Жаңа білім беру жүйесі. 5

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек,заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу-әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек.Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттігі туындайды. 
 
Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып 
 
отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды[1]. 
 
Қазіргі ақпараттық қоғам барлық типті оқу орындарының,оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары алдына мынадай міндеттер қойып отыр: 
 
-қажетті білімді өз бетінше ала отырып пайда болған алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалануға, өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделуге; 
 
-дербес сыни тұрғыда ойлай білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелрді көре білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелерді көре білуге және жаңа технологияларды пайдалана отырып оларды шешудің тиімді жолдарын табуға,өзінің алған білімдерін қоршаған ортада қай жерде, қалай пайдалануға болатынын саналы түрде түсіне білуге; 
 
-әр түрлі әлеуметтік топтарда коммуникабелді,тез тіл табыса алатындай болуға,кез келген жанжалды жағдайлардан біліктілікпен шыға алуға; 
 
-өз адамгершілік қасиеттерін,интеллектісін,мәдени деңгейін дамыту бойынша өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті бітірушілерді дайындау.

Қазақстанның  қазіргі заманғы әдебиеті  
Электрондық кітапханасы  

 Қазіргі заманғы Қазақстан  әдебиетінің электрондық кітапханасы  он-лайн режимінде заманауи Қазақстан  әдебиеті қорына қолжетімділікті  қамтамасыз етеді. Кітапхананың  ең басты міндеттерінің бірі –  тұрғындардың оқуға құштарлығын арттыру арқылы мемлекетімізде кітап оқудың беделін көтеру, жас ұрпақты оқуға тарту және төлтума мәдениетімізді сақтап қалу. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы кітап пен оқуды кеңінен насихаттау үшін әртүрлі мәдени іс-шаралар өткізеді. Олардың қатарында жаңа кітаптардың тұсаукесер рәсімдері де бар. Осы тұсаукесер рәсімдерінде ҚР Ұлттық кітапханасы жаңа кітаптардың авторларымен Авторлық келісімшарт жасайды.  

 Әдеби шығармалардың  электрондық кітапханасын жасау  жобасы 2007 жылдан бері іске асырылып  келеді. Дүйсенбек Нақыпов, Эрнест Төреханов, Аслан Жақсылықовтар Ұлтық кітапханамен келісімшартқа қол қойған алғашқы авторлар болып табылады.  

 Қазіргі заманғы Қазақстан  әдебиетінің электрондық кітапханасы  Авторлық келісімшарт негізінде  авторларға Ғаламтор желісінде өздерінің әдеби шығармаларын еркін жариялауға мүмкіншілік туғызады. Барлық шығармалардың Авторлық құқығы авторларға тиесілі болып табылады және заң жүзінде қорғалады.

 

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Қашықтық білім  туралы түсінік: 
Қашықтан оқыту технологиясы –оқу үрдісі кезінде оқып үйренушілер мен оқытушылар арасында интерактивті өзара іс-әрекетте оқытылып, материалдың негізгі көлемін  оқып үйренушілерге жеткізуді  қамтамасыз ететін, оқылған материалдарды меңгеру бойынша, сонымен бірге оқу үрдісі барысындағы оқып үйренушілердің өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін ақпараттық технология. Қашықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. 
Қашықтан оқыту кезіндегі білім беру үрдісінің негізін жеке кесте бойынша өзіне ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндігі болатын, оқытудың арнайы құралдары жиынтығы өзінде бола отырып, электронды және қарапайым пошта, телефон арқылы оқытушылармен келісілген байланыс жасауына, сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және бақыланатын қарқынды өзіндік жұмысы құрайды. 
Қашықтан оқыту білім жүйесі жоқшылыққа, географиялық немесе уақытша оқшаулануға  қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене бітімі жетілмеуіне байланысты білім мекемелеріне бару мүмкіндігі жоқ немесе өндірістік және жеке жұмыстары болу себебінен, ешкімнің оқуға мүмкіндігін шектеуге болмайды деген гуманистік қағидаларға жауап береді. 
Қашықтан білім беру –жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде күндізгі, күндізгі-сырттай, кешкі және сырттай оқытудың элементтері үйлестірілген ерекше, жетілген түрі. 
Қазіргі замандағы телекоммуникациялық және  электронды басылымдар дәстүрлі оқыту түрінің барлық құндылықтарын сақтай отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. 
 
Қашықтан оқытудың ерекшеліктері классикалықпен қатар салыстыру бойынша мынандай жетістіктерге ие: 
- Жеке адамның үздіксіз әлеуметтену мүмкіндігі; 
- Икемділік (оқытудың уақыты, орны, көлемі және қимылы бойынша); 
- Жеке оқу жоспарын қолдану мүмкіндігі; 
- Оқу ақпаратына қол жеткізу ,оны жедел жаңарту; 
- Экономикалық (оқу алаңы, транспорты, техникалық құралдардың шығынын қысқарту есебінен); 
- Жаңа технологияларды қолдану; 
- Оқып үйренушілердің  әлеуметтік құқығының теңдігі (олардың тұратын жерлері мен денсаулық жағдайына қарамастан); 
- Барлық елдегі ақпараттық – оқыту ресурстарының шығысы мен кірісі; 
- Материалдарды көбейту мәселелерінің жоқтығы, оларды тарату ыңғайлылығы; 
- Оқып  үйренушілердің өз-өзіне бақылау жасауын қамтамасыз ету.

Ақпараттық технологиялармен оқытудың айрықша тиімділігі, қашықтықтан  оқыту үрдісін автоматтандыру үшін, барлық қажетті компоненттерді шоғырландырушы қашықтан оқытудың арнайы ақпараттық жүйесі бағдарламаларын қолдану болып табылады. 
 
