Жаңа заман рационализм ерекшеліктері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕФТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

      

              

Қоғамдық пәндер  кафедрасы

Реферат

 

 

Тақырыбы:  Жаңа заман рационализм ерекшеліктері

 

                                                     Орындаған : Абдурахманова А

                                                      Тобы: 201 «А»  ҚДС    

                                                     Қабылдаған: Кемелбеков Қ.

 

 

 

 

                                 Шымкент 2012ж


І. Кіріспе 

          Рационализм (лат. ratіo — ақыл), архитектурада — 20 ғ-дың 1-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану — Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады. Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі — 20 ғ-дың 20 — 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды.

 

 

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

               1. Жаңа заман еуроппалық мәдениет

              2.  Рационализм

             3. Рационализ мен емперализм

             4. XIX ғасыр мәдениетті

ІІІ. Қорытынды

IV.Пайдаланған әдебиеттер

V.Пікір

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ. І  Жаңа заман еуропалық мәдениеті

 Еуропа үшін жаңа заман  (XVII—XIX ғасырлар) мәдениеттің дамуындағы  маңызды тарихи кезең болып  саналады. Бұл дәуірдің әр ғасыры  тарихи уақиғаларға, мәдени төңкерістерге  толы. Жаңа заман — өнеркәсіптік  өркениеттің қарыштап алға басып,  қоғамның барлық салаларында  түбегейлі өзгерістердің белең  алғандарға байланысты жаңа сипатқа,  жаңа мазмұнға ие болды. Ғылымның  дамуына еркіндіктің берілуі  қоғамдық сананы жаңа сатыға  көтерді. Қоғамдық өмірдің барлық  салаларында жетекші орынға ие  бола бастаған ғылым — адамдардың  нәсіліне, ұлтына, табына қарамастан  халықтың рухани дүниесін байытуда  айтарлықтай рөл атқарды. Мемлекет  тарапынан жасалынған үлкен қамқорлықтың  арқасында XVII ғасыр ғылыми революцияның  даму қарқыны өте жоғары болды.  Ғылыми революция математика және механика саласында басталды да, басқа ғылым салаларындағы ғылыми жаңалықтармен жалғасты.

XVII ғасыр ғылыми революция —  адамзат баласының өзін қоршаған  дүниені танып-білуге деген құлшынысының  жемісі болды. Ғылымның қарышты  қадаммен алға басуы және оның  қоғамдық өмірдің барлық саласына  біртіндеп кіре бастауы рационализмнің  қалыптасу процесін аяқтауға  мүмкіндік берді. Рационализм  жаңа заман адамының өмірі  мен бет-бейнесін жан-жақты айқындай  отырып, халық санасынан еркін  орын алды. Рационализм  қоғамдағы орын алған тарихи жағдайларды ескере отырып, христиан дінінің католиктік тармағымен, оның дүниені құдайдың жаратқандығы туралы ілімімен де санасып отырды.

Олай болса, жаңа еуропалық сана мен буржуазиялық мәдениет таза атеистік сипатта болмағандығын аңғарамыз. Христиан діні мен шіркеулер Реформацияға (XVI ғасыр) дейін де, Реформациядан кейін де өз беделін жойған жоқ, қайта олардың қоғамдық, саяси және рухани өмірдегі рөлі бұрынғыдан артпаса, мүлде кеміген жоқ, қайта христиан діні өз өрісін бұрынғыдан да кеңейтіп азаматтық, мемлекеттік өмір салаларына кеңінен араласты. XVII ғасырда Еуропа — жаңа өмір жолына түскен жас Еуропа болатын. Бұл жол — өткен ғасырлардың бай тәжірибесін ой елегінен өткізіп сарапқа салу жолы болды. Бұл тарихи жолда орта ғасырлар кезеңіндегі мәдени құндылықтарды ғана емес, жалпы адамзат баласының сонау көне заманнан бергі жинақтаған рухани байлығын игерумен қатар, сол бір баға жетпес мәдени дөстүрлерді жаңа заман талабына сай қайта жаңғырту сияқты игі мақсаттар жүзеге асырылды. Көне заман мен жаңа заманның арасында қаншама уақыт өтсе де олардың өзара сабақтастығы өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді болу үшін, ғылым саласындағы әр заман өкілдерінің бізді қоршаған дүние жайындағы ой-толғамдарын қарастырып көрейікші. Шындығында да, жаңа заманның философы, әрі математигі Лейбниц (1646—1710 жылдары) пен көне дәуірдің философы, әрі математигі Пифагордың (б.з.б. VI ғасырлар) дүниеге қатысты ғылыми көзқарастары ның бірдей болып шығуын қалай түсіндіруге болады? Екі ғұлама да әлемді өзара тығыз байланыстағы біртұтас организм деп қарастырады. Лейбництің философиясында «айқындалған үндестік» теориясы басты орын алады. Бұл теория — діни-теологиялық, гуманистік және эстетикалық мазмұнға бай жан-жақты теория болып саналды. «Айқындалған үндестік» теориясын — замана талабы, қоғамдық сана-сезім және халықтық түсінік тұрғысынан қарастыратын болсақ; бұл-құдайтағаланың даналығына шексіз сенім болса, ал рухани тұрғыдан қарастырсақ, бұл — өнер атаулыны (мысалы, Бахтың музыкасын немесе классицизм стиліндегі өнер туындыларын және т.б.) бүкіл жан-дүниеңмен қабылдау болып табылады.

