Жалпы денсаулық саласы
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 1113 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласын дамытудың
2011 - 2015 жылдарға
арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттiк
бағдарламасы
МАЗМҰНЫ
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау
атауы саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға
арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк
бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
Әзiрлеу үшiн
негiз «Қазақстан Республикасының 2020 жылға
дейiнгi Стратегиялық даму жоспары туралы»
Қазақстан Республикасы Президентiнiң
2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы
Бағдарламаны
әзiрлеуге Қазақстан Республикасы Денсаулық
жауапты мемлекеттiк орган сақтау министрлiгi
Бағдарламаны iске
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
асыруға жауапты министрлiгi, Қазақстан
Республикасы
мемлекеттiк органдар Iшкi iстер министрлiгi,
Қазақстан
Республикасы Мәдениет министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Байланыс және
ақпарат министрлiгi, Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлiгi, Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлiгi, Қазақстан
Республикасы Туризм және спорт
министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрлiгi,
Астана және Алматы қалаларының,
облыстардың әкiмдiктерi
Бағдарламаның
мақсаты Елiмiздiң орнықты әлеуметтiк-демографиялық
дамуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан
азаматтарының денсаулығын жақсарту
Мiндеттерi Азаматтардың
денсаулығын сақтау және
санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелерi
бойынша сектораралық және ведомствоаралық
өзара iс-қимылды күшейту;
Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiн
дамыту және жетiлдiру;
медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi
жетiлдiру, медицина ғылымын және
фармацевтикалық қызметтi дамыту
Iске асыру
мерзiмi 2011 - 2015 жылдар
бiрiншi кезең: 2011 - 2013 жылдар
екiншi кезең: 2014 - 2015 жылдар
Нысаналы индикаторлар
Халықтың күтiлiп отырған өмiр сүру
ұзақтығының 2013 жылға қарай 69,5-ке
дейiн, 2015 жылға қарай 70 жасқа дейiн
ұлғаюы;
ана өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi
туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай
28,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 24,5-ке
дейiн төмендеуi;
нәресте өлiм-жiтiмiнiң 1000 тiрi
туылғандарға шаққанда 2013 жылға қарай
14,1-ге дейiн, 2015 жылға қарай 12,3-ке
дейiн төмендеуi;
жалпы өлiм-жiтiмнiң 1000 адамға шаққанда
2013 жылға қарай 8,14-ке дейiн, 2015 жылға
қарай 7,62-ге дейiн төмендеуi;
туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100
мың
адамға шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге
дейiн, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейiн
төмендеуi;
15-49 жас аралығындағы жас тобында АИТВ
инфекциясының таралушылығын 0,2 - 0,6
шегiнде ұстау
Қаржыландыру
көздерi Бағдарламаны iске асыруға 2011 -
2015
мен көлемi жылдары республикалық және
жергiлiктi
бюджеттердiң қаражаты, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңнамасымен
тыйым салынбаған басқа да қаражат
жұмсалатын болады.
Бағдарламаны iске асыруға мемлекеттiк
бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн.
теңгенi құрайды.
Жылдар бойынша |
Барлығы |
Республикалық бюджет |
Жергiлiктi бюджет |
Басқа көздер |
2011 ж. |
65 262,7 |
64 700,3 |
562,4 |
|
2012 ж. |
79 966,9 |
75 312,1 |
454,8 |
4 200 |
2013 ж. |
74 059,4 |
69 367,9 |
491,5 |
4 200 |
2014 ж. |
79 086,1 |
74 290,5 |
595,6 |
4 200 |
2015 ж. |
81 983,8 |
72 926,0 |
657,8 |
8 400 |
барлығы |
380 358,9 |
356 596,8 |
2 762,1 |
21 000 |
2001 - 2015 жылдарға арналған
Бағдарламаны қаржыландыру көлемi
Қазақстан Республикасының
заңнамасына
сәйкес тиiстi қаржы жылдарына арналған
республикалық және жергiлiктi бюджеттердi
бекiту кезiнде нақтыланатын болады.
2. Кiрiспе
Әрбiр адамның
денсаулығы оның толыққанды
Президент Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегi
жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына
Жолдауында елiмiздiң дамуының жаңа кезеңiндегi
мемлекеттiк саясаттың бiр бағыты медициналық
қызмет көрсету сапасын жақсарту және
денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық
жүйесiн дамыту болуы керек деп атап көрсеттi.
Медициналық қызметтердiң сапасы кешендi
ұғым болып табылады және ол көптеген
көлемдi себептерге байланысты, олардың
iшiнде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық
жарақталуын, клиникалық мамандардың
кәсiби деңгейiн және оны арттыруға деген
уәждемесiнiң болуын, медициналық көмектi
ұйымдастыру мен көрсету үдерiстерiн басқарудың
қазiргi заманғы технологияларын енгiзудi,
медициналық көмекке ақы төлеудiң тиiмдi
әдiстерiн енгiзудi бөлек атап өткен жөн.
Медициналық қызметтердiң сапасын басқаруды
жетiлдiру Қазақстанның денсаулық сақтау
саласын 2020 жылға дейiн стратегиялық дамыту
аясында маңызды орын алады.
2010 жылғы Жолдауда Президент таяу онжылдыққа
нақты мiндеттер қойды. Оның iшiнде Нұрсұлтан
Әбiшұлы «Саламатты өмiр салты мен адамның
өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi
қағидаты - мiне, осылар денсаулық сақтау
саласындағы және халықтың күнделiктi
тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең
басты мәселесi болуы тиiс» екендiгiн атап
көрсеттi.
Жоғарыда көрсетiлгендерге сәйкес, сондай-ақ
халық денсаулығының қазiргi жағдайына
және Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау жүйесiне жүргiзiлген талдау негiзiнде
Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға
арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк
бағдарламасының стратегиялық басым бағыттары
және iске асыру тетiктерi айқындалды.
Бағдарламада ведомствоаралық және сектораралық
өзара iс-қимылды ескере отырып, жоспарланған
iс-шараларды орындауды заңнамалық, инвестициялық,
құрылымдық, экономикалық және кадрлық
қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар көзделген.
Медициналық қызметтердiң және медициналық
ұйымдардың арасындағы бәсекелестiк қатынастардың
нарығын құру көзделiп отыр.
Бағдарламаны iске асыру медициналық
қызмет көрсетудiң шығыны аз нысандарына
өту үшiн жағдай жасау, саланың профилактикалық
бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық
көмектiң қолжетiмдiлiгi мен сапасының деңгейiн
арттыру арқылы денсаулық сақтау жүйесiн
қарқынды дамытуға, арнайы әлеуметтiк
қызметтердi енгiзуге, сондай-ақ халықтың
өзiн-өзi сақтау мiнез-құлқының дәйектемесi,
медицина персоналының кәсiптiк және жеке
өсуi, денсаулық сақтау жүйесiн қоғамның
қазiргi талаптарына және нарықтық жағдайларына
бейiмдеу үшiн жағдай жасауға ықпал ететiн
болады.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Қазақстан
Республикасының денсаулық
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау
жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының
Кодексi қабылданды;
тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген
көлемi бойынша ең төменгi стандарттар
белгiлендi;
Қазақстан Республикасында ана мен бала
өлiм-жiтiмiн төмендету жөнiндегi 2008 - 2010
жылдарға арналған, Қазақстан Республикасында
қан қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар
туралы 2008 - 2010 жылдарға арналған, Қазақстан
Республикасында ЖҚТБ iндетiне қарсы iс-қимыл
жөнiндегi 2006 - 2010 жылдарға
арналған, Қазақстан Республикасында
кардиологиялық және кардиохирургиялық
көмектi дамытудың 2008 - 2016 жылдарға арналған,
«Саламатты өмiр салты» жөнiндегi 2008 - 2016
жылдарға арналған салалық бағдарламалары
әзiрлендi және енгiзiлдi;
шекараны санитариялық қорғау жүйесi
қалыптасты: мемлекеттiк шекарада ел аумағын
аса қауiптi инфекциялық аурулардың әкелiнуiнен
және таралуынан қорғауды қамтамасыз
ететiн санитариялық-карантиндiк пункттер
желiсi кеңейтiлдi;
жалпы дәрiгерлiк практика қағидаты бойынша
жұмыс iстейтiн бастапқы медициналық-санитариялық
көмек (бұдан әрi - БМСК) қызметiн реформалау
жүргiзiлдi, қанайналым жүйесi ауруларын
ерте анықтау тұрғысынан балаларды, ересек
халықты профилактикалық қарап-тексеру,
ұрпақты болу жүйесiнiң онкопатологиясын
ерте анықтау тұрғысынан әйелдердi скринингтiк
зерттеу жүргiзiлуде;
дәрi-дәрмекпен тегiн және жеңiлдiктi түрде
қамтамасыз ету енгiзiлдi;
мемлекеттiк медициналық ұйымдар желiсiн
типтеу және стандарттау жүргiзiлдi, денсаулық
сақтау ұйымдары желiлерiнiң мемлекеттiк
нормативi бекiтiлдi;
денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық
базасын нығайту жөнiндегi iс-шаралар жүргiзiлдi;
тәуелсiз медициналық сараптама жүйесi
құрылды;
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Бiрыңғай ұлттық
денсаулық сақтау жүйесi (бұдан әрi - БҰДЖ)
кезең-кезеңмен енгiзiлуде, ол пациенттерге
дәрiгер мен медициналық ұйымды еркiн таңдауды
қамтамасыз етудi, медициналық қызмет
көрсетудiң бәсекелестiк ортасын қалыптастыруды,
медициналық ұйымдардың түпкiлiктi нәтижелерге
қол жеткiзуге бағытталған жұмысын және
нақты шығындар бойынша медициналық қызметтерге
ақы төлеудi көздейдi;
туберкулез, психикалық және инфекциялық
ауруларды емдеудi қоспағанда, стационарлық
және стационарды алмастыратын көмек
көрсетуге арналған бюджеттi облыстық
деңгейде, ал 2010 жылдан бастап республикалық
деңгейде шоғырландыру жүргiзiлдi;
денсаулық сақтау менеджерлерiн даярлау
жүзеге асырылуда;
«Қазақстан Республикасының денсаулық
сақтау секторындағы технологияларды
беру және институционалдық реформа жүргiзу»
жобасы Дүниежүзiлiк банкпен бiрлесiп iске
асырылуда;
Дәрiлiк заттар дистрибуциясының бiрыңғай
жүйесi енгiзiлдi;
денсаулық сақтау саласына ақпараттық
технологиялар енгiзiлуде: барлық өңiрлерде
филиалдары бар республикалық ақпараттық-талдау
орталығы құрылды;
санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi
қайта құрылымдау жүргiзiлдi, тiгiнен басқару
құрылды;
денсаулық сақтау саласындағы бақылау
аясында тәуекелдi бағалау жүйесi енгiзiлуде.
