Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

 

1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси жүйесінде билік институтының қалыптасуы...................................................................................................................4

 

2 Қазақстандағы билікті жүргізу  жолдары...............................................................9

 

3 Мемлекетте  билік бөлінісінің жүйесін реформалау............................................16

 

Қорытынды........................................................................................................20

Қолданылған әдебиеттер.......................................................................21

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Күнделікті  өмірде және ғылыми әдебиетте «билік» ұғымды әр түрлі мағынада қолданылады. Бұл  ұғым саясатқа және экономикаға қатысты  тереңірек қарастырғанда толық  мағынасын ашу мүмкін емес. Себебі, «билік» ұғымы   өте терең, әрі  күрделі. Бұл ұғымды зерттеу үшін қоғамдық өмірдің әр түрлі дейгейлерінде атқаратын жұмыстарын қарастыруды қажет етеді. Фундаментальды саясаттанудың ең негізгі мақсаты биліктің пайда болу табиғаты мен механизімдердің жаңа рең алуын және билік қарым-қатынастарын зерттеу. Бұл ежелгі Үнді, Қытай және Греция мемлекеттерінің саяси тарихы уақытында қолданылған. Мысалға,ежелгі грек «архе»сөзі «билік», «басшылық» немесе «алғы себептер» мағынасын береді. Билік өзін ақтауды қажет етеді, бұл жағдаят саяси тарихтың көп бөлігін құрайды. Билік концепциясы - теориялық концепциялардың алғысы, ол саяси қарым-қатынастарды түсінуге, олардың механизімдерін және мемлекеттің саяси жүйесін зерттеуге көп көмек көрсетеді. Билік - әлеуметтік болмыстың ең биік және өзіне тартатын күші бар құбылысының бірі. Оның сырлы құпиясын ежелден бергі көптеген ғалымдар алуан-алуан шығармалар арнады.

«Билік» қазіргі адамдар  ұғымында, ең алдымен, мемлекеттік билік, ал ол - зорлық ретінде түсініледі. Сірә, сондықтан саясаттанушылардың көбісі мәжбүрлеуді биліктің ажырамас бөлігі деп есептейді. Мұндай көзқарас бізде көп жыл бойы маркстік доктрина күмәнсіз болып есептелуімен тұрақтанды. Онда: «күштеу ескі қоғамның жаңадан екіқабат болғандығы болып табылады» делінген. Мемлекеттік билік туралы айтсақ, онда сендірумен қатар мәжбүрлеу тетігі бұл арада белгілі бір рөл атқарады.

Өкімет - мемлекеттік  аппарат қана емес, сонымен бірге  әлеуметтік феномен де екені даусыз. Бұл - барлық әлеуметтік құрылымдардың  ортақ белгісі. Кез келген саяси  компания, әлеуметтік ұйым немесе топ -  өкіметтегі жаттығу. Жалпы алғанда, өкімет - жеке тұлғалардың басқаларды   бақылау қабілеті. Өз кезегінде, Т.Парсонс мұндай мүмкіндікті жеке адам немесе топтың әлеуметтік мәртебесі беретініне сенімді. Бір карағанда бұл пікірлер қарама қайшы, бірақ бір-бірін жоққа шығармайды. Нақты жағдайда билік қатынастарының осы түрлерінің бірі алдыңғы қатарға шығады.

Аристотельдің көзқарасы  бойынша, мемлекет - қоғамдық болмыстың  табиғи жағдайы. Сондықтан ол адамнан  бұрын пайда болған, өйткені тұтас  нәрсе бөлшектен бұрын туады: «Адам мемлекеттен тыс өмір сүре алмайды, егер әлдебір адам тысқары тұрса, ол - не жануар, не құдай". Билік мәні туралы түсінікті құқық саласынан әлеуметтік салаға көшіру Цицеронға құқықтық мемлекет идеясын жүйелеуге мүмкіндік берді. Ол бостандықтың басты шарты заңдардың билік құруында деген түйінге келді: «Тәуелсіз болу үшін біздің бәріміз заңның құлы болуымыз керек».