Кез келген қашықтан оқыту жүйесіне қажетті, аса маңызды сипаттары: 
- Құрылымының ашықтығы. Жүйе ашық жүйе үрдісіне сәйкес құрылуы тиіс. 
- Сәйкестілігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау форматы сәйкес келуі тиіс. Халықаралық стандартты қолдану керек. 
- Кеңейгіштігі. Жүйенің құрылымы модульді болуы керек және жүйенің функционалды компоненттерін өсіруге мүмкіндік беру. 
- Жан-жақтылығы. Жүйе көп функциялы және қолданыста жан-жақты болуы керек. 
- Сенімділігі. Ақпараттар ресурстарын сақтау сенімді болуы керек. Мүмкін болатын қауіптер әсерінен ақпараттар жоғалмауы тиіс. 
- Үлестірімділігі. Жүйе әр түрлі желі конфигурациясы жұмысына бағытталуы керек (әртүрлі жедел жүйелерді басқаруға негізделген Интранет, Интернет) және үлестірілген ақпараттық ресурстарды сақтауды қолдауы керек. 
- Масштабталуы. Әр түрлі конфигурация жұмысы үшін жүйенің құрылымы масштаб жүйесін өзгерте алуы тиіс. 
- Қолданушының ортақ интерфейсі. Қолданушының интерфейсі қарапайым, түсінікті болуы тиіс. 
- Өңдеудің қарапайымдылығы. Өңдеу жылдам және  тиімді болуы тиіс. 
- Тасымалдануы. Жүйе әртүрлі аппараттық – бағдарламалы тұғырнамада жұмыс істеуі қажет. 
- Жүзеге асыруды орындау тәуелсіздігі. Жүйені ақпараттық толықтыру оны нақты жүзеге асырудан тәуелді болмауы тиіс. 
- Қауіпсіздігі. Ақпараттық ресурстарды сақтау қауіпсіз болуы тиіс. 
- Басқару қарапайымдылығы. Интерфейс басшысы жеткізерліктей, қарапайым және ыңғайлы болуы тиіс. 
- Көпмәнділігі. Жүйе бірнеше қолданушылардың сұранысын қатар өңдеу керек. 
- Жұмыстың тиімділігі. Жүйенің құрылымы оның аталуын (аты-жөнін) әдеттегі аппараттық-бағдарламалы тұғырнамасында есінде тұту керек.

Жүйенің кеңінен дамуы  үздіксіз оқыту мен ақпараттық ортада жеке тұлғаны әлеуметтендіру табысын қажетті мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. 
 
Қашықтан оқыту жүйесін құру қағидалары: 
1. Оқытудың адамгершілік қағидасы.  
Оның ішкі мазмұны оқытуға үндейтін және әлеуметтік жинақталған тәжірибені оқып үйренушілердің меңгеруі үшін жоғары қолайлы шарттарды туғызып,  білім беру үрдісіндегі бүтіндей адамға бағытталады. 
2. ҚО жүйесінде білім беру үрдісін жобалау кезінде педагогикалық көзқарастың  басымдылығының қағидасы.  
Бұл аталған қағиданың мәнісі, ҚОЖ -ін жүзеге асыруға болатын көріністердің дидактикалық үлгілерін құрайтын теориялық тұжырымдамаларды талдаудан бастау қажет екендігінен тұрады. 
3. Педагогикалық мақсатқа лайықты жаңа ақпараттық  технологияларды қолдану қағидалары.  
Ол жобалаудың әрбір қадамының тиімділігіне және ҚОЖ жасауға педагогикалық баға беруді талап етеді. Сондықтан да, ең бірінші жоспарға техниканы енгізуді емес, білім беруге қызмет ететін және оқу курстарының сәйкес мазмұнды толықтыруларын қою қажет. 
4. Білім беру мазмұнын таңдау қағидалары.  
ҚО жүйесінің білім мазмұны ҚР –ның Мемлекеттік  білім беру стандартымен сәйкес келуі тиіс. 
5. ҚОЖ –де таралатын ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары.  
Ұйымдастырушылық және техникалық тәсілдердің қажеттілігі жағдайында керекті мәліметтерді қауіпсіз және құпиялы сақтауды, қолдану мен беруді қарастыру, оның қауіпсіздігін сақтау, беру мен қолдану кезінде қамтамасыз ету қажет. 
6. Білім беру деңгейінің бастапқы қағидасы.  
ҚОЖ-де тиімді оқыту білім, білік, дағдыларының нақты жиынтығын талап етеді. Мысалы, оқуға, кандидаттың нәтижелі оқуы үшін, өзіндік оқу еңбегінің ғылыми негіздерімен таныс болуы керек, компьютермен және т.б.жұмыс жасай алатын нақты дағдыларына ие болуы тиіс. 
7. Оқыту технологиясының сәйкестендіру қағидалары.   
Оқыту технологиясы Қашықтан оқыту үлгілерімен сәйкес болуы қажет.  Сонымен, дәстүрлі пәндік үлгіде оқытуда ұйымдастыру түрін оқыту ретінде дәрістер, семинар және практикалық сабақтарда, боямалы немесе іскерлік ойындар, зертханалық сабақтар, өзіндік жұмыстар, өндірістік тәжірибелер,  курстық және дипломдық жұмыстар, білімдерінің меңгерілуін бақылау қолданылады. болу керек, ҚО жүйесі қалыптасу барысында, қажет жағдайда оған қосуға болатын жаңа үлгілері пайда болуы мүмкін. Оқытудың ұйымдастырушы түрі қатарындағы осы үлгілерінде компьютерлік конференциялар, телеконференциялар, ақпараттық сеанстар, телеконсультациялар, жобалау жұмыстары және т.б. қолданылатын болады. 
8. Оқытудың ұтымды қағидалары. 
ҚО жүйесі жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділік шарты бойынша, егер  Бұл білім алушының оқып жүрген оқу орнында сәйкес қызмет көрсетулер болмаған жағдайда, қажетті бағыттағы өзінің білім беру бағдарламасын түзетуге немесе толықтыруға ықпал ететін ақпараттық жүйелерді және қашықтан оқыту үшін берілген білім базалары мен банктерін құруда жасалады. 
9. Білім берудің ҚО қолданылатын түрлеріне қайшы емес қағидалары.  
Егер жасалған және енгізілген ақпараттық технологиялар жоғары білім берудің дәстүрлі жүйесінде бөтен емес элемент болып, яғни оған біріктірілетін табиғи бейнеде болса, ҚО жобасы қажетті әлеуметтік және экономикалық тиімділігін бере алады. 
10. Білім берудің алдына шығу қағидалары.  
Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған ғылыми және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана емес, сонымен қатар,  қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын заманға  тез бейімделіп, оның сана –сезімі мен дүниетанымын қалыптастыруға көмек жасау болады.  
 