Медициналық-демографиялық
жағдай және сырқаттанушылық
Мембағдарламаны iске асыру кезеңiнде:
демографиялық жағдайдың жақсаруы, халықтың
туу денгейiнiң 18,42-ден (2005 ж.) 22,75-ке (2008 ж.) дейiн артуы;
өлiм-жiтiм көрсеткiшiнiң тұрақтануы - 9,74
(2005 ж. - 10,37);
халықтың табиғи өсу коэффициентiнiң 1000
адамға шаққанда 13,01-ге (2005 ж. - 8,05) дейiн
өсуi байқалды.
Республикада халықтың саны 2005 жылмен
салыстырғанда 762,6 мың адамға ұлғайды
және 2010 жылдың басында 16004,6 мың адамды
құрады. Мембағдарламаны iске асыру кезеңiнде
сырқаттанушылықтың сәл ұлғаю (1,7%) үрдiсi
белгiлi болды. Сырқаттанушылық құрылымында
бiрiншi орынды тыныс алу ағзаларының аурулары
(39,37%), екiншi - жарақаттанушылық пен уланулар
(6,88%), үшiншi - несеп-жыныс жүйелерiнiң аурулары
(6,86%), одан кейiн асқорыту ағзаларының
аурулары (6,46%), терi және терiасты жасушаларының
аурулары (6,08%), қан және қан өндiру ағзаларының
аурулары (4,24%), қанайналым жүйесiнiң аурулары
(3,72%), инфекциялық және паразиттiк аурулар
(3,24%), басқа да аурулар (23,14%) алады.
Демографиялық жағдайдағы оң iлгерiлеушiлiкке
қарамастан, ана мен бала денсаулығының
темен деңгейi сақталуда. Ұрпақты болу
өзектi проблема күйiнде қалып отыр, некеге
тұрғандардың 16 %-ға жуығы ұрпақсыз болып
табылады. Бұл көбiнесе жыныстық жолмен
берiлетiн инфекциялардың (бұдан әрi - ЖЖБИ)
кеңiнен таралуына және түсiктiң жоғары
деңгейiне байланысты, бұл өз кезегiнде
халықтың, ең алдымен жас адамдардың қауiпсiз
жыныстық мiнез-құлқымен айқындалады.
Тiркелген жағдайлардың статистикасына
сәйкес елдегi 4 жүктiлiктiң 1-i жасанды үзумен
аяқталады. 15-19 жас аралығындағы жасөспiрiм
қыздардың босану жиiлiгiнiң ұлғаю үрдiсi
бар және 2008 жылы 1000 адамға шаққанда 31,1-дi
құрады. Ана өлiм-жiтiмiнiң негiзгi себептерi
(100 мың тiрi туғандарға шаққанда 2005 ж. -
40,5; 2009 ж. - 36,9) акушериялық қан кетулер,
гестоздар, экстрагениталдық патологиялар
болып отыр.
2005 жылы нәресте өлiм-жiтiмiнiң деңгейi 1000
тiрi туғандарға шаққанда 15,1-дi құрады.
2008 жылдан бастап тiрi туу және өлi туу өлшемдерiнiң
енгiзiлуiмен нәресте өлiм-жiтiмiнiң көрсеткiшi
20,7-нi құрады және 2009 жылы 1000 тiрi туғандарға
шаққанда 18,4-ке дейiн төмендеу үрдiсi байқалады.
Нәресте өлiм-жiтiмiнiң негiзгi себептерi
перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар
болып табылады (60,4%). Нәресте өлiм-жiтiмiнiң
құрылымында екiншi орынды туа бiткен патология
алады, бұл жүргiзiлген ерте диагностиканың
(туа бiткен патологияны анықтау мәнiне
жүктi әйелдердiң скринингi) жеткiлiксiздiгiн,
ата-аналардың саламатты өмiр салтын сақтамайтындығын
және республиканың бiрқатар өңiрлерiнде
қолайсыз экологиялық жағдайды айғақтайды.
2007 - 2009 жылдардағы деректердi талдау өлiм-жiтiмнiң
барлық себептерi арасында 1 жасқа дейiнгi
балалардың респираторлық аурулардан
және пневмониядан өлiм-жiтiмi 3-орынды,
инфекциялық аурулардан өлiм-жiтiмi 1-орынды
алатынын көрсеттi. 2008 жылы Қазақстан Республикасында
5 жасқа дейiнгi балалардың пневмониямен
сырқаттанушылығының 33774 жағдайы тiркелдi.
2008 жылы 5 жасқа дейiн балалар өлiм-жiтiмi
жағдайының жалпы саны 8 225 баланы құрады,
пневмониядан 1,5 мың бала қайтыс болды.
Қазiргi таңда пневмококктық инфекциядан
ең тиiмдi және экономикалық пайдалы қазiргi
заманғы медицинадағы профилактикалық
iс-шара вакцинация болып табылады. Республиканың
профилактикалық екпелерiнiң күнтiзбесiне
2 айлық балаларға пневмококктық инфекцияға
қарсы вакцинацияны енгiзу 5 жасқа дейiнгi
балалардың пневмониямен сырқаттанушылығын
50 %-ға дейiн, өлiм-жiтiмiн 20 %-ға дейiн айтарлықтай
төмендетуге қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
Қазiргi таңда Қазақстанда егде жастағы
адамдар барлық халық санының 7,7 %-дан астамын
құрайды. Бiрiккен Ұлттар Ұйымы сарапшыларының
болжамдары бойынша таяу жылдары Қазақстанда
егде жастағы адамдардың саны 11 %-ға артатындығы
күтiлуде. Соған байланысты оларға медициналық
көмек көрсетудi жақсарту үшiн республикада
геронтологиялық көмек жүйесiн құру қажет.
Өткен бесжылдық кезеңде әлеуметтiк мәнi
бар аурулардың таралушылығы мен халық
өлiм-жiтiмiнiң кейбiр көрсеткiштерiнiң төмендеуi
байқалады. Мәселен, туберкулезден болған
сырқаттанушылық пен өлiм-жiтiм көрсеткiшi
(100 мың адамға шаққанда тиiсiнше 147,3-тен
105,5-ке дейiн және 20,8-ден 12,5-ке дейiн) төмендеген.
Сонымен қатар осы ауру бойынша эпидемиологиялық
жағдай шиеленiскен күйiнде қалып отыр.
Бәсекеге қабiлеттiлiктiң жаһандық индексiнiң
рейтингiнде Қазақстан сырқаттанушылық
бойынша 94-орында (2007 жылы - 130,0 орын) және
туберкулездiң бизнеске әсер етуi бойынша
111 позицияда тұр.