 

1 Тәуелсіз Қазақстан Республикасының саяси жүйесінде билік институтының қалыптасуы

 

Қазақстан егемендік  алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруға кірісті. Мұны іске асыруда еліміздің тарихи және отарлауда болған мұрасы, оның саяси мәдениетінің өзіндік ерекшелігі, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасы жан-жақты ескерілді. Елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. Қоғамды демократияландыру барысында жаңа саяси институттар-парламент, 1993-ші және 1995 жылдардағы Конституциялар қабылданды, тәуелсіз сот билігі қалыптасты.

Тәуелсіздік алған алғашқы  кезден бастап, Президент Н.Ә.Назарбаев 1992 жылы жарық көрген «Қазақстанның  егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген  еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді. Онда айтылған кейбір маңызды қағидалар мен тұжырымдар Егемен Қазақстанның бірінші Конституциясында көрініс тапты.

Қазақстан Республикасы егемен және тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, өркениетті демократиялық, құқықтық қоғам құру жолына түскен ел. Қазақстандық қоғам саяси жүйенің түрлі салаларында демократиялық құндылықтарды орнықтырудың бастапқы кезеңінде даму үстінде. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: "Қоғамымызды кезең-кезеңімен, бірақ үздіксіз демократияландыру біздің ұдайы ұстанатын қағидамыз... Ең бастысы ел өмірін демократияландыру эволюциялық жолмен жүзеге асырылуы шарт. Өте-мөте нәзік бұл істі баяғыдай революциялық жолмен қолдан жеделдетіп жіберуге әсте болмайды. Қоғамдық дамудың өзіндік ішкі заңдылықтары бар. Экономикада ертеңгі істі бүгін атқарып тастауға болар, бірақ саясатта ертеңгі істің ертең атқарылғаны жөн. «Саясат қолдан келетінді жүзеге асыра білу өнері» деп сондықтан айтады».

Бұдан кейін мемлекет алдында бой көтерген жаңа тактикалық мақсаттардың іске асу шаралары белгіленді. Оны Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің 1993 жылы жазған «Қазақстанның болашағы - қоғамдық-идеялық бірлігінде» деген  еңбегінде ашып берді. Президент тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп, нығаюында қоғамдық ынтымақтастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтады. 1996 жылы жарық көрген «Ғасырлар тоғысында», одан кейін 1999 жылы шыққан «Тарих толқынында» атты аса күрделі еңбектерінде Н.Назарбаев қазақ халқының өткені мен кеткенін, оның бүкіл тарихын ой елегінен өткізіп, өз болжамдарын ашық жазып көрсетеді. Бұл еңбектерінде ол қазақтардың арғы төркіні мен шығу тегін, даму жолдарын әлемдік құрылыстар шеңберінде, солармен тығыз байланыста қарау керектігін ғылыми тұрғыда тұжырымдайды. Ел Президентінің бұл шығармаларында Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтаудың басты шарты - қазақтар мен орыстардың және басқа да этнос өкілдерінің достығын нығайту, Орталық Азия халықтарының бірлігін сақтау, аймақтың тең құқылы негізде әлемдік қауымдастыққа енуінің қуатты факторы ретінде бірлікті нығайту ең басты өзегі ретінде қарастырылады. Ал осы бірлікке қол жеткізудің маңызды шартын Президент мемлекеттік идеология, мәдениет факторларымен тікелей байланыстырып қарайды. Өйткені, мәдениетті бюджеттің ең соңында қаржыландыратын мемлекеттер ерте ме, кеш пе кенжелеп қалатыны тарихи кезеңдерден белгілі болып отыр ... Идеология, мәдениет қоғамның дамуында бастапқы элементтер екені енді түсінікті бола бастады. Өйткені, технология да, экономика, шаруашылық жүргізу әдістері де, қоғамға қажеттің бәрі де солардан шығатыны белгілі. Сондықтан Н.Ә. Назарбаев қазіргі жағдайда әлемде болып жатқан ақпараттық үлкен үрдіс кезінде, ағылшын тілінің экспансиясы шапшаң белең алып, тұрмыста күшті сұранысқа ие болып отырғанында, алдағы XXI ғасырда қазақ мәдениетнің күні не болатынына, нарық дәуірінің мәдениет жасаушылардың жаңа буынына нендей ықпал ететініне де алаңдайтындығын білдіреді.

