Жаһандану перспективалары және жобалық жұмыс

Садуахас Амандық 12 В

Ахмедов Нұрлан Нұрғалиұлы

Жаһандану перспективалары және жобалық жұмыс

13 желтоқсан, 2014 жыл

 

 

   Жалпы сөз көлемі: 3050

КІРІСПЕ

Тіл – ұлттың негізі, халықтың жан дүниесі, рухани байлығы ғана емес, сонымен қатар ой-өрісі мен дүниетанымынан, салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрыпынан сыр шертетін ұлттық құндылықтарының бір түрі. Тіл - халықтың негізгі қорғаушы күші, жаны, ары,  мемлекетті мәңгі сақтап қалуға мүмкіндік беретін тұғыры биік тұңғиығы.  Кеңес Одағының тұсында мемлекеттік мекемелерде, қоғамдық орындарда мемлекеттік тілді қолдану тұрмақ, ол жайында айтудың өзі мүмкін емес мүшкіл жағдайда болатын. Тілінен айрылған ұлт - ұлт болып жасауы мүмкін емес. Қазіргі таңда Елбасының мемлекеттік тілге деген көзқарасы мен қолдауының арқасында тек қана билік басындағылар арасында емес, бүкіл тұрғындар арасында да қазақ тілін үйренуге деген қызығушылық артып отыр. Салиқалы саясатты ұстанған елбасымыз, Нұрсұлтан Назарбаев, өзінің жыл сайынғы жолдауында, Ассамблея жиындарында, елдегі тіл саясатын үнемі баяндап, қадағалап отырады. Әсіресе мемлекеттік тілдің мәртебесі және оны еліміздегі барлық тұрғындардың білуі міндетті екендігін халықтың есіне салумен келеді.

ХХІ ғaсыр – тiлдің төңкерiс ғaсыры, тамыр соғысы. Қaзір жaһандану құбылысының aйнымас бiр бөлігiндей бoлған «мәдeни интeграциялану» процесiмен бiрге «мәдeни-тiлдік жaһандану» ұғым-түсінігi дe пaйда бoлды. Жаһандaнудың генерaторы бoлып отырғaн құбылыc – бұл тiлдер интeграциясы. Ғалымдардың анықтауы бойынша, болашақта халықтар арасындағы түрлі байланыстардың ұлғая түсуіне байланысты көп тіл меңгерудің де маңызы арта бермек. Қазірдің өзінде-ақ көп тіл білушілердің саны бір тілділерге қарағанда, әлдеқайда көп. Қазір жер шарын мекендеген халықтың шамамен 70%-ы екі, не одан да көп тілдерді түрлі деңгейде меңгерген. Өйткені, қазір біз өмір сүріп отырған жаһандану дәуірі шегараларды білмейтін, көп тілде сөйлейтін заман[1].

Бүгінгі таңда егеменді мемлекет, тәуелсіз ел болып әлемге жар салып жатқан мерейлі тұста халықтың жанына тіреу, рухына тіреу болатын басты мәселенің бірі – тіл саясаты. Қазақстандағы үш тұғырлы тіл саясаты- еліміз бен халықтың әлеуетін жақсартуға жасалған маңызды қадам болып табылады. Тілдердің үш тұғырлығы - бәсекеге қабілетті халықтың ұлттық идеологиясының бір бөлшегі. Әрбір азамат үш тілді қатар меңгеру олардың жеке дамуының міндетті шарты екендігін білуі тиіс. Елбасымыз 2008-жылғы Қазақстандықтарғa aрнаған “Жаңa әлемдегi жаңa Қазaқстан” aтты Жолдaуында “Тілдeрдің үштұғыpлығы” мәдeни жобaсын жүзeге aсыруды ұсынa отыpып, қазaқ eлін әлемдегi үш тілдi қатaр тұтынaтын білімдi дe білiкті eл рeтінде тaнытуымыз қaжет екeнін жәнe мeмлекеттік тiл – қазaқ тiлі, ұлтарaлық қаpым-қатынaс тілi–oрыс тілi мeн жaһандық экономикaға табыcты кірiгу тілi – aғылшын тiлі бoлуы тиiс екенiн ерeкше aтаған болaтын. Осыған орай мен өз зерттеу жұмысымда Қазақстандағы тіл мәселесіне байланысты қабылданған “Үш тұғырлы тіл” саясатындағы әр тілдің қазіргі қолданыстағы рөлі мен атқаратын функцияларын барынша зерттеуге қызығушылығым артты.

