Жаңа Германияның әкесі-Конрад Аденауэр

ҚР БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л. Н. Гумилев  атындағы ЕҰУ

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Жаңа Германияның әкесі-Конрад Аденауэр»

 

 

 

 

 

 

                                                                     Орындаған: Д. А. Кабдушева

Қабылдаған: Ж. Ә. Каринбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана, 2012ж.

 

Жоспар

Кіріспе............................................................................................................3

І Герман Федеративті Республикасының алғаш канцлері Конрад Аденауэрдың саяси билікке жету жолы.........................................................................................................................4

1.1Болашақ канцлердің балалық шағы мен жастық кезеңі.......................4

1.2 Конрад Аденауэрдың обер-бургомистр лауазымына ие болуы;

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия...................................................................................................................5

ІІ  Жаңа Германияның әкесі – Конрад Аденуаэр..................................................................................................................9

2.1 Германияны қалпына келтіру саясаты..................................................9

2.2 «Аденауэр дәуірінің» орнауы. Жаңа Еуропадағы Жаңа Германия.................................................................................................................10

Қорытынды................................................................................................15

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереки көздер тізімі........................16

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

1949-1955 жж. арасында  Батыс Германия басынан өткерген  оқиғаларға сараптама жасар алдында  осы кезеңде  Европадағы және  жалпы бүкіл жер шарындағы  саяси даму аспектілерін зерттеп, ескеру қажеттілігін ұмытпауымыз қажет. Бұл Германияның, соның ішінде Батыс Германияның соғыстан кейінгі әлемде алатын орны мен рөлін анықтауда өз септігін тигізеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі – ол антигитлерлік  коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңуі болды. Бірақ соғыс аяқталысымен, әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып, әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған, әрі күшейтілген еді, ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды. Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты. Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті. Көптеген елдердің қарапайым адамдары мен саясаткерлері жаңа дүниежүзілік соғысқа ену қаупінен қорқып, бейбітшілікті армандады. Бүкіл Жер шарында бейбітшілік, бірлік пен татуластық сақтауға деген құлшыныс орнайды.[5]

Бұл дәстүрлі жаңа халықаралық ахуал Батыс Германияның  жағдайына да өз ықпалын жүргізеді.

Герман Федеративті  Республикасының федералды канцлері Аденауэр билік басындағы 1949-1963 жылдар аралығында  өзі жеке басымен Германияда сол кезде жүргізіліп жатқан сыртқы және ішкі саясатына («канцлерлік демократия») орасан зор үлесін қосқан. Оның ең басты мақсаты бостандық пен бейбітшілік негізінде Германияның бірігуі еді.

Өзінің ұзын 91-жылдық өмірінде Аденауэр үш неміс мемлекеттерінің күйреуіне тап болады:  1918 жылы Вильгельм ІІ империясы (48 жыл бойы билікте болған ), 1933 ж. Веймар Республикасы (15 жыл өмір сүрген) және 1945ж. ұлттық «Мыңжылдық рейх» үкіметі (12 жыл билікте болған). 1949 Аденауэр ХХ ғасырдағы төртінші неміс мемлекеті— Герман Федеративті Республикасын құрады. Бұл мемлекет жарты ғасырдан артық билік басында және өзінің ізашарлары секілді тағдырды бастан кешірмейтініне ешбір күмән жоқ деп айтуға әбден болады. [4] Аденауэр және оның мұрагерлері өткен ғасырдың жартысынан артық бүкіл дүниежүзіне зор қауіп төндіруші ел ретінде белгілі болған немістерге тағылған таңбаны өз халқының бетінен жоя алды.  Қазіргі таңдағы Федеративті Республика европалық және әлемдік қауымдастықтардың құрметті және тең құқылы мүшесі, тұрғындарын жоғары өмір сапасымен қамтамасыз ететін Европадағы ең қуатты мемлекеттердің бірі болып табылады.

 

І Герман Федеративті Республикасының алғаш  канцлері Конрад Аденауэрдың саяси  билікке жету жолы

 

1.1Болашақ  канцлердің балалық шағы мен жастық кезеңі

 

Конрад Аденауэр, толық аты Конрад-Генрих-Йозеф, 1876 жылы 5 қаңтар күні Германияның ірі индустриалды орталығы Рейн облысының Кёльн қаласында дүниеге келген. Конрад Кёльн қалалық сотының хатшысы Иоганн-Конрад Аденауэр отбасында дүниеге келген. Отбасында үшінші бала болды, одан кейін екі қарындасы өмір есігін ашады. [3]

