т.б.), т.б. минералдар түрінде кездеседі. Күкірттің бірнеше кристалдық түрлері белгілі, оның ішіндегі орнықтылары ромбылық α-күкірт және моноклинді β-күкірт. Күкірттің тығыздығы 2,07 г/см3 (α-түрі) және 1,96 г/см3 (β-түрі), балқу t 112,8°С, қайнау t 444,6°С, жылу өткізгіштігі 0,208 Вт/(м•град). К. суда ерімейді, бензолда жақсы ериді, қыздырғанда молекуласындағы атом саны бірте-бірте кемиді: S8→ S6→ S4→ S2 соңында 2000°С-тан жоғары қыздырғанда К. буында жеке атомдар пайда болады. Салқындатқанда осы процесс кері айналып полимерлену құбылысы жүреді. К. қосылыстарында –2-ден +6-ға дейін тотығу дәрежелерін көрсетеді. Азот, йод, алтын, платина және инертті газдардан басқа элементтердің бәрімен әрекеттеседі.

       Ол күшті металл емстрмен тотықсыздандырғыш  ретінде әрекеттеседі:

                                                      S0+3F20=SF6

                                                      S0+O20=SO2

Күкірт сутегімен  әрекеттесіп күкірт-сутек түзеді:

                                                      H20+S0=H2S2-

Тотығу дәрежелері әр түрлі болуына сәйкес күкіртті сілтімен қосып қайнатқанда күкірттің  бір атомдары 4+ ке дейін тотығады, екінші бір атомдары 2-ге дейін тотықсызданады,диспропорцияланады:

                                    S0 +2S +6NaOH= Na2SO3+2Na2S2-+3H2O

Күкірт еріткіш  ретінде күкірткөміртек алуға,мылтықтың  «қарадәрісін» жасауға,каучукты вулканизациялап  резеңке алуға, «күкірт түсі»  ауы шаруашылығы дақылдарының кейбір зиянкестерін құртуға,қопарғыш заттар жасауға , күкіртті сіріңкелер өндіруде бояулардың кейбір түрлерін жасауға қолданылады.

         Күкірт айналымы-  бұл цикл  суды топырақты және атмосфераны  қамтиды.күкірттің негізгі қоры  – топырақта және тұнбаларда. Күкірт айналымының негізгі буыны  аэробты тотығу процесі, яғни, сульфидтің сульфатқа және анаэробты  тотықсыздану процесі, керісінше  сульфаттың сульфидке дейін өзгеруіжатады.бұл  реакциялар белгілі бактериялар  тобының қатысуымен өтеді. Тотығу-тотықсыздану  процестерінің арқасында топырақтың аэробты аймағындағы күкірт пен сульфат қорының арасында және топырақ қабатының тереңінде және тұнбаларында орналасқан темір сульфидімен алмасулар жүреді. Тереңде жатқан тұнбалар микробтардың қатысуымен тотықсызданғанда бөлінген күкірттісутек су бетіне қарай жылжиды. Судағы сульфид оттегі атомдарымен реакцияға түсіп, сульфатқа дейін тотығады. Сульфат автотрофтардың пайдалануына ең қолайлы түр болып саналады. Күкірттің  амин қышқылдарының құрамына кіретіні белгілі. Күкірт айналымы антропогендік әсерге тәуелді. Органикалық энергия тасымалдаушылар құрамында бір мөлшерде күкірт болады. Олар жану процесіне ұшырағанда диоксид түрінде бөлінеді. Күкірттің бұл түрі азот тотығы сияқты тірі организмдерді уландырады. Күкірт диоксидін өсімдіктердің жер үстіндегі ассимиляциялық аппараттары жақсы сіңіреді. Бұл жағдайда фотосинтез процесі тежеліп, өсімдіктер некроз ауруына шалдығады да, жапырақтары түгел түсіп қалады. Күкірт диоксиді атмосферадағы су буымен реакцияға түсіп, қышқыл түзеді.

                                                     Фосфор

           Фосфор- табиғатта бос күйінде кездеспейді, фосфор тау жыныстары мен минералдарда қосылыс түрінде кездеседі. Мысалы, фосфорит және апатитте кальций фосфаты Са3(РO4)2 түрінде болады. Азот тәрізді фосфор да өсімдік пен жануар нәруызының негізгі құрам бөлігі. Фосфор өсімдіктердің дәнінде, жануарлардың сүтінде, қанда, ми мен жүйке ұлпаларында кездеседі. Мысалы, ересек адамдардың сүйегінде 600 г, ет ұлпасында 56 г, жүйке жүйесінде 5 г-ға дейін фосфор болады. Барлық сүтқоректілердің сүйегі құрамында фосфор Са3(РO4)2немесе ЗСа3(РO4)2•СаСO3•Н2O түрінде болады. Осындай фосфаттар сүтқоректілер қаңқасына беріктік қасиет береді. Жануарлар мен адамдар фосфорды өсімдік арқылы қабылдайды. Фосфор қосылыстары тіршіліктегі барлық зат алмасу процестеріне қатысады.