Жүргiзiлiп жатқан ауқымды құрылысқа, «DОТS-плюс»
туберкулездi емдеу бағдарламасының iске
асырылуына қарамастан, туберкулездiң
таралуын, дәрiге төзiмдiлiгiнiң дамуын және
өлiм-жiтiмдi эпидемиологиялық қадағалау
мәселелерi өзектi күйiнде қалып отыр.
Қатерлi iсiкпен сырқаттанушылықтың кейбiр
көрсеткiштерi (100 мың адамға шаққанда 192,5-тен
182,6-ға дейiн) төмендегендiгi байқалады.
Сонымен қатар, асқынған түрлерi көбеюде
(16,2%), ал өлiм-жiтiм жалпы өлiм-жiтiм себептерiнiң
құрылымында үшiншi орынды алады (12,6%). Алайда
жалпы республика бойынша сырқаттанушылықтың
төмендеуiмен қатар iрi өнеркәсiптiк өңiрлер
бойынша көрсеткiштердiң өсуi байқалады.
Қатерлi iсiктермен сырқаттанушылықтың
ең жоғары үлес салмағы Шығыс Қазақстан
және Павлодар облыстарында (44,5%) белгiленген.
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының
(бұдан әрi - ДДҰ) жiктемесi бойынша Қазақстан
АИТВ/ЖИТС iндетiнiң шоғырланған сатысында
(орташа әлемдiк көрсеткiш 1,1% болғанда
халықтың 0,2 %-ы). Халықаралық сарапшылардың
бағалау деректерi бойынша Қазақстанда
АИТВ ауруы бар тұрғындардың саны 16 мың
адамды құрайды, бұл тiркелгендердiң санынан
2 есеге жуық артық. АИТВ жұқтырғандардың
жалпы санының шамамен 1/4-iн құрайтын АИТВ
жұқтырған әйелдердiң саны өсуде. 2008 жылы
жүктi әйелдер арасында АИТВ жұқпасының
жиiлiгi 2005 жылдан бастап жыл сайын 0,01 %-ға
арта отырып, 0,07 %-ды құрады, бұл АИТВ-ның
анадан балаға берiлу ықтималдылығын арттырады.
Сонымен қатар, халықтың АИТВ/ЖИТС туралы
хабардар болуының төмендiгi осы патология
бойынша жағдайдың нашарлауының нақты
қауiптiлiгiне ықпал етедi.
Жарақаттанушылық тек Қазақстан үшiн
ғана емес, сонымен қатар көптеген әлем
елдерi үшiн де қазiргi заманғы медициналық-әлеуметтiк
маңызды проблемалардың бiрi болып отыр.
Қазақстанда жарақаттар халықтың сырқаттанушылық
құрылымында, еңбекке уақытша жарамсыздық
және өлiм-жiтiм құрылымында екiншi орынды,
бiрiншi рет мүгедектiкке шығу бойынша үшiншi
орынды алады. Сонымен қатар, әртүрлi жарақат
алған адамдарды оңалту және еңбекке жарамдылығын
қалпына келтiру бойынша жүйелi тәсiл жоқ.
Соңғы жылдары алғашқы мүгедектiк деңгейiнiң
терiс серпiнi қалыптасты (10 мың адамға
шаққанда республикада мүгедектiкке алғашқы
шығудың қарқынды көрсеткiшi 2007 жылы - 27,7-нi,
2008 жылы - 28,8-дi, 2009 жылы - 29,2-нi құрады), бұл
денсаулық сақтаудың профилактикалық
бағыттылығының нашарлығының дәлелi болып
табылады.
Экологиялық ахуалдың нашарлауы қоршаған
ортаның зиянды факторларының әсерiне
байланысты ауруларды (тыныс алу ағзаларының
аурулары, онкологиялық аурулар, аллергиялық
аурулар және тағы басқалар) диагностикалау
және емдеу қызметiне деген сұраныстың
артуына ықпал етедi.
Соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық
жағдайдың оң серпiнi байқалады, елеулi
инфекциялық аурулардың бiрқатарының
төмендегенi тiркелген, ал вакцинамен басқарылатын
кейбiр инфекциялық аурулар бойынша толық
жою немесе элиминациялау мiндетi жолға
қойылған.
Жыл сайын қауiпсiз ауыз сумен қамтамасыз
етiлген халықтың үлес салмағы артып келедi,
ол 2009 жылдың қорытындысы бойынша 81,8 %-ды
құрады, эпидемиялық маңызды объектiлердiң
санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
жақсаруда. Аса қауiптi инфекциялардың
табиғи ошақтарында қажеттi профилактикалық
iс-шаралар кешенi қамтамасыз етiлдi, оларда
халықтың топтық сырқаттанушылық жағдайларына
жол берiлген жоқ. Шекаралас мемлекеттермен
эпидемиологиялық жағдайдың қиындағаны
туралы шұғыл хабарлау жүйесi енгiзiлдi.
Сонымен қатар, қызметтiң инфекциялық
емес аурулардың алдын алу бойынша қоғамдық
денсаулық сақтаудағы қызметiн күшейту
мәселелерi шешiмiн таппай келедi. Өткiзiлетiн
санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың
сапасы мен жеделдiгiн арттыру қажет, аккредиттеу
жүйесi нашар дамыған, зертханалық зерттеулердiң
және халық денсаулығына сыртқы орта факторларының
әсер ету қауiп-қатерлерiн бағалаудың халықаралық
стандарттары жеткiлiксiз енгiзiлген. Өнiмнiң
және қызметтердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету саласында тұтынушылардың құқықтарын
қорғау жүйесi дамымаған.
Дезинфекциялаумен және дератизациялаумен
айналысатын ұйымдардың қызметiн бiрыңғай
үйлестiрудi қалыптастыру бөлiгiнде олардың
қызметiн жетiлдiрудi, өткiзiлетiн iс-шаралардың
сапасы мен тиiмдiлiгiн арттыруды талап
етедi.
Биологиялық терроризмнiң өсу қауiптерiне
және аса қауiптi инфекциялардың таралуына
байланысты ұлттық биологиялық қауiпсiздiк
жүйесiн құру кажет.
ДДӨ деректерi бойынша адам денсаулығының
50 %-ы өмiр салтына, көптеген созылмалы
инфекциялық емес аурулардың (жүрек-қантамыры
жүйелерiнiң аурулары, қант диабетi және
басқалар) дамуы да адамның өмiр сүру салтына
байланысты. Соған байланысты қазақстандықтардың
саламатты өмiр салтын қалыптастыру және
дене шынықтыруды дамыту маңызды болып
отыр. Сонымен қатар, қазiргi уақытта қоғамдық
денсаулық сақтау мәселелерiнде сектораралық
және ведомствоаралық серiктестiк тетiгi
жолға қойылмаған, бұл мемлекеттiк органдардың,
мемлекеттiк және жеке секторлардың денсаулық
сақтау саласындағы өз мiндеттерiн жете
түсiнбеуiне, жауапкершiлiктi нақты бөлiсудiң
болмауына, денсаулық сақтау проблемаларын
ақпараттық қолдаудың нашарлығына байланысты.
Сондай-ақ халық денсаулығы деңгейiнiң
төмен болуының себептерi саламатты өмiр
салтын ұстану және аурулардың алдын алу,
қоршаған ортаның қолайсыз жағдайының
сақталуы, суды тұтыну мен тамақтану мәселелерiнде
халықтың жеткiлiксiз ақпараттандырылуы,
сауаттылығы мен уәждемесiнiң жеткiлiксiздiгi,
халықтың әлеуметтiк әлсiз санатының әлеуметтiк
экономикалық нашарлығы болып табылады.
Бұдан басқа, денсаулық сақтау жүйесiнiң
профилактикалық белсендiлiгiнiң төмендiгi,
яғни ауруларды болдырмауға емес, оларды
емдеуге бағытталу сақталуда.
Денсаулық
сақтау жүйесi
Денсаулық сақтаудың негiзгi көрсеткiштерiнiң
серпiнi денсаулық сақтау саласына бағытталған
бюджет қаражатын жыл сайын көбейе түскенiнiң
дәлелi. Мәселен, 2004 - 2009 жылдар аралығындағы кезеңде тегiн медициналық
көмектiң кепiлдiк берiлген көлемiн (бұдан
әрi - ТМККК) қаржыландыру көлемi 90,5-тен
273,1 млрд. теңгеге дейiн көбейген. 2009 жылы
Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк
Қазақстан облыстарының, ТМККК қаржыландырылуын
орта республикалық деңгейге дейiн кезең-кезеңмен
жеткiзуге республикалық бюджеттен ағымдағы
нысаналы трансферттермен 5,4 млрд. теңге
бөлiнген болатын.