Қашықтан оқыту  жүйесінің типтері: 
Қашықтан оқыту типтерін бірнеше көзқарас төңірегінде көрсету мүмкін. ҚО тағайындау бағдарында білім берудің толық масштабтағы және сайланатын жүйесі деп бөлуге болады. Білім берудің толық масштабтағы жүйесінде белгілі бір бағыттағы бакалаврларды немесе нақты мамандықтың инженерлерін дайындау бойынша оқу жоспарының толық орындалуын қамтамасыз етеді. Демек, мұндай жүйеде барлық жоспарланған пәндерді оқып үйрену үшін, құралдардың жеткілікті түрде(оқулықтар мен оқу құралдары, зертханалық практикумдер, курстық және дипломдық жобаларды орындау үшін құралдар) бар болуы қажет. 
Білім берудің сайланатын жүйесі деп аталған  шартты жүйесі өнеркәсіп қызметкерлерінің біліктілігін жоғарлату үшін, қосымша(екінші) жоғарғы білім алу үшін, білім берудің қызмет көрсетулерін пайдаланатындарға жеке сауалдарын қанағаттандыру үшін бағытталады. ҚО жүйесінің әрбір типтерінен оқу үрдісін жабдықтау және ұйымдастырудағы ерекшеліктері қатарына қарамастан, орындалатын функциялар мен ұқсас тағайындауларының құрылымды компоненттерін көрсету керек. 
 
ҚО  жүйесінің құрылымы: 
ҚО  жүйесінің құрылымына келесі элементтер кіреді: 
- Оқыту мақсаты. Маманның үлгісімен және мемлекеттік тапсырыспен сәйкес қалыптасатын, білім және білік жүйесін оқып үйренушілердің меңгеруі. 
- Оқыту мазмұны. Әлеуметтік сұраныстың педагогикалық үлгісі. Оқыту үрдісі, әдістері мен ұйымдастыру түрлерінің жүзеге асырылуы оның мазмұнымен анықталады. 
- Оқыту объектісі. ҚО білім беру қызметін пайдаланушылар білім алатын берілген түрінің объектісі болып табылады (студенттер, тыңдаушылар, оқушылар және т.б.). ҚО тыңдаушылары білім алудың дәстүрлі түрі студенттерінен өзгешелігі, ерекше қайсарлық, білімге деген құштарлық, ұйымдастырушылық көрсетіп, өз бетімен жұмыс істей білу, компьютермен жұмыс істей білу және телекоммуникациялық байланыс  құралдарымен  дағдысы болу керек.  
- Оқыту субъектісі. ҚО субъектісі оқытушылар болып  табылады. Оқытушы- ҚО білім беру үрдісінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін басты буын. ҚО оқытушысы іс-әрекетіне тән бірқатар ерекшелік тьютор терминін енгізу қажеттілігін туғызды. Ол-кеңес беруші-оқытушы, информатика және телекоммуникация іргетасы негізін білетін болу керек, оның білімділігі алдыңғы озық сипатта болу керек. 
- Оқыту әдістері. ҚО түрі: ақпараттық – ереже жиынтығы, репродуктивті(дауыс күшейткішін реттеу), мәселелі мазмұндау, теориялық зерттеудегі логикалық тәсілдер мен ережелер жиынтығы мен зерттейтін 5 жалпы дидактикалық оқыту әдістерінен тұрады. Олар оқытушы мен білім алушылардың өзара іс-әрекеті педагогикалық актілерінің  барлық  жиынтығын қамтиды. 
- Оқыту құралдары. ҚО білім беру  үрдісінде  оқытудың дәстүрлісі  қалай қолданылса, компьютерлік техниканы және телекоммуникацияны, сонымен бірге білім беру технологиясы облысындағы соңғы жетістіктерін қолдануға негізделген инновациялық оқыту құралдары да солай қолданылады. 
- Ғылыми – білім материалдық базасы. Оқу бағдарламасына  сәйкес оқу үшін қажетті материалдық және техникалық құралдар жиынтығы. Олар оқу және оқу-көмекші бөлмелері; зертханалық қондырғылар, техникалық оқыту құралдары, оқулықтар, оқу құралдары және басқа да оқу - әдістемелік материалдардан тұрады. 
- Идентификациялық бақылау жүргізу жүйесі. ҚО кіретін бақылаудың ерекшелігі абитуриенттің кәсіптік сапалары мен қабілеттерінің даму деңгейін бағалау, тиімді құралдар мен оқыту әдістерін таңдайтындай, онымен сәйкес әлеуметтік психологиялық бейнесін құру болып табылады. 
 
Қашықтан оқыту үлгілері:

Педагогикалық практикада танымал  оқыту түрлері қалыптасқан. Олардың  ішіндегі ең кең тарағандары: дәрістер, семинарлар, зертханалық жұмыстар, бақылау жұмыстары, емтихандар және т.б. 
- ҚО дәрістері, дәстүрлі дәрісханалықтан айырмашылығы, оқытушымен бетпе-бет қатынасуды болғызбайды. Дегенмен, бірнеше артықшылық жақтары да бар. Дәрістерді жазу үшін аудио және бейне-кассеталар, CD-ROM  дискілерді және т.б. қолданады.  Жаңа ақпараттық технологияларды (гипермәтін, мультимедиа, ГИС-технологиясын және т.б.) қолдану дәрістерді көрнекі және мазмұнды түрде береді. Мұндай дәрістерді кез келген уақытта, кез келген қашықтықта оқуға болады. 
- ҚО семинарлары  оқу сабақтарының белсенді түрі болып табылады. ҚО семинарлары бейнеконференциялардың көмегімен жүргізіледі. Олар  пікірталасқа  оның дамуының кез келген жерінде кіруіне мүмкіндік береді және бұдан бұрынғы айтылған сөздерді оқып,  бірнеше қадам артқа қайта оралады. Оқытушы материалдың меңгерілуін пікірталасқа қатысушының белсенділік дәрежесі бойынша бағалай алады. Студенттердің арасында өзара іс-әрекет ету саны артады, ал оқытушы тең құқылы әріптес ретінде көрінеді. 
- ҚО кеңестері пәнді өз бетімен оқып үйренуде білім алушыларға жетекшілік жұмысын жасау және оларға көмек көрсету түрлерінің бірі болып табылады. Телефон және электронды пошта, сонымен бірге телеконференциялар қолданылады. 
- ҚО зертханалық жұмыстар материалды тәжірибелік меңгерілуі үшін беріледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінде зертханалық жұмыстар мынаны талап етеді: арнаулы жабдықтарды, макеттер, имитаторлар(бірдемені мүмкіндігінше дәл қайталайтын аспап), тренажерлар, химиялық реактивтер және т.б. ҚО жүйесінің келешекте мультимедиялық технологиялар, ГИС-технологиялар, имитациялық үлгілеулер және т.б.  қолдану есебінен зертханалық практикумдарды жүргізу міндеттерін қысқартуға маңызды мүмкіндігі болады. Білім алушыларға қарапайым жағдайда көрсетуге өте күрделі немесе мүлде мүмкін емес құбылыстарды виртуаллды шындық көрсететін мүмкіндігі бар. 
- ҚО бақылау – бұл білім алушының оқу материалын теориялық және практикалық меңгеруі нәтижелерін тексеру. ҚО өзін дәлелдете білді және тестік бақылаудың лайықтылығын құптайды. Тест ережесі, пән бойынша кеңейтілген сұрақтар тізімін қамтиды, олардың әрбіреуіне бірнеше жауаптар нұсқасы ұсынылады. Студент осы нұсқалардан дұрыс жауапты таңдауы керек. 
 

