Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

 

 

 

 

Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

 

 

 

Реферат

 

          Тақырыбы:  Зертханалық жануарларды  күтіп - бағу, өсіру, көбейту.

 

 

 

 

                                        

 

                                                

 

 

 

 

 

         Орындаған: 5В120100- Ветеринариялық медицина               

                                            мамандығының 2 курс  20 топ студенті

                                                            Умирзак Мариям

                                          Тексерген:  Байбулатова Жазира

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ  2014

 

 

 

 

Жоспары:

    

       1. Кіріспе.

1.1 Зертханалық жануарлардың түрлері.

       2. Негізгі бөлім.

2.1 Зертханалық жануарларды күтіп-бағу, көбейту.

2.2 Омыртқалы зертханалық жануарлар

2.3 Омыртқасыз зертханалық жануарлар

2.4.Балапандарды бағып – күту әдістері. 
2.5.Балапандарды еденінде бағып – күту гигенасы.

3. Қорытынды.

4. Пайдаланылған  әдебиеттер.

 

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жануарларды  күтіп - бағу, өсіру, көбейту.

 

 

   Зертханалық жануарлардың түрлері

 

       Зертханалық жануарлар - деп арнайы зертханаларда немесе хайуанатханалар (вивариумдер) жағдайларында өсірілетін және экспериментальді мақсатта немесе өндірістік практикада қолданылатын жануарлар түрлерін айтады.

      Зертханалық жануарларды - олардың  ауруларын балау үшін, әр түрлі  физиологиялық және патологиялық  жадайларды модельдеу үшін, емдеу, алдын алу шараларын зерттеу  үшін, химиотерапевтік және биологиялық  препараттардың әсерін, керекті  мөлшерін, т.с.с. әртүрлі зерттеулер  үшін қолданады.

       Зертханалық жануарлар негізінен  екі топқа бөлінеді: омыртқалы және омыртқасыздар.

Омыртқасыз зертханалық жануарларға қарапайым құрттар, буынаяқтылар жатады. Зертханалық зерттеулер үшін қарапайымдылардың келесі түрлері қолданылады: амебалар, трихомонадалар, лямблийлер, трипанасомдар, лейшманиялар, кірпікшілер (инфузориялар).

       Зертханалық мақсатта құрттардың әр түрлі тоғышар түрлері қолданылады, яғни адам мен малда ауру тудыратын құрттардың маңызы зор.

       Буынаяқтылардың ішінде негізінен қан сорғыш жәндіктер және кенелер қолданы-лады.

       Барлық омыртқасыз зертханалық  жануарлар аурудың дамуын, өту  кезеңін және емдік шараларын  зерттеу үшін қолданылады. Зертхана  жағдайында омыртқасыз жануарлар  ар-найы колбаларда, пробиркаларда  ұсталады.

       Омыртқалы зертханалық  жануарлар. Биологиялық зерттеулер үшін омыртқалы зертханалық жануарлардың 250- ден астам түрі қолданылады. Олардың кейбір түрлері ғылыми зерттеулер үшін зертханаларда немесе тұқымбақтарында – питомниктерде үнемі өсіріледі, мыс.: ақ тышқандар, ақ егеуқұйрықтар, теңіз шошқашықтары, қояндар, иттер, маймылдар және т.б. Ал кейбір зертханалық жануарларды эксперимент үшін аулап тұрады, мыс.: суырлар, дала тышқандары, балықтар және т.б. Сондай- ақ

 

зертханалық мақсатта құстарда қолданылады, мыс.: тауықтар, көгершіндер, бөденелер, т.с.с.

      Кей жағдайда биологиялық эксперименттер  үшін ауылшаруашылық малдары  қолда-нылады, мыс.: қой, шошқа, сиыр, жылқы, түйе, есек, қашар, қодас және т.б.

      Кез келген дәрі - дәрмек, түрлі  химиялық қосылыстар қолданысқа  түспес бұрын әр түрлі зерттеулерден  өтеді. Яғни олардың адам немесе  мал организміне әсерін білу  үшін, ең алдымен зертханалық  жануарларда фармакологиялық, токсикологиялық, радиологиялық, онкологиялық және  т.б. зерттеулер жүргізіледі.