Соңғы жылдары денсаулық сақтау саласындағы
жан басына шаққандағы шығыстар көлемi
де айтарлықтай өскен: 2004 жылы 8 740 теңге
болса, 2009 жылы 30 373 теңгеге дейiн өскен.
Мембағдарламаны iске асырған уақытта
төсекпен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi 10
мың адамға шаққанда 70,2-ге дейiн төмендеген
(2005 ж. - 73,1). Бұл ретте, ауруханалық төсектер
саны тек 2 330 бiрлiкке азайды. Сонымен бiрге
стационарға емдеуге жатқызылған 30 %-ға
дейiнгi науқастар стационарлық емге мұқтаж
емес; жедел медициналық көмектi шақырту
саны (2005 ж. 4 658 971-ден 2008 ж. 4 978 393-ке дейiн),
оның iшiнде негiзсiз шақыртулар саны (тиiсiнше
126 756-дан 189 498-ге дейiн) көбейген.
Стационарды алмастыратын технологиялардың
дамығандығы байқалады. Мәселен, амбулаториялық-емханалық
ұйымдардың жанындағы күндiзгi стационарда
445 145 науқас (2005 ж. - 278 813), ауруханалардағы
күндiзгi стационарда - 64 081 науқас (2005 ж.
- 56 728), үйдегi стационарларда 158 758 науқас
(2005 ж. - 155 480) емделген. 2009 жылы амбулаториялық-емханалық
денсаулық сақтау ұйымдарында 104,5 млн.
пациент қабылданған (2005 жылы - 99,3 млн.),
бұл 1 тұрғынға шаққанда бұрынғы - 6,6 деңгейде
қалып отыр.
Қазiргi таңда 50 денсаулық сақтау ұйымына
Денсаулық сақтаудың бiрыңғай ақпараттық
жүйесi (бұдан әрi - ДБАЖ) енгiзiлдi. Қашықтықтан
мамандандырылған медициналық көмектiң
қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында Министрлiк
2004 жылдан бастап «Ауылдық (селолық) жерлерде
денсаулық сақтаудағы телемедицинаны
және ұтқыр медицинаны дамыту» атты инвестициялық
жобаны iске асырып келедi. Соған байланысты
қазiргi таңда 14 өңiрде ауылдық денсаулық
сақтау саласына телемедицина кезең-кезеңмен
енгiзiлуде. Телемедицина сеанстары түрлi
бейiндегi мамандардың қатысуымен телеконференция
түрiнде өткiзiледi: 2009 жылы 13 өңiрде 10 611
телемедициналық консультация өткiзiлдi.
Республикада денсаулық сақтау ұйымдары
желiсiнiң жаңа мемлекеттiк нормативiне
өту жалғасуда. «Халық денсаулығы және
денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан
Республикасының Кодексiн iске асыру барысында
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы
15 желтоқсандағы № 2131 қаулысымен денсаулық
сақтау ұйымдары желiсiнiң мемлекеттiк
нормативi әзiрлендi және бекiтiлдi, бұл
денсаулық сақтау ұйымдары желiсiн реттеуге,
көпбейiндi ауруханалар желiсiн құруға,
БМСК-ның қолжетiмдiлiгiн, бiрiншi кезекте
ауыл халқы үшiн қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз
етуге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, медициналық
ұйымдарды шаруашылық жүргiзу құқығындағы
мемлекеттiк кәсiпорын мәртебесiне кезең-кезеңмен
ауыстыру басқару, қаржыландыру жүйесiн,
денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық
саясатты жетiлдiруге, медициналық ұйымдардың
қызметтерiнiң экономикалық тиiмдiлiгiн
арттыруға, сондай-ақ кадрмен қамтамасыз
ету мәселелерiн шешуге мүмкiндiк бередi.
Жоғары технологиялық қызметтер секторын
дамыту жалғасуда. Қазiргi уақытта «Ұлттық
медициналық холдинг» АҚ (бұдан әрi - Холдинг)
құрамына жоғары технологиялық көмек
көрсететiн бес республикалық ғылыми орталық:
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Республикалық
балаларды оңалту орталығы, Республикалық
диагностикалық орталық, Нейрохирургия
ғылыми орталығы, Жедел медициналық жәрдем
ғылыми-зерттеу институты кiредi. 2011 жылы
тағы бiр объект - Кардиохирургия республикалық
ғылыми орталығының құрылысын аяқтау
жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау секторында
бiрқатар iргелi проблемалар бар. Мәселен,
денсаулық сақтау саласы, әсiресе бастапқы
медициналық-санитариялық көмектi дамытуда
қосымша салымдарды қажет етедi. ТМККК
қаржыландыруды жыл сайын ұлғайтуға қарамастан
(2003 ж. 64,8 млрд. теңгеден 2009 ж. 464,1 млрд. теңгеге
дейiн), ол да қосымша шығыстарды қажет
етедi. Негiзгi проблемалар тек ресурстардың
жеткiлiксiздiгiне байланысты емес, сонымен
қатар оларды пайдалану тиiмдiлiгiнiң төмендiгiне
де байланысты болып отыр, яғни қазiргi
таңда денсаулық сақтауды басқару мен
қаржыландыру оның тиiмдiлiгiне емес, желiнiң
қуаттылығын ұстауға бағдарланған.
БМСК-тi қаржыландырудың тиiмдi тетiктерi:
ынталандыру төлемдерiне қаржыландырудың
болмауы (44%), нормативтiк құқықтық базаны
жетiлдiрмеу, заңды тетiктердiң болмауы
(25%); денсаулық сақтау менеджерлерiн нашар
даярлау (6%) себептi жеткiлiксiз пайдаланылады.
Бұдан басқа, тариф белгiлеудiң объективтiк
емес қолданыстағы жүйесi, мемлекеттiк
денсаулық сақтау ұйымдары дербестiгiнiң
төмендiгi мен бiлiктi менеджерлердiң болмауы
медициналық қызметтердi ұсынушылардың
бәсекелестiгiн дамытуды тежейдi.
Медициналық қызметтерге қол жеткiзудiң
әркелкiлiгi мен медициналық қызметтер
сапасының нашарлығы сақталуда. Мәселен,
Қазақстан халқының 40 %-дан астамын ауыл
адамдарының құрайтындығына қарамастан,
қазiргi таңда денсаулық сақтау саласының
инфрақұрылымы мегаполистерге, атап айтқанда
Астана және Алматы қалаларына шоғырланған.
Бұл елiмiздiң әртүрлi өңiрлерiндегi пациенттердiң
сапалы және жоғары технологиялық медициналық
қызметтерге қолжетiмдiлiгiн айтарлықтай
қиындатады. Өңiрлер бойынша ресурстарды
әркелкi бөлу де байқалады. Мәселен, 2009
жылы ТМККК-ге арналған шығыстарды жұмсау
бiр тұрғынға шаққанда 12 964 теңгеден 21 289
теңгеге дейiн құрады.
Осыған байланысты өңiрлiк денсаулық сақтау
мәселесi аса көңiл бөлудi талап етедi, сондықтан
Мембағдарламаның негiзгi мiндеттерiнiң
бiрi қаржыландыруды, медициналық көмектi
өңiрлiк теңестiру, қазақстандықтардың
сапалы және жоғары технологиялық медициналық
көмекке әдiл қол жеткiзуiн қамтамасыз
ету болып табылады.
Қазiргi таңда медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық
қамтамасыз етудiң жеткiлiксiз деңгейi проблемалы
мәселе күйiнде қалып отыр. Мысалы, жедел
медициналық жәрдемдi медициналық жабдықтармен
және медициналық мақсаттағы бұйымдармен
жарақтандыру республика бойынша 51,69 %-ды
құрайды. Елдiң бiрқатар өңiрлерiнде медициналық
көмек көрсететiн ұйымдар (жедел медициналық
жәрдем станциясы, БМСК, сот-медициналық
сараптама және басқалар) бейiмделген
үлгiдегi емес үй-жайларда орналастырылған,
400-ден астам (4,3 %) денсаулық сақтау ұйымы
авариялық ғимараттарда орналасқан.
Сонымен қатар, денсаулық сақтаудың бiрiншi
буынында жалпы дәрiгерлiк практика және
халықпен профилактикалық жұмыста денсаулықты
сақтаушы технологиялар нашар дамуда.
Бұдан басқа, нормативтiк талаптар қаржылық
қамтамасыз етумен сәйкес келмейтiнi байқалады.
Бюджеттiң болмауына байланысты «Арнайы
әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан
Республикасының Заңы iске асырылмай отыр.
Медицина қызметкерлерiне еңбекақы төлеу
деңгейi төмен күйiнде қалып отыр, олардың
жұмысының түпкiлiктi нәтижесiне негiзделген
еңбекақы төлеуге сараланған тәсiл жоқ.
