Жаңа замандағы философ
КІРІСПЕ.......................
1. Жаңа замандағы философтардың көзқарастары..................
2. XVIII ғасырдағы Еуропалық мәдениет......................
3. Белгілі жаңа заман философтары...................
3.1. Готфрид Вильгельм Лейбниц.......................
3.2. Гоббс Томас.........................
3.3. Локк Джон..........................
3.4. Спиноза.......................
3.5. Гроций Гуго..........................
4. Қазақстандағы жаңа заман философы-
Досмұхаммед Кішібеков.................10
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Жаңа дәуір философиясы белгілі
бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық
қатынастардың жемісі болатын Өйткені,
Батыс Еуропада капиталистік құрылыстың
пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға
қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы-ақшалы
шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы
тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік,
саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға
әкеліп соқты. Жаңа заман, яғни капитализм
дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік
қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып,
қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды
қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып
алатын, сатылатын тауарларға бағынышты
болды. Оны өлтіруге, сатуға және сатып
алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы
күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн
тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы
процесс арқылы дүниеге келеді.
Философияның
ендігі мәселесі капиталистік өндіріс
нарық тудырған, бірте-бірте өндіргіш
күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым
және оның жаңа әдісі туралы болды. Философия
сонымен қатар жаңа дүниетаным жаңа көзқарасты
дүниеге әкелді. Жаңа философия қалыптасты.
- Жаңа замандағы философтардың көзқарастары
Жаңа заман философиясы
мен мәдениетінің дамуына Ренессанс
(Жаңғыру) үлкен ықпалын тигізді.
Ренессанс дәуірінде білімнің қарқынды
дамуы, антик мәдениетін қайта жаңғырту,
жаратылыстанымдық ғылымдардың
пайда болуы сияқты құбылыстар орын
алды. XVI—XVII ғасырларда жаратылыстанымдық
және математикалық ғылымдар белсенді
түрде дами бастады. XVII ғасырға қарай
классикалық механика, жаратылыстанымдық
ғылымдардың экспериментальдық
негізі қалыптасып үлгерді. Сондықтан
философияның ғылымға қатынасын
анықтау көптеген философтардың
маңызды міндетіне айналды. Осыған
орай философ рационалистер Декарт
пен Лейбниц, философ-эмпиристер Локк
және Юм, трансценденталист Кант философия
мен жаратылыстану арасындағы шекараны
демакрациялау туралы мәселені шешу
мен айналысты.
Дәл осы Жаңа заман тұсында ғылым алдыңғы
орынға шығып, діннің беделі мен билігі
мәдени кеңістіктің жиегіне қарай ығыстырыла
бастайды. XVII ғасыр — бұл ғылыми рационализмнің
қалыптасу дәуірі. Ең алғаш рет дінді сынап
және табиғатты экспеиментальды зерттеуді
негіздеп, әлемге үстемдік етуде рационализмді
уағыздаған Жаңа заман философтары қатарына
Ф.Бэкон, Т.Гоббс, РДекарт және т.б. жатады.
Ф.Бэкон жаңа философия методологиясының
мынадай принциптерін ұсынады:
1) табиғатты зерттеудегі объективтілік;
2) ғылыми және философиялық әдістің өзіндік
құндылығы;
3) табиғаттан технологиялық үстемдік;
4) табиғи әлемді зерттеудің индуктивті
әдісі.
Бэконның пікірінше ғылым адамның табиғаттан
үстемдігін қамтамасыз етеді және бақытты
қоғам құрудың алғышарттарын қалыптастырады.
Ал ол үшін философия әлемді тану жолындағы
гносеологиялық схемалар мен стереотиптерді
тазалауы қажет. Кедергілер түріндегі
мұндай идолдар қатарына ол тектік идолдарды,
индивидтік идолдарды, алаң идолдары мен
театр идолдарын жатқызады. Бұл идолдар
ескі философиялық дәстүрлер әсерінен
қалыптасқан. Ф.Бэкон адамдарды ағарту
мен надандыққа және стереотипке қарсы
күресу бағдарламасын ұсынады. Ол үшін
Бэкон адамдарға санадағы тосқауылдардан
құтылып, нағыз танымға жол сілтеуге мүмкіндік
беретін педагогиканы дайындады. Сонымен
қатар ол идеалдық мемлекеттің платондық
теориясына өзінің саяси утопиясын қарсы
қойды. Бэконның пікірінше адамзат қоғамы
өзгеріп отырады және бұл дамудың өзегі
адамның табиғатты пайдалану қабілеті
мен үстемдігі болып табылады. Қоғам алға
жылжиды және тарихты құдай емес адамның
өзі қозғайды — міне, Бэконның идеясы.