Жаңа заманда еуропалықтардың  күш-жігері табиғатты меңгеруге  жұмсалды, сондықтан да болар XVII ғасырда  ғалымдарының басты назары табиғат  құбылыстарын ғылыми тұрғыдан зерттеуге бағытталды. Сонымен қатар XVI—XVII ғасырлар қалыптасқан ұлттық, мемлекеттік, экономикалық және саяси қарым-қатынастардың негізінде философиялық, әлеуметтік және саяси-құқықтық теориялар өмірге келді. Олардың авторлары ғасыр ойшылдары: Гоббс, Локк, Спиноза, Гуго, Гроций және т.б. болды.

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл  дөуірде элем техникаландырыла бастады, табыс пен байлыққа ұмтылыс бұрын-соңды  болмаған қарқынға ие болды, капитал  күшіне енді. Ең бастысы — ғасырлар бойғы қалыптасқан өмір салтының бұзылуы адамдардың санасын өзгертіп, жалпы мәдениеттің дамуына өз ықпалын тигізді. Сондықтан да болар, қоғамда қандай терең өзгерістер жүзеге асырылса да, жаңа заман мәдениеті өзінің тар шеңберінен толық шыға алмады. Оның үстіне Еуропалық өркениеттің алға басуы дүние жүзінің басқа да халықтарын, соның ішінде көне мәдениеттің ошағы болған ұлы халықтарды (Үндістан, Қытай, Мексика және т.б.) ашықтан-ашық тонау есебімен жүзеге асырылды. Өркөкірек еуропалықтар өздерінің өркениетгі-мәдениетті елдерге айналуына тікелей әсер еткен бұл мемлекеттердің мәдени ықпалын тез арада ұмытып кетті. Еуропалықтар «ұлы географиялық ашулар заманын» басынан кешірді, жаңа жерлерді игерді, талай мемлекеттерді экономикалық тәуелділікте ұстады. Бірақ, өкінішке орай, олар жаңа жерлерді игергенмен, халықтардың рухани байлығын игеруді қажет деп санамады. Демек, жаңа еуропалық мәдениетті бір жақты қарастыруға болмайды. Оның шоқтығы биік мәдениет екендігін мойындай отырып, оның қарама-қайшылықтарын, ақтаңдақтарын да шындық тұрғысынан көрсете білуіміз қажет.

ІІ. ІІ Рационализм

Рационализм (лат. ratіo — ақыл), архитектурада — 20 ғ-дың 1-жартысындағы архитектуралық бағыттар жиынтығы. Қазіргі ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде меңгере отырып, бейнелеу өнеріндегі жаңа ағымдар әкелген пошым тудыру принциптерін архитектурада қолдану — Рационализмнің негізгі ерекшелігі. Ол кең мағынада “заманауи архитектурасы” ұғымымен қатар қолданылады. Рационализм негізі 19 ғ-дың аяғында қалыптаса бастады. 20 ғ-дағы 20-жылдардың бас кезінде Рационализмнің қалыптасуына Нидерландыда Т. ван Дусбюрг, Францияда ЛеКорбюзье, Ресейде К.С. Малевич, Германияда В.Гропиус насихаттаған теориялар негіз болды. Рационализмнің дәуірлеген кезеңі — 20 ғ-дың 20 — 50-жылдары. Бұл бағытты насихаттаушылар заманауи архитектурасының халықар. конгресін құрды. Олардың жалпы архит. пайымдаулары негізінде халықар. стиль (Л.Мис ван дер Роэ, т.б. шығарм.) дүниеге келді. Рационализм өкілдері ден қойған архит. пайымдаудағы өріссіздік пен әлеум.-реформистік утопизм оны 20 ғ-дың 50-жылдарының соңына таман тоқырауға әкеліп соқтырды.

Философияда

Философияда— болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде 17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теол. көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Филос. Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классик. жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Рационализмнің гносеол. оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еур. ағартушылықтың маңызды филос. алғышарты болды. 20 ғ-да Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль), француз неорационализмінде(Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды.

ІІ. ІІІ  Рационализм мен эмпиризм

Рационализм (лат. ratio – «разум») –  болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық

2. гносеологиялық

3. этикалық рационализм

Онтологиялық рационализм бойынша  болмыс негізінде ақылды бастама  жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.

Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның  «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы  біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы  мен ақылды ұйымдастырылғандығына  сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.

Гносеологиялық рационализмнің басты  идеясы – «дүниені танып білетін  бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген  тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын  эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы  мүмкін емес»).

Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:

1.ақыл сүзгісінен өткізілмеген  сезім немесе тәжірибе танымға  негіз бола алмады;

2.ақыл сезім мен тәжірибенің  қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа  білім мен жаңалық бола алады,  ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе  түрінде дәлелденуі мүмкін.