Оқу электрондық  басылымдар: 
Оқу белгілерінің электрондық басылымы қағаз басылымының барлық ерекшеліктеріне ие бола отырып, елеулі айырмашылықтары мен артықшылықтары да бар. Дербес жағдайда: компьютер жадында немесе дискетада сақтау ықшамдылығы, гипермәтіндік мүмкіндіктер, бейімділігі, таралымы, өзгертулер мен толықтыруларды жылдам енгізудің мүмкіндігі, электронды пошта бойынша жіберудің ыңғайлылығы. Бұл - пән бойынша дидактикалық, әдістемелік және ақпараттық-анықтама материалдарын өзіне енгізген, сонымен бірге, білімді бақылау және өз бетімен алу үшін оны комплексті қолдануға әсері болатын бағдарламамен қамтамасыз етілген  автоматтандырылған оқыту жүйесі. 
 
Компьютерлік оқыту жүйесі: 
Компьютерлік оқыту жүйесі-ҚО білім беру үрдісінде кең түрде қолданылатын оқу белгілерінің бағдарламалық құралдары және мынандай жағдайлар туғызады: 
- оқыту үрдісін саралау және даралау; 
- білім алушы қателерінің  диагностикасымен және кері байланысын тексеру; 
- өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық іс-әрекетіне өзіндік түзетулерді қамтамасыз ету; 
- компьютердегі көп еңбек сіңіруді керек қылатын есептеулер есебінен оқыту мерзімін қысқарту; 
- көзбен шолу оқу ақпаратына демонстрация жасау; 
- құбылыстар мен процестерді үлгілеу және боямалау; 
- эксперимент пен тәжірибелерді, зертханалық жұмыстарды виртуалды шындық жағдайында жүргізу; 
- қолайлы шешімдерді қабылдауда іскерлік таныту; 
- ойын жағдайларын қолданып, оқу үрдісіне қызығушылығын арттыру; 
- танымдық мәдениетін және т.б. жеткізе білу.

 
Аудио-бейне оқу материалдары және т.б.  
Аудио-бейне оқу материалдары магниттік тасымалдауыштарда   жазылады, білім алушыға магнитофонның, бейне магнитофондар немесе CD-ROM лазерлі жинақ-дисктердің көмегімен берілуі керек. Компьютерлік желілер- байланыс каналдарымен қосылған әр алуан түрлі ақпараттар мен компьютерлер жиынтығын қамтитын оқыту құралдары. ҚО кең қолданылатын интегралды құрал ғаламдық желі INTERNET болып табылады.

 

 

 

 

Кітапхананың негізгі  мақсаттары: 
- ҚР білім және ғылым министрлігінен келген құжаттарды негізге алып, университеттің ақпараттық қажеттілігін есепке ала отырып, анықтама-ақпараттық қорды толықтыру; 
- университеттің бейініне және кафедралардың ғылыми көзқарасына байланысты басылымдарды насихаттау жұмысының түрлері мен әдістерін жетілдіру; 
- оқырмандарға толық, сапалы, нәтижелі қызмет көрсетуді қамтамасыз ету; 
- кітапханалық маркетингті кеңінен енгізу; 
- қорды сақтауды қамтамасыз ету; 
- кітапхана кадрларын дайындауға және біліктілік деңгейін көтеруге ықпал ету; 
- кітапханалық – ақпараттық инновациялық жұмысты жетілдіру. 
 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-техникалық кітапханасы облыстағы білім беру жүйесіндегі кітапханалардың әдістемелік орталығы болып табылады.

Кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімі

 

 

Бұл бөлім пайдаланушыларға интернет желісін, электрондық пошта, сканер қызметтерін ұсынады. Рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар, басқа да ақпараттар алуға мүмкіндіктер береді.

Пайдаланушылардың электрондық және бейне құжаттарымен жұмыс істеуіне арналған қазіргі  заман талабына сай жаңа технологиямен жабдықталған медиатека құралдары бар. Медиатека ақпараттық жұмыс жүргізуді қамтамасыз ету үшін пайдаланушыларға әр түрлі CD, DVD-дегі электронды басылымдар жинақтамасын ұсынады.  Оптикалық компакт-дисктердің негізгі массиві оқу–білім бағдарламаларына, тілдерді оқуға, тақырыптық дисктерге бағытталған. Пайдаланушылар қажетті ақпаратты CD-дискіге, флешкаға жазызып ала алады.

Сондай-ақ бөлім  қызметкерлері сирек кездесетін құнды әдебиеттерді сандық түрге  енгізіп, кітаптың электронды нұсқасын КАБИС бағдарламасына енгізеді.

Кітапхана веб-сайтына  байланысты жұмыстар  жүргізеді.

Жыл бойы өтетін мәдени шараларға, мерейтой иелеріне слайд, бейнекөріністер әзірлейді.

Кітапхана - дүниеде ештеңе теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. «Кітап - білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор. Қазіргі таңда кітапханадағы кітап қоры -9311 дана, әдеби кітап - 3818 дана, оқулық -5493 дана, электронды оқулықтар – 18 дана. 
 
Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет.Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын , өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітапты көп оқу керек. 
Кітап – адам өмірінде маңызды роль атқарады.Ол елді, жерді сүюге талапты,  
кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға үйретеді. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады.Одан ақыл - кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап біздің рухани жан азығымыз. 
Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезім ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт - дәстүрін аялай, ардақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде. 
 