Ал бұл тұжырымның негізін бэкондық индукция
теориясы құрайды. Дәл осы индукция теориясы
адамға табиғатқа билік жүргізу үшін қажет
білімді береді және ғылымның көмегімен
адам жаңа қоғам — аспанда емес, жерде
жұмақ орната алады!
Дәл осы Жаңа заманда ашылған философиялық
идеялар мен ғылыми жаңалықтардың арқасында
парадигмалардың алмасуы іске асады: бұдан
былай табиғат пен заттар әлемі объектіге,
ал адамның өзі субъектіге айналады. Жаңа
заманда тілдің стратегиясында да өзгерістер
болып, терминологияны «пайдаланудың»
жаңа тәсілі пайда болады. Және бұл тілдің
жаңа стратегиясы жаңа философиялық стратегияның
нәтижесі болып табылады. Бэконнан Декартқа
дейінгі, Лоқктан Кантқа дейінгі Жаңа
заман философтары жаңа философиялық
стратегия ретінде эпистемологияны қалыптастырды.
Жаңа заман философиясы алдыңғылармен
салыстырғанда субъективтіліктің философиясы
болып қалыптасты. Егер Бэкон индуктивті
әдісті идолдарды игеру және ақиқатқа
жету әдісі деп санаса, Декарт адамның
құралы кумән деп есептеді, ал Локк индивидуалды
тәжірибе мен ақыл әрекетіне басымдылық
береді. Жаңа философиялық стратегияның
жалпы түпкі бастауы субъект ретіндегі
адам болып саналады.
Адамды субъект ретінде қарастырып, ал
табиғатты адам эксплуатациясының (қанауының)
объекті деп қарастыратын жаңа философиялық
парадигма ғылыми әдістерді қолдануға
мүдделі болды. Зандылықтар мен себептік
байланыстарды түсіндіру үшін ғылыми
өдістерді пайдалану адамға объекттің
үстінен билік жүргізуге мүмкіндік береді.
Адам енді отбасымен, мемлекетпен және
логоспен үйлесімді өмір сүретін қарапайым
емес. Адам енді ғылыми білімнің көмегімен
универсум объектілеріне билігін бекітетін
субъект. Осыған байланысты Жаңа замандағы
философиялық тайталастардың ең өзекті
мәселелері мыналар: білімнің қайнар көзі
мәселесі, айқындықтың критерийі (өлшемі).
Егер рационалистер (Р.Декарт, Лейбниц,
Спиноза) «айқындықты» рационалды интуиция
арқылы өзінен-өзі көрнекіліктен көрсе,
ал эмпиристер (Локк, Юмжәне т.б.) «айқындыққа»
бақылау арқылы, «эмпирикалық тексеру»
арқылы жетуге болады деп есептейді. Жаңа
заман философтары арасында пікірталас
туғызған келесі маңызды сұрақ — субстанция,
оның атрибуттары мен акциденциялары
мәселесі болды. Спинозаның пікірінше,
субстанция өз-өзіне себеп болып табылады.
Субстанция Құдай да, табиғат та. Субстанция
танушы адамның алдында ара қашықтық ретінде
және ойлау ретінде көрінеді. Субстанция
өзін өте шексіз көптеген тәсілдер ішінде
осы екі тәсілмен көрсете алады. Г.Лейбництің
Спинозадан ерекшелігі, ол базистік элемент
ретінде монаданы мойындайды, олардың
синтезі мен бірігуінен Ғалам құралады.
Т.Гоббс барлық мәнділіктің себебі ретінде
материяны мойындайды, оның кеңістік пен
уақыттағы қозғалысы нәтижесінде табиғи
әлемнің барлық алуан түрлілігі пайда
болады. Бұл идеяны сонымен қатар Гельвеций,
Гольбах, Ламетри сияқты философтар да
қолдады. Ал Р. Декарттың бұлардан айырмашылығы,
ол Құдайдан өзге созылмалы болмысты да
(материя), ойлаушы болмысты да мойындайды.
Беркли өзінің «өмір сүру, демек қабылдану»
деген методологиялық принципіне сәйкес
жалғыз өмір сүретін Құдай деп есептейді.
Барлық нәрселерді қолдайтын да Құдай.
Философтың пайымдауынша барлық заттардың
өмір сүруі Құдаймен қабылдануы арқасында
ғана. Құдай барлық нәрсенің себебі ретінде
тәжірибенің реттелуі мен тәртіптілігін
қамтамасыз етеді. Тәжірибе арқылы барлық
заттардың нақтылығы беріледі. Берклидің
тұжырымдауынша, осылай Құдай жаратушы,
сақтаушы және сыйлаушы болып табылады,
өйткені әлемдегі барлық нәрсе жалғыз
соның арқасында ғана өмір сүреді, бір-бірімен
байланысады.
