Зерттеудің негізгі бағыттары

                                            

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1 Зерттеудің негізгі бағыттары Ғылыми-зерттеу жұмыстары Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарында орналасқан жеке шаруашылықтардың арасындағы, ғылыми жұмыстарды өндіріске енгізуге арналған келісім шарттары бойынша 2002-2004 жылдар аралығында жүргізілді.

Тәжірибелік танаптар Сырдария өзенінің төменгі саласындағы  суғару алқаптарында орналасқан жеке қожалықтарының егістік жеріне орналасқан және олардың ауданы 15-30 гектарының арасында, қайтарымы 4 реттен сүрлемдік жүгері орналасқан өндірістік-тәжірибелі танаптардың топырақ жағдайының су-физикалық қасиеті және гидрогеохимиялық жағдайы туралы ғылыми мәліметтер жиналды.

 

2 Зерттеу әдістері мен құралдары

Өндірістік-тәжірибелі танаптардағы «атмосфера-өсімдік-жер бетінің суы топырақ-жер асты суы» жүйесіндегі зат және қуат алмасу жүрісінің құрамдық байланысының күрделі екендігін ескере отырып, зерттеу жұмыстарында жүйелік талдау және математикалық, физикалық және өндірістік-тәжірибелі экспериментті қамтитын үлгілеудің әртүрлі әдістері  пайдаланылған, ал оның әдістемелік негізі ретінде су, жылу және тұз қорының жалпы және жеке теңгермелерін анықтауға негізделген. Зерттеу жүргізу барысында суғармалы алқаптардағы өндірістік-тәжірибелі танаптардың тұрақтылығын негіздеу үшін ықтималдық әдісі пайдаланылған (Константинов А.Р., Струников Э.А. 1986 ж.).

Тәжірибелік және өндірістік-тәжірибелі зерттеудің барысында мал азықтық ауыспалы егістіктің құрамындағы сүрлемдік жүгерінің морфологиялық, биологиялық, агротехникалық ерекшеліктері, топырақ құнарлылығына балады, ауыспалы егістіктегі орны, жүгері өсірудің экологиялық оптимумы, өсу кезеңдері, суғару тәртібі, 0-20 см қабаттағы өсімдік тамырының салмағы, фотосинтетикалық потенциал көлемі, фотосинтездің орташа өнімі, топырақ алақанының көлемі, суғару тәртібіне байланысты тамырдың және өнімнің қалыптасуы.

Жүгеріні суғару  жүргісінің желісінің негізінде, оның суғару, топырақ қабатының жылу, ылғал  және тұз тәртібін зерттеу арқылы, топырақ жүйесінің дамуына және гидрохимиялық жүрістің бағытына әсерін анықтауды негізге ала отырып, агроландшафттық жүйенің экологиялық-агромелиоративтік орнықтылығын қамтамасыз ететін ландшафттық-бейімделген суды тұтыну шамасының шектелген-мүмкіншілік мөлшерін бағалау.

Мал азықтық ауыспалы егістік жүйесіндегі сүрлемдік жүгері орналасқан танаптарды экологияландыру, биологияландыру айналымды қарқындатуға бағытталмаған, гидрогеохимиялық айналымды төмендету, табиғи қорды теңгермелікте пайдалану және қоршаған ортаны қорғау шараларын зерттеу. 

Осыған байланысты ғылыми зерттеу жұмысының бірінші  көзқарасы, тәжірибелік танаптардағы топырақ қабатының су және тұз  тәртібін және теңгермесін қалыптасу  жүрісін кешенді зерттеу, топырақ  қабатындағы негізгі салмақты тасымалдау құбылысын және жүрісін, сүрлемдік жүгері суғару жүргісінің қоршаған ортаға және оны өсірудің тиімділігіне әсерін анықтау. Ғылыми мәліметтер Б.А.Доспехов, далалық тәжірибелер әдістемесі, 1985 жылы бойынша өңделді.

 

3 ЗЕРТТЕУ  НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР

 

3.1 Сырдария  өзенінің төменгі алабының табиғи-географиялық, экологиялық, топырақ ландшафттарының сипаттамасы Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттық жүйесінің топырақ жамылғысының сипаттамасы біртұтас жоспар түрінде: суғармалы егістіктің аймақтық орналасу, топырақтың даму түрі және қатары негізгі топырақтардың физикалық және химиялық сипаттамасы олардың орналасу жағдайы және таралу ауданы берілген.