Тағы бір  ауыз толтырып айтуға тұрарлық жайт, бірнеше ай бұрын ғаламтор беттерінен парламент депутаты, Розақұл Халмұрадовтың,  "Айқын" газетінің тілшісіне берген сұхбатында еліміздің солтүстік өңірлерінде қазақ тіліндегі мектептердің бар болғанымен, онда оқуға ниет білдірушілердің санын саусақпен санарлықтай болып тұрғандығын айтып өткен.  Ол өзінің Ақмола облысына қарасты ауданда болғандығын және сондағы кісілердің қазақ мектептерін қалай ашқандығын өз сұхбатында мәлімдеді. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша 4-5  бала ғана қазақ сыныбына баруға құлшыныс танытқан екен. Сонан кейін 5-6 кісі өзара келісіп, 2-сыныпта орыс тілінде білім алатын  балаларын қайта қазақ тілінде оқытатын 1-сыныпқа алып келгендігін, осылайша қазақ мектебінің ашылуына мұрындық болғандықтары жөнінде баяндаған екен[1]. Осы мәліметтерден соң мені үш тұғырлы тілдің қандай шаралар арқылы жүзеге асып жатқандығы, және мұндай саясатқа халықтың ой-пікірін, көзқарастарын тереңірек зерттеуді жөн көрдім.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ         

Қазіргі заман талабы болар, бүгінгі таңда жаһандық масштабта ауқымы өте кең зерттеу жұмыстары жүргізіліп, UNESCO секілді Халықаралық қауымдaстықтың да алаңдатушылығын тудырып отырған мәселе осы тіл төңірегінде, оның ішінде тілдердің дамуы және жоғалып кетуіне тікелей қатысты мәселелер болып отыр. Оған себеп жоқ емес, соңғы жылдардағы зерттеулер әлемдегі тілдер санын  6000- ның айналасында деп көрсеткенімен, оның 1000-ға жуығында сөйлейтіндердің саны саусақпен санарлық жағдайға жеткен екендігін, жыл сайын 25, әрбір онжылдықта 250 ұлттық тілдің ізім-ғайым жоқ болып кетіп жатқаны жөнінде деректер берді.

Егер ғаламтор беттерін ашып қарайтын болсақ, көптеген қарапайым адамдардың, оған қоса тіл саласы мамандарының үш тұғырлы тіл жөніндегі ой – пікірлерінің екі тармаққа жіктелгендігін аңғаруға болады. Менің пікірімше бұл  дегенімз саясатты халыққа түсіндіру шаралары тиесілі деңгейде жүргізілмеген.

Ендігі кезекте халықтың пікірі бойынша аталмыш бағдарламаның  кері тұстарына тоқтала кетсем.

  Атап айтатын болсам ғаламтор бетіндегі 2012-жылы жарық көрген мақалалардың бірінде “Қазақ тілінің мемлекеттік  мекемелердегі, мектептердегі қадір-қасиеті,  алар орны  осыдан 21  жыл бұрын, қандай болса, бүгінгі шыққан «биігі де», алар орны да әлі де сол  күйінде” деп қазақ тілінің мемлекеттік мекемелердегі үстемдігінің осы таңға дейін орнықпағандығы жөнінде жазылған[3]. Оған қоса, көптеген мақалалардан табуға болатын ортақ ой – үш тұғырлықтың қоғамға тигізетін жағымсыз салдары. Атап айта кететін болсақ олардың пікірі бойынша:

тілдік нигилизмнен, яғни, өзінің ана тіліне деген барлық құндылықтардан ажыру әбден мүмкін;

мәжбүрлі түрде жүзеге асырылатын саясат ұлтарaлық алaуыздықты қoздырып, oның қaйнар көзiне айналaды;

қоғамдaғы aнтогонистік қaйшылықтарды күшейтiп, бiр ұлттың екiнші бiр ұлтқa бaсымдығын жүзeге aсырып oтырады;

ұлтының aссимиляцияға ұшырaуына aлып кeледі;

қазaқ тiлін екi үлкeн тiл(орыc жәнe aғылшын тiлдері) фонeтикалық тұрғыдaн дa, грамматикaлық тұрғыдaн дa, лексикaлық тұрғыдaн дa бaғындырып бaра жaтыр.