Берклидің ізінше Юм материяны субстанция
ретінде қарастыру идеясын да, рухани
(ментальдық) субстанция туралы идеяны
да сынға алады. Юм бойынша, өмір сүретін
барлық нәрсе сезім органдары арқылы ассоциацияға
және тәжірибеге берілуі мүмкін. Юм субстанция
туралы идеяны, жаратылыстану ғылымындағы
«меннің» себептілігін артық деп есептеді,
ғылым үшін тәжірибенің мәліметі маңызды.
Сонымен Юм әлемдегі барлық білім тәжірибеден
алынады деп, туа бітті идеялары мен априорлық
ықтималдықтарға қарсы индукцияның рөлін
теріске шығарады. Юм дұрыс ақылдың танымда
да, моральда да, саясатта да маңыздылығын
көрсетті.
Субстанция мәселесі төңірегіндегі пікірталастар
тек философиялық рефлексия нәтижесі
ғана емес, сонымен қатар еуропалық адамның
нақты практикалық әрекетінің теориялық-абстракциялық
бейнесі де болып табылады. Себебі, ол
ғылыми білімнің мәліметіне сүйеніп, әлемнен
үстемдігіне ғана сеніп қоймай, қоршаған
орта белгісіз тылсым күштің ықпалымен
емес, өз заңдылықтарымен өмір сүретіні
туралы білімге сүйене отырып, өзінің
нақты практикалық әрекетіне де сенуі
тиіс. Бұл сенім барлық жүзеге асатын нәрсенің
материалдығы, оның себептілігі мен кұрылымдылығы,
шексіздігі мен мәңгілігі туралы біліммен
бекітілуі тиіс. Материяның барлық мәнділік
субстанциясы, жалғыз себебі екені, адам
мен қоғам өмір сүруінің қажетті шарты
ретінде әлемнің, географиялық, табиғи
ортаның материалды екендігін негіздеуге
ағартушылық дәуірдің ойшылдары да үлес
қосты.
Ағартушылық дәуірі Еуропаның мәдени
дамуына үлкен ықпалын тигізді. Ағартушылық
идеялары шенеуніктер мен буржуазияның
санасында және ойында, әрекетінде берік
сақталып қалды. Ағартушылық идеялары
Батыс Еуропаның университеттерінің өміріндегі
белсенділіктің артуына, неміс мәдениетінің
жоғары өрлеуіне ықпалын тигізді.
- XVIII ғасырдағы Еуропалық мәдениет
XVIII ғасырдағы Франция мемлекеті
Еуропаның рухани өмірінің
- Белгілі жаңа заман философтары
Көне заман мен жаңа заманның
арасында қаншама уақыт өтсе
де олардың өзара сабақтастығы
өмірлік сипат алды. Ойымыз дәлелді
болу үшін, ғылым саласындағы
әр заман өкілдерінің бізді
қоршаған дүние жайындағы ой-
- Готфрид Вильгельм Лейбниц
Готфрид Вильгельм Лейбниц (1646-1716) - неміс философы және ғалымы, жаңа заман философиясының рационолистік дәстүрінің жалғастырушысы. Ол болмыстың мәнін ашуға талпынды. Оның пікірінше, болмыс ұсак ерекше рухани бөлшектер - монадалардан тұрады. Монадалар - болмыстың алғашкы элементтері, атомдар. Лейбниц өткен философияның маңызды нәтижелерін жаңа ғылыми білімдерімен өзі ұсынған. Методологиямен сәйкестендіруге талпынды.
- Гоббс Томас
Гоббс Томас (1588-1679) - ағылшын философы және саяси ойшылы. Гоббс мемлекетті
«жасанды дене», құдайдың орнатуы емес,
адамзаттың іс-әрекетінің нәтижесі деп
анықтаған. Философтың ойынша мемлекет
адамдар бытыраңкы өмір сүрген және «барлығының
барлығына қарсы соғысы» жағдайында болған
«табиғи» күйден қоғамдық келісімге келу
негізінде пайда болды. Қоғамдық келісім
нәтижесінде өз еркіндігін ерікті түрде
шектеген жеке азаматтардың құқығы бейбітшілікті
сақтау және азаматтарды қорғау функциясы
берілген мемлекет басшысына немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Гоббстын ойынша, қоғамдық келісім бір уақытта мемлекеттің
және қоғамның пайда болуына әкеп соғады.