           Фосфордың физикалық және химиялық қасиеттері. Бос күйіндегі фосфорды алу үшін табиғи фосфатты электр пеште кремний (IV) оксиді мен көмірді косып қыздырады. Бөлінген фосфордың буын су астында ақ фосфор Р түрінде бөліп алады. Реакция теңдеуі:

                              Са3(РО4)2+ 3SiО2 + 5С = 3CaSiО3+ 5CО↑ + 2Р

Фосфор элементі жай зат  ретінде бірнеше аллотропиялық түрөзгерісін түзеді. Оның маңыздылары — ақ және қызыл фосфор. Ақ фосфор улы жөне тез тұтанатын болғандықтан аса ұқыптылықты қажет етеді. Оның буымен демалуға болмайды. Ақ фосфорды шыны ыдыста, су астында, сыртынан құм салынған металл банкаға орналастырып сақтайды. Ақ фосфор ауасыз кеңістікте қыздырғанда қызыл фосфорға, ал жоғары қысымда қара фосфорға айналады. Қара фосфор аз кездеседі .

Химиялық қасиеттері:

  1. 2Р + ЗСl2 = 2РСl3 галогендермен галогенидтер береді
  2. 2Р + 3S = P2S3 күкіртпен сульфид түзеді
  3. ЗСа + 2Р = Са3Р2 металмен фосфид түзеді

Фосфор өзінің аталуына сәйкес (грекшеден аударғанда “жарық шығарғыш” деген мағынаны білдіреді) ауада оттекпен жарық шығара отырып, қарқынды әрекеттеседі. Осы тәжірибені жасап көрейік. Әуелі шыны қалпақшының тығыны зат жағатын темір қасықшаны өткізеді.Себебі фосфор жанғанда, ақ түтін будақтап, оның оксиді түзіледі. Ол ауада шашылмас үшін қасыққа салынған фосфорды спирт шамы жалынында қыздырып, жана бастағанда шыны қалпақшаға кіргізіп тығындайды. Сонда түзілген фосфор (V) оксиді бірте-бірте төмен қонып, суда ериді. Енді реакция теңдеуін жазайық:

                                    4Р + 5O2 = 2Р2O5 

            Қызыл фосфор сіріңке өндірісінде, пиротехникада және фосфор кышкылын алуға пайдаланылады. Фосфор ауыл- шаруашылык зиянкестерімен күресу үшін кажет улы химикаттар алу үшін қолданылады.

           Фосфордың ақ және қызыл түрөзгерісі бар. Ақ фосфор химиялық белсенді болып келеді. Сондықтан ақ фосфорды қараңғыда су астында сақтайды. Ақ фосфорды ауасыз ортада қыздырса, қызыл фосфор алынады. Қызыл фосфор сіріңке өндіруде, пиротехникада қолданылады. Фосфор жай және күрделі заттармен өрекеттеседі. Қазақстанда фосфор шикізатының қоры Жамбыл (Қаратау) және Ақтөбе (Шилісай) облыстарында бар.

             Фосфор сіріңке және улы химикаттар өндірісінде пайдаланылады.

Ақ, қызыл фосфор Н3РО4 алуда, жанғыш қоспалар дайындау үшін қолданылады.

                     P+5HNО3конц = Н3РО4+5NО2↑ +Н2О

 

Фосфор айналымының  газ тәрізді фазасы болмайды. Фосфор ағзаларымен бірнеше рет тұтынылғаннан  кейін  құрлық пен тұнба түрінде  сулы ортаның түбіне кетеді. Фосфордың  қайтып оралуы мұхиттың ағзаларымен  орнын толтырмайды,яғни құрлықтың  қажеттілігін толтыра алмайды. Фосфорды пайдалану тұнбалық циклмен бітетін, біржақты процесс болғандықтан , ағзалар  үшін фосфордың жетіспеушілік қаупі  туады. Сондықтан оның адаммен орнын  толтыру минералдық тыңайтқыштарды енгізу арқылы жүзеге асады.фосфордың бір бөлігі құрлыққа мұхиттан теңіз өнімдерін енеді. Фосфор мен күкірт тау жыныстарында болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топырақта өтеді де, оларды өсімдіктер  пайдаланады. Редуцент ағзалардың тіршілік қызметі нәтижесінде олар қайтадан топыраққа қайтады.азот пен фосфор қосылстарының бір бөлігін жауын сулары өзендерге, одан теңіз бен мұхитқа шайып, оны балдырлар қолданады.

 

 

                         Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Ә. Темірболатова, Н. Нұрахметов, Р. Жұмаділова, С. Әлімжанова.
  2. Химия: Усманова М. Б., Сақариянова Қ. Н. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық 
  3. Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі.
  4. "Қазақ Энциклопедиясы"
  5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Экология және табиғат қорғау. А.Қ.Құсайынов 
  6. А.К.Бродский. Жалпы экологиялық қысқаша курсы. 
  7. Г.С.Оспанова. Г.Т.Бозшатаева. Экология.
  8. Ғ.Сағымбаев. Экология негіздері. Алматы, 1995

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Зат айналым