«Моральдық – этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр» деген түсінік этикалық рационализм  деп аталады. Ежелгі дүние мен  қазіргі заманға дейінгі көптеген философтарды (Платон, Демокрит, Эпикур, Сократ, Кант, т.б.) рационалистер қатарына жатқызуға болады. Алайда рационализнің  ресми философиялық бағытқа айналуына  үлес қосқандар Р.Декарт, Спиноза  болды. Эмпиризм - таным негізінде тек сезім мен тәжірибе жатыр деген пікірді ЖАҚТАЙТЫН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ бағыт. XVII ғасырдағы Англияда, одан кейінгі кезенде АҚШ-та кең тарады. Негізін қалаушы - Фр.Бэкон. Көрнекті өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Дж.Дьюн. Эпиристер райционалистермен дауласты.

ІІ. IV    XIX ғасырдың мәдениеті

Жаңа заман мәдениетінде XIX ғасыр мәдениеті ерекше орын алады. «Классика ғасыры» деп аталатын бұл кезеңде буржуазиялық өркениет кемелдену шағына аяқ басумен қатар, тоқырау кезеңін де басынан кешірді. Мұндай әділ бағаның авторлары заманымыздың ұлы ойшылдары: О. Шпенглер, Й. Хейзинга, X. Ортега-и-Гассет және т.б. XIX ғасыр, мәдениеті — бүкіл жаңа заман мәдениетінен рухани нәр алып, көне дәуір мәдениетінің негізінде қалыптасты.

Олар :

  • рационализм,
  • антропоцентризм,
  • сциентизм,
  • еуроцентризм және т.б. болды.

Еуропа мәдениетінің тағдырына  дәуірдің үш ұлы уақиғасы:

  1. Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі,
  2. Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін күресі
  3. Ұлы Француз революциясы ерекше ықпал етті.

Дәлірек айтқанда, бұл ұлы  тарихи уақиғалар еуропалық мәдени бетбұрыстың жүзеге асыру процесін одан әрі жылдамдата түсті. XIX ғасырдың бет-пердесі адамзат тағдырының өзгерістерге ұшырауына тығыз байланысты болды. Өз кезегінде жаңа дүниенің қалыптасуы да негізінен үш факторға байланысты болды. Олар: демократия, тәжірибелік ғылым және индустрияландыру. Екінші және үшінші факторларды бір сөзбен «техника» деп атауға да болады, ал бұл факторлар осыдан екі ғасыр бұрын пайда болды да, XIX ғасырда қоғамдық өмірдің барлық салаларына еркін ене бастады.

Ерекше атап өтетін бір жайт, XX ғасыр етек алған «сауықтық мәдениеттің» алғашқы нышандары дәл осы уақытта біліне бастаған болатын. Өнер туындылары мыңдаған таралыммен жаппай шығарыла бастады. Әрине, өнер туындыларының халық арасына кеңінен тарауы, халықтың жалпы мәдени дәрежесін арттыруға себепкер болатындығын мүлде жоққа шығаруға болмас, бірақ бұл жағдай өнердің дәрежесін төмендетіп, оның құпиялық қасиетін жоюға себепкер болғандығын да естен шығармаған жөн. Сондықтан да болар, осы бір сындарлы тарихи кезеңде халық көңілінен шығар нағыз өнердің қажетті біліне бастады. Өнер — қоғамдық көңіл-күйдің жаршысы болды. Философия тіліне айнала бастаған өнер адамгершілік пен ізғіліктің қайнар бұлағы, адамның жан-дүниесінің айнасы болды. Өнер — мәдениет саласындағы әрбір өзгерісті терең сезініп, дәуір тынысына сай бейімделе білді. Бұл ой-тұжырымдарымызды дәлелдеу үшін, ең бастысы — «өнердің қоғамның соты» рөлін қалай атқарғандығын толық түсіну үшін тағы да XIX ғасыр өнерінің тарихына қысқаша тоқталып өтелік. Бұл ғасырдағы өнердің дамуындағы екі кезеңді ерекше бөліп алып қарастырған жөн сияқты. Бірінші кезең, декаданс («құлдырау» деген мағынаны береді). XIX ғасыр 50 жылдарында бастап бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін созылады. Осы бір «революциялық дәуірдің» әрбір қоғамдық уақиғасы халықтың творчестволық қиялын оятты, өнер саяси-әлеуметтік мазмұнға ие болды. Ұлы француз революциясынан қанаттанып, шабыт алған романтизм өз өрісін кеңейте түсті. Романтикалық өнер сол заманның басты идеяларымен байланысты болды. Олардың прогрессивтік идеялары утопиялық социализм идеяларымен де ұштасып жатты. Романтиктер мен утопистердің дәл осындай идеялық бауырластығын қалай түсіндіруге болар екен? Оларды жақындастырған жағдайлар: қоғамдық құрылысты сынау, халық тағдырына ортақтасу, жеңіске жету жолдары мен әдістерінің күңгірттігі және т.б. болды. Тамаша болашақты тіпті болмағанда қиялында жүзеге асыру — романтиктерге тән қасиет екендігін естен шығармаған жөн. Нақты өмір мен қиялдағы өмірді салыстыра қарау да романтикалық өнердің басым жақтарының бірі болды. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамдысынай отырып, бұл ортадан безіне қашады. Мұндай көңілі толмаушылық қасиет пен болмыстан «қашушылықтың» үш бағыты болды. Біріншісі, табиғат аясына кету, өйткені табиғат адамның көңіл-күй күйзелістерінің емшісі, еркіндік пен ізгіліктің идеалы болып есептеледі. Сондықтан да болар романтиктер қалаларды өткір сынға алып, қарапайым ауыл адамдарын ерекше дәріптеп, олардың рухани байлығын паш ететін халықтық фольклорды жоғары бағалады. Бұрыннан белгілі экзотикалық елдермен қатар, ұлы географиялық ашылымдар барысында ғана белгілі болған елдердің әсем табиғаты — олардың өнер туындыларының басты тақырыптарының біріне айналды. (Байронның поэзиясындағы, Делакруадың суреттеріндегі шығыс тақырыптары және т.б.). Ал нақты өмір көріністері болмаған жағдайда романтиктер өздерінің таңғажайып қиялдарына еркіндік берді, оған Гофманның, Гейненің, Вагнердің фантастикалық шығармалары жатады.