Гоббс Томастың негізгі еңбектері "Азамат
туралы ілімнің философиялық бастауы",
"Левиафан, әлде материя, шіркеулік
және азаматтық мемлекеттік билік, оның
түрлері".Гоббс Томас өзінің ілімінің
негізіне жеке адамның жаратылысы туралы
белгілі бір кәзқарастарды алды. Туа бітті,
жаратылысында адамдардың ойлау қабілеті
де, шынығуы да бірдей деп есептейді. Сондықтан
барлығы "бәріне құқылы". Бір жағынан,
адам өте өзімшіл, оған қорқыныш, іштарлық
сияқты қасиеттер де тән. Адамды тек қызғаншақтар,
жаулар қоршайды. "Адам адамға қасқыр"
принципін негіздеді. Осыдан келіп қоғамда
соғыстар туындайды. Бірақ мүндай соғыстар
кезінде "бәріне құқылы болу" деген
- ешнәрсеге ешқандай құқы жоқ деген сөз.
Мінеки, осы жағдайды Гоббс Томас "адамдардың
жаратылысы немесе табиғи жағдайы"
деп анықтаған. Адамдарға күшпен қатар,
өлім қатері мен өзінөзі қорғау қасиеттері де берілген.
Ең маңызды жаратылыс заңы:
- бейбітшілікке үмтылу;
- бейбітшілік мүдцесі мен өзін-өзі қорғау, қажет етсе, әркім өзінің қүқынан қажетті түрғыдан бас тартуы қажет;
- адамдар өздері келіскен келісімді орындаулары керек.
Жалпы Гоббс Томас 16 заң ұсынды. Олардың барлығының түйіні: «өзіңе тілемейтінді, өзгеге істеме». Гоббс Томас тұжырымы бойынша келісім мен алмасу - адам қоғамындағы бейбітшілікті орнатудың шарттары.Құқық пен заң мәселелерін бөліп қарастырған. Құқық ол үшін бір нәрсені істеуге немесе істемеуге еркіндік, ал заң бір нәрсені істеуге немесе істемеу үшін жазылған.Жаратылыс заңдары жеке адамдардың орындауларын талап ете алмайды. Оны орындататын тек қана күш. Шексіз мемлекеттік билік - мінеки, осы бейбітшілік пен жаратылыс заңдарының орындалу кепілі. Егер жаратылыс заңдары адамдардың ақылдылығына байланысты болса, азаматтық күшке байланысты. Мемлекет адамдардың "барлығына қарсы соғыстарды" жою үшін бірігуі тиіс деп санады. Олар өзара келісім бойынша жоғары билікті бір адамға береді. Гоббс Томас шексіз билік, суверен билігін жақтады.
- Локк Джон
Локк Джон (29.8.1632, Рингтон — 28.10.1704, Отс) — ағылшын философы.
Локк философия тарихында танымның эмпирик.
(тәжирибелік) теориясы мен либерализмнің идеялық-саяси негізін жасады.
Локктың көзқарастарына П. Гассендидің, Р. Бойль мен И. Ньютонның идеялары ықпал етті. Оның “Адам
ақыл-ойының тәжірибесі туралы” (1690) деген
еңбегінде философия тарихында алғаш
рет таным теориясының жүйеге келген негізі
көрсетілді. Локк философиясында адамның
ақылы, зердесі зерттеудің негізгі нысанасына
алынды, ақылдың мүмкіндігі, қабілеті
қарастырылып, оны пайдалану қажеттілігі
айтылды. Р. Декарттың білім “туа пайда болады”
деген идеясын сынай отырып, “сезімде
жоқ нәрсе ақылда болуы мүмкін емес” деп,
эмпирик. таным әдісін ұсынады. Адамның
жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі
түсіріп, жазу жазатын сыртқы дүние. Сыртқы
дүние сезім мүшелері арқылы бізге әсер
етіп, білім береді деп санады. Білімнің
негізі тәжірибеде жатыр деген Локк көзқарасы Бэкон философиясынан басталатын
эмпирик. бағыттың сара жолы еді. Локк
философиясы зердені тек ақылдың деңгейінде,
яғни алған білімдерді жинақтайтын қызмет
түрінде ғана бейнелейді. Оның ойынша
зерде (оны Локк ақыл дейді) — жан қабілетінің
ең жоғарғы сатысы. Оның әрбір қадамы білімге
әкеліп, белгілі бір жаңалықтар ашып отырады.
Мұндай ойлау процесінің қабілеті ақиқатты
тауып зерттеуге бағытталады. Локк зерде
мен әдістің өзара байланысын ашпақшы
болып, олардың өзара ұқсастығын (білім
мен пікірдің байланысын) көз алдына елестетеді.
Егер ақыл ойлау қабілетінің сатысы ретінде
білім алуға жол ашса, әдіс ақыл арқылы
идеяларға ие болуға мүмкіндік береді.