       Зертханалық жануарларды  күтіп-бағу, өсіріп-көбейту

      Зертханалық жануарлар хайуанатханаларда (виварийлерде) ғылыми зерттеулер үшін өсіріледі. Хайуанатханаларда (виварийлерде) ғылыми зерттеулерде қолданылатын, яғни тәжірибе барысындағы жануарлар ұсталынады.

      Тұқымбақ (тәлімбақ) - Питомник - тәжірибеге пайдаланғанға дейінгі жануарлар өсірі-летін жер. Зертханалық жануарларға арналған хайуанатханаларда (виварийлерде), тұқым-бақтарда -питомниктерде қолайлы микроклимат жасалуы қажет. Микроклимат дегеніміз - шектелген кеңістіктегі климат, яғни сол қора жайдың температурасы, ылғалдылығы, жарық-тылығы, зиянды газдардың шекті мөлшері, ауа қозғалысы зертханалық жануарлардың физиологиялық тіршілігіне кері әсерін тигізбеуі керек.

       Қояндар торда 2-3-тен, ұрғашы, еркегі бөлек орналастырылады. Қояндардың жыныстық жетілуі 6 айда болады. Буаздығының ұзақтығы 28-32 күнге созылады. Туылған көжектер саны 1-12-ге дейін болуы мүмкін. Көжектер енесін 20 күнге дейін еміп, жұмсақ азықтарды біртіндеп қабылдай бастайды. Көжектерді енесінен 1-1,5 айында біртіндеп айырып, тор-ларға қоңдылығына, жынысына байланысты 2-3 тен топтайды. 

       Теңіз шошқалары торда 4-5-тен орналастырылады. Теңіз шошқашықтарын шағы-лыстыруға 9 айдан кейін ғана жібереді және ұрғашысының салмағы 540г, ал еркегінің салмағы 630г кем болмауы қажет. Теңіз шошқаларын шағылыстыру үшін бос торға ең алды-мен еркегі, содан соң 4 ұрғашысы орналастырылады. Буаз теңіз шошқаларын жеке торларға ауыстырады, олардың буаздығы 2 айға, ал лактация кезеңі 1 айға созылады. 1 аналық теңіз шошқашығы 2-3-тен

 

 

балалайды. 1 айдан кейін жас теңіз шошқаларын 5-6 бастан торларға орналастырады.

        Ақ тышқандар торда 1 еркек 5-6 ұрғашыдан орналастырылады. Осы жерде тыш-қандардың шағылысуы, көбеюі және өсуі өтеді. Жыныстық жетілген тышқандардың салмағы ұрғашысінікі – 18-19г, еркегінікі- 19-22г болады. Тышқандардың буаздығы 18-25 күнге созылады, туылған кезде тышқандардың салмағы 1,5г болады. Тышқандарды 25-30 күндік жасында енесінен айырып, торларға 20-25 бастан орналастырылады. Бұл кезде жас тышқандардың салмағы 8-10г -ға жетеді.

        Ақ егеуқұйрықтар үлкен торларда 2-3 еркек және 10-12 ұрғашыдан орналастыры-лады. Жыныстық жетілген егеуқұйрықтың салмағы ұрғашысынікі  155-170г, еркектерінікі - 190-230г болды. Буаздығы 16-22 күнге созылады. Жаңа туылған егеуқұйрықтың салмағы 5г -ға жетеді. 1 айға толғанда енесінен айырып, торларға 15-20 бастан орналастырылады, бұл кезде олардың салмағы 45-48г болды Зертханалық жануарларға түрлі систематикалық тобы бар жануарлар жатқызылады: қарапайымдар, құрттар, тікенділер, амфибиялар, құстар, құрлық жан-жануарлары.

     

 Омыртқалы зертханалық жануарлар

      Ғылыми мақсатта жануарларды  қолдану б.э.д. 5 ғасырдан бастау  алады. Алғашқы уа-қытта бұл сирек  және кездейсоқ болып, адам маңайындағы  үй жануарлары қолданылды. Кейін  түрлі жан-жануарлардың организмдерінің  құрылыстарын және қызметтерін  зерттей бастады. «Зертханалық жануарлар» ұғымы тек 19ғ. аяғында  енгізілді. Осы кезеңдерде  биология ғылымы тәжірибе саласына көшті (түсті). Үй жануарларының биологиясынан жабайы жануарларға ауысты. Олар атжалман, тышқан, кейін қоян, теңіз шошқашықтарын қолдана бастады.