Әкесі Иоганн-Конрад Аденауэр өмірінде көп қиындықтарға тап болады, бірақ ешқашан мойымай, барлық қиыншылықтарға төтеп бере алады. «Бұл адам қатаң, онша сүйкімді емес, бірақ өте жауапкершіл және адал ниетті болған», - деп Аденауэрдың әкесіне оның әріптестерінің бірі баға береді. Иоганн өз отбасында да абсолютті «монарх» лауазымы қызметін атқарған. Жалақысы жоғары болмаған, ешқандай қосымша табыстар алмайтын, сондықтан әйелі мен бес баласын қамтамасыз ету қиынға соғады. Аденауэрдың әкесі отбасын қатаң тәртіппен ұстаған, еңбекке баулитын, жұмасына бірнеше рет отбасы шіркеуге баратын және әрдайым үйлерінде әр таңғы, түскі, кешкі астарын дұға оқудан бастайтын. Конрад Аденауэрдың өмірін зерттеушілер болашақ канцлердің сәби және жастық кездерінде тұлға болып қалыптасуына оның әкесі зор ықпалын тигізген деген бекем ойға келеді. Бірнеше мыңжылдықтар бойы, Конрадтың өз өліміне дейін бөлмесінде әкесінің суреті әрдайым ілініп тұратын. [2]

1885 жылы Конрад өзінің туған қаласындағы Қасиетті Апостолдар гимназиясына оқуға түседі.  Мектепте жақсы көрсеткіштер көрсетіп, жақсы оқуға тырысқан,  тоғыз жыл бойы сыныптың ең күшті дегендердің алтылығына кіретін, бірақ ешқашан бірінші болмаған. [2]

1894 жылы гимназияны бітірісімен, Конрад университетке түсіп, оқуын жалғастырмайды. Себебі, сол кезде Конрадтың екі ағалары жоғары оқу орнында студент болып жүрген, үшінші баланы оқыту үшін отбасының ақшасы жетпейтін. Әкесі Конрадты Кельн қаласындағы сыйлы отбасылардың бірі Зелигмановтардың банк үйіне жұмысқа орналастырады. Алайда Конрад екі жұма ғана жұмыс істейді. Ол әкесінен оқуын әрі қарай жалғастыруға рұқсат алады. Екі жарым жыл ішінде Конрад бесжылдық оқу курсын өтеді және «жақсы» деген орташа бағамен «юстицияның кіші кеңесшісі» деген атақ иеленіп, Бонн университетін аяқтайды. Білімін одан әрі жетілдіруге қаражат жетпейді. «Мен күні-түні жұмыс істеуге мәжбүр болдым, — деп кейін Аденауэр еске түсіреді. — Түнде қатты ұйқым келетін және ештене түсіне алмайтын жағдайларға дейін баратынмын. Басында ұйықтамау үшін кофе ішетінмін, бірақ тез арада кофе сатып алу үшін ақшам бітіп қалған. Сонда мен арзан әдіс тапқан едім — аяқ киімімді шешіп, аяғымды суық суға салатынмын. Ұйқым қашып, ары қарай оқи алатынмын». [2]

Бастапқы жылдары  Конрадтың мансапқа жету жолы сәтті өтпейді. Әскерге де қабылданбайды  — университетте Аденауэр созылмалы демікпемен ауырады, сол үшін қалған өмір бойы қиналған («ұйқымен күресудің арзан тәсілінің» тікелей қатысы да болған шығар). Сондықтан, жақсы мемлекеттік қызметке орналасуға екі жайт – әскерде борышын өтемегені және католик дінін ұстанғаны (әсіресе, халқының басым бөлігі протестанттар болып келген Пруссияға бұл мүлдем ұнамайтын) кедергі келтірген. [2]

Ешқандай жұмыс тәжірибесіз, ақшасыз, ешбіреудің көмегінсіз өзінің жеке адвокаттық машығын бастау мүмкін емес еді. Ұзақ төрт жылдар бойы –1897 жылдан 1901-ші жылға дейін Аденауэр әр түрлі соттар мен прокуратураларда стажер болып істейді. Осы жылдар бойы оған жалақы берілмеді және шын мәнісінде әкесінің мойнында отырды деуге болады. Ақырында 1901 жылы Конрадқа асессор атағын алу үшін емтиханға тапсыруға рұқсат беріледі де, ол емтиханда «орташа» деген баға алады (бұл католик үшін сол кезде әбден жақсы көрсеткіш болып табылады). Бірнеше айлар өткеннен кейін 1902 жылы 26 жастағы Аденауэр өмірінде алғаш жалақы төленетін жұмысқа – Кельн қаласының прокуратурасына қабылданады. Сол кезде ол Эмма Вейердан өзімен бірге тұрмыс құруды сұрайды. Эмма өз ризалығын білдіреді, алайда Эмманың ата-анасы қатаң қарсылықтарын танытады. Вейерлар отбасы қала ақсүйектеріне жататын. Олардың ойынша, қарапайым отбасынан щыққан, айына 100 марка ғана табыс алатын ұсақ прокуратура қызметшісінің Эмма үшін лайық жұп, жар болуы мүмкін емес еді. Дегенмен, бойжеткен Аденауэрдан басқа өзгелерге тұрмысқа шығуды қаламайтынын білдіргеннен кейін, ақырында Вейерлар өз ашуларын басады.  1904 жылы 26 қазан күні екі жұп некелерін қияды. [3]

