Жаңа білім жүйесі

 

 Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды Мемлекеттік Университеті

 

 

 

 

Реферат

 

Тақырыбы:  Жаңа білім жүйесі

 

 

 

                                        

 

Орындаған:

КА-13 группа студенті

Сағат М.А.

 
 
 

Қабылдаған:


 

                                                                                     Аяған Е.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды 2015

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

1.Жаңа білім жүйесі

2.12 жылдық мектеп

3.Дистанциондық оқыту

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жүйесіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақстанның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тәуелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қазақстанның білім беру жүйесінің негізін қалаған екі іргелі стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім беру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еді. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді айқындап берді.Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:

«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.   Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет. 
Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педогогтык білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.

Үшіншіден, біліктіліуті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.

Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. 
Еліміз дамуының жаңа кезеңі барлық салалардың инновациялық-индустриялық дамуына көшуді қарастыратын жаңа міндеттерді алға қойды. Бұл жаңа талаптарға сәйкес білім беру жүйесінің барабар өзгерістерін талап етті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін 2011 жылы Мемлекет басшысы Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстан Республикасы мемлекеттік саясатының 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласының ұйымдастыру негізі қаланды. Сонымен бірге тиімді адами капиталды құру, инновациялық жобаларды іске асыру үшін жоғары білікті кадрларды тәрбиелеу және жаңа технологияларды құруға ерекше назар аударылды. 
Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтой жылы білім беруді дамытуды іске асырудың алғашқы жылымен тұспа-тұс келуі жай емес. Бұл жыл білім және ғылым жүйесіне терең және маңызды өзгертулер әкелді деп айтуға болады. Биылғы жылдың басты жетістіктерінің бірі – одан арғы жұмыстың құқықтық негізін қалаған «Білім туралы» және «Ғылым туралы» екі Заңның бекітілуі болып табылады. Оларды іске асыру үшін 2011 жылғы бірінші жартыжылдықта 83-тен астам нормативтік құқықтық актілер бекітілді, 48 акт әзірлену үстінде.

Білім беру үдерісіне оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы ең басты міндеттердің бірі ретінде алға тартты. Сонымен қатар, педогогикалық құрамның сапа-деңгейін арттыру мәселесі де маңызды шаралар қатарынан орын алды. Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары мен біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту бойынша көптеген ұйымдастыру шаралары қолға алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын тәуелсіз мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз. Қысқаша айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған ЖОО-дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс деп ойлаймын.

Елбасы Н.Назарбаев белгілеген Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жалпы алғанда, ұлттық білім беру жүйесінің, оның ішінде жоғары мектептің ілгері дамуы Президент қойған міндеттердің табысты түрде жүзеге асырылып жатқандығының дәлелі болып табылады. 2010 жылы Қазақстанның Болонья декларациясына қосылуы еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болып, отандық жоғары оқу орындарын еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы серіктесі етті. Мұндай серіктестік белгіленген өлшемдерді ұстануға міндеттейді. Аккредиттеу арқылы білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету осылардың ішіндегі басым бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жоғары оқу орны үшін аккредиттеуден өту, оқу орнының жұмыс жасауы мен заңды түрде қызмет етуінің міндетті шарттарының бірі болып отыр. Еуропалық академиялық қауымдастық аккредиттеуді ұйымдастыру мен өткізу мәселесіне өте мұқият қарайды. Себебі, аккредиттеуден өту арқылы жоғары оқу орны өзі тәріздес оқу орындары арасында беделінің жоғары екендігін дәлелдейді және бұл оның «сапа белгісі» болып табылады. Жетекші еуропалық елдердің аккредиттеу агенттіктері (олардың ішінде EQAR, ENQA) жүйелерінің салыстырмалы стандарттары білім беру бағдарламаларының жоғары сапасына кепілдік және жоғары оқу орнына жұмыс берушілер мен білім беру қауымдастығы ортасында танылуына мүмкіндік береді.