Сырдария өзенінің төменгі алабының ландшафттық жүйесіндегі суғармалы егістік жерге пайдалануға жарамды жердің ауданы, оның құрамына игеру кезеңінде күрделі мелиоративтік шараларды талап ететін жерлерді қосқанда 259160 га құрайды (1 кесте).

 

1 кесте - Сырдария  өзенінің төменгі алабының топырақ  ландшафттарының сипаттамасы

Топырақтың  түрі

Сырдария  өзенінің төменгі алабының ландшафттары

Қазалы

Қызылорда

Жаңақорған-Шиелі

Түгіскен

1

2

3

4

5

6

Ландшафттың рет саны

24

18

23

19

34

Алқабтың ауданы, га

59450

67100

128900

45600

18500

Сұр-боз топырақ, га

6000

       

Сұр-боз тұзданған  топырақ, га

12800

 

100

   

Тұзданған тақыр топырақ, га

300

8400

14600

7900

4600

Тұзданған саз топырақ, га

3400

 

11800

3400

5000

Сазды-батпақ топырақ, га

4950

 

20200

4400

 

Сазды-батпақ тұзданған  топырақ, га

14000

 

37400

16200

 

Кәдімгі ақ сор топырақ, га

 

6000

8300

   

 

1 кесте жалғасы

1

2

3

4

5

6

Сор араласқан тұзданған тақыр топырақ, га

 

41000

21600

 

8800

Тұрақты құмдар, га

 

2600

2300

3600

100

Саздар, га

   

3200

   

Батпақтар, га

   

9400

   

Ашық сұр топырақ, га

     

2400

 

Сорланған ашық сұр топырақ, га

     

2000

 

Сазды– сұр топырақ, га

     

1900

 

 

Агроландшафттық жүйенің табиғи–техникалық қызметтің нәтижесі бойынша өзгеріске түсу дәрежесін сапалық бағалау кешенді есепке жатады, ал оны шешу үшін бір-біріне байланысты табиғи жүрістерді бейнелейтін сынақтың көрсеткіштері және оның математикалық үлгісі қажет. Ол үшін, бірінші кезеңде В.А.Барановтың табиғи-техникалық жүйенің экологиялық орнықтылық коэффициенті мен М.А.Глазовскийдің экологиялық-геохимиялық орнықтылық (тиянақтылық) деңгейінің 

   (1)

(мұнда  - су жинау ауданы; - жердің ауданы; - тиянақтылық коэффициенті; - жер бедерінің геологиялық-морфологиялық орнықтылығын ескеретін коэффициент) математикалық үлгісін негізге ала отырып, агроландшафттық жүйелердің экологиялық-мелиоративтік орнықтылығын (тиянақтылық) анықтауға арналған өрнектің нұсқасын ұсынып отырмыз (Мұстафаев Ж.С., Қозыкеева Ә.Т., Раимбекова Б.Т. 2006):

,    (2)

мұнда - жағдайдағы (тұздану дәрежесі, жер асты суының деңгейі және оның тұздылығы) агроландшафттың ауданының жалпы ауданына қатынасы; - агроландшафттардың тұздану дәрежесі бойынша экологиялық маңыздылығының қатынастық шамасы; - агроландшафттардың жер асты суларының тұздану дәрежесі бойынша экологиялық маңыздылығының қатынастық шамасы; - агроландшафттардың жер асты суларының орналасу деңгейі бойынша экологиялық маңыздылығының қатынастық шамасы.

Нышандарды  жинақтау және үлгі нұсқаның диапозонының үлкен шегін ) рандомизациялау негізгі талабы ретінде ескеріледі және көп анықтамалы тәжірибені ұйымдастырудың қажеттілігін анықтайды. Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы өндірістік-тәжірбелі танаптардың ұқсастық дәрежесін есептеу 2-кестеде келтірілген.