 

1.2 Конрад  Аденауэрдың обер-бургомистр лауазымына  ие болуы; Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Германия

1906 жыл отыз жастағы Аденауэр үшін екіталай кезеңге айналады. 7 наурызда ол Кельн қаласының обер-бургомистрдің көмекшісі болып тағайындалады. Атағы зор болмағанына қарамастан, шын мәнісінде бұл өте жоғары қызмет еді — Аденауэр 12 қалалық министрлердің біріне айналады, салықтар салу және жинаумен айналысытын магистратты басқарады. Егер де прокуратурада ол жылына 1200 марка табатын болса, ендігі табысы 6000 марканы құрады. Бұл орынды жеңіп алғысы келгендердің саны өте көп болған, бірақ Аденауэр үшін  қалалық құрылтайдың 37 депутатынан  35-сі дауыс береді. Сайлауда жас заңгердің жеке қасиеттері ескерілмей, жиналысқа қатысушы екі басты фракциялар – Аденауэрді қолдаушы Каузеннің сөзі шешуші түйін атқаратын орталықтың католиктік Партиясы және жұбайы Эмманың туған ағасы Макс Вальраф басшылық еткен либералдар партиясы шешуші рөлді атқарды.   Орталық партиясы мен либералдар өз антогонизмдерін қоя тұрып, алғаш рет бір кандидатураны қолдайды. Салтанатты сайлаудан кейін үш күн өткесін Аденауэрдың әкесі қайтыс болар алдында соңғы аманатын айтып үлгереді – «Конрад, ұмытпа, сенің келесі мақсатын – обер-бургомистр болу». [4]

Конрад әкесінің тілегін орындау үшін бар күшін  жұмылдырады. Аденауэр өте көп жұмыс істейді — оның жұмыс күні таңғы 9-дан басталып, ең кемі кешкі 8-ге дейін, кейде түннің уағына дейін созылатын. Нәтижесі көп уақытты күттірмейді — келесі1907 жылы қалалық қаржы көп жылдардан бері алғаш рет дефицитсіз болып танылып, 1909 жылы 22 шілдеде Аденауэр обер-бургомистрдің бірінші көмекшісі болып тағайындалады. [4]

Аденауэр 1911 жылы жер учаскісін сатып алады да, үй салады. Үйіне анасы, қарындасы, жұбайы және үш баласы – Конрад, Макс және Мариямен қоныс тебеді. 1912 жылы Эмма күтпеген жерден обырмен ауырып қалады. Эмма көп бейнет көреді, 1916 жылы қазан айында 36 жасында дүниеден өтеді. [3]

Осыған дейін екі жыл  бұрын Бірінші дүниежүзілік соғыс  басталғаны бізге мәлім. Немістердің  басым көпшілігі, әсіресе, консервативті  бағыттағылар секілді Аденауэр да «немістер  мүдделерін қорғау», «немістердің күн астындағы өз орындарын алу құқығы» үшін жүрген соғысты қолдайды. Тек бірнеше жылдардан кейін ғана ол өзінің көзқарастарын мүлдем өзгертіп,  «Бірінші дүниежүзілік соғыс – жалпықоғамдық ақымақтылықтың жемісі» - деген ой білдіреді. Ал оған дейін Аденауэр «барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» қағидасына сүйеніп, аянбай еңбек етеді. Соғыс басталғаннан бірнеше айлар өтісімен, Германияда халықты азық – түлікпен қамтамасыз ету бойынша қиындықтар туа бастайды. Азық-түлікті есепке алу және әділетті түрде аймақтар бойынша анықтау бойынша тиімді істер атқарумен қатар, Аденауэр құрамында мүлдем ет болмаған «кельн сосискасы» мен жүгері, арпа, күріштен тұратын «кельн нанына» «өмір сыйлағанымен» де белгілі. Ол жаңа піскен нанды сатуға тиым салады, адамдар аз тамақтану үшін тек екі күн тұрып қалған ескі нан сатылуы тиіс еді. [6]

Эмманың өлімінен жарты жыл  өткеннен кейін ол тағы бір бақытсыздыққа  ұшырайды, оның автокөлігі трамвайға  соғылады, жүргізуші сол жерде  мерт болады, ал Аденауэр мұрнын және бет  сүйектерін сындырып алады, төменгі жағы шығып кетеді, екі көзі де зақымданады. Аденауэр бірнеше операцияларды жасауға мәжбүр болады, осыдан кейін оның жақ сүйектері жоғарырақ орналасып, еріндері жұқаланып, иектері ұштарланып, бет бұлшықеттері қозғалғыштығын жоғалтады. Сол сәттен бастап оның беті мүлдем қозғалыссыз жағдайда қалады. [2]