Еуропалық жоғары оқу орындарында ұлттық және халықаралық аккредиттеуді өткізу тек сапа кепілдігі ұйымдарының еуропалық тізіміндегі арнайы агенттіктерге ғана сеніп тапсырылады. Отандық жоғары мектеп осыған ұқсас жолмен келе жатыр: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарына өз қызметін тәуелсіз бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аккредиттеу мен саралаудың ұлттық үлгісін құрды. Бүгінгі таңда жиырмадан астам отандық жоғары оқу орны ұлттық институционалдық аккредиттеуге ие болды. Ал, бұл халықаралық аккредиттеуден өтудің міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық тұрғыда танылуға деген ұмтылысы қазіргі кезде қоғамдық-кәсіби аккредиттеуді дамытуға байланысты болуда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы елімізде тәуелсіз аккредиттеу құрылымын дамыту бойынша шарттарды құруды қарастырады.

Президент білім беру жүйесін жаңғырту бағытында алдымызға ұлан-ғайыр міндеттер қойды. Оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті. Сонда ғана қазақстандық білім беру жүйесі одан әрі өркендеп, халықаралық стандарттарға теңесетін болады. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында оқу үдерісіне осы заманғы әдістеме мен ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін атап көрсетті. Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз көзге елестетудің өзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың интерактивті технологиясын енгізу, оның ішінде, бейнеконтентпен қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығайту, электронды оқу залдарының санын көбейту, ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру кеңінен жалғасып келеді.

Қазақстандықтарды жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату жоғары білім беру жүйесіндегі жаңашылдықсыз іске аспайтынын қазір екінің бірі түсінеді. Академиялық ұтқырлық орталығы осы мақсатпен құрылған. Ол, екінші жағынан, академиялық ұтқырлық дамуының орталықтандырылған жобасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындаған болатын. Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Болон декларациясының бір қағидаты осылайша жүзеге асып отыр.

Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік алғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біздің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғни экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей апарар жол – сол елдің білімінің дамуы болып табылады. Яғни, болашақта бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену міндеті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі мемлекет тұтқасын ұстаушы білікті маман, ел тағдырын шешуші азамат. Олай болса еліміздің болашағы болып табылатын жас мамандарға білім беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту заман талабы, — деп айтуымызға болады.

 

                                        12 жылдық мектеп

 

Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.

2008 оқу жылынан бастап 12 жылдық  білім беруге кезең-кезеңмен көшуі  басталды. Бүгінгі күні білім  беру мазмұнын жаңартуды көздейтін  Қазақстан Республикасының білім  беру тұжырымдамасы жан-жақты  талқыланып, Білім және ғылым  министрлігінің алқа мәжілісінде  мақұлданды.

Бұл тұжырымдама Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына; «Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарына», «Қазақстан Республикасында білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ­дарламасына», Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың қарқынды жолында» атты Жолдауына, Болоньдегі Еуропа елдері білім министрлерінің кеңесіне, ЮНЕСКО-ның үздіксіз білім беру туралы ұсыныстарына сәйкес әзірленді.

Біздің еліміздегі қалыптасқан білім жүйесі академиялы, түбегейлі деп бағаланатынын айта кетуіміз керек. Бірақ жыл асқан сайын оқу бағдарламалары бойынша 11 жылда берілетін білім көлемінің ауқымдылығы оқу жүктемесінің шектен тыс көбеюіне әкеліп, білім сапасы мен оқушылар денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Қалыптасқан бұл жағдай оқушылардың оқуға ынтасын да төмендететінін тәжірибеден байқап жүрміз. Осыған орай қазіргі білім беру тәжірибесінде білім көлемін жинақтай отырып, оқу материалын жеңілдетуді, сондай-ақ құзырлылыққа жетуге бағдарланған білім мазмұнын қарастырып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті – баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына мүлдем ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Осыған байланысты мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық т.б. Бұл оқушының бойында қалыптасатын түпкілікті мақсат, міндеттерін айқындауға тікелей мұрындық болады.

 

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі  – баланың жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық  жеткізуіне, әр адамға табиғатынан  берілген шығармашылық әлеуетін  толық іске асыруына ықпал  ететін, өзін-өзі танып, келешегін  айқындауға саналы түрде дайын  болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға  мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық  институт ретінде қалыптасуында  болып отыр. Оның жаңа құрылымына  тоқталатын болсақ, 12 жылдық білім  беру жүйесі 5+5+2 сатыларынан тұрады. Бүгінгі күні осы құрылым мен  жаңа мазмұнға негізделген жалпыға  міндетті білім стандарттары  әзірленуде.

Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда – 13 жылдық ; Голландияда – 14 жылдық жүйе қабылданған.

12 жылдық білім берудің негізі  адамның жеке тұлғалық қасиетін  қалыптастыру болып табылады. Адам  тұлға болып тумайды, ол өмір  сүру барысында тәрбие арқылы  қалыптасады. Тұлғалық туралы адам  өзін-өзі танып, өз өмірін өзі  жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті  мол тұлға тәрбиелеу негізінде  Қазақстан Республикасында 12 жылдық  жалпы орта білім беру тұжырымдамасы  жасалып отыр. 2020 жылға арналған  орта жалпы білім беру орындарының  құрылымы мен мазмұнын құруда  республикалық эксперимент шеңберінде  тәжірибелік-эксперменталды жұмыс  жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың саны 104 ке жетті, ал ауылдық жерлерде  олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім  модельдерін байқаудан өткізу  жөніндегі эксперименталды ұйымдар  туралы оң деректер бар.

12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші – бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың  оқуға деген ынтасын арттыруға  көп көңіл бөледі, екінші – (5-10) сыныптар оқушылардың базалық  білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ  мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық  оқуға ауысудың басқа да әдістерін  табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл  осы мақсатта арнайы құрылған  Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігінің «12-жылдық  білім мәселелерінің Республикалық  ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық  мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.

12 жылдық білім беру жүйесіне  көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер  мен адамдар арасындағы қарым-қатынас  құралдарының қарыштап дамуына  байланысты жаңа адамды қалыптастыруды  көздеген заман талабы.Әлемдік  білім кеңістігіндегі оқытудың  озық технологияларын қамтитын  жаңа білім мазмұны шынайы  жарыс, адал бәсекеге қабілетті  адам тәрбиелеуді қамтамасыз  етуге тиіс.

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты

 

— қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

— өзін-өзі дамытуға;

— өз ойын еркін айта білуге;

— өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім;

— жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз-бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой-пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу-аса құрметті қоғамдық міндет.Себебі, ел тұтқасын жан-жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу-әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті.Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде.Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.

Білім беруді жаңарту –үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер.Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт-дәстүрді, мәдени мұраны, жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады.Сондықтан да 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыру – оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата-ананың саналы түрде түсінуін, қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.

Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады.Зерттеуге оқытудың басты мақсаты-адамзат мәдениетінің кез-келген саласындағы іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі.Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді.Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады.

Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады.

Оқытудың іске асыру тәсілдерінің бірі-жобалар әдісі, өзінің дидактикалық негізі бойынша шынайы өмірде, тиімді әрекет етуге мүмкіндік беретін қабілеттерді қалыптастыруды көздейтін, білім берудегі құзіреттілік тәсілді қолдайтын технология.

12 жылдық білім беру технологияларының  ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық  қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық  сипатқа ие, оның басты бағдары-білім  беру, жаңа дүниені ашу мен  іздену арқылы білімді іс жүзінде  қолдану; баланың жалпы және арнайы  қабілеттерін дамыту, білім біліктерді  игеру мүмкіндіктерімен оларды  қолдану жолдарын көрсетеді.

Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады.

Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу,оқытудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.

Интеллектуалдық дайындық – баланың мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой — өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады:

— Дифференциалдық қабылдау;

— Аналитикалық ойлау;

— Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі);

— Есте сақтау;

— Білімге қызығушылық;

— Ести отырып сөйлеу және түсіну,әр түрлі символдарды қолдана білуі;

— Қол қимылдарының,көру,қимыл кординацияларының дамуы.

Атақты психолгтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса,өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы.

Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану – оқушының оқудағы танымдық іс — әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.

Дамыта оқыту технологиясы – шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау,тіл дамытуға бағытталған.

Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс — әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін — өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру.

Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой — өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы.

Коммуникативті оқыту технологиясы – сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс — әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым – қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.

Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан – жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да,мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.

Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет,ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, «сахналық алаң». Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне,оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.