Мектеп кітапханасы кішкентай болғанымен атқарар қызметі үлкен. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жаздырып алып отырады, білімдерін толықтырады. Бұл орын оқушылардың шығармашылық жұмыстары мен шұғылдануына көп ықпалын тигізеді. Кітапханада көптеген іс-шаралар өткізіліп, көрмелер ұйымдастырылады.Мысалы: «Мейірімділік шуақтары» библиотерапиялық кеш, «Класс пен мектеп намысы дегеніміз не?» пікірталас, «Кітапхана білімпаздар мекені» кеш, «Әдебиетке балалықты әкелген» конференция, «Ардақтайық ата тілін» кітап көрмесі , «Туған елім-Қазақстан» ауызша журнал , «Ата мұрам - асыл қазынам» сайыс, «Денсаулық - байлықтан да қымбат» ертеңгілік т.б. бірнеше көптеген іс-шаралар өткізілді. 
Бүгінде балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапханасының қоры толықтырылуда. 
Өмірде бар нәрсе өзгерді, тек кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы құндылығымыз ешқашан жоғалмай , келешек ұрпақ осы асыл қазынамыздан нәр алып сусындай берсін. 
 
Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш - білім және білімді ұрпақ . 
Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан - дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары , талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек. 
 
Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық, рухани, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қатар қою қажет. 
Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі - мектеп кітапханасы. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала бермек. Бүгінгі оқушы ертеңгі ел маманының еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін артуы, олардың бойында ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында кітапхана қызметкерлері - халқымыздың қилы тарихын, өнегелі әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, мәдени мұраларын, әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білуі қажет. 
Ел Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасында «ХХІ ғасырда білімсіз мүмкін емес.Халықты салауатты да сауатты бағыттауымыз керек» деген сөздері бүгінгі ұрпақ, ертеңгі ел азаматтарына білім мен тәрбие берер жандарға міндеттелген тапсырма тәрізді. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Осыған орай еліміздегі бірден-бір рухани қазына ордасы – мектеп кітапханасының алар орны зор. 
Оқу процесін қажетті құжаттармен қамтамасыз етуге міндетті орын - оқу кітапханасы. Мектеп кітапханалары педагогтерге қызмет көрсете отырып, сонымен қатар сыныпқа арналған және сыныптан тыс қызмет көрсететін көпшілік кітапхана болып табылады. 
 
Бүгінгі таңда мектеп кітапханасы өз заманының даму деңгейінде болып, мектептің өркендеуімен қалыптасуы, оның балалар мен жасөспірімдерге тәрбие беру мен оқытуда үлкен көмек беруі керек. Жасөспірімдермен жұмыс жасай отырып, кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру оларға кітаптар мен жұмыс жасай білуге үйрету - кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. 
 
Кітапхана қызметкерлері кітапханада және кітапханадан тыс көркем әдебиеттен бастап, баспа түріндегі немесе электорндық ақпараттар түрлеріндегі әртүрлі кітаптарды және ақпараттар көздерін пайдалануға көмектеседі. Себебі бүгінде білімнің қайнар көзі кітапханада. 
Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманды мемлекетіміздің болашағы - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Білім саласын ақпараттандыруға байланысты «ҚР Конституциясының 44- бабына сәйкес және ҚР-сының ортақ білім беру жүйесін дамыту мақсатында », - деп көрсетіліп, 1997 жылғы 22 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «ҚР президентінің Қазақстан Республикасы орталық білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы туралы» № 3645 бұйрығы бекітілді.  
 
Сондай-ақ мекемелер жүйе арқылы «Интернет мектепке» бағдарламасына сәйкес компьютерлендірумен бірге мектепті сатылап интернат жүйесіне қосылу процесі жүзеге асты. 
Біздің облыста барлық мектеп интернет жүйесіне қосылған.Ал кітапханаларға келетін болсақ, жаппай барлық кітапхана компьютермен жабдықталды деп айта алмаймыз, себебі кейбір алыс шалғай аудандардың мектептерінде жетіспейді. Жаңа ақпараттық технология Электрондық катологты құруда «РАББИС», «АБИС» электрондық бағдарламасына көшу. Кейбір мектептер бағдарлама бойынша автоматтандырылған. Оқырмандар дәстүрлі каталогтармен қатар электронды , электрондық каталогтармен жұмыс істеуді кеңінен пайдалана алады. 
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларда жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологиясына алмастыру. Кітапхананы электрондық медиатекаға айландыру деп көрсетеді. 
 
«Медиатека » дегенде түсінетініміз - әртүрлі нысандағы құжаттарды жинақтаған және қажетті арнаулы құрал-жабдықтармен және техникалық құралдарды пайдалана отырып, оларды пайдаланушыларға жоғары деңгейде ұсынатын қазіргі заманғы озық кітапхана.Кітапхана- медиатека мектептің жергілікті жүйесінде бола отырып, әлемдік ақпараттар қорына шығуға жол ашады. 
 
Мектеп кітапханаларында жаңа ақпараттық технология ендіру мақсатында барлық кітапханашы мамандармен кітапхана ісінің негізгі бағыттарына арналған семинарлар,  
курстар, яғни әртүрлі тақырыптарда тәжірибелік сабақтар ұйымдастырылды. 
Кітаптың әлемдік өркениетке үлесі шексіз. Қазіргі кезде интернет , теледидар, радио, басқа да ақпарат құралдары кітаптарды ығыстырып бара жатқандай әсер қалдырды. Алайда кітапты ешқандай жаңа технология ығыстыра алмайды. Өйткені адамның жан-дүниесін , армандары мен сезімдері мен психологиясын кітаптай ешнәрсе жеткізбейтіні анық. 
 
Сондықтан да кітап әрдайым басты рухани байлығымыз болып қала бермек. Қазіргі кітапханалар – ақпараттық, мәдени - ағартушылық, ғылыми-зерттеушілік мекеме. Кітапханашы тек қазіргі заман талабына сай технологияны біліп қана қоймай сонымен бірге оны сауатты түрде қолданады. 
Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет – ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету. Ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу. Қоғам өз кітапханашыларының мәнін әлі түсінбейді. Көпшілігі кітапхананы тек кітап сақтайтын, кітап беретін орын есебінде қарайды. Көпшілігі интернет қызметіне үйренген, олар электронды тасығыштарды, соның ішінде компакт-дискілерді, сақтау және ақпараттық жеткізу құралдарын қолдана біледі және кітапханаға білім мен жаңа технология үндескен қазіргі заман талабына сай мәдени орталық ретінде қарайды. 
 