1917 жылы тамыз айында Вальраф статс-секретарь лауазымын иеленіп, Берлин қаласына көшіп кетеді. 18 қыркүйекте 11 жыл өткеннен кейін Аденауэр әкесінің аманатын орындайды, Кельн қаласының обер-бургомистрі болып тағайындалады. 41 жасында Аденауэр Прусс патшалығының ең жас обер-бургомистрі болып атанады. Алып жатқан лауазымына орай Рейн ауданының заң шығарушы жиналыс құрамына және Прусс ландтаганың жоғарғы палатасына автоматты түрде енеді. [2]

1918 жылдың күз  айында Германияны соғыстан кейін  революциялар шарпып өтеді. Одақтастарының  репарациялауын түгел өтеу қажеттілігінен   Германия 1920-шы жылдардың басында аштық пен бағаның қатты құнсыздануын бастан кешірген. 1923 жылдың шілде айында доллар 4 миллиард марканы құрады, немістерге жалақы күніне екі рет – түсте және кешке берілді. Түскі мерзімде жалақы берілгеннен кейін адамдардың алған ақшаларын жұмсаулары үшін үзіліс жасалатын, кешке таман баға бір жарым есе өсуі мүмкін болды. [1] Осындай қиын-қыстау сәтте Аденауэр басшылығындағы Кельн Германияда ең күшті дерлік басқаруға ие болды деуге болады. Қала қиындықтарға төтеп беріп қана қоймай, гүлденіп, дамыды. Обер-бургомистр екі ірі жобаны жүзеге асырады: қала маңыңдағы бұзылған фортификацияланған құрылыстардың орнын жасылдандыру және теңіздік кемелер де тоқтай алатын өзен портын қайта салу ісін жүзеге асырады. Кельнде университеттің негізін қалануына септігін тигізеді. Осы жоғарғы оқу орнында сыйлы доктор лауазымына ие болады және содан бері «доктор Аденауэр» деп атанып жүрді. Екі рет — 1921 жылы және 1926 жылдары — Аденауэрға рейхканцлер қызметін ұсынады.  Екі рет те Аденауэр бас тартады. Себебі, біріншіден, ол Веймар республикасының саяси жүйесін мүлдем жақтамады. Аденауэр «Германияның жағдайын қалыпқа келтіру мақсатында диктаторлық өкілеттілікке ие үкіметті құру керек» - деген қағиданы ұстанды. Екіншіден, Веймар республикасы билік басындағы 15 жыл барысында 19 кабинет министрелері ауысқан, ал Аденауэр тек бірнеше айға ғана канцлер орнында бола алатынын және қызметінен айрылғаннан кейін Кельндағы обер-бургомистрдің орнына қайта оралу қиынға соғатынын өте жақсы түсінетін. [2]

1920-шы жылдардың соңында  өмір қалпына келе бастайды, бірақ  1929 жылы Ұлы дағдарыс басталады. Немістердің тұрмыстық жағдайы қайтадан алаңдатарлық жағдайға жетеді және әлеуметтік наразылықпен қатар, екі тоталитарлық партиялар – коммунистер және ұлтшылдар билік тізгінін қолдарына алуға ұмтылды. [1] Аденауэр екеуіне де теріс көзқараспен қарайтын. «Вестдойчер беобахтер» ұлтшылдары бургомистрға қарсы кең көлемді шабуылдарды бастайды. Аденауэрды шамадан тыс жалақыны алуы және өкілдіктік мақсаттарға жұмсалған ақша, Швейцариядағы демалыстары, еврей қоғамымен байланыстары үшін айыптайды. Ұлтшылдар «Аденауэр үшін оқ сатып ал» деген ұрандармен қаражат жинай бастайды. [2]

1933 жылы 17 ақпанда қайта тағайындалған рейхканцлер Адольф Гитлер Кельн қаласына келеді. Аденауэр қыр көрсетіп, Гитлерді қарсалу үшін аэропортқа өз көмекшісін жібереді, ұлтшылдық сипаттағы туларды ілуге тиым салады, ал ілінген екеуін алып тастауға бұйырады. Гитлердің ашуына шек болмай, ол Кельнда түнеуден бас тартады. 1 наурызда пруссиялық Мемлекеттік кеңестің төрағасы құзіретінде Аденауэр СС пен СА ұшақтарынан жасалған шабуылдарынан сайлау учаскілерін «қорғау» әрекеттеріне ресми қарсылығын жариялайды. Ал 10 наурызда Аденауэр өз әйелімен туған қаласынан қашуға мәжбүр болады, себебі ұлтшылдар оны қаржы пұрсатын теріс пайдаланғаны және сепаратизм әрекеттері үшін айыптап, оған қарсы сот ісін ашады (1919 жылдың «кінасы» үшін). [2]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Жаңа Германияның  әкесі – Конрад Аденуаэр