Бұдан басқа, жер жерлерде, әсiресе ауылдық
өңiрлерде бiлiктi кадрлардың тапшылығы
байқалады, бұл республиканың ауыл халқын
медицина қызметтерiмен қамтамасыз етудi
қиындатады.
БҰДЖ-ның белсендi енгiзiлуiне қарамастан
қазiргi таңда денсаулық сақтау саласында
ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның
төмен деңгейi, медициналық қызметкерлердiң
арасындағы компьютерлiк сауаттылық деңгейiнiң
төмендiгi және емдеу-профилактикалық
үдерiстi автоматтандырудың жоқтығы сақталуда.
Мембағдарламаны iске асыру кезеңiнде
денсаулық сақтау кадрларын даярлау сапасына
қолжеткiзу жөнiнде нақты жұмыстар жүргiзiлдi.
Медициналық және фармацевтикалық бiлiм
берудiң нормативтiк базасы құрылды, 2007
жылдан бастап кәсiби бағытқа негiзделген
және әлемдiк озық тәжiрибеге сүйенген
медициналық жоғары бiлiм берудiң жаңа
бағдарламалары iске асырылуда. Мемлекеттiк
медициналық жоғары оқу орындары соңғы
10 жылда алғаш рет оқыту-клиникалық және
зертханалық құрал-жабдықтар сатып алды,
жоғары оқу орындарының 85 %-ы үлкен дербестiк
алып, шаруашылық жүргiзу құқығындағы
мемлекеттiк кәсiпорындар статусына ауысты.
Бiлiм берудiң инновациялық технологияларын
енгiзу жұмыстары кезең-кезеңiмен жүзеге
асырылуда. Құрылған оқыту-клиникалық
орталықтары студенттер мен интерндердi
клиникалық даярлықтан өткiзуге мән беруге
мүмкiндiк туғызып отыр. Медициналық бiлiм
берудiң дүниежүзiлiк федерациясы ұсынған
сапаны жақсартудың жаһандық стандарттарына
негiзделген базалық медициналық бiлiмдi
институциялық аккредиттеудiң ұлттық
стандарттары әзiрлендi. Мембағдарламаны
iске асыру кезеңiнде медицина кадрларының
бiлiктiлiгiн шетелде арттыруға, шетелдiк
жетекшi мамандарды Қазақстан Республикасына
тарта отырып, мастер-кластар ұйымдастыруға
көп көңiл бөлiндi.
Денсаулық сақтау саласын бiлiктi кадрлармен
қамтамасыз ету мәселесi өзектi проблема
күйiнде қалып отыр. Бүгiнгi таңда салада
шамамен 59 мыңнан астам дәрiгер еңбек етедi.
Медициналық ЖОО-ларға қабылдаудың 9,5
%-дан астам өсуi есебiнен жоғары бiлiмi бар
медицина кадрлары санының жыл сайын ұлғаюына,
оқу бiтiрушiлер санының ұлғаюына қарамастан
салада, әсiресе ауылдық жерлерде кадрлардың
тапшылығы сақталуда. Ауыл халқының дәрiгер
кадрларымен қамтамасыз етiлу көрсеткiшi
қаламен салыстырғанда шамамен 4 есе кем.
Қазақстан өңiрлерi бойынша дәрiгер кадрларды
бөлудiң теңсiздiгi өте жоғары болып сипатталады
және кейбiр өңiрлерде 10 мың адамға шаққанда
9,5-тен (Алматы облысы) 19,3-ке (Қарағанды
облысы) дейiн құрайды.
Кадрлардың «қартаю» үрдiсi байқалады.
Салаға жас мамандардың келуiнiң ұлғаюына
қарамастан, олардың үлесi жеткiлiксiз және
дәрiгер кадрлардың жалпы санының 4 %-ын
құрайды. Бұрынғыша мамандыққа деген қызығушылықтың
төмендiгi және уәждемелiк тетiктердiң болмауы
салдарынан ЖОО-ны бiтiрушi түлектердi жұмыспен
қамту деңгейi 87 %-дан аспайды.
Медицина кадрларының санаттылық деңгейiнiң
жоғары болуына (42%) қарамастан, олар көрсететiн
медициналық қызметтер сапасы тұтынушылар
мен жұмыс берушiлердi қанағаттандырмайды.
Денсаулық сақтау саласындағы ғылым саласы
дүниежүзiлiк стандарттардан айтарлықтай
артта қалып отыр, отандық ғылыми өнiмнiң
бәсекелестiкке қабiлетсiздiгi мен қажет
етiлмейтiндiгi байқалады. Көрсетiлген мәселенi
шешу үшiн 2007 жылдан бастап Медицина ғылымын
реформалау тұжырымдамасы iске асырылуда.
Медицина ғылымын басқаруды жетiлдiру
iс-шаралары басталды. Бiрқатар ғылыми
ұйымдар зор дербестiкке қол жеткiзу үшiн
шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк
кәсiпорындар мәртебесiне ауысты. Ғылыми-бiлiм
беру-практикалық кластерлер құрылып
жатыр. Ғылыми ұйымдарда дәлелдi медицина
орталықтары құрылды. Болашағы зор 40-тан
астам ғылыми қызметкер АҚШ, Сингапур
университеттерiнде ғылыми зерттеулер
менеджментi бойынша оқудан өттi. Халықаралық
басылым беттерiнде рецензияланған жарияланымдар
көбейiп, халықаралық патенттер пайда
бола бастады. Медициналық ғылыми ұйымдардың
қызметiн рейтингтiк бағалау жүйесi әзiрлендi.
Қабылданған шараларға қарамастан, кадрларды
даярлау сапасы, жұмыс iстеп жүрген мамандардың
бiлiктiлiк деңгейi, БМСК көрсететiн персоналдың
тапшылығы, iрi қалалардағы медицина қызметкерлерiнiң
аса көп шоғырлануы, жоғары және орта кәсiптiк
медициналық бiлiм алған медицина қызметкерлерi
санының теңсiздiгi, жұмысқа деген уәждемелiк
ынталандырудың болмауы және денсаулық
сақтау қызметкерлерiн әлеуметтiк қорғалудың
жеткiлiксiздiгi, ғылыми зерттеулердiң бәсекеге
қабiлеттiлiгiнiң төмендiгi, инновациялық
жетiстiктердiң жоқтығы Қазақстанның денсаулық
сақтау саласындағы бiлiм беру қызметiнiң
негiзгi проблемалары күйiнде қалып отыр.
Қазақстан Республикасында фармацевтика
саласын нарықтық экономика жағдайына
бейiмдеу үшiн қайта ұйымдастыру үдерiсi
басталды. «Халық денсаулығы және денсаулық
сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының
Кодексiн iске асыруда дәрiлiк заттардың,
медициналық мақсаттағы бұйымдардың және
медициналық техниканың айналысы саласын
реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер
әзiрлендi. Мемлекеттiк қолдау шаралары
отандық кәсiпорындардың сапалы фармацевтикалық
өнiмдерiн өндiру көлемiн және номенклатурасын
жыл сайын арттыруды қамтамасыз етуге
бағытталған.
Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы
бұйымдар мен медициналық техниканы тiркеу,
сертификаттау, сапасын, сондай-ақ олардың
жарнамасын бақылауды қамтамасыз ету
қызметi тәртiпке келтiрiлген. Ұлттық ақпараттық
дәрi-дәрмек орталығы құрылды.
Нормативтiк құқықтық актiлердi Еуроодақ
елдерiнiң нормаларына сәйкес үйлестiру
жұмыстары басталды. Қазақстан Республикасы
Еуропалық фармокопея комиссиясының ресми
бақылаушысы және дәрi-дәрмектердiң жанама
әсерлерiнiң мониторингi бойынша ДДҰ-ның
халықаралық бағдарламасының толық құқықты
қатысушы ел болды. Республикалық және
жергiлiктi бюджеттер есебiнен сатып алынатын
дәрiлiк заттардың бағасын мемлекеттiк
реттеу енгiзiлдi, бұл олардың бағасын орташа
есеппен 30 %-ға арзандатуға мүмкiндiк туғызды.
Әлемдiк тәжiрибенiң негiзiнде дәрiлiк заттар
мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды
дистрибуциялаудың бiрыңғай жүйесi құрылды,
бұл қаржы қаражатын айтарлықтай үнемдеуге
және отандық препараттарды тұтыну үлесiн
бiрнеше есеге арттыруға мүмкiндiк туғызды.
Ауыл халқына дәрiлiк көмектiң жеке қолжетiмдiлiгiн
қамтамасыз ету үшiн дәрiханалық ұйымы
жоқ 3000-нан астам ауылдық елдi мекенде
БМСК объектiлерi арқылы дәрiлiк заттарды
өткiзу ұйымдастырылды.
Фармацевтика қызметiнде қол жеткiзген
табыстармен қатар бiрiншi кезекте шешудi
кажет ететiн белгiлi бiр мiндеттер бар.