2-кесте Өндірістік-тәжірибелі бөлімшенің  ұқсастылығын негіздеу

Көрсеткіштер

Суғару алқабы

Түгіскен

Жаңақорған- Шиелі

Қызылорда

Қазалы

Топырақтың көлемдік салмағы  ( )-P4, т/м3

1.40-1.51

1.30-1.45

1.30-1.56

1.20+1.30

Топырақтың ең төменгі  ылғал сиымдылығы (β) –P6

17.8-37.1

19.1-27.0

17.1-29.3

18.7-23.9

Топырақтың суды сіңіру жылдамдығы (V0) – P1, м/сағ

0.04-0.06

0.048-0.061

0.040-0.048

0.036-0.051

Сүзілу коэффициенті (Kф)–P2,м/сағ.

0.0015

0.0015

0.0015

0.0025

Топырақ қабатындағы  тұздың құрамы (SH) –P3, т/га

95.0-120.0

70.0-260.0

140.0-360.0

120.0-300.0

Жер асты суының орналасу деңгейі (∆) –P8 , м

1.60-2.90

1.70-2.40

1.50-1.90

1.20-2.70

Жер асты суының тұздылығы (Cs)-P10, г/л

2.0-9.0

1.30-7.00

6.0-14.0

3.0-10.0

Суғару суының тұздылығы (Co)-P9, г/л

0.70-1.70

0.80-2.00

0.80-1.80

1.2-2.0

Типтілігі –P0

0.62

0.67

0.78

0.71


 

Тәжірибелік танаптар Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы әкімшілік аудандардағы агробірлестікке топтасқан жеке қожалықтардың жеріне орналасқан.

Өндірістік-тәжірибелі бөлімшедегі және тәжірибелік танаптардағы су және тұз теңгермесін талдаудың негізі, олардың арасындағы байланысты табу және су және тұз элементтерінің тасымалдану заңдылықтарын анықтау арқылы, мал азықтық егістік жүйесіндегі сүрлемдік жүгерінің орналасқан танаптардағы табиғи жүрістерді басқарудың тиімділігін білу. 

 

3.2 Сырдария  өзенінің төменгі алабының ландшафттық  жүйесінің дамуының табиғи климаттық  жағдайы Сырдария өзенінің төменгі алабының  ауа-райының жағдайы біркелкі болып келеді: жыл бойы ауа жылулығының үлкен ауытқуы өте континентальдығын, ауаның құрғақшылығын, жауын-шашының өте аз екендігін  көрсетеді.

Сырдария өзенінің төменгі алабындағы ауа-райы жағдайының сипаттамасы, оның саласына орналасқан бес метеорологиялық бекеттердің мәліметтері бойынша 3-кестеде берілген.

 

3 кесте - Сырдария өзенінің төменгі саласының (Қызылорда облысының) климаттық ресурстары 2002-2004 жж

Метеорологиялық

бекеттер

Oc,

мм

∑t,100C

R, кДж

     см2

E0,

мм

∑d, мб

T0C

1

2

3

4

5

6

7

Аққұм

160

4176

227.3

1211

2985

11.1


3 кесте жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

Шиелі

142

3800

212.7

1102

2010

11.1

Қызылорда

110

3724

209.8

1081

2385

8.9

Жусалы

109

3700

208.8

1073

3403

8.5

Қазалы

105

3649

206.7

1058

2750

8.0

Арал

110

3480

200.3

974

2633

7.6


 

Сырдария өзенінің төменгі саласының суғару алқаптарындағы сүрлемдік жүгері дақылын өсіруге арналған ғылыми–зерттеу жұмыстарын жүргізген кезеңдегі агроклиматтық ресурстарын анықтау үшін осы аймақта орналасқан  метеорологиялық бекетінің мәліметтерін пайдаландық.

Жергілікті  жер асты су ағынының, оның қоректену  көзіне жақын орналасуына байланысты, бұл ландшафттық жүйедегі жергілікті тұздардың шайылуына және жер  асты суының ағыны жоқ аймақтарға тұрақты түрде тұздануының қалыптасуына мүмкіншілік жасап отыр (4 кесте).

 

4 кесте - Өндірістік-тәжірибелі алқаптар топырағының физикалық, химиялық сипаттамасы 2002-2004 жж

 

Көрсеткіштер

2002-2004 жылдар (орташа сандық өлшемдер)

Қазалы суғару алқабы

Жаңақорған- Шиелі алқабы

Қызылорда алқабы

Түгіскен алқабы

Топырақтың көлемдік салмағы  (d)-P4, т/м3

1,25

1,37

1,44

1,46

Топырақтың ең төменгі  ылғал cиымдылығы (β) –P6

21,3

23,1

23,0

27,45

Топырақтың суды сіңіру жылдамдығы  (V0) – P1, м/сағ

0,0515

0,0615

0,048

0,060

Сүзілу коэффициент  (Kф) –P2, м/сағ.