       Атжалмандар мен  тышқандарды бейімділіктерінің әсерінен оларды көптеп қолда-нуға таңдау жасалды. Салыстырмалы түрде олар үй жағдайларында көбейіп, биология бағытында қасиеттері де өзгеріске түсті.

       Зертханалық жануарлардың теңіз  шошқашығына «айналуы» өзгеше  болды. Өзінің отаны Оңтүстік  Америкада, олар нағыз үй жануарлары  есебінде болғандай. Ол тышқан  мен атжалманға қарағанда үлкен  мөлшерлі, дені сау және өнімді  болды.

       Биологиялық зерттеулерде жануарлардың 250 астам түрлері қолданылады. Бір  түрге жататын жануарларды зертхана  мен тұқымбақтарда - питомниктерде  ғылыми зерттеу үшін өсіреді. Басқалары тәжірибеде қолданылды. Зертханалық құстардыңда тобы  бар. Биология-лық сынақтардың көбін  ауыл шаруашылығы жануарларына  жүргізеді.

       Пайдалану мақсатына қарай зертханалық  жануарларды бірнеше бағытта  қолданады.   

       Алғашқы топқа балау сұрақтары кіреді. Осыған ауруды балау үшін жануарларды қолдану жатады.

       Екінші топқа  зерттеу нысандарын зертханалық жануарларды ғылыми-зерттеу жұмыс-тарында қолдану. Бұл топқа түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары, түрлі теориялық зерттеу-лерден жаңа дәрілік заттың фармакологиялық, емдік қасиеттері мен улылығына дейінгілер жатады.

       Кейбір авторлар-ғалымдар онкологиялық  зерттеуге арналған жеке топтарды (үшінші) ажыратады. Қазіргі уақытта кең көлемде тышқандар, атжалмандар қолданылады.

       Алға қойылған тапсырыс мақсатына  қарай (төртінші топ) түрлі жануарлар қолда-нылады, бірақ олардың саны көп емес. Кез-келген оқу бөлімінде түрлі көрсеткіштермен тәжірибелер жүргізуге мүмкіншілігі жоқ.

       Өте көптеген дәрілер мен дәрілік  препараттарды клиникалық қолданылуына  рұқсат алу үшін жануарлар  арқылы сынақ жұмыстары жүргізіледі. Осы іс-әрекеттерге байланысты бесінші топқа – биосынамалық зерттеулерде  зертханалық жануарларды қолдану, иммунды сарысуда антиденені титрлеу, ертінділерде биологиялық белсенді заттарды анықтау, вакци-налардың белсенділігін анықтау кіреді. Көптеген мұндай биосынамалар стандартталған, оларды қолдану фармакология мен фармацептика ережелері мен талаптарына сәйкес жүр-гізіледі.

      Омыртқасыз зертханалық жануарлар– қарапайымдылар, құрттар, әртүрлі гельминттер, кенелер, т.б. қолданылады. Зертханалық жануарларды қолданудың мақсаттары мен әдістері түрліше болады.

      Сұйық азотта кейбір қарапайымдыларды  мұздату мен ұзақ сақтау әдістері  ойластырып табылған-шығарылған (трипанасом, лейшманий, токсоплазм). Бұл әдіс  қарапайымдыларда криобанка штаммдарын  қалыптастыруға мүмкіндік беріп, оларды зертханалық жануар ре-тінде  қолдануға ыңғайлы болады.

    

     Зертханалық жануарлардағы қарапайымдылардан – саркодолар қолданылса, ал олар-дың ішінде – паразитті амебалар Entamoeta hisiolytica (адамдағы қоздырғыш), E. Invadens, сонымен қатар, еркін қозғалатын амеба қолданылады. Ірі амебаларды цитогенетикалық және т.б. зерттеулерге пайдаланады, әсіресе тұқымдық өзгешелігі барлары қолданылады.

       Зертханалық жануарларға түрлі инфузориялар да жатқызылады. Еркін қозғалатын және паразитті кірпікшелілер, Baiantidium coli – қосқанда, балантидиоз қоздырғышы био-химиялық, физиологиялық, цитологиялық, экологиялық зерттеулерде өтпелі радиация мен физикалық және химиялық факторлар мен жалпы биологиялық және медициналық негізде қолданылады.