Президент Н.Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» еңбегіндегі «Мемлекет деген біз боламыз» және «Өктемшілдік пе, әлде демократия ма?», сондай-ақ, «Тарих толқынында» атты кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» деген тарауы қоғамның демократиялық жолмен дамуында интеллигенцияның алатын орны мен атқаратын рөлін пайымдауға арнайды. Онда бүгінгі қазақ зиялыларының бойында сонау бағзы заманнан келе жатқан парасаттық дәстүрлері барлығын айрықша атап көрсетеді.

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасы сияқы тототалитарлық жүйеден демократиялық қоғамға  өтіп жатқан мемлекетте елдің саяси дамуының алғышарттарын талқылап, жүзеге асыру маңызды мәселе болып табылады. Бұл ретте қазақстандық қоғамның саяси өмірінде ескі үлгілерден бас тарту және жаңа даму түрін іздеу, саяси реформалардың міндетін талқылау және орындау, таяу және алыс болашақтағы мақсаттарға бағыт-бағдар жасау тәрізді маңызды процестер жүріп жатыр. Сөйтіп, Қазақстан қоғамының түбегейлі өзгерістерге ұшырауы мен қарым-қатынастардың өзгеруіне әкелді.

Бұл ретте Қазақстан  Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Бүгінде... халықтың бірқатар жіктері бұрынғы мұраттарын жоғалтып және жаңаларына ие бола алмай, біршама абыржушылықты сезінуде..! Шынайы отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке адамның өзін саяси  тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауын көздейді»,- деп атап көрсетті. Демек, қоғамдық құрылымда орнатылып жатқан демократиялық үрдісіер әрбір жеке тұлғаның еңсесін жоғары ұстап, ойын еркін айта алуын, ел алдындағы өзінің азаматтық парызы мен жауапкершілігін ұғына білуін қажет етеді. Себебі тәуелсіз Қазақстан мемлекетін нығайту мен оның демократиялық құқықтық жүйесін дамыту ісі саяси әлеуметтенген жеке тұлғалардың біріккен іс-қимылының нәтижесінде ғана жүзеге асатыны анық.

Ондағы шешілуге тиісті басты проблемалар негізінен «Қазақстан - 2050» стратегиялық бағдарламадан туындайды.

 

    1. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында отыруы тиіс

 

 Сөйтіп, жаһандық сыни-қатерлердің  жай-жапсарына көз жүгірткен Тұңғыш  Президент бұны лайықты қабылдау  да елдікке сын болатынын аңғартты. Ал ондай қатерге төтеп беруге 2030 Стратегиясының аясы жеткілікті емес. Яғни, Қазақ елі ендігі елдік дамуының бағдарын бүгін бекітіп, жоспарлау көкжиегін кеңейтіп, кезекті дүниетанымдық серпілісті жасауы аса маңызды. Оның үстіне 15 жыл бұрынғы «Қазақстан – 2030» стратегиясы мемлекеттіліктің қалыптасу кезеңі үшін жасалған болатын. Бірақ барлық базалық өлшемін де мерзімінен бұрын тауысқан. Ақыр аяғы мемлекеттің алдында жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлер тұр. Сондықтан «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдау­дың маңызы зор болмақ. «2050 жыл – жай бейнелі дата емес. Бұл – бүгінде әлемдік қауымдастық бағдар ұстап отырған нақты мерзім. БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі өркениеттер дамуының жаһандық болжамы әзірленді. 2050 жылға дейінгі болжамдық баяндаманы Дүниежүзілік азық-түлік ұйымы жариялады. Қазір елдердің дені  осындай ұзақ мерзімді стратегиялар әзірлеп, қабылдауда. Қытай өзі үшін дәл осындай стратегиялық жоспарлау көкжиегін айқындап алды. Ірі трансұлттық компаниялардың өзі алдағы жарты ғасырға даму стратегияларын әзірлеуде», – деді Н.Назарбаев. Бұл ретте межеленген бағдарға тоқтала келе Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – «Қазақстан – 2030» стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы екеніне мән берді. «Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап – осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін. Осыған орай,  ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсынамын», – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында отыруы тиістігін қадап айтты. Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, дамушы елдер арасында дәл осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Соған орай, Нұрсұлтан Әбішұлы «күн астындағы орын» тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиістігін атап өтті. 