2.1 Германияны  қалпына келтіру саясаты

57 жасында   Аденауэр өзін үй-күйсіз, ақшасы жоқ (оның Кельндағы үйі тәркіленген еді), жұмыссыз, болашағы бұлыңғыр, дәрменсіз сезінеді,  Аденауэр бірде Берлинда, бірде шет аймақтардағы католиктік монастырьларда жасырынады, ал ақшаны оған американдық азаматтығы бар, бірақ  Брюссельде тұратын немістік еврей Данни Хейнеман атты досы жіберіп отырған.  1934 жылы жазда ұлтшыл сотқа дәлелдердің жеткілікті болмауы есебінен Аденауэрға қарсы істі жабуға тура келеді және оған бұрынғы бургомистр ретінде зейнетақы тағайындалады. Аденауэрлер отбасы Рейн жағалауындағы Бонн қаласынан онша алшақ емес Рендорф ауылында үй сатып алады. Осы үйде Аденауэр дүниеден өткен сәтіне дейін 35 жыл өмір сүреді. [2]

Аденауэр анабиоз жағдайына түскен сияқты болды. Ол жаңа режиммен де, антигитлерлік оппозициямен де ешқандай байланыс орнатпаған. Патриархалды мейірімді ата секілді бақшасында гүлдер өсіріп, ағаштар отырғызып, жаңа нәрселерді ойлап шығарумен айналысқан еді. «Жұлдызқұрттарды жоюға арналған электрлік тырнауыш-қылшағы», «Автокөліктер қалдыратын шаңды жою», «Пештің мұрасынан шығатын түтінді шатырға емес, канализацияға жіберу» - деген атаулар алған өзі ойлап тапқан құрылғыларды Аденауэр патенттеуге тырысқан.  Алайда шындығына келгенде, осы ұзақ 12 жылдық ұлтшыл түндер Аденауэр үшін өз-өзімен қауырт күрес кезеңіне айналды. Конрад соғыстан кейінгі Германияның қоғамдық-саяси басқару құрылымының жаңа үлгісін құрастырды. Христиандық-әлеуметтік басқару құрылымы, Аденауэрдың ойынша, коммунистік-социалистік және ұлтшыл тоталитарлық жүйелермен қатар, Веймар республикасы кезіндегі жабайы капитализм жүйелеріне баламалы таңдау болып табылады. [3] 

«Мыңжылдық  рейхтың» күйреу кезеңі тақап келе жатты. 1944 жылдың басында Аденауэр өзінің өнертабыстарын мәңгі-бақи артта қалдырды.

1944 жылы 20 шілдеде  Гитлердің өміріне сәтсіз қастық  жасалды. Келесі күні қастандық жасаушылардың бірі Аденауэрдың бұрынғы досы Йозеф Гиссен түрмеге жабылды. Гестапошылардың қинауларына шыдай алмай, Йозеф онға жуық сыбайластарын, соның ішінде Аденауэрді атайды. 23 тамызда экс-бургомистр тұтқындалып, Кельндағы концлагерьге мерзімін өтеуге жіберіледі. Аденауэрдың жұбайы Гусси күйеуі шығысқа жіберілетін тұтқындар тізімінде бар екенін біледі, бұл апат пен өлім лагеріне ілігу дегенді білдірді. Сондықтан Аденауэрдың бұрынғы досы майор люфтваффе Ганс Шибуш «тұтқындалған Аденауэрдың Берлинға дереу түрде тергеуге жіберілуі» жайлы жасанды жарлықпен концлагерьге келеді. Аденауэр «доктор Вебер» лақап тегімен Гарц тауларындағы кішігірім «Нестер Мюле» атты қонақүйде жасырынып қалады. 24 қыркүйекте гестапошылар Гуссиді тұтқынға алады. Тергеуші-«психолог» Аденауэрдың жұбайын ұрып-соғып, азапқа салмайды, жай ғана жезөкшелердің камерасына отырғызады. Бірнеше сағаттар өтісімен тергеуге шақырып, «жаны ашып» сұрайды: «Қыздарын неше жаста?» «19 және 16-да», - Гусси жауап қайтарады.  «Егер сен күйеуін қай жерде жасырынып жүргенін дереу айтпасан, қыздарын бірден осы камераға түседі!» — деп гестапошы айғай салады. Гусси екі-ақ ауыз сөз айтады: «Нестер Мюле». Сол күннің түнінде қонақжайға гестапошылардың машинасы келеді. Айғай-шуды естіген Аденауэр төсектен ұшып тұрып, киімін қолға ұстап, гестапошылар оны орманға қашып кеткен деп ойлар деген үлкен үмітпен шатыр астына тығылып қалады.   Алайда олар мейрамхананың ішін түгелдей аралап, Аденауэрды түтіндік артында жасырынып тұрғанын көреді.  «Бургомистр мырза, не істеп жатырсыз? Сіздің жасыңызда шатырлар астымен жүгіру лайық па?» - деп кекеткен болып гестапошы сұрайды. Гусси тұтқыннан жіберіліп, Аденауэр Кельндағы тергеуші гестапо түрмесіне жіберіледі. [1]