ТМККК тiзбесiне сәйкес сапалы фармацевтикалық
өнiмнiң қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге
бағытталған ұлттық дәрi-дәрмек саясатының
жаңа жобасын әзiрлеу қажет. Кеден одағына
мүше елдердiң фармацевтикалық жиынтық
нарығында импорт, АҚШ долларымен есептегенде
17 миллиардтан асады. Фармацевтика саласын
қарқынды дамыту үшiн шығарылатын дәрiлiк
препараттардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн
арттыру жұмыстарын жүргiзу қажет және
халықаралық нарыққа шығу керек, оның
iшiнде кеден одағы аясында түпкi өнiм сапасын
бақылау жүйесiнен өндiру сапасын қамтамасыз
ету жүйесiне, дистрибьюторлық және дәрiханалық
практикаға көшу қажет.
Денсаулық сақтау саласындағы жағдайды
талдай отырып, жалпы саланың күштi жақтары
ретiнде мыналарды атауға болады:
денсаулық сақтау саласын дамытудың нақты
белгiленген басым бағыттары;
денсаулық сақтау саласын мемлекеттiк
қаржыландыруды айтарлықтай ұлғайту;
ел халқының негiзгi медициналық-демографиялық
көрсеткiштерiнiң тұрақтануы мен жақсаруы,
оның iшiнде әлеуметтiк мәнi бар аурулар
бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуi;
денсаулық сақтау объектiлерiнiң қалпына
келтiрiлуi және жаңаларының салынуы;
емдеу-диагностикалық үдерiске жаңа медициналық
технологиялардың енгiзiлуi;
ауылдық жерлердiң медициналық ұйымдарында
телемедициналық пункттердiң болуы;
елдiң барлық өңiрлерiнде филиалдары бар
республикалық медициналық ақпараттық-талдау
орталығының болуы;
халықтың дәрiлiк заттарға қолжетiмдiлiгiнiң
жақсаруы.
Әлсiз жақтары:
денсаулық сақтау ұйымдарының, әсiресе
ауылдық аумақтарда қанағаттанарлықсыз
материалдық-техникалық базасы;
мемлекеттiң, жұмыс берушiнiң және азаматтың
денсаулық сақтау үшiн ортақ жауапкершiлiгiнiң
жоқтығы;
азаматтардың дәрi-дәрмекпен қамтамасыз
етуге құқықтарын iске асырудың нақты
тетiктерiнiң болмауы;
өңiрлерде және республикалық маңызы
бар қалаларда ұсынылатын медициналық
қызметтердiң сапасындағы үлкен айырмашылық
медицина кадрларын даярлау сапасының
жеткiлiксiздiгi;
денсаулық сақтау менеджерлерiн даярлау
институты нашар дамыған;
кардиохирургия, нейрохирургия, трансплантология,
травматология, басқа да бiрқатар мамандықтар,
сондай-ақ менеджмент саласында арнаулы
бiлiктiлiктiң жекелеген бағыттары бойынша
кадрлар тапшылығы;
денсаулық сақтау жүйесiнiң, әсiресе ауылдық
өңiрлерде бiлiктi кадрлармен нашар қамтамасыз
етiлуi;
пациенттiң және медицина қызметкерiнiң
құқықтарын қорғау жүйесi нашар дамыған;
ауылдық жерлердегi шалғай орналасқан
елдi мекендердегi, әсiресе халықтың әлеуметтiк
аз қамтылған топтарының медициналық
қызметтерге қолжетiмдiлiгiнiң төмендiгi;
денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтiк
жұмыс жөнiндегi мамандардың болмауы.
Мүмкiндiктер:
әлемдiк экономиканың тұрақтануы;
медициналық және фармацевтикалық ғылымның
дамуы, ауруларды диагностикалау мен емдеудiң
жаңа әдiстерiнiң пайда болуы;
Дүниежүзiлiк банктiң инвестициялық қолдауы;
денсаулық сақтау саласындағы басқарудың
жаңа тиiмдi әдiстерiнiң пайда болуы;
денсаулық сақтау секторында ақпараттық
технологияларды дамыту;
халықтың арасында спортты танымал ету,
спортпен шұғылданатын халықтың санын
ұлғайту;
ДДҰ қолдауымен көптеген елде темекi шегуге
жағымсыз қатынасты қалыптастыру;
шектес мемлекеттермен эпидемиологиялық
ахуалдың асқынуы туралы шұғыл хабарлау
жүйесiнiң болуы.
Қауiптер:
тұмаудың, Н1N, Н5N1 жаңа вируленттiк түрлерiнiң
оқыстан пайда болуы;
қазiргi заманғы медициналық жабдықтар
мен фармацевтикалық препараттарға бағалардың
өсуi;
елдiң аграрлық өнеркәсiбiнде пестицидтер
мен тыңайтқыштардың, Қазақстан Республикасына
импортталатын өнiмдердiң жеткiлiктi реттелмеуi;
елдiң мал шаруашылығында гормоналдық
және фармацевтикалық препараттарды,
Қазақстан Республикасына импортталатын
өнiмдердi пайдалану;
ел аумағында аса қауiптi инфекциялардың
табиғи ошақтарының болуы;
кейбiр өңiрлерде қауiпсiз ауызсу көздерiнiң
болмауы.
4. Бағдарламаны iске асырудың мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
Мақсаты:
елдiң орнықты әлеуметтiк-
Бағдарламалық
мақсаттар:
1. Денсаулықты сақтау мәселелерiнде бүкiл
қоғам күштерiнiң келiсушiлiгiне қол жеткiзу арқылы
қазақстандықтардың денсаулығын нығайту.
2. Бәсекеге қабiлеттi денсаулық сақтау
жүйесiн қалыптастыру.
Бағдарламаны
iске асырудың нысаналы
халықтың күтiлiп отырған өмiр сүру ұзақтығының
2013 жылға қарай 69,5-ке дейiн, 2015 жылға
қарай 70 жасқа дейiн ұлғаюы;
ана өлiм-жiтiмiнiң 100 мың тiрi туылғандарға
шаққанда 2013 жылға қарай 28,1-ге дейiн, 2015
жылға қарай 24,5-ке дейiн төмендеуi;
нәресте өлiм-жiтiмiнiң 1000 тiрi туылғандарға
шаққанда 2013 жылға қарай 14,1-ге дейiн, 2015
жылға қарай 12,3-ке дейiн төмендеуi;
жалпы өлiм-жiтiмнiң 1000 адамға шаққанда
2013 жылға қарай 8, 14-ке дейiн, 2015 жылға қарай
6,2-ге дейiн төмендеуi;
туберкулезбен сырқаттанушылықтың 100
мың халыққа шаққанда 2013 жылға қарай 98,1-ге
дейiн, 2015 жылға қарай 94,7-ге дейiн төмендеуi;
15 жастан 49 жасқа дейiнгiлердiң тобында
АИТВ-инфекциясының таралушылығын 0,2-0,6
шегiнде ұстау.
Бағдарламаның
мiндеттерi:
азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылықты қамтамасыз ету мәселелерi
бойынша сектораралық және ведомствоаралық
өзара iс-қимылды күшейту;
Бiрыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесiн
одан әрi дамыту және жетiлдiру;
медициналық және фармацевтикалық бiлiмдi
жетiлдiру, медицина ғылымын және фармацевтикалық
қызметтi дамыту.
5. Бағдарламаның негiзгi бағыттары,
қойылған мақсаттарға қол
Негiзгi бағыттар:
1) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерi
бойынша сектораралық және ведомствоаралық
өзара iс-қимылдың тиiмдiлiгiн арттыру;
2) профилактикалық iс-шараларды, скринингтiк
зерттеулердi күшейту, негiзгi әлеуметтiк
мәнi бар аурулар мен жарақаттарды диагностикалауды,
емдеудi және оңалтуды жетiлдiру;
3) санитариялық-эпидемиологиялық қызметтi
жетiлдiру;
4) денсаулық сақтаудың бiрыңғай ұлттық
жүйесiнде медициналық көмектi ұйымдастыруды,
басқару мен қаржыландыруды жетiлдiру;
5) медициналық, фармацевтикалық бiлiмдi
жетiлдiру, медицинада инновациялық технологияларды
дамыту және енгiзу;
6) халыққа дәрiлiк заттардың қолжетiмдiгi
мен сапасын арттыру, денсаулық сақтау
ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды
жақсарту.
5.1. Қоғамдық саулықты сақтау
мәселелерi бойынша
Денсаулық
сақтау мәселелерi тек
Осыған байланысты осы бағытты iске асыру
жетi сектораралық кiшi бағдарлама бойынша
көзделедi.