Локк сыртқы дүние бізге түйсіктер арқылы
беріледі деген таным теориясында жаңа,
тың пікір айтты. Ол түйсіктерді сыртқы
және ішкі деп екіге бөледі. Сыртқы дүние
адамның сезім мүшелеріне әсер ететін
түйсіктердің сапаларын, ал оның ішкі
дүниесіне әсер ететін түйсіктер эмоциясын, сезімін тудырады. Локк түйсіктер
идеясын әрі қарай дамытып, солар арқылы
келетін сапаларды жан-жақты зерттеп,
терең талдайды. Локктың сапаларды бір-бірінен
айырып, оның объективті және субъективті жақтарын қарама-қарсы қоюы
философия тарихында жаңа ағымның — субъективті
философияның пайда болуына әкелді. Локктың
пайымға сүйенген философиясы зерделік
ойда жіберген қателіктерді айқын көре
білді.
Білімнің көзі — тәжірибеде деген эмпирик.
көзқарасты дамыта отырып, Локк ешқандай
да туа пайда болатын білімдердің болмайтынын
анықтады. Ол өзінің шығармаларында адамның
қабілеті туа пайда болады деген көзқарасты
да негізсіз деп тапты. Локктың әлеуметтік-саяси
қөзқарастары философия тарихында өшпес
із қалдырды. Мемлекет, билік және құқық
туралы ілімдерінде мемлекетті басқару
реформаларын жүргізу идеясын ұсынды.
Мемлекеттің міндеті, Локк бойынша, еңбек
арқылы алынған бостандық пен меншікті
сақтау. Оның пікірі бойынша, билік заң
шығарушы, атқарушы және одақтық, федерация болып бөлінеді. Локктың әлеуметтік-саяси
қөзқарастары француз ойшылдарына, жалпы саяси ой-пікірлердің
дамуына зор әсер етті.
- Спиноза
Спиноза (Spіnoza), Бенедикт (Барух) (24.11.1632, Амстердам, – 21.2.1677, Гаага) – материалистік, пантеистік көзқарастағы Нидерланд философы. Спинозаның философиялық көзқарасы ең алдымен ортағасырлық еврей философиясының (Маймонид, Крескас) ықпалында қалыптаса бастағанымен Дж. Бруноның пантеистік-материалистік көзқарасын, Декарттың рационалистік методын, Т.Гоббстың философиясын игеруі оның пантеистік-материалистік көзқарасқа көшуіне себеп болды. Ол пантеистік дәстүрдегі табиғат пен Құдай біртұтас субстанция деген қағиданы өзінің онтологиясына негіз етіп алды. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Спиноза діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарып, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады. Ол өзінің пантеистік метафизикасы мен соған негізделген этикасын нағыз дін деп жариялады.
- Гроций Гуго
Гроций Гуго (1583-1645) - 90-нан астам мемлекет пен қүқық тарихы теориясына арнаған еңбектері бар. Заң мәні, Гуго Гроцийдің пікірінше, қүқық пен әділеттілік мәселелері; ал саяси ғылым мәні пайда мен дұрыстылық.
- Мемлекет - ерікті адамдардың жетілген одағы, қүқықтарды және ортақ пайданы іске асыру үшін жасалған. Мемлекетке дейінгі кезең табиғи жағдай деп сипатталады. Яғни, бүл кезеңде жеке меншік болмағанда, адамдар "үлы қарапайымдылықта" өмір сүрген, "мүлік ортақ" болған.
- Әлеуметтік түрғыдан мемлекет - көпшіліктің азшылыққа қарсы келісімі, әлсіздер мен қаналушылардың әлділер мен күштілерге қарсы одағы.
- Жоғарғы билік мәні - бүл биліктің қызметі басқа билікке бағынбайды және басқа биліктің шешімі бойынша өзгеруі мүмкін емес. Сонымен, жоғары билік деп егеменді билік түсіндірілген.
- Жоғарғы биліктің жалпы әкілі - бүтіндей мемлекет, ал іс жүзінде іске асырушы бір немесе бірнеше адам болуы мүмкін. Бүл эр халықтың қалыптасқан заңына байланысты болады.
- Егемендік - мемлекеттің ерекше белгісі. Мемлекетті басқару түрлерін патшалық билік, белгілі ақсүйектердің билігі, ерікті азаматтардың қауымы, демократиялық республика деп жіктеген.
Жалпы Гуго Гроций басқару түрлеріне аса мән бермеген. Ол қандай басқару болса да адамдардың еркі қалай іске асады соған қарап бағалануы керектігін кәрсеткен. Бірақ соған қарамастан тирандық билікті қолдамаған, ал жеке адамның билігі мен аристократиялық билікті оң, дүрыс деп таныған.
- Қазақстандағы жаңа заман философы – Досмұхаммед Кішібеков
Ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас
дегендей, ойшыл, еліміздің білікті
азаматы, Қазақстан Республикасының
Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері,
Ұлттық Ғылым Академиясының академигі,
философия ғылымдарының докторы, профессор
Досмұхамед Кішібеков Қазақстандағы
философия ғылымының бастауында
тұрған ақсақалы. Өмірінде жарқын мінезді,
адамгершілігі мол азамат.