4 қазанда танкі батльоны Аденауэрдың баласы Макс Аденауэрға үйінен қайғылы хабары бар хат келеді. Майданда қиын соғыстардың жүргізілуіне қарамастан, «отбасы жағдайларына» байланысты демалыс алады және 2 қараша күні Берлин қаласындағы басты гестапо басқармасында болады.  «Мен және менің екі ағаларым Шығыс майданда танкі жасағында соғысып жүрміз, - деп Макс гестапо генералына мәлімдейді. – Егер де солдат соғысып жүрген алаңында тылдағы әкесін жайдан жай ұстап, түрмеге қамағанын естісе, ол өзін қалай сезінуі тиіс?» Осыған іспеттес әрекеттің орындалуына кеңестік орден иегері офицер ерік берсе, оның сүйектері Колымда шіріп жатар еді. Ал гестапошылар болса, бұл келеңсіз жағдайды реттеуге уәде береді де 1944 жылы 20 қарашада Аденауэр түрмеден босатылады. [2]

Күйеуі бостандыққа  шығысымен, бірінші түнде Гусси өзіне қастандық жасайды, күре тамырын кесіп тастайды. Бірақ оны  құтқарып үлгереді. Аденауэр үйіне қайтысымен, жұбайының дұрыс қадам жасағанына иландыруға барынша тырысады. Бірақ бірнеше айлардан кейін Гусси уланып қалады. Оны қайта емдейді, алайда бүкіл ағзаның улануы жүреді. Осы жағдайға дейін мүлдем ауырмайтын, сап-сау әйел мүгедек адамның халын кешеді, емделгісі келмеген соң 1948 жылы 3 наурызда дүниеден өтеді. [3]

2.2 «Аденауэр дәуірінің» орнауы. Жаңа Еуропадағы Жаңа Германия

 

1949 жылы 15 қыркүйекте  қазір ғана құрылған Герман  Федеративті Республикасының қайта сайланған бундестагы жаңа мемлекеттің бірінші канцлерін тағайындады. Доктор Конрад Аденауэр бір артық дауыспен жеңіске жетеді. 402 депутаттардың 202-сі оған дауыс берген еді. Шешуші дауыс Аденауэрдың өз-өзіне берген дауысы деп айту артық болар, бірақ Аденауэр өз кандидаты үшін дауысын береді. Алайда, осы бұрыннан күткен салтанатты сәтке жету үшін Аденауэр қиын, бұралаң жол кешкенін ұмытпауымыз қажет. [2]

1945 жылы неміс  мемлекеті іс жүзінде таратылды.  Биліктің бар құзіреті елді  төрт басқыншылық аймаққа бөлген американ-британ-франк-кеңестік Төртжақтық комиссияның қолында болды. Германияның болашағына қатысты көзқарастардың бір жақтан шығуы КСРО мен Батыс арасында ғана емес, сонымен қатар батыс одақтастарының лагерлерінде де көрініс таппады.  Британия мен Франциядағы көпшілік елдің бірнеше кішігірім мемлекеттерге бөлініуін талап етті. Бұл немістердің экономикалық және әскери қуатының өсуіне ешқашан мүмкіндік берілмейтіні дегенді білдірді. Француздар Германиядан Рейнның сол жағалауын, немесе тіпті болмаса Саар облысын өздеріне қалайда болса тартып алуды мақсат етті. [6]

Кең масштабқа  созылған ірі бомбылаудан кейін  ел қираған үйіндіге ұқсады, аман қалған зауыттардың құрылғылары репарациялық төлемді өтеу есебінде Батыс пен  Шығысқа шығарылды, өз кезегінде Польша мен КСРО-ға кетірілген, сонымен қатар Чехословакия мен Венгриядан 12 миллион немістер шығыс жерлерден Германияға әкеленеді. Бұл адамдардың не тұратын үйлері, не жұмыстары, не өмір сүруге қажетті қаражаты болмады. Бірақ ең жаманы адамдардың саналы түңілуі болды. Кеңестік қоғамда айтылатын аңыздарға қарамастан, Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі ұлттық  үгіт-насихаттар осыншалықты түрде неміс ұлтының бүкіл дүниежүзіне үстемдік ету идеясына негізделмеді, түпкілікті түрде негізгі мән Европада жаңа, «әділетті» тәртіп құруында болды. Немістер «плутократтардың» (соның ішінде, біріншіден, шығу тегі еврей халқының) үстемдігінен босанады, енді олар өзге еуропалық халықтарға қол ұшын беріп, кеңестер ұсынып, олар үшін жандарын пида етуге де дайын болулары керек.  Ұлтшылдардың бүкіл адамзаттқа жасаған жан түршігерлік қылмыстар жайлы немістердің көпшілігі білмейтін, атап айтқанда, кеңестік адамдар сталиндік режимнің қылмыстары туралы «хабардар болмаған» секілді немістер де қалыптасқан жағдай жайлы білуді қаламады. Шындық барлығына белгілі болғанда, миллиондаған немістер өз жеке бастарына, өз ұлттарына құрметтен айырылады.   Немістердің көпшілігі zusammenbruch – «жеңіліс сезіміне» ұшырады. Бұл елдің соғыстан жеңілгеніне ғана байланысты болмады, халықтың көбі коммунистік насихаттаушылыққа беріліп кетеді. [5]