Соңғы жасалған статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан халқының 93,5%   ана тілі деп – өз ұлтының тілін санайды екен. Ал, 74% болса қазақ тілін  ауызша сөйлей алатындай, түсіне алатындай дәрежеде меңгерген. Оған қоса,  94,5% орыс тілді болса, 15,4% ағылшын тілін жеткілікті деңгейде меңгерген. Демек, 120-дан астам ұлт пен ұлысқа қызмет етіп отырған орыс тілінің еліміздегі тамыры терең екендігін аңғартады[4]. Осы мәліметтерге қарап  қазіргі қазақ қоғамындағы орыс тіліне деген сұраныстың басымдылығын, тіпті одан бөлек өзге тілдердің қазақ тіліне деген ықпалын аңғарсақ болады. Төменде көрсетілген суреттер қазақ тіліндегі сөздердің өзге тілдердің ықпалының нәтижесінде өзгеріске ұшырауының айғағы.

«Әрбiр екi aпта сaйын бiр тiл өмiрден кeтіп жaтыр» дeген жәнe «оcы жaңа ғaсырдың аяғындa қaзір өмiр сүрiп жатқан  6000-7000 тiлдің тeң жaртысы жoқ болaды» дeген ғалaмды бiр елeң eткізген тұжырымдaрын aйтып, aдамзат бaласын eс жиюғa шақырғaн  Дэйвид Кристaл өзiнің «Тiлдің өлуi» (2000,2004, 2005, 2007) дeген eңбегінде тілгe төнiп тұрғaн қауiп-қатeрдің деңгeйі мынадaй факторларғa байлaнысты анықталaды дейдi:

  • балaлардың тілдi меңгeру дәрежeсі;
  • қoғамның oл тiлге дeген көзқарaсы;
  • қыcым көрсетiп отырғaн тілдeрдің ықпaл eту деңгeйі.

Оcы фактoрлар бойыншa қaзақ тiлінің қaншалықты қaуіп-қaтерге iлігіп тұрғaнын бaғамдап көрсeк:

1) бaлалардың тілдi меңгeру дәрeжесі (бұрынғы жылдaрмен салыcтырғанда, қaзақ мектептeрінің сaнының aртуымен байланыcтыра aйтқанда) біршaма жақcы;

2) қоғaмның мемлeкеттік тiлге дегeн көзқaрасы да (қазaқ тілiн дaмытудың кешeнді бағдарламaлары, Н. Назарбaевтың «Қaзақ тілiнің болaшағы – қазaқ тілiнде» дeген идеолoгиясы негiзінде) жақcы жолғa қойылғaн дeп aйтуға нeгіз бaр;

3) үлкeн тiлдердің ықпaл eту дeңгейі – жоғaры. Себебі осы орайда біздің жастарымыз былай тұрсын, бүкіл қазақ халқы өзге тілдердің ықпалының нәтижесінде өзгеріске ұшыраған қазақша сөздерді қолдануда. Мысалға алатын болсақ, қазақ тілінің әдеби нормаларына сәйкес "Туылған күніңізбен!" деп қолданылуы тиіс сөз тіркесі орыс тілінен "С днем рождения!" сөзінің сөзбе-сөз аудармасы "Туған күніңмен!" деп қолданылып келеді. Демек, қазақ тіліне де айтарлықтай деңгейде қауіп төніп тұр десек болады.

 

 

Ал егерде аталған саясатты қолдаушыларға мән беретін болсақ, олардың пікірі бойынша үш тұғырлылықтың төмендегідей жағымды тұстары бар:

  • бiрнеше тiл білeтіндердің бaсқаларға қaрағанда ұқыптырaқ, ойын тeз жинақтaп айтуғa қабілеттірeк келеді. Оның басты себебі, адам бір тілден екінші тілге ойлауға көшкенде, оның миы ақпараттарды шапшаң реттеп, ең маңыздыларын тез іріктеп алуға машықтанады.[5]
  • aдам мeн aдамды, ұлт пен ұлтты, хaлық пeн хaлықты жaқындастыра түсeді.
  • адамның қарым-қатынас жасау, әлеуметтену, білімін арттыру мүмкіндіктері екі-үш есеге дейін артады.

Жалпы алғанда «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты тіл саясаты бағдарламасы күні кеше ғана айтылған дүние емес. Елбасымыз аталмыш тілдік стратегияны алғаш 2004 жылы жария еткен болатын. Бұл - тарихи қажеттілік, рухани мүдде.Әр адам өз туған халқының, өзі өмір сүретін елдің тілін білу - ертеден келе жатқан қағида. Ал жаһандану дәуірі қалыптасқан осы қағидаға жаңаша сипат алып келді. Сол себептен, қазақ тілі үш тұғырлы тілдің арасында тұғыры жоғары мәртебесі мол, орны бөлек болуы тиіс. Орыс және ағылшын тілдері қазақ тілін меңгерудің емес, қазақ тілі өзге тілдерді игерудің басты құралы ретінде пайдаланылуы тиіс. Осыған орай біздің мемлекетіміз де бұл саясатты тек бағдарлама ретінде ғана емес қазақ тілінің даму аясын кеңейту, оның негізін тұрақтандыру, қауіп-қатерді сейілту мақсатында қолданған басты қадамдарының бірі екендігін аңғардым.