 

 

 

    1. Табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу

 

«Егер ұлтымыз шикізат  ресурстарынан түсетін кірістерді 35 жылдан кейін пайдаланғысы келсе, бұған бүгіннен бастап дайындалу керек. Бізге арнайы стратегия әзірлеу – барлық ірі корпорациялар мен концерндер тәжірибесіндей, алда тұрған барлық жылдарға барша жұмысты бөліп жоспарлау үшін басымдықтарды, серіктестерді айқындап алу қажет», –  деді Жолдауда Ұлт көшбасшысы. «Бұл – біздің төл тарихымыздың басты сабағы: Қашаған бойынша келіссөздер мен дайындықты біз осыдан 20 жыл бұрын дерлік бастадық, ал нәтижесін тек қазір ғана алуға кірістік», – деді Ол. Бұл ретте Мемлекет басшысы ұлт болашағы мен мемлекет қауіпсіздігі мүддесінде көмірсутегі шикізатының стратегиялық «резервін» құру керектігін алға тартып, стратегиялық резервтің ел энергетикалық қауіпсіздігінің іргетасы болатынын айтты. Осылайша, мемлекет ықтимал экономикалық сілкіністер жағдайына тағы бір қорғаныс шебін құратын болады.

 

    1. 2050 жылға қарай ЖІӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы тиіс

 

 Елбасы ауыл шаруашылығын, әсіресе ауыл шаруашылығы өніміне  өсіп отырған жаһандық сұраныс  жағдайында ауқымды жаңғырту  қажеттігіне де тоқталды. Әлемдік  азық-түлік на­рығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыруға қажетті бағдарды да қадап айтты. Егістік алқабын  ұлғайтуды, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажеттігіне тоқталды. «Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек. Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ЖІӨ-дегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс», – дей келе Мемлекет басшысы Үкіметке бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

 

    1. Сыртқы саясатта ұстанған басымдығымыз өзгермейді

 

 «Біздің басымдықтарымыз  өзгермейді – көршілеріміз –  Ресеймен, Қытаймен, Орталық Азия  елдерімен, сондай-ақ АҚШ-пен,  Еуроодақпен, Азия елдерімен серіктестікті  дамыту мәселесі болып табылады»,  – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан бөлек, Елбасы таяудағы мақсат Еуразиялық экономикалық одақ құру екенін, осыған орай мәселелердің консенсус арқылы шешілетінін нақты мәлімдеді. Бұл ретте саяси егемендікке қысым көрсетілмейді. «Сыртқы саясатымызды теңдестіру әлемдік істерде елеулі рөл атқаратын және Қазақстан үшін практикалық қызығушылық туғызатын барлық мемлекеттермен достық және болжамды қарым-қатынастарды дамыту дегенді білдіреді. Алайда халықаралық ахуал және геосаяси орта қарқынды  өзгеруде және әрқашан жақсы жағына қарай ойыса бермейді. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыстан Солтүстік-Шығыс Азияға дейін тұрақсыз­дықтың алып белдеуі созылып жатыр. Күштердің ара салмағы жаһандық деңгейде де, сонымен қатар жер шарының жекелеген аймақтарында да елеулі өзгерістерге ұшырауда. Соған сәйкес, БҰҰ, ЕҚЫҰ, НАТО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және басқа аймақтық қауіпсіздік тетіктерінің рөлі арта түседі. Орталық Азияда ұлттық қауіпсіздікке төнген жаңа қатерлер пайда болды. Мұндай ахуалда Қазақстанның сыртқы саясаты ішкі саясаты сияқты жаңғыртылуға тиіс», – деді Ұлт көшбасшысы.