Екінші бағыт, өзі өмір сүрген ортадан алшақтап, басқа дүниені қиялдауға байланысты болды. Ендігі жерде романтиктер өткен заманды, әсіресе орта ғасырлар кезеңін, оның өмір-салты мен салт-дәстүрлерін (В. Скоттың рыцарьлық романдары, Вагнердің опералары және т.б.), шаруалардың патриархалдық тұрмыс- тіршілігін (Ж. Санд, Колридж) және т.б. өмірлік жағдайларды өз шығармаларының арқауы етті.

Үшінші бағыт, адамның  болмыстан бас тартып, өзінің ішкі жан-дүниесімен арпалысуына байланысты болды. Романтиктер өз шығармаларында бұл дүниенің қарама-қайшылықтарын шындық тұрғысынан көрсетуге баса назар аударды (Гофман мен Гауфтың ертегілері, Т. Жерико мен Эжен ДелакруаЭ. Делакруаның портреттері және т.б.). Жоғарыда айтылған пікірлерімізге сүйене отырып, романтизмнің екі басты идеялық мән-мағынасы бар деген қорытынды жасауға болады.

Олар:

  • «романтикалық тарихилық»
  • «индивидуалистік субъектизм».

Ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағына зер салу, мәдени құбылыстарды тарихи тұрғыдан алып қарастыру, басқа халықтардың өмірімен танысу кездерінде романтиктер бұл тарихи процестердің қайталанбайтындығына, өте сирек кездесетініне, олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар екендігіне көз жеткізді. Олай болса «романтикалық тарихилық» — буырқанған революциялық дәуірдің жемісі болып табылады. Романтиктердің көзқарастары бойынша, ақыл-ой немесе адамның санасы арқылы тарихи болашақты, оның бұралаң жолдарын адам болжай алмайды, олай болса таным процесінің басты көздерінің бірі — жүректің үні, интуиция (сезіну) болып табылады. Осыдан келіп романтизмнің «индивидуалистік субъектизм» бағыты келіп туындайды. Оның мән-мағынасы — жат дүниеде адамның өзінің жалғыздығын сезінуі, адам санасында өмірден түңілушілік сезімінің пайда болуы. В. Вейдле «Романтизм дегеніміздің өзі — жалғыздық» деп тегіннен-тегін айтпаған сияқты. Романтиктер өздері өмір сүрген қоғамға көңілдері толмаса да, бостандық пен еркіндік жолындағы күрескер — энтузиастар болды. Ең бастысы олар — халықтың ғасырлар бойғы жинақтаған мол мәдени мұраларына сүйенді. Жогарыда атап көрсеткеніміздей, романтизмнің дамуы әр елдегі қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдайларға тығыз байланысты болды. Мысалы, Францияда романтизм буырқанған қоғамдық-саяси өмірдің айнасына айналды. Әсіресе, еркіндікті сүю мен патриотизм — француз романтизміне тән басты қасиеттер болды. Ағылшын романтиктері Байрон мен Шеллидің шығармаларында қоғамдағы жағымсыз қылықтар қатал сынға алынды.