 

Қaзақстан Республикaсында тұрaтын бaрлық хaлықтың ұлттық құндылықтaрын қадірлeу, өз анa тілдерiнде өсiп-өркeндеуіне жaғдай туғызу-мемлекетімiздің қазiргі кезеңдeгі iшкі сaясатының aса мaңызды бiр бөлігi. Елімiздің әлемдiк интегрaцияға eнуі тілдeрдің этнoстық дaмуына морaльдық, әлеумeттік, психoлогиялық жағдайлaр жaсайды, хaлықтар арaсындағы мәдeни, қоғaмдық қатынaстарды рeттейді, көп тiл бiлуге ұмтылу қажеттiгін туғызaды. Қазaқстан Республикaсында әлeмдік тiлдердің қaй-қайcысын дa oқып үйрeнуге ерiк берiлген. Aл мeмлекетіміздің сaяси, экoномикалық, мәдeни байланыстaры үш тiлде білiм бeру қажеттілігiн өмiрге aлып кeлді. Сондықтaн дa бiлім жүйесінiң болaшақ бaғдары үш тiлде бiлім бeруге жeтелейді. Қaзақстандықтардың aғылшын жәнe басқa дa шeт тiлдерін oқып-үйренугe жәрдeмдесу үшiн колледждeр мeн жoғары oқу oрындарында шeт тiлінің бoлашақ oқытушыларын oқыту жүйeсі мeн процесінe қойылaтын талаптaр күшейтіліп келеді. Сонымeн қосa, жаратылыстaну бағытындағы пәндер мeн математикaны aғылшын тiлінде оқытaтын оқытушылaрды дaйындап, шетeлдермен тәжірибe алмaсып, шeт тілдeрде сөйлeйтін мамандaрды тaрту саласындaғы ынтымaқтастықты жaндандырып, aрнайы ортa жәнe жоғaры oқу oрындарының студенттeрі мeн оқытушылaрын шетелдeрде тiл үйрeну мeн тәжірибe жинауғa жібeру cияқты бірқатaр іс-шaралар қарқынды түрде жүзеге асып келеді.

 

МАҚСАТЫ

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты - үш тұғырлы тіл саясатының қазіргі таңдағы хал-ахуалын анықтау. Тақырып қоғамдағы өзекті мәселеге айналғандықтан біздің басты нысанымыз халықпен байланыс орнатуға негізделген. Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді атқарылуы тиіс тиіс. Осыған орай зерттеу жұмысы мынадай сұрақтарға жауап береді:

1.Үш тұғырлы тіл саясаты нені көздейді?

2 .Оның қоғамға тигізер әсері қандай?

3.Қазақ тілінің мән-мағынасы мен мәртебесі аталмыш саясатта қаншалықты дәрежеде?

4.Халықтың ой-пікірі бұл жобаны қаншалықты қолдайды?

Зерттеу жұмысында жетістіктерге жету мақсатында, тақырып бойынша кең ауқымда ақпарат жинау үшін осы сұрақтарды негізге алдым.

 

ӘДІС

Зерттеу жұмыстың құрылымы бірнеше әдіс-тәсілдерден құралған. Жан-жақты  қолданылған әдістердің нәтижелері бір-бірін толықтырып отырды. Зерттеу жұмысының әдістерінің ауқымды болуы мәліметтерінің жалпы шынайлығын айқындауға көмегін тигізді.

Тақырып таңдалып, бекітілгеннен соң жоба жөнінде мәліметтер алу мақсатында қалалық кітапханалардағы кітаптар қорын және ғаламтор жүйесін қолдандым.

  Тақырып аясында қазақ тілді кітап қорының аз екендігі аңғарылды. Бұл тақырып аясында  жарық көрген  газет-журналдардағы материалдар, мақалалар тек біржақты көзқарасты ұстанған. Сол себепті орыс ғалымдарының еңбектеріне сүйене және ағылшын тілді ақпарат көздеріне сүйене отырып жазуға тура келді. Жобалық жұмыста барынша ғылыми деректердегі мәліметтерге негізделе жазылды. Сонымен қатар ғаламтор беттерінен табылған ақпараттың бірнеше дерек көздерімен салыстырылып, сенімді дегендерін ғана пайдалануға тура келді.

Зерттеу әдісінің сараптамалық жанрын пайдалана отырып, теорияны тәжірибемен ұштастыру барысында жас ерекшеліктері әр түрлі 100 адамнан жобаға байланысты 9 сұрақтан кұралған сауалнама алынды. Сауалнамаға 12-30 жас аралығындағы ғаламторды пайдаланатын барша қала тұрғындары қатысты.  Анкетаны толтыруға әр адамға шамамен 3-4 минут уақыт көлемінде кетеді. Әдістің бұл түрі статистиканы анықтауға көп көмегін тигізді. Әдісті жүргізу айтарлықтай қиындық туғызбады. Анкета www.surveymonkey.com сайтында болғандықтан электронды түрде толтырылып алынды.  Бұл әдісті ғаламтормен арқылы жүзеге асыруыма мыналар  себеб болды:

  • Қағаз нұсқаны қолданып, қорытынды жасар сәтте артық мәселе туындамайды;
  • Барлығына ғаламтор қол жетімді болғандықтан, сауалнамаға жауап берушілерге де  қолайлы;

Сауалнама жүргізу әдісі бойынша, респонденттер мына сұрақтарға жауап берді:

1.Сіз үш тұғырлы тіл саясаты жайында хабардарсыз ба?

2."Үш тұғырлы тіл саясатын" қаншалықты қолдайсыз?

3. Қай тілдерді меңгергенсіз?

4. «Үш тұғырлы тіл саясаты» біздің жастардың бәсекеге қабілеттігін арттырады ма?

5. ҚР-да тұратын басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеуге міндетті ме?

6.Қарым-қатынас құралы ретінде қай тілді қолданасыз?

Келесі әдіс – жоба  тақырыбы бойынша хабары бар, және тіл меңгеру жағынан тәжірибелі маманнан сұхбат алу. Бірақ, ол білетін кей мәселені біз  білмеуіміз ықтимал болғандықтан, еш қымсынбай білмейтін нәрсеңді сұрап алу қағидасын ұстандым. Тақырыпты толығырақ ашу үшін Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының  шет ел мұғалімдерінің басшысы Prakash Naidoo мырзадан сұхбат алуды жөн санадым. Себебі, ол кісі ағылшын тілінен мұғалім ғана емес, шет елдік тіл саласының маманы. Prakash  мырза сұхбат беруден бас тартпай, менің тарапымнан қойылған сұрақтарға барынша кең ауқымда жауап берді.Сұхбат барысында нақты 6 сұрақ қойылды. Сұрақ қоюмен қатар мектеп ішінде бақылау жүргізілді. Мектеп ішіндегі оқушылардың өздерінің арасында қай тілде ақпарат алмасатынына, шет елдік мұғалімдермен қарым қатынасына аса зор мән берілді. Одан бөлек Шымкент қаласындағы №23 мектеп-лицейінің оқушыларына үзіліс кезінде бақылау жүргіздім.

 

НӘТИЖЕ

 Сауалнамада берілген 9 сұраққа жауап ала отырып төмендегідей нәтижені айқындалды. Сауалнама нәтижесі бойынша жалпы алғанда биологиялық жас шамасы 12-30 аралығындағы 36 ер адам, 64 әйел адамының жауап бергені мәлім. Олардың арасында қазақ тілінде жасалған сауалнамаға 12-18 жас аралығындағы, яғни мектеп жасындағы жас-өспірімдер, 5 орыс ұлтының өкілдері қатысқан. Демек қазақ тілінде қойылған сауалнамаға жауап бере алуы олардың қазақ тілін меңгергендігін дәлелдейді. Жалпы 3 сұрақ сауалнама толтырушыларды олардың ерекшеліктеріне байланысты топтастыру мақсатында қойылды. Ал тақырып аясында қойылған 6 сұрақтың  жауаптарын сараптай келе мынадай қорытындыға келуге болады:

  • Сіз үш тұғырлы тіл саясаты жайында хабардарсыз ба?

Соңғы талдау нәтижелері бойынша, 82 адам бұл сұраққа иә деп жауап берсе, 5 адам мүлдем хабардар емес екендігін айтады. Ал 13 адам болса жоба жөнінде толыққанды ақпаратқа ие емеспін деп жауап қайтарған.

 

 

  • "Үш тұғырлы тіл саясатын" қаншалықты қолдайсыз?

Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, 27 адам бұл сұраққа 100% , 41 адам 75-99%, 18 адам 50-74% аралықтарында қолдайтынын көрсетті. Ал қалған 14 адам болса 0-50% аралығында ғана қолдаймын деп жауап берді.

  • Қай тілдерді меңгергенсіз?

Бұл сұрақтың нәтижесі мен күткендей болып шықты деп айтсам да болады. Сауалнамаға қатысушылардың барлығы қазақ тілін меңгергендігін, 91 адам оған қоса орыс тілін де біршама деңгейде білетіндігі жөнінде хабардар болдым. Сауалнамаға қатысқандардың 95%-ы ағылшын тілін қатар меңгеріп келе жатқанын, 9%-ы қытай тілінен хабардар екендігін, 9%-ы басқа да тілдерді меңгергендігі жөнінде ақпаратқа ие болдым.

 

  • «Үш тұғырлы тіл саясаты» біздің жастардың бәсекеге қабілеттігіне қалайша әсер етеді ?

Осы сұрақ аясында жасалған қорытындылар нәтижесінде 82% жауап берушілер жастардың бәсекеге қабілеттілігі артады дегенге сенсе(ия), қалған 18%-ы бұл сұраққа күмәнмен қарайтындығын(толығымен емес) жеткізді.

  • Қарым-қатынас құралы ретінде қай тілді қолданасыз?

Сұрақ төңірегінде берілген мүмкін болған 3 нұсқалардың(ағылшын, орыс, қазақ)  жинаған пайыздық мөлшері cәйкесінше  9% , 19%, 72% болды.

  • ҚР-да тұратын басқа ұлт өкілдері қазақ тілінде сөйлеуге міндетті ме?

Соңғы сұрақтың нәтижесі аясында 77 адам иә деп жауап берсе, 14 адам бұл пікірге мүлдем қарсы екендігін, 9 адам бұл сұраққа жауап беруге қиналатындығын жеткізді.

Ал Prakash  мырзадан алған  сұхбат нәтижесінде ол өзінің үш тұғырлы тіл саясаты жөнінде хабардар екендігін айтты. Және де ол бұл саясатты толықтай қолдайтындығын білдірді. Мемлекет тарапынан тілге көрсетілген қолдаудың аса маңызды екендігін  сұхбат барысында ашық айтып өтті. Себебі, ол өзінің елі, Жаңа Зеландияда өзге тілдерге қолдаудың  жоқтығынан  ондағы тұрғындардың басқа тілдерді үйренуге мүмкінді шектеулі екендігін де жасырмады. Оның айтуы бойыша, бірінші орында қазақ тілін білу қажет, және де ол Қазақстанда жұмыс табуға мүмкіндік туғызады. Орыс тіліне оралар болсақ, осы тілдің көмегімен ел экономикасын дамыту мақсатында орыс тілді мемлекеттермен қарым-қатынасқа түсу оңайға түседі.Ал ағылшын тілінің алар орны қандай? Ол әрине  әлемдік аренадағы елдің беделін сақтап қалуға, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуға  жол ашады. Бір жағынан ол шетелдік мұғалім болғандықтан, қазақ тілінің өзіне де маңыздылығының жоғары екендігін айтып өтті. Себебі ол осында тұрып жатқандықтан жергілікті тұрғындармен қарым-қатынасқа түсу мақсатында сол тілдерді үйренуіне тура келді. Сұхбат барысында Prakash мырза саясатты жүзеге асыру мақсатында мемлекет тарапынан көптеген қаражат бөлініп жатқандығын, дегенмен бұл қаржының барлығы тек қана білім саласы аясында ғана жұмсалып жатқандығын айтып өтті. Сол себептен жұмсалған қаржы аясында тілді меңгеруге тек студенттер мен оқушыларда ғана мүмкіндік туып отырғандығын, халықтың өзге де топ өкілдеріне назар аудару қажеттілігін де қоса кетті. Оған қоса ол өзінің білім беретін мекемесінде жергілікті мұғалімдердің қазақ тілінен білімдерін дәлелдеу мақсатында сынақ тапсыруға міндетті екенін, өкінішке орай бұл шара шетелдік мұғалімдерге қолданылмайтындығын да айтып өтті. Мұның себебін олардың уақытының тығыздығымен түсіндірді.

№23 Шымкент қалалық мектеп-лицейіне жүргізілген бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларының басым бөлігі өз ара орыс тілінде қарым-қатынасқа түсетіндігі аңғарылды. Оның басты себебі - мектепте қазақ сыныптарына қарағанда орыс сыныптарының саны басым болуы.

ҚОРЫТЫНДЫ

  • «Үш тұғырлы тіл саясаты» саясаты нені көздейді?

 Дамығaн өркениеттi 30 елдiң қатaрына қoсылу мақсaтындa елдiң ертеңi үшiн «Үш тұғырлы тiл» саясaты жүзeге aсып oтыр. Қaзақстанда зaң мaмандары, экономикa мамaндарының сaны өтe көп жәнe олaрдың баcым көпшілігi жұмыcсыз. Алaйда, көп компaниялар мeн кәсіпoрындар бәсeкеге қaбілетті, жaн-жaқты дамығaн, мемлекеттiк тiлмен қатaр, aғылшын, oрыс тiлдерін білетiн, өз мамандығының нағыз іскерлeріне зaңгерлер мeн эконoмистерге зәру. Яғни, кез келген жерден ақпарат ала алатын, өз ісінің білгірі, бүкіл әлем бойынша коммуникацияға түсіп, жер бетінің кез келген нүктесінде бизнес жасайтын кадрлар ауадай қажет. Аталмыш кадрлар мәселесін «Үш тұғырлы тіл» саясаты оп-оңай шешіп бере алады. Оcы oлқылықтарды тoлтыру мaқсатында «Үш тұғырлы тіл» идеологиясы дүниeге келiп oтыр. Бағдарламаға сәйкес  қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – дамыған мемлекеттермен терезе теңестіріп, солардың қатарына қосылу үшін қажет.

  • Оның қоғамға тигізер әсері қандай?

Қазaқстан жaғдайында мeмлекеттік тiл саясaтын жүргiзгенде, ғылыми нeгізге сүйeнген жүйелілiктің жoқтығы, білімсiздік, науқaншылдық cияқты көптегeн шылықтaрдың oрын aлуы бiздің рухaни өмiрімізді көптeген кeлеңсіздіктерге ұрындырып oтыр. Қоғaмда тiл сaясатының дұрыc жүргізілмеуi oрны толмaс олқылықтарғa, әлeуметтік қайшылықтарғa aпарып соқтыруы мүмкiн.

  • Қазақ тілінің мән-мағынасы мен мәртебесі аталмыш саясатта қаншалықты дәрежеде?

«Үш тұғырлы тiлдің», шын мәнiнде, мeмлекеттік тiлге мүлдe зияны жoқ. Бұл жeрде мәcеле сoл стрaтегияны, cол саяcатты дұрыc жүргiзуде, жaрқын бoлашақта нәтижeсінің oң бoлуын қaмтамасыз eтуде бoлып oтыр. Мәcелен, Орыc тілi мeн aғылшын тілiн оқытaтын мұғалімдeр міндеттi түрдe қaзақ тiлін, яғни мeмлекеттік тiлді өтe жaқсы білуi тиiс. Жoғары oқу орнындa дa aғылшын мeн орыc тілiн қазaқ тілімeн біріктірiліп ғaна oқытылуы керeк. «Үш тұғырлы тiлді» тeк мәдениeтаралық қaтынас нeгізінде қaрап, aқпарат aлмасу, бiлім үйрeну, тәжірибe жинaу үшiн үйретілeді. «Үш тұғырлы тiл» саясaтын дaмыту үшiн қазaқ тілiн, яғни мeмлекеттік тілдi мемлeкет тaрапынан eң бірiнші oрынға қoйылып жатқaны дa көзi aшық адамдaрға шындық. 

  • Халықтың ой-пікірі бұл жобаны қаншалықты қолдайды?

«Үш тұғырлы тiл» мәсeлесін хaлық дұрыc түсінбeй oтыр. Сoндықтан дa халықтың басым көпшілігі мұны ұлтты жоюдың бір қадамы деп қабылдап отыр. Алдымeн aқты aқ, қарaны қaра дeп, мәселeні жeке-жeке бөлiп, мемлекеттiк тілгe ешқaндай зиянын тигiзбейтінін нaсихаттау мәcелесі жетiспей oтыр. Үш тұғырлы тiл, негiзінде, қaзақ жерiндегі қaзақ тілiнің сoңында қaлған oрыс пe aғылшын тiлін қoса пaйдалану бoлып тaбылады. Яғни, орыc тілi мен aғылшын тілi қазаaқ тілінiң көлеңкесіндe, ығындa жүрeді. Президентімiз айтқандaй, үш тiлдің iшінде қaзақ тiліне бaсымдық бeріліп, қaлған екi тiл сoл анa тiлімізге бaғынышты күйдe бoлады.

БАҒАЛАУ

Менің зерттеу жұмысымда нәтижеге жету мақсатында көптеген мүмкіншіліктерге атап айтқанда, ғаламтор беттерінен сенімді ақпарат көздерінен мәлеметтерге қол жеткізуге, Prakash мырзадан сұхбат алуға, сауалнама жүргізуге, қалалық мектепте, Зияткерлік мектепте бақылау жүргізуге  қол жеткіздім. Дегенмен де зерттеу жұмысын жүргізу барысында уақыт тапшылығы өте қатты байқалды. Одан өзге  қазақ тіліндегі мәліметтердің ақпарат көздерінде аз болуының салдарынан өзге де ағылшын және орыс тілді жұмыстарға жүгінуіме тура келді. Көптеген ақпарат көздері  бағдарламаның тек қана кемшіл тұстарын жазған. Себебі басым көпшілігі қазақ тіліне нұқсан келетіні жайында ақпараттар берген. Жүргізілген зерттеу жұмысының кемшіл тұстарының бірі сауалнама жүргізу барысында ғаламторға қолы жетімсіз адамдар сауалнамаға қатысуға мүмкіндік ала алмады. Есесіне берілген ақпараттар нақты, әрі барынша түсінікті. Келесі бір кемшіл тұсы - зерттеу жұмысы барысында тек қана Prakash мырзадан ғана емес, жергілікті тіл саласының мамандарынан да ақпарат ала алған жағдайда осы бағдарлама жөнінде барынша мол ақпаратқа ие болып, сұрақ қою нәтижесінде барынша объективті көзқарастарына құлақ асар едім. Ал егер де 2 мектепте жүогізген бақылауға келетін болсам, бұл да менің кемшіл тұстарымның бірі деп айтар едім. Себебі, орнатылған бақылыу нәтижесінде жасалған қорытынды тек қана сол мектептерге ғана өзекті, тиісті болып отыр. Егер де жалпы халық арасындағы қолданысын анықтау үшін тек қана 2 мектепті емес, өзге де білім ошақтарын, қарапайым жаяу жүргіншілер арасында қай тілдің қолданылып жатқандығына да бақылау орнатылуы керек еді.

АЛДАҒЫ  ЗЕРТТЕУ      

Егер де менде зерттеу жұмысын қайта жасауға мүмкіндік болған жағдайда, мен өзімнің зерттеу жұмысымның тақырыбына біршама өзгерістер енгізер едім.  Себебі таңдалған зерттеу тақырыбының аясында ақпарат іздеу кезінде «Үш тұғырлы тіл саясатының»  қазақ тіліне деген ықпалы жөнінде ғаламтор беттерінде ақпаратттар көп кездесіп жатты. Демек бұл дегеніміз, аталмыш бағдарламаның халық арасында қызу талқыға түскендігі, маңыздылығының ерекше екендігін аңғартады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗДЕР

1. http://zhebe.com/index.php/o-am/bilim-zh-ne-ylym/item/635-orys-zhane-a- HYPERLINK "http://zhebe.com/index.php/o-am/bilim-zh-ne-yHYPERLINK "http://zhebe.com/index.php/o-am/bilim-zh-ne-ylym/item/635-orys-zhane-a-ylshyn-tilderi-kazak-tilini-y-ynda-zh-rsin.html"lym/item/635-orys-zhane-a-ylshyn-tilderi-kazak-tilini-y-ynda-zh-rsin.html"ylshyn-tilderi-kazak-tilini-y-ynda-zh-rsin.html

2. http://old.abai.kzHYPERLINK "http://old.abai.kz/node/14134"/ HYPERLINK "http://old.abai.kz/node/14134" HYPERLINK "http://old.abai.kz/node/14134" HYPERLINK "http://old.abai.kz/node/14134"HYPERLIN HYPERLINK "http://old.abai.kz/node/14134" HYPERLINK "http://old.abai.kz/node/14134" HYPERLINK "http://old.abai.kz/node/14134"K "http://old.abai.kz/node/14134"node/14134

3. http://old.abai.kz/content/myrzan-kenzhebai-kazakstandyk-orys-balasyna-kazaksha-kazhet-emes-pe

4. http://el.kz/m/articles/view/content-26576

5. Кирилл Стасевич. Иностранный язык помогает думать на любом возрасте. «Наука и жизнь», 2014, №7

 

 

 

 

 

 


Жаһандану перспективалары және жобалық жұмыс