 

 Бұдан бөлек, Елбасы 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен  бірқатар міндеттерді шешу принципті  маңызды екенін айтады. Ондай  бағыттың ішінде  мемлекеттің  макроэкономикалық саясатын жаңғырту, салық саясатын жетілдіру, ақша-кредит саясаты,  мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты секілді мәселелер бар. Бұл ретте Президент жаңа салық саясаты әлеуметтік бағыт алуға тиіс екенін алға тартады. «Бұл үшін 2015 жылдан бастап ынталандыру шаралары кешенін, соның ішінде білім беру­ге, өзін, өз отбасын, қызметкерлерін медициналық сақтандыруға қаражат салатын азаматтар мен компанияларды салықтан босату практикасын көздейтін ынталандыру кешенін әзірлеу қажет», – деді Елбасы.

 

    1. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі

 

 «Қазақстан  – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қасиетті мекенде өмір сүріп, өркен жайды. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар біртұтас елміз. Мынау жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі болмақ. Жалғыз ұлттың мемлекеті деген болмайды. Бұл әлемдік үрдіс», – деді Елбасы. Сонымен қатар еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірігіп үлес қосқанына тоқталды. «Ендеше, Тәуелсіз Қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің қақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақстандықтың басты қағидаты болуы шарт», – деді Н.Назарбаев. Бұл ретте Елбасы ұлттардың этносара­лық келісіміне сына қағуға тырысатындардың барлығы да заңмен қудаланатынын, мұнда ерекше жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылатынын қадап айтты. «Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз», – деді Елбасы.

 

Жаңа Конституция баптарын талдау барысында байқалатыны, оның қоғамдық процестерді құқықтық мемлекет құруға бағдаршам іспеттес екендігі. Ол өзіне үлгі етіп отырған өркениетті елдер қатарына бір табан жақындай түскеніміздің жарқын куәсі іспетті. Конституцияның кіріспесінде: «Қазақстан халқы өзінің республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», - делінген. Мұның өзі Қазақстан халқының Конституция арқылы болашақта егемен құқығын жүзеге асыратынына ешқандай күмән келтірмейді. Жаңа Конституцияның біздің тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің халықаралық беделін жоғарылатудағы тарихи маңызын ерекше атап көрсеткен жөн. Өйткені, онда біздің егеменді мемлекетіміздің әлем қоғамдастығы алдындағы мән-мағынасы, рухы мен бүкіл болмысы, оның өркениетті даму кезеңінің ерекшеліктері, әлемдік демократиялық құндылықтары жан-жақты көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының 1995 ж. Констатуциясыны 1-бабыны 1-тармағында: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, деп атап көрсетілген.  Қоғамды демократияландыру ұзақ та күрделі процесс. Демократияны дамыту - бұл демократиялық тәртіпті қоғамдық құрылымда орнықтыру, қоғам мүшелерінің бойына демократиялық саяси мәдениеттің құндылықтары мен ережелерін сіңіру, демократияның негізгі заң талаптарымен үйлесімді жүргізілуі, нарықтық экономиканы дамыту, меншік қатынастарын реформалау деген сөз. Дегенмен, «біз демократия мен сөз бостандығы мәдениетіне үйренуге тиіспіз, бұл ұғымдарды орынды-орынсыз пайдалана бермеуге, балаң демократияның келбетіне көлеңке түсірмеуге тиіспіз... Нақты демократияның да бірнеше қарапайым ұстамдары бар. Бұлар: дамыған орта таптың, заңнамалық базаның, нақты азаматтық қоғамның болуы, халықтың саяси мәдениеті, тарихи дәстүрлер және тиісті геосаяси орта. Мұны ескермейінше, кез келген демократиялық ықылымдар демократияға емес, охлократияға, яғни қарапайым тілмен айтсақ, бейбастақтық пен жүгенсіздікке, ақыр соңыңда қақтығыстар мен ыдырауға әкеліп тірейді.