       Инфузориялар цитогенетикалық зерттеулерде  классикалық нысан-объект ретінде, гене-тикалық талдауды кейбір  тұқым қуалаушылық пен өзгешелік  ерекшеліктері зерттеуге арна-лады.

      Зертханалық инсектарийлерде қан  сорғыш бунақ аяқтыларды арнайы құрылған колба-лар, пробиркаларда ұстайды. Аргас және иксод кенелерін спирохет, риккетсиоздар, арбовирусты инфекциялардың қоздырғышын ұзақ сақтау үшін  қолданады.

       Генетикалық – зертханалық жануарларды сызықты емес (гетерозиготалы) және сызықты (гомозиготалы) деп бөледі. Сызықты емес жануарларды кездейсоқ шағылыстыру арқылы көбейтеді, осыдан олардың гетерозиготалы деңгейі жоғарылайды.

       Инбридинг – ауыл шаруашылық малдарының өте жақсы тұқымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

       Табынға арналған жануарлар дені  сау – таза, дене бітімі, құрылымы  дұрыс болу керек.

       Қояндар.  Топталған қояндарды 2-3 бастан бір торда, аталығы мен аналығын бөлек ұстайды. Еркегі мен ұрғашыларның қатынасы 1:8 – 1:10 тең болуы керек. Қоянның алғашқы шағылысуы 6 (алты) айлығында болады.

       Теңіз шошқашығы. Шағылысу 9 айдан кем болмауы керек, еркегі - 6 ай, аналықтары-ның салмағы 540г, ал аталықтары 630г  жоғары болады.

       Ақ тышқандар  мен атжалмандар. Топтық тышқандарды отбасымен 5-6 аналықтан 1 аталықтан бір торда ұстайды. Атжалманның аталығы мен аналығы бір үлкен торда аналығы 10-12; аталығы 2-3 бас мөлшерінде ұстайды.  

 

белгіленген.

 Балапандарды бағып – күту әдістері. 
Қазіргі уақытта құс өнімдерін алуда, Ірі мамандандырылған құс шаруашылығының, құс фабрикасының және де жеке құс шаруашылықтарының маңызы өте зор. Құстарды күтіп – бағумен, азықтандырудың әдістерін және жаңа техника дамыған жетістіктерін пайдалану жағдайында бір шаруашылықта құс саны көп мөлшерде ұстауға (бірнеше мың), әрбір мекиен тауықтан жылына 280 – 290 дана жұмыртқа, 50 – 60 күндік еттік балапандардың салмағы 1800 – 2000 г мөлшерде алуға мүмкіндік туады. Немесе жақсы күтіп – бағуға нәтижесінде қаз балапандарының 60 -70 күндегі салмағы 3,5 – 4,5 кг дейін болуына толық жағдай бар. 
Жоғарыда келтірілген мәселелерді дұрыс шешу үшін құс шаруашылығында түрлі малдәрігерлік – санитарлық жұмыстарды жақсарту, аталынған шараларды дер кезінде өткізу, құс фирмаларында тұрақты микроклимат жағдайын туғызу, дұрыс азықтандыру, нысандарды дұрыс жобалау, құрылыс және қайта құру кезінде зоогигеналық талаптарды орындау және де құстардың биологиялық ерекшеліктерін ескеру қажет. Құстардың биологиялық ерекшеліктері олардың: 
• күтіп – бағу мен азықтану жағдайына өте сезімталдығы; 
• зат алмасу қабілетінің жоғарылығы; 
• Өсімталдығының жоғарлылығы (құстардың негізгі өнімдік қасиеті – олардың жұмыртқалағыштығы); 
• тез жетілуі (7 – 8 апталық балапандардың салмағы 1,6 – 1,7 кг жетеді); 
• ішкі анатомиялық құрылыстарының ерекшеліктері, яғни тістерінің болмауынан түскен азық олардың жемсауында қорыталады; 
• ең маңызды ерекшелігі – аналық организмнен тыс дамуы, яғни жұмыртқадан пайда болуы; 
• Көру қабілеті нашар, ал керісінше есту қабілеті жақсы жетілген; 
• Үйрек етінің калориясы жоғары және сіңімді; 
3.2. Балапандарды еденінде бағып – күту гигенасы. 
Ересек құстар мен балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағып-күтеді, оның серуендететін орны болады. Тауықтарды шарбақтардың ішінде бағып-күтеді, балапандар мен күркетауықтарды серуендетпей және күн шуакқа шығармай, топтастырылған немесе жекелеген шарбақта бағып-күтеді. Ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін лагерьде күтеді. 