Бүгін Досмұхамед Кішібекұлы үлкен ғылыми
нәтижеге жетсе де өмірі шығармашылық
идеялар мен ізденістерге толы. Ол ғылыми
және педагогикалық істің ең жоғарғы деңгейіне
жетті, мыңдаған студент, магистрант, аспиранттарды
оқытып ізбасарларын даярлады.
Бармақтай бақты ұстап тұру үшін, батпандай
салмақ керек дегендей Досмұхамед Кішібекұлы
философияның ұлы ұстазы, педагог болып
өмірге қосылды, бүгінгі күнге дейін осы
жолда. Ол қазір Қаныш Сәтбаев атындағы
ҚазҰТУ-дың Қоғамдық пәндер кафедрасынын
профессоры. Алпыс жылдан астам уақыттан
бері студент, магистрант, аспирант, докторанттарға
дәріс оқуда. Сабақ беру және ғылыммен
айналысу Досмұхамед Кішібекұлының мақсаты
мен мұраты.
Ол Қазақ политехникалық институтында
(қазір Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ) 32
жыл үзіліссіз философия кафедрасын басқарды.
Осы жылдар аралығында қызықты және тартымды
әдістер арқылы өзінің терең білімділігін
көрсете біледі, сабақтары жоғарғы дәрежедегі
идеологиялық-теориялық мазмұнымен, әртүрлі
білім беру тәсілдерімен ерекшеленеді.
Отанының шын жүректі патриоты, ірі идеологі
ретінде ғылым және тәрбиелік жұмыстар
жүргізеді.
Білімнің бас құралы – кітап. Досмұхамед
Кішібекұлының 700-ден астам ғылыми жұмыстары
жарыққа шықты, олардың 50-ден астамы монографиялар
Олардың арасында «Қазақ менталитеті;
кеше, бүгін, ертең», «Мәдениет және өркениет»,
«Ұлттық идея мен идеология», «Тарих философиясы
және бүгінгі заман», «Сөйлеу мен жазу»,
«Идея шығармашылықтың бастауы ретінде»,
«Тәуелсіздік философиясы» – т.б. еңбектері
бар. Бұл еңбектердің кез-келгені философиялық
ойдың биік деңгейін көрсетеді. Ол қоғамда
тұрақтылық, идеялық-теориялық бірлік,
елде мол байлыкпен прогресс болуы үшін
өз ойын ашық айтып оның теориялық негіздерін
қалыптастырды. Осы тұрғыдан алғанда ол
мемлекетшіл. Елге керек деп санағанын
мүмкіндігінше қорғаштап өз борышын тиянақты
орындайды, жеке бастың пайдасы үшін ешкімге
жағымпазданбады. Досмұхамед Кішібекұлы
терең теоретик, ғылымның тазалығы үшін
күресуден жалықпайды, әріптестерінің
қисық ұстанымдарын ешбір зілсіз түзетіп
отырады.
Досмұхамед Кішібекұлының жуырда «Тәуелсіздік
философиясы» деген жаңа кітабы шықты.
Кітап әркімге де түсінікті қарапайым
тілмен жазылып тәуелсіздікке байланысты
терең философиялық ойларды қамтиды. Автор
«тәуелсіздік» ұғымын, оның диалектикасын
анықтаудан бастап біртіндеп мәселенің
тұңғиығына енді, материалды нақты түсінуге
көмектесетін маңызды философиялық, тарихи,
әдеби, таза өмірлік көрнекті мысалдармен
толықтырады.
Ол ыстық сезімен шынайы тәуелсіздік алған
бүгінгі күнімізді жазады. Біз өзіміздің
биік жүйемізді, үкіметімізді құрдық.
Мемлекетіміздің әлем елдерінің қатарына
қосылуына Президент Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың үлесі зор болды. Егеменді,
тәуелсіз мемлекет ретінде
БҰҰ-ның мүшелігіне өттік, шет елдерде
елшіліктерімізді аштық, өзге елдерге
біздің егемендігімізді танып, өз дипломатиялық
өкілеттіктерін ашты. Осындай табыстарымызды
нақты, объективті мысалдар арқылы дәлелдеп,
бұрынғы одақ кезіндегі тәуелсізддігіміздің
жалған болмысын көрсетіп берді.
Досмұхамед Кішібекұлы өз зерттеуінде
қарастырылатын мәселелерді сүреттеп
қана қоймай, талдайды, өзіндік қортындылар
жасайды – оның еңбегінің аса ерекшелігі
мен құндылығы да осында. Сөзіміз жалған
болмау үшін мысалдар келтірейік. Автор
дүниеде абсолюттік мызғымайтын тәуелсіздік
те, сол сияқты тәуелділік те жоқ дейді.