Қазақстандық қоғам демократиялық  үрдістерді орнықтыру ісінде өзге елдердің демократиялық құндылықтары мен саяси үрдістерін еш өзгеріссіз қабылдай алмайды. Себебі еліміздің саяси мәдениеті мен дәстүріне негізделген қазақстандық демократияның өзіне тән ұлттық-мемлекеттік ерекшелігі болатыны сөзсіз. Сәйкесінше, «демократиялық дәстүрлерге елдің бірте-бірте бейімделгенін де құптаған дұрыс екенін, көршімізден көргеніміздің бәрін сол күиінде көшіре салуға әуестік түбі жақсылыққа апармайтынын ескермесе болмайды, - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев ескерткендей, қазақстандық қоғамға демократиялық саяси жүйені қалыптастырып, дамытуда бүгінгі күнгі ең соңғы үлгілерге көзді жұмып еліктей бермей, оған шығармашылықпен қарап, тек қолайлы тәжірибелерді қолданудың оң нәтиже беретіні анық. Соған орай еліміз өткен тарихи кезеңдердің сабақтарын, қазіргі жағдайдың басты мәселелерін және болашағымыздың болжамдыраын ескере отырып, қоғамға демократиялық нышандарды орнықтырумен айналысқан жөн. Ал тұтастай Батыс өркениеті болсын, әлде басқалар болсын, өткен кездегідей өздерінің ортақ құндылықтарын күштеп енгізе алмайды. Олар өзге халықтардың саяси-мәдени өзгешеліктерімен санаса отырып ғана өз үрдістерін дамытуды ұсына алады. Менім пікірімше, өз кезегінде қазақстандық қоғамның даму үлгісі Шығыстың бай мәдени-саяси үрдістерін игеру мен Батыс мәдениеті  биігіне көтерілу арқылы біртұтас әлемдік өркениеттің тәжірибесіне негізделуі қажет, яғни өркениеттер арасында ортақ келісім орнауы тиіс.

Кез келген қоғамды дамыту адамдардың іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылатыны белгілі. Қоғам демократияны дамыту үшін өз мүшелерінің елдің саяси-әлеуметтік өміріне қатысу мүмкіндігін кеңейту жолында қызмет етуі керек. Яғни, «адам еркін болмайынша, қоғам еркін болмайды. Қоғам еркін болмайынша ой еркін болмайды. Ойын еркін болмайынша, ісің алға баспайды». Демек, шынайы демократия мен халықтың басым көпшілігінің осы демократиялық еркіндікті пайдалана алуы, қоғамдық құрылымның тәуелсіздігін баянды етудің басты құралы екен. Сонымен қатар қоғамдық саяси жүйедегі түрлі көзқарастағы барлық топ өкілдері мен жекелеген тұлғадардың бір-бірінің мүдделерімен санасып, ортақ келісімге келуге қол жеткізуі де демократиялық үрдістің айқын көрінісі болып табылады. Сондай-ақ, жеке тұлғаның тұрмыстық хал-ахуалының деңгейі оның қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысуына, саяси әлеуметтенуі мен саясаттың субъектісіне айналуына шешуші ықлалын тигізеді. Қоғамның материалдық жақсы тұрмыс халі мен ондағы саяси тәртіп түрінің өзара байланысын зерттеген америкалық саясаттанушы С.М. Липсеттің тұжырымдауынша: «халық неғұрлым гүлденіп, өркендеген жағдайда болса, оның демократияны қолдауына ие болуға соғұрлым мүмкіндіктер көп». Мұнымен бірге қоғамдағы халықтың жоғары деңгейдегі хал-ахуалы демократиялық үрдістерді дамыту үшін саяси әлеуметтенген, билік, басқару, шығармашылық және т.б. салаларға даярлығы мол, жетік мамандарды даярлауға негіз болып табылады.