Бұдан жарты ғасыр бұрын дүниежүзі кітапхананы тыныш жайлы, кітап сөрелері мен каталог жәшіктері орналасқан және оқырмандар залында кітапқа үңілген оқырмандарға толы ғимарат есебінде көрсетті. Мұндай суретті қазір де байқауға болады. Бірақ қазір кітапханалар монитор алдында отырған компьютерлі оқырмандар залы пайда болды. 
Компьютер көмегімен олар электронды кітапханаларға шыға алады, электронды кітаптар оқиды, электронды беттерді парақтайды. Интернеттің кез-келген тұтынушысы кездестіретін проблемалардың бірі – ақпаратқа қол жеткізу проблемасы. Ол , біріншіден, ақпарат көлемінің өте толықтығынан көрініс табады. Қазіргі уақытта интернет ресурстарын пайдалану кітапханаларды іріктеу және технологиялық процестерді негізінен өзгерту фактісінің бар екенін жоққа шығармайды. 
 
ХХ ғасырдың соңында адамдар жаңа технологиялық тасқынның куәгері болды. Комьютермен интернет , жаңа байланыс құралдары, қызмет көрсетудің жаңа түрлері, ғылыми жаңалықтар осының бәрі оқушылардың ойына әсер етеді. 
ХХІ ғасырда адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: білім сапасын көтеру, компьютерлік желі, электронды және телекоммуникация, электронды оқулықтарды даярлау. Бұлар оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге әсер етеді.Жаңа электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім мазмұны да өзгеретіні сөзсіз. Болашақта әр оқушы компьютерлік технология арқылы интернет дүниежүзілік білім әлеміне еніп, одан өзінің қажетін білімді толығымен алуға қажетті ақпараттық мәліметтерді ғылым саласына байланысты озық тәжірибелерді осы мәселенің шет елдегі жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады. Мұның өзі оқыту үрдісіндегі жаңа тенденция екенін көрсетеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі компьютерлік техникалық құралдарды оқыту процесінде пайдаланудың тұжырымдамасы компьютер сабақтарын ақпараттандырумен қатар, әдістемелік құралдар жасау , сонымен қатар білікті мамандар даярлау. 
 
Бүгінгі заманауи азамат тек қана оқу, жазу, сызу , сөйлеумен, сонымен қатар, тек ақпарат алуға мүмкіндік беретін қызмет сауаттылықпен қана шектелмей ақпартты өзі үшін бағалауға және оны өз мүддесіне пайдалану дағдысына қол жеткізуге , яғни әлеуметтенуге ұмтылуға қажет және бұл заңды құбылыс. 
 
Білім берудің жаңа парадигмасы контектісіндегі ең негізгі міндеттердің бірі - оқушылардың ақпараттық мәдениетін көтеруді жетілдіру, олардың оқу дағдыларын меңгеруіне, өз бетінше білімін тереңдетуіне ықпал жасау. Білім сапасының жаңа жетістіктерін қол жеткізетін маңызды ақпараттық ресурстар орталығы ретінде мектеп 
 
кітапханасының кітапханалық кеңістікте алатын орны ерекше. Мектеп кітапханасы біріншіден, оқу үрдісін қажетті ақпараттармен және құжаттармен қамтамасыз ететін болса, екіншіден, ол арнаулы кітапхана, үшіншіден сол мектептің бүкіл педагогикалық жұмысын, мектеп оқушыларын мектеп бағдарламасына қосымша және бағдарламадан тыс ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, көпшілік кітапхана қызметіне де жақындайды. ИФЛА және ЮНЕСКО (1999ж) манифестісінде кітапханалық ақпараттық жүйедегі мектеп кітапханасының негізгі миссиясы мен міндеттері туралы: «Мектеп кітапханасы - мектеп ұжымының барлық мүшесіне оқулық бағдарламаларды кітаптарды және басқа ресурстарды ұсына отырып, пайдаланушылардың ойлау және ақпараттың барлық түрін тиімді пайдалану жүйесін дамытады»- деген нақты тұжырым бар. 
Мектеп кітапханасының алдында тұрған басты мақсаттарының бірі оқушылардың оқу дағдысына қалыптастыруға ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету. Ол мектеп оқушылары мен оқушыларына біліми орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып, ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. 
Ал, ақпараттық мәдениеттің құндылығы - жеке тұлғаға өзін-өзі іс жүзінде көрсетуіне және өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндіктер туғызу арқылы өмірлік көзқарасын , санасын, өмірлік танымының қалыптастыруына қоғамдық ортадағы орнын анықтауына ықпал ете отырып, рухани тұрғыда байытады. 
 
Жеке тұлға мен қоғамның ақпараттық мәдениетін қалыптастыру үздіксіз білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Біріншіден, ақпараттық мәдениет жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан қорғалуына, өздігінен білім мен қарулануға дағдылануына, өзінің жеке тәртібі мен мінез-құлқын қалыптасуына тікелей әсер ететін құрал ретінде көрінеді. Екіншіден - ақпараттық мәдениет еріктен тыс әрекеттерден қорғауға, кез-келген саланың-әлеуметтік, экономикалық техникалық салалардың принциптік негіздегі шешімдерін жан-жақты талдай отырып кепіл болуға әрекет етуші құрал. 
 
Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі мектеп кітапханасының мәртебесін көтереді. Сонымен қатар қазіргі таңда ақпараттық - кітапханалық жүйеде орын алып отырған инновациялық үдерістер әсері мектеп кітапханасынан да заман талабына сай жаңаша келбет, жаңаша серпін қалыптастыруға ықпал етіп отырғаны белгілі. 
Сондай-ақ, қазіргі уақытта «қоғамдық ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздің қорымызда жиі кездеседі. Олай болса ақпараттандыру дегеніміз ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерістерін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр. 
 
Ақпарат құралдары халықтың, әсіресе, жас ұрпақтың рухани , мәдени құндылықтарынан білім алуына зор ықпал етеді. Осылардың ішінде ұрпақ тәрбиесіне тікелей ықпал жасау мүмкіншілігі басым тұрғаны мерзімді баспасөз. Өйткені, газеттер қоғамдық пікірді қалыптастыруда халыққа бір табан жақын. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2030 » даму стратегиясы мен «ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негізгі бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы ролі мен орны айқын анықтап алуымыз керек.... ең демократияшыл бұқаралық ақпарат құралдары ұлттық мүддені қорғауға келгенде айқын тұғырда тұрады» деп атап көрсеткендігін үнемі есте ұстауымыз қажет. 
Мерзімді баспасөз жұртшылыққа бағыт-бағдар беруде, тәлім-тәрбиеге қатысты өзекті жайттарды қозғауда негізгі құрал болып табылады. 
 