     Құстарды қора еденінде бағып-күту гигиенасы. Интенсивтендірілген құс шаруашылығында негізінен ересек құстарды және балапандардың барлық түрлерін қора еденінде бағьп - 
Күтеді. Еден жағдайында күтіп-бағу тәсілінің екі 
түрі бар: 
1. Қалың ауыстырылмайтын төсеніште. 
2. Жұқа тақтайшадан жасалған еденде немесе торлы еденде. Еден жағдайында күтіп — баққанда құстардың санына қарай арнаулы типті құс қоралары салынады. 
Құс қораларының едені тақтайдан салынады /түгелдей тақтайдан немесе жұқа тақтайшадан/ немесе асфальтталады, болмаса тор көзді болады. Ересек құстарды торлы немесе жұқа тақтайшалы не еденде ұстағанда олар негізгі еденнен 40-80 см биіктікке орналастырылады. Балапандар қорасына бұл биіктік 20-25 см, тор көздің мөлшері туғанына 20 күн болған тауық балапандары үшін 12 х 12 мм, ал 45 күн толған балапандар үшін 15×15 мм. 
Құс қораларда жылжымалы тұрақты жем берілетін астаумен су құйылатын науа болады. Бұлардың саны балапанардың азықтану кезінде алатын орын мөлшеріне қарай белгіленеді. 
Құс қоралары тұрақты жинап алатын, немесе бөлшектеп алатын етіп құс қонактайтын ағашпен жабдықталады. Тұрақты құс қонақтайтын ағаштың астынан қорап түрінде немесе терең траншея қазып, саңғырық жинағыш жасалады. Ересек құстар қонақтайтын ағаштың биіктігі еденнен 60-80 см, балапандар үшін 50 см аспауы керек. 
Қазіргі уақытга өнеркәсіп құс қораға арнап жасалған механикаландырылған жабдықтардың (Ресейлік немесе шетелдік) комплектісі бар. Бұл комплектіде жемді ШӨПТІ таратып — беретін құрал, науалы суат, түбі көтерілмелі ұя және механизм күшімен жұмыртқа жинағыш аспап, құс қонақтайтын сырғауылдар, ұяларды және құс өтетін жолдарды ашып жабатын механикаландырылған қондырғылар, құс саңғырығын жинайтын механизмдер, өндірістік процестерді автоматы жолмен басқаратын станция бар. Құс қораларға жабдықтарды орналастыру жобасы кора құрылысының конструкциясынаа байланысты болып, құстарды еден жағдайында қолайлы орналастыру тығыздығы  белгіленген.

Құс шаруашылығының еңбегінің жағдайынан жақсартуға арналған ветринарлық – санитариялық шаралар және антропозоондардың алдын

 