Саяси бытыраңқылық жағдайында қалыптасқан неміс романтизмінің де өзіне тән ерекшеліктері болды. Бұл дәуірде неміс романтиктері музыка, әдебиет жөне т.б. өнер салаларындағы асқан үздік шығармаларында қоғамдық өмірге сын көзбен қарай отырып, философиялық, эстетикалық тұжырымдар, теориялар жасады. Романтизммен қатар XIX ғасыр ортасына қарай реализм ағымы да өзіндік бет-бейнесін таныта бастады. Реализмнің қалыптасуы капиталистік қарым-қатынастардың белең алуымен тығыз байланысты болды. Мұндай өзара тәуелділікті кездейсоқ жағдай деп қарастыруға болмайды, өйткені капитализм жағдайын¬да әлеуметтік қайшылықтар асқынып, қоғамның бет-бейнесі, әдет, саяси-ғұрыптары айтарлықтай өзғерістерге ұшырады. Қоғамда орын алған мұндай жағдайлар адамның рухани дамуына ерекше ықпал жасады. Өз кезегінде бұл процестер реалистік өнердің туындауына түрткі болды. Ал дәл осы кезеңде қалып¬тасқан әлеуметтік-тарихи немесе сыншыл реализм Қайта жаңғыру дәуірі мәдениетінің реализмі, Ағартушылық дәуірінің реализмі сияқты өзіне дейінгі тарихи кезеңцердегі реалистік өнердің игі дәстүрлерін өз бойына сіңіре білді. Осы орайда, сыншыл реализмнің тамыры тереңде екендігін, оның революцияшыл романтизммен де тығыз байланыста болғандығын атап өтуіміз қажет, өйткені бұл ағымдардың өзара тоғысуының басты себебі — буржуазиялық қоғамның келеңсіз көріністерінде жатыр. Реалистер де, романтиктер де адамның рухани дүниесіне ерекше назар аударды, оларға тарихи сана-сезім, халық мүдделері өте жақын болды. Бірақ «болмыстан» қашқан романтиктерге қарағанда «сыншыл реалистер» болмыс сырын ашып-көрсетуге, қоғамдық өзгерістердің себептерін түсіндіруге тырысты. Әлеуметтік тақырыптарды қамтитын романдар жазуға деген әуестенушіліктің сыры осы жағдайға байланысты болса керек. Ұлы қаламгер О. Бальзактың пікірінше, француз әдебиеті дүниежүзілік әдебиетте соны бағыт танытып, алғаш рет «қоғамдық адамның» бет-бейнесін жан-жақты сомдай білді. Көркем енер саласында да Франция елі реалистік бағыттағы тамаша туындылар берді. Олардың қатарына: Т. Руссоның пейзаждары, О. Домьенің графикасы, Ж.Ф. Милленің шаруалар өміріне арналған суреттері және т.б. жатқызуға болады. Англияда реалистік ағымның қалыптасуы өнеркәсіп төңкерісіне тікелей байланысты болды, ал өз кезегінде өнеркәсіп төңкерісі халықтың және ірі өнеркәсіп орындарының ірі қалаларға шоғырлануына және жаратылыстану ғылымдарының дамуына жол ашып берді. Өкінішке орай, ағылшын буржуазиясы- ның консервативтілігі салдарынан Алглияда реалистік ағым жан- жақты дами алмады. Оған дәлел ретінде, тарихи және тұрмыс-салт жанрларының кенже қалуын айтсақ та жеткілікті сияқты. Қала мен деревня арасындағы айырмашылықтардың күшеюі мен селолық өмірді аңсаушылыққа байланысты пейзаждық кескіндеме өнері саласында талай сәтті туындылар өмірге келді (Дж. Констебль және т.б.). Аталған процестерді тереңірек бейнелеумен «викториандық дәуірдің» тұрмыс-тіршілігі мен салт-дөстүрлерін нақты шындық тұрғысынан көрсетуде ағылшынның әлеумет- тік тақырыптарға жазылған романдары айрықша үлес қосты (Ч. Диккенс, Д. Голсуорси, У. Теккерей, Т. Гарди және т.б.). Германияда реалистік бағыт, кейіннен, яғни XIX ғасыр аяғында қалыптаса бастады (Менцельдің кескіндемесі және т.б.). Оның басты себебі — елдің экономикалық даму жағынан артта қалуына байланысты буржуазиялық даму жолына өте кеш түсуі еді. Сонымен қатар Германияның саяси бытыраңқылығы мен романтикалық дәстүрлердің орнықтылығы да өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Еуропа реализмі (Э. Золя, Ч. Диккенс, У. Теккерей жөне т.б.) өнер сахнасына іскер адамдарды шығара бастады, сөйтіп көсіпкерлік пен бизнес дүниесінде жаңа кейіпкер — буржуаның рөлі арта түсті. Бірақ реалистік өнер өкілдері қарапайым адамдардың тағдырын, олардың өміріндегі қилы-қилы кезеңдерді, олардың жан-дүниесін, сезім толқындарын жан-жақты көрсетуді де естен шығармады. Мысалы, Менцель кескіндеме өнері саласында өндіріс тақырыбын қозғай отырып, өнер арқылы жұмысшы мәселесін шешуге әрекет жасады. Капитализмнің өзіне тән сипаты — заттық төуелділікке негізделген жеке адамның тәуелсіздігі мәселесі де реалистік ағым назарынан тыс қалмады. Реализм бұл тәуелділік жүйесін әлеуметтік тұрғыдан қарастырды. Мысалы, реалистік тұрғыдан жазылған романдардың мазмұнын алып қарастыратын болсақ, онда буржуазиялық қоғамның жеке адам тағдырына үстемдігі мен оның қыспағынан құтылудың оңай еместігі дәлелденеді. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, реалистік туындылар көне заман трағедияларымен, одан қалды романтизм ағымымен үндес болып келеді. XIX ғасырдың 80 жылдарында реализм негізінде жаңа бағыт — натурализм ағайынды Гонкур, А.Доде, Э. Золя және т.б.) пайда болды. Натурализм позитивизммен (Г. Спенсер) және Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясымен тығыз байланыста қалыптасты. Бірақ бұл ағымдардың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Реализмде аңсаған арман-мұратқа жету сарыны басым болса, натурализм әлеуметтік рухқа толы болды. Натурализм адамдық мән мен өмір сүрудің мағынасын биологиялық себептермен байланыстыра қарастырып, адам тағдыры мен мінез-құлқының қалыптасу сырларын ашып көрсетуғе әрекет жасайды. Натуралистік ағымның өкілдері капиталистік қоғамда дөрекі шындықтың болмай қоймайтындығын, буржуазиялық тұрмыс жағдайында адамның көңіл-күйінің басыңқы күйде болатындығын атап көрсетті. Мұндай жағдайлар пессимизм мен фатализмге апарып, «бейтараптық» принципі әлеуметтік енжарлықты ақтау құралына айналды.