Бұл екі ұғым ажырамас бірлікте. Тек тәуелсіздікке
немесе тәуелділікке көңіл аударғандар
көп қателеседі. Бұлардың осы байланысындағы
ең басты сұрақ – қайсысы қайсысынан басымдырақ.
Егер ел тәуелсіз саналса олардың диалектикасында
тәуелсіздік категориясы тәуелділіктен
басым болуы тиіс. Тәуелсіздік – абстрактілі
емес, нақты сипаттағы категория. Елдің
шынайы тәуелсіздігі үшін тәуелсіздік
– стратегия, тәуелділік – тактика. Стратегия
өзгермейді, ал тактика – өзгермелі, ол
стратегияға көмектесуі тиіс. Тәуелсіздік
пен тәуелділіктің диалектикасы осы. Тек
бір құдай ғана ешнәрседен және ешкімге
тәуелді емес. Бұл ойды алғашқы рет профессор
Д. Кішібековтың жұмысында беріліп отыр,
сондықтанда біз оны жаңалығы деп санаймыз.
Автор өз еңбегін кеңестік құрылымда Қазақстан
тәуелсіз республика болды ма – деген
сұрақтан бастайды?
Автор сұрақ бере отырып оған толықтай
объективті және дәлелді жауап береді.
Ол Қазақстанның Одақ республикасы ретінде
рөлін кемітпейді. Мынандай мысалдар келтіреді
– Қазақстанда 50 млн. мал болды (қой, жылқы,
түйе, сиыр), жылда миллиард пұттай егін
жиналды. Республикада мәдени революция
өтті, білімсіздік жойылды, театр, жоғарғы
оқу орындары, ғылым академиясы мен оның
институттары құрылды. Қазақстанның Конституциясы,
Мемлекеттік белгілері (елтаңба, ту, әнұран)
болды. Республиканың барлық өмірін Коммунистік
партия басқарды. Ол экономика, мәдениет,
білім, ғылым дамуын бағыттап отырды, басшы
тұлғаларды тағайындау, ауыстыру, орнынан
алу, алмастыруды іске асырды; бүкіл идеологиялық
жұмыс Коммунистік партияның қолында
болды.
Одақтың жоғарғы кеңесіне Қазақстан депутаттары
да қатысты. Бірақ осыған қарамастан, автордың
әділ айтқанындай, республиканың егемендігі,
тәуелсіздігі формальдық сипатта болды.
Қазақстанның шет елдерде дипломатиялық
өкілеттігі болмады, басқа елдермен келісім
жасау құқығы жоқ еді. Бұлар одақтың орталық
үкіметінің ісі болатын. Сондықтан әлем
Қазақстан туралы ештене білмеді.
Досмұхамед Кішібекұлының өмірі күрделі
және өте қызықты. Әр істе ол алғашқылардың
бірі саналады. Кеңес армиясында болды,
Ұлы Отан соғысының ардагері. 1943-1945 жж.
Серов атындағы Ботай соғыс-авиация ұшқыштар
училишесінде ұшқыш-истребитель болып
оқыды, 18 жасында аспанда әртүрлі вираждар
орындады. Ол қазіргі күнге дейін көк аспанға
қарап өз ұшағындағы штурвалды, оны еркін
бағындыратын өз істерін жиі еске түсіреді.
Ол алғашқы қазақ-аспиранттарының бірі
болды. «Қала мен ауыл арасындағы қайшылықты
жою» деген философиялық тақырыпта кандидаттық
диссертация жазып, қорғады. Ғылыми жетекшісі
философия институтының академигі Глезерман
Григорий Ефимович болды.
Диссертациясын қорғағаннан кейін ол
Қазақстанның Ғылым Академиясына жолдама
алды. Республиканың философия мектебінің
негізін салды. Ол басқарған бөлімде кіші
ғылыми қызметкер болып А. Қасымжанов,
М. Абдилдин, К. Рахматуллин т. б істеді,
кейін олардың да философиялық мектептері
ашылды.
Досмұхамед Кішібекұлы философия ғылымдарының
алғашқы кандидаттарының бірі болумен
қатар алғашқы докторларының да бірі.
1967 жылдан профессор. Бұл кезде елімізде
идеологтар таршылығы сезілетін 1972 жылы
ҚР ҒА корреспонденті – мүшесі, 2003 ж. Қазақстан
Республикасынын Ұлттық Білім Академиясының
академигі болып сайланды. Ширек ғасыр
бойы Бүкілодақтық «Білім» қоғамының
Басқарма мүшесі болды. Насихат жұмысындағы
белсенділігі үшін бірнеше рет шетелдерге
сапарларға шықты. Хиросима, Сорбона.,
Колумбия университеттерде дәріс оқыды.