Аденауэр христиандық  баламалы таңдау ұсынады.  Тарихта  алғаш рет екі басты конфессиялардың өкілдері – протестанттар мен католиктер бірыңғай саяси партияға – Христиан-демократиялық одаққа (ХДС) оның баварлық «қарындасы» - автономдық Христиандық-әлеуметтік одағымен (ХСС) біріге алды. Аденауэр Христиан-демократиялық одақты бастапқы сәтте британия аймағында, кейін бүкіл Батыс Германия аумағында 1945 жылдың жазында құра бастайды. [2]

1949 жылы бірінші  жалпыға бірдей сайлауда ХДС/ХСС блогы 31% дауысты жинап алады, 1953 жылы - 45,2%, 1957 жылы – 50,2%, тек 1961 жылы 85 жастағы қартайған Конрадтың билеу кезенінің соңында әлдебір кері шегіну орын алады – дауыс берушілердің тек 45,3% Аденауэр мен оның блогын жақтайды. [2] 

1950-ші жылдар мен 1960 жылдардың басын канцлердің одақтастары да, қарсы пікір сөйлеушілер де бірауыздан «Аденауэр дәуірі» деп санайды.  Батыс Германияда өзіндік сипат алған канцлердің «диктатурасы» орнаған еді, барлығы демократияға негізделген еді, бірақ Аденауэрдың беделі мен саяси салмағы зор болғаны соншалық, оның шешімдеріне ешкім – не оның партиясы, не сырттағы басқа ұйымдар қарсы шығып, наразылықтарын білдіре алмаған. Ресми саясатты басқарушы жоғарғы орган болып іс жүзінде парламент емес, федералды канцлер есептелді. Канцлердың мекемесі министрліктерге бақылау жүргізген, ал бундестагтағы ХДС/ХСС партияларының көпшілігі арқылы парламентке бақылау орнатылды. [2]

Аденауэр саясаты  әлеуметтік нарықтық экономика мен «жаңа Еуропадағы жаңа Германия» атты екі ұстаным негізінде жүзеге асырылды.

Аденауэр және оның серіктестері 1949 жылы ХДС/ХСС-тың  Дюссельдорф тезистарында әлеуметтік нарықтық экономиканың теория негіздерін жариялаған және сол уақыттан бері теория түпкілікті өзгерістерге ұшырамай, тек қана толықтырылып, дамып отырды.  Баяндаманың басты мәнін Аденауэр: «Экономиканың капиталистік жүйесі немістер өмірлерінің саяси және әлеуметтік мүдделеріне сәйкес келмейді. Неміс экономикасының жаңа құрылымы шексіз үстем етуші капитализм жүйесінің уақыты біткенін білдіретін дәйекке негізделуі тиіс» - деп анықтайды. Әңгіме ең бастысы жұмысшылар мен жалдамалы еңбек атқарушы адамдар үлесін көбейтуінде, жалдамалы еңбеккерлердің қолындағы «дүние-мүлкін қалыптастыру» жолымен еңбек етушілердің «депролитаризациясы», сонымен қатар, жұмыссыздар мен еңбекке жарамсыз адамдардың өмір сүру деңгейлерінің лайықты болу мәселелерін қамтыды. [2]

Бұл мәселелерді  шешудің алғашқы қадамы «әлеуметтік» үй құрылысы, соның ішінде қаражат  есебінен жұмысшыларға арнап біршама  арзан үйлер мен пәтерлер салудан басталды.  Келесі қадам тек қана зейнеткерлік салым мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар ЖІӨ-нің пропорциялы түрде ұлғаюына орай өсуіне де байланысты болатын «ширақ» зейнетақы, ауруға байланысты сақтандыру және балаларға көмекпен қамтамасыз ету негізінде жасалынды.    Жинақ кассасына ақша салып қоюшыларды салықтық жеңілдіктермен қамтамасыз етіп, ақшалай салымға пайыздық мөлшерлемені жоғарылатып және арнайы түрде  мемлекеттік қаржы сақтандыру ақысынан жинақ ақшаға төлемдер орнатуды қолданған. Жеңілдік бағамы бойынша жалдамалы еңбек етуші жұмыскерлерге сатылатын «халықтық акциялардың» шығару жолдары бойынша акционерлік капиталдың «таратылуы» жүзеге асырылды. оны қамтамасыз ету үшін «Пройссаг», «Фольксваген» және ФЕА мемлекеттік концерндер жартылай жекешелендірілді.  Жұмысшылардың өздері қызмет ететін кәсіпорындардың инвестициялық қорларына жалақының бір бөлігін жұмсау әрекеттері де ынталандырылды. [2]