XIX ғасырлардың 50 жылдарында  Еуропа өнері декаданс дәуірін басынан кешірді. Декаданс («құлдырау» деген мағына береді) өзінің қалыптасу кезеңінде реализмнің түрлі бағыттарымен байланыста болды, сондықтан да болар бұл қарама-қайшылықтарға толы күрделі ағым болып саналады. «Декаданс» термині XIX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басында пессимистік, селсоқтық көңіл-күйлерге байла¬нысты рухани мәдениет пен өнер саласындағы дағдарысты көрсету мақсатында қолданыла бастады. Мұндай көңіл-күй алғаш рет француз «символизмінде», ағылшын «эстетизмінде», «өнер өнер үшін» концепциясының теоретиктерінің (Д. Рескин, О. Уайльд және т.б.) шығармаларында көрініс тапты. Одан кейінгі уақытта «декаданс» сарыны «модернистерге» де пайда болып, «импрессионизм» ағымында өз жалғасын тапты. «Капитализмнің қарқынды дамуы мен ғылым мен техника саласындағы орасан зор жетістіктер жағдайында рухани мәдениет саласында декаданс құбылысының туындауын қалай түсіндіруге болады және XIX—XX ғасырлар аралығында мәдениет дағдарысы болды деп толық сеніммен айта аламыз ба?» — деген орынды сұрақтар туындайды. Бұл сүрақтарға нақты жауап беру үшін сол кезеңдегі қалыптасқан тарихи жағдайларға қысқаша көз салайық. XIX ғасыр аяғы буржуазиялық революциялардың аяқталып, капитализм тарихында алғаш рет бейбітшілік пен тұрақтылық орнаған заман болды. Бұл уақытта өнеркәсіп төңкерісі де аяқталған болатын. Ғылыми-техникалық прогресс буржуазиялық қоғамның даму қарқынын жеделдете түсті. Бұл дәуірде қоғамдық сананың «позитивизм» рухында сапалық өзгерістері аңғарылды. Екінші жағынан, белгілі бір орталарда «иррациональдық» философияның идеяларына сұраныс күшейді. «Импрессионизм» (француздың «әсер» деген сөзі) ағымы өзінің философиялық негізі ретінде «позитивизмді» шебер пайдалана білді. Осы орайда «импрессионизм» ағымының француздың реалистік өнерінің қойнауында пайда болғандығын да атап өткен жөн. Сондықтан да болар, 1874 жылы импрессионистердің алғашқы ұйымдастырған өнер көрмесінде, қойылған К. Моненің пейзаждық туындылары «Әсер», «Күннің шығуы» деп аталды. Импрессионистер (К. Моне, Э. Мане, Э. Дега, О. Ренуар және т.б.) өз алдарына қоршаған ортаның сан-алуан қүбылыстарын, мәнді өзгерістерін бақылап, зерттеп және оның нәтижелерін өнер саласына аудару мақсатын қойды. Басқаша айтқанда, нені көргенін емес, қалай көргендігін барынша толық беруге тырысты. Әрбір көріністен алған «әсерлер» белгілі бір заттың «көркемдік мәнін» ашуға бағытталды. Осылайша «импрессионистер» әртүрлі түстер байлығына үлкен мөн бере отырып, қоршаған ортаның тынысын, ондағы болып жатқан өмір құбылыстарын жан-жақты суреттеуге тырысты. Осы жағдайларды ескерсек, өмірдің сан-саласын жан-жақты қамтуға тырысқан бұл ашық та, жарқын өнер түрінің дағдарысқа ұшырауы туралы сөз болмауға тиісті сияқты. Бірақ импрессионизмнің реализм негізінде туындағанын еске ала отырып, бұл өнер саласында дағдарыстың орын алғандығын анық байқауға болады. Өйткені, импрессионистік төсілдің қауіптілігі сол — ол қоғамдық құбылыстардың сыртқы көрінісін ғана қамтып, ал олардың ішкі мән-мағынасын ашып көрсетуге мән бермеді, сөйтіп қоғамдық өмірге сын көзбен қарайтын реалистік дәстүр бұзыла бастады. Ерекше атап өтетін тағы бір жайт, импрессионистер әлеуметтік мәселелерді көрсету мақсатында өнер саласында түрлі әлеуметтік типтерді (маскүнемдерді, қайыршыларды, жезөкшелерді және т.б.) енгізді, бірақ қоғамда орын алған мұндай жағдайлардың әлеуметтік себептері ашылмады, мұндай келеңсіз құбылыстар қатал сынға алынбады. Тіпті кезінде реалистердің басты назарында болған кейбір мәселелер ұмытылып қалды, дәлірек айтқанда, гуманистік және демократиялық идеялардың салтанат құруы үшін, қоғам өміріндегі жат қылықтарды сынаумен қатар, оларға қарсы бітіспес күрес ашу қажеттігі назардан тыс қалды. Импрессионизм ағымындағы орын алған дәл осындай дағдарыс құбылыстарының нәтижесінде «берекесіздік этикасына» жол берілді, ал ол өз кезегінде «символизмде» теориялық жағынан негізделіп, өзіндік бағдар алды. Реалистік дәстүрлердің терең дағдарысы «постимпрессионизмде» (П. Сезанн, В. Ван-Гог, П. Гоген және т.б.) де көрініс тапты. Бұл ағымдағылар адамның тіршілік жағдайларының өзгеруі, үлкен қалалардағы үйлесімділіктің бұзылуы сияқты келелі мәселелерді шындық тұрғысынан көрсете алатын реализмнің жаңа шығармашылық әдістерін де қарастырды. Әрине, мұндай ізденістердің нәтижесінде өнердің сан-саласының парасаттылық сипаты артып, белгілі бір жүйеге келуі шарт еді, бірақ әлеуметтік шиеленістерді өнер арқылы, оның ішінде кескіндеме өнері арқылы танып-білуге және өнер арқылы келеңсіз көріністерге қарсы тұрып, оларды жеңуге деген ынтаның болмауы мен дәрменсіздіктің салдарынан көптеген суретшілер шындықтан алшақтап, өз ортасынан қашқақтап, тұйықтала түсті. Өз-өзімен болушылық сияқты қасиеттер импрессионизмді романтизм ағымымен жақындастырды. Оларға символизм, субъективизм, мистицизм сипаттары да ортақ болды.