12 жылдық білім беру жағдайында  мұғалім осы компоненттерге сүйене  отырып,әрбір технологияны өздік  жолда әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық  тәжірибесін пайдаланып, балаларды  бірлескен әрекеттерге тартудың  әр алуан түрлі әдістерін,өз  бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге  асыруды ықпал етсе, оқушының  мінез — құлқында — мінезі, темпераменті,талабы,көзқарасы,талғамы  байқалып, үнемі өзін — өзі  үйретуі, өзін — өзі тәрбиелеуі,өзін  — өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне  өзгеріс енгізе алуы,өзін үнемі  жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.

Әлемнің ең қуатты елі Америка Құрама Штаттарының білім мекемелерінде ХХ ғасырдың 60 жылдарында прагматикалық көзқарасқа негізделген білім үлгісі енгізілген болатын. Нәтижесінде «америкалық прагматикалық педагогика «экземплярлық», «кафетериялық» деп аталып кеткен білім жүйелері орнығып, білімнің іргелілігін төмендетіп, орта мектеп оқушыларының білімінің таяз, үстірт болып қалыптасуына әкеліп соқты. Осыған байланысты 1983 жылы АҚШ Үкіметінің «Ұлтымыз қатерлі жағдайда, білім реформасы қажет» атты баяндамасы жарияланып, білім саласын қайта қарауға орасан зор қаржы бөлінді, «2000 жылдың мақсаттары» атты федералдық бағдарлама және «Әлемдік деңгейдегі білім» жобасы қабылданып, орта білім жүйесінің жүйелілігі және жеделдігі артылып, математика, жаратылыстану сияқты іргелі білім түрлерін игеру сапасы бойынша әлемдегі ең биік деңгейге көтерілу мақсаттары қойылды [3]. Соңғы уақытта, АҚШ-та мектепке дейінгі, мектепалды балаларды дайындауға көп назар аударылған. Әсіресе ауылды мектептерде 5 жасар балаларды мектепке дайындауда жаппай жұмыс жасалып келеді. Жалпы орта білімнің құрылымы 6+3+3, оқу мерзімі 6 жастан 18 жас аралығында. мемлекеттік оқу орындарында тегін, жеке мектептерде ақылы болып келеді. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады: кіші және жоғары мектеп. Кіші орта мектеп 7-9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама, қалған сабақтары таңдау бойынша (элективті) жоғары орта мектеп 10–12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық, академиялық бағыттағы профильдік пәндер берілген. Сондай-ақ АҚШ-та 1 сыныпқа балалар 6 жастан, тіпті кейбір жергілікті мектептерде 5 жастан қабылданады екен. Мектептегі сабақ 9 айға созылады, қалған үш ай демалыс болып табылады. Күнтізбелік жоспар жазу міндетті болып табылады. Журнал айына 1 рет тексерілуге беріледі.