Мақсаты:
мемлекеттiк, қоғамдық және
Негiзгi мiндет: қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерi бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылдың бiрыңғай ұлттық саясатын әзiрлеу және енгiзу.
Қол жеткiзу
жолдары және тиiстi шаралар
Қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерi
бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара iс-қимылдың бiрыңғай ұлттық
саясатын әзiрлеу мақсатында:
бизнес-құрылымдардың әлеуметтiк жауапкершiлiгiн
дамытуды және үкiметтiк емес қоғамдық
ұйымдарды (бұдан әрi - ҮЕҰ) тартуды қоса
алғанда, орталық мемлекеттiк органдар
және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары
арасындағы жауапкершiлiктiң аражiгiн ажыратуды
нақты келiсу және жергiлiктi деңгейде өзара
iс-қимылдың тетiктерiн әзiрлеу арқылы Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Денсаулық
сақтау жөнiндегi ұлттық үйлестiру кеңесiнiң
мәртебесiн көтеру;
мынадай:
1) саламатты өмiр салты және мiнез-құлық
факторларымен түсiндiрiлген әлеуметтiк
мәнi бар аурулар деңгейiн төмендету;
2) дұрыс тамақтану;
3) мектеп оқушылары мен жасөспiрiмдердiң
денсаулығы;
4) жол-көлiк қауiпсiздiгi;
5) төтенше жағдайлар (бұдан әрi - ТЖ) кезiнде
шұғыл медициналық-құтқару көмегi;
6) туберкулезге, АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес;
7) аса қауiптi инфекциялардың профилактикасы
мәселелерi бойынша сектораралық кiшi бағдарламаларды
әзiрлеу және енгiзудi көздейтiн өмiр сүру
және еңбек жағдайларының қауiпсiздiк деңгейiн
арттыруда және қоғамдық денсаулықты
жақсартуда мемлекеттiк, қоғамдық және
бизнес құрылымдардың өзара iс-қимылын
күшейту;
дене тәрбиесiн және спортты дамытудың
салалық бағдарламасын әзiрлеу;
қоғамдық денсаулық сақтауды жақсарту
мәселелерi бойынша бағдарламаны iске
асыру тиiмдiлiгiнiң мониторингi мен бағалау
жүйесiн әзiрлеу жоспарланып отыр.
Өмiр сүру
және еңбек жағдайларының
денсаулықты сақтау, оның iшiнде еңбек
қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi нормативтiк
құқықтық базаны жетiлдiру;
қоршаған және өндiрiстiк ортаның халықтың
денсаулығына терiс әсерiн төмендету;
ұйым қызметкерлерiнiң саламатты өмiр
салтын (бұдан әрi - СӨС) жүргiзудi қамтамасыз
етуге жұмыс берушiлердiң уәждемесiн қалыптастыру,
сондай-ақ жұмыс берушiлерге қызметкерлердiң
профилактикалық тексеруден уақтылы өтуiне
жауапкершiлiктi бекiту;
өнеркәсiптiк кәсiпорындар жанынан үлгiлiк
медициналық пункттердi құруды және дамытуды
қоса алғанда, қызметкерлердiң денсаулығын
қолдау жөнiндегi инфрақұрылым құру және
оны дамыту;
қоршаған ортаның ластануының халық денсаулығына
әсерiн оларды жою бойынша шараларды қабылдау
үшiн зерделеу;
жобалық материалдарды әзiрлеу кезiнде
жер учаскесiн беру, экологиялық қауiптi
азайту және халық денсаулығы үшiн қолайсыз
әсердiң алдын алу мақсатында жаңа өндiрiстер
үшiн аумақты санитариялық-гигиеналық
бағалауды белгiлеу кезеңiнен бастап қауiптердi
бағалау жүйесiн енгiзу көзделiп отыр.
Денсаулық сақтау мәселелерi бойынша сектораралық кiшi бағдарламалар
Саламатты өмiр салты және мiнез-құлық факторларына негiзделген әлеуметтiк мәнi бар аурулардың деңгейiн төмендету
Мақсаты:
қауiптiң мiнез-құлық факторлар
Мiндеттерi:
1) қоғамда темекi шегудiң әлеуметтiк жағымсыз
имиджiн жасау;
2) саламатты өмiр салтын қалыптастыруда
үкiметтiк емес ұйымдардың және бизнес-қоғамдастықтың
қатысуын жандандыру;
3) алкогольдi шектен тыс тұтынудың, активтi
және пассивтi темекi шегудiң және есiрткiнi
тұтынудың салдарлары туралы халықтың
хабардар болуын арттыру;
4) темекi бұйымдары мен алкогольдi шектен
тыс тұтынуды төмендету;
5) халықты спорттық-бұқаралық iс-шаралармен
қамтуды ұлғайту.
Нәтижелер
көрсеткiштерi:
кемiнде 30 минут дене шынықтырумен шұғылданатын
адамдардың үлесiн 2013 жылға қарай 18 %-ға
дейiн, 2015 жылға қарай 24,9 %-ға дейiн (2009 ж. - 14%) арттыру.
темекiнi тұтынудың таралуын 2013 жылға
қарай 19,5 %-ға дейiн, 2015 жылға қарай 18,2 %-ға
дейiн (2009 ж. - 21,4%) төмендету.
алкогольдi шектен тыс тұтынудың таралуын
2013 жылға қарай 15 %-ға дейiн, 2015 жылға қарай
14 %-ға дейiн (2009 ж. - 16,9%) төмендету.
Қол жеткiзу
жолдары мен тиiстi шаралар
СӨС туралы халықтың хабардар болуын
арттыру, медициналық, әлеуметтiк қызметкерлер
мен журналистердiң күшiн жұмылдыру арқылы
жүзеге асырылатын болады. Бұл үшiн мынадай медициналық
бағдарламаларды жетiлдiру жоспарланады:
проблемалардың өзектiлiгiн, көшбасшылар
мен елдiң атақты адамдарының, денсаулық
сақтау, мәдениет, спорт, бiлiм салаларының
көрнектi қайраткерлерiнiң қатысуын, темекi
шегудiң, алкогольдi шектен тыс тұтыну
мен есiрткiлердi пайдаланудың алдын алу
мен одан емдеудiң жаңа технологияларын
танымал етудi ескере отырып тақырыптар
әзiрлеу. Бұдан басқа, медициналық теле
және радиобағдарламалар шығару, медициналық
бағдарламаларды көруге ең қолайлы уақытта
көрсету жоспарлануда.
СӨС қалыптастыруда ҮЕҰ мен бизнес-құрылымдардың
қатысуын жандандыру үшiн мемлекеттiк
әлеуметтiк тапсырыс берiп, саламатты өмiр
салтын қалыптастыруда оларды белсендi
қатыстыру жоспарлануда. Бұдан басқа,
жұмыс берушiлердiң азаматтардың денсаулығын
сақтау мәселелерiнде кәсiпорындар мен
ұйымдардың қызметкерлерiн дене шынықтыру-сауықтыру
және спорттық қызметтермен қамтамасыз
етудi қоса алғанда, корпоративтiк әлеуметтiк
жауапкершiлiгiн арттыру жоспарлануда.
Темекi бұйымдарын тұтынуды төмендету
мақсатында темекi бұйымдарына акциздердi
кезең-кезеңмен арттыру; дамыған елдердiң
тәжiрибесi бойынша темекi бұйымдарын сату
ережелерiн жетiлдiру; темекi индустриясы
тарапынан жанама жарнамаға тыйым салу
сияқты экономикалық шаралар қабылданатын
болады.
Темекi шекпейтiндердiң таза ауаға құқығын
қорғауды қамтамасыз ету үшiн қоғамдық
орындарда темекi шегуге тыйым салу аймағын
кеңейту (қоғамдық көлiк аялдамалары, көпшiлiк
демалуға арналған қоғамдық орындар ашу)
жоспарлануда. Темекi шегудiң зияны туралы
халықты ақпараттандыру жөнiндегi, оның
iшiнде темекi бұйымдарында ескертпе жазу
алаңының көлемiн ұлғайту, сондай-ақ графикалық
бейнелеу мен пиктограммаларды әзiрлеу
және енгiзу арқылы жұмыстар жалғасатын
болады.
Бұдан басқа, халықтың арасында, әсiресе
БМСК деңгейiнде темекi шегудiң профилактикасы
жөнiнде медицина қызметкерлерiнiң жұмысын
күшейту; темекi бұйымдарын тұтынудан
бас тартқысы келетiндердi қолдау, оның
iшiнде темекiнi тастағысы келгендерге
медициналық-психологиялық көмек жүйесiн
ұйымдастыру; темекiнi тастағысы келгендерге
өңiрлiк және ұлттық телефон желiлерiн ұйымдастыру
бойынша медицина қызметкерлерiнiң, әлеуметтiк
қызметкерлердiң жұмысын күшейту жоспарлануда.