Аталған қасиеттер, әсіресе «символизмге» (Малларме, Верлен жөне т.б.) тән болды. «Символизмнің» бастауында «Цветы зла» (1857 жылы) атты еңбегімен белгілі болған Ш. Бодлер тұрды. Жан-дүниенің түйықтығы, басыңқы көңіл-күй, дүниеде болып жатқан қатыгездіктер мен жауыздықтарға қарсылық сезімінің оянуы және тағы да басқа адам бойындағы қасиеттерді шебер бере білудің арқасында Бодлердің мәртебесі өсіп, атағы жайылды. Өйткені, мұндай көңіл-күй мен шиыршық атқан сезімдер толқыны сол дәуірдің рухани әуенін білдірді және «Символизм» бұл тұста жалпы еуропалық мәдени қозғалыста өзіне лайықты орын тауып, мөдениеттің кең арнасына қосылуға мүмкіндік алды: театр саласында (Метерлинк), музыка саласында (Скрябин), кескіндеме саласында (Врубель) және т.б. «Символизм» өнерінің туындылары буржуазиялық өмір салтының «құндылықтарын тамаша игере бастағандардың жартылай идеалистік, порнографиялық шығармаларына мүлдем қарама-қайшы келді. Тамаша өнер туындылары жарыққа шыққан Ш. Бодлердің заманы Наполеон III-нің Екінші империясының кезеңі болатын. Осы бір уақыт шеңберінде руханилықты пайдақорлық пен сат- қындыққа икемдеу әрекеті, халық мүддесі дегенді желеу етушілік, яғни демогогиялық науқан қыза түскен болатын. Заман ойшылдарының бірі Ф. Ницше қоғамдағы болып жатқан мәдени процестерден тыс қала алмады. Ол бұрыннан да көтеріліп жүрген «құндылықтарды асыра бағалау» мәселесін философиялық тұрғыдан жан-жақты зерттеуге ат салысты. Бұл кезенде «сана» категориясына деген сенімнің тас-талқаны шықты, дәстүрлі мөдени құндылықтардың бүкіл жүйесі өзінің өмірсіздігін көрсетті, болашаққа деген үміт оты сөнді, тіпті құдайға деген сенімнің өзі де өше бастады (Құдай өлді, ал оны өлтірген өзіміз). Қоғамдағы мұндай дағдарыстың нәтижесі қандай болды және неге әкеліп соқты? Нәтижесінде дүние ұсақталды, рухани құндылықтардың мәні жойыла бастады. Ф. Ницшенің пайымдауынша, мұндай мәдени тоқыраудың тууы заңды құбылыс болып табылады, өйткені мөдениет өзінің қалыптасып, даму процесінде «құлдықпен», құлдық психологиясымен тығыз бай¬ланыста болады, ал өз кезегінде «құлдық мәдениетінің» үстемдігі сөзсіз регреске, декаданс құбылысына әкеліп соғады.