Мектептегі оқушы білімін бағалаудағы басты әдіс-тест. Қазіргі таңда көбіне тестердің дұрыс жауаптары көрсетілмейтін әдісті көп қолданады. Білім деңгейін бағалау мен бақылау барысында көбінекей кредитті көп қолданады. Мектепті бітіргендігі туралы аттестат алу үшін небәрі 16 кредит жинауы қажет. Орта мектепте оқу жылы 2-3 кезеңге бөлінеді, әрқайсысының аяғы 5 немесе 100 ұпайлық жүйемен бағаланады. Мысалы, А (93-100) - өте жақсы; В (85-92) - орташадан жоғары; С (75-84) - қанағаттанарлық; Д (65-74) - нашар; Е (0-64) - ешқайда көшірілмейді, ең төменгі баға. Германияда басқа да Еуропа елдері секілді бастауыш сыныпқа 6 жастан қабылдайды, жалпы орта білім алу үшін 12 жылдық мектепті негізделген, барша оқушыға алғашқы 4 жылдық оқу ғана міндетті, өйткені одан әрі балалар өз қалаулары және қаблеттеріне оқуларын кәсіптік мектептерде жалғастыра алады. Герман Федеративтік Мемлекетінің заңының 6 бабына сәйкес барлық мектептік білім беруді мемлекет қадағалайды. Мемлекет міндетті тегін білім алу 9 жылдық оқыту болып табылады деп шешкен. Бірақ оқушының орта мектепті бітіргеннен кейін өз оқуын жалғастыруы өз еркінде 1 мен 3 жыл арасындағы оқумен тәмамдай алады. Білім алу 3 баспалдақты құрылымда болып табылады: негізгі мектеп, нақты училище, гимназия. Оқу 6 жастан жалпыға бірдей мектепте (1-4 сыныптар) басталады, содан кейін басқа көрсетілген типтегі мектептерде жалғастырылады. Негізгі мектепте (5-10 сыныптарда) 50%-ға жуығы жасөспірім оқушылар құрайды, олар әрі қарай өз білімдерін толық емес жалпы білімді меңгергеннен кейін, кәсіби білім алуға жолдама алады. Ал нақты училищеде (5–10 немесе 7–10 сыныптар) кәсіби-практикалық бағыттағы жалпы толық емес білім беріледі, онда физика, химия, биология, шет тілдер мен басқа да академиялық пәндер оқытылады. Нақты училищені бітірген оқушы орта және содан кейін арнайы жоғары кәсіби-техникалық оқу орындарына түсе алады. Гимназия (5–13 немесе 7–13 сыныптар) толық орта білімді береді және университеттік үлгідегі ЖОО түсу құқына ие болады. Гимназиядағы міндетті пәндер 10 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы болып: неміс тілі мен әдебиеті, тарих, география, математика, биология, дене тәрбиесі, музыка, дінтану болып табылады.

Гимназияның бейіндік білім беруіне байланысты әр түрлі нұсқада оқу бағдарламалары беріледі. Германиядағы мектептерде бейіндік оқыту барысында пәндер блоктарға сәйкес біріктіріледі, мысалы: «тіл-әдебиет-өнер», «әлеуметтік білімдер», «әлеуметтік-экономикалық» т.с.с. Неміс тілді оқушылардың жоғары сыныпта оқудағы мүмкіншілігі зор, олар міндетті пәндерден басқа да пәндерді қосымша оқи алады, соның негізінде олардың жеке-дара ерекшеліктері жақсы дамиды. Бейіндік бағыттағы пәндерден басқа тілдік, әдеби-көркем, қоғамдық-ғылыми, математикалық немесе жаратылыстану- ғылыми пәндерін меңгере алады. Негізгі мектепті аяқтау 4 пән бойынша емтихан тапсыру арқылы аяқталады. 12 және 13 жылдық мектепті сәтті аяқтаған балалар үшінші деңгейді аяқтағандары туралы аттестатқа ие болады. Бұл аттестат кез-келген бейінде оқуға жолдама болып табылады. ЖОО-ға түсуде оқушының аттестаты, ондағы орта ұпай негізгі рөл атқарады. Германияда элитарлы орта мектептермен қатар училищелер жұмыс істейді. Орта білім беретін оқу орындарында алты деңгейлі білімді бағалау шкаласы негізге алынған, ол: «өте жақсы» (1)=15-14-13 ұпай; «жақсы» (2)=12-11-10 ұпай; «қанағаттанарлық» (3)=9-8-7 ұпай; «қанағат- танарлықтан төмен» (4)=6-5-4; «нашар»(5)=3-2-1 ұпай; «қанағаттанарлық-сыз» (0) = 0 ұпай Германияда мектепте оқу біріктірілген мектеп деңгейінде әр түрлі атқа ие болып табылады, атап айтар болсақ, олар: Тюригте «жиі», Саксонияда «орта», Саксония мен Ангальтеда «екінші деңгейдегі мектеп», Гамбургте «негізгі және нақты мектептердің сабақтастырылуы», Гесседе, Макленбург-Померанида «негізгі және орта мектептің біріктірілуі», ал Рейнланд-Пфальцеда «аймақтық мектеп» болып табылады. Германияда оқушыларға білім беру барысында олардың кәсіби біліктілігін жоғарлауға басты назар аударылған. Бұл үшін мелекет саяси және әлеуметтік тұрғыда жауапты болып табылады. Егер нарықтық жағдайда өз біліктілігін көтеруге жағдайы болмаған жандарға мемлекет субсидия (көмек) бөледі.