Бүкілодақтық «Білім» қоғамының жоғарғы
құрметі – «академик С. И. Вавилов» медалімен
марапатталды.
Қоғамдық пәндер кафедра меңгерушілерінің
Бүкілодақтық мәжілістерінің бәріне қатысып
өз тәжірибелерімен алмасты. 1971 ж. Мәжіліс
Президиумына сайланды. 1976 ж. Бүкілодақтың
Мәжілісте Үлкен Кремль Сарайының трибунасынан
сөз сөйледі. 1974 жылы Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңес Президиумының Жарлығымен Досмүхамед
Кішібековке «Қазақ КСР Жоғарғы мектебінің
«еңбегі сіңген қызметкері» құрметті
атағы берілді. 1985 ж. «Халықтар достығы»
орденімен марапатталды.
Бүгінгі күнде ол ҚазҰТУ Қоғамдық пәндер
кафедрасының профессоры. Студенттерге,
аспиранттарға, қазір магистранттарға
дәріс оқиды.
Қазақ мақалында айткандай, ұстазыңды
ұлы әкеңдей сыйла дегендей, біз, Досмұхамед
Кішібекұлының әріптестері мен достары,
ол кісімен Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақтың
Ұлттық техникалы университетінде қызметтес
болған бақытты жылдарымыз үшін тағдырға
рахметімізді айтамыз. Шығармашылық өмірін
философияның тарих пен мәдениетіне, қазақтың
салт-дәстүрін терең зерттеулерге арнаған
ол халқын шын жүрегімен сүйді.
Жаңа көзқарас
әлемді біртұтас дүние ретінде тануға,
дүниенің барлық салаларын жан-жақты қамтуға
әрекет етті. Табиғатты толық тануға ұмтылған
бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа заман
ойшылдарының діни-мистикалық қапастан
шыққаннан кейінгі еркіндік аңсаған армандарының
орындалуы еді. Дүние кең байтақ, ұшы-қиыры
жоқ, оны танитын, оның сырын ашатын табиғаттың
нәрестесі (құдайдың жаратқан құлы емес)
— адам. Ол бүкіл дүниені тануға және игеруге
ұмтылды.
Адам орта ғасырлық, қаратүнек қараңғылықтан,
шырмаудан босанып шығысымен ендігі жерде
тек өзіне ғана сенді. Ол өзінің еркіндігін
және күшін танып, өз ісін қызметінен әділеттілік
пен зерделілікті көрді.
Жаңа дәуір өндіргіш
күштердің ерекше қарқынмен дамуына кеңінен
жол ашты. Өндіргіш күшке айнала бастаған
ғылым мен техниканың өркендеуі бірте-бірте
жаңа философиялық және ғылыми танымды
қажет етті. Сондықтан да жаңа дәуір ойшылдары
таным процесіне, табиғатты тануға ерекше
назар аударып, ғылыми танымның негізін
қалыптастыруға кірісті. Ең алдымен танымның
жалпы әдісі, сонымен бірге жекелеген
ғылымдардың саласындағы әдістер пайда
бола бастады.
Жаратылыстану саласының дамуы қоғам
алдына қойылған мақсатқа сәйкес келді.
Өйткені, бұл көзқарас философияны жаратылыстану
ғылымының жетегіне іліктірді.
Дегенмен, даму процесі диалектикалық
жолмен жүреді. Жаңа дәуірдегі ғылымның,
яғни жаратылыстану ғылымының дамуы сол
кездегі философияның өркендеуіне ішкі
мазмұны жағынан өзара сәйкес келді.
Оларды біріктірген жалпыға
бірдей әдіс — метафизикалық, механикалық
әдіс болды. Бұл әдіс, ең алдымен, сол кездегі
ғылымның дамуына байланысты шықты.
Ғылым бұрынғы шашылған ұсақ-түйек ілімдерден
бір арнаға жинақталған жүйеге айналуды
қажет етті. Сондықтан ғылым білімдер
жүйесіне айналды. Сонымен қатар ғылымдардың
жекелеген таным тәсілдері философияға
да тән әрі ортақ болып шықты.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006.
- Мәдениеттану: жоғарғы оқу орнындары мен колледж студенттеріне арнлған оқулық. Алматы: Раритет, 2005.- 416 бет.
- Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

- Жаңа заман кезіндегі ғылым философиясы
- Жаңа заман рационализм ерекшеліктері
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа заман философиясы
- Жаңа Германияның әкесі-Конрад Аденауэр
- Жаңа дәуірдегі психологияның дамуы. ХУІІ ғасырдағы Европалық психология
- Жаңа дәуір философиясы
- Жаңа дәуір философиясы
- Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық
- Жаңа заман
- Жаңа замандағы әлеуметтік ойлардың даму тарихы