алу. 
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік-санитариялық шаралар жиынтығы малшыларды зооантропонозды аурулардан сақтауды, еңбек өнімділігін жоғарылатуды және жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі керек. 
Малшылар еңбек қорғау ережелерімен танысуы үшін әкімшілік оларға алғашқы, жұмыс орнындағы кезеңді нұсқауларды беруі тиіс. 
 Алғашқы нұсқаумен барлық жұмысқа жаңадан келген адамдар (міндеті мен мамандығына қарамай) танысады. Оның мақсаты жұмысқа келген адамдарды еңбек қорғау ережелері және кәсіпорынның ішкі тәртібімен таныстыру. 
Жұмыс орнындағы нұсқауды топ жетекшісі жүргізеді. Бұл нұсқау жұмыстың кауіпсіз тәсілдерін практикада игерудің бастамасы болып табылады. Мал мен тікелей жұмыс істейтін адамдарды жеке бастың гигиснасымен таныстырады. 
Кезеңді нұсқау мал шаруашылығы жұмысшылары үшін 6 айда бір рет жүргізіледі. Жазатайым жағдай болса фермада қосымша нұсқау жүргізіледі, оған барлық малшылар қатысады. 
 Мал шаруашылығында еңбек шарты қора-жай ауасының зиянды газдармен, шаң-тозаңмен және микроорганизмдермен ластануына, температураның тез өзгеруіне, шуға және физикалық ауыртпашылыққа байланысты болады. Соған байланысты мал шаруашылығындағы жұмысшылар көп жағдайда мамандық ауруына ұшырайды. Малшылардың еңбегі бұлшық ет күшін қажет ететін физикалық жұмыстар. Шаруашылықтарды механикаландыру және автоматтандыру, азықты дайындау және тарату, суару, сауу, кенді жинау сияқты жұмыстар кезінде физикалық ауыртпалықты жеңілдетер еді. Дегенмен де, мұндай шаруашылықта да кейбір қолайсыз факторлар сақталады, мысалы: ұзақ уақыт бойы қора-жайларда жүру, малдың тығыз орналасуы, ауаның бактериялармен ластануы, бүлардың барлығы мал шаруашылығындағы жұмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізеді. Сондықтан да мал қора-жайларында оптимальді микроклиматты сақтау қызмет көрсетушілерді аурудан сақтаудың маңызды факторы болып табылады. 
 Мал шаруашылығындағы жұмысшылар арнайы және санитариялық киімдермен қамтамасыз етіледі. Арнайы киім — бұл жұмысшыларды физикалық, химиялық және биологиялық факторлардың әсерінен қорғайтын құрал. Арнайы киімге кеудеше, комбинезон, алжапқыш,

 

қолғап, етік, резеңке шұлықтар жатады. 
Химиялық дезинфсктанттардың зиянды әсерінен қорғану үшін жұмысшыларға алжапқыш, қалпақ, резеңке етік және қолғап беріледі. 
 Санитариялық киім — бұл ет және ет өнімдерінің, сүттің жұмысшылар киімі арқылы микробпен ластану мүмкіндігінің алдын алушы құралдың бірі. Санитариялық киімге ақ, тегіс мақта-матадан тігілген халат, қалпақ, орамал жатады. 
 Ауру малмен, өлексемен, қимен жанасу нәтижесінде жұмысшыларға кейбір антропозоонозды аурулардың жұғу қаупі төнеді. Аса қатерлі ауруларға топалаң, маңқа, туберкулсз, бруцеллез, құтырық, бұзаутаз және т.б. аурулар жатады. Мұндай аурулар кезінде сақтық шаралар негізіне нақты ветеринариялық қадағалау, уақытылы балау, ауру малдарды емдеу жатады, сонымен қатар қызмет көрсетушілер де сақтық шараларды қолдануы керек. 
Малмен жұмыс істеуге 18-ге толмағандар, жүкті және бала емізетін әйелдер жіберілмейді. Қызмет көрсетушілерге арнайы киімнің сыртынан басқа киім киюге, мал қора-жайларында тамақ жеуге және ауру малдан алынған шикі сутті ішуге тыйым салынады. 
 Қызмет көрсетушілер ауру малды куту барысында міндетті түрде арнайы киім кию керек, бұл киім жұмыс біткен соң зарарсыздандырылады. Жұмыс аяқталған соң, қызмет көрсетушілер душқа түсіп, өз киімдерін киеді. Жұмысшылар қолдарын құрамында 100-150 мг/л белсенді хлоры бар ертіндімен зарарсыздандырады. Бұл ерітінді күн сайын ауыстырылады. 
Зарарданған қи мен өлекселерді резеңке етік, қолғап, комбинезон киіп жинайды. Бұл жұмыстан кейін арнайы киімдерді әбден зарарсыздандырады. Халат, алжапқыш, орамалдарды аптасына 1 рет 1 пайыз сілтілі ертіндіге немесс 2 пайыз сода ертіндісіне салып кояды, соңынан 30 мин қайнатып, сабынмен жуады. 
Кейде жұмысшылардың оқыс қимылынан мал шошынып, адам денесіне жарақат түсіруі мүмкін. Малдың теуіп жіберуі, сүзіп немесе тістеп алуы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмысшылар малды күтудің қауіпсіздік ережелерін жаттауы керек. 
 Қызмет көрсетушілер толык медициналық тексеруден өткен сон ғана жұмысқа жіберіледі. Жұмысшылар 3 айда 1 рет, сауыншылар айына 1 ретпрофилактикалық тексеруден өтеді және 6 айда 1 рет бруцеллез бен туберкулезге тексеріледі. Барлық жұмысшылар уақытылы іш құрт (гельминт) тасымалдауға тексеріледі. 