Қоғам өмірін ақпараттандыру және онымен байланысты ақпараттық - коммуникация құралдарын жан-жақты дәріптеу орта кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына 
айтарлықтай ықпал етеді. Оқу-тәрбие үрдісіне қажетті жаңа техникалық құралдарын береді, кәсіби білім беруге және оны меңгертуге қажетті автоматтандырылған ақпараттық жүйені жасауға ынталандырады. 
 
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білім мен сауаттылықтың орны ерекше. 
Оқушылардың тілін меңгеру барысындағы білімін бекітіп, қоғамдағы қарым-қатынасты аңғартып , қазақтың мәдени өмірінен хабардар болуды пікірталас арқылы сөйлеу тілін дамытуды көздеген дебат сабағының міндеттері: оқушыларды берілген тақырыпқа қатысты талдау жасай білу, кітапханадан негізгі ақпаратты таба білу, тақырыпқа қатысты ой-пікірлерін сұрыптау мен жүйелеу мақсатындағы дағдыларын қалыптастыру; тапқан ақпараттарын сабақ барысында тиімді пайдалануға үйрету. 
 
«ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады», - деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қоғамымыз , жастарымыз, заман талабына сай жаңа ақпараттық технология мен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Осы жерде кітап пен кітапхана жұмыстарының көбінесе сырт қалатыны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологияларымен айырбастап жібергені айдан анық. 
 
Ғылым мен білімнің негізі болып табылатын кітап пен білім ошақтары - бірінен-бірі ажырағысыз рухани қазыналар. Өйткені оқу-тәрбие үрдісіне кітаптың қосар үлесінің өлшеусіз екендігі ақиқат. Кітап-рухани прогрестің кепілі, ер мен елді , мемлекет п ен мемлекетті жақындастырар, түсінкке бастар аса маңызды рухани фактор. Кітап - әлемдегі ұлы күш. Ол сананы нұрға бөлеуші. Кітапқа қызықтыру - білімге қызықтыру. Ата тарих пен ұлттық сананы қалыптастыру. 
Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы кітап шығару ісі қолға алына бастады.Соның бір айғағы кейінгі жылдары «Мектеп», «Жазушы», «Алматыкітап» баспаларынан шыққан балаларға арналған көркем әдебиеттер мен мектеп кітапхана қорлары толықтырылып жасөспірімдердің кітапқа деген қызығушылықтары арта түсуде. Мектеп партасында отырған жасөспірімдер мен бүлдіршіндерді рухани байыту - кітапхананың төл ісі. 
Мектеп кітапханасы - мектептің жүрегі, бір бөлігі. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы-кітапхана.Сондықтан да , мектеп кітапханасын - білім беру мекемелерінің ақпараттық орталығы деп айтамыз.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және пәндерді оқыту туралы

Жаңа стандарт 2002 жылы қабылданған  стандартты алмастырады.Жаңа стандарттың кейбір ерекшеліктеріне тоқталайық:

1. Қолданыс саласы жөнінде  «Білім беру жүйесі қызметкерлерінің  біліктілігін арттыру және қайта  даярлау институттарында педагог  кадрлардың біліктілігін арттыру  және қайта даярлау бағдарламаларын  жасауға» болады деп жаңа қосымша енгізілген.

2. Нормативтік сілтеме  «Білім туралы» заңына ғана  жасалынған.Ал ескі стандартта бірнеше заңдарға сілтемелер жасалған.

3. Терминдер мен анықтамалар  тарауында, ескі стандартта 15 пункт  бар болса,жаңа стандарт тек 3 пунктпен ғана шектелген:

3.1 базалық мазмұны

3.2 оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі

3.3 білім алушының дайындық  деңгейі Ескі стандарттағы базистік оқу жоспары, типтік оқу жоспары, жұмыстық оқу жоспары, оқу бағыты т.с.с. терминдер мен анықтамалар берілмеген

4. Жалпы ережелер тарауы  екі стандартта да бірдей

5. Бастауыш, негізгі орта  және жалпы орта білім берудің базалық мазмұны тарауындада біршама өзгерістер бар. Атап айтқанда, жаңа стандартта білім беруді 7 білім саласына бөліп олардың әрқайсысына білім сатылары бойынша жеке-жеке түсініктеме беріліп, мақсаттары көрсетілген.Олар: тіл және әдебиет, математика, жаратылыстану, адам және қоғам, өнер,технология, дене шынықтыру.

6. Білім алушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар тарауы екі стандартта да бірдей

7. Типтік оқу жоспарларын  қаржыландыру Білім мазмұнының  инвариантты компонентінің оқу  пәндері бойынша оқу сабақтарын ұйымдастыру кезінде сыныпты топтарға бөлу қалалық жерлерде сыныпта 25 және одан көп оқушы болған жағдайда; ауылдық жерлерде сыныпта 20 және одан көп оқушы болған жағдайда жүзеге асырылады:

а) білім алушылар келесі пәндерді оқу кезінде: · оқыту орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүретін білім беру ұйымдарының 1-11 сыныптарындағы қазақ тілі; · оқыту қазақ, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүретін білім беру ұйымдарының 2-11 сыныптарындағы орыс тілі; · оқыту орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүретін білім беру ұйымдарының 5-11 сыныптарындағы қазақ әдебиеті; · 5-11 сыныптардағы шетел тілдері; · 1-11 сыныптардағы өзін-өзі тану; · 5-11 сыныптардағы технология (ұлдар және қыздар топтары); · 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру (ұлдар және қыздар топтары);

ә) практикалық сабақтарды жүргізу кезінде: · 7-11 сыныптардағы информатикада компьютермен жұмыс  істеуде;

Ескерту: Ескі стандартта информатиканы 3 топқа бөлуге болады деп көрсетілсе, жаңа стандартта бұл анық көрсетілмеген. · 10-11 сыныптардағы бағдарлы пәндер бойынша екі топқа бөлінеді. · Тілдерді, бағдарлы пәндерді оқытқанда сыныпта аз оқушы болған кезде де топтарға бөлуге болады. · Дене шынықтыру пәніне апталық 3 сағат бөлінген. · Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының барлық типтері мен түрлерінде факультативтерді, таңдау курстарын,қолданбалы курстарды, жеке кеңес беру және типтік оқу жоспарының вариативті компонентіндегі басқа да сабақ түрлерін жүргізу кезінде 1-11 сыныптарда білім алушылардық топтарын құру көзделген.Топтағы оқушылар саны 8-ден кем болмауы тиіс.