Алкоголь мен есiрткiнi шамадан тыс тұтынуды
мынадай бiрнеше бағыттарда: экономикалық
шараларды қолдану жолымен: алкоголь өнiмдерiне
салықты кезең-кезеңмен жоғарылату; қол
жетiмдi бағалар бойынша дәстүрлi ұлттық
сусындарды (қымыз, шұбат және т.б.) iске
асыру және өндiрiс жөнiнде шағын бизнестi
дамытуды басымды қолдау, сондай-ақ өндiрiлетiн
алкоголь өнiмдерiн бақылау мен сапасын
реттеу және Қазақстан Республикасының
аумағында алкоголь өнiмдерiн заңсыз өндiру
және контрабандалық алкоголь бұйымдарының
әкелiнуiне бақылауды күшейту жөнiнде нормативтiк
құқықтық базаны жетiлдiру жолымен төмендету
жоспарлануда.
Алкоголь мен нашақорлықты шектен тыс
тұтынуды төмендету үшiн алкогольге және
нашақорлыққа қарсы насихаттауды жүйелi
жүргiзуге арналған мынадай жағдайлармен
қамтамасыз етiлетiн болады:
қоғамда алкоголь сусындарын шектен тыс
тұтынуды және есiрткi тұтынуды қабылдамау
жағдайын, бұқаралық ақпарат құралдарын
(бұдан әрi - БАҚ) қамти отырып қалыптастыру;
алкоголь сусындарына жасырын және оның
жанама түрлерiн қоса алғанда, жарнамаға
толық тыйым салу;
алкоголь және есiрткiнi тұтынудың зардаптары
туралы халықты ақпараттандыру, өз денсаулығына,
әсiресе балалар, жасөспiрiмдер және жастарда
жауапты қатынасты оқыту және қалыптастыру;
алкогольге қарсы және есiрткiге қарсы
профилактикалық бағдарламалар әзiрлеу
және енгiзу;
IIМ жүйесiнiң кәмелетке толмаған балалар
iстерi жөнiндегi инспекторларымен ақпараттық-әдiстемелiк
жұмыс жүргiзу;
IIМ қызметкерлерiн (полицейлер, учаскелiк
инспекторлар) алкогольдi (есiрткiлiк, уыттылық)
мас болу күйiндегi тұлғаларға қатысты
қабылданатын шараларға сараланған тәсiлдерге
оқыту.
Халықты спорттық-бұқаралық iс-шаралармен
қамтуды ұлғайту үшiн дене белсендiлiгi,
спорт және белсендi демалыспен айналысу
үшiн инфрақұрылымды дамыту; қол жетiмдi
спорттық-сауықтыру объектiлерiн құру;
саябақ және ойын алаңдарының жағдайын
жақсарту жоспарлануда. Халықты ақпараттық-бiлiм
беру бағдарламаларын БАҚ-қа орналастыру
арқылы ақпараттандыру арқылы дене тәрбиесi
және спортпен айналысуға халықтың уәждемесiн
арттыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
Дәстүрлi спорттық шараларды, ұлттық спорт
түрлерi мен ұлттық ойындарды БАҚ-ты тарта
отырып, халықтың барлық топтарын қатыстырып
республика ауқымында өткiзу, сондай-ақ,
халықтың дене шынықтырумен және спортпен
айналысу уәждемесi факторы ретiнде жоғары
жетiстiктi спортты дамыту үшiн жағдай жасау
жоспарлануда.
Халықтың барлық топтары арасында спортпен
айналысу және дене белсендiлiгiне жағдай
жасайтын және көтермелейтiн тұлғалар
мен ұйымдарды ынталандыру дене белсендiлiгiнiң
таралуына ықпал ететiн маңызды фактор
болып табылады. Бұл үшiн азаматтардың
денсаулығын сақтау мәселелерiнде кәсiпорындар
мен ұйымдардың қызметкерлерiн дене тәрбиесi-сауықтырушылық
және спорттық қызмет көрсетулермен қамтамасыз
етудi қоса алғанда, жұмыс берушiлердiң
корпоративтiк әлеуметтiк жауапкершiлiгiн
арттыру қажет.
Дұрыс тамақтану
Мақсаты:
халықтың дұрыс тамақтануын
Мiндеттер:
балалар, ұрпақты болу жасындағы әйелдер,
жүктi және емшек сүтiмен қоректендiретiн
әйелдердiң тамақтануын жақсарту;
халықты қауiпсiз және дұрыс тамақ өнiмдерiмен
орнықты жабдықтауды қамтамасыз ету;
дұрыс тамақтану туралы халықты хабардар
ету;
халықтың тамақтануына мониторинг, бақылау
және зерттеу жүргiзу.
Нәтижелер
көрсеткiштерi:
темiр тапшылығы анемиясымен сырқаттанушылықты
100 мың адамға шаққанда 2013 жылға қарай
2 221-ге дейiн, 2015 жылға қарай 2 082,0-ге дейiн
(2009 ж. - 2 314,0) төмендету;
артық дене салмағының таралуын 2013 жылға қарай 33 %-ға дейiн,
2015 жылға қарай 30 %-ға дейiн (2009 ж. - 35,3%) төмендету.
Қол жеткiзу
жолдары мен тиiстi шаралар
Әр жастағы балалардың, ұрпақты болу жасындағы,
жүктi және емшек сүтiмен қоректендiретiн
әйелдердiң тамақтануын жақсарту.
Болашақ аналардың бала көтергенге дейiнгi
және жүктiлiк уақытында барабар тамақтануын
қамтамасыз ете отырып, ұрықтың оңтайлы
қоректенуiне мүмкiндiк беру.
Емшек сүтiмен қоректендiрудi қорғауды,
насихаттауды және қолдауды қамтамасыз
ету және нәрестелер мен кiшi жастағы балаларды
барабар қосымша тамақтандыруды уақтылы
енгiзу.
Жергiлiктi шикiзат өнiмдерiн пайдаланып
балаларға арналған және емдеу-профилактикалық
тамақ өнiмдерiн шығару бойынша өндiрiстi
ұйымдастыру.
Балалар үйлерiнде, мектепке дейiнгi мекемелер
мен мектептерде дұрыс тамақтану және
тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi стратегиясын
дамытуды қамтамасыз ету.
Халықты қауiпсiз және дұрыс тамақ өнiмдерiмен
орнықты жабдықтауды қамтамасыз ету.
Қаныққан майлар мен трансмайлы қышқылдар,
жай қант пен тұзды төмендетiп, құрамында
жоғары деңгейлi дәрумендер, минералдар,
микроэлементтер және тамақ талшықтары
бар өнiм шығаруды кеңейту.
Негiзгi тамақ өнiмдерiн микронутриенттермен
тиiстi байыту және қосымша тамақтану үшiн
өнiмдердi әзiрлеудi қамтамасыз ету.
Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне бақылау
жүйесiнiң талаптарын күшейту және жетiлдiру
арқылы қоғамдық және мемлекеттiк мекемелерде
(қоғамдық тамақтану жүйесi, балалар және
мектепте тамақтану, аурухана, әскери
мекемелер және т.б.) тамақ өнiмдерiнiң құнарлылық
сапасын жақсарту және қауiпсiздiгiн арттыру.
Тамақ өнiмдерi тұтынудың ұсынылған шамасына
сәйкес келетiн тамақ өнiмдерi мен сусындардың
қаржылық қолжетiмдiлiгiне әсер ету үшiн
экономикалық әдiстердi (салықтар, субсидиялар)
пайдалану мүмкiндiгiн зерделеу.
«Фермадан үстелге дейiн» қағидаты пайдаланылатын
тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етудiң салааралық жүйесiн және Соdех Аlimentarius-ке
сәйкес келетiн қауiптi талдау тетiктерiн
бекiту.
Тамақ өнiмдерiне және оларды өндiруге,
санитариялық ережелер мен нормаларға,
тамақ өнiмiнiң қауiпсiздiгiн бақылау жүйесiндегi
басқа нормативтiк құжаттарға арналған
ұлттық стандарттарды халықаралық талаптарға
сәйкестендiру.

- Жалпы ережелер
- Жалпы және медициналық микробтық экологиягың негіздері
- Жалпы индекстерді есептеу
- Жалпы мемлекеттік салықтар
- Жалпы миология
- Жалпы нұсқаулар
- Жалпы орта білім беретін
- Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды өткiзуді ұйымдастырудың
- Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық
- Жалпы білім беретін орта мектептің 9-сыныбына арналған Бағдарлама «Дінтану негіздері»
- Жалпы бөлім
- Жалпы валюта жүйесі
- Жалпы вирусология. Вирустарды жүйелеу негіздері
- Жалпы вирусология. Вирустарды жүйелеу негіздері. Вириондардың құрылымы және химиялық құрамы. Бактериофагтар