0,0025

0,0015

0,0015

0,0015

Топырақ қабатындағы  тұздың құрамы (SH) –P3, т/га

120,0

70,0

140,0

95,0

Жер асты суының орналасу деңгей (∆) –P8 , м

1,20-2,70

1,7-2,4

1,5-1,9

1,6-2,9

Жер асты суының тұздылығы (Cs)-P10, г/л

6,5

3,5

10,0

5,0

Суғару суының тұздылығы (C0)-P9, г/л

1,54

1,34

1,37

134


 

Суғармалы алқаптарда қалыптасқан қәзіргі жағдайлар, ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау кезіндегі, топырақ-экологиялық тұрғыда негіздеуде жіберілген қателіктерді, агроландшафттарға түсірілетін техникалық қысымды экологиялық тұрғыдан шектейтін және топырақтың даму кезеңін бағдарлайтын теориялық-әдістемелік және әдістік нұсқалардың жоқтығын дәлелдейді.

 

4.1 Жүгері  дақылының ботаникалық сипаттамасы, биологиялық ерекшеліктері және суғару тәртібіне байланысты өнімінің қалыптасуы Жүгері астық тұқымдастарға жататын бір жылдық өсімдік оның жапырағы мол, әрі биік. Түрлі сорттарына, климат жағдайына, топырақ құнарлылығына, өсіру агротехникасына байланысты биіктігі 0,6-3 метр және одан да биік болады.

Жүгері топырақ  құнарлылығын талғайтын дақыл. Құнарлы, қоректік заттары мен ылғалы мол  және арамшөптерден таза жерлерде жүгеріден  жақсы өнім алуға болады. Жүгерінің  өсіп дамуына жер асты суының деңгейі  де үлкен әсер етеді. Тұзданып сорланған, батпақтанған жерлерде жүгері нашар өсіп, аз өнім береді.

Суару мөлшерінің көбеюіне байланысты, жүгерінің су пайдалану қосындысындағы оның үлесі артады. Мысалы, 60-60 вариантында (2-3 рет суару) өсірілген сүрлемдік жүгерінің суару мөлшері барлық жұмсалған судың 40,2 пайызы, дән алу үшін егілгенде 48,2 пайызы, ал 6-8 рет суарылғанда (80-80 вариант) бұл көрсеткіштер 53,1 және 57,1 пайызға дейін өсті. (5 кесте).

 

5 кесте - Суару жүргісіне байланысты жүгерінің жалпы су пайдалану қосындысы

Суару вариант

Тары

суару саны

өсу дәуірі ішінде жұмсалатын су, м3\га

бір тәулік

тегі пайда

лану м\га

өнім гек.ц

су пай

далану

коэф

топырақ

тағы

өсу дәу/гі жауын шашы

суару мөлшері

бар-ы

Сүрлемге арнап  егу

60-60

2-3

1105

1520

1795

4420

50.7

419.2

9.8

70-70

4-5

1097

-\\-

2230

4847

60.2

515.3

8.9

70-80

5-6

990

-\\-

2180

4690

55.3

545.1

6.9

80-80

6-7

920

-\\-

2469

4909

60.8

537.4

7.8


 

Ауылшаруашылығын  экологизациялау кезінде жан-жақты  талдау және ландшафтың доминантты көрсеткішіне нақты баға беріп, оны іске асыруға болатындығын есте сақтау керек. Сонымен, жүгері өсімдігі экологиялық бейімделгіш дақылға жатады. Оны топырақтың барлық түрлерінде өсіруге болады. Бірақ қышқыл топырақта өсе алмайды.

 

4.2 Сүрлемдік жүгері орналасқан өндірістік-тәжіибелі танаптардағы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі Сырдария өзенінің төменгі алабындағы суғару алқаптарының агроландшафттық жүйелерде алдын-ала дайындалған суғармалы егістік жерлердің гидротермикалық жүргісін зерттеуге арналған әдістемелік нұсқаны (Мұстафаев Ж.С., Раимбекова Б.Т. 2003) 2002-2004 жылдар аралығындағы өндірістік- тәжірибелі сынақтан өткізудің нәтижелерін қарастырған (6 кесте).