Аденауэрдың билік  басындағы алғашқы бес жылдың өзінде ЖІӨ 48%-ға, ал нақты жалақы 80%-ға өсті. Бүкіл әлемде «неміс экономикасының кереметі» жайлы аңыздар ауыздан ауызға айтылып жүрді. Өсу қарқыны алдағы уақытта да тұрақты болып қала берді. 1950-ші жж. соңында Аденауэр құрған Германия Батыс Еуропадағы елдер арасында ең қуатты және ең ширақ экономикасымен белгілі болды. [4]

Аденауэр өзінің француз әріптесі Шарль де Голль  секілді еуропалық экономикалық, саяси және әскери интеграцияны айрықша  бірізді қолдаушы билеушілердің  қатарында болды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропаны екі бейбіт соғыстың шарпуына және Германияның екі жақты да қолдауына байланысты қарт Конрадтың жағдайы күрделене түсті.  Миллиондаған қарапайым бұқара еуропа халқымен қатар, бетке ұстар саяси топтар арасында да әлі де болса немістерге қатысты сенімсіздік пен өкпелі сезім зор болған. Герман Федеративті Республикасы құрылған сәттен кейін де Германия бірнеше жылдар бойы сыртқы саяси және әскери мәселелерде шектеулі суверенитетке ие болды, түпкілікті түрде Германия 1955 жылы ғана тәуелсіздікке қол жеткізе алды. [1]

1951 жылы 3 желтоқсанда  Лондон қаласында Аденауэрдың Дүниежүзілік еврей конгрессінің төрағасы Наум Голдманмен құпия кездесуі өтті. Кездесудің құпия түрде өтілуін Голдманның өзі қалады, себебі бұрында болған Холокостпен кездесу әлі де оның жадында еді және кез келген, тіпті ұлтшыл емес неміс саясаткермен кездесу Голдманның абыройына нұқсан келтіруі мүмкін еді. Голдман Германияның Екінші Дүниежүзілік соғыста жеңіп шыққан елдерге соғыс зиянын өтеу мақсатында төленетін репарациялармен қоса еврей ұлтына 1,5 миллиард доллар көлемінде ақша төлеу қажеттілігі жайлы өз қалауын білдіреді: бір миллиард долларды Израиль мемлекетіне және жарты миллиардын бүкіл дүниежүзіндегі еврей ұйымдарына төлеу міндеттелді. Қазірдің өзінде бұл қомақты ақшаны құраса, сол кезде соғыста қираған Германия үшін ақшаның бұл соммасы мүлдем есепсіз болды. Голдман Аденауэрдың аталған бағаға келісімін бермей, ашуға барады деп күткен еді, алайда Аденауэр бір ауыз сөз айтпай, мүлтіксіз келіседі.  Аденауэр болар іс болып қойғаннан соң министрлер кабинетіне мәлімдейді, олар осындай көлемдегі ақшаны табу мүмкін емес екендігін айтып бағады, бірақ Аденауэр табандылық танытады. «Германияның жақсы атын жартылай болса да қайтару үшін аталған төлем өте төмен ақы» - деп Аденауэр бекем ой түйеді. Кейін ақша да табылады. [2] 

Сонымен қатар, Аденауэр өз елі үшін коммунистік экспансияға қарсы батыстық демократиялық әлемнің қиын, әрі қауіпті алдыңғы бекінісі рөлін атқару мақсатын тағайындайды. Аденауэр Батыс пен Шығыстан бірдей қашықтықта орналасуды білдіретін елдің бейтараптық статусына айырбас ретінде Германияның бірігуі туралы сталиндік уәделерден бас тартқан.  Ол бұл уәде берушілікті жай ғана сылтау, 1948 жылы Чехославакиямен болған жағдай секілді тікелей Мәскеу елінің жаулап алушылық саясаты деп таныды.  «Құрамына азат Геманияны қосу арқылы ғана Еуропа қызыл топан суға қарсы бөгет сала алады», - деп өз ойын білдірген. Сонымен қоса, Аденауэр: «Біз Еуропадағы жаға шекараны бекітетін, не өзгертіп, жылжытатындармен салыстырғанда өзге көзқарас қажеттілігін біз қазір білеміз. Еуропа халықтарының бірлігіне негіз бола алатын шаруашылық аймақтарды қалыптастыру мақсатында шекараларды жоюымыз қажет» - деген қорытындыға келген. Сондықтан Аденауэрды уақыт өте келе Еуропалық одақ деген атаумен ұлы халықаралық ұйымға айналған Еуропадағы көмір және болат бірлестігінің, Еуроатом мен Еуропалық экономикалық қауымдастықтың негізін салушы тұлға ретінде тану әбден жөн. [2] 

Жаңа Германияның әкесі-Конрад Аденауэр