8 . Жаңа стандарт бойынша мынаны ескеру керек. Жалпы орта білім берудің типтік оқу жоспарында (қоғамдық- гуманитарлық бағыты, «И» косымшасы) оқушы компонентінің жүктеме сағатында мынадай қате жіберілген: · Апталық сағаттар бағанында жазылғаны 1*/ 6, болуы керек -*/4; жылдық сағатта бағанында жазылғаны 34*/340, болуы керек -*/136.

9. Пәндер бойынша: Мына пәндердің оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ: биология, химия, физика, технология, география, орыс тілі мен әдебиеті, ұлттық мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, сызу, қазақ мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті, өнер (10-11 сыныпта ) 9 сыныпта Дінтану негіздері пәні типтік оқу жоспарының вариативті компонентінің таңдау курстары бойынша 2010-2011 оқу жылының басынан аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат бөлінеді. Бірақ, Дінтану негіздерінің оқу бағдарламасы мен оқулықтардың қайта қаралып, өзгертілуіне байланысты 2010-2011 оқу жылының ІІ жартыжылдығында типтік оқу жоспарының вариативті бөлігінен аптасына 2-сағат, жылына 34 сағат өтіледі. 5-сынып бойынша тарих пәнінің стандарт пен оқу бағдарламасындағы көрсетілген сағат саны сай емес. 5 сыныпта стандарт бойынша оқу жоспарының инвариантты бөлімінде дүниежүзі тарихына - аптасына 1 сағат, Қазақстан тарихына - аптасына 1 сағат, барлығы - жылына 68 сағат бөлінген. Бірақ, бағдарлама бойынша Қазақстан тарихы пәні аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат өтіледі, ал дүние жүзі тарихы өтілмейді. Ал, 11 сыныптың Қазақстан тарихы пәні стандарт бойынша жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқу жоспарының инвариантты бөлімінде дүниежүзі тарихымен сағаты орны ауыстырылып дұрыс көрсетілмеген. 11 сыныпта жаратылыстану-математикалық бағытында Қазақстан тарихы пәні аптасына 1 сағат өтіледі, дүние жүзі тарихы өтілмейді (орыс тіліндегі нұсқада дұрыс көрсетілген). Математика пәні бойынша қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-11 сыныптардағы геометрия және алгебра пәндерінің бағдарламалары сараланып бөлек берілген.

Оқу орыс, өзбек,ұйғыр,тәжік тілінде оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті ҚРБ және Ғ министрлігінің 2007ж.25.01 №25 бұйрығымен 2 сағат (осы уақытқа дейін оқу жоспарының вариативті бөлігі негізінде енгізілсе) осы стандарт бойынша оқу жоспарының инвариантты бөліміне ендірілді. Қазақ әдебиетінде 5-11 сыныптарда бөліп оқыту қарастырылған. Шетел тілдері пәні бойынша типтік оқу жоспарының апталық жүктемесінде өзгерістер жоқ, бірақ 2010-2011 оқу жылында шетел тілін меңгерудің жалпы еуропалық деңгейіне сәйкес тілдерді (қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілдері) меңгертудің деңгейлік моделі енгізілді. Деңгейлік әдіс-тәсілге негізделген деңгейлік тіл үйретудегі жаңа жүйенің ерекшелігі - оқытудың соңғы нәтижесі,белгілі бір оқыту деңгейіне мақсатталып, нәтижеге бағытталғандығында. Музыка пәні бойынша өзгеріс бар. Бұрынғы оқу жоспарында 1,5 сағат берілсе, қазіргі оқу жоспары бойынша 1сағаттан 1,2,3,4,5,6сыныптарға берілді. Әр сыныптың жылдық оқу жүктемесі 51сағаттан 34 сағатқа қысқартылды. Бағдарлама өзгермей, тақырыптық сағаттар қысқартылады. Дене тәрбиесі бойынша өзгеріс бар. Бұрынғы оқу жоспарында 2сағат берілсе, қазіргі оқу жоспары бойынша 3 сағаттан 1-11сыныптарға берілді. Оқу бағдарламасындағы берілген тақырып сағаттары көбейтіледі. Оқу жоспарына 34сағат қосылып, жылдық жүктеме сағат саны -102. Бейнелеу өнері пәні бойынша 1,2,3,4,5,6 сыныптарда стандарт және бағдарлама мазмұнында өзгеріс жоқ. Жылдық жүктеме 51 сағаттан 34 сағатқа қысқарды. Демек, апталық сағат 1,5 болса, оның 0,5 сағаты қысқарды. Бастауыш сыныптар бойынша бейнелеу мен музыка 0,5 сағатқа кеміп аптасына 1 сағат болды, ал 1 сағат Өзін-өзі тану пәніне беріледі. Өзін-өзі тану пәні 1-11 сыныптарда аптасына 1 сағат( жылдық жүктеме 34 сағат) болып инвариативті компонентіне ендірілді.Ол, 1-6 сыныптарының Музыка және Бейнелеу пәндерінен 0,5 сағаттан, ал 7-11 сыныптарының оқушы компонентінен алынады.

9. Пәндерді оқыту барысында  Қазақстан Республикасынының Білім және ғылым министрлігінің мына төмендегі бұйрықтарын басшылыққа алынады.

1. 2010-2011 оқу жылында Қазақстан  Республикасының жалпы білім  беретін мектептеріндегі оқыту  Қазақстан Республикасы Білім  және ғылым министрлігінің 9 шілде  2010 жылғы № 367 бұйрығымен бекітілген  ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010).

2. Бастауыш, негізгі орта  білім берудің типтік оқу жоспарлары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. № 367 бұйрығы).

3. Жалпы орта білім берудің  типтік оқу жоспарлары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

4. Бастауыш білім берудің  типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

5. Негізгі орта білім  берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

6. Жалпы орта білім берудің  типтік оқу бағдарламалары. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. № 367 бұйрығы).

7. «2010-2011 оқу жылында Қазақстан  Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 5 сәуірдегі № 152 бұйрығымен, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтары.


Жаңа білім беру жүйесі. 5