 Германияда оқушылардың біліміне, қабілетіне және талабына сай білім беруге бағытталған мектептердің әр түрлі типтері қызмет істейді. Франция мектепке дейінгі балалар тәрбиесімен айналысатын ең алдыңғы қатарлы мемлекет болып табылады. Онда «Аналық мектебі» және «Бүлдіршіндер сыныбы» балабақшалары бар. Білім беру Тұжырымдама-сында 12 жылдық білім беру бекітілген. Онда орта білім беру 10 жылдық (6-16 жасқа дейін) мектеп ақызыз, ал 12 жылдық мектеп міндетті емес. Францияда 5 жылдық элементар мектепті бітірген балалар оқуын жалпы білім бертін 4-5 жылдық колледждерде жалғастыра алады. Толық емес орта мектеп біртекті жалпыға міндетті колледж-бастауыш сынып негізінде құралады және барлық жастағы балаларды қамтиды. Бітірушінің кәсіби мамандығына сәйкес (бакалавр) дипломды иемденуде олар бірнеше секцияға ие. Бастауыш және орта мектеп деңгейінде оқушылардың білім, іскерлік, дағдысын бағалауда арнайы екі шкаланы қолданады. Бірінші жағдайда - 0-ден 10 ұпай аралығында, екінші ретте - 0-ден 20-ма ұпай аралығы. 1-ші шкала бойынша білімді бағалау келесідей ретте сипатталады: «өте жақсы» - 8 және одан жоғары ұпай, «жақсы» - 7 ұпай, «жеткілікті деңгейде жақсы» - 6 ұпай, «қанағаттанарлық» - 5 ұпай, «орташа» - 4 ұпай, «нашар» - 3 ұпай, «өте нашар» - 2 ұпай және одан да төмен. Ал екінші шкалаға сәйкес бағалау реті келесідей: «өте жақсы»-16 және одан жоғары ұпай, «жақсы» - 14-16 ұпай аралығы, «қанағаттанарлық» - 10-11 ұпай, «орташа» - 8-10 ұпай, «нашар» - 6-8 ұпай, «өте нашар» - 5 ұпай және одан да төмен. Мектепті тәмамдағаннан кейін оқушылардың барлығы бакалавр курсына сәйкес емтихан тапсырады.

Англия және ағылшын тілдерді елдерде грамматикалық, техникалық, кешенді, қазіргі секілді 4 түрлі мектептер қызмет етеді. Германияда элитарлы орта мектептермен қатар училищелер жұмыс істейді. Англияда орта білімді бітіріп, 16 жастан кейін балалар оқуын әрі қарай немесе мектеп берген сертификатпен жұмысқа орналасуына мүміндік бар. Шетел мектептерінде жоғары мектепке оқушылар оқу үлгіріміне қарай және мектеп берген мінездеме негізінде арнайы мемлекеттік комиссияның шешімімен қабылданады. Осылайша оқушы жастарды үлгіріміне қарай сұрыптап оқыту мәселесі Германияда, Францияда, Жапонияда нақты жолға қойылған [5]. Жапонияда мектептің жоғары сатысы (10-12 сыныптар) 5 түрлі техникалық, сауда, ауыл шаруашылық, флоттық, қосымша мектептер болып құрылған. Жапон елінің бір ерекшелігі балабақшалар білім берудің маңызды қадамы емес. Балалар балабақшаға ата-аналарының қалауымен тіпті 4 жаста баруы мүмкін. Жапон білім беру заңында 9 жылдық білім беру ақысыз, білім беру құрылымы 6+3+3 (6 жылдық басатауыш мектеп - чугакко, 3 жылдық кіші орта мектеп – чугако, 3 – жылдық жоғары орта мектеп – като-гакко). Бастауыш мектепте негізгі сабақтар жапон тіл, арифметика, қалған сабақтар – жаратылыстану, қоғамтану, музыка, этика, дене тәрбиесі, 11 № 5 (78) 2010 искусство, қолөнер өтіледі. Кіші орта мектепке – емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі – жазбаша тест. Бастауыш және орта мектепте 5 дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), В (қанағаттанарлық), С (нашар), D (өте нашар).

Жаңа білім жүйесі