Осылайша, қоғамдағы жеке тұлғалардың  тұрмыстық қажеттіліктері толығымен  өтелген жағдайда, олардың саяси  ой-танымы, білім дәрежесі мен саяси-мәдени деңгейі жоғары сипатта болады. Сонымен  бірге қоғам тарапынан өз мүшелерінің материалдық әл-ауқатын көтеру тұрғысында жүзеге асырылатын іс-әрекеттер олардың саяси әлеуметтенуіне, қоғамдық-саяси жүйеде еркін бағдар ұстануына, демократиялық үрдістерді орнықтыруда белсенді іс-қимыл жасауына өз ықпалын тигізеді. Қазақстан Республикасының Президенттің айтуы бойынша бүгінде Қазақстан Республикасы азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру жолына түсті. Азаматтық қоғам - саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және құқықтық жағынан жоғары деңгейде жетілген азаматтардың мемлекеттен тыс, бірақ мемлекетпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастарды қамтамасыз ететін қоғамның түрі. Бұл қоғамда азаматтардың халықаралық дәрежеде танылған ережелерге сай құқықтары мен бостандықтары сақталып, заң үстемдік етеді. Азаматтық қоғам материалдық, қоғамдық, саяси және мәдени тұрғыда жоғары дәрежеде дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналды. Құқықтық мемлекет - конституциялық басқару тәртібі қамтамасыз етілген, шын мәнісіндегі билік бөлінісі мен олардың тиімді қарым-қатынасы мен өзара бақылауы жүзеге асырылған, саясат пен билік құрылымында әлеуметтік бақылау орнатылған, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі қалыптасқан мемлскеттік құрылым. Құқықтық мемлекеттің негізінде демократиялық жолмен қабылданған заң алдында барлық қоғам мүшелерінің тең саналуы, заңның халықтын еркін білдіруі және жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етілуі танылады.

Құқықтық демократиялық мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар - Конституция  зор маңызға ие. Осыған сәйкес Қазақстан  Республикасының 1995 ж. Конституциясы демократиялық қоғам құру мен әрбір жеке адамның автономиясының заң жүзіндегі кепілдіктерін қамтамасыз етуге қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Олардың қатарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негізде бекітілуі, билік тармақтарының бөлінуі, тәуелсіз конституциялық бақылаудың, заңның үстем болуы, идеологиялық және саяси әр алуандылықтың өрістетілуі және т.б. конституцияда бекітілген азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытудың ұстанымдары бар.

Қазақстан қоғамында азаматтық  қоғам мен құқықтық мемлекетті орнықтырудың басты алғышарттары мен ұстанымдарын негіздеп, оны қамтамасыз етуде қоғамдық-саяси  өмірге демократиялық нысанды енгізу бірден бір дұрыс бағыт болып  табылады.

Қазақстан қоғамын демократиялық, құқықтық, зайырлы мемлекет ретінде танылыуының басты шарты - әрбір  жас ұрпақ өкілдер, яғни біз жастар Отанды, қазақстандық және жалпы азаматтық саяси құндылықтарды құрметтеу керекпіз. Біздер шынайы отансүйгіштікті әрі нағыз азамат екенімізді, «мен қазақстандықпын», «мен Қазақстан Республикасынанмын» еген мақтаныш сезімдерімізді қалыптастырып, оны жарқырата білуіміз шарт.

 

2 Қазақстандағы билікті жүргізу жолдары

 

Мемлекеттік биліктің бірыңғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айырықша. Мемлекет басшысы ретінде нақ, Президент билік тармақтарының әрқайсысынын, қызметіне белсене араласады.

Президент деген ұғым конституциялық кұқылық мағынада мемлекет басшысы  дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол  үшін әлемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).

Президент кызметі тұңғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде  Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті  Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге медицинаның тиісті салаларының  мамандарынан тұратын комиссия құрады. Мерзімінен бұрын босату туралы шешім Парламент Палаталарынын бірлескен отырысында комиссияның қорытындысы мен белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталғаны туралы Конституциялык Кеңес корытындысы негізінде әр Палата депутаттары жалпы санының кемінде төрттен үшінің көпшілігімен кабылданады.

Парламент — Қазақстан  Республикасының заң шығару кызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты  негізде жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық  маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасынын астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалык, маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасыньң кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағьнда кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттік мерзімге Сенат депутаты бола алады.

Сенаттың ерекше қарауына: Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы Сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы Соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттык Қауіпсіздік комитетінін Төрағасын тағайындауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.

Мәжіліс — Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республиканын әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас Жалпыұлттык сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сай-ланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттік мерзімге Мәжіліс депутаты бола алады.