 

 

 

6 кесте - Сүрлемдік жүгерінің бейімделген-ландшафттық суғару  жүргісін зерттеуге арналып ұсынылған  тәжірибелік желі

Тәжірибенің нұсқасы

Суғарудың саны

Суғару мөлшері

Жүгерінің өсіп-өну  кезеңі немесе суғару мезгілі

1

1000

Егу – өніп-шығу - (7-8) жапырақ

1

1000

(7-8 )  – жапырақ – шашақтану

2

1000

Шашақтану – гүлдеген

2

1000

Гүлдеген-сүттеніп пісіп жетілу

 

1

850

Егу – өніп-шығу - (7-8) жапырақ

1

850

(7-8 )  – жапырақ шашақтану

2

850

Шашақтану – гүлдеген

2

850

Гүлдеген-сүттеніп пісіп жетілу

1

650

Егу – өніп-шығу - (7-8) жапырақ

1

650

(7-8 )  – жапырақ шашақтану

2

650

Шашақтану – гүлдеген

2

650

Гүлдеген-сүттеніп пісіп жетілу


 

Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы өндірістік-тәжірибелі танаптардағы сүрлемдік жүгеріні суғару нәтижесі бойынша олардың өсіп-өнуі кезіндегі суды тұтыну шамасы анықталды (7 кесте, 1 сурет).

 

7 кесте - Сырдария өзенінің төменгі саласындағы суғару алқаптарындағы өндірістік- тәжірибелі танаптардағы сүрлемдік жүгерінің суды тұтыну шамасы

Суғару алқабы

Жыл

,

м3/га

, м3/га

,

м3/га

,

м3/га

,м3/га

Нетто

бруто

нетто

Бруто

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Түгіскен суғару алқабы

2002

0.80

486

6000

6510

800

510

7286

7796

1.00

486

5100

5650

800

550

6386

6936

1.20

486

3900

4425

800

525

5186

5711

2003

0.80

1125

6000

6510

800

510

7925

8435

1.00

1125

5100

5610

800

510

7025

7535

1.20

1125

3900

4460

800

560

5825

6385

2004

0.80

282

6000

6580

800

580

7082

7662

1.00

282

5100

5565

800

465

6182

6447

1.20

282

3900

4460

800

560

4982

5542


 

 

7 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жаңақорған-Шиелі  суғару алқабы

2002

0.80

810

6000

6610

800

610

7610

8220

1.00

810

5100

5690

800

590

6710

7300

1.20

810

3900

4485

800

585

5510

6095

2003

0.80

750

6000

6580

800

580

7550

8130

1.00

750

5100

5665

800

565

6650

7215

1.20

750

3900

4445

800

545

5450

5995

2004

0.80

320

6000

6660

800

660

7120

7780

1.00

320

5100

5645

800

545

6220

6765

1.20

320

3900

4460

800

560

5020

5580

Қызылорда суғару алқабы

2002

0.80

764

6000

6620

800

620

7564

8184

1.00

764

5100

5680

800

580

6664

7244

1.20

764

3900

4500

800

600

5646

6064

2003

0.80

740

6000

6605

800

605

7540

8145

1.00

740

5100

5680

800

580

6640

7220

1.20

740

3900

4450

800

550

5440

5990

2004

0.80

304

6000

6640

800

640

7104

7744

1.00

304

5100

5650

800

550

6204

6754

1.20

304

3900

4475

800

575

5004

5579

Қазалы суғару алқабы

2002

0.80

287

6000

6670

800

670

7087

7757

1.00

287

5100

5680

800

580

6187

6767

 

1.20

287

3900

4515

800

615

4987

5602

2003

0.80

498

6000

6685

800

685

7298

7983

1.00

498

5100

5685

800

585

6398

6983

 

1.20

498

3900

4495

800

595

5198

5793

2004

0.80

914

6000

6610

800

610

7714

8324

1.00

914

5100

5680

800

580

6814

7394

1.20

914

3900

4510

800

610

5614

6224

Зерттеудің негізгі бағыттары