Дезинфекциялық жұмыстарға ветеринарлар, санитарлар, механизаторлар, жүргізушілер және малшылар қатысады, олар дезқондырғылармен және дезинфекциялық ертінділермен жұмыс істеу және кауіпсіздік ережелерін білуі керек. 
 Дезертінділерді дайындау жұмыстары ветсринариялық мамандардың қадағалауымен жүргізіледі. Ертінді дайындаушылар арнайы киімдер (халат немесе комбинезон, алжапқыш, резеңке етік және қолғап, көзілдірік, респиратор немесе противогаз) киеді. 
 Дезертінділермен және аэрозольдсрмсн жұмыс істеу барысында темекі шегуге және тамақ жеуге болмайды. Ауланы аэрозольмен дезинфекциялау желсіз, құрғақ ауада жүргізіледі. 
 Дезинфекция немесе аэрозольді дезинфекциядан кейін жайларды 6-24 сағатқа жауып қояды (дезертіндінің концентрациясына байланысты). Мұндай жағдайда қора-жайлардың есіктеріне «кіруге болмайды» деген ескертпе жазулар ілінеді. 
 Дезинфекция мерзімі біткен соң, жайлардың іші бір тәулік бойы желдетіледі, содан кейін азық және су астаушалары ыстық сумен жуылады және желдеткішті қосып қояды. Осыдан кейін ғана адамдарға кіруге және малды жіберуге рұқсат етіледі. 
 Улы химикаттармен жұмыс жасаған соң, киімді шешіп тазалау керек және қолды сабындап жылы сумен жуады. Дезинфекцияда қолданылған арнайы киімдерді үйде сақтауға болмайды. 
 Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың барлығында санитариялық инспекция бекіткен саннитариялық кітапшалары болады. Санитариялық кітапшаға денсаулық жағдайы, медициналық тексерудің нәтижелері, инфекциялық аурулармен ауырса, ол туралы мәліметтер, профилактикалық егулер туралы жазылады. 
 Туберкулезбен, бруцеллезбен және басқа да адам мен малға ортақ аурулармен ауыратын адамдар малмен жұмыс істеуге жіберілмейді. 
 Сүт фермасында жұмысшылардың жеке басының гигиенасын сақтаудың маңызы зор, себебі сүт арқылы әртүрлі аурулар таралуы мүмкін. Сауыншылар және басқа да сүтке қатысы бар адамдар үнемі дене тазалығын сақтауы керек, әсіресе киімдері, қолдары таза болуы керек және тырнақтарын қысқа алып тастайды. Егер олардың дене температурасы көтерілсе, қолдарында кесілген немесе күйген, ірінді жарақаттар болса, оларға жұмыс істетуге болмайды. 
Ветеринариялық мамандар үнемі ауру малмен және өлекселермен

 

тікелей қатыста болатындықтан, олар үшін жеке гигиенаны сақтау аса қажет. 
 Ветеринариялық-санитариялық өткелде жұмысшылар мен мамандар өз киімдерін шешіп, киім ілгіште қалдырады да, душқа түсіп, арнайы киімдерді киіп ферманың өндірістік аймағына өтеді. Ірі шаруашылықтарда осыңдай тәртіпке тырысу керек. Жұмыс аяқталған соң, жұмысшылар мен мамандар душқа түсіп, арнайы киімдерді өткізіп, өз киімдерін киіп, өндірістік аймақтың сыртына шығады. Арнайы киімдерді үйге алып кетуге немесе сол киімде өндірістік аймақтың сыртына шығуға тыйым салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

     

1) Буров А.Д. Лабораторные животные. М.,изд. «Сельхоз. литературы, журналов и пла-катов», 1963г., с. 385-414.

         2) Кырыкбайулы С., Садуов М.С., Махышев Т.А., Уразбекова Д.С., Жумагелдиев А. А. Лабораторное дело. Алматы, 2005,2009гг.

3) Ж. Мырзабеков, П. Ибрагимов «Ветеринариялық гигиена».

4) Ж.Б. Мырзабеков  «Жалпы зоогигиена».


Зертханалық жануарларды күтіп - бағу, өсіру, көбейту