Жоғарыда айтылған пікірлерден нақты қорытындылар шығарайық. XIX ғасыр аяғында тар мағынада — өнер саласында, ал кең мағынада — мәдениет саласында қандай жағдайлар қалып- тасты? Дәуір тынысын терең сезініп, оның рухын өз бойына сіңірген, дүниені ғылыми тұрғыдан танып-білуге бағыт алған «натурализм» мен «импрессионизм» ағымдарының айналадағы дүниеге, болмысқа жақын болуға тырысушылығы бұларды да дағдарысқа әкеліп тіреді. Жинақылық пен сақтық қасиеттерді таныта білген «символизм» ағымы тоқырау мен іріп-шірудің қаупін сезіне алғанымен, қоғам тудырған келеңсіз көріністерге қарсылық көрсете алмай дәрменсіздік танытты. Әрине, Ницше өз тарапынан белсенділік танытып, жігерлі қарсылық көрсетті, бірақ бұл қарсылық барысында ұлы ғалым технократтық дүниені апаттан құтқаруға себепкер болатын мәдени құндылықтарды есінен шығарып алды.

Демек, XIX ғасыр мен XX ғасыр  аралығында мәдениет саласында дағдарыстың  кейбір белгілері біліне бастағанын жоққа шығаруға болмайды. Дәл осы кезеңде декаданстық көңіл-күйдің етек алғандығын мәдениеттанушы-ғалымдар да мойындайды, бірақ бұл мәдени тоқыраудың қай кезде басталғандығы жайындағы пікірлер әртүрлі болып келеді. Ортега, Хейзинга, Ясперс сияқты ғалымдар дағдарыс межесін 20—30 жылдар деп белгілесе, ал Ю. Бохеньский тіпті XX ғасыр 50 жылдары деген пікір айтады. Аталған ғалымдар бұл тұжырымдарды бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардан кейінгі орын алған жағдайлармен, ғылыми-техникалық революцияның салдарларымен, адамзатгы жаппай қырып- жою құралдарының жасалуымен және мәдениеттің сауықтық сипат алуымен байланыстырады. X. Ортега-и-Гассет, Гете мен Ницшені XX ғасыр мәдениет дағдарысын болжай білген «пайғамбарлар» деп бағалай отырып, олардың XIX ғасырдағы мөдениет дағдарысының тууына себепкер болған жағдайларды сезіне білгендігін ерекше атап өткіміз келеді. Бұл тарихи кезеңде де болашаққа, оның ішінде мәдениеттің болашағына үлкен үміт артылды. Бірақ XIX ғасырда техникалық дамудың деңгейі мен мәдени прогрестің мүмкіндіктері бірдей дәрежеде қарастырылмады, қоғамдық санадағы экономикалық фактордың рөлі асыра бағаланды. Прогресс мәдениетке қауіл бұлтын төндірсе, ал өркениет пен техника оған апат қаупін туғызды. Ал бұл өмірлік мәселе — XIX ғасыр мәдениет тағдырына тікелей байланысты көкейтесті мәселе болды. Мәселенің дәл осылай айқын да, ашық қойылуының дұрыстығын өмірдің өзі, дәлірек айтқанда бұл дәуірдің басқа да тарихи уақиғалары мен сілкіністерін былай қойғанда, дүниежүзілік соғыстардың өзі-ақ дәлелдеп берген сияқты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Адамзат тарихында XX ғасыр  мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға  толы сындарлы заман болды. Ғылым  мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы  адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында  планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара  қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне  ерекше әсер етті. Міне, осы жағдайларды  ескере отырып, XX ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуде екі басты  мәселеге баса назар аударғанды жөн  көрдік. Оның біріншісі, XX ғасыр мәдениеті  дамуының басты бағыттары (XX ғасыр  мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман  мәдениетінің тоқырауға ұшырауы  мен одан шығу жолдары және бұл  процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т.б. мәселелері), екіншісі, XX ғасыр мәдениетінің жалпы  адамза¬тық және ұлттық сипаты (жалпы  адамзат мәдениеті қалыптасуының  басты себептері және оның құндылықтары, жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б.).

Бүгінгі таңда дүниежүзінде 200 мемлекетке жетіп, мыңдаған халықтарға бөлінген, саны жағынан 6 млрд. жеткен адамзат  баласы 2 млн. жуық өсімдіктер мен жануарлардың бір түрі ғана. Адам баласы өмір сүрген кезден бастап мыңға жуық ұрпақ ауыстырған екен. Осынша халықтың ішінде екі адамның  бір-біріне мүлде ұқсас болмай, өзіндік  қайталанбас ерекшеліктерінің болуы  да таңқаларлық жайт. Адам бір-бірінен  жеке тұлға есебінде ерекшеленіп  қана қоймайды, сонымен қатар топтық айырмашылықтарға да (жанұялық, жыныстық, жасына, мамандығына, ұлтына және т.б. қарай) тәуелді болып келеді. Осыншама айырмашылықтар бола тұрса да адамзат баласының  басын біріктіретін не нәрсе? Ол — ең алдымен дүниенің тұтастығына негізделген «жалпы адамзаттық мәдениет».

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

1.Кішібеков Д. Сыздықов Ұ. « Философия» Алматы-1994ж

2.Бейсенов Қ.Ш. «Философия тарихы» Алматы-1994-2000ж

3.Әбішев Қ. «Фиолософия» Астана-1998-2000ж

4.Ғабитов Т.Х «Философия» Алматы 2005 жыл

5.Интернет желісі ( www.googl-www.yandex)

 

 

 

 


Жаңа заман рационализм ерекшеліктері