Үкімет -  жалпы   құзіретті атқарушы  биліктің жоғарғы  органы,   өйткені өзінің қызметінің  барысында мемлекеттің барлық функциясын өз бойына таратады. Ол Қазақстан Республика Конституциясын, констиуциялық   және ағымдағы заңдарды, сондай-ақ халықаралық шарттарды орындауды ұйымдастырады, өзге атқарушы органдарың (министрлер мен  ведомстволар) оларды  орындауына әрдайым бақылау жасайды. 

Үкіметтің мәртебесі  қызметінде ҚР Конституциясының,  конституциялық және  ағымдағы  заңдардың  жоғарылылық  принциптерін халықтық  билік, біртұтас, билікті бөлу, жауапкершілік,  жариялылық, адам мен  азаматтардың  құқықтары  мен бостандықтарын қорғау  және сақтау принциптерін  қамтамасыз  етуді басшылыққа  алады.

Республика Премьер  –Министрі тағайындалғаннан  кейінгі он күн мерзімде Премьер – Министр Үкіметтің  құрылымы  мен  құрамы  туралы, Республика Президентіне ұсыныстан енгізеді. Республика Үкіметі Президенттің  өкілеттілік мерзімі  біткенше іс – қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдындағы өзінің өкілеттілігін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Республика Үкіметі өз міндеттерін  атқара береді. Үкіметтің құрамына кірген адамдарға  мынадай  шектеулер  қойылған:

-өкілді органдардың   депутаттары  болуға;

-оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді  қоспағанда өзге де ақы  төленетін  жұмыстарды атқаруға;

-кәсіпкерлікпен шұғылдануға,  коммерциялық ұйымның басшы органның  немесе байқаушы кеңесінің құрамына  кіруге құқығы жоқ (Қазақстан  Республикасының Конституциясының  68- бабы, 2 тармақ).

Үкіметтің  қызметі,  шын мәнінде, қоғам өмірінің  барлық  жақтарын қамтиды.

1.Экономика сферасында, ол: мемлекеттік әлеуметтік –  экономикалық саясаттың негізгі  бағыттарын,  оны  жүзеге асыру   жөніндегі стратегиялық  және  тактикалық  шараларды  әзірлейді;

-мемлекеттің әлеуметтік - экономикалық және ғылыми –  техникалық  дамудың индикативтік  жоспарларын әзірлеп, жүзеге  асырады;

-құрылымдық  және инвестициялық  саясатты  жүзеге  асырады;

-мемлекеттік меншікті  басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөніндегі шараларды талдап жасайды  және  жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етеді.

2.ҚР бюджет, қаржы,  ақша саясаты сферасында: республикалық  бюджет пен оның атқарылуы  туралы есепті  ұсынады,  оның атқарылуын қамтамасыз етеді;

-республикалық  қаржы   жүйесін нығайту  жөніндгі  шараларды әзірлейді және  жүзеге  асырады, мемлекеттік  валюта,  қаржы және материалдық ресурстарды  жасақтау мен  пайдалануда  заңның сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді;

-мемлекеттік баға  түзу саясатын талдап жасайды  және  жүзеге асырады;

-мемлекеттік реттейтін  бағалар қолданылатын өнімдер,  тауарлар мен  қызметтердің  номенклатурасын  белгілейді;

3.ҚР Үкіметі әлеуметтік  сферада: мемлектік аймақтық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеп, жүзеге асырады, аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін шешуді  қамтамасыз етеді;

4.Үкімет ғылым, мәдениет, білім,  денсалық сақтау, туризм  мен спорт саясаты сферасында: ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа  технология-ларды  енгізудің,  мәдениетті, білімді, денсаулық сақтау ісін,  туризм мен спортты дамытудың мемлекеттік  саясатын  белгілейді және  жүзеге асырады.

5.Үкімет Республиканың  қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеті сферасында: Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз  ету  жөніндегі шараларды әзірлеп,  жүзеге асырады.

6.Сыртқы саясат және  халықаралық  қатынас сферасында  Үкімет: келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен,  халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым – қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді; Сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөніндегі шаралар әзірлейді; Сыртқы сауданы дамыту жөніндегі шаралар қолданады;

Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі