Жалпы бөлім
- Жалпы бөлім
Білдек – әр түрлі материалдарды өңдеуге арналған машина. Кейде өндірісте қолданылатын сүйемелдеуші құрылғыны да білдек деп атайды. Металл кесу, ағаш кесу, тас өңдеу білдектері болады. Тоқыма өндірісінде тоқу білдегі қолданылады. Білдектің сондай-ақ ажарлау, теңгеру, сүргілеу, жону станогы сияқты түрлері болады.
Білдектің қаңқасы (жақтауы)- станоктың тетіктері мен механизмдері үшін тірек болып табылатын қаңқа.
Автомат–білдек - бұйым жасауға арналған затты технологиялық талапқа сәйкес басынан аяғына дейін толық өздігінен атқаратын білдек.
Агрегат-білдек (Станок-агрегат) — қозгалыстарының өзара байланыстығы мен жүйелігі басқарудың біртүтас жүйесімен реттелетін агрегаттары (күш бастиектері) бір-бірімен кинематикалық байланысқа түспейтін металкескіш білдек.
Ажарлағыш білдек (Станок шлифовальный) — дайындамаларды тез айналатын қажақ құралдармен өңдеуге арналған білдек.
Айналма үстелді жонғылағыш білдек (Станок карусельно-фрезерный) — дайындамалардың жалпақ элементтерін үздіксіз жонғылаумен өңдеуге арналған айналма үстелді білдек.
Алмас-кеңейжону білдегі (Станок алмазно-расточный) — жонудың жоғары жылдамдығында, кіші берілістер және терең жону кезінде тесіктерді алмас немесе қатты қорытпалы кескіштермен жұқалай таза жонуға арналған кеңейжонғыш білдек.
Арнайы білдек (Станок специальный) — бір типті дайындамаларды өндеуге арналған білдек.
Әмбебап білдек (Станок универсальный) — әр түрлі дайындамаларды өндеу кезінде операциялардың біраз мөлшерін орындауға арналған білдек.
Әрлегіш білдек (Станок полировальный) — әрлеуге арналған білдек.
Бойлай жонғылағыш білдек (Станок продольно-фрезерный) — қайтымды-ілгерілемелі орын ауыстыратын үстелі мен бірнеше жонғыш айналдырықтары бар және ірі габаритті тетіктердің жалпақ элементтерін өндеуге арналған білдек.
Бұранда ажарлағыш білдек (Станок резьбошлифовальный) — дәл бұрамалы беттерді пішінді ажарлағыш шарықтаспен тазалай өңдеуге арналған білдек.
Вертикаль - тартаөндегіш білдек (Станок вертикально-протяжной) — тартажонғыш құралдарының қайтымды – ілгерілемелі тік орын ауыстыруымен әр түрлі пішіндердің сыртқы беттерін өңдеуге арналған тартаөндегіш білдек.
Вертикаль-бұрғылағыш білдек (Станок вертикально-сверлильный) — айналдырығының осі тік орналасқан бұрғылағыш білдек.
Вертикаль-жонғылағыш білдек (Станок вертикально-фрезерный) — айналдырығының осі тік орналасқан жонғылағыш білдек.
Горизонталь-кеңейжону білдегі (Станок горизонтально-расточный) — айналдырығының осі көлденең орналасқан кеңейжонғыш білдек.
Горизонталь-тартаөңдегіш білдек (Станок горизонтально-протяжной) — тартажонғыш құралдары көлденең орын ауыстыра отырып, негізінен, ішкі тартажонуға арналған тартаөңдегіш білдек.
Дөңгелете ажарлағыш білдек (Станок круглошлифовальный) — центрлерде орнатылған немесе қысқыда бекітілген дайындамалардың сыртқы цилиндр, конустық, сұлбалық жөне жалпақ (дүмдік) беттерін өндеуге арналған ажарлағыш білдек.
Жонғылағыш білдек (Станок фрезерный) — дайындамалардың әр түрлі беттерін тиісті орын ауыстырулар кезінде жонғыштармен өндеуге арналған білдек.
Жазық ажарлағыш білдек (Станок плоскошлифовальный) — шеттікпен жазық ажарлауға немесе ажарлағыш шарықтастың бүйірімен өндеуге арналған білдек.
Жонғыш білдек (Станок токарный) — айналма денелер типіндегі дайындамаларды жону арқылы өндеуге арналған білдек.
Жартылай автоматты білдек (Станок полуавтомат) — дайындаманы өңдеудің барлық циклі автоматты түрде жүргізілетін, алайда білдекті орнату, іске қосу жөне өңделген тетікті түсіру үшін жұмысшының араласуын қажет ететін білдек.
Жонғыш-айналма үстелді білдек (Станок токарно-карусельный) — дайындамалардың жалпақ элементтерін үздіксіз жону арқылы өңдеуге арналған айналма үстелді білдек.
Жонғыш-бұрама кескіш білдек (Станок токарно-винторезный) — көбінесе айналма денелер типіндегі тетіктерді жонуға , кеңей-жонуға және бұрандалар оюға арналған артқы тұғыры, жүрістік бұрамасы мен жүрістік білігі бар жонғыш білдек.
Жонғыш-револьверлі білдек (Станок токарно-револьверный) — ұясында дайындамаларды өндеуге арналған қажетті құралдар орналасқан айналмалы револьверлі бастиегі (артқы тұғырдың орнына) бар жонғыш білдек.
Кеңейжоңғыш білдек (Станок расточный) — алдын ала жасалған тетіктерді айналма құралдармен өңдеуге арналған білдек.
Көлденең сүргілегіш білдек (Станок поперечно-строгальный) — негізгі қозғалысты құрал, ал беріс қозғалысын мерзім - мерзім дайындама жүзеге асырып отыратын сүргілегіш білдек.
Көп кескішті жонғыш білдек (Станок многорезцовый токарный) — кескіштерімен дайындаманың әр түрлі беттерін бір уақытта өндеуге арналған білдек.
Жануыштығыш білдек (Станок хонинговальный) — өз осінің бойымен айналма және қайтымды - ілгерілемелі қозғалысы бар жануыш құралдармен тазалауға (мысалы, әрлеу, ысқылау) және тесіктерді түпкілікті өндеуге арналған білдек.
Көп мақсатты білдек (Өңдегіш орталық) (Станок многоцелевой (обрабатывающий центр)) — әр түрлі операцияларға (мысалы, жону, бұрғылау, кеңейжону, кесу) арналған және жинақтауышында қажетті құралдары бар білдек.
Көшіргіш-жонғыш білдек (Станок токарно-копировальный) — қисық сызықты беттерді көшіргіш бойынша өндеуге арналған жонғыш білдек.
Көшіргіш-жонғылағыш білдек (Станок копировально-фрезерный) — қисық сызықты беттерді көшіргіш бойынша жазықтық және көлемдік өңдеуге арналған бақылау жүйесі бар жонғылағыш білдек.
Қашағыш білдек (Станок долбежный) — сырғағы тік орналасқан және қашауға арналған білдек.
Металл кескіш білдек (Станок металлорежущий) — жонумен өндеуге арналған білдек.
Нақыш-жонғылағыш білдек (Станок гравировально- фрезерный) — нақыштағыш айлабұйымы бар кішігірім көшіргіш - жонғыш білдек.
Пышқылы білдек (Станок ножовочный) — электр немесе пневматикалық жетекті пышқылы жал түріндегі жұмыс органы бар білдек.
Радиаль бұрғылағыш білдек (Станок радиально-сверлильный) — айналма маңдайшасында орналасқан бұрғьшағыш бастиекпен (басшамен) ірі габаритті тетіктердің тесіктерін өндеуге арналған металкескіш білдек.
Сыдыры ажарлағыш білдек (Станок обдирочно-шлифовальный) — алдын ала (черновой) өңдеуге арналған ажарлағыш білдек.
Тарта өңдегіш білдек (Станок протяжной) — сыртқы жөне ішкі беттерді тарта жонумен өңдеуге арналған металкескіш білдек.
Тескіш білдекше - металдан және басқа жабдықтардан дайындалған дайындамаларда тесік бұрғылауға арналған станок.
Токарлық білдек - бұл кең тараған метал кесу білдегінің бір түрі, айналма денелер тәрізді дайындамаларды кесіп өңдеу үшін арналған.
Жону білдегі
Жону білдегі - жаңқаны алып тастау арқылы пішіндері айналмалы бұйымдарды өңдеуге арналған білдек. Дайындама жону білдегінің айналдырығынан жетекті, жұдырықшалы, гидравликалық немесе пневматикалық қысқы арқылы айналмалы қозғалыс жасайды; айналдырық айналмалы қозғалысты бас қозғалыс механизімінен ( әдетте жылдамдықтар қорабынан ), кескіш құралкүймешектің жылжымасымен бірге жүрістік білігінен ( жонғанда ) немесе жону білдектің беріс механизмінен айналмалы қозғалыс алатын жүрістік бұрамадан ( бұранданы қиғанда ) ауысу қозғалысын жасайды. Жону білдегінде цилиндірлік, конустық және үлгілі беттерді жону және кеулей жону, сыртқы және ішкі бұрандаларды қию, шетжақтарды тіліктеу және қыру, тесіктерді бұрғылау, үңгілеу, ұңғылау, бұранда ойғышпен және бұрандакескішпен бұрандаларды қию, сонымен қатар бұрлеу, ысқылау т.б. жұмыстар орындалады. Жону білдегі металкескіш білдектердің ішінде ең кең тараған түрі. Өндірістің сипатына ( жаппай, сериялы, жеке ) және өнімділігіне байланысты жону білдегінің әр түрі қолданылады: центрлейтін, жону-реворверлі, көпкескішті, бір айналдырықты және көпайналдырықты автоматтар мен жартылай автоматтар, айналмалы ( қысқа және ауыр бұйымдарды, локомотивтер мен вагондардың қос дөңгелектерін т.б. өңдейтін дөңгелек жону білдектері ).
Бұранда кесу токарь станогының құрылысы. Станокты басқару және оны ретке келтіру.
Жону ─ бұл металды кесу арқылы өңдеу түрі. Мұнда дайындамадан айналу денелерін және олардың түрліше түрлерін алады. Кең тарағаны цилиндрлік және конустық формадағы детальдарды осьтік жону болып табылады. Өңдеу сапасы бойынша таза емес және таза жону болып бөлінеді. Остік жону үшін әдетте кескіштерді қолмен және механикалық беретін центрлік токарлық станок қолданылады. Өндірісте универсал станок ТВ-300 қолданылады, ал мектеп шеберханаларында ТД-120 және ТСД-120 қолданылады. Жону кезінде негізгі бақылау – өлшегіш құралдары: кронциркуль және нутромер, сәйкесінше сыртқы және ішкі диаметрлер өлшенеді; масштабтық сызғыш, шаблон. Штангенциркульдыда қолданады. Кең тараған универсаль токарлық бұрама - кескіш станоктардың бірі 1K62 моделді станок. Ол түрліше токарьлық жұмыстарды және түрлі резьбаларды кесуге арналған.
Токарлық станоктарға арналған құралдар
Токарлық бұрама кескіш станоктардың құралдары дайындама мен аспаптарды орнатуңға және бекітуге арналған. Құралдардың әр түрлі үлгілері көп. Оларды әмбебапты және арнайы деп бөледі. Әмбебапты деп дайындаманы бекітуге арналған құралдарды сыртқы бетін (орталықта) өңдеуде және тесіктерге қарап бөледі.
Патрондар. Токарлы патрондар оларға дайындаманы орнатуға және бекітуге арналған. Өзі центрленетін екі және үш жұдырықшалы, жетекші және арнайы патрондарболады. Патрон жетегі қолды, жетекті, гидравликалық, пневматикалық, құрастырылған болуы мүмкін.
Айналдырықта токарлық патрондарды бекіту тәсілі бұранда бойынша немесе ернемекте бекітуге бөлінеді. Өзі центрленетін патрондар дайындамаларды тез орнатуға және бекітуге мүмкіндік береді. Бұл қандай болсын бір бұрманың бұрылуында барлық жұдырықшаларды бір уақытта орын ауыстыруымен жетеді. Осы кезде жұдырықшалар бір уақытта центрленеді және дайындаманы қысады.
Центрлер. Токарлық центрлерді станокқа дайындамаларды орнатуға қолданады. Жұмыс бөлігінен, соңғы бөліктен, цилиндрлік бөліктерден тұрады. Конустың жұмыс бөлігінде дайындаманы орнатады. Соңғы бөлік алдыңғы басша айналдырығы мен артқы тұғыр сүйеутөлкесінің шеткі тесіктеріне дәл келу керек.
Кіші диаметрлі дайындаманы орталықта өңдеуде өздігінен тартатын қамыттар қолданады.
Сүйеуіштер. Ұзындықтары диаметрінен 10-15 есе көп ұзын әрі жіңішке бөлшектер жону кезінде кесу күшінің әрекетінен майысады. Бұны болдырмауға болады, сүйеуіш деп аталатын сүйемелдеуші құралдарды қолдана отырып. Сүйеуіштер жылжымалы және жылжымайтын болып келеді. Жылжымайтын сүйеуіштердің соңын кесіп алу үшін және ұзын бөлшектердің шет жаұтарын қиып кесуге ( тілуге ), сонымен қатар сыдыру жұмыстары кезінде қолданады. Жылжымалы сүйеуіш күймешеге құралкүймешекті дайындама бойынмен кескішке жалғаса, сонымен бірге орын ауыстыра алатындай орнатады және бекітеді. Жылжымалы сүйеуіш ұзын бөлшектерді таза жону кезінде қолданады.
Құралбіліктер. Жоңғышқа дәл өіделген тесігі бар дайындамаларды жону жиі келеді. Бұл жағдайда бұларды орнату және бекіту үшін құралбілік деп аталатын айлабұйымды пайдаланады. Құралбіліктер: тұтас, жазық конустық, конустық, ажыратылмалы болып келеді. Дәлдігі аз тесіктерді өңдеу үшін ажыратылмалы құралбіліктерді қолданады. Ажыратылмалы құралбіліктің құрылымы дайындаманың пішіні мен өлшеміне байланысты.
Механизм туралы түсінік.
Пневматикалық жұп пен
Адам өз қайраткерлігінде техникалық құрылғыларды жасап шығарады еңбекті жеңілдететін және оның физикалық мүмкіндіктерін жоғарылатады.
Осылай жетекті бөлшектерден тұратын машиналар шықты: машинаның жетекті бөлшегінен жұмыс бөлімдеріне қозғалыс энергиясын беріп тұратын механикалық берілістерді және жұмысты орындайтын атқарушы механизмдерді – жұмыс бөлімдерін, қозғалыс энергиясына энергияның әр түрлі түрлерін түрлендіреді.
Кинематикалық жұп деп екі түйісілген буындардың жылжымалы қозғалысын айтамыз. Түйісілген буындар арасындағы қатысты қозғалыстары жоқ буларды қосылыс деп атайды. Буындар бөлек тетіктерден немесе бір-бірімен жылжымасыз бекітілген бірнеше тетіктерден тұруы мүмкін.
Кинематикалық жұптарда жетекші және жетектегі буындарды айырады. Кинематикалық жұпқа қозғалысты тапсыратын буынды жетекші, ал қозғалысты алушы буынды жетектегі немесе кейде жұмыс буыны деп атаймыз. Жылжымалы қосылыс буындардың жүйесі кинематикалық тізбені көрсетеді. Жетектегі буындардың нақтылы қимылдарын алуға арналған кинематикалық тізбені механизм деп атайды. Кинематикалық жұптың графикалық кескіні үшін шартты белгіні қолданады. Кинематикалық жүптың шартты белгілерін қолдана отырып сызылған кинематикалық тізбектерді кинематикалық сызбалар деп атаймыз.
Токарлық кескіштердің жіктелуі, оларды дайындауға арналған материалдар
Кескіштер - ішкі және сыртқы беттерді жону үшін дайындаманы кесіп алуға, бұранда оюға, қиық жиектерді алуға және шетжақтарды тіліктеу үшін токарлық станоктарда қолданылатын көп таралған құрал түрі.
Құрылымы бойынша кескіштерді тұтас және құрастырылған деп бөледі.
Қималары бойынша ұстағыштар тік бұрыщты, квадратты және дөңгелекті болып келеді. Ұзындығы бойынша кескіштерді 32 мм-ден 500 мм-ге дейін шығарады.
Қолданысы бойынша кескіштер өтпелі, бүйіршіктейтін ( тілімдейтін ), қиғыш, кеңей жоңғы, бунақты, бұрандакескіш, фасонды және басқалай бөлінеді. Өтпелі кескіштер түзу және иілмелі болады.
Кесу құралын дайындау үшін келесі құрал материалдарын қолданады: тез кескіш болаттар, қоспаланған және көміртекті болаттар, қатты қорытпалар, минерал қышты, табиғи және жасанды алмаздар.
Құралдық болаттар - негізгі мәні ( сипаты ): кесу қабілеті, қызу төзімділігі, тозу төзімділігі, жылу төзімділігі.
Шыбықты болат дайындау тәсілі бойынша соғылған, ыссы соғылған, мөлшерленген болып бөлінеді.
45 және 40 х таңбалы құрылымдық болаттарды кескіш ұстағыштарын жасау үшін қолданады.
У12А, У13А таңбалы аспаптық көміртекті болаттар - ұңғылағыштарды, бұрандакескіштерді, егеулерді даярлауға арналған.
9ХС және ХВГ таңбалы құралдық өоспаланған болаттар - бұранда жасаушы құралдарды даярлауға арналған.
Тез кескіш болаттар фасонды, бұранда кескіш және кесу кескіштерді даярлауға арналған.
Қатты қорытпаларды құралдың кесу элементтерін дайындау үшін қолданады және төрт топқа бөледі: вольфрам кобальтты ( ВК ), титан тантальды (ТТ ), титан кобальтты ( ТК ) және вольфрамсыз ( ТН және ТМ ).
ВК топты қорытпалар шойыннан, түсті металдардан жасалатын бөлшектерді, төзімді болаттар мен сынық жоңқа жасайтын басқа материалдарды өңдеу үшін қолданады.
ТК тобын коррозияға төзімді және ыстыққа берік болаттарды өңдеу үшін қолданады.
ТМ топты қорытпалар құрылымдық, төмен қоспаланған болаттар мен түсті металдарды таза және жартылай таза өңдеу кезінде қолданады.
Кесу процесінде кесуші құрал тозады. Кесу қасиетін қалпына келтіру үшін құралды қайрауға және бабына жеткізуге келтіреді.
Құралды қайрауға және бабына келтіру үшін электр корунд пен кремний карбидынан жасалған дөңгелекті қолданады.
Кескішті қайрау кезінде жоңғыш мыналарды сақтау қажет:
- Ажарлағыш шарықтаста радиалды және кеспелі соғуы болмауы қажет және оның беті тегіс болуы қажет.
- Қайрау кезінде міндетті түрде тіреуішті пайдалану керек.
- Қайрау екі әдіспен өткізіледі: алғашқы және соңғы.
Ең алдымен басты артқы бет қайралады, содан кейін қосымша артқы бет, осыдан кейін алдыңғы бет, соңғы қайрауда кескіш ұшы қайралады.
- Кескішті дөңгелектің жұмыс бетіне біркелкі ауыстыру керек.
- Жұмыс жиегінде жарық пен боялуын пайда болуын болдыртпау мақсатында қайрау кезінде кескішті дөңгелекке ұатты қыспау керек.
- Қайрау кезінде сақтандырғыш көзілдірікті қолданып және де қорғау қаптамасында жұмыс істеу қажет.
Кесу режимі туралы түсінік
Токарлық станоктарда жұмыс істеген кезде кесудің сипаттамасы бөлінеді: кесу тереңдігі t, беріліс s, кесу жылдамдығы v.
Кесу тереңдігі деп кесу құралының бір жұмыс жүрісі ішінде кесілетін, өңделген және өңделінетін беттер арасындағы қашықтық секілді өлшенетін металл қабатын айтамыз. Формула бойынша анықталады: t = ( D – d ): 2, ( мм ); мұндағы D – үлкен диаметр, d - кіші диаметр.
Беріліс деп дайындаманың бір айналасындағы беріліс бағытына кескіштің кесу жиегінің орын ауыстыру шамасын айтамыз. Беріліс мм/айн-мен өлшенеді.
Жону кезінде берілістің түрлерін айырады: дайындама осіне бағытталған бойлық беріліс, дайындама осіне перпендикуляр бағытталған көлденең беріліс және бұрыш астындағы дайындама осіне енкіштелген ( көлбеуленген ) беріліс.
Кесу жылдамдығы – бөлшектің өңделінетін бетіне қатысты құралдың кесу жиегінің орын ауыстыру жылдамдығы.
/1000 ( м/мм );
Мұндағы D – өңдеулердің ең үлкен диаметрі ( мм );
n – бөлшектің айналу жиілігі, мин;
π – 3,14.
Бұрғылау және кеңейту. Бұрғылардың түрлері
Тұтас материалдарда тесік алудың кең тараған әдісі – бұрғылау. Бұрғылау кезінде кесу қозғалысы – ілгерімелі. Жұмысты бастамас бұрын станок орталықтарының алдыңғы және артқы ұштарының ұқсастығын тексеріп алады. Дайындаманы қысқыға орнатады және оның ауытқымасы айналу осіне қатысты сыртқы жонудан алынған әдіпті жоғарылатпауын тексереді. Сонымен қатар, тесік өңделетін дайындаманың шетжақ ауытқымасын тексереді және шетжақтары бойынша дайындаманы дұрыстайды.
Бұрғылауды дайындама айналасында бастайды. Бұрғыны дайындаманың шетжағына қолмен ақырын әкеледі және үлкен емес тереңдікте бұрғылайды. Содан кейін құралды қайтарады, дайындаманы тоқтатады және тесікті центрлеу дәлдігін тексереді. Бұрғы ауытқып кетпеу үшін бұрғылау басында үлкен диаметрлі қысқа спиральды бұрғымен немесе арнайы центрлейтін бұрғымен дайындаманы центрлеп алады. Бұл кезде бұрғылау басталғанда бұрғының көлденең жиегі жұмыс істемейді. Бұл дайындаманың айналу осіне қатысты бұрғылаудың ығысуын азайтады.
Тереңдігі оның диаметрінен үлкен тесікті бұрғылау кезінде бұрғыны тесіктен кезеңді шығарады және оның бунақтары мен дайындама тесіктерін жиналған жоңқалардан тазалайды.
Бұрғы үйкелісін азайту үшін тесік қабырғасынан суытатын сұйықтық жібереді, әсіресе болат және алюминий дайындамаларын өңдеуде. Шойын, жез және қоладайындамаларын суытусыз-ақ бұрғылауға болады. СС-ды қолдануы кесу жылдамдығын 1,4-1,5 есе жоғарылатады.
Автоматты берілісті бұрғылау кезінде болат бөлшектерде диаметрі 5-30 мм тесіктер үшін беріліс 0,1-0,3 мм/айн, шойын бөлшектерде 0,2-0,7 мм/айн қабылданады. Кесу жылдамдығы 30 м/мин шамасында.
Бұрғылау кезінде тесік диаметрі бұрғы диаметрінен аздап үлкен болады. Бұл мынамен түсіндіріледі, бұрғыны қондыруда, оны қайрау кезінде көптеген қателіктерінен бұрғы тесік осінен тыс кетіп қала береді. Бұрғыдан алынған беттің кедір-бұдырлығы =40, =12.5 жоғарылатпайды.
Кеңейту
Үлкен диаметрлі тесіктерді бұрғылау кезінде беріліс күші біршама артық болуы мүмкін, кейде станок қуаты жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда тесікті әр түрлі диаметрлі екі бұрғымен кезектесіп бұрғылайды. Бірінші бұрғының диаметрі, әдетте екіншінің жартысына тең қылып алады. Кеңейту тұтас жағдайда диаметрі 25 мм жоғары тесік алу үшін де қолданады. Кесудің берілісі мен жылдамдығы бұрғылау кезіндегідей алынады.
Бұрғыны қайрау кезінде қырқұралдар желкесіне қисық сызықты пішін береді. Бұл кесу сыналарының кез келген қимасында артқы бұрыштарды қамтамасыз етеді. Бұл үшін бұрғыны шарықтасқа қысады және олармен бір уақытта айналмалы қозғалыс жасайды. Қолмен қайрау дағдысында екі бұрғы жиектерін ұзындықтары бойынша теңестіреді, бұрыштар тепе-теңдігін жасайды, сонымен қатар кесу сыналарының барлық ұзындығы бойынша артқы бұрыштың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Бұрғы бұрғықайрағыш станоктарда біршама дәл және өнімді қайрайды. Бұрғы геометриасын құрамды қимаүлгілермен бақылайды.
Бұрғының көлденең жиегінде алдыңғы теріс бұрыш, сондықтан бұрғының кесу бөлігінің бұл бөлімі кеспелді, тек металды қырады. Диаметрі 15 мм-дегі бұрғыларда көлденең жиектің зиян әсерлерін азайту үшін көлденең жиекті кіші диаметрлі шарықтаста жонады.
Бұрғы шеттікерінде кесу жиектерінің бөлімдері біршама тозады, өйткені бұрғының бұл бөлімдері кесудің ең үлкен жылдамдығымен жұмыс істейді, массасы аз ғана, жылуды аз шығарады және тез қызады. Үлкен диаметрлі бұрғыларда бұл бөлімдердің жұмыстарын жақсарту үшін артқы беттерді екі бетті қайрау арқылы кесу жиектерінің ұзындығын үлкейтеді.
Далдашаны қайраумен екібетті қайрау бұрғының төзімділігін екі есеге арттырады.
Бұранданы кескендегі жонғыш-бұрама кескішті білдектің кинематикалық құрылымы
Траекторияны реттеу (кесілетін бұранданың қадамы tн).
Осында ішкі байланыста орнатылған реттеу ix органының берілісті қатынасының сандың мәнін алу мақсатқа салынады. Бұл мақсатқа жету үшін, ең алдымен реттеу шарты (РШ – УН) құрылады, ол кинематикалық топтың ішкі (немесе сыртқы) байланысында ақырғы орындау буындардың элементарлы қозғалыстардың сандың өзара байланысын сипаттайды.
Біздің мысалымызда ішкі байланыста ақырғы буындар болып айналдырық пен дайындама және құралкүймешік пен кескіш болып келеді. Сонда тапсырылған қадаммен бұранданы алу үшін реттеу шарты келесідей құрылуы мүмкін: айналдырықтың бір айналымы кесілетін бұранданың tн, мм қадамына тең құралкүймешіктің кескішпен орын ауыстыруына сәйкес келуі керек.
Қысқаша бұл жазуды келесідей көрсетуге болады:
РШ 1 айн. айн. → tн, мм.
Реттеу шартының жазуы негізінде кинематикалық теңдік теңдеуі (КТТ – УКБ) құрылады, ол ішкі (сыртқы байланыста) ақырғы буындарды байланыстырады. КТТ (УКБ) сол жақ бөлімі өзімен қарастырылатын тізбенің жалпы берілістік қатынасын көрсетеді, ол шарт белгісінің оң жақ бөлімінде келтірілген. Бұранданы кескен кезде КТТ (УКБ) келесі түрде жазылады:
1 айн. айн.· iкц · ix · tхв = tн ,
мұндағы iкт – кинематикалық тізбенің белгілі берілісті қатынасы (білдектің паспортынан);
tхв – жүрісті бұраманың қадамы, мм.
Ескерту: КТТ (УКБ) жазуы реттеу шартының сол жақ бөлімінен басталады.
Бұл мысалда берісті бұраманың қадамы оның көмегімен КТТ сол жақ өлшемсіз бөлімі реттеу шартының оң жағы сияқты өлшемдікке (мм) келтірілетін элемент (РШ қара).
Кинематикалық теңдік теңдеуінен ішкі байланыстағы реттеу органының берісті қатынасының белгісіз мәнін табамыз:
ix = .
Табылған ix мәнді қамтамасыз ету үшін тістер санын табады, мысалы, реттеу органының ауыстырымды тісті доңғалақтардың. Берісті қатынас ix=0,75 деп көрейік. Ауыстырымды тісті доңғалақтарды таңдаймыз
ix = =
Тістер саны а=75 және d=100 болатын доңғалақтар жинақта бар болса, онда есеп шешілген деп айтуға болады. Доңғалfқтардың біреуі болмаса, онда қайталау қажет, мысалы:
ix = = ,
яғни а = 50, в = 40, с = 36 и d = 60.
Жонғыш-бұрама кескішті
білдектер үшін стандартты қадаммен
бұранданы кесу үшін тісті доңғалақтарды
таңдау тапсырмасы білдек құрылымдаушы
зауыттардың
Кесу жылдамдығын реттеу
Сыртқы байланыста ақырғы буындар болып электрқозғағыш пен білдек айналдырығы келеді. Олардың қозғалысының негізгі сипаты болып айналу жиілігі келеді, яғни реттеу шартын келесі жазу түрінде көрсетуге болады: электрқозғағыштың айналу nэ жиілігіне айналдырықтың қажетті айналу жиілігі nшп (айн/мин) сәйкес келеді, қысқаша жазуы:
РШ: nэ, айн/мин → nайн., айн/мин
Реттеу шартының сол және оң жақтарында параметрлер бірдей өлшем бірліктермен болады, сондықтан КТТ (УКБ) сол жағын келтірудің қажеті жоқ, сонда
КТТ: nэ · iкц · iv = nайн.
Осыдан iv = .
Әмбебап жонғыш-бұрама кескішті білдектерде қажет етілетін берілісті қатынас iv, демек айналу жиілігі nайн де айналдырықты тұғырда орналасқан немесе жеке түзілім ретінде орындалған жылдамдықтар қорабынмен қамтамасыз етіледі. Тапсырылған жиілікті орнату кесте бойынша иінтіректерді қосу арқылы орындалады.

- Жалпы валюта жүйесі
- Жалпы вирусология. Вирустарды жүйелеу негіздері
- Жалпы вирусология. Вирустарды жүйелеу негіздері. Вириондардың құрылымы және химиялық құрамы. Бактериофагтар
- Жалпы денсаулық саласы
- Жалпы ережелер
- Жалпы және медициналық микробтық экологиягың негіздері
- Жалпы индекстерді есептеу
- Жалованная грамота дворянству
- «Жалованная грамота на права и выгоды городам Российской Империи» 1785 года
- Жалованные грамоты Екатерины 2
- Жалпақ табандылық
- Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткiзуді ұйымдастырудың
- Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық
- Жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған Бағдарлама «Дінтану негіздері»